Темекі және қара темекі өсімдігін пайдалану


Жоспары:
І. Кіріспе
Темекі және қара темекі өсімдігін пайдалану, шикізатын өңдеу және сақтау шаралары
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Темекі және оның шығу тегі
2. 2. Темекі мен қара темекінің адам денсаулығына зияны
2. 3. Темекі құрамындағы заттар
2. 4. Темекі шикізаты
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар өсімдік. Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.
Шылым шегу - зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.
Темекінің шығу тарихы - темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл - ПетрІ патшалық еткен кез.
Темекінің зияны
- Ас қорытуға
- Асқа деген тәбетті қайтарады.
- Ас қорытуды қиындатады.
- Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
- Асқазанда жара пайда болады.
- Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
- Тыныс алуға
Темекі
Жөтел және қақырық пайда болады.
Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.
Қан айналымына
Тамырды қатайтады (атересклероз) .
Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол - аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
Басқа да зардаптары
Есте сақтау қабілетін азайтады.
Көңілсіздікке душар етеді.
Ұйқыны азайтады.
Теріге әжім түсіреді.
Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.
Ер - әйелдің жыныстық тәбетсіздігінің басты себептерінің бірі.
Өте ескерусіз келе жатқан және бір зияны, темекінің өртке себепші болуы.
Темекі түтінінің құрамындағы заттар
Темекі түтінінің құрамында 12 000 жуық заттар мен химиялық қосылыстар бар. Оның 196 - улы және 14 наркотик тәріздес.
Еуропа
Оңтүстік Азия
Темекі түтініндегі зиянды заттар
Темекі түтіні нде никотин иіс газы, көгерткіш қышқыл, аммиак, формальдегид, т. б. зиянды заттар көп. Пәле (рак) ісігін асқындыратын бензопирен ерекше зиянды болып табылады. Шылым шегетіндер шылым шекпейтіндерге қарағанда пәле аурымен (өкпе 10 есе, көмей 6-10 есе, өңеш 2-6 есе) жиі ауырады. Олардан басқа өкпенің созылмалы қабыну, туберкулез, тыныс демікпесі ауруларына жиі ұшырайды. Шылым шегуші өзіне ғана емес, сондай-ақ айналасындағыларға да зиянды. Шылым шегілген бөлмеде бір сағат болған адам шылым шеккендей уланады. Бір адамның шылым шегуі көп адамды уландырады. Шылым шегуден әйелдер мезгілінен ерте қартайып, жүкті кезінде әр түрлі ауруларға жиі ұшырайды. Халықаралық санақ мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдерден туған балалардың арасындағы өлім шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40 пайызға жоғары.
Никотин қан тамырларының түйілуіне және олардың ішкі қабықшасының өзгеруіне себепші болады. Мұндайда қантамырлардың саңылауы тарылып, қан айналымы қиындайды, дене мүшелерін оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз ету және олардан зат алмасудың зиянды өнімдерін әкету нашарлайды. Шылым шегушілер арасында көп тарааған ауру- стенокардия, мұнда жүрек қан тамырлары кеудені қатты ауыртатын әлсіздік пен ажал қатерін туғызатындай оқтын-оқтын түйілуі мүмкін. Стенокардия көбіне жүректің ауыр жарақаты миокард инфарктіге әкеліп соғады. Шылым шегушілердің басқа бір әдетті ауруы- ұстамалы ақсастық (эндартериит) . Мұнда адам бірнеше ғана қадам жасап үлгереді, ал содан кейін бір немесе екі аяқ та ұйып, кенет ауырады. Тоқтаған соң бірнеше минуттан кейін ауырсыну басылады, бірақ әрі қарай жүруге ыңғайланғанда қайта пайда болады. Сөйтіп, осылайша жалғаса береді. Шылым шегу адам денесінің жетілу мүмкіндіктерін әжептәуір шектейді. Никотин дене күшін және бұлшықет сезімінің өткірлігін кемітіп, қимыл үйлесімділігін, шапшаңдықты және әсіресе төзімділікті нашарлатады. Спорт пен темекі бір-біріне қарама-қайшы.
Құрамында өте улы есірткілік қоздырғыш зат - алкалоид никотин - бар дақылдарға темекі мен қаратемекі жатады. Темекі Оңтүстік және Орталық Америка тұрғындарына Европалықтар бұл құрылықты ашқанға дейін белгілі болған. Мәдени дақыл ретінде темекі 1560 жылы Францияда өсіріле бастады, 1605-1610 жылдар аралығында ол дүниежүзінің барлық елдеріне тарады. Россияда 1-Петрдің жарлығымен 1716 жылы себіле бастады, ал 1768 жылы Петербургта алғашқы темекі өңдеу фабрикасы ашылды. Қазақстанда темекі Алматы облысында XIX ғасырда жеке шаруашылықтарда өсіріле бастаған және олар «Верный темекілері» деген атпен ішкі және халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып Неаполь, Париж, Барселона көрмелерінде алтын медальдарға ие болған. Бәсекеге жол бермес үшін Қырым мен Закавказье плантаторлары Верный темекілері тек Орта Азияда ғана сатылуға рұқсат етілетін патша жарлығын шығартқызған. Өндірістік деңгейде Қазақстанда темекі 1920-1930 жылдары ғана дами бастады. Қазіргі кезде темекі дүниежүзінің 115 елдерінде 4 млн. га жерде себіледі. Темекіні ең көп егістігі (2, 96 млн. га) Қытайда және әлемде өндірілетін шикізаттың 40%-ын осы ел өндіреді, АҚШ - 0, 7 млн т., Индия - 0, 54, Бразилия - 0, 40, ТМД елдері - 0, 30, Түркия - 0, 26 млн. тоннаға дейін. Қазақстанда темекі Алматы, Жамбыл облыстарында 10, 0 мың га жерге себіледі, орташа өнімділігі гектарынан 2, 0 т, жылына 18-20 мың тонна темекі жапырағы жиналады Жекелеген шаруашылықтарда темекі жапырағының өнімі гектарына 5, 0 тоннадан асып түседі.
Темекі туралы мәліметтер
1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазір Америка) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады. Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы - оның тәуелділік тудыру қасиетінде. Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады; АҚШ-та темекі шегетін әйелдер саны (22%) шылым шегетін ер адамдар санына жетіп қалды (35%) . Европада айырмашылық 20 пайыздай(46 пайыз ер адамдар, 26 пайыз әйел адамдар) . Статистика бойынша темекі тартатын әйелдер саны шылым шегетін ер азаматтар санынан әлдеқайда аз. Шылым шегушілердің көбі Американың Кентукки, Индиана және Теннеси штаттарында тұрады екен. Жылдан жылға ең танымал темекі маркаларының өнімдерінде никотин мөлшері артуда. 1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды. Темекі - ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады. АҚШ-тың темекі өндірісінің басты табыс көзі - темекі экспорты, яғни сыртқа сату. Американың өзіне қарағанда, басқа елдер американдық темекілерге толы. Бүкіл-әлемдің Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша, сатылымдағы темекінің 25 пайызы көшірме. Әрбір тартылған шылым өмірді 15 минутқа қысқартады. 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам қайтыс болады, ал бір жылда - 2, 5 млн адам қайтыс болады. Жыл сайын 12 миллион папирос пен темекі тартылады екен. Тұқылдардың (окурки) салмағы - 2 520 000 тонна болады екен. Темекі құрамы: аммиак, көміртегі оксиді, концерогенді көмірсутектер(рак), радиоактивті элемент полоний 20, темекі қарамайы, мышьяк, калий. Фильтр осы заттардың 20 пайызын ғана ұстап тұрады. Анлияда темекі тартуға кеткен уақыт үшін жалақыдан ақша ұстап қалады екен. Дания қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салған. Сингапурде темекі тартқан адамға 500 доллар штраф, әрі темекі өнімдеріне жарнама жоқ. Финляндияның дәрігерлері бір күн - 17 қараша, темекішілер жұмысқа темекісіз келуін белгілеген. Жапонияның Ваки қаласынның шешімімен, айына 3 күн темекісіз деп жарияланған. Франциядағы антитемекі бағдарламасынан кейін темекі тартушылар саны 2 млн адамға азайған. Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады.
- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан
- 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұхсат берді.
- 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған.
- І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.
- Югаславияда 1987 жылдың 1 - қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді.
- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.
- Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді.
- Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.
1. Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі : никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгісі - некотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин - у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Никотин темекі өсімдігінен шыбын - шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектисид деп атауға болады. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің ) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз - ақ болғаны олар өліп қалаы. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100мг болса - ақ жетіп жатыр, немесе2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25сигаретті тартқаннан кейін өақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды. Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар- жоғы 21-23 секундта айналып өтеді.
Темекі шикізаттары
Темекі шикізатын өткізген кезде темекі жапырағы тұтас болғаны жөн.
ІІІ. Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz