Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ...3
1. АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ОЙ . ПІКІРЛЕР ӨРІСІ
1.1 Ұлы данышпандардың және адамгершілік жайындағы пікірлері ... ... 4
1.2 Имандылықтың адамға тән қасиеттері . үлкенге құрмет, кішіге ізет .6
1.3 Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеудегі діннің рөлі ... .9

2. АДАМГЕРШІЛІК СЕЗІМ
2.1 Имандылық пен адамгершілік тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 «Тәрбие басы . тал бесік» . тәрбие сағаты ... ... ... ... ... ... ... ..28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ...36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолданар ісіміздің бірі де, бірегейі де – ұрпақ тәрбиесі.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілімен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру - бүгінгі күннің бастысы.
Кімді және қалай тәрбиелеу керек бұл қоғамның маңызды мәселесі.
Адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі, сол елдің мақтанышы. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген жас тәрбиелі, білімді, мәдениеті, дене тәрбиесі мықты болуы шарт. Тәрбиелілік - иман жүзді, адамгершілікті, өзін өзгенің орнына қойып түсіне білуі.
Білімділік - ғылым негіздерін бағдарламалық деңгейде білу, ой еңбегінің негізі қағидаларын меңгеру.
"Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте адамның өміріне опат әкеледі"- деп Шығыстың аристотелі атанған Әбу Насыр – Фараби бабамыз айтқандай қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды.
Білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл, елі мен жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу " мектептің қоғам алдындағы борышы. Халқымыздың белгілі ақыны Мұзафар Әлімбаев ол туралы былай дейді:
Туған жерді сүю – парыз.
Сүю үшін білу – парыз.
Қасиетін ұғу – парыз.
Күзетінде тұру – парыз.
Ешбір халық ұрпағын жаман болсын, мұрасыз, мұратсыз болсын демейді. Қай халықта болмасын жиып-терген мол тәжірибеге бар. Оның аты халыктық педагогика. Халықтық педагогика халықтың рухани тәрбиесінің бір бөлігі, ақыл-ойдың асыл қойімасы. Рухани тәрбие - ол имандылық.
1. Қ.Оразбекова «Иман және инабат» Алматы, 1993
2. Ә.Табылдмев «Тағылым» Алматы. 1999
3. Абай Құнанбаев. Екінші том. Алматы. 1997
4. Ә.Дербісалиев «Қазақ даласының жұлдыздары» Алматы. 1995
5. Х.Сүйіншалиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы. 1997
6. Е. Раушанов «Хадистер» Алматы. 1991
7. Қ.Жарықаев, Ә.'Габылдиев «Әлем және жантану» Алматы. 1994
8. Бастауыш мектеп 1998
9. Қ.Л.Маджанов «Имандылық сабақтар» Шымкент. 1998
10. М.Кемел «Абзалдық әліппесі» Алматы. 1998

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 3
1. АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ОЙ – ПІКІРЛЕР ӨРІСІ
1.1 Ұлы данышпандардың және адамгершілік
жайындағы
пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..4
1.2 Имандылықтың адамға тән қасиеттері – үлкенге құрмет,
кішіге ізет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .6
1.3 Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеудегі діннің рөлі ... .9

2. АДАМГЕРШІЛІК СЕЗІМ
2.1 Имандылық пен адамгершілік
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 Тәрбие басы – тал бесік - тәрбие
сағаты ... ... ... ... ... ... ... . .28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..36
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .38

Кіріспе.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолданар
ісіміздің бірі де, бірегейі де – ұрпақ тәрбиесі.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілімен мәдениетіне мойын
бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру - бүгінгі күннің
бастысы.
Кімді және қалай тәрбиелеу керек бұл қоғамның маңызды мәселесі.
Адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам кез келген мемлекеттің
байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі, сол
елдің мақтанышы. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген жас тәрбиелі, білімді,
мәдениеті, дене тәрбиесі мықты болуы шарт. Тәрбиелілік - иман жүзді,
адамгершілікті, өзін өзгенің орнына қойып түсіне білуі.
Білімділік - ғылым негіздерін бағдарламалық деңгейде білу, ой
еңбегінің негізі қағидаларын меңгеру.
"Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы. Ол келешекте адамның өміріне опат әкеледі"- деп
Шығыстың аристотелі атанған Әбу Насыр – Фараби бабамыз айтқандай қазір
тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды.
Білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл, елі мен жерін сүйетін азамат етіп
тәрбиелеу " мектептің қоғам алдындағы борышы. Халқымыздың белгілі ақыны
Мұзафар Әлімбаев ол туралы былай дейді:
Туған жерді сүю – парыз.
Сүю үшін білу – парыз.
Қасиетін ұғу – парыз.
Күзетінде тұру – парыз.
Ешбір халық ұрпағын жаман болсын, мұрасыз, мұратсыз болсын демейді.
Қай халықта болмасын жиып-терген мол тәжірибеге бар. Оның аты халыктық
педагогика. Халықтық педагогика халықтың рухани тәрбиесінің бір бөлігі,
ақыл-ойдың асыл қойімасы. Рухани тәрбие - ол имандылық.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі:
Егеменді ел болып, ұлттық тағылымдарға қайта оралу кезеңінде болашақ
ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мақсатында мектепте жүргізілетін тәрбие
сағаттарында халықтық педагогиканы, құрал, кітаптарды, хадистерді
пайдалану арқылы мектеп оқушыларына имандылық тәрбие беру, бүгінгі күн
талабына сай түрде өз ұлтын, тілін, дінін тануда ата-бабаларымыздың бай
мұралары болашақ ұрпаққа тәрбие сағаттарында, күнделікті сабақта жеткізу,
оларды адамгершілігі мол, иманды, қайырымды етіп тәрбиелеуді халықтық
педогогика үлгерінің маңыздылығы.
Курстық жұмыстың мақсаты; Қазақ халқының имамдылыққа бала
тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызын, мазмұнын, түрлерін
игеру, білу, өмірде, өз ісіне қолдану.
Курстық жұмыстың міндеті
1. Мектепте жүргізілетін имандылық сабағының ерекшелігін зерттеу.
2. Тәрбие сабақтарында халықтық педогогиканың үлгілерін
имандылыққа тәрбиелеу кезінде пайлаланудың жолдарын көрсету.

АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ОЙ – ПІКІРЛЕР ӨРІСІ
1.1 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік
жайындағы пікірлері
Х-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшқұр
болған данышпан-ойшыл энциклопедист-ғалымы белгілі қоғам қайраткері Жүсіп
Баласағұн "Құтты білік" дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен
жазылған аса маңызды мәселелердің бірі адамдардың бірін-бірі құрметтеуі,
ізет көрсетуі, сыйласуы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың
қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің, өнімдердің өз қол астындағы
қызметшілеріне, жолшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешелеріне,
ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек сауалға
жауап берілген.
Жақсы мінез құлық, әдепшілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім-
тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сондықтан жас нәресте өмірге келісімен-ақ
оны тиісінше тәрбиелей бастау - әке-шешенің қасиетті борышы екенін айтады.
Ақын әсіресе жастарды өр-көкірек, тәкаппар, қуыс кеуде болудан көбірек
сақтандырады. Кішіпейілділік - үлкенге де, кішіге де, жарасатын қымбат
қасиет:
Кісілік қымбат, кішілік қымбат,
Ұлық болсаң кіші бол,
Ақын кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі,
надан етіп көрсететін кейбір мінез-құлықтарға көркем сөзбен сипаттама
берді. Мұндай жағымсыз мінездер: мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, сарандық,
мейірімсіздік, ашушандық, т.б деп көрсетеді. Әке-шешеден тәрбие көрген,
әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы,
инабатты болып келетінін айтады.
Әль-Фараби өзінің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" атты
кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді.
Мұндағы қала деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің
пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала әкімдеріне
қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл
қоғам болып, бірігіп тіршілік ету керектігі. т.б мәселелер жайындағы өз
пікірін ортаға салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті елі. Сондықтан
ол Халық бақытты өмір сүруі үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп
түсінді. Ал, жақсы әкім-инабатты, әділ, мейірімді, жан-жақты білімді,
халыққа жаны құмар, жамандықтан жиренетін, батыл, жомарт, өнер мен әдбиетті
сүйетін адам болуға тиіс. Фараби мемлекет басқаратын адамға осындай биік
талаптар қояды.
Әл Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы өмірдің мән-мағынасы жайлы
толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамгершілікке шақыру.
Адамгершілік турасында дана бабамыздың: "Шын мағынасындағы білімділік
– тамаша адамгершілік сипат" деген ұлағатты пікірш мойындай отырып, жас
ұрпақты білім нәріне қондыру да педагогикалық парыз екенін ұмытпағанымыз
абзал. "Ұстаз ескерер тағы бір жайт" - дейді Әл Фараби, бұл шәкірттің мінез
құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы
сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру. Фараби, әсіресе мінез тәрбиесіне
ерекше көңіл бөледі. Мінезділік бақытты болудың негізгі шарттарының бірі.
Кейбір адамдар қолындағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, кейде ба
қытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін - өзінің нашар мінезі.
Сондықтан, жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесіктен бастаған жөн, - дейді ғұлама
бабамыз Әл-Фараби.
Түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнскті ақыны, есімі ислам
әлеміне машһүр болған ойшыл қайраткер Ахмет Яссауи " Диуани хикмат" (
Даналық кітабы) атты өлеңдер жинағында әділдік тойына түсу, ақиқатты іздеп
табу, адамдың рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды ислам дінінің
шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады. Соның өзінде, ақын әлеуметтік
қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескерпей келмеген
тәкәппар жандарды әшкерелеп отырды. Халықты ізгі қасиеттерге,
адамгершілікке үндейді:
Ғарип, пақыр жетімдерды қылған шадман,
Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.
Тағам тапсаң, шын көңілмен күткін мейман,
Халықтан естіп бұл сөздерді, айттім міне...
Ғарип, пақыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.
Ей, бейхабар, болма күмән, сені асырар.
Хақ Мұстафардан естіп айттым мұны...
Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені деме.
Кісі малын сен жеме, спрат көпірінде тұтар.
Әйелің, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,
Әлек болып ғаріп бас, өмірің желдей өтер...
...Алла жадын айта алмай, өліп кетсем,
Ессіз өмірім арманда өтер достарым
...Хақиқат дариясынан ішкен кісі,
Өзі мұңлық, көңілі сынық көзі жасты...
...Хақ қаһарынан қорқып, жасын төкпегендер,
Тозақта жүз мың азап тартар достар...
Әділетсіз зұлым патша болғаны — ай,
Ордасына өңшең қудың толғаны — ай.
Бірін бірі жиналысып қолпаштап,
Су төгілмес жүр ғой бәрі жорғадай.

1.2 Имандылықтың адамға тән қасиеттері – үлкенге құрмет, кішіге ізет
Қазақ салтында үлкеннің атын атамау, оны сыйлау әдептілік,
көргенділіктің бір үлгісі болып саналады да ондай қылық, ризашылық сезімін
тудырады. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендерде өз тарапынан оған лайық ықылас
білдіруге талпынған, содан барып үлкен мен кіші аралығында жарсымды қарым-
қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер
отырған жерде олардың алдын орап орындап кетпей, инабат, пет таныта білу,
жөн жобаға, көңілге карай сөз айту, қажет кезде өзіңді іркіп ұстау сияқты
қасиеттер халықтың дәстүрі мен тәлімінде ілгеріден жалғасып, ұласып белгілі
бір қалыпқа келіп жатады. Сөйтіп сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен
ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, ғафу
етіңіз, мүмкін болса, қажет деп тапсаңыз, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз,
қалауыңыз білсін т.б. сөздер елеусіздеу көрінгенмен, адамның әдептілігін
білдіріп, тілге сыпайылық рең беріп, ізеттілікті білдіреді. Мұндай майда
сөздер үлкенге де , кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілдігін,
адамгершілік әдептілігін паш етіп тұрады. Естіген құлаққа майдан жағады.
Шырағым, қарағым, шырақ, қарындас, інішек, ағай, апай т.б. тәрізді қаратпа
сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері.
Адамның "сіз" бен "сен" сөзінің жұмсалу дәстүрінен жөнсіз ауытқымайтыны да
әдеп сақтауға жатады. Адамның жанына жағымды, жылы сөздер оның көңіл
күйінін пернесі сияқты. Жылуы мол, жан жадыратар шуақты сөздерінің
мағынасын "сіз деген сөздің сынығы сен деген сөздің анығы" деген мақаладан
да аңғарамыз. Әдепті қылықты әркім де жылы қарсы алады. Мәселсн, көшеде бір
қарт тайағына сүйеніп, кібіртіктен әрең жүріп келе жатыр делік, оған
ұшырасқан оқушы қыз не жігіт жылы жүзбен тез қимылдап, қолтығынан демек жол
көрсетіп жібереді. Қария риза болады, батасын береді. Әдепті адамның ісі де
сөзі де жылы деп жайып, тұрады. "Сөзі райлының -жүзі шырайлы."
"Жақсының сөзі - өлшеп пішкендей,
жаманың сөзі түйеден түскендей."
"Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер деген нақыл сөздер міне
осыны меңзейді.
Күнделікті өмір адамдар арасындағы сан салалы байланыстар мен қарым-
қатынастарға толы. Оны саралап ой елегінен өткізсек, олар адамдардың
әртүрлі жағдайларында өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс, тұрыс, сөйлеу,
киім кию тәртібіне бір сөзбен айтқанда, әдеп, сыпайылық ережелеріне келіп
тіреледі. Ал адамгершілік қатынастар белгілі бір морольдық нормамен
өлшенеді. Осыдан барып жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік
сияқты категориялар.
Алғашқы жағымсыз, ұнамсыз қасиетті бойына сіңірген пенде тозақ отына
шыжғырылады, ал ұнамды, игілікті мінездерді бойына дарытқан жандар
жұмақтан, бейіштен рахат көреді, сондықтан ұнамды, ізгі мінезді алланың
пендесі болу - әрбір мұсылманның абзал борышы" - делінген.
Міне, осыдан-ақ біз мұсылман дінінің тәлімдік тағылымына табынып, оған
үрке қарамай, қайта тамырын тереңге тартуына болысуымыз керек.
Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңберінде қалып
қоймайды. Оның көп өлендсрі адамгершілік туралы да болып келеді. Ақынның
адамгершілік хақындағы кейбір пікірлері өзіңе дейінгі қазақ ақындарының
ақылгөйлік дәстүрін жалғастырып, достыққа, адамгершілікке, тату-тәтті
өмірге үндейді.
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер, бір-біріңе қарасаңыз!
Өмір дегсн бес күндік, кетер өтіп,
Атаң барған орынға барасыңыз!
Дәулеттілср кемтар, кедейлерге көмектесіп, жақсылық жолында ізгі іс
қылса, қатарға тез қосылар еді, зұлымдық тез жойылар еді деген жалған сенім
гуманист ақынды біраз еліктіреді.
Қорлама кем адамды болсаң дана,
Кәріпті құдай сүйсе не еді шараң?!
Ренжітпе пенде болсаң бейшараны,
Кәріп көңілі бір сынық пиалады.
Дүнтедегі адам көзі бақ пен дәулетке тойымды. Сондықтан адамға қайыр,
рахым керек. Онсыз ол адам атағынан айырдады дейді Ыбырай.
Мақтанба бақьптымын деп бағыңызға.
Қартаймақ, қиын сауда тығыңызда.
Іске аспай бақ, дәулеттің қалуы оңай,
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.
Ақын "Әй, достарым!" деген өленде. "Колыңнан келсе қыл кайыр!" деп,
қайырымды, кең пейіл, адал азамат болуға шақырады.
Ы.Алтынсарин әңгімелерінің көтеретін өзекті мәселесі – адамгершілік. Ол
әр кезде адам сабырлы, мейірімді, қайрымды, әдепті, ұқыпты болса деген ізгі
ниет білдіреді. "Шеше мен бала". "Бір уыс мақта", "Мейірімді бала",
"Аурудан аяған күштірек", "Әдеп", "Әділдік", '"Тәкәппарлық", "Таза бұлақ"
әңгімелері мен аудармалары жазушының осы ниетінің жемісі еді.
Ыбырай мейірімділік пен жоғары адамгершілікті баулитын әңімелерінің
бірі - "Аурудан аяған күштірек" мұнда жас өспірімнің шыдамдылық,
төзімділік, имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері, олардың сыр-сипаты сөз
болады. Абайсызда бір баланы арба қағып кетті аяғын сындырды. Шешесі мұны
көріп есінен танады. Осыны сезген бала жалма-жан жылағанын қоя қойып, тіпті
сынған аяқты салып жатқанда дыбыс шығарып, қабағын шытпайды. Бұған қайран
қалған сынықшы: - Аяғың аурмай ма, қабағыңды да шытпайсың ғой? - деп
сұрайды. Қасында шешесінің жоғын көрген бала: "Ауырмақ түгілі жаным көзіме
көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжемде қиналып,
жүдемесін деп шыдай жатырмыз. - деген. Әңгімеде баласының анасына деген
сүйіспеншілігі, аянышы, мейірімділігі сөз болады. Жазушы өзгеге мысал болар
бір өмір көрінісін алып, шағын әңгімемен терең ой түйінін жасайды. Аяулы
анасына деген мейірімді баланың төзімділігін, адамгершілігін ардақтайды.
Жасушының "Таза бұлақ" деген әңгімесінде: Мұндағы үш жолаушының бірі -
саудагер, екіншісі - молда, үшіншісі - жай бір келбетті жігіт. Бұлардың
әрқайсысының өзінше түсінгі, өмірге деген көз қарасы бар. Олар жолдағы бір
таста жазылған: "Ей, жолаушы таза болсаң, осы бұлақтай бол" деген сөзді
өздерінше ұғынады. Саудагер өзінің саудасына бұрады. Молда өз түсінігіне
сай жоуларын жасайды. Ал жігіт ұғымы олардан мүлде өзгеше болады. Ол:
"Жүрегің осы бұлақтай таза, ісің әділ адамгершілігің мол болса" деген
тұжырым. Автор кісі еңбегін қанайтын саудагерді де, елге жалған үгіт
тарататын алдамшы молданы да жақтамайды. Ол еңбекші өкілі - жас жігіт
ниетін жақтап, соңынан ойын құптайды.
Бала жанының зергері Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің бәрі-біріде
балалардың жас ерекшіліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың
жан дүниесіне әсер етерлітей етіп іріктелінін алынған. Осы әңгімелерге
мұғалімдер мен ата-аналардың балалардың әртүрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу
мақсаты көзделеді.
Қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы және ұлы
ойшылы Абай Құнанбаев. Ата-ананың надандығы мен қараңғылығын айта келіп,
олардың өз баласына дұрыс тәрбие беруді сынайды. ( 10-қарасөз) .
Әуелі баланды өзің алдайсың, оны берем деп мұны берем деп, сөйтіп
баланды алдағаныңа мәз боласың. Ал соңынан балаң алдамшы болса, кімнен
көресің деп нақтылай түсіп, көзге ұрғандай берді. Абайды ұлылыққа
ұмтылдырған тәсіл мен тәрбие, Абай адам баласының баршасына достық, өзара
ынтымақ керек деп түйіп, адамгершілік, достық туын көтерді.
Абайдың адамгершілік мораль, мінез-құлық туралы мысал жөнімен келетін
өсиет мазмұнды эссе ретіндегі сөздері және діни ғибрат ретінде жазған біраз
дидактикалары жатады. Олар: "Ой үшінші", "жиырмасыншы', "жиырма
сегізінші", "отыз сегізінші" сөздері деуге болады.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тоқуалық
шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни Абай айтқандай, "бес
нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық" болуға шақырады. Оны өзінің
парасатылықты пайдалану мен байламға келтіру жолымен өмір мен тұрмыс,
тіршілік туралы толғамдарын паш етеді. Хикметтері тоқуалық ғұмыр, ғаріп,
пақыр, жетімдерге пана болып, қамқорлық жасау, Алла елшісінің жолын ұстау,
өмірді босқа өткізбеу мен Құрани кәрімнің сүре, аяттарындағы уағыздар мен
Мұхаммед пайғамбарларды еске түсіреді. Сайып келгенде ұлы ақын бұрынырақ
ғұмыр кешкен мұсылман шығысының опаздары мен даналарының кәміл адам
тәрбиелеу идеясын алға тартады, әрі ол сопалық тағылым, дәстүрмен
сабақтасып жатыр.
Адамгершілік қасиеттерге баулу тұрғысында мұсылманшылықтың тигізер
септігінің молдығын қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Ыбырай
Алтынсаринның "Мұсылманшылықтың тұтқасы" атты еңбегінен анық түсшіл -
түйсінуге болады. Онда былай айтылған:
"...Пенденің көңілінде болатын пиғыл екі түрлі еді. Бірі - көркем, бірі
— бұзық сипаты. Аят пен хадисте білдірілген жаман мінездер алпыс түрлі.
Мұның бәрін бұл кішкене кітапта баян етуге болмайды, бірақ сол алпыс түрлі
жаман мінездің шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден десіпті. Біз осы жеті
түрлісі турасында ғана айтайлық:
Біріншісі: дінге сенбеу, дінсіздік.
Екіншісі: діннен бөлек өз ойынан шығарған уағыз, яки діннен тыс
өзбілермендік.
Үшіншісі: менмендік, өзімшілдік.
Төртіншісі: мақтану, өзін-өзі көрсету.
Бесіншісі: қызғаншақтық, күншілдік.
Алтыншысы: сараңдық.
Жетіншісі: дүние шашқыштық, ысырапшылық. Бұларды аят пен хадисте
жағымсыз, ұнамсыз мінез-құлықтар деп айтады. Осыларға қарсы құлық жетпіс
сегіз түрлі. Олардың шығатын түп асылы тағы да жеті түрлі мінезден болса
керек. Бұларды алсақ хамида, яки мақтаулы, игілікті мінез-құлықтар деп
атайды. Олар:
Біріншісі: имандылық,
Екіншісі: жаман мінез-құлыққа қарсылық, яки күй, яғни ең жоғарғы
әділдік.
Үшіншісі: адалдық, ақ көңілдік.
Төртіншісі: сыпайлық, момындық, шын берілгендік.
Бесіншісі: адал ниетпен кеңес, өсиет беру,
Алтыншысы: жомарттық, кеңпейілдік, қайырым,
Жетіншісі: шариғат бойынша дұрыс заңды:
Мұнада малын орынды, үнемді жұмсау.

1.3 Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеудегі діннің рөлі
Алла елшісі Мұхамедтің ислам тағлымдарын таратын, ақыретке сенуге
шақырғаннан бері 1400-ге жуық уақыт өткен екен. Пайғамбарымыздың оншақты
серіктерінің сенімімен басталған мұсылманшылық бұл күнде миллиардтан астам
адамның жүрегіне ұялап, пәрменді әлеуметтік күшке айналым отыр.
Қазақтың тегі түркіден де, діні мұсылманнан. Ұлтымызды сақтап,
тегімізді бүтіндеу үшін, тарихымызды, дінімізді түгендеу үшін жас ұрқақты
ұлттық сауаттылыққа имандылыққа тәрбиелеуіміз керек. Имандылық тәрбиесінің
мақсаты адамзатты ақиқатқа жетектеу болып табылады. Яғни, мемлекетіміздің,
қоғамымыздың болашағына жауап беретін адал, мәдениетті, білімді азамат
тәрбиелеу. Иман, инабат, адамгершілік, ізеттілік, ізгілік іздерінің қайнар
көзі діни танымда, дінде жатыр. Дін – адамның күнәдан тазару жолы, адамды
адамшылыққа бастау, тәрбиелеу жолы.
Қазақ халқының ата бабасынан келе жатқан байырғы діні – Ислам діні.
Ислам ұлттық дін емес, ол әлемдік дін болып саналады.
Ислам дінінің бүкіл адамзат баласының мәдени өміріне қосқан үлесінің
зор екенін мұсылман әлемі ғана емес, әрбір сауатты, көкірегі ояу азамат
біледі.
Ислам діні - адамды рухани жағынан, әдеп, ибалысын, қанағат, мейірім
шапағат, жанашырлық, бауырмалдық адалдық, ізгілік тәрізді жан тазалығына
тәрбиелеу мектебі болды. Ислам тәрбиесі барлық уақытта адам баласына иманды
үйретіп, иманға шақырып келді. Иман әрбір адамның жүрегінен орын алып,
көкірегінде сақталады. Ал Иман дегеніміз – Аллаға, Алланың істеріне
күмәнсіз сену дегенді білдіреді.
Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің ,яғни
адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті
көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарын айқын сеніммен қарай,
адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай
орындайтын ақ ниетті, адал жүректі көңішл адамды – иманды адам
дейміз. Иманды адам шығады. Бұл категориялар әрқашан адамның, қимылымен
тәртібімен, іс-әректімен тікелей байланыста.
Сыпыра жырау "Бір дегенде не жаман" деп басталатын толғауында қоғамдық
тұрмыстағы тәлім тәрбие ісінің өзегі болған үлкен екі мәселеге назар
аударады: Ұлды ақылды, білімді етіп өсіру, Қызды әдепті, ибалыққа
тәрбиелеу.
Бір дегенде не жаман!
Білімсіз өскен ұя жаман.
Екіншіден не жаман!
Елеусіз өскен қыз жаман.
Жастарды әдептілікке, сыйласымдықөа бейімдеуді үлкен мәселе етіп қояды.
Жасы үлкендердің алдында әдептілік сақтап оларға құрмет көрсетуді талап
етеді.
Ертеде бір шаруа кісі жалғыз баласына өзі теңдес біреудің қызын
алып береді, той тарқаған соң бір-екі күннен кейін келіп өз отауында қыз
келіншектермен сөйлесіп отырып қатты күледі. Атасы сыртта дәрет алып
отырып қатты күлгенін ерсі көріп "осыншама сықылдап күлген қай көргенсіздің
баласы екен" депті. Содан бастап келін ұялып сөйлемей қояды. Кешке
күйеуі келіп бірнеше күнге деиін күтіп, сонан соң шешесіне айтады.
келеніңізге бірдеңенің салқыны тиген болар - деп, оны естіген ата-енесі
түрлі бақсы балгерлерге емдетеді, бірақ одан ештеңе шықпайды. Келін ата-
енссін өте жасы күтеді. Содан 6 жыл өтеді, тілі шықпай қалған соң 7 жылға
қарағанда баласына тоқал алуға рұқсат береді. Баласы біреуді
айттырып үйленеді, ол келмей жатып бұйыра сөйлейді. Сонда жігіттің бірінші
әйелі мылқау шығып:
Келін, келін, келін-ай,
Келмей жатып сөзге бақ,
Мен келгелі жеті жыл
Сөйлегенім бүгін-ақ, - депті.
Бұрынғы келіннің сөйлегенің естіген атасы ақсары бас айтты: Ойбай,
балам, ана салпылдаған тоқалды құрт, ақ келіннің садағасы кетсін, - деп
жаңа келген келіннің отауын да тіктірместен төркініне апарғызып тастайды.
Кейін келіннің 7 жыл сөйлемей қойғаннан естігенде: Ақ Сақалдыдан кеткен
ағаттық, сайтанға болар тояттың - депті атасы.
Әрине үлкеннің үлкендігі, кішінің кішілігі болу керек. Үлкенді сыйлау,
біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннің алдын
кесіп өтпеуге, сыпайы болуға қатты күлмеуге тиіс.
Әке-шешеге игілік істесеңдер Алла сендерді жарылқайды. Өйткені ол тәуба
етушілерді әлбетте жарылқаушы деген сөздерді дәл бүгінгі күндері ата-
аналарын қарттар үйіне тапсырып жүрген қазақ жастарын ұялтары сөзсіз.
Ата-ана туралы қасиетті Мұхамедтің Жұмақ – шешңнің аяғының астында
деген бір ауыз сөзінің құдіреті қандай күшті одан артық теңеу болуы мүмкін
емес.
Мұхамед ғ.с.-ге бір кісі келіп: Құдіретті пайғамбарым, туған
туыстарымның ішінен кімді ерекше құрметтеуім керек? - дегенде:
- Шешеңді, деді пайғамбар.
- Одан кейін кімді? — дегенде:
- Шешеңді.-деді пайғамбар.
- Одан соң кімді? - дегенде,
- Тағы да шешеңді —деді пайғамбар.
- Одан соң кімді деп төртінші рет сұрағанда әлгі кісіге:
- Әкеңді,одан соң туыстарыңды құрметте! - деп Пайғамбар жауап берді.
Бұдан байқайтынымыз шешені құрметтеу әкеге қарағанда үш есе артық болу
керек дегсн түсінік береді.
Ежелден қазақ ұғымындағы: әке-шешеңді Меккеге үш рет жаяу арқалап
апарсаң да қарыздан құтылмайсың деген сөздердің жауапкершілігін түсіне
білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады.
Борышты сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді.
дүниенің қараңғы тереңде күнделікті тіршілік қамы, жазғы мезгіл
өрісі жайлау үшін, қысқы мал тебіні қыстау ықтасын үшін, осы екі қамға
тоғысар ел талау құралы – надан, содыр билік мансап үшін алыс-жұлысты
жүргені дау-шар, бодау-барымта, ұрлық-зорлық негізгі әрекет-кәсіп болған;
ғылымнан ада болашақ жайы туралы саналы ойдан махрум жұрт та қалған жоқ.
Қазақтың даласының соншалықты артта қалғандығы надандығы, "надандық-
ғылым-білімнің жоқтығы"-деп осы надандықпен күреске түсті. Мұны өзінің
алдына үлкен бағдарлама, зор мақсат етіп қойды. "Мақсатым - тілге ұстартып
өнер шапшақ, наданның көзін ойып, көңілін ашпақ", деген нақыл сөзі осы
жолда туған. Оның жастарға ең алдымен айтатын ақылы -талапты болу.
Ол: "Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге!!!"-
дейді де, осы "талап қыл" деген сөзін, насихат сөздерінде кеңейтіп
былай дейді: "Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек
керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар, оларды білмей, іздегенмен
табылмас. Әуелі білім-ғылым табылса, ондай мұндай іске жаратар едім деп,
дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемеске керек. Адамның
көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға "мейірленіп, тезірек
қолға түседі".
Абайдың: "Дүниеде өзі, мал да өзі,
Ғылымның көңіл берсеңіз"
деген нақыл сөзі білім-өнердің кілті, өнер-өмір; мағыналы өмір деген
пікірді айтады. Ақын қазақтың бұл күнге дейінгі ғылымсыз тіршілігін санатқа
қоспай "Ғылымсыз дүние жоқ", деген берік байлам жасайды.
Ақынның нақыл сөздері өнер-білімді күрделі мақсат үшіи үйрену
керектігін, жеке болымсыз себептер үшін үйрену ұзаққа бармайтынын
аңғартып отырады: "Білім-ғылымды бір нәрсеге себеп қана үшін үйренсең,
білімге деген көңіліңнің мейірімі асырап алған шешенің мейірімі сияқты
болады".
Еңбекке үндеу ақшаның ең сүйікті тақырыбы. Оның нақыл сөздері өз халқын
болашақ жарқын тіршілікке бастайтын еңбек туралы насихатқа толы.
Абай: "Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тезсуалар"
немесе: "Өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңізді сау; еңбек қылсаң, қар жер де
береді, құр тастамайды",- дейді.
Еріксіздік – бойға қорлық қана емес, өміріңнің өзі де бір баянсыз,
берекесіз күйге келеді. Мұндай күйге түскен адам дүниеде жоқпен тең.
Абайдың адамгершілік тақырыбында айтылған нақыл сөздерінің жастардан
рухани дүниесін тәрбиелеуде ерекше маңызы бар.
"Адамшылықтың алды – махаббат, әділет, сезім". Абайда бұл үшеуі
бірлікте, олар жеке-жеке күйінде жарамсыз. "Әділет ізгіліктің анасы",
"Кімде әділет жоқ болса, оның ұяты да жоқ". Ал, ұят жоқ жерде, туыстық,
бауырмалдыққа, махаббатқа орын жоқ. Себебі – ұят тоқтық барша адамгершілік
қарыздарлық нормаларына сенімді жоғалтады: "Кімнің ұяты жоқ болса, оның
иманы жоқ".
Адамды ұят келтіретін барша жөнсіз істерден сырт ұстайтын, оған
жібермейтін күш адамның бойындағы ұстамдылық. Бұл болмаса, ақын қанша
сезініп тұрғанымен, адам баласы ұя келтіретін қылықтан құр болмайды.
Әріпте, ұятты сезінуге ақыл керек, егер ақылдың көзін қайратсыздық,
әділетсіздік, жігерсіздік, байлаусыздық бүркесе, ақылды кісінің де
адамшылдығы бұзылады.
Сол үшін де Абай: "Адам баласының көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың
сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат байлаулықтың жоқтығынап азайды", -
дейді.

Адалдық пен шыншылдық.
Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан мінез бітістері. Адал адам –
шынайы да шыншыл адам. Адалдық – сөздің таным мен
сенімге ұштасуы оның іс әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық адамның
азаматтық борышына, ар-ұжданына қалтықсыздығы. Адал да шыншыл әділетті болу
- еңбек пен білім алуға жалпы іс әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты
тіршілікте тиянақты прнципті бөлу деген
сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жердеәділет, кішіпейілділік, қайырымдылық та
еріп жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. Жасында
ерке болып, ата-анасынан именбей, бейпілауыз сөйлейтін, қисынды-қисынсыз
өтірікті беті шімірікпестен айта салатын адамның есейе келе тек өз
басының ғана қамын ойлап, керек десе басқа түгіл, өз отбасын да
алдайтын екі жүзді суайт адам болып кетуі ғажап емес. Осы айтылғанды үнемі
еске алып жүрген абзал.
Мұхаммед пайғамбар адалдық пен шыншылдық туралы хадистерінде былай
деген:
Уа, адамдар. Тәңірден қорқыңдар, риздық несібені адал жолмен табуға
талпыныңдар. Ешкім өз несібесі таусылғанша өмірден өтпейді. Ерте ме кеш пе
әйтеуір бір өлімнің бары хақ.
Сондықтап тіршілікте он жолда жүріп адалдыққа ұмтылыңдар, арамдықтан
аулак жүріңдер.
Шындықтан залал — зиян көресіңдер де әділ сөйлеңдер. Сонда береке
табасыңдар. Пайда көріп тұрсаңдар да өтіріктен сақтаныңдар. Бәрібір
өтіріктің құйрығы бір тұтам.

Ақылдылық.
Бұл жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды, қарапайым да,
кішіпейіл, аса ізетті адам. Мұндай кісі әр кез ойлап сөйлейді, мәселеге жан-
жақтан қарайды, оны ақыл таразысына салып яғни жеті рет өлшеп, бір рет
пішеді. Оз болжамын қашанда кесімді пікір деп айтпайды. Оз пікірінен сын
көтермейтін лайықсыз пікірді алып тастайды. Ақылды - адам қиялы бай,
жүйрік, ақыл-парасатты, тәртіпті мәселені ескі, таптаурын, үйреншікті
жолмен шеше салмай, оның талап тілегіне, шартына лайық жаңа әдістерін
іздестіріп, оны тапқанша дамыл таппайтын кісі. Бұрын бір рет сыналып, қате
деп табылған әдісті қайталамайды. Ол мәселені тұтас түрде керек имандылық
тәрбие адамның өзін-өзі іштей де сырттай да көз жүгіртіп, толықтырып
отыратын адам тәрбиесінің жоғарғы сатысы. Ғылым білімнің жоғарғы сатысы деп
қарасақ, имандылық – тәрбиенің жоғарғы сатысы деп қарауымыз керек.
Біздерге бұл тәрбиеге жету үшін Құран хадис ғылыми еңбектер ұлттық
сананы оятатын тәрбиелік мәні бар нәрселерді пайдалануымыз керек. Ұрпақты
Аллаға деген сенімінін беріктігін пайғамбарымызға деген шапағатын, ата-
анаға деген құрметін ұстзға, білімге деген ұмтылысын өз жерінің тарихына
деген махаббатын арттыра білу. Сонда ғана ондай адамнан мейір шапағат,
адамгершілік, парасаттылықты, қайырымдылықты күтуге болады. Оған жеткізетін
адамның иманды мінез-құлық тәрбиесі. Яғни көркем мінез. Алланың мінезі.
Біз қазіргі таңдағы ұрпағымызға керекті имандылық тәрбие.
1. Имандылық
2. Парасаттылық
3. Әдемілік
4. Әдептілік
5. Мейірімділік
6. Инабаттылық
7. Салауаттылық болса
Онда иманның мынадай белгісін де бойға тұту керек:
Басы - сенім.
Нұры —шындық
Дәмі — пәктік, тазалық
Тірегі – ықылас, ниет, тілек
Жемісі — сабырлылық, қайырымдылық
Дәрісі — ар-ұят
Жапырағы — тақуалық
Одан әрі мынадай жеті шартты толық түсіне алады:
1. Ғайыпқа, сырлы жұмбақ әлем иланбақ. Әлі айқын танылып болмаған бес
түрлі ғайып Алла жаннат, жаһаннам, шайтан, жын-перілер тәрізділер.
Адалды адал деп илану – Яғни, адал затты арам демеу.
Арамды арам деп илану. Яғни, арам затты адал демеу.
Әрқашан да Алладан қорқу.
Мукадеске мұсылмандық тәртіптеріне айрықша құрмет болғансын лез көзге
түсуден бой тарту.
Хақ-тағала рақымынан ешқашан үміт үзбеу.
Айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық
ойлайды, оларға мейірім шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір
тұрады. Әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Адамгершілігі жоғары
кісіні иманды деп құрметтейді. Ал адамгершілік қалыпты бұзған адамды
ИМАНСЫЗ деп, одан түңіледі. Имансыз қылық жасағандар, яғни адамгершілік
міндетке жеңіл желпі қарап, оны бүзғандар кінәлі болып, ерте ме, кеш пе
әйтеуір жазасын тартытын болады. Адамгершілігі ар-ұяты бар
адамның бет бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы өзі парасатты келеді.
Ондай адамды халық иманжүзді кісі деп құрметтейді. Қазақ халқының ата-
баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ, ұлттық
психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Жас адамды
имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып намысын қайрап, мейірімділік,
қайырымдылық кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-
психологиялық қасиеттерді оларлың бойына сіңіру - әрбір отбасының балалар
бақшасы мен мектептің, жоғары оқу орындарының парызы.
Міне, қазіргі ұрпағымызға керектісі. Абай бабамыздың шартымен Құранды
ізденіп үйренген ешқашан адаспайды. Міне осындай ілімге қол жеткізу үшін
имандылық тәрбиесі керек екендігін көріп отырмыз.
Имандылыққа тәрбиелеу деп жеке бөліп алу сырт көзбен қарағанда оғаш
екені рас. Тек намазға, оразаға, т.б. діни уағыз сияқты афанатизмге
бағышталғандай. Ал шындығына жүгінетін болсақ осы имандылықтың ішіне
адамгершілік, еңбек эстетикалық тәрбие денсаулық, ұлттық әдеп-ғұрып бәрі
еніп жатыр. Имандылықты адамгершілік тәрбиесіне енгізуге болмайды,
адамгершілік имандылықтың бір бөлігі.
Егер біз өз ұлтымыздың өз еліміздің ұрпақтарының болашағын жаңа талапқа
сай ойласақ. Әрине біріншіден тіл жетістігі, діннің біріктігін, рухани
тәрбиенің жоғарылығын Ш.Маржани ұғымымен қарасақ былай деген екен:
Өзінің дінін, тілін, елін білгендер ғана орысша оқыса, ол жақсы. Оны
білмей, орысша оқыса, одан қайыр күту қиын. Бұдан басқа тілдерге де құрмет
деп ұғу керек. Егер өз тілінің тағдырын ойлай білген ұрпақ өзге елге де,
мәдениетіне де құрметі жоғары болары сөзсіз. Сондықтан осындай дәрежені алу
үшін екіншіден имандылық тәрбие міндетті.
7. Кәпірді кәпір деп білмек, муминді – мумин деп білмек Осындай танымы
бар, мейір шапағаты мол адам иманның жеті шартына бұлжытпай сенеді.
1. Аллаға сенім
2. Періштелерге сенім
3. Пайғамбарларға сенім
4. Кітаптарына сенім
5. Ахирет күніне сенім.
6. Тағдыр мен қазаға сенім.
7. Жақсы мен жаманға сенім.
Енді мұндай берік иманы бар ұрпақтан үміт күтуге болады. Ал сенімі
жоқ адам ұмыт болады. Үмітсіз адамның алды қараңғы. Ал қараңғылықтан
жарыққа шығаратын нұр - Құран.
Қасиетті кітап Құран ғасырдың бас шенінде көне араб тілінде жазылған.
Қазіргі кезде Құран алпыстан аса тілге аударылды. Ең алғаш 1338 жылы Түрік
тіліне аударылды. Құранда жүз он төрт сүре, алты мыңнан аса аяттары бар.
Халис-Ислам дінінің Құран кәрімнен кейінгі екінші орында тұрған
қасиетті сөздер жиынтығы. Хадистер Мұхаммед пайғамбар мен оның серіктерінің
істері мен сөздері жөніндегі нақыл, ұлағатты тәрбиелік сөздер жиынтығы –
Хадистер әуелі ауызша таралып, кейін қағазға түсірілді. Қазіргі таңда ең
беделді деген алты хадис жиынтығы бар. Құран мен хадистерді оқып
отырсаңыздар әрбір сөзінің тәрбиелік мәні зор. Осы Құран мен Хадистердің
ұлағатты өсиеттері – адамның адамгершілігінің бастауы. Қазақ халқы ежелден
өзінің адамгершілік, парасаттылық, адалдық, қайырымдылық, ізеттілік
қасиенерімен көзге түскен, имандылық қасиетті зор бағалаған. Сондықтан
имандылык-адамгершілік тәрбиесі ұлттық дәстүрлердің бірі болған.
Имандылық тәрбиесі - бұл халық педагигикасында дәсіүріге, әдет-
ғұрыпқав, байсалд мінез-құлыққа айналып, адам баласының өмір заңдылығы,
жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық тәрбиесі адам бойындағы
адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Мысалы: ізеттілік, әділеттілік,
адалдық, достық, кішіпейілділік, үлкендерді сыйлау, қамқорлық, еңбек
сүйгіштік, т.б. Міне соларды біразына тоқталып кетсек.
Бүтіндей қамту жағына ерекше көңіл қояды, бірақ оның ұсақ бөліктерін
де естен шығармайды. Мәселен, аса күрделі математикалық есептерді шығаруда
кездесетін қиыншылықтар мен қателерді бәрі-бәрін жан-жағынан қарастырады,
ойы ұшқыр қажетті жағдайда оның барлық күшін бір бағытқа жұмылдыра алады.
Ойдың ұшқырлығы мәселенің барлық жағын көре білуге мүмкіндік беретін оның
кеңдігіне, ақылды икемділігіне де түрлі жорамалдарды тез таразылап, олардың
жарамсыздарын алып тастауға мүмкіндік беретін сыншылдык қасиеттің ерекше
дамуын қажет етеді.
Ақылды кісіні халқымыз ежелден ерекше қастерлеген. Мәселен, бұдан мың
жыл бұрын қазақ жерінңи ұлы ойшылы Жүсіп Баласағүн: Ақылды қанша қараңғы
болса да алысты көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық, деген болса,
қазақ мақал-мәтелдерінде де ақылдылықтың осы жағына ерекше мән берген:
Ақылдының айналасы — гулстан, ақылды кісі азбайды. Ақылды адам ақымақтан да
бірдеңе үйренеді, ақылды арын қорғайды, ақылдының сөзі-ақ дарияның өзі,
ақылдының сөзі қысқа.

Борыш пен жауапкершілік.
Бұл адамның үй-іші, әке-шешесі, тума-туыстарына қатысты перзенттік
парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп
өсірігендердің алдындағы жауапкершілігімен бар санасымен терең аңғарылып,
түсіну. сондай-ақ осы арадағы өз парызымен қарызын қалай ақтау жолын
ойластыру жатады.
Қазақ халқы да ертіреден ата-ананы құрмет тұтқан. Оның айғағы Алты күн
аш болсаң да ата-анаңды сыйла. Әкені сыйлаған әбүйірлі, шешені сыйлаған
еліне сыйлы.
Жақсы қызмет — кәріге құрмет дегінен нақыл сөздер бар.
Алла тағала Құран кәрімде әке-шешеңнің хақысын әрі оларға байланысты
істелінетін құрмет пен сүйіспеншілікті мына әмірлермен бұйырған:
Құлшылықты тек қана аллаға етіңдер, әке шешеге жақсылық, игілік істеңдер,
олардың біреуі не екеуі жандарыңда қарғайса, оларға түк деме, оларға
зекіме, екеуіңе де сынайы сөз сөйле, ол екеуіне де кішірейіп мәрхамад
құшағыңды жай да: Раббым, ол екеуі мені кішкентайымнан тәрбиелегендей, сен
де оларды мәрхаматқа бөлей көр де.
Ислам жолымен тәрбие беретін басты құрал – Алладан соңғы
пайғамбарымыз Мұхаммедке (С.Ғ.С.) түскен – Құран кітабы.
Құран-ислам дінінің ең негізгі классикалық үлгісі, сондай-ақ араб
әдебиеті тарихында кітап болып шыққан тұңғыш шығарма.
Құран-адам бойында адамгершілік қасиеттерді дарытатын асыл мұра. Әдепті
инабатты, шындықты, адалдықты қастерлейтін қазина. Қазақтың бір ақиқаты
дәлелденген болса "Құран атсын" істі қарғануы тегін емес қой. Қазақ баласы
дүниесі таза, ар-ожданы пәк, арлы адамды "Иман жүзді" "Аузында алласы,
қолында құраны бар екен деп құрмет тұтады. Немесе "Ал хаяу шоғбатун мин-ал-
иман.
Ұят – имандылықтың бір бөлімі деудің тәрбиелік мәні де түсінікті ғой.
Иманшаратта: "Құдайға құлшылық еткен пенденің көңілін кірлетпе. Өз
сенімі бар адамды сыйла. Еш нәрсеге сенбейтін, ешкімді сыйламайтын
мәңгүрттен қорық. Иек астындағыны көрмейтін көңіл соқырларынан құтыл.
Қорғансыздың көз жасын төкпе. Ата-анаңа мейірімді, халқыңа қайрымды бол,
жасы кіші болса да сен деп сенсіремей, сіз деп ілтипат көрсет. Сіз деп
сөйлеу кішіліктің белгісі. Жау іздеме, дос ізде. Билікке ұмтылма, бірлікке
ұмтыл. Иманды сенім, ұлшылдық, тазалық, арды - қанағат деп түсін" деген
парасатты ақыл кеңестер шығарманың негізгі арқауы.
Құран сүрелері мен бірге Халифа Алтайдың аударуымен жарық көрген
хадистерді де тәрбие ісіне қолдану өте тиімді.
20 хадис. Шындық туралы.
Мұхаммед пайғамбар шындық туралы – 20 хадис ұсынған. Өйткені ислам діні
ұдай турашылдыққа және шыншылдыққа өте маныз беріп, қисық жолға таюды
айыптап отырған. Сондықтнп Мұхаммед пайғамбар әр орайда үмметіне
шыншылдықты, әділдікті үгіттегендігін мынадай хадистерден білеміз.
1. Шындыққа жабысындар, өйткені шындық игілікке жетектейді.
Міндетті түрде өтіріктен сақтаныңдар, өйткені өтірік немесе өтірік
айтушылар жамандыққа жетелейді.
2. Өтірік айтудан қашатын жағдайлар бар. Яғни, өтірік айтпай-ақ ол
орындауға болады. Басқаша айтқанда ешкім өтірік айтуға мәжбүр
емес.
3. Шындыққа жабысындар, одан айрылмандар, өйткені шындық
жақсылық пен бірге болады да екеуі де жәннатта болады және әлуметтік
тұрмыстық жағдайларды өте жетік білді. Сол арқылы оның шығармалары өз
кезіндегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Шәкәрім Абай үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік пен қасиеттерді
өзіне ұран тұтып, "Жастарға" деген өлеңінде былай дейді:
Қай жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдеп, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық...
Асыл сол - ақыл, білім бойда барлық,
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес.
Мен де айламдай болсам деп таласарлық,-
деп оларға қатарыңнан қалма, өтірік, өсек, ұрлық-зорлыққа әуес болма,
жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнегелі, өнерлі елдердің жастарынан үйрен,
оқу оқып білім ал, талаптанып, талпынып бойындағы өнері мен білімін ел
қажетіне жұмса дейді. Ол қазақ жастарына ақылды мен ақылсыздың, адалдық пен
арсыздықтың ара жібін былай ашып көрсетеді:
Ақылды сол- нысаппен ар сақтайды,
Арсыз сол - адамдықпен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп.
Жаны үшін адамшылық ар сақтайды,-
деп соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп, үлкендер айтқан ақылды қабыл
алып, ар тазалығы үшін күресуді, өтірік-өсек, ұрлық жолы адамгершіліктен
аздыратындығын, қу-сұм болма, өзгеден айланды асыр, азғырушылардың "Ақыл-
кеңесін алсаң оңбайсын, қор болып азып-тозып адамдық қалыптан айрыласың"
дей келе:
"Өнер қаша ар сатып, жалдамақты,
Ұлық болып, елді жеп молдамақты.
Біреуді жеп біреуді табамыз деп,
Қашан жақсы көруші ек алданбақты.
Өлсең де ондай сөзге құлақ салам,
Ардан күсік, ақылдан құры қалма.
Әкең түгіл, арғы атаң айтса дағы,
Білімі жоқ наданың тілін алам!"
Ақынның жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық пен ғылымды меңгеру.
Осы екі жол кісіні қиындықтан құтқарады, надандықтан артылады, адамгершілік
тезге салады. Осыған орай ақын жастарға арнап:
Байладым белді бекем буайын деп.
Жүректі адалдықпен жуайын деп.
Талпынған мақсат іздеп марқұм қалма,
Адамдық ғылым жолынан қуайын деп.
Он үшінші қара сөзінде:
"Иман дерлік илануға екі түрлі нәрсе керек. Әуел не нәрсеге иман
келтірсе соның хақтығына ақылы бірлән дәлек жүргізерлік болып ақылы дәлел
сипат қыларға жараса, мұны якини иман десек керек. Екінші кітаптан оқу
бірән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген
нәрсесіне соншалық бірліктік керек."
"Отыз сегізінші" қара сөзінде:
"Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі
— надандық , екінші — еріншектік, үшінші залымдылық деп білесің.
Надандық – білім-ғылымның жоқтығын, дүниеден еш нәрсені біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік,
ұятсыздық, кедсйлік бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан
бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хибасына қосылады.
Абайдың өсиетті - адамгершілікке, өнер-білімге, әділеттілікке үндейді.
Мазмұны жағынан олар ел тілегі, халық мүддесі, болашақ қамы үшін
айтылған адамгершіл ақыл-гақлия сөздер.
Атамыз Абай мал табуды тек еңбек деп қарастырмай, оны адамгершілікке,
адамның еркіндігіне бастайтын жол екендігін ескертеді:
Қулық, сұмдық, ұрлық пен мал жиылмас. Сұм нәпсін үйір болса тез
тиылмас. Зиян шекпей қалмайсыз ондай беттен, мал кетер, мазақ кетер, ар
бұйырмас,- деп таза адал еңбекті жоғары бағалаған! Еңбектің ролі, байлықтың
көзі адамгершілік жағынан тұтастылығын көрсетеді.
Адамның ішкі жан сырының неше алуан көріністерін еңбектің
оқудың, білімнің, өнердің адамға тән ынсап, рахым, ар-ұят, сабырлық, ой
талаптың ортаға тигізер пайдасы, әсері, ықпалы туралы түбіне жеткізе
айтқан адам Шәкәрім Құдайбердіұлы десек кателеспеген болар едік. Ол:
Ынсап, рақым, ар-ұят ,сабыр, сақтық, талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Сабыр, сақтық, ой талап болмаған жай,
Анық төмен болмай ма хайуаннан
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғамастан,
деп, адамның қоғамдағы орнын жоғары пайымдай отырып, оған көп жүк
артады, мақсат міндет қояды. Олардың орындауына қажетті шарттарды, жолдарды
да нұсқайды. Мысалы : "Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: кірсіз рахым,
мінсіз сөз адал еңбек"! Шәкәрім сол кездегі қазақ даласындағы қоғамдық
саяси және өтіріктен өте сақтаныңдар, ол бұзықтықпен бірге болады да екеуі
де тозақта болады.
Қауіп-қатер көрсеңдер де шындықты іздестіріңдер. Өйткені шындықта құтылу
бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық-педагогикасындағы-имандылық-пен-адамгершілік-тәрбиесі
Тәрбие әдістері арқылы адамгершілік сананы қалыптастыру
Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі. Эссе
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы
Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу
Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы
Бақылау сыныбындағы оқушылардан неге сұрақ қоймайсыңдар
Педагогика – ғылым. Абайдың педагогикалық көзқарастары
Ұстаздық-ағартушылық қызмет
Пәндер