Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастыру



І КІРІСПЕ.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ
ТҮСІНІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ...
1.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы алғашқы
түсініктерін қалыптастыру...
1.2 Балабақшада балаларға табиғаттың маңыздылығын түсіндіру
жұмыстарының ұйымдастырылуы..
1.3 Мектепке дейінгі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру
әдістері және түрлері ...

ІІ.ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ТАБИҒАТ
РЕСУРСТАРЫНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРУ ІС.ШАРАЛАР ...
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ауаның маңыздылығын
түсіндіруге арналған сабақтың ұйымдастырылу үлгісі ... ... ... ... ... ..
2.2 Балабақшадағы балаларды судың маңызы мен су туралы
түсініктерін кеңейту іс.әрекетінің ұйымдастырылған үлгісі ... ... ... ..
2.3 Балабақшада топырақтың адамзат үшін маңыздылығмен
таныстыру жұмыстарының ұйымдастырылуы..
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ..

ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзге қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты мол, тұжырымы кең ой жатыр десеңші!
Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.
Қазақ халқының бар өмірі тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп оның саналуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарымен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты.Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі, құрамдас тобы деп есептеледі. Сондықтан да табиғатпен бірлікте өмір сүруі қажеттігін ерте кезден-ақ сезіне біледі. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.Осыған орай халқымыздың да мінез-құлқы бірте-бірте қалыптасып, ондай қасиеттер атадан-балаға, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.
Қазақ халқының халық педагокикасындағы асыл мұраларының бірі-табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті болды. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада, адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық жағдайдың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр. Айталық, климаттың жылынуы, өзен-көлдердің суының азаюы, мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы,биологиялық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т.б. ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңдатушылық туғызып отырғаны сөзсіз.
Табиғатты қорғау мен аялауды, табиғаттың адам өміріндегі маңызын балабақшадан балаларымыздың санасына сіңірмесек ертең тым кеш болатыны белгілі. Осыған сай курстық жұмысымның тақырыбын: «Табиғат, оның адам өміріндегі маңызы» деп алуымызға негіз болды.
1. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы,
2. Аймағанбетова К. Айналамен балаларды таныстыру. «Балауса баспасы» Алматы, 2003ж.
3. Павлович С.А. Табиғат тану негіздері мен методикасы. «Мектеп» Алматы 1973ж.
4. Ж.Н. Мукашев. Жалпы жер тану. Оқу құралы. Алматы. «Қазақ университеті» 2002ж.
5. Керiмбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 50 – 52б.
6. Қалықбаева З. Табиғат – тал бесiгiң. \\ Отбасы және балалақша. – 1995. № 6. 30б.
7. Қоқанбаева Р. И. Экологиялық тәрбие беру. \\ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.
8. Қожахметова К.Ж. Адам мен табиғаттың даму заңдары – тұлғаның өзін өзі тануы мен дамытуының негіздері
9. Асқарова Ұ. Б. Экология жəне қоршаған ортаны қорғау. Жоғары оқу орындарының студенттерiне арналған оқу құралы.— Ал- маты: Заң əдебиеті, 2004.— 90 бет.
10. Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.
11. Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”, “Астана”, “Дәнекер”. 2005 ж.
12. Шілдебаев Ж. “Қызықты экология”.
13. Бушман Л.Н. “Шөлімізді қандыра аламыз ба?” 2002 ж.
14. Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж.
15. “География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж.
16. Канаев А.Т., Сагындыкова С.З. Экология окружающей среды Казахстана. Алматы, 2002 г.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Жеке пәндер әдістемесі пәнінен

Курстық жұмыс
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастыру

Орындаған:
.
Тексерген:

Қарағанды - 2017ж
ЖОспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Негізгі бөлім
І-Тарау. Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы
түсінігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негізі ... ... ...
1.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы алғашқы
түсініктерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Балабақшада балаларға табиғаттың маңыздылығын түсіндіру
жұмыстарының ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Мектепке дейінгі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру
әдістері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ-Тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат
ресурстарының адам өміріндегі маңызын түсіндіру іс-шаралар ...
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ауаның маңыздылығын
түсіндіруге арналған сабақтың ұйымдастырылу үлгісі ... ... ... ... ... ..
2.2 Балабақшадағы балаларды судың маңызы мен су туралы
түсініктерін кеңейту іс-әрекетінің ұйымдастырылған үлгісі ... ... ... ..
2.3 Балабақшада топырақтың адамзат үшін маңыздылығмен
таныстыру жұмыстарының ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
іІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
3
5
5
11
18
22
22
25
29
34
36
Кіріспе

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзге қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты мол, тұжырымы кең ой жатыр десеңші!
Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.
Қазақ халқының бар өмірі тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп оның саналуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарымен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты.Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі, құрамдас тобы деп есептеледі. Сондықтан да табиғатпен бірлікте өмір сүруі қажеттігін ерте кезден-ақ сезіне біледі. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.Осыған орай халқымыздың да мінез-құлқы бірте-бірте қалыптасып, ондай қасиеттер атадан-балаға, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.
Қазақ халқының халық педагокикасындағы асыл мұраларының бірі-табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті болды. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада, адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық жағдайдың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр. Айталық, климаттың жылынуы, өзен-көлдердің суының азаюы, мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы,биологиялық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т.б. ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңдатушылық туғызып отырғаны сөзсіз.
Табиғатты қорғау мен аялауды, табиғаттың адам өміріндегі маңызын балабақшадан балаларымыздың санасына сіңірмесек ертең тым кеш болатыны белгілі. Осыған сай курстық жұмысымның тақырыбын: Табиғат, оның адам өміріндегі маңызы деп алуымызға негіз болды.
Курстық жұмыстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балаларға табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын негіздеп, балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастырып, оны аялауға үйрету жұмыстарын зерделеу.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру әдістемесіне тоқталу;
- балабақшада балаларға табиғаттың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарының ұйымдастырылуын қарастыру;
- мектепке дейінгі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру әдістері мен түрлерімен танысу;
- мектеп жасына дейінгі балаларға ауаның, судың, топырақтың маңыздылығын түсіндіруге арналған сабақтың ұйымдастырылу үлгісімен танысу болмақ.
Зерттеу объектісі: табиғат элементтерінің адам өмірінде алатын орны, маңызы.
Зерттеу пәні: табиғаттың адам өмірі үшін маңыздылығын көрсететін элементтерін айқындау.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде Мәңгілік Ел мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мәнмәтінінде әдістемелік ұсынымдар, Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы алынды. Адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов секілді қазақ ойшылдарының, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А.С Макаренко сияқты көрнекті педогогтардың еңбектерінде кең талданған.
Жұмыстың теориялық мәні. Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын дәлелдейтін нақты ғылыми-тәжірибелік мағлұматтармен танысу.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы, жұмыстағы айтылған табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын ескере отырып, табиғатты ары қарай сақтап қалу үшін әдістемелік ұсынымдарға негіз ретінде пайдалануға бағытталған.

І-Тарау. Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негізі

1.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты.

Сурет 1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру құралдары
Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады 1- суретті қараңыз.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.
Атап айтқанда:
-педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау;
-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып,өмір бойы есінде қалады.Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып,жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. [3]
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады.
Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін қолданылатын шаралар қолданған жөн: 2- сурет.
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойыншықтарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін қолданылатын шаралар

Сурет 2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін қолданылатын іс-шаралар
Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзарабайланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды.
Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі.
Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді. [4]
К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып,күшейеді,тепе-теңдік сипат алады.Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік,таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады,осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы,білуге құлшынысы,байқап-көре білуі,логикалық ойлауы,табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.
Мектепке дейінгі балалардың туған өлкеге сүйіспеншілігін тәрбиелеудің негізгі құралы-ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындыларды,әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме,батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді.
Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген. Халқымыздың қандай ән - әуені болмасын мейірім -шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Эстетикалық тәрбие нысанасы-баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйсіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі. Айналадағы орта, орман, су, тау, тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем дауысы, жануарлар дүниесі, олардың барлығы бала жанына әсер етіп назарларын қытықтап, табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп, сезе білуге, күн сәулесінің шуағын, жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбектене білуге, табиғат байлығын жанашырлықпен қорғауға үйретеді. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі болып жатқан құбылыстар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңістігі, қызылды-жасылды ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласын таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, адам баласының табиғатты жырлау шеберлігі, табиғатпен сырласуы-осының айғағы. Қалай десек те, табиғаттың күйін, әсемдігін, қазыныға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ тіл жеткісіз. Дүниеге жаңа зымырандар, адуынды автомобильдер, тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, роботтар келді. Ғылымдағы озық техниканың жетістігі саналатын мұндай жаңа дүниелер құпияға толы табиғаттан үйренген адам баласының жетістігі екендігі рас. Мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жүк машинасын қоңызға, ұшақты құсқа, автобусты есекқұртқа, сүңгуір қайықты балыққа, жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап жасалғандығы анық. Жер жүзіндегі жеті кереметке Вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сән өнері, сурет салу, сәулет өнері, шеберлік сынды қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. Мәселен, өзіміздің әлемге әйгілі суретшіміз -Әбілхан Қастеевтен:"Сен мұндай өнерді қайдан үйден?"- деп сұрағанда:"Таудың бұлағынан қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім"-деген екен.
Яғни, адамзат өмір бойы барлығын табиғаттан үйренді, үйреніп келеді. Міне, сондықтан да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып, аялай білумен қатар, көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің жеті кереметін жетпіс кереметке жеткізумен өлшенбек.
"Таза болса табиғат-аман болар адамзат, табиғат, сен-тіршілік тұнып тұрған, сен-күнсің,көтерілген күліп қырдан,сен-көлсің,сен -ормансың,сен- бұлбұлсың,адамға сұлулықты шын ұқтырған",-деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай,табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да ,қадірлі жан-анасы болса, адамның табиғатты"Ана" деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам-табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады.
Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес.Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол атқылы табиғат табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген. Табиғат- тылсым дүние, табиғаттың өзі арайлап атқан таң, қызарып батқан күн, жүйіткіген бұйра бұлттар, мың құбылған сағым, жарқыраған әсем жұлдыз, әнші құм, биші қайың секілді құпия сырлы тылсым дүние, жұмбаққа толы ғой шіркін! Сол себепті, табиғат тылсымын түсіне білгендер-бақытты жандар! "Табиғат -біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы және басты ұстаз. Адам баласының білім алатын көзі-табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, сырын шешу қажет".
"Ғаламның ғажайып көркі де сонда, сыры да сонда, мақамы да сонда...ғылымы да сонда, адамның өмірі де сонда",-деп А.Машанов айтпақшы тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау және көркейту - әрбір адамның міндеті әрі борышы. Себебі, табиғат пен адам - егіз. Біз жас ұрпақ табиғаттың қорғаны.Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор: " Атаңнан мал қалғанша,тал қалсын" " Бұлақ көрсең,көзін аш" ," Бір тал кессең,он тал ек" тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда,адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы Табиғат-Анаға қарыздар. Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау ана сүтін ақтамағанмен пара- пар.
Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап көр. [2]
Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен-кішінің абырайлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат-адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық.
" Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді", демекші, барша байлықтың анасы - Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.

1.2 Балабақшада балаларға табиғаттың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарының ұйымдастырылуы

Мектепке дейінгі мекемелерде, яғни балабақшаларда табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру жұмысын ұйымдастыруға ұсынылатын материалда балалардың жас ерекшеліктерін, психологиялық физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерін ескеріп оны тәрбие процесінде тиімді пайдаланған дұрыс. Балалардың отбасында өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне деген қызығушылығы, оларды сырттай бақылауы, өсімдіктерді басып-жаншып сындырмау, өзен-көл суларын ластамау, қоршаған ортада тазалық сақтау сияқты адамға ғана тән табиғат қорғау іс-әрекеттерінің ата-аналардың ықпалымен жүргізілуі балалық шақтан дағдыға айналып, күнделікті өмірде орындауға тиісті міндеттерге айналуына мүмкіндік туғызады
Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендермен және құрдастарымен арадағы қарым-қатынасы күрделіленіп, іс-әрекетінің мазмұны мен формасы нығайып, жетіле түседі. Негізінен бұл жастағылардың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады. Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды ынталылықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Табиғаттағы пайдалы жұмыс түрін орындауда ынталанушылық көрініс табады. Табиғат аясында тәрбиеші ұсынған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау дағдыларының дамуы баланың оқу ісіне, білім алуға бейімделуіне ықпал етеді. Кішкентай балаларға қарағанда бұл жастағылардың ұғыну, қабылдау әрекеті неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, тәрбиеші көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады. Бұл жаста балалар судың қажеттілігін, бастау, бұлақ, қайнардың қайдан пайда болатыны туралы түсініктерді тәрбиешілердің көмегімен түсініп, суды үнемдеп жұмсау дағдылары пайда бола бастайды. Қыс айларында топ бөлмесіндегі ауладан әкеліп қойған бұтақтарды бақылау барысында жасанды түрмен бүршіктер, жапырақтардың пайда болғанын еске түсіріп, табиғи құбылыстардың нәтижесінде барлық ағаштар бүршіктеніп, жапырақ жайып, кейбіреулерінің гүл жаратындығы жөнінде түсінік қалыптасады. Дәрілік өсімдіктер туралы мағлұмат беріліп, олардың пайда, зиянына тоқталып, өсіп тұрған жерін қоршап қою сияқты іс-әрекет түрлерін атқара алады.
Балабақшадағы табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру жұмысының мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Балабақшадағы табиғатпен таныстыруға арналған тәрбие жұмысы, тәрбиешінің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді.
Табиғатпен таныстыру тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты сайыстар ұйымдастырылып экология мәселелері туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген суретте пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс.
Алтын күз, Құстар күні, Табиғатты сүйеміз, т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.
ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.

Сурет 3. Балабақшада табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру жұмысының нысандары
Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз: Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипаталады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептеуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді.
Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байкап-көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.
Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі.
Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі.

Кесте 1. Балабақшада табиғаттың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру тәрбие жұмысының ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасы


Жыл мезгілдері
Тәрбиелік іс-шаралар
1
Күзде
+ Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы накты түсініктерін кеңейту;
+ Балаларға бұрыннан таныс кейбір кұбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап күз ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау;
+ Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту;
+ Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту (жапырақтарды жинап бір жерге үю) т. б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластыру;
+ Әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, фильмдер көрсетіледі.
2
Қыста
+ Балалардың қысқы ауа-райының сипатты белгілері ағаштардың, ормандағы құстар мен аңдардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту және қорытындылау мақсаты көзделеді.
+ Еңбек дағдыларын қалыптастыру, жанды нәрселерге ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеуді жалғастыра беру.
+ Қар жауып тұрған кезде балаларға қара қоңыр қағаз қиындысын беріп, оған қар ұшқынын тосып алып, оны анықтап қарап, соңынан суретін салуды ұсыну, бала қиялын ұштау.
+ Қыс туралы ұғымын толықтыраотырып, күнделікті байқау, кештің ерте түсуі, ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа-райы құбылыстарына қардың жаууы, аяз, боранның болуы назар аудару.
+ Қыс қызығын тамашалап, жүздері суықтан бал-бұл жанған балалардың ақ қар, жалтыраған көк мұзда шана, шаңғымен сырғанап ойнап жатқан суреттері бейнеленген суреттер арқылы Қыс қызығы, Ортақ шана атты қимылды ойындарын ойнату.
+ Адамдардың еңбегімен көшені, жолды тазарту, қарды күреу балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері.
+ Қыс туралы, суреттер, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалаумен қатар, қыскы табиғатты қорғай білуіне назар аудару.
3
Көктемде
+ Табиғаттың көктемгі құбылыстары, олардың себептері туралы, көктемдегі адамдардың еңбегі жайында балалардың білімдерін толықтыру қажет болады.
+ Көктем ұғымын қалыптастыру.
+ Өлі табиғаттағы өзгерістерді күннің ұзаруын, сеңнің жүруін, өсімдіктер дүниесіндегі ағаштар мен бұталардың бүр жаруын, алғашқы жапырақтың шығуын, көктемгі гүлдердің гүлденуін байқау.
+ Жәндіктердің іс-қимылдарын бақылату арқылы балалардың түйсіктерін толықтыру.
+ Құстардың ұшып келуін, ұя салып, балапандарына жем беруін бақылай отырып, қарлығаштың ұясы туралы әңгімелеп беру, құстардың пайдасы, оларды қорғау, қамқорлыққа алу жөнінде әңгімелесу. Мысалы, тоқылдақты ағаштың арасынан құрттарды теріп жейтіндігінен ағаш дәрігері аталғаны, ал қарлығаштың ұшуына қарап, олар шарқ ұрып ойнап, күн нұрына шомылып жүр дейміз, ал шын мәнінде үнемі жұмыс істеп құрттарды аулап жүретінін, сондай-ақ тоқылдақ, қарлығаштардың суреті салынған көрнекі құралдарды пайдалана отырып әңгімелеу. Қарлығаштың құйрығы неге айыр атты мультфильмді пайдалану.
+ Көктемнің алғашқы гүлі бөйшешекке тоқталу, тақпақ жаттату, бейнелеу жұмысы бойынша суретін салғызу.
+ Егіс даласындағы көктемгі жұмыс, гүлзарлардағы балалар еңбегіне тоқталу.
+ Табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы дидактикалық ойындар ойнату.
4
Жазда
+ Жаз мезгіліндегі күннің жарығы мен жылудың әсерінен өсімдіктердің өсіп жетілуі жөніндегі бала ұғымы кеңейіп, жинақталады, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар мен шөптесін өсімдіктерді айыра білуге үйрету ескеріледі.
+ Адамдардың гүлзарлардағы, егістіктердегі еңбегімен таныстырады, табиғатқа құмарлық, сүйіспеншілік, ұқыпты қарау сезімін тәрбиелейді.
+ Балалар арам шөптерді отап, гүлдердің тұқымын жинауды үйренуі тиіс.
+ Тәрбиеші күнделікті серуен кезінде аспанға назар аударады (бұлтты, бұлтсыз сөздерінің мағынасын түсіндіру).
+ Жаңбырдың жаууы кезінде тәрбиеші балаларға оның бұлттан жауатындығын түсіндіреді.
+ Тәрбиеші балаларды әдемі гүл мен, жағымды иісімен қызықтыратын шөптесін өсімдіктермен таныстырады.
+ Ойлау қабілетін дамыту үшін өсімдіктерді атағанда кейбір өсімдіктердің атауларына және олардың ерекшелігіне назар аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен -- жол бойында өседі, шырмауық -- басқа шөптерге оралып, шырмалып өседі, т.б.
+ Табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу.
+ Жаз күнінін ұзақтығы, жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ туралы түсініктерін нақтылау.
+ Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде гүлдейтін өсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау.
+ Гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелерді безендіру.
+ Табиғат бұрышында балалар бөлме ішінде өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады, сондай-ақ аквариумды, құс торларын тазартады,өсімдіктер мен жануарларды дұрыс күту мен олардың жақсы жағдайдаболуы арасындағы байланысты анықтауға үйретіледі.
+ Табиғат мүйісінін эстетикалық көркемдігіне балалар назарын үнемі аударып отыру.
+ Бұл топта тәрбиешінің суреттерді, диафильмдер мен көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне көп орын беріледі және табиғат құбылыстары туралы өз елінің табиғатын қорғап, қамқор бола білу қасиеті бойына сіңіріледі.

Балабақшадағы табиғатпен таныстыру тәрбие жұмысының және бір арнасы - адамгершілік тәрбиеге саяды. 1. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы -- ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген. Халқымыздың қандай ән-әуені болмасын мейірім-шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзіадал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделіктібала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылыбаланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.Бала зейінін құстар сайраған дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай білуге де үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінін табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады.

1.3 Мектепке дейінгі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру әдістері және түрлері

Педагогикада әдіс - ересек пен баланың біріккен әрекеттінің амалы ретінде қабылданады.
Мектепке дейінгі мекемедегі табиғатпен таныстару процесінде әртүрлі әдістер - көрнекі (бақылау, суретті (карина) қарау, кино немесе диофильмдер көрсету), практикалық (ойын әдісі, еңбек, қарапайым тәжірибелер), Сөздік (тәрбиешің әңгімесі, әдеби шығармалар оқу, әңгімелесу).
Бақылау- қоршаған ортадағы құбылысты және заттарды мақсатты көздей отыра жоспарлап қабылдау. Бұл күрделі танымдылық әрекет, бұған түйсік, ойлау және сөз қатысып және тұрақты зейінді талап етеді.
Табиғатта бақылауды ұйымдастырғанда тәрбиеші көптеген міндеттерді шеше алады: табиғат туралы балалардың білімдерін қалыптастырады, байқағыштықтықтарын дамытады, эстетикаға тәрбиелейді. Бақылаудың екі түрі бар - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. Қысқа мерзімді- заттың немесе құбылыстың сапасы мен қасиеттері туралы білімдерін қалыптастырады, балаалар пішінін, түсін, көлемін, бөлшектің кеңістіктегі орналасуы, бетінің мінезін, ал аңдарды таныстырғанда - қимыл-қозғалысының ерекшеліктері, шығаратын дыбыстары, т.б.
Күрделі бақылау - ұзақ бақылау, балалар бұрын болған құбылысты салыстырады, т.б. Бақылауды жеке бір белгілерге де жасауға болады. Мыс: құмырадағы гүлдің топырағы арқылы су құю керектігін анықтау, аквариумдағы балықтың жүріс-тұрысына қарай суды ауыстыру немесе тұтас суретті қалыптастыру(қардағы ізден кім келгенін, жидектің түсінен - оның піскенін, піспегенін анықтау). Бұл бақылау - балалардың құбылысьтарды анализдеу дағдыларын, жеке деректерді салыстыруға, қарапайым ой тұжырымдама жасауды үйретеді. Кейінгі бақылаудың екеуінің күрелігіне қарастап ұйымдастырылады. Бұл бақылау барысында тапқырлық,қайқағыштық, анализдеу, салыстыру , ой тұжырымдау процестері жетіледі.
Бақылау балаларды өсімдіктер және аңдармен, ауа-райымен, ересек адамдардың табиғаттағы еңбегімен таныстырғанда ұйымдастырылады. Бақылау - сабақта, экскурсияда, серуенде, табиғат бұрышында, табиғатта жүргізіледі. Бақылауды жалпы барлық баламен немесе жарты топпен, бірнеше баламен ұйымдастыруға болады. Бұл бақылаудың мазмұны мен тәрбиешінің алдына қойған міндетіне байланысты. Бірақ барлық жағдайда да бақылау баланың ой жүгірту белсенділігі жоғары деңгейде болуы керек, оларды ойландыру, қойылған сұрақтарға жауап іздуге, құштарлықтарын дамыту, табиғатқа деген қызығушылық пен құнтты қатынасқа тәрбиелеу.
Бақылауға дайындық.
Бақылауға дайындалу тәрбиеші үшін затты, объектіні таңдаудан басталады. Таңдалған аң немесе өсімдік жақсы жағдайда болуы керек. Егерде топта, онда бақылайтын заттың орнын дұрыс анықтап алған жөн, ол барлық балаға көрінетіндеу болу керек...
Бақылауға басшылық.
Бақылаудың алдында, әсіресе ол алғашқы рет өткізіліп жатса, онда балалардың алдына қойылған міндет пен сұрақты қоюға асықпау керек. Балалар 1-2 мин өзбеттерімен объектіні қарап көріп алуға мүмкіндік берген жөн. Балалардың көрген заттары бойынша алғашқа әсерлері, туындаған құштарлықтарын қандырғаннан кейін ғана тәрбиеші әртүрлі тәсілдерді (сұрақтар, жұмбақ, затты зерттеу, салыстыру, ойын және еңбек әрекеттері) қолданады. Ол балаларға көргендерін түсінелері үшін түсіндіреді, әңгімелейді. Қызықтыру үшін, эмоциялық қатынасүшін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары
Мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық білім берудің өзіндік ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру
Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Пәндер