12 жылдық білім беру үдерісінде тұлғаның өзіндік танымына әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: 12 жылдық білім беру үдерісінде тұлғаның өзіндік танымына әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі .

Ғылыми-технология өркендеп, барынша қанат жайған қазіргі таңдағы білім беру саясатындағы басым бағыт - 12 жылдық білім жүйесіне көшу болып табылады. Білім беру саласын 12 жылдық жүйеге көшірудің басты негізі - жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру, яғни оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлік дағдыны, сондай-ақ білім алудың сан-салалы тәсілдерін, тәжірибеге бағдарланған білім негіздерін меңгеруі.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жеке тұлғаның мүддесін көздеуге, әр тұлғаның зерделі де, саналы тұрғыдан рухани дамуына негізделеді, яғни білім беру ісін ізгілендіру қағидасын ұстанады. Білімді ізгілендіру адамның тұлға ретінде жан-жақты дамуына, еркіндікке, бақытқа, өз қабілетін дамыту мен жүзеге асыру құқығына ие болуға мүмкіндік береді. Жаңа білім беру реформасының мәні мен маңызы азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланып, өз бетінше білім алу мен өмірлік ұстанымдарын тиімді құру, материалдық және моральдық жетістікке жету мүмкіндігін жүзеге асыруға негізделген. Қазіргі таңда жүзеге асырылуға бағытталып жатқан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қәсіптік және білім-біліктік дағдыны үйлесімді қалыптастыруға бағытталған. Аталмыш білім беру үдерісі ХХІ ғасыр азаматтарын шығармашылыққа баулып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға баулиды. Ал кез келген ортада бәсеке қабілетті болып жетілудің басты шарты білім көзіне негізделетіні анық. Бұл орайда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек»1[2], - деген сөзін басшылыққа алған жөн.

Осы тұрғыда қоғамдық даму нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын, нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына максат қоя отырып, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін, өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, оз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірбие жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.

Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет.

Зерттеу өзектілігі жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Адам-бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға-бұл сол адам, бірақ тек қана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырды.

Тұлға ұғымы "индивид", "адам" ұғымдарымен салыстырғанда анықталады. "Адам" ұғымы барлык адамдарға тән қасиеттер мен кабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамның жануардан, өсімдіктерден, машинадан айырмасын атап керсетеді. Хомо Сапиенс - ақылды адам - тарихи дамудың барлык сатысындағы, жер шарының барлық нүктелеріндегі адам дегенді білдіреді. Индивид - ол адамзаттың жекелеген (бірлі-жарым, дара) өкілі, адамның ақыл, epiк, қажеттілік, көзқарас, т. б. барлық әлеуметтік және психологиялық сипаттарының нақты таратушысы. "

Тұлға - бұл адамнын қоғамдық бет пepдeci. Tұлғa - бұл индивиттің дамуының қорытындысы, жемісі, оның аталған қоғамдық жағдайлардағы көрінici. Егер жана туған жас егіз баланы алып, оларды әр түрлі жағдайларда, бipiн Африка, Қытайға, 6ipiн Еуропа, не Америкада өcipce, онда бұндай бірдей индивидтерден әр турлі тұлғалар өcіп шығады (калыптасады) .

Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады. Жаңа туылған жас нәресте - адам, бipaқ жеке тұлға емес. Ол өзінің ic-әрекеті үшін әлі жауап бере алмайды. Онда ешқандай ұғым жоқ. Сәбидің тұлғаға айналуы дегеніміз- ол мүмкіндіктің шындыққа айналуы. Тұлғаның қалыптасуында басты орын алатын не нәрсе: тұкым қуалаушылык па, тәрбие ме? Психологтар мен педагогтар бұл мәселе туралы айтысуда. Keйбip зерттеушілер барлығы тәрбиеден деп есептейді. "Жаман оқушы жок, жаман оқытушылар бар", - дейді олар. Екіншілері, керсінше, тya біткен касиеттерге мән береді. Осы мәселелерді басты назарға ала отырып, диплом жұмысымның тақырыбын «Бүгінгі қоғамдағы жеке тұлғаны қалыптастырудың психологиялық шарттары» деп таңдадық.

Диплом жұмысының мақсаты: Бүгінгі қоғамдағы жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторларды анықтау және жеке тұлғаның дамуы мен қарым-қатынасының өзара бірлігін ашып көрсету.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • еке тұлғаның даму ұғымдарын теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу;

-Жеке тұлғаның дамуына жасқа байланысты қарым-қатынасты салыстыра зерттеу;

Әр жас кезеңіндегі жеке тұлғаның дамуы мен қарым-қатынасын зерттеу;

Психологиялық сауалнамалар арқылы жеткіншек кезеңіндегі балалардың тұлғалық дамуын анықтау.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі: Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет және жеткіншек жастағы балалар.

Зерттеу пәні: Мектеп психологының жеткіншек жастағы балаларға психологиялық қызмет көрсету мазмұны және жеке тұлғалық дамуы.

Диплом жұмысының әдістері мен әдістемелері: Зерттеу жұмысында болжамды дәлелдеп шығу мен қойылған мақсат-міндеттерді шешуге арналған әдістемелер жиынтығы қолданылады. Олар: Тұлғааралық қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған Т. Лири тесті, Жеке тұлғаның типологиялық мінездемесін анықтауға арналған Собчик әдістемесі, Жеке тұлға психологиялық даму деңгейін психодиагностикалау

Диплом жұмысының практикалық құндылығы: Ұсынылған дипломдық зерттеу жұмысы практикалық психологияның ерекше бір қолданбалы саласы ретінде практик - психологтардың, педагогтардың, жалпы әлеуметтік сфераға қоғамдық институттардың жүзеге асуында ерекше рөл алатын құндылығымен дараланады. Нарықтық қатынастар заманында түрлі инновациялық өзгерістерге бейімделу қазіргі заман талабы. Дегенмен, өмір көшінен қалмау, озық психотехнологияларды қолдануға басшылық етуде таптырмас практикалық нұсқау ретінде бағалы еңбек болып табылады.

Диплом жұмысының базасы:

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Бүгінгі қоғамдағы жеке тұлғаны қалыптастырудың теориялық мәселелері

1. 1 Жеке тұлғаға қойылатын талаптың зерттелуіне тарихи шолу

Әрбір есі кіріп, етек жапқан адам - белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі, өзіне тән жеке-дара өзгешеліктері (мінез, темперамент, қабілет, қызығу) өзгешеліктері болады. Жаңа туған бала, есі кіресілі-шығасылы, жүйкесі ауру кісі, ойын баласы жеке адам атқа ие бола алмайды. Өйткені онда өзіндік сана, жеке тәжірибе, тиянақты білім, нақты әрекет түрі жөнді байқалмайды. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүние танымы мен сенімінен, талғам-мұраты, ұстанған бағыт-бағдарынан, өмірдегі атқаратын ролінен, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам тарихи-әлеуметтік, қоғамдық прогрестің туындысы. Жеке адамнын. әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүретін ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, идеологиялық) тәуелді. Оның жеке-дара қасиеттері бірсыдырғы тұрлаулы және тұрақты келеді. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түсіп отырады. Жеке-дара қасиеттердін дамып, қалыптасуында оку-тәрбие процесі шешуші роль атқарады . . .

Адам бала күнінде тысқы ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған нәрселерді ғана танумен болады. Есі әбден кіргенше өзгеден өзін айырмайды. Өзгенің істегенін істеп, дегенімен болады. Есейген сайын өзінің өзгеден басқалығын біліп, өзіне ұнағанын істеп, ұнамағанын істемей, қиықтық шығара бастайды. Ер жеткен сайын дүниенің ісіне өзінше сүйініп, өзінше күйініп, өзінше жол тұтып, өзінше өміріне жол белгілеп, жақсылық, жамандыққа өз көзімен қарап, өзінше сынап, өзінше бағалап, өзінше пікірлейтін болады. Өз алдыма мұңы, мұраты, мақсаты, мүддесі болып, сол мұрат мақсатына жету талабына кіріскан жерде тысқы ғаламға тиісті жердің шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғалам екеуі. кездеседі. Сонда ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей, екеуі ілінісіп ұстаса кетеді.

Задында, тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды; кеңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы да тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы ғамалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады. Біреу жер жүзін өзіне Қарату, бағындыру талабында болады, біреу дүниеге атағын жаю талабында болады, біреу дүниенің сырын танып, адамның көзін ашып, білімін арттыру талабында болып, сонымен өмірін өткізеді. Біреу адам баласын теңгеріп, арасына әділдік орнатып, дүниеден жұмақ жасау талабында болып, өмірін сонымен өткізеді Негізінде тілеусіз, мақсатсыз адам жоқ.

Жеке адам деп әдетте нақты адамды, сол берілген қоғамның мүшесін айтады. Жеке адам болу үшін адам психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне жетуі және өзінің өзге адамдардан айырмасы бар екенін, бөлінбейтін бір тұтас екенін білетіндей жағдайда болуы тиіс. Немесе басқаша айтқанда жеке адам деп қоғамда белгілі бір мақсат қойып, сол мақсатты іске асыру жолында күресе алатын және қоғамға белгілі бір пайда келтіретін адамды айтамыз.

Педагогикалық еңбектерде жеке адам түсінігіне «Оның қоғамдық сипатын, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді». -деп анықтама береді.

Жеке адам белгілі бір көзқарастары мен қарым-қатынастарының болуымен, белсенділік дәрежесімен, басқа да қасиеттермен сипатталады.

Жеке адам түсінігі қашан да педагог ғалымдарды, ағартушылар мен ойшылдарды ойландырып келген. Адамның адамдығын білдіретін қасиеттер қандай болуы керектігі және. т. б. сұрақтар қарастырып келді.

Күллі көркем әдебиеттің басты тақырыбы адам десек, Абай шығармашылығыныңда өзегі, арнасы адам "Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын" деп, адам атына терең мән беріп, жоғары талап қойған Абай өз шығармаларында адамның жаратылысы мен өсіп-жетілуін, адам болу жолы мен адамдықтан шығаратын жаман істерді атап көрсетеді. Сөйтіп, өз халқының бала тәрбиесіндегі қателіктерін аша отырып, баланы шын мәнінде Адам болу үшін қалай тәрбиелеу керектігін, қандай мақсаттар қою керектігін ө леңдерін мен карасөздерінде жан-жақгы ашып көрсетіп отырған. Одан әрі данышпан акын адамның "Толық адам" болу мәселесін алдыға тартып, шығармаларында оған бұл өзекті ойын гуманистік тұрғыдан күллі адамзаттық деңгейге көтереді.

Абай адам және оның қасиеттері жайлы ой-толғамдарында өз замандастарының көңіліне симаған оғаш қылықтары мен жағымсыз мінез-құлыктарын сынап, "Жақсы адам деп кімді айтамыз, жаман адам деп кімді айтамыз?" деген, бір қарағанда оңай көрінетін, шын мәнінде аса күрделі сұрақты батыл қояды. Сөйтіп жақсы мен жаманға замандастарының көзін жеткізбек болып, сөзіне "Құлағын салмаған, тілін алмаған, көп наданнан" түңілсе де, жыл өткен сайын шығармаларында "Адам" ұғымына біртіндеп бойлай берген.

Абай ақындыққа ден қойып, ел жайында жазған өлеңдерінде жақсы адамды ақылға еретін, бойын билеп, адам еңбек ететін «Ер кісі», қара қылды қырыққа бөлетін, әр нәрсеге өзіндей баға беретін «Ақылды адам»бейнесінде, ары бар, ұяты бар «Үлкен адам» тұлғасында, елдің бұзылғанына қайғырып, қапа болып жүрген «Періште» кейіпінде, баптап салса, алмайтыны жоқ «Қыран бүркіт» тұлғасында береді. Ал жаман адамды :адам еңбек етпейтін, ұрлық, қулық қылғанына мақтанып, көлбек қаққан «Жамандар», арам ақылды құлағына ілген көп пен дүрмектің ықпалымен жүретін «Надан», шынға сенбей, жоққа сенетін «Ақылсыз», терін сатпай, телміріп, көзін сатқан сұрамшақ «Алдармандар», шаруаға олақ, сырын түземей сыртын түзегіш «Сидаң жігіт, сабырсыз, арсыз. Еріншек, көрсеқызар «Жалмауыздар, мени «Қарғалар» бейнесін берген.

Жақсылар аз, онымен жағаласқан ақымақтар аяқ алып жүргісіз болған елінің жайы қабырғасына батқан Абай «Ғылым таппай, мақтанбай »деген өлеңінде үлкен әріппен жазылған «Адам болу» мәселесін көтереді. Абай адам болып жаратылған соң шын мәнінде Адам болу үшін ғылым тап дейді. Ғылымды бүкіл азаматтың болашағы деп біледі. 10-қара сөзінде «сен малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын, Ғылымсыз ақырет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды» деп ғылымды бәрінен де жоғары қояды. Әсіресе ғылым-білімнен мақрұм қалған халқына оның ауадай қажет екенін баса айтқан. Ал баланы қашан Адам болды деп есептеуге болады деген сұраққа 38- сөзінде: «Қашан бір бала ғылым білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады»-деп, баланың ғылымға деген махаббатының оянуы оның адам болуының бірінші шарты деп қараған. Баланың ғылымға махаббатын қоятатын не дегенде, ол жақсы ата-ана, жақсы құрбының ықпалымен болатынын айтады.

Абай жақсы ұстаз «Ғылым табу» мен «Адам болу» бір-бірімен ұштасқан: Ғылым таппай, мақтанбай. Адам болам десеңіз, - болып келеді де, ғылым тауып, Адам болу үшін не істеу керек дегенде,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз

Өтірік, өсек, мақтаншақ,

Еріншек бекер малшпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рахым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз, -деп

Абай адам болу қағидасын ұсынады:

Адам болам десеңіз, Бес нәрсеге асық бол:

Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рахым -бұл- Бес асыл іс.

Бес нәрседен қашық бол: Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ- Бес дұшпан.

«Бес дұшпанға» бой алдырған өз замандастарының қылықтарын Дос жылатып айтады дегенде, жеріне жеткізіп, сүйгеніне өткізіп айтып, адам болғысы келген адамның асық болар «Бес асыл ісін» өсиет етеді.

Абай адамды адамға істеген жақсылығына қамқорлығына, мейрім-шапағатына қарай бағалаған. Талап, еңбек, терең оймен табылған дүние, меңгерілген білім адамның өзі үшін ғана болса, адамшылдықтың орны болмайды екен.

«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылдықтың қарызына еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың»-дейді 37-сөзінде.

Сонда Абай Адам, Адам болған Адам деп ғылымды меңгерген, білімін халықтың игілігіне жұмсайтын адамды айтқан.

"Толық Адам" болу мәселесі Абай адамның Адам болу мәсслесімен шектелмей, адамтану жайьндағы ойын одан әрі дамытып, тереңдете берді. Ойшыл ақынды көп толғандырған ендігі бір мәселе - адамның барлық жағынан жан-жақты жетіліп, "Толық адам" болу мәселесі. Арғы-бергі ойшылдардың еңбектерін оқып, өзіндік танымы негізінде ой қорытқан Абай адам толық адам болу үшін адам бойыңдағы ең негізгі қасиеттер -« қайрат, ақыл, жүрек» тең болу қажет деген тоқтамға келеді. Адамның бойындағы басты қасиеттер: қайрат, ақыл, жүрек жайыңдағы ой сабақтастығы Абайда өзінің ақынмын деп таныған кезде туған : шығармаларынан бастап, ішінара айтылып, біртіндеп жүйеленеді.

Адамның бойындағы басты қасиеттер: ақыл, қайрат, жүрекке сипаттама беріп, "Толық адам"; туралы танымын негіздеген алғашқы шығамасы - 1889 жылы жазылған "Әуелде бір суық ; мұз - ақыл зерек" өлең. Бұл - терең ойшылдың "Толық адам" туралы көп жылға ой қорытындысынан туған өлең. Өлеңнің алғашқы шумағында Абай ақыл, жүрек, қайраттың ең негізгі белгілерін ашқан:

Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулық, талапты, шыдамдылық - Бұл қайраттан шығады, білсең керек, - деп ойшыл ақын ақылдың суық, әрі зерек екенін, жүректің адамның тұла бойына жылу беріп тұратын қызметін сипаттап, өзіндік терең танымын ақындық тезіне салып айта білген. Бір сөзді де бекер қолданбайтын Абай ақылға суық, жүрекке ыстық анықгаушыларын қолданған екен, оның терең мәні бар, оның мәні бұдан кейінгі туындыларда ашылады. Алдыңғы шумақта ақын, қайрат, жүректі тең ұстасаң ғана "Толық адам" боласың деген ойын одан әрі: "Біреуінің күні жоқ біреуінсіз" деп шегеледі. Үшеуі бір-бірімен байланысты: бірінің ықпалымен екіншісі өсіп жетіледі, ал үшеуінің сыр-сипатын, "Толық адам" болуда атқаратын қызметтерін, әрқайсысының, өзіндік орнын анықтайтын ғылым деп ғылымға сілтеме жасайды.

Абай бұл өлеңінде айтылған түйінді ойларын 17-сөзіңде кайрат, ақыл, жүректің өзара диалог-айтысы ретіңде беріп, қарапайым тілмен қалың окушысына ұғындыруды мақсат еткен. Бұл сөзде адамның бойындағы қасиеттерге жан-жақты сипаттама беріледі,

Асқан гуманист Абай "Толы қадам" болудағы "үш касиеттің" ішінде жүректі шешуші орынға қойған. Себебі қайрат пен ақыл кейде жақсылықты, кейде жамаңдықты берік ұстап кетеді екен. Ал жүрек жамандыққа баспай, тек жақсы- лық, ізгілік, әділет жолына тартады. "Толық Адам" болу үціін "Осы үшеуін басынды қос, оның ішінде жүрекке билет . . . - осы үшеуің бір кісіден менің айтқанымдай табылсандар, табанының топырағы көзге сүртерлік адам - сол, үшеуің ала болсаң, жүректі жоқтадым", - деп, ғылым төрелік айтады. Мұнда ғылымның атынан төрелік айтып отырған Абайдың өзі деп білуміз керек.

Бірақ, «Толық адам» болу адамның өзі қолы жеткен жақсылығымен, адамзаттың игілігіне еткен қызметімен өлшенеді. Сондықтан:

Әділет, шапқан кімде бар,

Сол жарасар туғанға, -дейді.

Бұл жолдарда асқан адамгершілік пен үлкен жүректен жарып шыққан гуманизм жатыр. Қайрат пен ақылдың бәріне жол табатыны жөн-ақ дейді Абай. 1886 жылы жазылған «Малға достың мұңы тоқ малдан басқа» деп басталған өлеңнің:

Үш-ақ адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, -деген жолдармен түйіндейді. Бұл Абайдың Толық адам жайындағы көп жылғы ізденісі мен толғанысының түйіні. Мұндағы: Ыстық қайрат-жамандыққа, зұлымдыққа бастайтын, жүректің шапағатына шарпылған, ізгілік жолына түскен, жалындаған қайрат, нұрлы тақылымыз өз пайдасы үшін басқаны құрбан қылатын айла мен амалдың жолына түскен, жүректің ырқынан шығып кеткен суық ақыл емес, жылы жүректің қалауымен ар, ұят, адамгершілікті жақтайтын ақыл. Ал жылы жүрегіміз өмірдің ыстық, шуағында бір ысып, бір күйсе де өзінің жылылығынан арылмаған, айнасын кірлетпеген, рахым, шапағат төгіп тұрған мейірімді. махаббатқа толы жүрек.

Абай шығармаларында негізделген адамның бойындағы "Үш қасиет" пен "Бес асыл іс" өзара байланысты. "Бес асыл іс" "Үш қасиеттен" шығады.

Оны мына схемадан білуге болады:

Талап Толық

Терең ой Қайрат адам Ақыл білім

Еңбек

Жүрек

Әділет

Рахым Шапағат Махаббат Қанағат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Ағылшын тілі әдістемесі
Жекелік айырмашылықтар ұғымы
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Педагогикалық психологияның негізгі теориялары
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz