MICROSOFT ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ .
1.1. Мәліметтер қоры туралы түсінік .
1.2. Microsoft Access бағдарламасы
2. MS ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫС 8
2.1. Мәліметтер қорын импорттау, экспорттау .
2.2. Microsoft Access бағдарламасында кестелерді жобалау 11
2.3. Кестелер арасында байланыс орнату 15
2.4. Мәліметтер түрлері мен қасиеттері
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиет
Мәліметтер (данные; data) – автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б. түрлерін атап өтуге болады. Мәліметтермен жұмыс жасау қор, яғни, олардың базасы болған кезде өте ыңғайлы. Себебі, мәліметтердің алуан түрлілігі олармен жұмыс жасау үшін тиімді тәсілдерді қажет етеді. Мәселен, сақталған мәлімет сипатына қарай фактографиялық және деректі деп бөлінсе, сол уақытта мәліметтер сақтау тәсілі бойынша да бірнеше түрге бөлінеді: орталық және бөлінген (1-кесте). Осылайша, мәліметтер жинақталатын ірі жүйелер ойлап табыла бастады.
Мәліметтер базасы (франц. Base, грек. Basіs – негіз)- қандай да бір салалық аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мәліметтердің өзара байланыстар жиынтығы, сондай-ақ, ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің (мәліметтердің) реттелген жиынтығы.
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – Пресс – книга», 2003г.
2. Тойлыбаев Н.С. Информатика. Дәрістер жинағы
3. Максутова Б. А. Ақпараттық технологиялар. Дәрістер жинағы, Алматы, 2017ж.
4. Microsoft Access [Электрондық ресурс]: онлайн энциклопедия. URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/Microsoft_Access

MICROSOFT ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
Мазмұны:
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
1. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ -
1.1. Мәліметтер қоры туралы түсінік -
1.2. Microsoft Access бағдарламасы 6
2. MS ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫС 8
2.1. Мәліметтер қорын импорттау, экспорттау -
2.2. Microsoft Access бағдарламасында кестелерді жобалау 11
2.3. Кестелер арасында байланыс орнату 15
2.4. Мәліметтер түрлері мен қасиеттері 17
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиет 19
КІРІСПЕ
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б. түрлерін атап өтуге болады. Мәліметтермен жұмыс жасау қор, яғни, олардың базасы болған кезде өте ыңғайлы. Себебі, мәліметтердің алуан түрлілігі олармен жұмыс жасау үшін тиімді тәсілдерді қажет етеді. Мәселен, сақталған мәлімет сипатына қарай фактографиялық және деректі деп бөлінсе, сол уақытта мәліметтер сақтау тәсілі бойынша да бірнеше түрге бөлінеді: орталық және бөлінген (1-кесте). Осылайша, мәліметтер жинақталатын ірі жүйелер ойлап табыла бастады.
Мәліметтер базасы (франц. Base, грек. Basіs - негіз)- қандай да бір салалық аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мәліметтердің өзара байланыстар жиынтығы, сондай-ақ, ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің (мәліметтердің) реттелген жиынтығы.
Мәліметтер базасын басқаратын ең көп тараған жүйелерінің бірегейі - Microsoft Access. Ол кез келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі туралы мағлұмат алу үшін немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, деректермен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылып отыр. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access - бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама.

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Мәліметтер қоры туралы түсінік
Мәлімет ұғымы жоғарыда айтылғандай, белгілі бір нысанда жасалатын ақпарат болып табылады. Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер (мәліметтер) қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ - берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады.
Деректер және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі типтері бар:
1) иерархиялық;
2) тораптық;
3) реляциялық.
Иерархиялық ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар жиыны.
Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек - жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.
Реляциялық ДҚ - да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар - жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өрістің негізгі ерекшелігі - бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы.
Реляциялық ДҚ құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б.
Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды. ДҚБЖ (МҚБЖ) - мәліметтер қорымен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында автоматтандырылған қолдануды, жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, мазмұнын өңдеуге және реттеуге арналған бағдарламалық құралдар кешені. Оның 3 түрі ажыратылады: мамандырылған, өнеркәсіптік және дербес.
Көптеген ДҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағананың қиылысуымен анықталады.
Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.
Мәліметтердің жіктелу критерийлері
Сипатына қарай
Сақтау тәсілі бойынша
Фактографиялық
Деректі
Орталық
Бөлінген
Қатаң белгілі бір форматта көрсетілген объектілер туралы қысқаша мәлімет. Мысалы: кітап авторы, басылған жылы, атауы.
Әр түрлі типтегі толық мәлімет: мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультимедиялық.
ЕЭМ-нің бір не бірнеше ауқымында біркелкі ақпараттық ауқым (массив) түрінде орналастырылған.

өзара желімен байланысқан көптеген компьютерлерде бір мәліметтер базасының әртүрлі бөліктері сақталса, бөлінген деп аталады.

1-кесте. Мәліметтердің түрлері

Microsoft Access бағдарламасы
Microsoft Acces- MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:
* 1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)
* 1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)
* 1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)
* 2001 Access 2002 (Office XP пакеті)
* 2003 Access 2003 (MS Office 2003)
* 2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)
* 2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)
MS Access өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдаланудың бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойынша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиімді.
Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типографиялық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрінде де қызмет етеді. Сонымен қоса, конструкторлік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды.
MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, осндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).

MS Access-тың негізгі қызметтері:
- кестелерді жобалау;
- кестелер арасында байланыс орнату;
- мәліметтер енгізу, оларды сақтау, сұрыптау, түрлендіру;
- туынды объектілерді қолдану.

ДҚБЖ
Access нұсқасы
Драйвер
Жаңартылатын сауал
Excel файлдары
барлығы
орнатылған
жоқ
SQLite

иә
MySQL
2000-2003
MyODBC v.3.51.X, 5.1.X
иә
PostgreSQL

иә
Firebird

иә
1C v.7.7 (dbf)
2003
Visual FoxPro ODBC driver v.6.01.8629.01
жоқ
Paradox

Oracle

Мәтіндік файлдар
барлығы
орнатылған
жоқ
HTML кестелер
барлығы
орнатылған
жоқ

2-кесте. MS Access-тың басқа деректер қорларымен үйлесімділігі

MS ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫС
Мәліметтер қорын импорттау, экспорттау
Access-те мәліметтермен жұмыс жасау тәртібін түсіндірмес бұрын, Microsort Access ДҚБЖ - мен жұмыс істеу негіздерімен танысқан жөн. Access-пен жұмыс істеу тәртібі:
oo MS Access-ті стандартты іске қосу командасы: Пуск - Программы - MS Access. MS Access программасы жүктелгеннен соң экранда сұхбаттық терезе шығады. Бұл терезеде MS Access қолданушыға үш нұсқаның бірін таңдауды ұсынады: Жаңа ДҚ-рын құру шебері; Шеберді іске қосу; Бұрыннан бар ДҚ-рын ашу.
oo ДҚ-рын жаңадан құру қажет болса, тышқан нұсқағышымен Жаңа ДҚ-рын құру жағдайын белгілеп, ОК батырмасын шертеміз. Сол кезде Жаңа ДҚ-ның атын және оның орналасу бумасын көрсетуді сұрайтын сұхбаттық терезе шығады.
oo Терезеде қажетті бума таңдалып, файл атауы енгізілген соң және файл типі көрсетілген соң Құру (Создать) батырмасы басылу керек. Экранда ДҚ терезесі көрінеді.
Access программасының 7 объектісі бар: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль және беттер.
Кесте - жазбалар мен өрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі, Кестелерде берілгендер сақталады.
Сұраныс - берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді зерттейді, іріктейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни өңдейді.
Қалып (форма) - кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.
Есеп (отчет) - кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы мәліметтерді редакциялауға болмайды.

Макрос - макрокомандалар жиынтығы. Егер ДҚ-да қандай да бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста жинап, оған пернелер комбинациясын сәйкестендіруге болады.
Модуль - Visual Basic тілінде жазылған ішкі программалар. Егер Access-тің стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмас, онда бағдарламалаушы ішкі программалар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.
Беттер - әр түрлі типтегі Web-құжатты құруға мүмкіндік береді. Келісілген типтегі Web-құжатты құру үшін HTML тілінің нұсқалары (шаблондары) қолданылады.
ДҚ терезесінің оң жағында үш командалық батырма орналасқан:
1) Ашу - таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп шығуға, жаңа жазба қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады;
2) Конструктор - таңдалған объект құрылымын ашып, оны түзету және оны өзгертуге мүмкіндік береді. Егер объект кесте болса, онда оған жаңа өрістер енгізуге немесе ондағы бар өрістердің қасиеттерін өзгертуге болады. Яғни, бұл режим ДҚ-рын құрастырушылар үшін қажет;
3) Құру - жаңа объектілерді құру үшін керек.
MS Access программасында құрылған ДҚ-ның кеңейтілмесі .mdb болып келеді.
Мәліметтер қорын импорттау, экспорттау. Мәліметтердің әртүрлі файлдар, бумалар мен пішімдерде жиналу қасиеті бар, сондықтан оларды пайдалану қиынға соғады. Электрондық кестелер, SharePoint тізімдерінің деректерін және басқа да форматтағы деректерді қолайлы пайдалану мақсатында MS Access-ке импорттауға болады.
Мәліметтерді импорттау үшін:
oo Біз Новая база данных ауыстыру қосқышын таңдаймыз және OK батырмасын шертеміз. Мұнда файлдың атын және оның орналасуын көрсетеміз. Создать батырмасын шертеміз. Деректер базаның терезесі пайда болады;
oo ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Информатикадан негізгі мәліметтер
Балабақша деректер қоры
MS Access бағдарламасы
Мәліметтер қорының қасиеттері
Бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдеу технологиясы
Мәліметтер қоры туралы ақпарат
Әлемнің әуе компаниялары сыйлығы Орталық Азия мен Үндістандағы үздік қызметі номинациясында
Деректер қорының құрылымын құру
Пәндер