Сәбіз дақылы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

І. Кіріспе

Сәбіз дақылы

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Сәбіз дақылы сипаттамасы

2. 2. Сәбіз агротехникасы

2. 3. Елімізде сәбіз дақылының көрсеткіші

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

2. 1. Сәбіз (лат. Daucus ) - шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ, қантты. Асханалық сұрыптарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская ІЗ. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Оның егіс көлемі 5 мың гектарға жуық . Гектарынан 120 центнерден өнім алынады. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сұрыптары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461. Жаңа жиналған сәбіз - құнарлы тағам. Адам организмінде тез арада А витаминіне айналатын каротинқұрамы (6-9 мг %), басқа көкөністердегіден көп. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Сәбізді ең дұрысы 0 градус С температурада сақтаған жөн. Сәбізді жаңа жиналған күйінде де, кептіріп те, өңдеп те пайдаланады, оны сұйық және қою тағамдарға, соусқа, винегретке т. б. қосады. Сәбіз шырынының езбесінің т. б. диеталық және емдік қасиеті бар. Кептірілген сәбізді сорпаға, борщқа, щиге т. б. көкөніс тағамдарына қосады (пайдаланар алдында 30 минуттей салқын суға салып жібітеді) . Сәбізді тураған, тұтастай және үгітілген күйінде тамаққа қосады. Сәл қуырылған не қақталған (қабыршақтанғанша) сәбізді ыстық сорпаға қосса дәмі мен иісі жақсарады. Майға қуырылған сәбізді сорпаға не соусқа әзір болардан 15-20 минут бұрын салып дәмін кіргізеді, витаминдерін байытады. Сәбізге май қотанда, оның құрамындағы каротині еріп, жақсы сіңеді.

Сәбіз - барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сорттары бар. Асханалық сорты онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ, қантты. Асханалық сорттарының ең таңдаулысы Нантская, Витаминная Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Сәбіз құрамында қант, белок, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар. Сәбіз - негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60 - қа жуық түрі Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл - сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген.

Ботаникалық сипаттамасы

Сәбіз - сабағыныңбойы 1 метрге дейін жететеін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Бірінші жылы жуан тамырынан бірнеше жапырақ шығады, ал екінші жылы сабағы өсіп шығып, гүлдеп, тұқым береді. Сәбізді ботаникалық тұрғыдан аса сипаттаудың қажеті жоқ, себебі ол көпшілік қауымға белгілі мәдени өсімдік. Қазақстанның оңтүстігінде өсіріледі. Дәрілік шикізат ретінде және витаминдік дәрі ретінде өсімдіктің түбір түйнегі мен дәні - тұқымы күз кезінде жинап алынады.

Химиялық қасиеті.

Оның тамыр - жемісінің құрамында каротин, В тобындағы витаминдер, крахмал, қант, А витамині, азотты заттар, минералды тұздар, флавноидтар, органикалық қышқылдар бар. Дәндерінің құрамында эфир майлары және флавоиол қосындылары, каротин бар. Сәбіз құрамында қант, ақуыз, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар. [1] [2]

Өсімдік туралы

Сәбіз - негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60-қа жуық түрі Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл-сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген. Сәбіздің барлық дерлік мәдени түрі оның табиғи немесе жабайы түрінен селекция нәтижесінде алынған. Дегенмен, сәбіздің алғашқыда тамыры үшін емес, хош иісті жапырақтарына бола өсірілгенін айта кету керек. Сәбіздің мәдени түрі Еуропаға тек X-XIII ғасырларда келген. Көптеген кітаптарда сәбіздің сол кезеңнен бастап қана тағам ретінде қолданылғаны жайлы деректер бар. Сәбіздің құрамында каротиндор-каротин, фитоен, фитофлуен, ликопин; В, В2 витаминдері, аскорбин қышқылы, 3-15 % мөлшеріндеқант, және аз мөлшерде эфир майы бар.

Қолданылуы

Сәбіздің тамыры жеуге жарамды, және ол тағам индустриясында үлкен орын алады. Сонымен қатар сәбіз медицинада да қолданылады. Көбінесе, авитаминозды емдеуде үлкен сұранысқа ие. Көмірсутек айналымын қалпына келтіріп, жасуша аралық қышқыл түзу процесіне қатысады және иммунитетті арттырады. Сәбіз тұқымдарынан алынған эфир майы косметика саласында пайдаланылады.

Мал дәрігерлігінде қолданылуы

Мал дәрігерлігі практикасында сәбіздің тамыры витаминдік азық ретінде асыл тұқымды бұқаларға, айғырларғы, қошқарларға беріледі. Оны ұсақтап, жемге араластырып береді. Малға күндік берілу мөлшері : бұқа мен айғырға - 0, 5 - 1, 5 кг, қошқарға - 0, 3 - 0, 8 кг. Сәбіз жапырағын да малға дәреумендік азық ретінде беруге болады. Оның тұқымдық дәнінен жасалған тұнба ( 1:10 ) малдың асқазан - ішек жұмысын жақсартуға, ішектегі желді айдауға, бүйректегі, қуықтағы тасты шығаруға пайдаланылады.

Сәбіз дақылы дәрумендерге аса бай, қоректік құндылығы өте жоғары, тағамдық мақсатта күнделікті қолданылатын, тұтынушылардын арасында үлкен сұранысы бар негізгі көкөністердің бірі болып табылады. Сәбіз тамыржемістерінде 18-23% аралығында құрғақ заттар, 10-14 мг% деңгейінде каротин, 7-9% мөлшерінде жалпы қанттар болады. Осы негізгі қоректік заттардан бөлек, сәбіз тамыржемістерінде тағы да C, B, B2, B6, E, PP дәрумендері бар. Қазақстанда сәбіз дақылы жыл сайын 14-16 мың га алқапқа егіледі. Тамыржемістердің орташа өнімділігі - 20-25 т/га. Бұл салыстырмалы түрде алғанда төмен өнімділік болып саналады. Сол себепті сәбіздің өнімділігін арттыру қажеттігі туындайды. Сәбіз дақылының биологиялық мүмкіндігі өте жоғары. Тамыржемістердің өнімділігін 40-50 т/га және одан да жоғары деңгейде қалыптастыруға болады. Ол үшін жоғары өнімді сорттарды таңдап, талапқа сай агротехнологияны қамтамасыз етуі қажет. Сәбіздің өнімділігіне әсер ететін басты агротехникалық шаралардың ішінде дақылдың минералдық қоректену жүйесін ерекше атап өту керек. Өйткені тек қоректік элементтердің барлық түрімен толық және оңтайландырып қамтамасыз етілген жағдайда ғана сәбіз тамыржемістерінің сапасы жоғары және жақсы сақталатын мол өнімін алуға болады. Сәбіз дақылының биологиялық әлеуеттілігі өте жоғары. Атап айтқанда, тамыржемістердің өнімділігі 1 га шаққанда 40-50 тоннадан 70-90 ннаға дейін жетеді. Ол үшін ең бастысы тиісті агротехнологияны қамтамасыз етуі қажет. Өнімділікке тікелей әсер ететін басты агротехникалық шаралардың ішінде дақылдың минералдық қоректену жүйесін ерекше атап өту керек. Себебі, тек барлық қоректік элементтермен толық қамтамасыз етілген жағдайда ғана сәбіз тамыржемістерінің сапасы жоғары және жақсы сақталатын мол өнімін алуға болады. Сәбіз дақылын күтіп-баптап өсірудің, тамыржемістердің мол өнімін алудың маңыздылығы қандай болса, осы жиналған өнімді жоғары деңгейде шығынсыз сақтаудың маңызы да сондай болмақ. Себебі сәбіз жылдағы 12 айдың 8-9 айында тұтынушыларға көкөніс қоймаларынан жіберіледі. Егер де сәбіз тамыржемістері жақсы сақталса, онда өндірушілер үшін де, тұтынушыларға өте тиімді болады. Сәбіздің сақталуы дақылдың сорттық ерекшеліктеріне және өсірілу жағдайына тікелей байланысты.

Сәбіз дақылы дәрумендерге аса бай, қоректік құндылығы өте жоғары, тағамдық мақсатта күнделікті қолданылатын, тұтынушылардын арасында үлкен сұранысы бар негізгі көкөністердің бірі болып табылады. Сәбіз тамыржемістерінде 18-23% аралығында құрғақ заттар, 10-14 мг% деңгейінде каротин, 7-9% мөлшерінде жалпы қанттар болады. Осы негізгі қоректік заттардан бөлек, сәбіз тамыржемістерінде тағы да C, B, B2, B6, E, PP дәрумендері бар. Қазақстанда сәбіз дақылы жыл сайын 14-16 мың га алқапқа егіледі. Тамыржемістердің орташа өнімділігі - 20-25 т/га. Бұл салыстырмалы түрде алғанда төмен өнімділік болып саналады. Сол себепті сәбіздің өнімділігін арттыру қажеттігі туындайды. Сәбіз дақылының биологиялық мүмкіндігі өте жоғары. Тамыржемістердің өнімділігін 40-50 т/га және одан да жоғары деңгейде қалыптастыруға болады. Ол үшін жоғары өнімді сорттарды таңдап, талапқа сай агротехнологияны қамтамасыз етуі қажет. Сәбіздің өнімділігіне әсер ететін басты агротехникалық шаралардың ішінде дақылдың минералдық қоректену жүйесін ерекше атап өту керек. Өйткені тек қоректік элементтердің барлық түрімен толық және оңтайландырып қамтамасыз етілген жағдайда ғана сәбіз тамыржемістерінің сапасы жоғары және жақсы сақталатын мол өнімін алуға болады. Сәбіз дақылының биологиялық әлеуеттілігі өте жоғары. Атап айтқанда, тамыржемістердің өнімділігі 1 га шаққанда 40-50 тоннадан 70-90 ннаға дейін жетеді. Ол үшін ең бастысы тиісті агротехнологияны қамтамасыз етуі қажет. Өнімділікке тікелей әсер ететін басты агротехникалық шаралардың ішінде дақылдың минералдық қоректену жүйесін ерекше атап өту керек. Себебі, тек барлық қоректік элементтермен толық қамтамасыз етілген жағдайда ғана сәбіз тамыржемістерінің сапасы жоғары және жақсы сақталатын мол өнімін алуға болады. Сәбіз дақылын күтіп-баптап өсірудің, тамыржемістердің мол өнімін алудың маңыздылығы қандай болса, осы жиналған өнімді жоғары деңгейде шығынсыз сақтаудың маңызы да сондай болмақ. Себебі сәбіз жылдағы 12 айдың 8-9 айында тұтынушыларға көкөніс қоймаларынан жіберіледі. Егер де сәбіз тамыржемістері жақсы сақталса, онда өндірушілер үшін де, тұтынушыларға өте тиімді болады. Сәбіздің сақталуы дақылдың сорттық ерекшеліктеріне және өсірілу жағдайына тікелей байланысты.

Сәбіздің пайда болу тарихы өте қызық. Адамзат баласы бұл тамырлы көкөністі 4000 жыл бойы пайдаланып келеді. Адамдар сәбіздің дәмін алғаш аттардың жеуінен көрген екен. Жылқылардың бейтаныс күлгін түсті жемісті сүйсіне жегеніне қарап, ежелгі адамдардың да қызығушылығы оянса керек. Ал дәмін көргеннен кейін, жапырағына қарап, сол жемісті іздеп, оны қазып алып, отырғыза бастапты. Кейінірек римдіктер мен гректер сәбізді көп пайдаланған екен. XVI ғасырда сәбіз деликатес болып саналған. Император Карл сәбізді жақсы көрген екен, оның сарайында сәбізден жасалған тағам құрметті тағамдардың бірі болыпты. XVII ғасырда еуропалықтардың бұл жеміске қызығушылығы оянып, оны мәдени жеміске айналдырып, көп өсіре бастаған. Сонда сәбіздің ең жақсы сұрыптарының бірі - каротель шыққан болатын. Осы кездерде немістер мен француздарда бүгінгі күнге дейін пайдаланылатын сәбіз соустары шықты. Ресейде де сәбіз мөлшері XVI ғасырда пайда болды. Оны алғаш орыс емшілері емдік қасиеті бар деп санап, ауруларға берген. Сәбізді балға салып сақтаған, сонда сәбіздің дәрумендері жақсы сақталатын болған. Атап айтқанда, сәбіз шырынын жүрек, бауыр, тыныс ауруларын емдеуде пайдаланған. Қазіргі француз және неміс шаруалырының мынадай дәртүрлері бар - Жаңа жыл кешінде әр отбасы мүшесіне десерт ретінде балға салынған сәбіз беріледі. Олардың сенімі бойынша, бұл адамға жыл бойына жақсы денсаулық сыйлайды. Бүгінде сәбіз өзінің құнды қасиеттерін еш жоғалтқан жоқ. Керісінше, тамақтану саласындағы ғалымдардың зерттеулерінің арқасында бұрынғыдан да пайдалырақ. Сәбіздің көптеген пайдалы құрамы туралы келісі тақырыптан біле аласыздар. Күлгін көкөністер Адамзат баласының жылқыдан көріп жеген сәбіздің түсі бүгінде біз пайдаланып жүрген сәбізден өзгеше болатын. Жабайы сәбіз күлгін түсті, ақ түсті еді. Сары сәбіз сирек кездесетін. Алғаш қызыл сары түсті сәбіз XVI ғасырда дат бағбандарының мәдени сұрыптарды шығару арқасында шыққан болатын. Сәбіздің қызыл сары сұрпының өнімі көп, басқа түрлерінен дәмдірек әрі әдемі болған соң, кеңінен тарады.

Похожее изображение Похожее изображение

1-сурет

Сәбіз - негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60-қа жуық түрі Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл-сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген. Сәбіздің барлық дерлік мәдени түрі оның табиғи немесе жабайы түрінен селекция нәтижесінде алынған. Дегенмен, сәбіздің алғашқыда тамыры үшін емес, хош иісті жапырақтарына бола өсірілгенін айта кету керек. Сәбіздің мәдени түрі Еуропаға тек X-XIII ғасырларда келген. Көптеген кітаптарда сәбіздің сол кезеңнен бастап қана тағам ретінде қолданылғаны жайлы деректер бар.

2. 2. Сәбіз дақылының агротехникасы

Сәбіз арамшөп басқан танаптарға шыдамайды, сондықтан оны топырағын арамшөптерден таза қалдыратын дақылдардан кейін орналастыру керек. Оған ең жақсы алғы дақылдар ерте көкөністер және ерте картоп. Егер сәбізге суландырылатын жерден орын тимесе, онда оны ойпаңдау жердегі сүрі жерге, егіс қорғайтын орман алқаптарының маңына, шоқ ағаштардың төңірегіне, жүгеріден, күнбағыстан немесе басқа биік сабақты өсімдіктерден ықтырма егіп орналастыру керек.

Сәбіз егістігі үшін топырақты өңдеу әдеттегідей. Сүдігер көтергенде әр гектарына 1, 5-3 ц суперфосфат және 0, 5-1 ц хлорлы калий енгізеді. Ерте көктемде телімге тырма жіберіледі. Себер алдындағы культивациямен бірге гектарына 0, 8-1 ц аммиак селикатын енгізеді.

Сәбіз өнгіштігі жоғары тұқымдармен себеді. Бұл тамыржемісінің әр гектарынан 50-ден 100 центнерге дейін қосымша өнім береді. Ұсақ тұқымдарын 0, 7 мм елеуіштен өткізіп немесе тұзды суға салып, бөліп алады. Бөліп алынған тұқымдарды таза сумен жуып. кептіреді.

Өскіннің пайда болуын тездету үшін тұқымды көктету, оларды ауыспалы температурамен өңдеу, сондай-ақ басқа да тәсілдер қолданылуы мүмкін.

Тұқымды себуге дейін 3-4 тәулік бұрын көктете бастайды. Ол үшін 3-4 сағат бойы бөлме кенеппен жауып, әлсін-әлсін араластырып тұрады. Тұқым мұртн жара бастасымен оларды сәл құрғатады да, іле себеді. Егер судың орнына марганец қышқылды калийдің, бор қышқылының ерітіндісін қолданса, мұның тиімділігі арта түседі. Тұқымды алдын ала көктету өскіннің 7-10 күн ертерек пайда болуын қамтамасыз етеді.

2. 3. Еліміздегі сәбіз дақылының көрсеткіші

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамыр жемісті сәбіз өсімдігі
Жеміс-жидек түрлері туралы ақпарат
Тамыр-түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы жағдайында жеміс – көкөніс шаруашылығының дамуы
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы
Тамыр – түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Қияр дақылының өсіру технологиясы
Екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер
Қазақ халқының бидай дақылынан жасалатын тағамдары
Мәдени өсімдіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz