Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

Көрсеткіш
Мәні
Көрсеткіш: Актіні қабылдау күні
Мәні: 29. 06. 2011
Көрсеткіш: Актіні өзгерту күні
Мәні: 04. 12. 2015
Көрсеткіш: "Әділет" АҚЖ ресми жарияланған күні
Мәні:
Көрсеткіш: Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат
Мәні: ЖОҚ
Көрсеткіш: Акт нысаны
Мәні: Жарлық, Бағдарлама
Көрсеткіш: Құқықтық қатынас саласы
Мәні: Мемлекеттік нышандар. Мемлекеттік тіл, Мемлекеттік бағдарламалар, тұжырымдамалар
Көрсеткіш: Заңды күші
Мәні: Жарлық
Көрсеткіш: Актіні қабылдаған орган
Мәні: Қазақстан Республикасының Президенті (бұрынғы атауы: Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Президенті; Қазақ ССР Президенті)
Көрсеткіш: Әрекет аймағы
Мәні: Қазақстан Республикасы
Көрсеткіш: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі
Мәні:
Көрсеткіш: НҚА ережешығармашылық органмен берілген тіркеу нөмірі
Мәні: 110
Көрсеткіш: Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Мәні:
Көрсеткіш: ӘМ тіркеу күні
Мәні:
Көрсеткіш: Деректер базасының бөлімі
Мәні: Конституциялық құрылыс және мемлекеттік басқару негіздері
Көрсеткіш: Ведомствоның актісін тіркеген орган
Мәні: ЖОҚ
Көрсеткіш: Актіні қабылдау орны
Мәні: Астана қаласы

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 110 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011 - 2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама паспорты

Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04. 12. 2015 № 126 Жарлығымен.

Бағдарламаның атауы
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарламаның атауы: Әзірлеу үшін негіз
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Орталық және жергілікті атқарушы органдар
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаның мақсаты
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.
Бағдарламаның атауы: Міндеттері
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;
мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру;
мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
тіл мәдениетін жетілдіру;
коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;
Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену
Бағдарламаның атауы: Іске асыру мерзімі
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: 2011 - 2020 жылдар
бірінші кезең: 2011 - 2013 жылдар
екінші кезең: 2014 - 2016 жылдар
үшінші кезең: 2017 - 2020 жылдар
Бағдарламаның атауы: Нысаналы индикаторлар
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Мыналарды:
1) мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін (2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%) ;
2) мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%) ;
3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2014 жылға қарай - 53%, 2017 қарай - 62%, 2020 жылға қарай - 72%) ;
4) тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесін (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%) ;
5) қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесін (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%) ;
6) республикадағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2020 жылға қарай - 90%) ;
7) этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 80%) ;
8) республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 22%, 2020 жылға қарай - 25%) ;
9) республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 17%, 2020 жылға қарай - 20%) ұлғайту.
Бағдарламаның атауы: Қаржыландыру көздері мен көлемі
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: 2011 - 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгені құрайды. 2011 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

Кіріспе

Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04. 12. 2015 № 126 Жарлығымен.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығыменбекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, Ел бірлігі доктринасына, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарына сәйкес әзірленді.
Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген, тіл мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген.
Бағдарламаны әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты мәселелерінің құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді.
Бұл құжат қоғамдық өмірдің барлық саласында тілдерді дамыту мен қолдану және мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасауға байланысты өзекті проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын.
Ел бірлігі доктринасында мемлекеттік тіл жалпыұлттық және рухани бірліктің басты факторы, негізгі басымдығы ретінде айқындалған. Оны меңгеру әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті саналып, жеке өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс.
«100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, сондай-ақ қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторы ретінде үштілді білім беруді дәйекті түрде дамыту болып табылады.
Бағдарламада белгіленген мақсаттар мен міндеттер Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне арнап уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар жалпыұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарламаның барлық іс-шаралары Конституцияның 7-бабына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысына барынша сәйкес түзілген.
Бағдарламаны іске асырудың нәтижелі болуы жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және негізгі бағдарламалық іс-шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына кіріктіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар, бұл шаралардың практикалық нәтижесіне қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілері, оның ішінде ұлттық компаниялар мен қаржылық ұйымдар күш жұмылдыруға тиіс.

Қазіргі ахуалды талдау

Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04. 12. 2015 № 126 Жарлығымен.

Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.
1997 - 2000 жылдары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына және Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998 - 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бекітілуіне орай қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізі қалыптаса бастады.
2001 - 2010 жылдары Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тіл құрылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлылығы» ұлттық мәдени жобасын іске асыру жұмысы басталды.
Бағдарламаны іске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы тіл құрылысының келешекпен сабақтас негізін қалады:
1) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейді: қазақ тілінде оқытып, тәрбиелейтін ұйымдар (балабақшалар мен шағын орталықтар) - 5644, мектептер - 3798, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары - 88;
2) іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенділікпен іске асырылып келеді (мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы шамамен 88 %-ды құрайды) ;
3) мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы әзірлену үстінде (көп деңгейлі оқу-әдістемелік кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана 10 түрлі сөздік, жалпы таралымы 260 мың дана екі және үштілді 8 салалық сөздік жарық көрді) .
2011-2014 жылдары:
1) 168 баспа жобасы, оның ішінде 48 оқу-әдістемелік құрал, балаларға арналған 35 кітап, 36 салалық сөздік және танымдық, ғылыми, публицистикалық 49 кітап жарық көрді. «Қазақ сөздігі» қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі, инновациялық негізде әзірленген «Даналық әліппесі» оқыту кешені жарық көрді. »;
2) бірқатар тележобалар, реалити-шоулар, қазақ тілін оқыту сабақтары, анимациялық фильмдер және т. б. іске асырылды;
3) ІЕLТS (Ұлыбритания) және ТОЕҒL (Америка Құрама Штаттары) жүйелері бойынша тілді білуді бағалаудың көпдеңгейлі жүйесі негізінде «Қазтест» жүйесі әзірленді;
4) қазақ тілін оқыту орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасы әзірленді;
5) шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдауды ұйымдастыру жүйелі түрде жүргізіліп отыр. Шетелде тұратын отандастарды қолдау мақсатында тұрақты түрде Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші құрылтайы мен өнер фестивалі, сонымен қатар шетелде тұратын отандастарымыздың өмірлік іс-әрекетінің мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулер жүргізіледі;
6) Қазақстандағы этностардың тілдерін оқыту бойынша көптілділіктің инновациялық әдістемесі әзірленді;
7) мемлекеттік тілді үйрету процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-портал (сервистің 20-дан астам түрі) құрылып, үнемі жаңартылып тұрады;
8) қазақтілді интернет-ресурстарды, контенттерді дамыту мақсатында тілді қашықтықтан оқыту курстарының саны ұлғайды;
9) мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығаюда (мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) контентінде электрондық БАҚ-та қазақ тілінде хабар тарату көлемі, сондай-ақ баспа БАҚ-тағы мемлекеттік тілдің үлесі 50 %-дан жоғары) .
Қазіргі уақытта отандық телевизиялық арналарда қазақ тіліндегі шығармашылық және авторлық бағдарламалардың үлесі артуда;
10) шетелде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде;
11) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы және бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылданды;
12) Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.
Алдағы онжылдық кезеңдегі (2011-2020 жылдардағы) тіл құрылысының қисыны елімізде бірқатар проблемалық аспектілердің бар болуымен байланысты.
Алдағы онжылдықтағы (2011 - 2020 жылдардағы) тіл құрылысының қисыны елімізде бірқатар проблемалы аспектілердің бар болуымен байланысты.
Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі. Бұл проблемалы аспект мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдіснамасы мен стандарттарының, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының даярлық деңгейінің төмендігімен, қазақ тілін оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірыңғай стандарттарының болмауымен, мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру және мониторинг жасау жүйесінің болмауымен тікелей байланысты.
Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі. Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заңның, ғылымның және жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде таныту сияқты мәселелердің маңызды тізбесі проблемалы болып табылады, сондай-ақ тіл саласындағы кейбір келеңсіз дақпырттар мен таптаурын пікірлер де осы проблемалардың қатарынан орын алып отыр.
Қазақстан қоғамындағы тіл мәдениетінің төмендеуі. Көрсетілген аспектіде терминология, антропонимика және ономастика салаларындағы проблемалар, сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ үйлесімді тілдік орта құру қажеттілігі лингвистикалық кеңістікті одан әрі өрістетуде айтарлықтай қиындықтар тудырып отыр.
Осы ретте тіл мәдениеті нормаларының сақталуы бойынша шаралар ұйымдастыру көзделеді.
Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттілігі. Бұл аспектіде қазақстандықтардың бәсекелестік басымдығы ретінде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтауға, Қазақстан мәдениетінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этностардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар жиынтығы бар.
Осы проблемаларды шешудің және нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудің басым қажеттілігі бағдарламаның мынадай мақсаттары мен міндеттерді көздейді.

Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04. 12. 2015 № 126 Жарлығымен.

Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.
Бағдарламалық мақсаттар:
1) мемлекеттік тілді меңгеруді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдеріне қол жеткізу;
2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу;
3) дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті;
4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
1) мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін (2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%) ;
2) мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%) ;
3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 62%, 2020 жылға қарай - 72%) ;
4) тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылауға қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесін (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%) ;
5) қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесін (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%) ;
6) республикадағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2020 жылға қарай - 90%) ;
7) этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 80%) ;
8) республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 22%, 2020 жылға қарай - 25%) ;
9) республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай 17%, 2020 жылға қарай - 20%) ұлғайту.
Міндеттер:
1) мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
2) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
3) мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;
4) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;
5) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
6) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
7) тіл мәдениетін жетілдіру;
8) коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;
9) Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
10) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.
Нәтижелер көрсеткіштері:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқытылатын болашақ қазақ тілі пәні оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адам) ;
2) онлайн режимінде қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 90%) ;
3) мемлекеттік тілді оқитындар санының өсуі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%) ;
4) «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2017 жылға қарай - 25%, 2020 жылға қарай - 35%) С1 деңгейінде (2017 жылға қарай - 5%, 2020 жылға қарай - 15%) ;
5) «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі (2017 жылға қарай - 10%, 2020 жылға қарай - 20%), С1 деңгейінде (2017 жылға қарай - 5%, 2020 жылға қарай -10%) ; »;
6) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолданылуына бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі (жыл сайын 10%) ;
7) мемлекеттік БАҚ эфиріндегі мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсуі (жыл сайын 10%) ;
8) мемлекеттік тілде шығатын баспа БАҚ-ты қолдауға бағытталған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын 50%) ;
9) көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 100%) ;
10) терминологиялық комиссия бекіткен терминдердің саны (2017 жылға қарай - 18000, 2020 жылға қарай - 27000) ;
11) қазақ және ана тілдерін үйрету бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%) ;
12) орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының үлесі (2014 жылға қарай - 50%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 100%) .

Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға
қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04. 12. 2015 № 126 Жарлығымен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бағдарламала - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы ақпарат
Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Қазақ халқының ұлттық тілі - қазақ тілі, ұлттың өмір сүруінің барлық саласында пайдаланылатын ана тілі
Жаһандану мен жергілікті мәдениет
Бейінді оқытудың әдістемелік негізі
Тіл - үлкен саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz