Қиын балалардың психологиялық-педагогикалық жағдайлары және оларға көмек көрсету жолдары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ ТАҚЫРЫБЫ:

Қиын балалардың психологиялық-педагогикалық жағдайлары және оларға көмек көрсету жолдары.

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ… . . . 3

1 бөлім. ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 7

.

1. 1 «Қиын» балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері . . . 7

1. 2 Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама . . . 13

1. 3 Қиын балаларды тәрбиелеудегі педагогикалық сипаттама . . . 19

1. 4 Қиын балалардың қарым-қатынас жасаудағы бірқатар қиыншылық сипаттары . . . 23

1. 5 Қиын балалармен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері . . . 25

2 бөлім. ҚИЫН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫ . . . 29

.

2. 1 «Қиын» балаларды анықтау жолдары . . . 29

2. 2 Қарым-қатынаста қиындықтары бар балалар үшiн

ойындар мен жаттығулар . . . 33

2. 3. Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

ҚОСЫМШАЛАР . . . 63

КIРIСПЕ

Зерттеу жұмысының ө зектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жасөспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігімөздің негізгі шарты.

Адам адам болып жарытылғаннан соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы мәселе - бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.

Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.

Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және тәрбиелеу істерінде жалпыға бірдей шараларына көбірек көңіл бөлінеді. Бұл мектепте балалармен жеке жұмыстар жүргөзілмейді деген сөз емес. Оқушылар арасындағы олардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырылу жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды.

Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы - олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты.

Мектептегі оқушылар арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі.

Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.

Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды.

Оқушылар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол баланың оқу-тәрбие істерінде де елеулі орын алады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектіліг осы мәселелерді дұрыс жолға қоюға арқылы мектеп тәжірибесіне көмектесу керектігінен туындайды.

Қазіргі кезде мектеп өмірінде қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың туындауына кез-келген жағдай әсер ете береді. Туындаған мәселені шешу мектеп психологының негізгі психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз.

Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету актуалдылығы ешқашан төмендемеген.

Сондықтан мектеп сыныптарында туындайтын қарым-қатынас жасауда қиыншылықтары бар балаларды анықтап, оларға дер кезінде көмектесу- қазіргі мектеп алдында, қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі.

Диплом жұмысының мақсаты: Әртүрлі жас кезеңінде балалардың топтан оқшаулану себептерін зерттеу арқылы оларға психологиялық көмек көрсетужолдарын анықтау.

Зерттеу обьектісі: Мектеп жасына дейінгі және мектеп кезеңінде ұжымнан оқшауланған балалар.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі және мектеп кезеңіндегі балалардың қарым-қатынасындағы оқшаулану ерекшеліктері мен психологиялық көмек көрсету жолдары.

Зерттеудің негізгі жорамалы: Мектеп жасына дейінгі және мектеп жас кезеңінде балалардың сыныптан оқшаулануы сол жас кезеңіндегі даму дағдарысын өткізу ерекшелігіне байланысты туындайды.

Зерттеу мақсаты мен ұсынылған жорамалға сәйкес қойылған міндеттер:

  • Балалар ұжымындағы қарым-қатынас және оқшаулану мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
  • Мектептегі сыныптық ұжымда балалардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.
  • Баланың ұжымнан оқшаулану себептерін анықтау және соған байланысты қарым-қатынасында проблемасы бар балаларды жіктеу.
  • Сыныптан тыс қалған балаларды топқа әлеуметтендіру шараларын қарастыру және оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.
  • Қарым-қатыныасында проблемасы бар балаларға арналған ойындар мен тапсырмалар жиынтығын құрастыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Л. С. Выготскийдің балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру теориясы, В. Н. Мясищев, С. Л. Рубинштейн, Л. И. Божович еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселесіне арналған ілімдер, педагогика және психология ғылымындағы А. С. Макаренконың “жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады” қағидасы, О. Осадьконың оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасы мен қарым-қатынасқа түсу стиліне байланысты, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигөзетінін дәлеледейтін зерттеулер - біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық жақтарына арқау болды.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Топтағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірнеше әдістер мен әдістемелер қолданылды. Баланың топтан оқшаулану мәселесіне арналған әдебиеттерге теориялық талдау әдістері, социометриялық әдістеме (мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған вариант), топтағы сыныптастарына баға беру әдістемесі, адамдардың бір-біріне тартымдылық деңгейін зеттеу әдістемелері, хронометрлі бақылау әдістемелері, анкета, бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата-аналарға арналған сауалнамалар, балалар мен ата-аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар, жанұядағы және ата-ана мен бала арасынлдағы қарым-қатынас шкаласы, бала мінезіндегі кешеуленуді білдіретін регистрация парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылды.

Диплом жұмысының жаңалығы: Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты, жас даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасауға қиналатын балалармен жұмыс жүргөзу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы: Мектеп жасына дейінгі және мектеп қабырғасындағы оқушылардың құрбыларымен қарым-қатынасы мен әлеуметтік ортада алатын орны бала психикасының дамуының қайнар көзі. Олай болса, бұл мәселелердің теориялық тұрғыда заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін ашудың мәні зор. Зерттеу жұмысымызда бала-бақша және мектеп қабырғасында жиі кездесетін проблема - топтан оқшауланған балаларды анықтаудың жолдары көрсетілген, топтан оқшаулану себептері ашылған, сондай-ақ мұндай балалармен нәтижелі жұмыс жүргөзуге арналған кеңестер мен психологиялық қызмет жолдары көрсетілген. Зерттеу жұмысымызда қарастырылған материалдардың барлығы дерлік мектеп психологының теориялық білімін жоғарылатып, қарым-қатынаста проблемасы бар балаларды анықтап, олармен жұмыс жүргөзу шеберлігін арттырады.

Зерттеу жұмысының базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, “Дарын” арнайы мектебі және Қ. Сатбаев атындағы орта мектептің мектепке даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушылары.

Диплом жұмысының құрылымы мен кілемі: Бітіру жұмысы кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған 58 әдебиеттер төзімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 84 бет.

  1. Қиын балалардың жағдайы

1. 2 Қиын» балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері.

Мінез-қүлқында қиыншылығы бар окушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі - тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

Қиын оқушылардың өскен ортасын, яғни отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай: бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі.

Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.

Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы; қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі; шектен тыс қамқорлық т. б. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен оқушы ешқандай күш жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе алмайды (отбасының еркесі) . Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады («золушка» - «өгей қыз») . Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі.

Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жүмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б. Г. Божович, И. С. Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.

Д. Б. Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста оқушылар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер оқушы мұғалімнің сыныпта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде оқушылар мүғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мүғалімнің айтқаны олар үшін - заң. Егер де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын тартатын оқушысы басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады.

Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлга ретінде калыпасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез - құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан, ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен. балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-қүлқының калыптасуында қиындыктар пайда болады.

Егерде зерттелу нәтижесінде мінез-кұлқында киындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі калыпты болады.

Көбінесе баланың мінез-кұлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл - отбасы кемшілігі.

Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын жеткіншек жастағы сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік-психологиялық дезадантацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына мінез-құлық бұзылуының клиникалық және кримонологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л. С. (1928ж) еңбектерінде талқыланды, сондай -ақ макаренко а. с. тәжірибелерінен де ұлкен орын алды. Бұл мәсленің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.

Баланың жеке қасиеттерінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Мысалы, бұл тұрғыда Әль-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, бала да ең алдымен өсіп өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Ана құрсағында-ақ тән сүйегі, біртіндеп дән, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлы не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.

Оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай - осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.

Баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бүл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір- бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылык орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарга ұшырайды: болашақта кім болатынын, омірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.

Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым- қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мүндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.

Балалалрдың дене мүшелердің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінін ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жсткіншекте «өзін жарым-жан сезінуі деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.

Балалардың жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар:осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.

Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп
мүғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткінішектің, айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді. .

Жеткіншек жастың ерекшеліктері: барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі; үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы; үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.

Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады (Блонский П. П. ) . Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты орын алып отыр.

Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.

Мінез құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек.

Конформдық түрге жататын балаларға қайырымдылық, жақсылық жасалынатын қатынастар, олардың адалдық және ынталылылықтарын мадақтап, дем беретін қолайлы орта болуы қажет.

Мазасыз түрге жатататын балалар тыныш, қайырымды жағдайды қажетсінеді. Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал.

Мұғалімдер мен тәрбиешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және әлеуметтік мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара қатынастарын «жақсартуға» көмек қолын тигізуі керек.

Инфантильді түрге жататын балалардың тұрақты оқуға деген қызығушылығын, мультивациясы мен дағдысын кеңейту, белсенді ойлау әрекеттері мен ойын әрекеттеріне еліктіру, қызығушылықтарын арттыру, дербестікке ынталандыруды қалыптастыру қажет.

Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластықққа лайық екенмін деп санайды, ал егер керісінше оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа түк қалмайды және бұл жағдайды баланың реакциясы әртүрлі (апатия, синизм (шектен шыққан арсыздық), агрессия және т. б. ) болады.

Қазіргі зерттеулерге қарағанда тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиа баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтықққа соқтырады. Міне, тәртіп бүзу содан паида болады. Тәртіп бүзушылқтың салдарының негізгі-сабаққа үлгере алмаушылқ. Кейбір оқушы қатар - құрбыларынан сабақта артта қалып қойып тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды. Өйткені тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық ата-ана бірлігінің жоқтығына жәнебаласына қойған талаптың әр түрлі болып келуіне байланысты.

Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастырғанда, оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын, олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс. Оқушының ішкі позициясы жеке адамның дербес қасиеті болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Толық емес отбасында балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Отбасылық тәрбие
Мектеп психологының атқаратын негізгі қызметі
Әрбір қиын баланы
Көру кемшілігі бар балаларды мектепте оқыту
Мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншектердің өзіндік сана-сезімдерінің ерекшеліктері
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы
Үлгермеушіліктің себептері мен үлгермейтін оқушылардың типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz