Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Тарау Оқушыларының шығармашылық қабілетін оқыту процесінде дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Оқыту процесінде оқушыларының белсенділігін дамытудың маңызы . . .

1. 2 Оқыту процесінде оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық - педагогикалық негіздері . . .

1. 3 Оқушыларының жеке тұлғалық қалыптасуында және өзін - өзі тәрбиелеудегі оның шығармашылық қабілетін дамытудың орны . . .

2. Оқыту процесінде оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары

2. 1 Баланың тілдік қатысын және шығармашылық қабілетін дамыту техникасы . . .

2. 2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда қолданылатын әдіс - тәсілдері . . .

Оқушыларының шығармашылығын дамытуда жаңа технологиялардың инновациялық орны . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Оқушылардың шығармашылық қабілетін оқыту процесінде дамытудың теориялық негіздері бұл тұжырымдамадағы негізгі мақсат - бастауыш мектепте білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді бірдей қамтамасыз ету болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының бойында оқу қызметін меңгерту олардың шығармашылық қабілетін дамытудың басты бағыты осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында (28. 02. 2007) «Қазақстан - 2030» Стратегиялық бағдарламасын дәйектілікпен жүзеге асыру еліміздің алдағы ілгерілеуі және оның жедел әрі жан - жақты жаңартуының берік негізі қаланғанын айрықша атап өтсе, ал. 2004 жылғы наурызда Қазақстан халқына арналған Жолдауында : «Мектеп жүйесін қалпына келтіруге және толыққанды бастауыш мектепте білім беруді қалыптастыруға кірісу қажет. Қазіргі таңда білім беруді мектептер аясында дамыту қажет» делінген.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін оқыту процесінде дамытудың теориялық негіздері танымдық белсенділікті психологилық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық сапасынын ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінін тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту .

Зерттеудің міндеттері:

1. Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми теориялық негіздерін анықтау.

2. Оқыту процесінде оқушыларының шығармашылық қабілетін даму жолдарын анықтау.

Зерттеудің әдістері: Оқушыларының шығармашылық қабілетін оқыту процесінде дамытудың теориялық негіздерін зерттеуде педагогикалық - психологиялық әдістер әңгіме, сұрақ - жауап, тест әдістерін қолдану. Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың мәнін, мазмұнын анықтауға байланысты психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау.

Теориялық қолданымы: Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі талдауда (Т. И. Шамова, С. Л. Рубинштейн, К. К. Платонов, Э. Г. Юдин, Л. П. Буева, А. Н. Леонтьев. В. П. Зинченко, Л. А. Венгер, А. М. Леушина, А. А. Люблинская, Л. Ф. Обухова, А. В. Запарожец, Н. Н. Подьяков, А. П., Усова, М. И. Лисина, Г. И. Щукина және т. б. ) тұлғалық сапа ретіндегі шығармашылық белсенділігінің ерекшелігін психологиялық, педагогикалық және биологиялық сипатта айқындылығын көрсетті. Биологиялық жағы шығармашылық-танымдық белсенділіктің қалыптасуының мәселелері бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктерін талдаумен байланысты болып келеді.

Практикалық қолданымы: Мектепте мұғалім оқушыларға күшті педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдер көмегімен танымдық белсенділікті қалыптастырады, оқушылардың психикалық: ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді өзіне сенімділікті және ынтықтылықты дамыта отырып, олардың белсенді танымдық іс - әрекет пен шығармашылыққа бой алуын көмектеседі. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі ұстаздардың теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы белсенділік принципін жүзеге асыруға бағытталған оқудың мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін, жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді керек етеді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек оқушыларды оқыту, дамыту, және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының өзіндік танымдық іс - әрекеттеріне қатынасының қалыптсауымен тәуелді болып келеді.

Оқушыларының шығармашылық қабілетін оқыту процесінде дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Оқыту процесінде оқушыларының белсенділігін дамытудың маңызы

Бұл тұжырымдамадағы негізгі мақсат - білім беруді ұлғайту жолымен оқушылардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді бірдей қамтамасыз ету болып табылады. Бастауыш мектеп оқушыларының бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады.

Танымдық белсенділікті психологилық - педагогикалык құбылыс ретінде анықтау, бұл бастауыш сынып кезеніндегі оқушылардың тұлғалық сапасынын ерекшелігіне талдау жасауға, бастауыш сыныпта білім беру мекемелерінін тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі талдауда (Т. И. Шамова, С. Л. Рубинштейн, К. К. Платонов, Э. Г. Юдин, Л. П. Буева, А. Н. Леонтьев. В. П. Зинченко, Л. А. Венгер, А. М. Леушина, А. А. Люблинская, Л. Ф. Обухова, А. В. Запарожец, Н. Н. Подьяков, А. П., Усова, М. И. Лисина, Г. И. Щукина және т. б. ) тұлғалық сапа ретіндегі танымдық белсенділіктің ерекшелігінің психологиялық, педагогикалық және биологиялық сипатта айқындылығын көрсетті.

Биологиялық жағы танымдық белсенділіктің қалыптасуының мәселелері бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктерін талдаумен байланысты болып келеді.

Бастауыш сыныпта морфологиялық - қызметтік даму тән. Ересек адам бастауыш сынып оқушысына күшті педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдер көмегімен танымдық белсенділікті қалыптастырады, балалардың психикалық: ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді өзіне сенімділікті және ынтықтылықты дамыта отырып, олардың белсенді танымдық іс - әрекет пен шығармашылыққа бой алуын көмектеседі. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі ұстаздардың теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы белсенділік принципін жүзеге асыруға бағытталған оқудың мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін, жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді керек етеді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту, және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік танымдық іс - әрекеттеріне қатынасының қалыптсауымен тәуелді болып келеді.

Танымдық белсенділіктің ерекше белгілері мыналар:

бірнеше заттар мен құбылыстарға деген белсенді танымдық қатынас ретіндегі жан - жақтылығы;

құбылыстың тек қана фактісі, қасиеттері мен сапаларына ғана емес сонымен бірге мәні, себебі және өзара байланысына
деген белсенділігімен сипатталатын тереңдігі;

динамикалығы, яғни бұл баланың меңгерген білімі қозғалмалы жүйе түрінде құрылуы және іс - әрекетке қолданылуы, баланың ойлау әрекетінде қызмет атқаратындығы;

әрекеттілігі, яғни бұл баланың меңгерген құбылыстармен танысуға қиыншылықтарға төзуге, мақсатқа жетуде ерік - жігерінің болуына бағытталған баланың белсенді әрекетінде байқалады.

1. 2 Оқыту процесінде оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық - педагогикалық негіздері

Психологиялық жақтағы мәселелерді мына түсінікке негізделеді: танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғышарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты бастауыш сынып балаларының жоғарғы психикалық үрдістерінің қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктерін зерттеу қажет болып табылады.

Қабылдау оқуды қамтитын белсенді үрдіс. Оның негізін сезім мүшелерінің жұмысы құрайды. Қабылдау түсіну синтезінің нәтижесінде елестету мен бұрынғы тәжірибе көмегімен пайда болады. Қабылдаудың мәселесі шетелде және кенестік психологияда да кең түрде зерттелді. Шетелде оны зерттегендер ассоциативтік психология (Д. Селли), гештальт психология (К. Кофка, Т. Фолькельт) және функционалды психология (К. Бюлер, Ж. Пиаже) өкілдері болды. Кеңестік психологтар (Е. Н. Соколов, М. ДДворяшин, Н. А. Кудрявцев, ПА. Шеварев, Р. Иговорова және т. б. ) қабылдау мәселесіне табандылықпен өзгеше ғылыми қортынды жасады. Олардың зерттеулері шындықты бейнелеудің негізгі заңдылықтарын ашу, бастауыш сынып кезеңдегі оқушылардың қабылдауының, дамуының ерекшеліктерін талдау бағытында жүргізілген. Бастауыш сынып оқушысының есін даму проблемасы көптеген кеңестік психологтарды (А. А. Смирнова, П. И. Зинченко, С. Р. Жуйков, Н. И. Мурачков, А. Н. Цынбалюк т. б. ) қызықтырды Л. С. Выготский оқушының есін күрделі іс-әрекет ретінде қарастырып, ол тек баланын үлкендермен қарым-қатынасы кезінде және белсенді ойлау әрекетінде қалыптасады деген. Бұл ойды А. Н. Леонтьев. А. Р. Лурия, Л. В. Занков, т. б. өз зерттеулерінде дамыта түсті. Барлық психикалык танымдык үрдістерін ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Ол басқа танымдық үрдістердің қасиеттері мен сипатын анықтай отырып, олармен бірге жүреді және тығыз байланыста болады. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру - бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Бейнелі ойлау - бастауыш сынып оқушыларының негізгі ойлау түрі. Бастауыш сынып оқушыларының кезеңінде балалар әрекеті тек тікелей тәжірибелік нәтижеге жетуіне бағытталған есептерді шығарады. Бірақта бала күрделенген іс-әрекетінде қимыл нәтижесі жанама түрде болатын және оған жету үшін бірнеше құбылыстардың арасындағы байланысты ескеруді қажет ететін ұмтылыс жасайды. Сөйтіп ойлаудың көрнекі формасының негізінде сөз-логикалық ойлау формасы қалыптасады. Балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру олардың ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызады. Ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін оқушылардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойын-сабақтарды ұйымдастыру қажет. Танымдық үрдістерде бір интеллектуальды іс-әрекетке біріктірілген сыртқы және ішкі әрекеттердің синтезі пайда болады. Қабылдауда бұл синтез перцептивті әрекеттермен көрінеді, зейінде - сыртқы және ішкі жұмыс жоспарын басқару және бақылау іскерлігі, ал материалды есте сақтауға және қайта жанғыртуда оның және ішкі құрылымдарының бірігуі байқалып, бұл тенденшіл ойлауда ерекше айқын көрінеді. Бұл практикалық тапсырмапар мен есеп амалдарын орындап шешуде, көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелік, сөз-логикалық әдістердін бір үрдісте бірігуі ретінде көрінеді. Бұл жерде психиканың дамуы жеке үрдістердің арасындағы байланыстылық пен қасиеттердің артуы ретінде қаралмай сонымен қатар баланың танымдық белсенділігінің сипаттамасын анықтайтын тұрақты ішкі және сыртқы құрылымдарының пайда болуы ретінде қарастырылады.

Танымдық белсенділіктің құрылуы мәселесінің педагогикалық қыры Л. С. Выготский. А. В. Запорожец. А. П. Усова, т. б. зерттеулерімен байланысты. Олардың жұмыстарында баланың айналасындағы адамдармен, сыртқы ортамен көп аспектілі өзара әрекеттестігі кезінде оқушының танымдык белсенділігін өте ерте жастан дамыту керектігі дәлелденген.

Бастауыш сынып кезеңінде танымға деген қызығушылық және сол жаңаны белгісізді білуден туындайтын қанағаттану сезімі пайда болады. Балаларда «Неге? Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтарда көрінетін білімге құштарлық айқын байқалады. Яғни, қоршаған әлем заттары мен құбылыстарының тәуелділігі мен байланыстарының себеп - салдарлығын анықтау және оны жете түсінуінен де көрінеді.

Бастауыш сынып кезеңінде балаларды оқытуды сәйкесінше ұйымдастырған кезде «талдап салыстырмалы қорытынды жасауда жоғары дәрежеге жетеді, шартты схема суреттерді түсінуге, заттардың байланысы мен қатынасын бейнелейтін жалпы білімді игеруге, меңгеруте мүмкіндік алады. (Л. АҮВенгер), оларға зандылық, байланыстылық сипатта көрінетін бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша белгілі-бір жүйедегі білімді меңгеруте жол ашық (А. В. Запорожец, Н. Н. Поддьяков, А. П. Усова) ;

Тек белсенділік қана жеке тұлғанын дамуының факторы және өлшемі болып табылғандыктан, танымдық қабілеттердің құрылуы балалардың жалпы кешенді тіршілік әрекетінің дамуымен заңды түрде байланысты болып келеді. Балалардың аралас білімдерінін, ұғымдарының дамуы мен қарқынды түрде жинақталуы оқыту үрдісінің энергиясы. Балалардың белсенділігі әлсіремесін десек, сабақта алынған жаңа білімге деген қанағаттану сезімі келесі жаңа сабаққа деген аса қызығушылық сезімімен байланыстыра отырып құрастырылуы қажет. 6-7 жастағы балалардың психикалық дамуына айқын сипатталатын ерекшеліктер еспелі еркіндік, ниеттілік психикалық үрдістердің мақсаттылығы, қоршаған әлем шындығын оның көптүрлі көріністерін меңгеруі, таным үрдістерінде еріктін қатысуымен кеңеюі және олардың танымдык іс-әрекеттерін құрайтын негізгі элементтерінің сәйкесінше тез құрылуымен анықталынады.

Бастауыш сыныптағы даярлық оқушыларының психикалық үрдістерін дамыту мәселесі мектептегі және мектептегі мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері мен мұғалімдерінің, әсіресе ойын арқылы игерілетін оқу іс-әрекетіне баса назар аударуды қажет етеді.

Баланың мектепке балабақшадан дайындықпен барғанының артықшылығы білім сапасын арттыруда септігі мол екені өмірде дәлелденді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Жаңа технологияларды пайлану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Орта буын сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz