Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясының жетістіктері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс «Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясының жетістіктері» тақырыбында орындалған.

Селекцияға жалпы сипаттама берілді. Өсімдіктер, жануар және микроорганимдер селекциясы зерттелді. Олардың жетістіктеріне талдау жасалды.

Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 3 сурет, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 36 беттен тұрады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: І НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
3: 4
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Селекция туралы жалпы түсінік . . .
3: 4
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Өсімдіктер селекциясы . . .
3: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Жануар селекциясы . . .
3: 11
КІРІСПЕ . . .: 1. 4 Микроорганизмдер селекциясы . . .
3: 13
КІРІСПЕ . . .: 1. 5 Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясының жетістіктері . . .
3: 15
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 35
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 36

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Селекция (латын тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым. Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми-теориялық негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.

Өсімдіктер селекциясы егін шаруашылығымен бір мезгілде пайда болып, онымен бірге дамып келеді. Н. И. Вавилов атап көрсеткендей, егіншілік пен өсімдіктер мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен қатар дамыды. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару әдісінің тарихында 4 кезеңді бөліп көрсетуге болады: қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция. Байырғы халықтардың қарапайым селекциясы.

Курстық жұмыстың мақсаты: Селекцияға жалпы сипаттама беру, өсімдіктер, жануар және микроорганимдер селекциясын зерттеу, олардың жетістіктеріне талдау жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Селекцияға жалпы сипаттама беру;
  • Өсімдіктер, жануар және микроорганимдер селекциясын зерттеу;
  • Олардың жетістіктеріне талдау жасау;

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Селекция туралы жалпы түсінік

Генетика-селекцияның теориялық негізі болып табылады. Солай бола тұра селекция жеке ғылым болғандықтан, оның өзіндік міндеттері мен мақсаттары және зерттеу әдістері бар.

Селекция латынша “selektio”-сұрыптау деген мағынаны береді (1-сурет) . Бірақ оның міні тек сұрыптаумен шектелмейді. Селекцияның міндеті-жануарлардың тұқымдарын, өсімдіктердің жоғары өнімді сорттарын, микроорганизмдердің штамдарын шығару және үй жануарларымен мәдени өсімдіктердің эволюциялық заңдылықтарын зерттеу. Селекциямен адамзат өте ерте заманнан бері айналысып келеді. Адам жабайы жануарлар мен өсімдіктерді қолға үйретіп, өсіріп, өз қажеттілігіне пайдаланып отырған. Алайда селекция ғылымы ретінде кейінірек қалыптасты. Селекция теориясы Ч. Дарвиннің эволюциялық теорисына байланысты тез дами бастады.

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=5db3dab983e2729da26dbe4d8f299d16&n=33&h=215&w=267

1-сурет. Селекция

Дүние жүзі бойынша көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда селекциямен шұғылданатын көптеген ғылыми-зерттеу институттары, селекция-лық станциялар және т. б. мекемелер бар. Олар жоспарлы түрде мал тұқымдары мен өсімдік сроттарын жаңартумен шұғылданады. Біздің елімізде дәнді дақылдар, көкөністер техникалық дақылдар және жеміс жидектердің жүздеген сорттары шығарылған. Сонымен қатар ірі қараның: алатау, қазақтың ақ бас сиыры, қырдың қызыл сиыры, қойдың: арқар-меринос, еділбай, басқарағай мериносы, жылқының: қостанай дегерес және т. б. тұқымдары бар [1, 48б. ]

Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайда бейімделген жоғары өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігі 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады.

Селекция (латын тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым. Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми-теориялық негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.

Селекция ғылымының даму кезеңдері

Өсімдіктер селекциясы егін шаруашылығымен бір мезгілде пайда болып, онымен бірге дамып келеді. Н. И. Вавилов атап көрсеткендей, егіншілік пен өсімдіктер мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен қатар дамыды. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару әдісінің тарихында 4 кезеңді бөліп көрсетуге болады: қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция. Байырғы халықтардың қарапайым селекциясы. Ертеи замандарда адамдар өсімдіктерді егіп, өсіруді үйренгеннен кейін, оларды сұрыптап, тұқымын көбейте бастаудың қажеттігі туды. Егіншілік мәдениеті пайда болған алғашқы кезде-ақ жұпыны, қарапайым селекция түрлерін пайдаланған. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Қолдан сұрыптауды бірте-бірте жетілдіре отырып, осы заманғы мәдени өсімдіктердің түрлері жасалды. Ертедегі адамдардың тұрғын жайларын қазу кезіндебайқалғандай, өсімдіктердің көпшілігі тас ғасыры дәуірінде өсірілген немесе шамамен біздің дәуірімізден 10 мың жыл бұрын пайдаланған. Соңғы жылдары Мысырда жүргізілген қазба жұмысы кезінде жер астында 17 мың жыл сақталған арпа тұқымы табылған. Халықтық селекция. Егіншіліктің дамуы мен мәдениеттің өркендеуіне байланысты қолдан сұрыптау бірте-бірте жетілдіре түсті. Сорттардың көпшілігі қолдан және жасанды сұрыптау әдістерімен шығарылғандықтан, ауа райының қолайсыз жағдайларына жақсы бейімделген. Жергілікті сорттар өзінің маңыздылығы және бағалылығы жағынан біздің еліміздегі селекциялық сорттармен теңесе алады. Олар селенкцияның алатын қоры болып табылады. Өнеркәсіптік селекция. Селекцияның даму кезеңдері қоғамдағы өндірістік күштердің дамуымен тікелей байланысты. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында капитализмнің даму кезеңінің басталуына байланысты селекциялық тәжірибе үлкен қарқын алды. Еуропа мен Америкада өнеркәсіптік тұқым фирмалары және ірі селекциялық-тұқымдық кәсіпорындар құрыла бастады [10, 96б. ]

Ғылыми селекция

Селекцияның ғылым ретіндегі дамуына XVIII- XIX ғасыр аралығындағы ғалымдар: Найт, Бербанк, Мендель, Римпау және бәрінен бұрын Дарвин еңбектерінің маңызы зор болды. Ч. Дарвиннің ілімі ғылыми селекцияның дамуында шешуші рөл атқарды, ол ұсынған органикалықдүниенің эволюциясы туралы ілім селекцияның ғылыми базасы және оның алғашқы негізі болып қаланды. Селекция туралы ғылым эволюциялық ілімге негізделген. Н. И. Вавилов еңбектерінде көрсетілгендей, селекция дегеніміз - өсімдіктер мен жануарлардың қалыптастыруға адамның араласуы болып табылады.

Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері

Селекциялық материал деп - барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған белгілер мен сорттарды айтады. Әрбір алынған және өндіріске ендірілген жаңа сорттар жыл сайын жоғары өнім беріп, сапасы жақсы болу үшін, селекциялық материалдарды мынадай негізгі көрсеткіштері бойынша бағалайды: 1. өнімділігі; 2. қолайсыз климат жағдайына төзімділігі; 3. ауруға төзімділігі; 4. егу, күту, жинау жұмыстарында техниканы пайдалануға бейімділігі; 5. сапасы; Селекциялық материалдарды сынаған кезде жан - жақты, дәлдік және бағаны тез уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады. Оларды әр түрлі белгілері және қолайсыз жағдайларға төзімділік дәрежесі бойынша бағалағанда, әдетте бес баллдық көрсеткішті қолданады. Соңғы кездері селекционерлер тоғыз баллдық жүйені де пайдалануда. Бұл жүйе халықаралық жүйе болып табылады.

Өнімділігін бағалау

Өнімділік - бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім. Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі көрсеткішке байланысты анықталады. Олар: өнімділігі және өсімдіктің орташа саны. Қысқа төзімділігін бағалау. Күздік дақылдардың қысқа төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне байланысты болады. Қысқа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Қыстап шығуды көз жобасымен анықтау. Ол үшін көктемде, яғни өсімдіктер өсіп жетілгенде, әр қайсысын қарастыру арқылы бес баллдық жағдайда бағалайды. Күздік бидайдың қысқа төзімділігін 9 баллмен бағалайды [4, 36б. ]

Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау

Құрғақшылық біздің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары олар үлкен жер көлемін алып, барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді. Құрғақшылықпен күресудің бірден - бір жолы - бұған төзімді сорттар егу болып табылады. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз - олардың жоғары температурада, ауаның төменгі ылғалдылығында топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз бойындағы суды дұрыс пайдалану арқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі.

Ауруға төзімділігін бағалау

Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың маңызы өте зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбіне оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Тат ауруына төзімділігін бағалау. Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі өте қатты байқалса, сорттың төзімділігін оның шалдығу дәрәжесі бойынша егі алқабында анықтауға болады.

Зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау

Өсімдіктің зиянкестерге төзімділігі дегеніміз - оның жәндіктермен зақымданған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбау қасиеті. Ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрлі сорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты: 1. Анатомиялық - морфологиялық ерекшеліктері. 2. Өсіп-жетілу ерекшелігі. 3. Сорттардың зақымдалған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкідігі. 4. Өсімдіктердің тканьдері мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі. Жатып қалуға төзімділігін бағалау. Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механикалық жолмен жинауды қиындатумен қатар, көптеген шығынға ұшыратады. Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылыды. Дәнді - дақылдардың жатып қалуын екіге бөледі: 1. Дақылдардың сабақтан жатып қалуы; 2. Тамыр түбінен жатып қалуы;

Селекциялық процестің техникасы және оны ұйымдастыру

Жаңа сорттар шығару процесі ерекше селекциялық әдістерді қолданумен және өнімді ету, күту, бақылау, жинау кезінде бір сыпыра техникалық тәсілдерді пайдаланумен байланысты мәселелердің үлкен жиынтығын қамтиды. Бұған сондай-ақ учаскені таңдау және оны селекциялық жұмыстарға дайындау, сорттар мен селекциялық нөмірлерді сынау және оларды көбейту, алынған мәлметтерді жөнлеу т. б. жұмыстарды белгіленген схема бойынша ұйымдастыру мен іске асыру мәселелері кіреді. Селекциялық процесс сорт шығарумен аяқталады. Сорттар мен селекциялық материалдарды сынау кезінде олар үшін барлық агротехникалық жағдайлар бірдей болуы тиіс. Мөлдектердің көлемі мен мүсіні туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ мөлдектің көлемі кішігірім болып қайталымы көп болған дұрыс. Себебі топырақтың шұбарлық әсері де аз болады. Егер мөлдек ұзартылған және ені тарлау болса солғұрлым салыстыру қажеттері азайып, нақтылығы артады.

1. 2 Өсімдіктер селекциясы

Өсімдік селекциясы (лат. selectіo - таңдау, сұрыптау) - ауыл шаруашылықтың өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибридтерін шығаратын және бұларды шығару әдістерін зерттейтін ғылым, өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым (2-сурет) . Өсімдік селекциясы ғылым ретінде агрономия ғылымы саласына жатады, бірақ егіншілікке, агрохимия, өсімдік өсіруге қарағанда селекция ғылымы өсімдіктің өз табиғатына әсер ету жолдарын іздеп, тұқым қуу қасиетін қажет бағытқа өзгертуді көздейді. Сондықтан өсімдік селекциясының теориялық негізі - генетика. Өсімдік селекциясы ботаника, цитология, өсімдік физиологиясы, өсімдік өсіру, экология т. б. ғылымдар мен тығыз байланысты. Өсімдік селекциясы жұмыстары нәтижесінде шығарылған жаңа сорттарды өндіріске енгізу - алғашқы шыққан өндірісі өнімін арттырудың ең бір тиімді әдісі.

http://mypresentation.ru/documents/b767d0b5f64901dcf432b7d46b4dc774/img23.jpg

2-сурет. Өсімдік селекциясы

Өсімдік селекциясы тарихи адамның егіншілікпен айналасуынан басталады. Селекцияның қарапайым түрі ерте заманда-ақ ірі дәнді келесі жылы себуге қалдырып отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттардың маңызы әлі күнге дейін орасан зор. Өсімдік селекциясы дамуына Батыс Еуропа елдері селекционер-практиктері 1774 жылы Париж маңында құралған Вильмонер селекция фирмасы жұмыстарының қорытындысы, Ч. Дарвинның «Түрлердің пайда болуы» деген еңбегі, К. А. Тимирязевтің тұқым қуу және өзгергіштік туралы ілімі, И. В. Мичуриннің сұрыптау нәтижесінде жемістердің жаңа сорттарын шығару жұмыстары үлкен әсер етті. КСРО-да өсімдік селекциясы алым ретінде 19 ғ. аяғы мен 20 ғ-дың басында қалыптаса бастады. Ең алғашқы ғылыми мекеме 1885 жылы Полтавада құрылды. 1903 жылғы Мәскеу құрамында селекциялық арнаулық тәжірибе станциясы құрылып, дәнді дақылдар мен зығырдың алғашқы жаңа сорттары шығарылған. 1909жылы Харьковте т. б. қалаларда тәжірибе станциялар құрылды. 1921 жылы В. И. Ленин қол қойған «Тұқым туралы» декрет шықты, бұл селекция, тұқым мәселелерімен айналысатын мекемелер жұмысының негізіне алынды. 1924 жылы Бүкілодақтық ботаника және жаңа екпе дақылдар интернаты құрылып, ол 1930 жылы Бүкілодақтық өсімдік өсіру интернатына айналды. Бұл интернатты ұзақ уақыт Н. И. Вавилов басқарып, өсімдік селекциясының теориялық негізін құрды және елімізде тәжірибе-селекция жұмысын ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді. П. П. Лукьяненконың басшылығымен Краснодар ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында күздік бидайдың жоғары өнімді «Безостая-1», «Аврора» және «Кавказ» деген сорттары шығарылады. Бұлар бұрынғы аудандастырылған (12-18 ц өнім беретін) сорттарға қарағанда гектарынан 60-70 ц өнім береді [14, 144б. ]

Қазақстанда өсімдіктер селекциясы' саласындағы жүйелі зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдары басталды, қазіргі уақытта Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, т. б. бірқатар ауыл шаруашылығы институттары, облыс ауыл шаруашылығы және селекциялық тәжірибе станциялары шұғылданады. Өсімдік сорттары мен гибридтерін шығарудағы негізгі мақсат - өсімдіктің өнімділігін, аязға, қуаңшылыққа төзімділігін арттырып, аурулар мен зиянкестерге қарсы тұру қабілетін күшейту, т. б. Қазіргі кезде жеміс-жидектің, дәнді дақылдардың, картоптың, көкөніс-бақша дақылдарының, т. б. бірнеше сорттары.

Өсімдіктің жоғары өнімді түрлерін, жануалардың тиімді тұқымдардың немесе микроорганиздердің штамдарын сұрыптай отырып, олардың бұрынғы жабайы тектеріне тән генотиптерін өзгертуге болады. Ч. Дарвин қалыптастырған сұрыптау туралы генетикадағы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтары селекцияның теориялық негізін құрайды. Өсімдіктердің сорттары мен жануарлардың тұқымдарында пайда болған тұқым қуалайтын өзгергіштік сұрыптау үшін негізігі қажетті материал болып есептеледі. Өсімдіктер селекциясында сұрыптау, будандастыру экспериметтік мутагенез сияқты әдістер қолданылады.

Сұрыптау. Өсімдіктердің көбеюіндегі тозаңдану жолдарына қарай сұраптау: жаппай және жеке сұрыптау болып екіге бөлінеді.

Жаппай сұрыптауда бастапқы материалдан селекция үшін тиімді белгі қасиеттері бар даралардың тобы бөлініп алынады. Жаппай сұрыптау көбінесе айқас тозаңданатын өсімдіктерде жүргізіледі.

Жеке сұрыптау әдісімен адам үшін қажетті белгі-қасиеттері бар жеке дараларды іріктеп, әрі қарай ұрпақ алынады. Бұл әдіс көбінесе өздігінен тозаңданатын өсімдіктер, мысалы арпа, сұлы т. б. үшін өте қолайлы.

Гетерозис құбылысы. Атап көрсетілгендей гентикалық тұрғыда бір-бірінен алыстаутұрған организмдерді будандастырғанда алынатын гибрид ұрпақтың тіршілік қабілеті жорғары, өсу қабілеті күшті болып келеді. Мұндай құбылысты ең алғаш 1914 жылы америкалық генетик Дж. Шелл жүгері өсімдігінен байқап, оны гетерозис деп атады. Гетерозис барлық тірі органимзмдерге тән құбылыс, яғни жануарларды өсімдіктер мен микроорганизмдерде кездеседі. Гетерозис кезінде будан зат алмасу қарқынды жоғарылап, соған сәйкес өнімі молаяды [15, 174б. ]

Өсімдіктер селекциясындағы қол жеткен табыстар. Қоғамның өндіргіш күштерін арттырып, эконоимканы нығайтуда сұрыпталу жұмыстарының маңызы зор. Бұл тұрғыда, әлемдік селекцияда көптеген қол жеткізген табыстар бар. Соның ішінде орсы селекционері И. ВМичуринді ерекше атауға болады. Сонымен қатар орыс селекциоенері В. С. Пустовойт күмбағыстың майлы сорттарын, П. П. Лукьяненко бидайдың гектарына 50центнерге дейін өнім беретін Безостоя-1 сортын, В. Н. Ремесло мол өнімді Мироновская-264, 208 және т. б. сорттарын алды. Селекционерлер-А. П. Шехурдин мен В. Н. Маманов шығарған жаздық бидайдың Саратов-29 сорты жоғары сапалылығымен еркешеленеді.

Қазақстанды өсімдіктер селекциясының дамуына академиктер-Ғ. З. Бияшев, В. П. Кузьмин, Р. А. Оразалиев, І. Әбуғалиев, А. Ғаббасов, Н. Л. Удольская және т. б. зор үлес қосты. Елімізде шығарылған сорттардың ішінде күздік бидайдың Красноводопад-210 сортын ерекше атауға болады. Бұл сорт Орта Азияның тәлімі жерлеріне арналған, құрғақшылыққа төзімді, сабағы жапырылмайды, дәні төгілмейді, түсімі жөнінен Безостая-1 сортынан кем емес. Сол сияқты Қарағанды тәжірибе станциясында шығарылған жаздық бидайдың Қызылбас сортының технологиялық сапасы жоғары.

Өсімдік селекциясы - алғашқы шыққан өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибридтерін шығаратын және бұларды шығару әдістерін зерттейтін ғылым. Өсімдік селекциясы ғылым ретінде агрономия ғылымы саласына жатады, бірақ егіншілікке, агрохимия, өсімдік өсіруге қарағанда, селекция ғылымы өсімдіктің өз табиғатына әсер ету жолдарын іздеп, тұқым қуу қасиетін қажет бағытқа өзгертуді көздейді. сондықтан өсімдік селекциясының теориялық негізі-генетика, өсімдік селекциясы ботаника, цитология, өсімдік физиологиясы, өсімдік өсіру, экология т. б. ғылымдар мен тығыз байланысты. Өсімдік селекциясы жұмыстары нәтижесінде шығарылған жаңа сорттарды өндіріске енгізу-алғашқы шыққан өндірісі өнімін арттырудың ең бір тиімді әдісі. Өсімдік селекциясы тарихи адамның егіншілікпен айналасуынан басталады. Селекцияның қарапайым түрі ерте заманда-ақ ірі дәнді келесі жылы себуге қалдырып отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттардың маңызы әлі күнге дейін орасан зор. Өсімдік селекциясы дамуына Батыс Европа елдері (селекционер-практиктері, 1774 жылы Париж маңында құралған) Вильмонер селекция фирмасы жұмыстарының қорытындысы, Ч. Давинның «Түрлердің пайда болуы» деген еңбегі, К. А. Темерязевтің тұқым қуу және өзгергіштік туралы ілімі, И. В. Мичуриннің сұрыптау нәтижесінде жемістердің жаңа сорттарын шығару жұмыстары үлкен әсер етті. СССР-де өсімдік селекциясы алым ретінде 19ғ. Аяғы мен 20ғ-дың басында қалыптаса бастады. Ең алғашқы ғылми мекеме 1885ж. полтавада құрылды. 1903жылғы Москва құрамында селекциялық арнаулық тәжірибе станциясы құрылып, дәнді дақылдар мен зығырдың алғашқы жаңа сорттары шығарылған. 1909жылы Харьковте т. б. қалаларда тәжірибе станциялар құрылды. 1921жылы В. И. Ленин қол қойған «Тұқым туралы» декрет шықты, бұл селекция, тұқым мәселелерімен айналысатын мекемелер жұмысының негізіне алынды. 1924жылы Бүкіл одақтық ботаника және жаңа екпе дақылдар интернаты құрылып, ол 1930жылы Бүкіл одақтық өсімдік өсіру интернатына айналды. Бұл интернатты ұзақ уақыт Н. И. Вавилов басқарып, өсімдік селекциясының теориялық негізін құрды және елімізде тәжірибе-селекция жұмысын ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді. П. П. Лукьяненконың басшылығыменКраснодар а. ш. ғылыми-зерттеу институтында күздік бидайдың жоғары өнімді Безостая 1, Аврора және Кавказ деген сорттары шығарылады. Бұлар бұрынғы аудандастырылған (12-18 ц өнім беретін) сорттарға қарағанда гектарынан 60-70 ц өнім береді [11, 85б. ] .

1. 3 Жануар селекциясы

Жануарлар селекциясының негізіне де өсімдіктердегідей тұқым қуалайтын өзгергіштік пен сұрыптау жатады. Жаппай және жеке сұрыптаулар жануарларға да тән. Алайда жануарлар селекциясының өз ерекшеліктері бар. Олар: жануарлар тек жыныстық жолмен ғана көбейеді; жануарларда ұрпақ саны көп бола бермейді және әрбір жекек даралардың өзінің селекция үшін маңызы болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер селекциясы
Микроорганизмдер генетика жүйесі
Селекцияның генетикалық негіздері
Өсімдіктің төзімділігін арттыруда селекцияның рөлі
Микроорганизмдер селекциясы
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
Генетика негіздері
Гендік инженерия мәні
Генетика дамуының негізгі көрінісі
Генетика және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz