Египет мемлекеті және туризм



1 Египет мемлекеті
2 Египеттің ең көрікті курорттары
Египет − Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елдерінің бірі. Оның бір бөігі−Синай аралы Азияда орналасқан. Екі континент арасындағы шекара Суец каналы арқылы өтеді. Египет территориясының 96% сирек оазисті таулы шөл алып жатыр. Қалған бөлігі 70 миллион халықтың 98%-ы тұратын дала мен Ніл дельтасы. Тереңдігі 2359м Қызыл теңіз солтүстіктен оңтүстікке 1932 шақырымға және шығыстан батысқа қарай 306 шақырымға созылып жатыр. Қызыл теңіздің бір ерекшелігі−оған бірде-бір өзеннің келіп құймауында. Қыс мезгілінде оның температурвсы +18 градустан төмен түспейді, ал жаз мезгілінде оның температурасы +27 градусқа дейін жетеді. Египттің экономикасы негізінен жер шаруашылығымен байланысты. Халықтың 30%-ы ауылшаруашылығымен айналысады. Алайда, Египет мұнымен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар елде өткен ғасырдың соңғы ширегінде мықты өнеркәсіп бастамасы құрылды. Қазір елдегі халық тұтынатын тауарлардың барлығы дерлік жергілікті өнім болып табылады. Египет Араб Республикасының басшысы және оның қарулы күштерінің меңгерушісі президент болып табылады. Египетте парламент жұмыс атқарады, сонымен қатар көппартиялық жүйе де бар. Елдің басты табыс көздері бұл−салықтар, туризм, Суец каналы және өнеркәсіп. Қажетті қысқаша мәліметтер Ауданы: 1000 мың шаршы шақырым. Астанасы: Каир Халық саны: 68 млн адам Сағат белдеуі: Гринвич бойынша орташа уақыт плюс екі сағат. Валютасы: египеттік фунт. Салмақ және ұзындық өлшемдері: метрлік Халықаралық телефон коды: 20 Хургадаға: 8 10 20 65 + телефон нөмірі Мерекелік және демалыс күндері: заң бойынша бекітілген мерекелер: 1 қаңтар (Жаңа жыл), 22 ақпан, 25 сәуір (Синай аралының 1973 жылы Қазан соғысында босатылуы), 1 мамыр (Еңбек күні), 18 мамыр (Египеттен британдық әскерлерді шығару күні), 23 шілде (1952 жылғы революция күні), 23 қыркүйек (1956 жылы Израилді жеңген күн), 6 қазан (Суец каналын алған күн), 24 қазан (1973 жылы египет әскерінің Суец каналын алуы), 23 желтоқсан (1956 жылы Египет әскерінің Порт-Саидты алуы). Кіру визасы туристер әуежайға келгенде рәсімделеді. Жүріп-тұруға рұқсатнама талап етілмейді. Кедендік ережелер: Жеке қолданыстағы заттарды елге кедендік декларациясыз алып кіруге және алып шығуға болады. Елден құны тек қана 200 египеттік фунтқа дейінгі тауарлар алып шығуға рұқсат етіледі. Жасы 20-дан асқан туристерге өзімен бірге 1 литрге дейін спирттік ішімдіктер және 2 литр сыра алып өтуге болады, ал жасы 15-тен асқандарға 200 темекі немесе 50 сигара алуға рұқсат.
http://www.izden.kz/referattar/turizm-geografiya/186 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Египет мемлекеті және туризм 12 июня 2013 314 Египет − Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елдерінің бірі. Оның бір бөігі−Синай аралы Азияда орналасқан. Екі континент арасындағы шекара Суец каналы арқылы өтеді. Египет территориясының 96% сирек оазисті таулы шөл алып жатыр. Қалған бөлігі 70 миллион халықтың 98%-ы тұратын дала мен Ніл дельтасы. Тереңдігі 2359м Қызыл теңіз солтүстіктен оңтүстікке 1932 шақырымға және шығыстан батысқа қарай 306 шақырымға созылып жатыр. Қызыл теңіздің бір ерекшелігі−оған бірде-бір өзеннің келіп құймауында. Қыс мезгілінде оның температурвсы +18 градустан төмен түспейді, ал жаз мезгілінде оның температурасы +27 градусқа дейін жетеді. Египттің экономикасы негізінен жер шаруашылығымен байланысты. Халықтың 30%-ы ауылшаруашылығымен айналысады. Алайда, Египет мұнымен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар елде өткен ғасырдың соңғы ширегінде мықты өнеркәсіп бастамасы құрылды. Қазір елдегі халық тұтынатын тауарлардың барлығы дерлік жергілікті өнім болып табылады. Египет Араб Республикасының басшысы және оның қарулы күштерінің меңгерушісі президент болып табылады. Египетте парламент жұмыс атқарады, сонымен қатар көппартиялық жүйе де бар. Елдің басты табыс көздері бұл−салықтар, туризм, Суец каналы және өнеркәсіп. Қажетті қысқаша мәліметтер Ауданы: 1000 мың шаршы шақырым. Астанасы: Каир Халық саны: 68 млн адам Сағат белдеуі: Гринвич бойынша орташа уақыт плюс екі сағат. Валютасы: египеттік фунт. Салмақ және ұзындық өлшемдері: метрлік Халықаралық телефон коды: 20 Хургадаға: 8 10 20 65 + телефон нөмірі Мерекелік және демалыс күндері: заң бойынша бекітілген мерекелер: 1 қаңтар (Жаңа жыл), 22 ақпан, 25 сәуір (Синай аралының 1973 жылы Қазан соғысында босатылуы), 1 мамыр (Еңбек күні), 18 мамыр (Египеттен британдық әскерлерді шығару күні), 23 шілде (1952 жылғы революция күні), 23 қыркүйек (1956 жылы Израилді жеңген күн), 6 қазан (Суец каналын алған күн), 24 қазан (1973 жылы египет әскерінің Суец каналын алуы), 23 желтоқсан (1956 жылы Египет әскерінің Порт-Саидты алуы). Кіру визасы туристер әуежайға келгенде рәсімделеді. Жүріп-тұруға рұқсатнама талап етілмейді. Кедендік ережелер: Жеке қолданыстағы заттарды елге кедендік декларациясыз алып кіруге және алып шығуға болады. Елден құны тек қана 200 египеттік фунтқа дейінгі тауарлар алып шығуға рұқсат етіледі. Жасы 20-дан асқан туристерге өзімен бірге 1 литрге дейін спирттік ішімдіктер және 2 литр сыра алып өтуге болады, ал жасы 15-тен асқандарға 200 темекі немесе 50 сигара алуға рұқсат. Египеттен көне заттар алып шығуға тыйым салынады. Егер туристте бейнетаспа болған жағдайда оны кедендік қызметке хабарлауы қажет, сонымен қатар елден кетерде оны кедендік қызметкерлерге көрсетуі тиіс. Ал бейнетаспа жоғалған немесе ұрланған жағдайда оны тез арада полицияға хабарлау керек. Египеттен флора және фауна (кораллдар, теңіз жануарлары, өсімдіктер) алып шығуға қатаң түрде тыйым салынады. Мұражайлар: Мұражайлар ерте жабылады − жазда 17.00-де, ал қыста 16.00-де. Экспонаттарды қосымша ақы төлеп, жарықсыз суретке түсіруге болады. Дүкендер: Дүкендерде белгілі бір жұмыс уақытының кестесі жоқ. Әдетте қыс мезгілінде дүкендер сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды, ал түскі үзіліс уақыты сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады. Дүкендерге қаағанда супермаркеттер ұзағырақ жұмыс жасайды. Жаз мезгілінде түскі үзіліс уақыты 12.00-ден 14.00-ге дейін созылады. Көптеген дүкендер кешкі сағат 21.00-22.00-де бірақ жабылады. Египетте жылына екі мәрте ақпан және тамыз айларында киімдерге және аяқ киімге жаппай сату өткізіледі. Мұны жергілікті халық оказьон деп атайды. Бұл айларда киім бағасы 25-50 немесе одан да жоғары пайызға арзандайды. Автомобилдерді жалға алу: Әуежайларда немесе ірі қонақ үйлерде автомобилді жалға алуға болады. Ең төменгі орташа баға күніне 50 долларды құрайды. Автомобилдерге алдын ала тапсырыс берген жөн. Көлікті жалға алу үшін жүргізушінің халықаралық құжаты болуы тиіс. Египетке сапар шегер алдында міндетті түрде А гепатитіне қарсы егілген жөн. Сонымен қатар медициналық сақтандыру полистің болуы міндет. Халқы, тілі, діні Елдегі халықтың барлығы араб тілінің египеттік диалектісінде сөйлейтін араб-египеттіктер болып табылады. Египеттіктердің басым көпшілігі дінді терең ұстанады. Олардың 90%-ға жуығы мұсылман-сунниттер. Қалған барлық египеттіктер христиандар. Египетте ағылшын тілін білу өте тиімді. Қалаларда және курорттық ротаоықтарда тұратын египеттіктер осы тілде жтік сөйлей алады. Жолдағы түрлі белгілнр мен көше атаулары араб және латын қаріптерімен жазылады. Мәдениеті және салт-дәстүрлері Египеттіктердің мұсылман дінін ұстануы олардың өмір сүру үрдістерін айқындайды. Күніне бес мәрте мешіттерде халықты намаз оқуға шақырады, ал рамазан айында түн күнге айналып, күні бойы мұсылмандар ораза ұстайды. Бұл уақытта қоғамдық өмір бәсеңдейді, мемлекеттік мекемелер тек сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін ғана жұмыс жасайды. Ұлттық египеттік кім үлгісі тек ауылдық жерлерде ғана емес, сонымен қатар қалалы жерлерде де үйреншікті жағдай. Египеттіктер негізінен кең тігілген жейделер киеді және көбінесе ақ түсті таңдайды. Ал әйелдер ашық түсті элементтермен немесе зергерлік бұйымдармен безендірілген қара түсті киімдер киеді. Египеттік ұлттық тағамдарды дайындауда көбінесе күріш, қой еті, ешкі еті, құс, жұмыртқа, ірімшік (уыз тәріздес) және қышқыл сүт өнімдері қолданылады. Ерекше деликатес−қуырылған александрийялық креветкалар. Десерт−құрма, інжір және шығыстың тәтті тағамдары. Ең кең таралған сусын түрі−шай. Климаты Египеттің климаты ыстық, әрі құрғақ. Египеттіктерге қар, ылғалды күз немесе жауынды көктем таныс емес. Бұл жер шарындағы басқа жерлерге қарағанда шуақты күндер саны ең көп аймақ. Мұнда аспанда бұлттар сирек кездесетін жағдай, ал әрбір жауған жауын газет беттеріне жазылатын үлкен оқиға. Жаз маусымында (мамыр-қыркүйек) Каирдегі ауа температурсы күндіз +35 +40 градус аралығында, қыс маусымында (желтоқсан-ақпан) +15 +20 градус ралығында ауытқып отырады. Елдің оңтүстігінде сәл жылырақ, ал Жерорта теңізі жағалауында салқындау болып келеді. Түнгі температура әдетте күндізгіден 10 градусқа төмен. Египетке сапар шегудің ең қолайлы кезеңі қазан, қараша айларының екінші жартысы, сонымен қатар наурыз бен сәуір айларының екінші жартысы. Наурыз бен мамыр айының ортасы аралығында 50 күн бойы құмды борандар болып тұрады. Бұл кезең хамсин деп аталады. Каир Каир әлемнің ең ірі қалаларының үштігіне кіретін, Африка континентінің ең ірі қалаларының бірі. Каирде 19 миллионнан астам (ел халқының төрттен бір бөлігі) халық тұрады. Елдің өнеркәсіп орындарының жартысына жуығы осы қалада орналасқан. Каир нағыз шығыс қаласы. Оның әрбір көшесі тарих жайлы сыр шертеді. Фараондар заманында бұл жер үлкен стратегиялық маңызға ие болған. Мыңжылдықтың басында ескі Каир Египеттік Вавилон ретінде белгілі болған және христиандықтың маңызды орталығы болды. Египеттік христиан шіркеулері коптық деп аталады. Каирдың барлық көзтартарлық жерлерін бір күнде тамашалап шығу мүмкін емес. Бірақ олардың ішіндегі ең әйгілі жерлерін тіпті қысқа мерзімдік сапар кезінде де тамашаламай кету мүмкін емес. Олар: ежелгі египеттік пирамидалар (Гиза, Хеопс, Хефрен, Микерин), Египеттік мұражай, Цитадель және сол заманғы сырт пішінін еш өзгертпеген Ескі Каирдың коптық шіркеулері. Каир сонымен қатар мұсылмандықтың ірі орталығы. Қалада 300-ден асам мешіт бар. Төбесі күмбез тәріздес және екі жіңішке минареті бар алып мешіт Каирге ерекше әсемдік беріп, көкпен таласып тұрғандай. Бұл мешіт өткен ғасырдың екінші жартысында Цитаделде бой көтерген. Оған сол заманда ел басқарушысы болған Мұхаммед Әли есімі берілді. Бұл мешіттің салынуына дейін Цитаделдегі басты мешіт Насыр сұлтан мешіті болып келді. Мұхаммед Әли мешітінің басты әсемдігі оның минареттері. Мұндай көркем минареттер қаланың басқа ешбір мешітінде кездеспейді. Осы мешіт ішінде Мұхаммед Әлидің сүйегі жерленген. Қала өзінің қайталанбас ерекше иісімен таң қалдырады. Бұл шөл даланың, мускустың және дәстүрлі араб кофесінің ғажайып хош иістерінің қосындысы. Каирге ерекше сұлулық беретін Ніл өзенгі екендігі сөзсіз. Түнгі уақытта жағалауда орналасқан биік Семирамис, Найл Хилтон және Рамзес отелдерінің жарықтары су бетіне қайталанбас көрік беріп, нұрлы сәуле шашып тұрады. Ніл бетінде әсем теплоход-мейрамханалар қалқып жүреді, осыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік туристік органдар
Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар)
Араб
Африка аумақтары
Африка мемлекеттердің саяси - экономикалық жағдайы
Қонақ үйдің классификациясы
Египеттің туризмі туралы ақпарат
КЕНИЯНЫҢ ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫ
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
ТҮРКИЯ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
Пәндер