Ауған ақиқаты



I Кіріспе бөлім. Ауған ақиқаты

II Негізгі бөлім. Тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай жүрген ауған соғысы

III Қорытынды. Ауған соғысы жайлы көрсеткіш
Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен жабдықталған осынау көрме арқылы сол бір сұрапыл соғыс болған ХХ ғасырдың 80-жылдарына ораламыз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар . Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 21 жыл толып отырғанда бұл соғыстың қалай басталғанына тағы да бір зер сала, сараласақ....
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингент Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған әр елден, сондай-ақ 22 мың қазақстандық қатысты.
Ауған соғысы- КСРО Қарулы Куштердің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген «халықтық-демократиялық үкіметі» қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, «интернационалдық әскери жәрдем береміз» деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл «қырғибалық соғыс» кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздіқ комитеті (МҚК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясы (АХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. «Хальк» тобын Н.М. Тараки, Х.Амин, ал «Парчам» тобын Б.Кармаль басқарды.
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 1 том.
2.Болат Сайлан «Ауғанстан: сәуір төнкерісі бастаған соғыс» .
Егемен Қазақстан 28 қаңтар 2009 ж.
3.Болат Сайлан «Ауған синдромы» .Егемен Қазақстан газеті .25 ақпан 2009ж.
4. Қ.Жұмалиев «Ерлікке тағзым етеміз» Орал өңірі . 12 ақпан 2009ж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе бөлім. Ауған ақиқаты

II Негізгі бөлім. Тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай жүрген ауған соғысы

III Қорытынды. Ауған соғысы жайлы көрсеткіш

Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен жабдықталған осынау көрме арқылы сол бір сұрапыл соғыс болған ХХ ғасырдың 80-жылдарына ораламыз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма? - деген ойлы сөзі бар . Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 21 жыл толып отырғанда бұл соғыстың қалай басталғанына тағы да бір зер сала, сараласақ ...
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингент Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған әр елден, сондай-ақ 22 мың қазақстандық қатысты.
Ауған соғысы- КСРО Қарулы Куштердің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген халықтық-демократиялық үкіметі қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл қырғибалық соғыс кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздіқ комитеті (МҚК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясы (АХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. Хальк тобын Н.М. Тараки, Х.Амин, ал Парчам тобын Б.Кармаль басқарды.
1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен АХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхамед Дауд үкіметі АХДП-ға қысым жасап, 1978 жылы 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күші көтеріліп, Дауд бала шағасымен қазаға ұшырады.Сөйтіп Ауғанстанда АХДП билігі орнады.Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымастық туралы шартқа отырып Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті.
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттерінің қатысуымен де ұзаққа созылды. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырды.Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МҚК Аминді қызметінен шететтіп, парчамшылдарды билікке әкелуге әрекетенді. 1979 ж.8 желтоқсанда КОКП Бас хатшысы Л.И.Брежнев кабинетінде мәжіліс болып, оған КОКП ОК Саяси Бюросының шағын тобы: Ю.Андропов, А.Громыко, М.Суслов және Д.Устинов қатысты. Олар Ауғанстан төңірегіндегі қалыптасқан жағдайларды талдай келіп, екі вариантпен жұмыс істеуді шешті: Мемлекттік Қауіпсіздіқ Комитетінің (МҚК) арнайы қызметкерлерінің қатысуымен жаңадан үкімет басына келген Ауғанстан басшысы Х.Аминнің көзін жойып, оның орнына Бабрак Кармальды қою; бұл мақсатты орындау үшін Ауғанстан территориясына әскердің кейбір құрамаларын жіберу мәселесі қаралды.
1979 жылдың 10 желтоқсанында КСРО Қорғаныс Министрі (ҚМ) Д.Ф.Устинов Бас штабтың бастығы Н.В.Огарковты өзіне шақырып алып, оған Саяси Бюро Ауғанстанға кеңес әскерлерін уақытша енгізу үшін алдын-ала шешім қабылдағанын айтып, шамамен 75-80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді. Н.В.Огарков бұл тапсырманы таңдана отырып, 75 мың адам ондағы жағдайды тұрақтандыра алмайтынын, бұл ақылға сыймайтын іс екенін айтты.
Осы күні КСРО ҚМ-нің Бас штаб бастығы Н.В.Огарков тез Л.И.Брежневтің кабинетіне шақырылды.Онда Саяси Бюро деп аталатындар жиналды ( Ю.Андропов, А.Громыко және Д.Устинов). Бас штабтың бастығы ауғандық мәселені күш қолдану арқылы емес, саяси жолмен шешу керек екендігін қатысып отырғандарға қайта түсіндіріп бағуға тырысты.Саяси Бюроның бұл кездегі шешімі Н.В.Огарковтың ғана емес, оның бірінші орынбасары С.Ф.Ахромеевтің де және Бас оперативті басқарма бастығы В.И.Варенниковтің кеңес әскерлерін Ауғанстанға енгізу жөніндегі ынтасын тудырмады.Олар мұндай жолға қадам жасауға тек саяси көзқараспен ғана қарап қоймай, терең ойлана қарады. Вьетнамдағы АҚШ интервенциясы мысалға алынды.Бірақ Кремль көсемдері әскери маман кадрлардың уәждерін құлақтарына да ілмеді.
Соңғы саяси шешім желтоқсанның 12-і күні түс ауа шағын ғана кеңес басшыларының тобымен шешілді. Онда Брежнев, Суслов, Андропов, Устинов және Громыко болды. Косыгиннің кейбір естелік жазбаларына көз тастасақ, ол болмағанын, бұл уақытта сырқатанып жатқанын жазыпты. Осылайша жағдай КОКП ОК Саяси Бюросының толық мүшелерінсіз-ақ шешілді.
Соңынан Саяси Бюроның жазба түрінде қаулысы шықты, оған Саяси Бюро мүшелері толық өз қолдарын қойды.
Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі- ауған соғысы. Бұл соғыс әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай жүр. Ауған даласында қан төккен кеңес әскерлерінің қатарында, бауырлас елдің бірі саналған Қазақстаннан қазақстандық сарбаздар да болды. Жат жерде соғысқан 900-дей жауынгерлердің барлығы кебенек киіп аттанғанымен, кебін, мырыш табытпен елге оралғандары аз емес.
Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән-жайын ұғар-ұқпастан кете барды. Талайдың тағдырын тәлтекке салған Ауған соғысы он жылға созылды. Мұнда қаншама жас қыршынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті- бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие- Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді.
Бұл соғыстың абырой әпермейтінін Кеңес үкіметінің басшылары арада 3-4 жыл өткеннен кейін түсіне бастады. Бірақ бұл кезде болары болып, бояуы сіңген еді. 1983 жылдың 19 мамырында Пәкістандағы елші В.Смирнов КСРО-ның Ауғанстандағы әскерлер контингентін алып шығуға мүдделі екендігін ресми түрде жариялады.
Саяси Бюро осылайша балшыққа кіріп алып, енді былғанбай шығудың жолдарын іздестіре бастады. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХVII сьезінде М.Горбачев әскерді кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару жоспарын жасау керектігін мәлімдеді. Ал
13 қарашадағы Саяси бюроның отырысында М.Горбачев: Біздің Ауғанстанда соғысып жатқанымызға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауған соғысы тарихқа енді
Өлке тарихын оқытудағы инновациялық стратегиялар және патриотизмге тәрбиелеу мәселелері
Ауғанстан: сәуір төңкерісі бастаған соғыс
Қазақстан ашаршылық жылдарында
Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылық
Мұхаммед пайғамбар (с.а.у) адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы
Қадырғали Жалайыр
Қазақстанда мал шаруашылығы
Алаш партиясының бағдарламасы мен тактикасы
Абай жолы эпопеясындағы көркем уақыт пен тарихи шындық
Пәндер