Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  • Жедел іздестіру қызметін іске асырушы органдарының қызметкерлері
  • Жедел іздестіру қызметін іске асыру барысындағы заңдылықтың сақталуы және құқұқтық кепілдіктердің негіздері
  • Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау

Жедел іздестіру қызметін іске асыруға атсалушы тұлғалар.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар

Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:

а) Iшкi iстер органдары;

б) Ұлттық қауiпсiздiк органдары;

в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;

г) қаржы полициясының органдары;

д) Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi;

е) Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары;

ж) кеден органдары жүзеге асырады.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi тек қана заңмен өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi.

Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;

а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;

б) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындауға;

в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;

г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;

д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

1. Жедел-iздестiру қызметi мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар:

а) өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру шараларын жария және жасырын жүргiзуге;

б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға құпия көмек көрсетуге келiсiм берген адамдармен тегiн немесе ақылы негiзде ынтымақтастық қатынас орнатуға;

в) жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн жедел есептер және хабарлама жүйелерiн құруға және пайдалануға;

г) жедел-iздестiру шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, әскер бөлiмдерiнiң қызмет жайларын, көлiк және өзге техникалық құралдарын, мүлiктерiн, сондай-ақ залал келтiрiлген жағдайда, осы залалды, шығындарын да жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар есебiнен иелерiне өтей отырып, азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктерiн пайдалануға;

д) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құруға, осы мақсатпен лауазымды адамдарды, бөлiмшелердiң, ұйымдардың ведомстволық бағыныстылығын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың үй-жайлары мен көлiк құралдарын, сондай-ақ осы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн азаматтардың жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға;

е) қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегiн пайдалануға;

ж) меншiк нысандарына қарамастан басқа министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн мәнi бар хабарламаларын, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып тегiн алуға және пайдалануға;

з) Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар басқа органдармен келiсе отырып жекелеген шараларды жүргiзу үшiн осы органдардың күшi мен қаражатын тартуға;

и) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу мақсатымен ғана тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына (меншiк нысандарына қарамастан), ал әскер бөлiмшелерiнiң және басқа режимдiк объектiлердiң аумақтарына олардың басшыларының келiсiмi бойынша кедергiсiз кiруге;

к) қылмысты топқа жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қызметкерiн немесе, жеке өздерiне қатысты шынайы деректердi құпия сақтай отырып онымен ынтымақтастық жасап жүрген адамды енгiзуге;

л) қылмысы iс-әрекетке елiктей мiнез-құлық үлгiсiн қолдануға;

м) қылмыстарды, сондай-ақ оған қатысты адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында қылмысты әрекеттерде қолданылатын және Қазақстан Республикасы аумағында тасуға, шетке тасуға немесе шеттен тасып әкелуге арналған тауарлардың, заттардың және өзге де материалдық құндылықтардың жеткiзiлуiне жедел бақылау жасауға;

н) қылмыстық процесте пайдалану үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беруге құқылы.

2. Ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмдерi мен құрамалары лауазымды адамдарының осы Заңда көрсетiлген органдарға өздерiнiң құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруына кедергi жасауға құқығы жоқ.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi: Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды өздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.

22-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел іздестіру қызметінің түсінігі
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға қатысушы лауазымды тұлғалар
Жедел-іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері
Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау жайлы
Қылмыстық процестегі айғақтар және жедел іздестіру әрекеттері
Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
Жедел-іздестіру
Жалпы жедел іздестіру шаралары
Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің әлемдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz