Рухани адамгерш ілік тұлғасын қалыптстыру



1 Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі
2 Әр баланың жеке басы. оның моральдық дамуы
3 Қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
Бүгінгі білім саласында Республикадағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және оқытушы іс-әрекетін жаңашыл тұрғыдан ұйымдастыруды талап етеді.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз бала тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның рухани адамгершілік тұлғасын қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады.
1. Т.А.Ильина. Педагогика. - Алматы, 1977.
2. И.А.Қайров Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы, 1980.
3. К.А.Оразбекова. Иман және инабат. - Алматы, 1993.
4. Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі, ақылдық-көзі. - А., 1980

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
РУХАНИ АДАМГЕРШ ІЛ ІК Т ұЛ ҒА СЫН ҚАЛЫПТСТЫРУ

Бүгінгі білім саласында Республикадағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және оқытушы іс-әрекетін жаңашыл тұрғыдан ұйымдастыруды талап етеді.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз бала тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның рухани адамгершілік тұлғасын қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады.
Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ
Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздердің атау тұлғасы
БАСТАУЫШТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздің атау тұлғасы
Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді
Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру
Сөз тудырудағы грамматикалық қателер
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі
Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкессіздігі
Пәндер