Топырақтың түйіртпектілігі,оның агрономиялық маңызы


Жоспары:
І. Кіріспе
Топырақтың түйіртпектілігі, оның агрономиялық маңызы
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Топырақ түйіртпектілігі
2. 2. Түйіртпектердің агрономиялық маңызы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттері
Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша - қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В. В. Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж. ) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В. В. Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы, қарашірік) . Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға
бөлуге болады. Мысалы, топырақтың қышқылдығына байланысты: 1) рН 6, 7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері) ; 2) рН 6, 7-7, 0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер) ; 3) рН 7, 0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер(аққурай) .
Сазды топырақ
Құламаларда тұрақты және су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ; жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады.
Құмайт топырақ
Ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: құрғақ және тым ылғалды жерлерде жолға себуге пайдаланады.
Шым тезекті топырақ
Ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды.
Топырақтың түйіртпектігі деп оның құрамындағы пішіндері және ірілігі әр түрлі болып келетін түйіршіктер жиынтығын айтамыз. Топырақтың түйіртпегі оның морфологиялық белгісі ретінде қаралады. Сонымен бірге ол экологиялық және агрономиялық қырынан да қаралынып сарапталынады. В. В. Докучаев, әсіресе П. А. Костычев топырақтың түйіртпектілігінің егіншіліктегі маңызын айқындаған болатын. Ал В. Р. Вильямс еңбектерінде түйіртпектіктің топырақ құнарлығын қалыптастырудағы маңызы терең ашылып көрсетілді. Кейінгі жылдары түйіртпек түзілуі және маңызы жөнінде аса бағалы зерттеулерді орыс және шетел ғалымдары Н. А. Качинский, Н. И. Саввинов, П. В. Вершинин, А. Ф. Тюлин, Д. В. Хан, Э. Рассел ж. т. б. жүргізді. Топырақ түйіртпегі оның түйіршіктерінің көлеміне қарай 4 топқа бөлінеді. · Тоң кесекті түйіртпек. Түйіршіктерінің көлемі 10мм - ден үлкен · Макротүйіртпек. Түйіршіктерінің көлемі 0, 25-10мм. · Ірі микротүйіртпек. Түйіршіктері 0, 01-0, 25мм. · Майда микротүйіртпек. Түйіршіктері 0, 01мм-ден ұсақ. Түйіртпек сапасы оның көлемімен, кеуектілігімен, механикалық беріктігімен және ылғалға төзімділігімен анықталады. Бөлшектерінің көлемі 0, 25-10мм болып келетін, кеуектілігі 45%-тен жоғары, механикалық әсерге және ылғалға төзімді макротүйіртпектер экологиялық, агрономиялық жағынан бағалы болып саналады. Топырақ түйіртпегінің механикалық беріктігі, ылғалға төзімділігі оны халық шаруашылығында бірнеше қабат
өңдегенде және жауын-шашынның, судың әсерінен бұзылмай ағзалар үшін топырақтың қолайлы жайғасуын қамтамасыз етеді. Ал осы қасиеттері нашар болған жағдайда бұл топырақтың түйіршіктері тез бүлініп, үгіліп түйіртпектігін жоғалтады. Су және жел эрозиясына тез шалдығады, құрғағанда бетінде қабыршақ пайда болады, тығыздығы артады және басқа да қасиеттері нашарлайды. Түйіртпектің агрономиялық маңызы топырақтың келесідей басты қасиеттері мен құбылымдарына оң ықпал тигізуі арқылы сипатталады: · физикалық қасиеттеріне (тығыздылығына, қуыстылығына) ; · ылғалдылық, ауа, жылу, тотығу-тотықсыздану, микробиологиялық және қоректік заттар құбылымдарына; · физикалық-механикалық қасиеттеріне (қаттылығына, сыбағалы кедергісіне) ; · эрозияға төзімділігіне. Түйіртпектігі жақсы топырақта қылтүтікті және қылтүтікті емес кеуек қуыстар үйлесімді болып келеді. Сондықтан бұл топырақ түскен жауын-шашынды жақсы сіңіреді және оның ауаға булануы да шамадан тыс болмайды. Сонымен бірге топырақтағы ауа мөлшері де қолайлы болады. Ал егер топырақ түйіртпектігі нашар болса, оның тығыздығы артады, қылтүтікті қуыстар молаяды, ауа мөлшері кемиді. Сондықтан осындай топырақтарға жауын-шашын ылғалының сіңуі тежеліп, ол топырақ бетінде жиналып, оны ылдый бойында шайып, су эрозиясына ұшыратады, ал топырақтың астыңғы қабаттары құрғақ күйінде қалады. Тығыз топырақта қылтүтік арқылы ауаға оның бойындағы ылғал тоқтаусыз буланып ысырап болады. Көрсетілген қолайсыз жағдайлар әсерінен топырақта өсімдік тамырларының таралуына, микроағзалармен жәндіктердің дамуына қолайсыз жағдайлар туады. Топырақтағы түйіршіктер көлемінің қолайлы мөлшері аймақтың ерекшеліктеріне байланысты. Егер аймақта жауын-шашын, ылғал мол түсетін болса макротүйіртпек ішіндегі ірі бөлшектері (10-5мм) мол болғанда топырақтың ауа және ылғалдылық қасиеттері жақсарады. Ал, құрғақшылық аймақта (Қазақстанның басым бөлігінде) макротүйіртпектің майдалау бөлшектері (1-2, 0мм) молырақ болғанда осы қасиеттер жақсарады. Сонымен қатар, түйіртпектердің көлемі топырақтың эрозияға төзімділігіне ықпалын тигізеді. Көлемі 1 мм-ден үлкен түйіршіктер жел эрозиясына төзімді болып келеді. Қазақстандық ғалымдар топырақтың жел эрозиясына төзімділігі жақсы болуы үшін оның үстіңгі қабатында көлемі 1мм-ден үлкен түйіршіктердің мөлшері 50%-дан мол болуы керек екенін анықтады. Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы
өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Адамдарға азық - түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалынады.
Топырақ - барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық- түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді.
Топырақ дегеніміз-жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты.
Топырақтың құрамын құм, саз, майда иастар, өсімдіктер, ұсақ жануарлардың шіріген қалдықтары (қарашірік) құрайды.
Топырақтың түсі оның құрамындағы осы шіріндіге байланысты өзгереді. Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болып, өсімдік жақсы өседі.
Топырақтың ең басты қасиеті-құнарлығы. Ол үшін топыраққа минералдық тыңайтқыштар қосу керек.
Өсімдік жақсы өсу үшін топырақта азот, фосфор, калий жеткілікті болуы қажет.
Топырақтан қоректенуде азоттың орны ерекше.
Өсімдікке азот жетпесе өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымайды.
Фосфор жасуша қабықшасын түзуге қажетті элемент.
Өсімдікке фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, Салмағы кемиді.
Калий жеткіліксіз болса, өсімдік аласа, сабағы әлсіз болады. Түйнек, тамыр жақсы даму үшін де калий керек.
Егін егерде алдымен жерді жыртып, тырмалайды. Ал ауламызда топырақты күрекпен қопсытамыз.
Түйіртпектердің маңызы . Топырақта механикалық элементтер (түйірлер) бытыранды күйінде немесе əр мүсін мен мөлшердегі біріккен бөлшектер (агрегеттар, кесектер, дəн) түрінде кездеседі. Топырақ массасының агрегаттарға бөлшектену қабілетін тйіртпелік (структурность), ал агрегаттардың мөлшерін, мүсінін, сапалы құрамын
Топырақтың түйіртпектілік белгілері
Құм жəне құмайт топырақтарда механикалық элементтер бытыранды, ал құмбалшық пен балшық топырақтар түйіртпекті, түйіртпексіз жəне шамалы түйіртпекті күйінде кездеседі. Топырақтануда морфологиялық жəне агрономиялық түйіртпектілік ажыратылады. Түйіртпектілік топырақтың физикалық жəне су-физикалық қасиетіне, су-ауа құбылымына, өңдеу жағдайына байланысты болғандықтан құнарлылық пен өсімдіктер өсіп-өнуіне əсерін тигізеді. Түйіртпекқұралу ілімін П. Костычев, К. Гедройц, В. Дояренко, И. Антипов-Каратаев, Н. Качинский, Н. Саввинов, А. Тюрин, Д. Хан, Э, Рассел т. б. дамытқан. Түйіртпектің сапасы оның мөлшері, қуыстылығы, механикалық беріктілігі жəне суға төзімділігімен анықталынады. Агрономиялыкқ ең құнды ірі агрегаттардың мөлшері 0, 25-10 мм шамада, олардың қуыстылығы (>45 %), механикалық беріктілігі жəне суға төзімділігі өте жоғары болады. 0, 25-10 мм мөлшердегі түйіртпектер мен олардың 55 проценті суға төзімді болса, ондай топырақ түйіртпекті болып саналады.
С. А. Захаров бойынша түйіртпек үш негізгі типке бөлінеді:
1) Куб тəріздес − түйіртпек бөлшектері 3 бағытында бірдей дамыған;
2) Призма тəріздес − бөлшектер екі көлденең бағытта жақсы дамыған;
3) Плита тəріздес .
Кез келген түйіртпектер агрономиялық құнды емес. Ең маңыздылары - суға төзімді агрегаттар - олардың құрылымы борпылдақ, қуыстары суды жеңіл сіңіріп, оны ұзақ уақыт ұстап тұра алады жəне де тамырлар мен микроорганизмдер өнуіне жеңіл келеді. Агрегаттар тығыздалса, олардың қуыстылығы төмендеп (30-40 процентке дейін), түтікшелері жіңішкеріп кетеді де, су-бу қозғалысы нашарлап, тамырлар мен микроорганизмдер таратылуына кедергі жасайды. Суға төзімді мұндай тығыз түйірлердің агрономиялық сапасы төмен.
Түйіртпектің мөлшеріне қарай келесі топтарға бөлінеді:
1) Мегатүйіртпектілік (сеңді) −>10 мм көп;
2 ) Макротүйіртпектілік −10-0, 25 мм;
3) Микротүйіртпектілік - 0, 01-0, 25 мм;
4) Майда микротүйіртпектілік - <0, 01мм аз.
Түйіртпектіліктің агрономиялық бағасы топырақтың қасиеттері менрежимдеріне, яғни физикалық қасиеттеріне (қуыстылық, бірігулік), режимдеріне (су, ауа, жылу, тотығу-тотықсыздану микробиологиялық жəне қоректену), физика-механикалық қасиеттеріне байланысты болады. Сондай-ақ, түйіртпектілік топырақты жыртқандағы өңдеуге сыбағалы қарсыласуын, оның қабыршақтануын, эрозияға төзімділігін анықтайды.
Топырақтың агрономиялық маңызы
Топырақ ауасықұрамы жағынан атмосфералықтан айырмашылығ бар, оның негізгі құрауыштары - азот, оттегі, аргон, көмір қышқыл газы, ал қалғандарының үлесі көлемінен тек 0, 01 %. Атмосфералық ауаның құрамы тұрақты деуге болады. Топырақ ауасында атмосфералықпен салыстырғанда оттегінің мөлшері азырақ (үстіңгі қабатында 10-19%, ал төменгі қабаттарында 10-11% дейін кемиді) және көмір қышқыл газы көбірек (0, 3%) болады, сонымен қатар онда азоттың мөлшері де өзгеруі мүмкін. Батпақты және батпақтанған топырақтардың ауасында NH 3 , CH 4 , H 2 байқалатын мөлшерлері болуы мүмкін. Топырақ ауасында ондағы микроорганизмдер тіршілігіне байланысты аздаған мөлшерде ұшпайтын органикалық қосылыстар тұрақты болады (көмірсутектердің майлы және ароматты қатары, күрделі альдегидтер, спирттер және т. б. ) .
Топырақ ауасындағы газдар ішінде ең өзгермелісі оттегі және көмір қышқыл газы, олардың топырақтың және ондағы микроорганизмдердің тіршілінде рөлі зор. Топырақ ауасындағы оттегі мен көмір қышқыл газының мөлшері өте құбылады. Мысалы, жақсы аэрациясы бар топырақтың үстіңгі қабатындағы мөлшері атмосфералық ауадағы мөлшерге жақын, ал ауыр топырақтардағы мөлшері он және жүз есеге дейін азаюы мүмкін, ал көмір қышқыл газының мөлшері 20% дейін жетеді. Топырақтағы ауа үш күйде болады. Олар еркін ауа, сіңірілген (адсорбциялаған) және еріген ауа. Еркін ауа топырақтың қылтүтікті және қылтүтікті емес қуыстарында болып қозғалмалы келеді және атмосфера ауасымен алмасып тұрады. Адсорбцияланған ауа топырақтың қатты бөлігінің бетіне сіңген түрлі газдар. Оның мөлшері топырақтың гранулометриялық құрамына, гумус мөлшерінежәне ылғалдылығына байланысты. Гумусы мол, ауыр гранулометриялық құрамды құрғақ топырақта адсорбцияланған ауа мол болады. Еріген ауа топырақ ылғалы құрамында кездесетін түрлі газдар. Олар көмір қышықыл газы, аммиак, оттегі, күкіртті газ. Оттегінің өсімдіктер мен топырақтың тіршілігінде маңызы өте зор. Топырақта еркін немесе бос оттегі болмағанда өсімдіктердің өсіп-өнуі тоқталады, оптималды жағдай - шамамен 20% оттегі болғанда. Топырақта оттегі жетіспеген жағдайда өсімдіктерге улылығы бар қосылыстар пайда болады, қоректік заттардың мөлшері азаяды, топырақтың физикалық қасиеттері нашарлайды, осының салдарынан оның құнарлығы және өнімділігі төмендейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz