Қазақстандағы миссионерлік әрекеттер


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы миссионерлік әрекеттер

Миссионерлік - діни қызметтердің ерекше бір түрі. Миссия - латын тілінде «missio» міндет, орындалуы тиіс тапсырма деген мағынаға келеді. Этимологиялық жағынан миссионерлік Христиан дініне тән. Миссионерлік дәстүрді христиандар Исаның серіктеріне және Маркос, Лұқа және Жохан нұсқасындағы Інжіл мен Павелдің хаттарына негіздейді. Інжілдің жаңа өсиетіндегі Матай жазған ізгі хабарларда:
«19. Сондықтан барлық күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәркірттерім етіп, Құдай Әкенің, Рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер!

20. Әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын, мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын», - деп көрсетілген [1] .

Христиан діні үшін миссионерліктің үш сатылы мақсаты бар. Бұл еш өзгермейтін қасаң қағида. Әлемге Христиан дінін жайып, Иса Мәсіхке сенушілердің санын арттыру, шіркеу құрылыстарын салмас бұрын миссионерлік әрекеттерін жалғастыратын мамандар мен адамдар табу және тұрғылықты халықтың ғылыми-әдеби шығармаларына, мәдени құндылықтарына христиандық элементтерді енгізу болса, сонымен бірге, дамыған Батыстық өркениетті христиандықпен бір деп көрсету. Батыс өркениеті мен мәдениетін негізгі өлшем, эталон ретінде ұсыну, еліктіру шарт.

Христиандар Сан-Павелді тұңғыш миссионер ретінде таниды. Миссионерліктің 13 ғасырға жуық және жеті сатылы тарихы қалыптасқан. Әрбір саты өзіндік әдістемелік және кезеңдік шарттарды анықтайтын даму жолының көрсеткіші десек те болады. Бірінші саты 33-100 жылдар аралығы -Иса серіктерінің кезеңі, 800-1500 жылдар арасы - орта ғасыр кезеңі, 1500 -1650 жылдары реформалық кезең, 1650-1793 жылдары аралығы постреформа кезеңі, 1793-жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезең модернизация кезеңі болып есептеледі [2] .

Миссионерлік-діни ілімдер мен империалистік мемлекеттердің шіркеумен бірігіп, саяси мақсат-мүдделерін іске асыру үшін қолданылатын саяси қызметтің бір түрі десек те болады. Қазіргі таңда бірқатар империалистік мемлекеттердің құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар мен қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан көмектесіп, отарлау саясатын шіркеумен бірлесе отырып жүргізеді. Бұлардың мақсаттары діни ағарту немесе адамды күнаһарлықтан құтқару емес, керісінше, сол мемлекеттің халқының мәдениеті мен өткен тарихын жадынан шығарып, мәңгүрттендіру арқылы жер байлығына ие болу. Бұндай әрекеттер біздің ғана халықтың басындағы нәубет емес, орта ғасырларда Христиан миссионерлері өз әрекеттерін Африка және Азия халықтарының да ортасында жүргізді. Соның нәтижесінде көптеген жергілікті халықтардың мәдени, діни құндылықтары деформацияланып, өздеріне құлдық қамытын кигізгені тарихи ақиқат.

Өткен тарих тереңіне бойласақ, христиан миссионерлігі белгілі бір халықтың ұлттың болшағы үшін қызмет етпегенін, керісінше шағын мәдениеттер мен ұлттарды ассимилицияға ұшырату, жер бетінен жоюдың таптырмас құралы болғанын байқаймыз. Мәселен ХVIII-ғасырда Батыс отаршыл мемлекеттері Австралия құрлығының байырғы тұрғындарын ұлттық табиғи қалпынан айырған осы миссионерліктің үлкен жемісі болатын [3] .

Миссионерлік қызметін атқаратын ғалымдар алдымен баратын жердің географиялық ерекшеліктерін, халқының рухани болмысы мен өткендегі тарихи жолын, психологиясын, мінез-құлқын, салт-ана дәстүрінің ерекешелігін, билеу жүйесін, яғни өзіне қажет буынды да ұрымтал тұстарын терең барлап зерттей отырып, миссионерлік саясатының стратегиялық негіздері мен тактикалық әдістерін, мақсаттарын анықтап алады [4] .

Еліміздің аумағында христиандардың пайда болғаны туралы алғашқы деректер V-VI ғасырлаға жатады. Әсіресе ІХ-Х ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойынша ауып келген христиан миссионерлерінің белсенді қызметтерінің нәтижесінде кейбір түркі тайпаларының арасында несториандық таралған. Дереккөздер мәліметтеріне сүйенсек, Тараз бен Меркіде, сонымен қатар Сырдария өзені бойында христиан шіркеулері болғандығы археологиялық қазбалар арқылы мәлім. Алайда Х-ХІ ғасырларда аймақта исламдандыру процесі етек алып, христиандық шіркеулер мешіттерге айналдырылды [5] .

Ал, миссионерлік әрекеттер біздің елімізде және Орта Азия территориясындағы түркі халықтарының арасында өте ерте заманнан-ақ жүргізілгені белгілі. XVI-ғасырда Ресейдегі Қасым хандығының соңғы мұрагері Сайын Болатханның шоқынып, өз атын өзгертіп Самсон атанғаны тарихтан белгілі жәйт. Өйткені шоқынған бұратана атаулының ата-анасы қойған есімі міндетті түрде өзгертіліп, оның ата тегі жаңадан орысшалап қойылатын дәстүр сол тұстан-ақ қалыптасқандығын аңғартады [3] .

Христиан миссионерлігінің Қазақ жеріне орналасуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның бірінші кезеңі - ІІІ-ХІҮ ғ. ғ. аралығын қамтиды. Бұл уақытта еліміздің және Орта Азия территориясына мелькиттер, яковиттер, несторияндар Армияндық, Апостоль және Католик шіркеулері болатын. Бұл кезеңде Христиан діні жергілікті басқа да діндермен яғни, Зороастризм, Иудайзм, VIII-ғасырда Ислам дінімен амалсыз ымыраласып әрекет етуге мәжбүр болды. Алайда ХІV ғасырда Христиандық Ислам дінінің ықпалымен Қазақ даласынан біраз уақыт ығыстырылды [6] .

Қазақстанда миссионерлік әрекеттің қарқындаған уақыты Ресей империясы қазақ жерін мемлекет меншігі ретінде жариялаған тұста және шекарасын ресми түрде белгілеп, картасын сызып бекіткен соң патша үкіметі бұрыңғы уақытша ислам дінін тарату саясатынан бас тартып, 1862 жылдан бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады [7] . Патша үкіметі бұл миссионерлік әрекетті жан-жақты зерттеп әрі сақтықпен жүргізді. Мәселен ең шұрайлы жерлерден қазақ шаруаларын ығыстырып, орыс мұжықтарын көбірек қоныстандыру, жер-су аттары мен адам есімдерін өзгерту, елді мекендерде аралас мектептер ашу, жергілікті халықтың жазу емлелерін ауыстыру, билік структурасы мен туыстық нинститутарына өзгерістер енгізуді шіркеу мемлекетпен бірлесе жүргізді.

Екінші кезең - ХҮІІІ ғасырдың аяғы - ХХ басында Қазақ хандығының Ресей бодандығын алғаннан кейін, әскерилер арқылы келген. Бұл кезеңнен бастап орыс православие шіркеуі іргесін берік орнатып, миссионерлік әрекеттерін жүзеге асыруға тырысты. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың аяғында Католиктер, Протестанттар, Баптистер, Адвентистер және Менониттер де келе бастады. Бұл Протестанттық секталармен қоса орыс православ шіркеуінен бөлініп шыққан ескі дәстүрді қолдаушы ағымдар - молокандар, скопцылар, иеговист-ильинцилар Қазақстанға жер аударылған переселендер мен қара шекпенділер арқылы да келді. Бұл саяси-миссонерлік процесске Ұлы Қазан төңкерісі кезінде Кеңес үкіметінің атеистік идеологиясы кедергі жасады. Жетпіс жыл өмір сүріп, тарих сахнасынан кеткен әлемдегі алғашқы және соңғы атеистік «ұлы держава» миссионерлікке қайтадан айқара жол ашып берді.

Үшінші кезең - 1917 жыл мен 1991 жылдар арасын қамтиды. Бұл дінге деген жаппай қарсылық білдіріліп, діни ғибадат орындары жабылы, діни қызметкерлерді қудалаған кезең болды.

Ұлы Отан соғысына дейін көптеген діни қызметкерлерді жер аударып, қатаң түрде жазалап, келген Кеңес үкіметі соғыс басталғаннан кейін дінге деген қатаң саясатын сәл де болса босаңсытты. Көптеген жабылып қалған ғибадат үйлері қайтадан ашылып, 60-80-жылдары Католиктер мен түрлі Протестанттық секталар да ресми тұрғыда пайда бола бастады [7] .

Соңғы кезең - еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен тұспа-тұс келеді. Осы уақыт ішінде Республикамыздың территориясында бұрын соңды кездеспеген ағымдар мен секталар, атап айтар болсақ, пресвитариандық және методистік, протестанттық конфессиялар: «Агапе», «Жаңа өмір», «Иегова куәгерлері», «Бахай сенімі», «Ібіліс шіркеулері», «Саентология шіркеуі» және т. б. өз алдарына діни бірлестік болып құрылып орналаса бастады [6] .

Тәуәлсіздігіміз жарияланып, егеменді ел болғалы бері елімізде жасыратыны жоқ, діни экспанция үдеп, дін мәселесі қоғамымызда басты назарда тұрғаны да жасырын емес. Іргесі бекімеген егемен еліміздің Діни-сенім бостандығы туралы заңымыздың тым асығыс әрі еш дайындықсыз қабылдануын пайдаланған кейбір түрлі жат пиғылдағы діни секталар миссионерлік әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп келеді.

Тәуелсіздік алғалы миссионерліктің қарқынды түрін Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жалғастырды. Бұл діни қозғалыстар өз қызметтерін заманауи ақпарттық-техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып жүргізеді. Көпшілік жиналатын акт залдарында, стадиондарда сенімді түрде сұхбаттар өткізіп, жеке интернет сайттары, телеарналар, радиожелілері арқылы хабарлар таратып, өздерінің жекелеген газеттері мен журналдарына мақалалар, жарнамалар жариялап отырады. Батыс мемлекеттерінен елімізге және басқа да тәуелсіз мемлекеттерге жіберілетін әдебиеттердің 1991 жылдың қыркүйек айына дейінгі саны екі миллионнан асып түскен. Соңғы жыдары Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде шығатын кітап пайызы (қазақша 5%, орысша 21%) сырттан келетін кітап санының төрттен бірін құрайды [7] .

Миссионерлік әрекетті әлемнің бірнеше мемлекеттерінде белсенді түрде атқарып жүрген «Иегова куәгерлері» екі жүз тілде жиырма жеті миллион

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы миссионерлік әрекет
Діни басқарма тұсында
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Қазақстандағы миссионерлік әрекеттер туралы
Құқық және заң анықтамалары
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы
Діни бірлестіктердің құқықтық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz