Ислам мәдениеттері


Ислам мәдениеті[өңдеу]
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі
Ислам мәдениеті
Үнді-Ислам · Айуандар · Малайлық
Мавритан · Марокколық · Моғол
Османдық · Парсы · Рази стилі
Судандық · Татар
Қазақ · Орта Азиялық
Орта Азиялық миниатюра мектебі
Тебриз миниатюра мектебі
Үндістандағы ерте ислам өнері
Ұлы моғолдар кезеңінің өнері
Бурқа · Чадра · Джаләбия
Ниқаб · Шалбар қамис · Сонгкок
Тақия · Куфия · Сәуб
Джильбаб · Хиджаб · Феска
Қадір түні · Мәулид · Рамазан
Индонезиялық · Явалық · Кашмирлық
Күрд · Малай · Парсы · Пенджаб · Синд
Сомалилық · Түрік · Қазақ · Урду

қ · т · ө
Ислам мәдениеті - зайырлы академиктердің арасында тарихи мұсылман саналатын халықтарға ортақ мәдениетті сипаттауға қолданылатын термин. Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан Ислам дінін басқа халықтардың қабылдауына байланысты сол халықтардың мәдениетіне әсер етіп, солармен ассимиляцияға ұшырайды.
Терминологияда қолдану[өңдеу]
«Ислам мәдениеті» деген терминде әу бастан-ақ қарама қайшылық бар, себебі мұсылмандар жердің әр бөлігінде өмір сүріп, олардың арасында үлкен айырмашылық байқалады. Негізінде мұсылман ғалымдары «мәдениет» деген ұғымды қоданбаған және бұл термин батыс философиясының әсерінен пайда болған. Қазіргі кезге шейін «Ислам мәдениеті» деген терминнің белгілі шектеуі мен анықтамасы жоқ. Кейбір ойшылдар бұл терминді «Ислам үмметінің халін бұрын және қазіргі таңда болып жатқан діни, тарихи, тілдік, мәдени қарым-қатынастары арқылы және алға қойған мақсаттары мен құндылықтары арқылы тану», - деп анықтама береді[1] . Кейбіреулер Ислам мәдениеті деп «мұсылман үмметі мен Ислам дінінің негіздерімен байланысты осы заман мәселелерін тану» - деп түсіндіреді[1] . Басқалар «Исламның жүйесін, құндылықтарын, ойын жалпылай зерттейтін және осыларға әсер еткен адамдардың мұрасын жоққа шығаратын ғылым» - деп жалпы анықтама береді[2] .
Дереккөздер[өңдеу]

- ↑ Мынаған өту:a b «Ислам мәдениеті бойынша сабақтар», доктор Раджаб Саид Шаһуан (ар. )
- Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Ислам мәдениетін тану» - Alukah. net (ар. )
- Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам дінінің негізін қалаушы - Мекке қаласының тұрғыныМұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады.
- Аңызда көп уақытын Хира тауында (Мекке маңы) өткізіп жүрген Мұхаммед пайғамбарке көктен Алла тағала бүкіл адам баласына тура жол көрсету үшін Құран түсіреді. Құранды Мұхаммед пайғамбарке табыс еткен Жебірейіл періште оған Алла атынан өз отандастарына жаратушының әмірін жеткізуді жүктейді. Мұхаммед пайғамбар бір ғана құдіретті Алладан басқа кұдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың өкілі» - пайғамбармын деп атады. Ол арабтарды өзара жауласуды қойып, бір дінді қабылдап, бірлікте өмір сүруге шақырды. Ислам дінін уағыздады.
- 630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы - Құран (арабшадан аударғанда «оку» деген сөз) .
- Араб елдерінің мәдениеті[өңдеу]
- Мұхаммед пайғамбар мешіті
- Араб мемлекеттері - Египет, Сирия, Палестина байырғы, мәдениеті жоғары елдер еді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Барлық халифат жерінде мектеп-медреселер ашылып, оқу араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік тіл араб тіліболды. Мектептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды. Ислам діні рухани қазынаның көзіне айналды. Қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Макта мен жүннен жеңіл және жоғары сапалы, мықты маталар тоқылды. Ирандық кілем тоқушы шеберлердің даңқы дүние жүзіне белгілі болды. Сирияда ашық түсті жібек маталар, шыны ыдыстар өндірілді. Дамаск (Шам шаһары) қаласында қару-жарақ жасалды. Олар жасаған семсер, қылыш пен сауыт шет елдерде жоғары бағаланды.
- Араб көпестері сауданы кеңінен өрістетті. Олар шөл далалар мен биік тау асуларын басып өтіп, Қытайдан жібек пен ыдыс-аяқ тасыды. Теңіз жолдарын пайдаланып, Үндістаннан маталар мен асыл тастар әкелді. Араб көпестері Батыс Еуропа мен Еділ жағалауларында да жиі болып отырды. Қазақстан мен Орта Азия елдеріне келіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларда сауданың дамуына ықпал жасады.
- «Адамның ең басты көркі - білім» деді арабтар. халифатта математика, астрономия, география ғылымдары дамыды. Бағдат қаласында үлкен кітапхана жұмыс істеді.
- Бағдат пен Дамаскіде обсерватория болды. Күрделі аспаптарды пайдалана отырып, астрономдар жер көлемін есептеп шығара алды, аспан әлеміндегі жұлдыздардың орналасу тәртібін сипаттап жазды.
- Арабтар жер-жаһанды аралап, Қытай, Үндістан, Орта Азия және Қазақстан елдерінде болып, көптеген кітаптар жазып қалдырған. Батыс Еуропа елдерінде болғанда жүрген жерлерінің карталарын жасаған. Араб әдебиетінің ең үздік туындысы - бізге келіп жеткен «Мың бір түн» хикаяты. Араб поэзиясы, араб ақындарының өлеңдері күні бүгінге дейін дүние жүзі халықтарына әйгілі.
- Араб сәулет өнерінің үздік туындылары адамзатты күні бүгінге дейін таңғалдыруда. Араб сәулетшілері тамаша сарайлар, мазарлар мен қамалдар, мешіттер салды. Мысалы, Иерусалимдегі VIII ғасырдың аяғында салынған атақты Омар мешіті сәулет өнерінің озық туындыларының бірі болып саналады.
- Құран Кәрім.
- Африка мен Пиреней түбегіндегі араб елдерінде ірі мәдени жетістіктер дүниеге келді. Еуропадағы ең жоғары мәдениет ошағы арабтардың иелігіндегі Кордова мемлекепгінде шоғырланды. Мұнда ірі университеттер бой көтерді (Кордова университеті т. б. ) . Араб ғалымдарының астрономия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының
- Құранның алғашқысүресі
- негізін салды. Осы күнге дейін көптеген жұлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап калған. Философияның ілгерішіл бағытын осы араб ғалымдары дамытты. Әлем кеңістігі жөніндегі ілімді туғызды. Әлемді «Жаратушының әмірімен ғайыптан пайда болды» дегенді теріске шығарды. Бұл салада кордовалық философ Ибн Рушд елеулі еңбек етті. Мұнда Птолемей еңбектеріне негізделген ғылыми география өркендеді. Араб тарихшысы, географы әл-Масуди «Замана тарихы» атты 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедия жазды. Араб саяхатшылары Еуропаға, славян елдеріне барып, олар туралы қызықты мәліметтер жинады, көптеген елдер мен теңіздердің карталарын жасады.
- Арабтардың үйлері тасқа қашалған ою-өрнектермен, қабырғалары мен едендері жылтыраған кірпіштермен, мозайкамен өрнектелді. Ислам діні адам кейпін, сондай-ақ жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Алайда өнердің тоқыма, зергерлік сияқты түрлері, сәулет өнері биік сатыға көтерілді. Шеберлер нәзік өрнектің неше алуан әсем түрін туғызды. Араб әріптерімен әсемдеп жазу немесе өсімдік және геометриялық пішіндерге негізделіп жасалған күрделі өрнек түрі «арабески» деп аталды. Жоғары дамыған Араб мәдениетінен еуропалықтар көптеген бағалы ғылыми білімдер негіздерін оқып үйренді. Арабматематиктері мен астрономдарының еңбектерін ортағасырлық Еуропа ғалымдары басшылыққа алды.
- Еуропалықтар арабтардан карталар сызуды, компас пен глобусты пайдалануды үйренді. Ибн Синаның (Авицена) латын тіліне аударылған медицина жөніндегі шығармалары XVII ғасырға дейін Еуропа дәрігерлерінің қолдан тастамайтын кітабы болды.
- Еуропалықтар халифат елдерінің мәдениетімен негізінен арабтар жаулап алған Испания арқылы танысты. Кордовадағы университетте араб ғалымдары ғылымның әр саласынан дәріс оқыды. Сол кездегі орасан үлкен кітапханалар осы кезге дейін сақталған. Ежелгі Грекия және Рим ғалымдары мен жазушыларының еңбектері де араб аудармалары арқылы белгілі болды. [1]
Дереккөздер[өңдеу]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz