Мектепке дейінгі жастағы балалардың қорқынышы мен үрейін, эмоциясын психологиялық түзету жұмысында ертегітерапиясының ролі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Психология және әлеуметтік педагогика кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мектепке дейінгі жастағы балалардың қорқынышы мен үрейін,
эмоциясын психологиялық түзету жұмысында
ертегітерапиясының ролі
050503 Психология және шет тілі мамандығы бойынша
Орындаған:
ППФ, психология және шет тілі
мамандығының күндізгі бөлімінің
4 курс студенті: Даулетқұлова А. Ш.
Ғылыми жетекшілері:
Психология және әлеуметтік педагогика
кафедрасының психология ғылымының докторы профессоры Каримова Р. Б.
аға оқытушы: Тукебаева С. А.
Кафедра меңгерушісі:
Психология ғылымдарының
докторы, профессор Р . Б. Каримова Р. Б.
Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
70
74
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі:
Қазақстан Республикасының білім туралы заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылымы мен тәжірибе негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Саналы мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру-ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы.
Жалпы, алдымызда қойылған мәселені зерттеуде, туындайтын қарама-қайшылықтарды шеше білуіміз керек: біріншіден, түзету жұмыстары арқылы балаға көмек беруде, баланың психикасын, әл-ауқатын жақсартуға, мінез-құлқындағы келеңсіз жағдайлардың өзгеруіне, уақытын саналы түрде өтуін бақылап, мақсатсыз уақытын өткізуін қадағалап, олардың дербес даралық ерекшеліктері мен қабілеттерінің дамып қалыптасуына жағдай жасау кезінде туындайды; екіншіден, психологтар, ата-аналар, педагогтар тарапынан ықпал етіп және өмір тәжірибелерін ескермеу, ынта-ықылысқа қанағатсыздық таныту, үнемі қатулық таныту және психологтың арнайы түзету жұмыстары арқылы ықпал ету, эмоциялық жағымды белсенділіктерін туғызып, өзін-өзі түсініп, кемшіліктерін жоюға ұмтылыс беру арасында қайшылық болады.
Осы келтірілген қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы психологиялық мүмкіндіктерін анықтау және түзету жұмыстары арқылы психологиялық көмек беру зерттеу жұмысының мәселесін құрайды.
Мектепке дейінгі кезең - адам өмірінің ең қысқа бөлігі бар-жоғы алты-жеті жылы ғана. Бұл кезеңде даму барысы ерекше күшті әрі талпынысты болады.
Бұл кезең кейінгі психикалық дамуға маңызды әсер етеді. Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасында былай делінген: «Осы балалық кезеңнің ерекшелігі мынада, яғни ол негіз болатын жалпы дамуды қамтамасыз етеді. Балалардың психикалық қасиеттері мен сапалары қалыптасып қана қоймай, оның бүкіл айналаға көзқарасы өзгереді» [1, 11] .
Мектепке дейінгі балалық шақтағы ұлттық мәселелер төңірегіндегі көптеген шетелдік, кеңестік, отандық ғалымдар орасан еңбек етті. Олар: Л. С. Выготский, А. Н. Матвеев, Ж. П. Пиаже, В., С. Холл, А. Кусмеуль, И. Тен, Д. Б. Эльконин, Л. Ф. Обухова, Л. А. Ленгер, А. В. Запорожец, В. С. Мухина, Б. Г. Ананьев, С. Л. Рубин, С. Л. Рубинштейн, А. Р. Лурия, Е. З. Неверович және тағы басқалар.
А. Н. Леонтьев пікірінше, «Мен өзім формуласы бала орнын тауып тұрған ұлттық ситуацияның мәнін білдіреді [2, 509] .
Ал, Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру заңы баланың мәдени дамуының ең басты мәселесі» деп қарайды және бұл функциялардың дамуында орта дамудың қайнар көзі болады.
Баланың мәдени дамуы оның өсуі, пісіп-жетілуімен органикалық дамуымен түсіндіріледі [3, 409] .
Осы аталған мәселелердің барлығы біздің зерттеу мәселеміздің өзектілігіне әкеліп соқтырады. Мектепке дейінгі кезең жауапты да күрделі кезең. Осы келтірілген қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы психологиялық мүмкіндіктерін анықтау және түзету жұмыстары арқылы психологиялық көмек беру зерттеу жұмысының мәселесін құрайды.
Жоғарыда аталған ғалымдар еңбектері елеулі пайда келтіргенмен де, қазіргі таңдағы түрлі даму жағдайларына орай өзгеше көзқарастардың қарастырылуын қоғам болып қажетсініп отыр. Сондықтан да біздің зерттеуіміздің дәл осы бағыты өзектілігі де маңызды болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балаларының қорқынышы мен үрейін, эмоциясын зерттеу арқылы ұлттық ерекшеліктеріне баса назар аударып отырмыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты : мектепке дейінгі жастағы балалардың қорқынышы мен үрейін психологиялық түзету жұмысында ертегі терапиясын қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері :
1. психологиялық еңбектерді зерттеулерге теориялық талдау;
2. мектепке дейінгі мекеме балаларының қорқынышы мен үрейін психологиялықпен басқада танымдық процесстерімен өзара байланысын анықтау;
3. мектепке дейінгі мекеме балаларының қорқынышы мен үрейін зерттеуге арналған әдістерді іріктеу, түзету жұмысы бағытында жаттығуларды таңдау
және зерттеу әдістемелерін қазақ тілінде ұлттық менталитетін ескере отырып жүргізу;
Зерттеу объектісі: №1-ші қалалық балалар үйі. 3-4 жастағы 15 балалар және 5-6 жастағы балалар бүлдіршіндер.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш мен үрейін, эмоциясын ертегітерапиясымен психологиялық түзету жолдары
Зерттеу болжамдары: мектепке дейінгі балалардың қорқынышы мен үрейін психологиялық түзету барысында қазақ ертегілерін ертегітерапиясы ретінде қолдану психологиялық түзету жұмысының тиімділігін арттырады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері:
1. Зерттеу жұмысының С. Л. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасындағы баланың мәдени даму теориясы;
2. А. Н. Леонтьевтің баланың психикалық дамуындағы іс-әрекет теориясы; Ж. Пиаженің баланың интеллектеуалды даму теориясы;
3. Д. Б. Элькониннің баланың жетекші іс-әрекеті жөніндегі ілімі; Ж. Пиаженің бала ойлауы - генетикалық психологияның зерттеу пәні деп санайтын теориясы құрайды.
4. П. Я. Гальпериннің ақыл-ой іс-әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы
Зерттеудің әдістері:
- контент- талдау әдісі
- бақылау әдісі
- салыстырмалы талдау
- математикалық өңдеу
Зерттеудің әдістемелері:
- «Бояулар политрасы» әдісі
- «Көңіл- күй» политрасы әдісі
- ертегітерапия әдісі ( психологиялық түзету тренингтері)
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынада: мектепке даярлық тобы кезеңіне берілген психологиялық сипаттама қатары өзге бір қырынан толықтырылды. Сонымен қатар қазақ бала бақша тобындағы балаларына жас ерекшеліктеріне қарай танымдық процесстерін дамытуға және түзетуге арналған әдістемелік құралдар, ата-анаға, тәрбиешілерге көмекші құрал жабдықтар ретінде көмек бола алады.
Зерттеудің практикалық құндылығы: мектепке дейінгі балаларының жалпы психикалық дамуында ертегітерапиясын қолдану тиімді әрі сонымен қатар дер кезінде психологиялық көмек беруді қамтамасыз ете алады. .
Зерттеу жұмысының құрлымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жалпы жұмыс көлем беті: 74
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 52
І-тарау. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қорқыныш пен үрейді психологиялық түзету жұмысында ертегітерапиясын қолданудың ролі жайында.
1. 1. Адамда қорқыныш пен мазасыздықтың туындау себептері жайлы шет ел және отандық психологтарының теориялық зерттеулеріне талдау жасау.
Қорқынышта кез-келген адам немесе обьект өзінің заты болып көрінеді. Кейде қорқыныштар нақтылықпен байланысты емес болып, мұндай қорқыныштар түсініксіз күйде қалады. Қорқыныш кейде уайым, балалық шақта қалыптасқан сезімдердің байланысы. Жиі болған уайымның арқасында қорқынышпен байланысты мазасыздық туындайды.
Қорқыныштың себептері төрт класқа бөлінеді:
- сыртқы оқиғалар және процестер;
2) еліктеу және қажеттіліктер;
3) эмоциялар;
4) субьектінің когнитивті процестері.
- Сыртқы оқиғалар мен процестер.
Бұл бөлім оқиғаның бастысы, қорқыныш шақыра және нейрон процестерін қоса эмоцияның белсенділігін арттырады. Қорқыныш өзінің интенсивтілігіне тәуелді бола алдын-ала сезіну, сенімсіздік, толық түрде өзін қорғай алмайды. Үміттің көрінбеу сезімі, қауіптілік сезімі және бақытсыздық болып көрінеді. Адам өзінің психологиялық ‘’Меніне’’ қауіптің келуін сезінеді.
- Еліктеу және қажеттіліктер.
Адамның уақыт бірлігіне байланысты туындаған қорқыныштар. Қорқыныштың себебі ретінде еліктеу және гомеостатикалық процестердегі эмоциялық пен когнитивті процестерді салыстыра гомеостазиске еліктеу және сақтау қорқыныштың маңызын арттырады. Еліктеу соншалықты маңызды, ол өсу дәрежесіне түскен кезде, эмоция тудырады. Кейде қажеттілік ауада сондай күшті, еліктеу белсенділігін туғызады, қорқыныш глобалды реакция бола, ашу тудырып, ауырсынуды күшейтіп, реакцияны белсендіреді.
- Эмоциялар. Эмоциялық күйлер.
Қорқыныш эмоциялық үлкен күшті, индивидтің мінез-құлқына, ойына, қабылдауына, байқамай әсер етеді. Басқа эмоцияларға қарағанда адамға ұстамды әсер етеді. Қорқынышта қабылдау шектеліп, адамның перцептивті өрістегі үлкен қабылдау мүмкіндігінің қызметі тоқтайды. Ойды баяулатып, көлемін ригидтейді. Бұлшықеттер қысымға келіп, индивид мелшиіп қатып қалып, қозғалмай тұрып қалады. Қорқыныш мінез-құлықтағы еркіндік дәрежесін тоқтатады.
4. Субьектінің когнитивті процестері.
Таным процестерінде қорқыныш болған жағдайдағы күйі. Когнитивті процестер қорқыныштың себептерін қарастыра, еске түсіру мен елестер қорқыныш тудыруға жетеді. Егер адам қателікті қауіптің негізі деп санаса, ол қорқыныш. Кез келген оқиға болжам қалыптастыру және антисипация, тікелей кездесу арқылы қорқыныш негізін тудырады 47; 23.
Қорқыныш бұл абыржу қатаң туындайтын жауап. Г. Юнг бойынша қорқыныш - бұл түсініксіз сансыз құбылыс, күтпеген қауіптер мен өлшемге толы деген/ 19; 65/.
«Бірақ кім өмірдің барлық сынақтарынан бас тартса, оның өмір сүруін тұншықтырған жөн»
Қорқыныштар:
- Табиғи қорқыныштар
- Әлеуметтік қорқыныштар
- Өзіміз жасайтын қорқыныштар
- Өлім мен кәріліктен қорқу15
Қорқыныш қашанда адамның қара көлеңкесі сияқтанып, өне бойы оның серігі болып келді. З. Фрейд өзіне тән үлкен сенімме «Қорқынышты адамның туылу актісі кезінде басталады, »-дейді, яғни туылу процесінде жағымсыз сезімдер бірігіп, соматикалық түйсіктерден бастауын алған өлім қаупі мен қорқыныш біздің өмірімізде өне бойы қайталанып отырады екен 57; 32.
Шошу, қорқыныш және қызығу-қозу жекеленген компоненттерде пайда болады. Олардың арасындағы тұрақсыз теңсіздік, теориялық тұрғыда маңызды мағына болып, мазасыздықты зерттеуге жол табады. Қорқыныштың себептері әртүрлі оқиғалар, қауіптер.
Боулби бойынша қорқыныштың себебі:
- қауіптің болуы
- алдын-ала қамтамасыз ету.
Грэй қорқыныш деп оқиға күткен уақытта немесе сол орында болмайды деп көрсеткен. Алдын-ала туындайтын қорқыныш контекстке тәуелді, темпераменттегі индивидуалды айырмашылыққа және орналасуына, тәжірибеге, тұлға жасына байланысты деп қарастырған. 33
Томкинс бойынша қорқыныш ’’кенеттен тыс бостандық күшті және ұзақ болса қорқыныш, толық болса қуаныш, ал толық емес түрде мазасыздық әкеледі’’ 38; 56.
Қорқыныштың детерминанттары:
Туа пайда болған детерминанттар. Грэй қорқыныштың барлық себептерін төрт категорияға бөлген:
1) интенсивті;
2) жаңашыл;
3) эмоционалды өңделген синалдар себептері;
4) әлеуметтік өзара әрекетте туындаған.
Ауруды сезіну немесе қатты дыбыс, интенсивті стимулдар, бей таныс адамдар, жаңа нәрселер адамдарда қорқыныш шақырады. Грэй стимуляцияның аздығы, белгілі уақытта стимулдың жоқ болуы қорқыныштың анықталған сипаты деп көрсеткен. Кез-келген ситуация немесе жағдайлар, жаңа стимулдың ұзақ уақыттағы түрлердің мүшелердің белгілі бөліміне қауіп төндіруі қауіптіліктің эмоциясы-өңделген сигналдар болып табылады. Мұның негізгі себебі, жоғары қызмет ету мүмкіндігі, яғни ашу мен қиянаттың айқындығы стимулды иллюстрациялайды.
Боулби туа пайда болған детерминанттарды жіктей ‘’табиғи стимулдар’’ деп өңдеді. Ырықты стимулдар, табиғи стимулдарға қарағанда тәжірибелік түрлердің өзгертілуіне орай, психоаналитикалық көзқарасқа қарсы, қорқыныш қайғыру кезеңінде қауіптілікті бастан кешіреді. Табиғи қорқыныштар: жалғыздық, таныс емес, кенеттен жақындық, стимулдың өзгеруі, биіктік пен ауруды сезіну. Барлық ситуацияларда қорқынышты сезіну тенденциялары, патология немесе инфантилді табиғи түрде қарастырылу керек. Бұл адамның туғаннан бастап кәрілік шаққа дейін тән. Қорқыныштың пайда болуы түрлері ситуациялармен байланысты шын мәнінде қауіптіліктің жоғары ықтималдығына ие болады. Бұл мәдени немесе жинақталған қажетті белгілер болып табылмайды.
Қорқыныш стимулдары табиғаттан туындаған қараңғы, бөтен, жануарлар және т. б. таныс емес нәрселерден қорқу.
Қорқыныштың табиғи стимулдары жас ерекшелігімен байланысты, дамуы мен жетілу процестеріне тәуелді.
- Қорқыныштың мәдени детерминанттары.
Кейбір қорқыныштың себептері, алдыңғы бөлігінде қарастырғандай мәдени жағдайлар мен тәсілдердің әсеріне бейімделген, мағыналық ұғымы пайда болып, мазасыздану білінеді. Қатты емес сигналдағы бос үрей қорқыныш тудырады. Көптеген мәдени детрминанттағы қорқыныштар табиғи детерминанттармен бірге рационализация және проекция арқылы, әртүрлі формаларын бейнелейді. Жай түскеннен қорқыныш, найзағайдан болған қорқыныштар рационализациядағы қорқыныштар.
- Қорқыныштың дифференциясы. Экспрессивті және моторлы актілерді қарастыра, қорқыныштың индикаторлары: қозғалыстың бәсеңдеуі айқын қорыққан бейне, дірілдеп немесе үрпие қарау, қарым-қатынасқа түсуден бас тарту.
Чарлсворт қорқыныштың индикаторларын қысқа уақытта немесе ұзақ мерзімдегі мінез-құлықтың тоқтауы, бәсеңдеуі, жоғары ұстамсыздық, салмақты, қорыққан бейне, тіпті жақсылап үңілсе, күлкі мен жымиюды көре аламыз деген.
Қорқыныш сенімсіздік сезімімен байланысты бола біріншіден, қауіптіліктің қарым-қатынасын, нағыз табиғи тұрғыдан, бұл қауіптіліктің қалай әсер етуінде көрінеді. Ситуациядағы жоғарыда импульсивті бейімделген реакция ретінде әрекетке дайын болуы тиіс. Екіншіден, импульсивтік бейімделмеген мінез-құлық осы ситуациядағы реакциядағы шақыратын ашу эффективті емес форма. Белсенділігі жоғары ситуациядағы айқындалған қорқыныш күшті болып келеді. Қорқыныштың күштілігі мінез-құлықтың типіне, оған көмеккке келу формасын тауып алады. Қорқыныштың әлеуметтік гуманизациялау, әлеуметтік тәсілі, аффективті, когнитивті бағдарға әсері, адамгершілік тану идеологиясына түйсіну дәрежесіне әкеледі.
Қорқыныштың себептері мен салдары:
Қорқыныш пен бастан кешіру арасындағы өзара байланыс индивидтің даму процесінде ата-аналарынан, достарынан, жақын адамдарынан, бөліну уайым әкеледі. Бұл уайымнан қосымша барлық даму процесінде қауіптіліктің болуы, мазасыздықтың туындау тәсілінің бір нәрсеге байланысы, тыныш айлақ тәрізді жалғыздықтан және басқалардан құтқару 47; 98.
Қорқыныштың елестермен және жеккөрінішті заттармен өзара қатынасы: Мұнда өзін кінәләйтін ‘’Мен’’ жексұрын көрініп, мұндай жағдайда кінәлі ‘’Мен’’ кінәлаған ‘’Меннен’’ қауіптеніп дұрыс деп таниды. Адам өзінен қорқады.
Қорқыныш пен ар-ұят арасындағы байланыс: Егер әлеуметтену қорқынышы, ар-ұяттың көмегімен жетсе индивид әруақытта қауіпті сезінгенде ұятқа ұшырайды. Қорқыныш пен ар-ұят арсындағы өзара байланыс жоғары дәрежеде психологиялық энтропияға әкеледі. Балл зерттеу жүргізе, гипноздық ұйқыда өзінің зерттелінушілеріне ’’таза’’ сүйсіну әдісін қолданады. Зерттелінушілер өздерінің қорқыныш сезімдерін айта келіп, гипноз күйінен шыға алмай эмоциялық интенсивтілігі төмен түскен. Мазасыздықтың жалпы белгісі дененің сууы мен қысымы көтерілген. Осыдан кейін зерттелінушілерде қорқыныштан жасыру тілегі пайда болған. Зерттеу қорытындысында негізгі белгілер конфликтісі бұл адам өзінің сезімін қарапайым формадағы екі жақты мінез көрсете, өзінің табиғи қорғану қызметін атқара, инстинктімен өзін-өзі сақтайды. Бұл екі қарама-қарсы тенденция қорқыныштың алғашқы сәттегі таңданыс пен мінез-құлықтың арнайы бейімділігінен көрінеді.
Опара Бальзак: Қорқыныш - организмге өте күшті және ауыр әсер ететін құбылыс, адамның барлық қабілетінің артуы немесе толық құлдырауы. Сонымен бірге қорқыныш организмнің қауіптілікке қалыпты реакциясы. Сыртқы ортаға дайындықсыз адамда тұрақты түрде қорқыныш болады.
Фобия- гректің (phobos) қорқыныш -нақты мазмұны бар, субьектіні белгілі бір фобиялық жағдайда ұстайтын және вегатативті дисфункцияларымен (жүрек қағысы, қара терге түсу) жанасатын қорқыныштарды бейімделмеген түрде үздіксіз сезіну 49; 23.
Адамға қауіпті ситуацияларда жағымсыз сезім мазасыздық туындайды. Адам мазасыздықты сезіне тынышсызданып, бір орында тұра алмайды. Адамға эмоционалды қолдау беріп, психологиялық шынайы көмек жасау керек. Шектен тыс мазасыздық адамның психикалық іс-әрекетіне әсер етіп, өзінің мінез-құлқыны бақылау жоғалтып, дүниені тек ‘’қара көзілдірікпен’’ көреді. Жиі мазасыздану мен қорқыныштар адамның тұлғалық сапасына әсер етіп, бұзады. Адамның жиі бойкүйездігі, депрессия қажытып, комулятивті эффект береді.
Қорқыныш басқа жағымсыз мазасыздану тәрізді адам үшін зиянды. Қоршаған орта мен әлеуметтік ортада кез-келген эмоция белгілі функцияны орындайды. Қорқыныш адамды артық қауіптен, әрекетті, жүріс-тұрысты реттеп, жарақат алу мүмкіндігінен сақтайды. Қорқыныштың, , қорқыныш,, қызметі инстинктивті жүріс-тұрысты сақтай, өзін-өзі сақтауды қамтамасыз етеді 2; 76.
Қорқыныш жүріс-тұрысты қалыптастыруға көмектессе, мазасыздану психиканың мынандай қалыпты қызметтеріне қажет:
- Адам ресустары -әртүрлі мәселелерді шешудегі оның жалпы мүмкіндігі.
- Нақты мәселені шешу үшін жеке энергетикалық мүмкіндігі.
- Мәселенің кенеттен туындауы оның өту барысы.
- Таңдап алуы - қорғану. 33
Қорқыныш сезімінде реакцияның заңдылық құбылысы толық орындалмаса, адамның барлық ойлары мен қылықтарын өзіне тәуелді етеді. Қорқыныш кез-келген қарапайым мәселені күрделіге айналдырып, күрделіні шешілмейтіндей көреді. Қорқыныш күйінде адам өзінің іс-әрекетін бақылау және дұрыс шешім қабылдау қабілетін жоғалтады. Қорқыныш күйі ауруды, суық пен ыстықтың әсерін, аштық пен құрбандыққа сезінуді күшейтеді. Сол уақытта қорқыныш адамның әрекетін басқара алатын стимулятор бола, оны тез және белсенді қимылдауы мен тез ұғынуы мүмкін. Қорқыныш сезім органдарының қабылдауына күш бере, шешімді нақтылауға көмектеседі.
Қорқыныш құтқару сәттерін азайтып қоймай, оған күш түсіреді.
Қоршаған ортаға үйренуге көмектесетін және табиғатпен дұрыс қарым-қатынасты анықтауға мүмкіндік беретін түрлі эмоциялармен қатар қорқыныш бабаларымыздың мұрасы.
Биология ғылымының кандидаты В. Б. Сапуновтың болжамы бойынша, ежелгі жабайы адам эволюциялық іріктеу кезінде тек сол қорыққанының арқасында аман қалып өз ұрпағын жалғастыра алған дейді.
Адамның кейде сезінетін, қиялдайтын, ойлайтын толғаныстары сияқты қорқынышта оның ішкі өмірінде көп көрініс табатын феномендердің бірі болып табылады. Қорқыныш адамның қауіптілікті сезінуі қауіптіліктің көзі, өмірге және денсаулыққа қауіп төнуі. Мүмкін болатын табиғи апаттарда қорқыныштың туындауын стимулдайды. Адам үшін қоршаған дүние-бұл әлеуметтік дүние, көптеген әлеуметтік қорқыныштар адам үшін жауапты және мәнді оқиғалар, өзіндік шешім қабылдау, күтпеген қиыншылықтарға кездесу. Үрей-қорқыныштың дамуына жеткен кезеңі, ауыр психологиялық жарақат. Бұл кездейсоқ апаттарда (жер сілкінісінде, ірі катастрофаларда) болады. Табиғи және заңдылықты өлім қаупіне реакция деп қабылдау.
Адамда абсолютті тұрғыда қорқыныштың болмауы мүмкін емес. Патология-қорқынышты жекелегенде емес қорқыныштың болмау жағдайындағы өлім қаупі. Адамдардың тұлғалық қасиеттерінің жеткілікті дайындығы, қауіпті ортада өзін ұстау қабілеті, психикадағы басқа ойларға жол бере, сезім, түрткілерге нұсқау береді. Француз саяхатшысы Э. Бишоп өмірде қорқынышпен шыныққан атлеттен, өзінің моралдық тұрақтылығын сақтаған әлсіз артық деген.
Адамдар арасында мазасыздық бұзылыстарда көптеген дәлелсіз қорқулар. Миллиондаған адамдар әр күн сайын бақытсыздық болғанына мазасызданады. Оқиғалардың көпшілігі біз қорқатын ықтималды заңдылықтармен өмір сүруге үйренеміз. Қорқынышпен азаптанған адамдар оларды өздерінің қауіптенетін ситуацияларын сезінеді, бірақ, өздеріне ондай ой келгенше өздерін керемет сезінеді. Біздің әрқайсымызды ерекше сендіретін қорқыныш бар.
Бұл жұмыс қарастыратын құбылыс әрбір адамға таныс. Шынында да, талдау тақырыбы эмоциялар болғанда, әсіресе- қорқыныш болса, не айтылып жатқанына нұсқау жасаудың қажеті шамалы. Адамның кейде сезінетін, қиялдайтын, ойлайтын нәрселерін субъективті арнайы, кейде өте айқын бояйтын толғаныстары сияқты қорқыныш та оның ішкі өмірінде көп көрініс табатын феномендердің бірі болып табылады. Эмоцияларды көрсетудің ең маңызды формасы тіл. Эмоциялар қысқа мазмұны (қандай қорқынышты… Ойбай… т. б) және едәуір айнымалы мағыналардан тұруы (өз фобияларын, өзінің қорқынышын мойындау, суреттеп беру т. б. ), жазбаша (өлең, күнделік түрінде, нақты жағдайда қазақ фольклорындағы мәтін түрінде) болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz