Алматы облысы Іле ауданында жүзімді зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары



І. Кіріспе ... ...2.2
1.1. Жүзім дақылына сипаттама ... .2.5
1.2. Кездесетін зиянды организмдері..
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ..23.28
2.1. Жалпы қорғау шаралары ... ..23.25
2.2. Химиялық қорғау шаралары ... .26.28
ІІІ. Қорытынды бөлім ... .29
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
Жүзім (лат. Vіtіs) — жүзім тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі.
Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке болып келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі – жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза,глюкоза (15 – 35%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералдық заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген Жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады.
1. Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев, Н.А.Серекпаев, Н.А.Шестакова, С.С.Арстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы, 2011
2. Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Г.Ә., «Энтомология» - Алматы: Қайнар, 1994, 336 б
3. Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова , «Фитопоталогия» - Алматы, 2014
4. www.google.kz
5. Пестицидтер тізімі 2013-2022 ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары :
І. Кіріспе____________________________ _________________________2-2
1.1. Жүзім дақылына сипаттама__________________________ ______2-5
1.2. Кездесетін зиянды организмдері_______________________ ____6-22
ІІ. Негізгі бөлім______________________________ ________________23-28
2.1. Жалпы қорғау шаралары___________________________ ______23-25
2.2. Химиялық қорғау шаралары___________________________ ____26-28
ІІІ. Қорытынды бөлім______________________________ ___________29
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер_________________________ ___________30

І. Кіріспе
1.1. Ауыл шаруашылық дақылына сипаттама
Жүзім (лат. Vіtіs) -- жүзім тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі.
Діңі - шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 - 5 м), жіңішке болып келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі - жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 - 80%), фруктоза,глюкоза (15 - 35%), органикалық қышқылдар (4 - 11%), пектин (0,3 - 1,2%), минералдық заттар (0,3 - 0,6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген Жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады.

1-сурет
Жүзім
Піскен Жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі кезеңнен (тынығу жәневегетация) тұрады. Тынығу кезеңінде жапырақтары түсіп, қоректік заттар сабағына, тамырларына жиналады. Вегетация кезеңі Жүзім бүршік жара бастағаннан жемісі толық пісіп, жапырақтары түскенге дейін созылады. Жүзім тұқымынан және вегетативтік тәсіл арқылы көбейеді. Тұқымынан көбейту жаңа сорт шығару үшін қолданылады. Негізгі вегетативтік көбейту түрлері - сүректелген не жасыл бұтағын қалемшелеу, сабағын сұламалау, ұластыру, т.б. Екпе шыбықтарынан отырғызылған Жүзім 2- 3-жылы өнім салады. Жүзімдіктер 40 - 50 жылға дейін пайдаланылады. Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда өсірілетін Жүзім сорттарының негізгілері: асханалық сорттар - інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары - рислинг,ркацители, алеатико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі, т.б. Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым - ампелография деп аталады. Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады.
Жүзім - шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды.[1]
Жүзім құрамында қант,органикалық қышқылдар, ферменттер, илік, азотты және пектинді заттар, С, В1, В2, В6, В12, Р, РР дәрумендері, өзектер, сонымен қатар минералдар мен микроэлементтер бар. Жүзім ағзаны холестериннен тазартады. Медицинада гемоглобинді көтеру үшін, қан аздыққа, бүйрек, жүрек, жүйке ауруларына қарсы, бронхит кезінде жөтел мен қақырық шығару үшін қолданады. Жүзім шырыны несеп және өт айдау үшін қолданылады. Қазіргі кезде ғалымдар жүзім сүйегінің қатерлі ісіктерге қарсы ем болатынын дәлелдеуде. Жүзімнен шырын, компот, тосап, мармелад жасайды. Жүзім шарап өндіруде кеңінен қолданады. Ал шарап жасаудан кейінгі қалдықтардан сірке қышқылы, этил спирті, эфир майы шығарылады. Сонымен қатар жүзімді кептіріп, мейіз жасайды.
Жүзім құрамындағы дәру-мендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол - сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәрyменінің белсенділігін арттырады. Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз, қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда өте көп кездеседі.
Дәрумендер мен минералдарға қоса, жүзімде жүйке жасушалары үшін қажетті 15 түрлі амин қышқылдары бар. Тіпті, барлық тіршілік иелерінде 20 шақты амин қышқылдары кездесетіндігін ескерсек, жүзі-мнің тамақ мәзірінде алар орнын ұғына түскендейміз. Қоректің ыдырауы нәтижесінде пайда болған немесе темекі, ішімдік, ауаның ластығы секілді зиянды қалдықтар капиляр тамырлардың қа-бырғаларын зақымдайды. Мұндай зақымдануға қарсы жүзімде кездесетін кейбір күшті антиоксидандар (еркін радикалдардың әсерін жоятын заттар) төменгі тығыздықтағы зиянды липопротейндердің (LDL) капилляр тамырларда түзілуіне бөгет келтіретін қасиетке ие. Осы тақырыпқа қатысты бір зерттеуде ірілеу қара жүзімнен жасалған жеміс шырыны берілген кісілерде LDL холестеролдың тотығуға ұшырамағандығы анықталған. Зертеушлілер егер көп уақыт ішілсе, жүзім шырынының LDL-ге деген әсерінің анағұрлым көбірек болатындығын аңғарған. Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр аурулары, анемия делінетін қан азаюды емдеуде көп қолданылумен қатар, құрамындағы жеміс қышқылдары (тартарик, малик, суксиник, фумарик, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанның тазаруы мен майдың еруіне де көмектеседі. Дененің вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді. Жоғары калориялы болуымен қатар құрамында өте аз мөлшерде май мен протеин болғандықтан жүзім өте тамаша қорекке жатады. Құрғақ жүзімде су аз болатындықтан оның калориясы өте жоғары, әрі темір мен кальцийге өте бай. Жүзім қатерлі ісіктен (рак) қорғау ерекшелігіне ие. Клетка іші молекулаларда ісік пайда болуына апаратын еркін радикалдар шабуылдап, тойтару - жүзімге берілген таңғажайып қасиет. Яғни, ол қатерлі ісік ауруының алдын алады. Екінші жағынан, жүзімнің құрамындағы ең маңызды зат-тардың бірі ресвератролдің де ракқа қарсы әсер ету күші бар екендігі 1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу еңбектерінде де анықталған болатын. Бұл зат өсімдіктер тарапынан өндірілетін фитоалексин тобына жатады.[4]

1.2. Кездесетін зиянды организмдері
Орта Азиядағы секілді Қазақстандағы жүзімдіктер Ресейдің басқа облыстарына қарағанда анағұрлым қолайлы жағдайда орналасқан. Өйткені біздің республикада филлоксера зиянкесі кездеспейді. Басқа жүзімдік аймақтарда шаруашылықтың негізгі шығынды осы зиянкес келтіреді, негізгі қаржы онымен күресу үшін жұмсалады.
Қазақстандағы жүзім сабақтары зиянкестерінің түрлік құрамы анықталмаған, дегенмен, жекелеген жылдарда бірқатар түрлері әжептәуір зиян келтіреді. Зиянды жәндіктердің ішінде ең алдымен,жүзім шоғы жапырақ ширатқышынатауға болады, ол күн өткен сайын өз ареалын кеңейтіп келеді. Ал, кенелердің ішінде қауіптісіөрмекші және бузғынша кенесі. Оңтүстікте екі жастағы жапырақ ширатқыш пен ұнтақты сымырлар әжептәуір зиян келтіруде. Бұдан өзге жүзім сабақтарында көптеген улы зиянкестер: зауза құрты, құрттар бар.
Жүзімнің беріш кенесі (Eriophyes vitis.) Өсімдік қоректі кенелердің төртаяқтылар тұқымдасына жатады. Жүзім өсірілетін аймақтарда таралған.
Денесінің ұзындығы - 0,14 - 0,18 мм, екі жұп аяғы болады, гистеросомасы біркелкі келген 80 сақинадан тұрады. Аяқтарының табан бөліміндегі қауырсын тәрізді қылшықтар сәуле тәрізді 5тармақты болады. Зиянкестің жыныс бездері жақсы жетілген.
Кенелер жапырақтың астыңғы бетін мекендеп, сонда қоректенеді. Жапырақтың кене қоректенген жері тереңдеп, шұңқырланады және оның үстін киіздей қалың түктер жауып тұрады. Ал жапырақтың кене қоректенген жерінің қарама-қарсы үстіңгі жағында беріш пайда болады.

2-сурет
Жүзімнің беріш кенесі (Eriophyes vitis.)
Алматы облысы жағдайында аталмыш зиянкес жылына 4 - 5 ұрпақ береді. Ұрпақтарының саны ауа райы жағдайларына және жүзімнің сорттарына байланысты өзгеріп тұрады. Кене әсіресе, Рислинг, Каверне, Совиньон деп аталатын жүзім сорттарын қатты зақымдайды. Кенелердің ұрғашылары жеміс бүршіктерінің сыртқы қабықшалары астында қыстайды. Көктемде жүзімнің өсу өркендері жалаңаштанған кезде кенелер қысқы мекендерінен шығады да, өркен бойымен өрмелеп қоректенуге, одан соң өсіп-өніп көбеюге кіріседі. Зиянкестің зақымдануы нәтижесінде жүзімнің сапасы нашарлайды, қышқылдылығы артып, қанттылығы төмендейді, онымен қатар өнімі де азаяды.

Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы (Polychrosis botrona Schiff.) Ресейдің жүзімді барлық аймақтарында, Молдавияда, Украинаның оңтүстігінде, Кавказ жағалауында және Орта Азияда кеңінен таралған. Қазақстанда бұл зиянкес Оңтүстік Қазақстан облысында ғана едәуір зиян келтірді. Гүлдермен, жидектермен, шанақтарымен қоректене отырып, жүзімдіктерге орасан зор зиян келтіреді, кей ретте өнімділік тек 20 - 40%-ды ғана құрайды. Жидектердің тауарлық сапасы бірден нашарлап, олар шіріп кетеді.
Тенгеқанаттылар отрядының жапырақширатқыштар тұқымдасына жатады.

3-сурет
Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы (Polychrosis botrona Schiff

Көбелек құрттары бүлдірген жүзімдер шырмалып қалады. Осының нәтижесінде берік өрмекші ұясы пайда болады, олар көбелек құрттарының жақсы қорғанысы бола алады. Жидектердің жұмсақ бөліктерін жеп, тұқымына тимейді. Бұл зиянкес те басқалар сияқты тиген мезетте тез жоғалып, төмен қарай кетіп қалады.
Көбелектердің қанаттары 12 - 14 мм-ге дейін жетеді. Алдыңғы қанаттары сарғыш қоңыр түсті, сарыдан өрнекті суреттері мен қоңыр, қара - көк дақтары мен ашық жолақтары бар. Артқы қанаттары сұр түсті, қанық талшықты және аздаған шашақты болады.
Жұмыртқалары сарғыш, сопақ пішіндес диаметрі 0,5 - 0,7 мм келеді. Олар жарыққа шығысымен күміс түске боялады да, жасыл фонда анық көрінеді. Көбелек құрттарының үлкенінің ұзындығы - 10 - 12 мм, 16 аяғы болады. Кішкентайлары ашық қоңыр реңдес, ұзындығы - 5 - 6 мм -ге жетеді. Олар сидам мен жең бұтақтардың тамырында, құрғақ жапырақтарда, кейде топырақта, басқа жерлерде қыстайды. Көбелектердің көктемгі буыны ауа райының жергілікті жағдайына сәйкес сәуірдің ортасы, мамырдың басында ұшып шығады. Жаппай ұшып шығуы жүзімнің гүлдейтін кезімен сәйкес келеді. Көбелектер шанақтарда жұмыртқасын қалдырады. Аналықтың көбею қабілеті 70 - 80 жұмыртқаға жетеді. Эмбриондық кезеңі - 7 - 10 күн. Көктемгі буыны аздау болады, өйткені, қыстап шыққан кішкентай құрттардың көп бөлігі жүзімдерді жерге қайта шығару мен төменгі температура әсерінен өліп қалады. Көбелектердің екінші буыны маусым айының екінші жартысында немесе аяғында ұшып шығады. Көбелектер жұмыртқаларын жас түйіндерге және ерте пісетін сұрыптарда жасыл жемістерге қалдырады. Олар оны бүлдіреді. Бір көбелек құрты 20 - 40 түйінді немесе 10 жеміске дейін зақымдай алады.
Жүзім шоғының жапырақширатқышы ең зияндысы - үшінші буыны. Олар жемістің жетіліп, пісуінің алдында (тамыз айының ортасы - аяғы, кейде қыркүйектің басы) ұшып шығады. Олар піскен жүзім шоқтарында дамиды да, жоғары зиян келтіреді. Бұл буынның жекелеген фазаларының даму ұзақтығы алдыңғы екеуінен қысқа болады. Ал, көбелектердің көбею бейімділігі жоғары болады. Бір қуыршақ 4 - 8 піскен жемісті бүлдіре алады. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында бұл зиянкес төрт рет көбейеді. Қыстаған кішкентай құрттар 25 - 26°С күшті аяздарды көтере алмайды, ал ұзақ аяздарда, тіпті - 10 - 12°С түгелдей дерлік өліп қалады. Осыған байланысты бұл зиянкестің таралуын қысқы мезгіліндегі климаттық жағдай анықтайды. Алматы облыстарында зиянкестің жаппай көбеюі мерзімдік сипатқа ие. Бұл зиянкестің көбеюіне қолайлы 18 - 25°С қалыпты температура және ауаның жоғары ылғалдылығы (70 - 90%). Керісінше, жоғары температурамен ( 32°С-жоғары) және ауаның төмен ылғалдылығында көбелектердің қалдырылған жұмыртқаларының көптеген бөлігі өліп қалады да, олар азаяды. Әсіресе, ықтасындағы жүзімдіктер көп зардап шегеді. Бұл зиянкес үшін түптің дамуы да анағұрлым маңызға ие. Аспалы дамыған түптер жақсы желдетіледі де, зияндылығы төмендейді.
Жүзім шоқтарының жапырақ шіратқышы жүзімнің барлық сұрыптарын бүлдіріп, зиян келтіреді. Әсіресе, рислинг, нимранг, каберне, шасла, саперави көбірек, күлгін мускат, алиготе, күлгін тайфи, т.б. әлсіздеу зақымданады.

Екі ұрпақты жапырақ ширатқыш (Clysia ambiguella Hb.) Молдавияда, Украина оңтүстігінде, Орта Азияда, Кавказ жағалауында және Қиыр Шығыста кездеседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында таралған.
Олардың зияндылығы жүзім шоқтарының жапырақ шіратқышына қарағанда анағұрлым төмендеу. Шанақтар мен гүлдерді жейді. Екінші буыны жидектерді бүлдіріп, жұмсақтарын жеп қояды. Бүлінген жидектер шикі күйінде шіриді, кеуіп кетеді.

4-сурет
Екі ұрпақты жапырақ ширатқыш (Clysia ambiguella Hb.)

Көбелектердің алдыңғы қанаттары сабан-сары түсті, артқысы суретсіз сұр болады. Көбелектердің ұзындығы 13 - 15 мм. Жұмыртқалары жылтыр, сарғыш түсті, сопақ пішіндес, 0,8 мм көлемде келеді.
Кішкентай құрттар қызыл түсті, ұзындығы 6 - 8 мм, аяқ жағында талшықтар бар. Олар сидам мен салалыбұтақтың тарамдалған тамырында, аспа бөренелерінің сызаттарында және басқа жерлерде қыстайды. Ерте пісетін сұрыптарда (мамыр айының 1 - 2 он күндіктері) шанақтау мерзімінде көбелектер ұшып шығады. Аналық жұмыртқасын жеке тұрған шанақ, гүлге немесе жас өркендер мен гүлсабағына қалдырады. Көбелектің көбею бейімділігі - 70 жұмыртқа. Эмбриондық кезеңі - 8 - 10 күн. Бір көбелек құрты 30 шанақты құрта алады.
Жүзім жемістерінің жетілуінің басталуымен көбелектердің екінші буыны жаппай ұшып шығу мерзімі сәйкес келеді. Олар жұмыртқаларын жемістерге салады. Эмбриондық кезеңі 6 - 8 күн. Олар жеміс жұмсағын жеп, қоректенеді. Бір жұлдызқұрт 17 - 20 жетілген жемісті бүлдіре алады. Бір жемістен бір жеміске өтіп жүріп, оларды торлайды, пішінсіз түйіртпектер жасайды. Көбелек құрттарының даму ұзақтығы 20 күн. Жемісті түгел жеп болғаннан кейін олар жемісті тастап шығады да, таса жерге қуыршақтарын салады. Бұл құрттар қыстап шығады. Бұлардың көбеюі үшін ауаның жоғары ылғалдылығы мен қалыпты температура қолайлы болып саналады.

Жүзім филлоксерасы (Viteus vitifolli Fitch).
Тең қанаттылар(Homoptera) отрядының филлоксера тұқымдасына жатады. Бұл зиянкестің отаны Солтүстік Американың оңтүстік шығыс бөлігі. Европаға ХІХ ғасырдың аяғында әкелінген.1880 жылы ол Қырымда, одан кейінгі жылдары Кавказдың қара теңіз жағалауында,Кубаньда және Тблисидің маңында табылған.Қазіргі уақытта филлоксера Молдавада, Укранинада,Солтүстік және Күнгей Кавказда таралған.Карантин зиянкесі болып есептеледі.Тек жүзім өсімдігін ғана зақымдайды.
Филлоксераның тіршілік әрекеті мен өсімдікті зақымдау сипатыжағынан бір-бірінен өзгеше болып келетін 2 түрі кездеседі;тамырлық және жапырақтық түрі.
Тамыр филлоксераның қанатсыз ұрғашыларының пішіні сопақша, түсі сарғылт-қоңыр, арқасы мен бүйір жақтарында 6 қатар болып,бойлай орналасқан күңгірт түсті бұдырмақтар болады, тұмсығы ұзын,артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен асып тұрады,мұртшалары қысқа, 3 буыннан тұрады,денесінің ұзындығы 1мм шамасындай.Бұл белгілер(денесінің ұзындығынан басқасы) тамыр филлоксерасының личинкаларына да тән.Жұмыртқалары алғашында ақшыл-сары болады да соңынан қоңыр түске көшеді,ұзындығы 0,3 мм шамасындай.Жапырақ филлоксерасының қанатсыз ұрғашысы сарғылттау жасыл түсті,жұмыр денелі,ұзындығы 1,25 мм-дей болады,тұмсығы қысқа, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деігейінен аспайды,арқасы мен бүйір жақтарында бұдырмақтар болмайды.Филлоксераның бұлардан басқа нимфа,қанаты және жысты ұрпақ деп аталатын түрлері де болады.
Жүзімнің америкалық сорттары мен америка-европалық будандарында филлоксера толық циклді болып, екі түрде де дамиды.Ал жүзімнің европалық және азиялық сорттарында тек тамыр филлоксерасы ғана дамиды.[2]
Филлоксера толық циклмен дамығанда оның І-ІІ жастағы личинкалары жүзімнің тамырында қыстайды.Көктемде топырақтың температурасы 13 0С-қа жеткенде олар жіңішке тамыршалардың шырынын сорып,қоректене бастайды. 20-30 күннен кейін личинкалар тамыр түрінің қанатсыз партогенездік ұрғашыларына айналады.Олардың әрқайсысы 40-100 жұмыртқа салып,одан соң өледі.Солтүстік аудандардың жүзім шаруашлықтарында филлоксераның бұл түрі осындай жолмен өсіп-өніп 4-5, ал оңтүстік аудандарда 7-8 ұрпақ беріп дамиды.Жаз кезінде личинкалардың бір бөлігі (кезбелер) жер бетіне шығады.Одан соң жердің жарықтары арқылы топыраққа қайта енеді де көрші өсімдіктердің тамырын мекендеп,тіршілік әрекетін жалғастыра береді.

5-сурет
Жүзім филлоксерасы (Viteus vitifolli Fitch).

6-сурет
Жүзім филлоксерасының жапырақты залалдауы

Маусым айының орта кезінен бастап кезбе личинкалардың кейбіреулері жүзім сабағының бойымен өрмелеп жоғары көтеріледі де қанатты ұрғашы бітелерге айналады.Олар ұшып-қонып жүріп жұмыртқаларын жүзім өсімдігінің жер үстілік мүшелеріне салады.Жұмыртқалардың үлкен-кішілігі әр түрлі болады.Олардың ірілерінен филлоксераның ұрғашылары, ал ұсақтарынан еркегі дамиды.Одан соң ұрғашы бітелер ағаш қабығының ішіне қыстайтын жұмыртқаларды салуға кіріседі. Олардың әрқайсысы бір-бір жұмыртқадан ғана салады.Көктемде сол жұмыртқалардан шыққан личинкалар жапырақтың үстіңгі бетіне сүлікше қадалып шырынын сора бастайды.Зақымданған ткань қалыптан тыс өсіп, жапырақтың астыңғы жағынан бұлтиып шығып тұрады,сөйтіп беріш пайда болады.Ал личинкалар беріштің ішінде қоректеніп,дамуын одан әрі қарай жалғастыра береді.18-25 күннен кейін бұл личинкалар жапырақ филлоксерасының қанатсыз партогенетикалық ұрғашыларына айналады. Олар беріштің ішінде 500 дейін (әр қайсысы) жұмыртқа салып,одан соң өздері өледі. 6-8 күннен кейін бұл жұмыртқалардан личинкалар шығады да жапырақтарда қоректеніп,жаңа беріштер түзеді.Зақымданған жапырақтардың ассимиляциялық қызметі нашарлайды, өсімдіктің өсуі тежеледі, беретін өнімі азаяды,көпшілік жағдайда өсімдік біржола тіршілігін жояды.Филлоксераның бұл түрі бір маусым ішінде 7-9 ұрпақ беріп өсіп-өнеді.
Екінші ұрпақтан бастап жапырақ филлоксерасының арасында ұзын тұмсықты личинкалар да пайда бола бастайды.Олар топыраққа еніп,одан тамырға өтеді де тамыр филлоксерасына айналады.
Филлоксера зақымдаған өсімдік тамырында пішіні құстың тұмсығына ұқсас ірілі-ұсақты ісік тәрізді өсінділер пайда болады.Олар әр түрлі микроорганизмдердің әсерінен тез бұзылып,шіри бастайды.Тамырдың өсуі тежеледі.Нәтижесінде зақымданған жүзім бұталары біржола өледі.[4]

Саңырауқұлақ аурулары
Оидиум(ақ ұнтақ). Ауру қоздырғышы - Uncinula necator Burril саңырауқұлағы (1-сурет). Жіпшумақ залалданған мүшеде дамып, үстінде мол конидиялар мен конидия тасушылар түзеді. Олар ауа толқынымен жеңіл таралып, тіршілігі 6 сағатқа созылады. Конидиялар жіпшеге өніп, одан жіпшумақ дамып, апрессориийларымен үлпаға тіркеліп , олардан клетка ішіне гаусторийлар еніп, саңырауқұлақты қоректендіреді. Инкубациялық кезеңі ауа-райына байланысты 4-12 күнге созылады. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы температура 20-25°С және 50-80% ылғалдылық.
Күзде жапырақтар мен өркендерде клейстотецийлер түзіледі, бірақ олар тез ыдырап, инфекцияны таратуда маңызды орын алмайды. Саңырауқұлақ жіпшелері қабық астында, бүршіктерде, өркен көзшелерінде қыстап шығады.
Өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі ауруға шалдығады. Аурудың алғашқы белгілері шілде айында, ал қоздырғыштың дамуына қолайсыз жылдары тамыздың екінші жартысында білінеді.
Жапырақтың үстіңгі бетінде сұрғылт жеңіл өңез пайда болып, өсе келе жапырақтың астыңғы бетіне, сағағынағ кейін өркеніне таралады. Соңынан залалданған жапырақта қоңыр, жансызданған ұлпа бөліктері пайда болады. Залалданған жапырақтар сынғыш келеді, щеті жоғары қайырылып қурайды.

7-сурет
Оидиум (ақ ұнтақ)

Кеселге шалдыққан өркен бетінде өңез пайда болып, астындағы ұлпалар қоңырланып, жайылған дақ түзіледі. Күзге қарай өңез тығыздалып, өркендер қызыл-қоңыр түске енеді.
Жидек беті ақ ұнтақ өңезбен жабылыпп, оның астында майда дақтар пайда болады. Ерте залалданған жидектердің өсуі тежеліп, қурап, вегетацияның соңына дейін өсімдіктен түспейді. Кеш залалданған жидектер жарылып, ішіндегі тұқымы көрініп, олар басқа микроорганизмдердің әсерінен шіриді.
Республиканың оңтүстік-шығысында аурудың алғашқы белгілері шілде айында, ал қоздырғыштың дамуына қолайсыз жылдары тамыздың екінші жартысында білінеді.
Ауру өте зиянды. Кейбір жылдары өнімнің 30-50%, ал шара қолданбаған жағдайда түгел жойылуы мүмкін. Егер ауру бірнеше жыл қатарынан дамыса, онда жүзімдіктер әлсіреп, өркендері нашар дамып, жетілмей, қурап, алғашқы күзгі суықта (-2, -30С) үсікке шалдығады.Жүзім түптерінің өнімі төмендеп, қысқы қолайсыз жағдайлардан толық жойылады. Залалданған жидектер шарап өндіруге жарамсыз болады. Ауруға шалдыққан жидектердің қанттылығы азаяды. Ерте пайда болған аурудың зияндылығы артады. Кеш залалданған өсімдіктің жапырағы мен шиені (жас өркені) ауруға шалдығып, бірақ жидектері сау қалады.

Милдью. Ауру негізінен республиканың оңтүстік-шығысында таралған, кейде батысында да кездеседі. Өсімдіктің барлық жер үсті бөліктері - жапырағы, жас өркендері, бітеу гүлдері, гүлдері, көк жидектері және мұртшалары залалданады.
Жапырақ бетінде ашық-жасыл, сарғыш түсті, дөңгелек майлы дақтар пайда болады. Бірнеше күннен кейін жылы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүзім шаруашылығының дамуындағы ғылымның рөлі
Орташа деңгейдегі жеміс
Алматы облысы Қарасай ауданындағы қырыққабаттың зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары
Жамбылобылысы шу ауданы жағдайында күнбағысты негізгі зиянкестері мен ауруларынан қорғау шараларын ұйымдастыру
Алматы облысы, Медеу ауданында алманы өсіру технологиясы және зиянкестерімен ауруларына кешенді химиялық қорғау жүйелерін пайдалану
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер
Жүзім зиянкестері
ШАРУАШЫЛЫҚТА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Орман шаруашылығы туралы ақпарат
Өсімдіктерді интегралды қорғау жүйесі бойынша сұрақ/жауаптар
Пәндер