Алынуға тиісті вексельдер, бағалау және мойындау есебі


Аннотация
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Алынуға тиісті вексельдер, бағалау және мойындау есебі.
Мазмұны:
Кіріспе.
І бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысы.
1. 1 Есеп айырысу нысандары.
1. 2 Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары қозғалысының есебі.
ІІ бөлім . Ақшалай қаражатты жүргізу
2. 1 Ақшалай қаражатты құжаттау
2. 2 Ақшалай баламалар, оларды түгендеу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелернің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары-бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субьектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субьект үшін ашылады. Акредитивтер, чек (аванс ) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субьектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сату үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субьект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен ишығарылады. Субьектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субьектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субьектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды ; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субьектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген
Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбінесе қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
- Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу.
- Субьектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
- Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
І бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысы.
1. 1 Есеп айырысу нысандары
1. 1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды) . Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауғақабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициярға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициярдың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициярдың коды(БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) -бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі -резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефицияр-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы -банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефицияр банкісі-бенефициярдың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентифика-
цияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық
айналымдарының коды (ФАК немесе МФО) ;
- төлем арналымының коды -ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол 3 символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды-салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні-ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімнен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады:аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімнен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субьектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, жалақы, алимент, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы ) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатынын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да . Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі-депозиттермен қамтылған, ал екіншісі-қамтылған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға ) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан «бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына
болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса) ;
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек) ;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
Біріншісі - банкте қалса;
Екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
Үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
Төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
Вексельдер арқылы есеп айырысу.
Вексель- біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло-вексель ) - талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.
Аударма вексель (тратта ) вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа ) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұйрыққа» ұқсас болып келеді.
Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы-тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.
Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен қатар белгіленген орны, төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін . Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төленуі мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставквсы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.
Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.
Индоссамент - вексельдің сырт жағында жазылатын, осы вексель бойынша құқықтарын басқа тұлғаға қайта беруді куәландыратын табыстау жазбасы . Индоссант -вексельді беруші тұлға. Индоссат- табыстау жазбасы бойынша, вексель осы тұлғаның пайдасына беріледі
Егер вексель беруші аударма вексельде «Бұйрыққа емес » немесе осыған ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына, жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына болады.
Цессия- борыштық міндеттемелер бойынша құқықтық жеңілдік жасаудың құқықтық формасы (нысаны) .
Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім-шарт қойылмаған болып келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептелінеді.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады. Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған параққа (аллонажға) қол қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамент жасамай-ақ вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында жауап бермейді.
Қолында аудама векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бірқатар индоссамент жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік болғанымен, заңды аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде қарастырылады.
Бұл ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған деп есептелінеді. Бланктік индоссаменттен кейін басқа индоссамент жасалса, соңғысына қол қойған тұлға бланктік вексельді сатып алған индоссамент болып есептелінеді.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы немесе қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу үшін тұрған жерінде ұсына алады.
Егер де төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз келісімінің шарттарына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады. Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының бір бөлігін аваль арқылы қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе типті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген орын көретілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін . Ол «аваль деп есептелсін » деген сөздермен немесе осындай мағынасы бар белгілі мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аваль берген адам қол қояды. Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма вексельдің бет жағына авальшының қойған қолы жеткілікті. Авальда ол кімнің есебінен берілгені көрсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.
Аваль -вексель бойынша кепілдік, оған байланысты аваль жасаған тұлға вексель бойынша міндетті басқа адамдардың міндеттемелерін орындауы үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Авальшы -аваль жасаған тұлға.
Авальшы ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма вексельге ақы төлей отырып, авальшы кепілдік берген адамға қарсы және аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді.
Аударама вексель ақы төлеу үшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалғанкүннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не акцептелген күнімен, не қарсылық білдіру күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған акцеп акцептантқа қатысты акцепте ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күнінде жасалған болып есептелінеді.
Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытқа белгіленген аударма вексельді ұстаушы вексельді төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болып есептелінеді. Вексель ұстаушы бөліп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы білген болса, онда ол бұл туралы қолхат беруі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz