Топырақтың физикалық және физика-механикалық қасиеті



І.Кіріспе
Топырақтың физикалық және физика.механикалық қасиеті
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Топырақ сипаттамасы
2.2.Топырақтың механикалық қасиеті
2.3.Топырақтың физикалық қасиеті
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік). Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады.
1. Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж.
2.“География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж.
3.Дүниетану оқулықтары 2-4 сынып «Алматыкітап»
4.Ж.О.Ошақбаева Мелиоративтік топырақтану, Алматы - 2010 жыл
5.Ж.Е.Елемесов, С.Қ.Қалдыбаев, Қ.М.Мұхаметкәрімов, Ж.О.Ошақбаева, Г.Р.Кекілбаева Топырақтану практикумы , Алматы – 2012 жыл
6.Ғаламтор

Жоспары:
І.Кіріспе
Топырақтың физикалық және физика-механикалық қасиеті
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Топырақ сипаттамасы
2.2.Топырақтың механикалық қасиеті
2.3.Топырақтың физикалық қасиеті
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша -- қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң Орыстың қара топырағы (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік). Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады. Мысалы, топырақтың қышқылдығына байланысты: 1) рН 6,7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері); 2) рН 6,7-7,0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер); 3) рН 7,0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер(аққурай).
Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы (көлемдік салмағы), қатты бөлігінің тығыздылығы (меншікті салммағы) және кеуектілігі жатады.
Топырақтың тығыздылығы дегеніміз - табиғи құрылымы бұзылмаған құрғақ топырақтың м3 көлемінің салмағы. Оны гсм3-мен өлшейді. Өсімдіктердің өсіп-өнуіне қолайлы топырақ тығыздылығы 1-1,2 гсм3. Солтүстік Қазақстанның кәдімгі қара топырағының қарашірінді қабатының тығыздығы 1-1,1 гсм3 болып келеді. Ал қарашірінді аз, механикалық құрамы құмдақ нағыз қоңыр топырақтың үстіңгі қабатының тығыздығы 1,3-1,35 гсм3 болады.
Топырақтың қатты бөлігінің тығыздығы - 40С температурада топырақтың қатты бөлігінің 1 м3 көлемінің салмағының осындай көлемдегі судың салмағына қатынасы.Көптеген топырақтардың қатты бөлігінің тығыздылығы 2,4-2,65 гсм3 болып келеді. Оның мөлшері топырақ құрамында органикалық қосылыстар, қарашірінді мол болса, кеми түседі, ал ол аз болса, ұлғая түседі.
Топырақтың кеуектілігі - оның қатты бөлігі арасындағы қуыстардың қосындысымен есептеледі. Оны 1 м3 топырақ көлеміндегі кеуектердің (қуыстардың) үлесін % мөлшерімен өлшеу арқылы сипаттайды.Топырақтың кеуектілігін есептеу үшін топырақтың тығыздығының (dv) және қатты бөлігінің тығыздығының (d) көрсеткіштерін қолданып, төмендегідей теңдеу арқылы анықтайды:
К= {1 - dvd} * 100.
Топырақтың кеуектілігі оның механикалық құрамына, құрылымына, органикалық заттар мөлшеріне, топырақ фаунасының әрекетіне және оны баптау өңдеу әдісіне байланысты. Н.А.Качинскийдің сипаттауы бойынша егер топырақтың кеуектілігі 55-65% болса, оған өте жақсы баға беріледі. Солтүстік Қазақстанның кәдімгі қара топырағының қарашірінді қабатының кеуектілігі 50-60%, ал саздақты ашық қара қоңыр топырағының кеуектілігі - 48-51% болып келеді.
Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері оны өңдеуге және өсімдік тамырлары дамуына тікелей әсерін тигізеді. Оларға топырақтың қаттылығы, байланыстылығы, иілгіштігі, жабысқақтығы, ісінуі және отыруы, меншікті кедергісі көрсеткіштері жатады. пырақтың қаттылығы - оның қабаттарына бойлата енгізген құрал білікке көрсететін кедергісі. Оның кгсм2 мөлшерімен сипаттайды. Топырақ ылғалдылығына, механикалық құрамына байланысты оның мөлшері 5-45 кгсм2 дейін болуы мүмкін. Топырақтың қаттылығы мен оның меншікті кедергісі арасында тікелей қатынас бар. Қаттылығы жоғары топырақтың меншікті кедергісі оны жырту кезінде әр см3 топырақ бетіне жұмсалатын тарту күшін сипаттайды. Меншікті кедергі топырақтың механикалық құрамына, құрымына, ылғалдылығына, қаттылығына байланысты өзгереді. Мысалы, механикалық құрамы құмдақ топырақта бұл көрсеткіш 0,2-0,3 кгсм2, орташа саздақты топырақта 0,5-0,7, ал ауыр саздақты топырақта 0,7 кгсм2-ден көп болады.
Топырақтың байланыстылығы оның бөлшектерін бір-бірінен айыруға бағытталған күшке қарсыласу қабілетін көрсетеді. Байланыстылық топырақтың механикалық құрамына және ылғалдылығына байланысты. Саз балшық, саздақ топырақтардың байланыстылығы құм, құмдақ топырақтардың осы көрсеткішінен жоғары болады. Қазақстанның топырақтанушы ғалымдары осы көрсеткіші топырақтың эрозияға төзімділігін бағалауға қолданады.Топырақтың байланыстылығы кеміген сайын оның жел эрозиясына төзімділігі нашарлайды. Алтыншы, бесінші топтағы топырақтар жел эрозиясына төзімсіз, ал бірінші, екінші топтағылардың төзімділігі жоғары болады.
Топырақтың иілгіштігі оның ылғалды күйінде икемдеп пішін беруге көнуін және оны сақтау қабілетімен сипатталады.Құрғақ және өте ылғалды топырақтың басқа денелерге жабысу қабілеті - топырақтың жабысқақтылығын көрсетеді. Механикалық құрамы балшық, құрамында натрий иондары мол топырақтың жабысқақтығы жоғары болады. Ол топырақтарды өңдеуге көп күш жұмсалады. Топырақтың жабысқақтығы оның ылғалдылығына байланысты. Құрғақ топырақтың жабысқақтығы жоқ, ал ылғалдылығы өскен сайын оның жабысқақтығы арта түседі де, кейіннен ылғалдылық молайғанда тағы да жабысқақтық кемиді. Топырақтың жабысқақтығына байланысты егіншілікте топырақтың физикалық пісуі деген ұғым қолданылады. Ылғалды топырақты өңдегенде құралдарға жабыспай жақсы түйіршікті құрылымға бөліну қабілеті бар кезеңі оның физикалық піскен дәрежеде екенін көрсетеді. Осы кезеңде өңделген топырақтың құрылымы және фиизикалық қасиеттері қолайлы қалыптасады.Топырақ ылғалданғанда оның ісінуі, ал құрғағанда - отыруы байқалады. Осы қасиеттер механикалық құрамы балшық және натрий иондары бар топырақтарда дамиды. Сондықтан осындай топырақтар ылғалданғанда қатты ісініп, ал құрғағанда көп отырып, топырақта үлкен жарықтар пайда болады. Сондықтан өсімдік тамырларына зақым келтіреді және ылғалдың артық булануына әсер етіп қолайсыз жағдай жасайды.Топырақтың қолайлы физикалық және физикалық-механикалық қасиеттері оның құнарлығына үлкен әсер тигізіп және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сіңіру қабілетінің түрлері: механикалық, биологиялық, физикалық, химиялық, физика-химиялық
А. Түйіртпектердің қасиеті
Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісін дамыту
Топырақ қоры және оның құнарлылығы
Топырақтың түйіртпектілігі,оның агрономиялық маңызы
Топырақтардың құрамы
Маңғышлақ мұнай-газ аймағы
Көмір гуминді тыңайтқыштардың топырақ құрамына әсерін зерттеу
Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы
Пәндер