Милет мектебі-ежелгі Грекиядағы көне философиялық мектеп


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Милет мектебі

2. 2 Милет мектебінің өкілдері

2. 3 Пифагоршылдар

2. 4 Антик заманының философтары

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VІ ғасырлар аралағында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.

Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала - Милстте туды. Б. э. дейінгі VІІ ғасырдың аяғынан VІ ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл - Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің "алғашқы мәні", "бастамасы" деп қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалсстің бұл ойын революциялық идея деугс болады, өйткені "бәрі пайда болады" деген пікір бұған дейін үстем болып келген "олимпиялық құдайларды жоққа шығару", яғни, сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сөйтіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады.

Фалестің шәкірті Анаксимандр (б. э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін «Табиғат туралы" шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешті, дүниенің алғашқы негіз бастамасы "апейрон" деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон - шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материяны қазіргіше түсінуге жақын.
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б. э. дейінгі 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, өзінен бұрынғылардың материалистік көзқарасын ілгері дамытты.

Милет мектебі

Милет мектебі - ежелгі Грекиядағы көне философиялық мектеп (б. з. б. 6 ғасыр) . Негізгі өкілдері - Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Ионий аймағындағы (Кіші Азияның батыс жағалауы) Милет қаласының атымен аталған. Милет мектебі ежелгі грекфилософиясының негізін қалады. Милет философтары құбылыстың мәніне байсалдылықпен қарап, барлық заттар біртұтас алғашқы негізден пайда болған, әр алуан құбылыстардың ар жағында онан өзгеше заттардың мәні (“алғашқы негіз”) бар деп білді. Милет мектебі өкілдері көңіл аударған басты мәселе - әлемнің негізін іздеу. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Тіпті жердің өзі субетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек.

Анаксимандр дүниенің негізі - су немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама - апейрон деп білді. Дүние пайда болып, жойылып жатады, ал мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон ғана. Ол әлемнің түрлері көп болатынын болжады. Анаксимен дүниенің негізі ауа деп есептеді. Оның көзқарасы бойынша, ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болған. Милет мектебі кейінгі грек ойшылдарының дүниетанымдық көзқарастарына зор ықпал етіп, ежелгі Грекияда философтар ойдың әрі қарай дамуына елеулі әсер етті.

Милет мектебінің өкілдері

Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты

Фалес

Фалес (б. д. д. 624-547ж. ж. ) - Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б. д. д. 585-584 ж. ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.

Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.

Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы - су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.

Анаксимандр

Анаксимандр (шамамен б. д. д. 610-546 ж. ж. ) - ежелгі гректің материалист - философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде - «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері - жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам - балықтан пайда болған.

Анаксимен

Анаксимен (шамамен б. д. д 588-525 ж. ж. ) - ежелгі грек материалист - философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті. Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан - ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін - бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп - отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар - от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.

Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б. д. д 544-483 ж. ж. ) - ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі» Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; «ұлы маусым» біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың». Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деде. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау қабілеті болуы керек.

Пифагоршылдар

Пифагоршылдар-б. д. д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуакн түрлілігінің түп негізі деп санаған.

Сандардың қасиеттерін зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.

Антик заманының философтары

Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпан қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды (шамамен б. д. д. 625-547 ж. ж. ) . Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген. Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы - су. Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр (шамамен б. д. д. 611-545 ж. ж. ) жалғастырды. Негізгі еңбектері: «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтереді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі - айперонмен теңестіреді. Олай болса, айперон бастама да, түпнегіз де.

Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б. д. д. VІ ғ. ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі - «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа - шексіз (аепейрос) . Сөйтіп, Анаксимандрдың аепейроны түпнегізден ауаның қасиетіне айналды.

Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (шамамен б. д. д. 544-483 ж. ж. ) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін «тұңғиық» деп атаған. Негізгі еңбегі: «Табиғат туралы». Гераклит заттардың бастамасын от деп есептеген. От мәңгі және құдай тектес.

Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор - сандық қатынастарға аса мән береді. Бүлардың арасында Анаксимандр түпнегізді негұрлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық элементтердің немесе үдерістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократқа дейінгі алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен «натуралистер» деп аталады. Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі бағытты ұстануға болатын еді: бір жағынан білместік принципі («мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін») ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нағыз жоғары білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Платонның «Сократ апологиясы») бір жағынан қарапайым моральдық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жағынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектелсе, екінші жағынан тұтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашылады. Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр түрлі жолдармен жүрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекиядағы философия мен саяси ойлар
Милет мектебі
Класикакық философия
Сократқа дейінгі философия. Сократ философиясы
Антик натурфилософиясы
Антикалық философия. Милет мектебі
Антикалық философия жайлы
Ежелгі дәуір мәдениеті
Антикалық философия тарихы
Ежелгі дәуір мәдениеті. Ежелгі Грекия мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz