Көне парсы деректері



1. Көне парсы деректері
2 .Көне грек авторларының шығармалары
3 Скиф данасы — Анахарсис
4 Қытай жазба деректері
5. Көне парсы деректері
Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан. Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі "Авеста"1 деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан. Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап, отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жипағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. "Авестаның" сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар.
Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен қатар "Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да айтылады.
Tурлар мен арийлер арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал, Еділ мен Кама өңірлерінде өрбиді. Бұл "әнұрандағы" кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың қарулары — садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі — мал өсіру (өгіз, жылқы және түйе), тамағы — ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қой әкелетіндігі баяндалған.
"Авестадағы" Құдай әнұрандары Орталық Азия мен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның баұташы-егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып отыр.
Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған көне грек авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты "тарихтың атасы" деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған "Тарих" атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялық скифтер" деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар және т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді.
1 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Көне парсы деректері

Мазмұны

1. Көне парсы деректері
2 .Көне грек авторларының шығармалары
3 Скиф данасы -- Анахарсис
4 Қытай жазба деректері
5. Көне парсы деректері

Ахура Мазда

Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан. Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі "Авеста"1 деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан. Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап, отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жипағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. "Авестаның" сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар.
Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен қатар "Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да айтылады.
Tурлар мен арийлер арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал, Еділ мен Кама өңірлерінде өрбиді. Бұл "әнұрандағы" кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың қарулары -- садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі -- мал өсіру (өгіз, жылқы және түйе), тамағы -- ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қой әкелетіндігі баяндалған.
"Авестадағы" Құдай әнұрандары Орталық Азия мен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның баұташы-егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып отыр.
Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған көне грек авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484 -- 425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты "тарихтың атасы" деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған "Тарих" атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялық скифтер" деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар және т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді.
Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан барынша толығырақ деректер алуға болады. Геродот: "Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында", -- дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық -- Елек өзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", -- деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды.
"Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", -- деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV -- III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған " Алтын адам", "қайқы қылыш" сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады.
Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп: "Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скифтерді отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті", -- деп жазды. Геродот: "Осынау көші-қон біздің заманымызға дейін VII -- VI ғасырларда жүзеге асты" деп көрсетеді. Исседондарға ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстан, Жетісу мен Орталық Азияда табылған қару-жарақ үлгілерінің ұқсастығын анықтап берді. Тасмола мәдениетіндегі тайпалар (исседондар) сақ тайпаларының қуатты бөлігін құраған.
Геродот келтірген "алтын қырыққан құзғындар" туралы аңыз Алтай өңірімен байланысты шықса керек. Себебі Алтай өңірі алтын кенішіне бай екендігі белгілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекендеген деп топшылауға болады. Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлі маңын аргиппей және аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар да айғақтайды. Геродот Батыс псифтерінің Шығыстан көшкен далалық тайпалардың арасынан қолгендігін хабарлайды. Ал Шығыс Қазақстандағы сақтардың Берел, Пазырық, Шілікті қорымдары ежелгі өркениеттің қанат жайғандығын көрсетеді. Геродот сақтардың шөптен шыққан буды пайдаланатыны туралы таңғала әңгімелейді. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.
Бұл тайпалар жайлы Страбон еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы "География" еңбегінің авторы Страбонның (біздің заманымызға дейін 64 -- біздің заманымызда 23 жылдары) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасындағы барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады... аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп. Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар (көшпенділер), скифтер сияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді", -- деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе Геродоттікіне ұқсас екендігін аңғаруға болады.

Анахарсис

Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген скифтердің шығыстан батысқа қоныс аударуы нәтижесінде Қара теңіздің солтүстік өңіріндегі скифтер мемлекеті пайда болды. Ал Қара теңіз жағалауы скифтері өз замандастары гректермен тығыз қарым-қатынас жасаған. Бұл аймақтағы тарихи байланыстар жөнінде бірсыпыра анық мәлімет беретін "Тарихта" Геродот Скиф даласынан шыққан ғұлама Анахарсис туралы маңызды дерек қалдырған. Анахарсис Скиф жерінен Эллада еліне біздің заманымызға дейін 594 жылы келеді. Оның шыққан тегі туралы алғашқы деректі Геродот былайша береді: "Ариапифаның сенімді кісісі, тыңшысы Тимнен естуім бойынша, Анахарсис әке жағынан Скиф патшасы Идантирстің ағасы болып келеді. Спаргапифтен Лик, Ликтен Гнур, одан Анахарсис туған". Анахарсистің басты мақсаты -- Эллада еліне барып, мемлекет ісін, философия ғылымын игеру еді.
Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен қатар грек тілін де жақсы білген. Ол өзінің скиф және эллин халықтарының өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектері бар. Анахарсис Солон арқылы афинылықтардың салт-дәстүрімен, заңымен, мемлекет құрылысымен тереңірек танысады. Скиф ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қимақтардың шығу тегі
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
Сақ тайпаларының орналасуы
Қазақстан тарихы туралы көне жазба деректері (иран, грек, қытай)
Қазақстан ежелгі дәуір тарихының жазба деректері
«Деректану теориясы» пәні
Ежелгі грек жазба деректері
В. П. Юдин еңбектері Қазақстан тарихының деректік негіздері
Сақтар
Қытай тарихнамасы
Пәндер