М. Әуезов өмірі мен шығармашылық жолы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 М. Әуезов өмірі мен шығармашылық жолы..

2 «Еңлік.Кебек» пьесасының құрылымы ... ...5

3 Пьесаның жазылуы, жариялануы, тарихы.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... .26
Мұхтар Әуезов қазақ әдебиет тарихында қалыптасқан озық дәстүрлерді алға апарушы, ілгері дамытушы болды. Осы жолда ол әдебиет тарихын зерттеуші, сөз өнеріне аса зор үлес қосқан жазушылығымен, жаңа сапада жазылған тың шығармаларымен қазақ әдебиетінің мәртебесін жаңа биіктерге көтерді. Шығармаларындағы бейнелерді сан бояумен құбылтып, түрлендіріп шеберлікпен бере білу кеңінен өріс алды, өмірге қилы мінезді, алуан келбетті кейіпкерлер келді. Жазушы қандай тақырыбын жазса да адам психологиясын, оның қабат-қабат астарын терең аша отырып, қазақ әдебиетінде сол кезеңде жиі көтерілген тақырыпты мүлде жаңа қырынан, өзгеше шеберлікпен игерген. Әсіресе, портреттің өрелі түрі- психологиялық портрет өркен жайды. Жазушының портрет жасау жолдары, әдіс-тәсілдері, форма-түрлері көбейді.
Әуезов кейіпкерлерінің сырт келбеті жан толғанысымен тұтасып, бүтін бір тартымды дүние жасайды, бірін-бірі толықтырып тұрады. Келбеті арқылы характердің қатпар-қатпар жан-дүниесі, жүрегінің дірілі шеберлікпен ашылады. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Сонымен, қорыта айтқанда М. Әуезов – ғалым-жазушы, көркем ойдың алыбы. Ғұлама ойшылдың дүниетанымының тереңдігі, өзгеше ойлау стилі мен ойлау әдісі кейінгі ұрпақтарды да тәнті етеді.
1 Рымғали Нұрғали Шығармалары I том Драма өнері монография, Астана-2013 бас редакциясы Foliant баспасы
2 Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
3 «Мұхтар Әуезов туралы естеліктер» кітабынан
4 Ауэзов М . Открытое письмо в редакцию / М.Ауезов // Литературной газеты. - // Абай. – 1996. - №2.
5 Жұртбаев Т. Еңлік-Кебек пьесасының тарихи негіздері , жинақ «Мұхтар мұрасы» / Т.Жұртбай - Алматы: Қазақстан, – 1997
6 Әуезов М О. Жиырма томдық шығармалар жинағы / М.О.Әуезов // Алматы: Жазушы, – 1979- 1985
7 Қабдолов З. Әуезов және оның әсемдік әлемі / - Алматы: Білім 1986

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

М. Әуезов өмірі мен шығармашылық жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

Еңлік-Кебек пьесасының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

Пьесаның жазылуы, жариялануы, тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Мұхтар Әуезов қазақ әдебиет тарихында қалыптасқан озық дәстүрлерді алға апарушы, ілгері дамытушы болды. Осы жолда ол әдебиет тарихын зерттеуші, сөз өнеріне аса зор үлес қосқан жазушылығымен, жаңа сапада жазылған тың шығармаларымен қазақ әдебиетінің мәртебесін жаңа биіктерге көтерді. Шығармаларындағы бейнелерді сан бояумен құбылтып, түрлендіріп шеберлікпен бере білу кеңінен өріс алды, өмірге қилы мінезді, алуан келбетті кейіпкерлер келді. Жазушы қандай тақырыбын жазса да адам психологиясын, оның қабат-қабат астарын терең аша отырып, қазақ әдебиетінде сол кезеңде жиі көтерілген тақырыпты мүлде жаңа қырынан, өзгеше шеберлікпен игерген. Әсіресе, портреттің өрелі түрі- психологиялық портрет өркен жайды. Жазушының портрет жасау жолдары, әдіс-тәсілдері, форма-түрлері көбейді.
Әуезов кейіпкерлерінің сырт келбеті жан толғанысымен тұтасып, бүтін бір тартымды дүние жасайды, бірін-бірі толықтырып тұрады. Келбеті арқылы характердің қатпар-қатпар жан-дүниесі, жүрегінің дірілі шеберлікпен ашылады. Әуезовті әдебиетке Еңлік - Кебек алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің Еңлік - Кебегі 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Сонымен, қорыта айтқанда М. Әуезов - ғалым-жазушы, көркем ойдың алыбы. Ғұлама ойшылдың дүниетанымының тереңдігі, өзгеше ойлау стилі мен ойлау әдісі кейінгі ұрпақтарды да тәнті етеді.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат:
1)М. Әуезовтің сол замандағы көтерген мәселелері, яғни шығармалары арқылы не айтқысы келді. Сол тақырыпта талдап, зерттеу жүргізу.
2)М. Әуезовтың ғұлама жазушы екенін, шығармаларында үлкен мән, ой толғаныс бар екенін көрсету.
3)Талданылып отырған трагедияның шынайы тұстарын ашу, оны осы заманмен салыстыра қарау
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері: Курстық жұмысын жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы орныққан теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізінен басшылыққа алынды. Сонымен бірге талдау, жинақтау әдістері қолданылды. Р. Нұрғали шығармалары 1-том пайдаланылды. Онымен қоса газет, журнал беттеріндегі М. Әуезов жайлы түрлі мақалалар қолданысқа енді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, үш тақырыпшадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

М. Әуезов өмірі мен шығармашылық жолы
М. Әезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде Дауыл атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей мұғалімдер семинариясына түседі.
Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының Жолсыз жаза дастанының негізінде Еңлік-Кебек пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде Алаш жастары одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған Қазақтың өзгеше мінездері аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда Алашгазетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде Абай ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады.
1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және Қазақ тілі газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы Қорғансыздың күні әңгімесі Қызыл Қазақстан журналының №3 - 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі Шолпан және Сана журналдарына жұмысқа орналасады.
Осы басылымдарда Қыр суреттері, Қыр әңгімелері, Үйлену, Оқыған азамат, Кім кінәлі, Заман еркесі (Сөніп-жану) әңгімелері жарияланады.
1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп Таң журналын шығарады. Онда Кінәмшіл бойжеткен, Қаралы сұлу, Ескілік көлеңкесінде, Жуандық әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған Әдебиет тарихы монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде Қараш-Қараш оқиғасы повесін, Қилы заман романын, Хан Кене пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
Еңлік- Кебек пьесасының құрылымы

М. Әуезов шығармашылығы - ХХ ғасырдың әсемдігімен, ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Әуезов мұраларынан алатын тағылым ұшан-теңіз. Жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін, қам-қарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер.
Ұзақ жылдарға созылған терең шығармашылық ізденістердің, қажыр-қайратының нәтижесінде күллі әлемге ұлы Абайды танытып қана қойған жоқ, қазақ халқы Абай жолы арқылы өзін де тереңірек түсініп таныды. Абай жолынсыз қазақ әдебиетін, халқымыздың рухани-көркемдік әлемін көзге елестету мүмкін емес деп халық жазушысы Ә. Кекілбаев бағалағандай, тек қазақ халқының ғана емес, көшпелі түркі жұртының өткені туралы ең алғашқы кең ауқымдағы шығарма.
М. Әуезов қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен өмірлік, шығармашылық жолдарында зор табыстарға жетті. Жиырма жасында Еңлік-Кебек трагедиясын жазғаннан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. Атап айтақанда: Қорғансыздың күні, Барымта, Ескілік көлеңкесінде, Көксерек, Қыр әңгімелері, Жетім, Қараш-қараш оқиғалары, Қаралы сұлу, Қилы заман секілді прозалық шығармаларымен оқырман назарын бірден өзіне аударды. Прозаның шағын жанрының шебері екендігін көрсететін осы шығармаларында адамның іс-әрекетін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен астастыра келіп, кейіпкер психологиясының терең иірімдерін, табиғат суретін, халықтың дәстүрлі тіршілігін, тынысын, ұлттық мінез-құлқын мейлінше қанық, толық суреттей білген.
Жазушы адам бойындағы пәктік пен сұлулықты әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя, жарыстыра суреттеу арқылы қазақ әдебиетіне классикалық психологиялық прозаның үлгісін әкелді.
Осы туындылардың өзімен М. Әуезов құдіретті талант иесі екендігін танытқан болатын. Оның талантын шарықтатып, көркемдік дамудың шырқау биігіне жеткізген өмір жолы оңай емес еді. Ол таудай талпынудың, дамылсыз ізденудің, табанды еңбектенудің қиын-қыстау жолы. Сонымен бірге, халыққа адал қызмет етудің азаматтық, адамгершілік жүгін арқалаған ауыр да абыройлы жол болды.
Жиырма жасар Мүхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған Еңлік пен Кебек жайлы аңыз болатын. Дүние жүзі әдебиетіндегі бірталай ұлы шығармалар халық аңызы негізінде туғандығы белгілі. Жеріне жеткен шеберлікпен, асқан ақындық күш - қуатпен ғаламат философиялық шындықтарды поэтикалық суретпен берген Гетенің Фауст трагедиясының сюжеттік желісі халық әдебиетінде жатыр. Неміс Клингер Фаустың өмірі, қызметі, өлімі деген роман, ағылшың Марло Доктор Фаустың қайғылы тарихы атты трагедия жазды. Тақырыпты әртүрлі пайдаланғанмен, бұлардың бәрі де көркемдігі, тереңдігі жағынан Гете трагедиясынан көш кейін. Мұндай фактілер арқылы аңыз бен көркем әдебиттің байланысы, әр жазушы аңызды өз шығармашылығында қалай пайдаланады деген мәселелерді айқындауға болады. Еңлік - Кебек аңызының нұсқаларына тоқталғанда осы мақсат келеді. Алғашқы нұсқа Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз деген атпен 1892 жылы Дала уәлаяты газетінің 31 - 39- сандарында жарияланды. Әңгіме былай баяндалады: . . . Тобықты рулары мекендеп отырған тудың аты Шыңғыс хан есімімен байланысты деседі. Үй тігіп баурына қонып, сонда бір тудың атын Орда қойған екен. Басына шыққан соң екіншін Хан атаған. Доғалаң, Шонай - бұлар да жаужүрек батырлар есімі. Соның бәрі соның бәрі - моңгол шапқыншылығы дәуріндегі тарих жаңғырығы. Шамасы, бұдан жүз елу жыл бұрын Жуатаяқта Кебек деген батыр болған. Жиырмаға келгенде жас батырдың күш - қайраты бойына сыймай, алыс атыраптарға асыққандай, жүрегі аттай тулайды. Ел - жұртқа дуалы деген, аты жайылған Нысан Абыздың мекені Шыңғыстаудың кұз - қия бір қуысында. Ол - мінезі тұйық, көп сөйлемейтін, түсі суық жан. Бет - аузын жыбырлатып, денесін аласұра қозғалтып, сөйлеп, ыңылдап бал аша бастаған кезде анау - мынау адамның құты қашып, зәресі ұшады. Болашақты болжаймын деп тесіле қадалып, қобызын сарната жөнелгенде тыңдаушының көзіне еріксіз жас үйіріледі. Кебек атын ақырын аяңдатып, Нысан Абыздың жадау киіз үйіне келеді. Қобыздың адам жүрегін елжірете зарлаған, сызылған, мұңайған, қайғы төккен сазы құйылып, жігіт көңілін оп - оңай баурап алды. Кебек батыр неге тұрып калдың? - деген қатқыл дауыс естілді. - Әлде келген шаруаңды ұмыттың ба?
Түсі суық шал жігіт сәлемін алып болмай жатып, оның көзіне көзін қадап:
- Мен келетініңді, Кебек батыр, біліп отыр едім, - деді. - Жындарым ашқан маған - сенің тағдырың үрейліде қауіпті. Шыдармысың тыңдарға?
- Сол үшін келдім ғой. Болжап берші, болжа. Болашақтан қорқатын қоянжүрек мен емес. Өлім біреу ақыры.
- А, солай ма? . . Тыңда. Өтер, жылдар қетер. Білегіңнің күші де, епті пысық ісің де жаяр даңқыңды алысқа. Сені руыңның тірек қазығы деп таныр, сыйлар. Бірақ күнің қысқа. Тіршіліктің бар қызығын енді татып, өмір құнын енді түсіне бастағанда, бақыт құшқан шағыңда туыстарыңның да, жауларыңнан да қарғысын алып өлерсің. Кебек қорқынышты шалдан көзін алмай тыңдап қалған.
- Аламаймын мен. Келді ол уақыт. Тау арасындағы ағынды өзен жағасында қызбен кезігесің. Қазір - ақ көріп тұрмын. Жындарым көрсетіп тұр: ұзын бойлы, еліктей сымбатты, шашы қарғаның қанатындай қап - қара, маңдайы биік, көзі күзгі түндей тұңғиық, теңіз түбіндей терең. Осы қыз әйелің болады, соның жолында қаза табасың сен.
Осыны естіп Кебек үйіне қайтады. Арада бір неше жыл өткен. Кебек даңқы алысқа жайылған батыр болады. Бір күні бүркітін алып түлкіге шығады. Қызды - қыздымен жүріп Хан тауынан асып, қарсы ру, жауласып жұрген ел - Матайлардың жеріне қарай өтіп кеткенін өзіде байқамай қалады. Ол кезде қасқарайып кеткен. Үйге қайтпай, қоналқыға таяудағы аулға беттегенде бір қызға жолығады. Сұлу. Кебек оны бұрынан білетін сияқты. Еңлік жалын сезім екуінің де бойын шарпып, махаббат құштарлығы алау атады. Еңлік әкесі Керей руындағы бір бай шалға атастырып қойған болатын, қалың малдыңда жартысы алынған. Қос ғашықтың ыстық құшақтарына еш нәрсе де тосқауыл емес, сүйіспеншіліктің жалын толқыны ұмар - жұмар тартып әкеткен. Кебектің келуі жиі. Бір түнде Еңлікті алып, өз ауылына тартып береді.
Намыстары күйгендей болған қыздың елі Кебек ауылының малын барымталап айдап әкетеді. Пәле басталады. Елді ел шабады. Барымта. Соғыс. Өлім. Екі жыл итшығыспен, жыл қысумен шаршап, шалдығып барып орта биге жүгінеді. Қорқау би Кеңір бай төрт айлық балалары бар Кебек пен Еңлікті сонша қарсы елден еріп, Еңлік пен Кебекті жазалау үшін Ақшоқы бигінің басына жиналады. Кеңгірбай сырт көзге Кебекті арашаламақшы боп жалған қабақ білдіргенімен, іштей оның өлімін тілейді. Өйткені Кебек бел алып, беделі өсіп, ел ішінде өзімен иықтас адам болып бара жатыр еді. Билікті ешкімменде бөліскісі келмейді Кіңгірбайдың.
Ақыры Кебек пен Еңлікті тасбауыр жандар ат құйрығыны байлап өлтірді. .
Кебек - жаудан қайтпас ержүрек, жар сүйген жалынды жігіт. Екі елдің шоқпар сілтесіп, қарсы шабысып тұрған жаугершілігіне қарап, қорқып бас сауғаламайды. Сүйген жарын алып қашады. Ескі әдетпен батыр махаббаты үшін күреске түседі.
Абыз бейнесі, бір жағынан болашақты болжауды көксеген ел арманына хабар берсе, екінші жағынан, халық нанымының балалық кезеңін, тағдырға, талайға илануды көрсетеді.
Әңгімеде Еңліктің портреті берілген. Ұзатылғалы отырған бойжеткеннің ұнатқан жігітімен көңіл қосып, тұсау кесуі - оның азаттықты тілеп, батыл басқан қайратты қадамы. Жазықсыз екі жасты айаусыз өлтірген қатыгез әдет әңгімеде жазғырылып отыр. Кеңірбайдың Кебекті бақталасым деп өлімге итеруі ашық айтылады.
Еңлік - Кебектің қағаз бетіне түскен бұл бірінші нұсқасында халықтың сарын, халықтық идея басым. Тілі, сюжеті, композициясы, стилі, образдары - барлық көркемдік компонент тері жіптіктей болып тұрмаса да, бұл әңгіме осы қасиетімен құнды.
Дала уәлаяты газетінің 1900 жылғы 46 - санында жарияланған нұсқа Қазақ тұмысынан хикая деп аталады. Алғашқы варианттан бірнеше өзгешілігі бар. Мұнда жігіт Кебек емес, Серғали, Қыз аты - Қаңлық. Абыздың аты - Келдей. Тоқтамыс - Бесқабан, Кеңірбай Шалпақ деп берілген. Шыңғыс, Хан, Ақшоқы сияқты таулардан басқа Далаған, Бүріктау деген жерлерде айтылады.
Абыз қобызын сырнатып, көк терге түсіп Серғалидің келешегін болжайды. Жігіттің батырлық даңқы жайылытынын, ұзын бойлы, еліктей сымбатты, шашы қарғаның қанатындай қап - қара, маңдайы биік, көзі күзгі түндей тұңғиық, теңіз түбіндей тереңсұлу қызбен ұшрасып, қосылатынын айтады. Көп өмір сүралмайтынында жасырмайды. Батыр, Абыз айтқандай, Қаңлық қызға жолығады, онымен қосылады. Екі ру бірігіп, екуін ат қүйрығына байлап өлтіреді. Бесіктегі бала шырылдап, иесіз тауда қалады.
Бірінші нұсқадағы сюжет желісі, образдар қалпы сол күйде сақталған. Серғалидің кейпі Кебектің кейпі. Абызбен кездескендегі айтылған сөздер бірінші нұсқаудағының дәл өзі сөзбе - сөз келеді. Жалпы 1900 жылғы әңгіменің көшірмесі. Еңліктің атастырылған адамының айтылуы, аңгіменің Кебеков деген молланның аузынан берілуі, ұсақ өосымша суреттеулер - 1900 жылы өосылған анахронизмдерден мынадай ойға келеміз: Дала уәлаят газеті жыл аяғында жаңа оқушылар тарту мақсатымен сегіз жыл бұрын басылған әңгімедегі адам аттарын әдейі өзгертіп, қайтадан жариялаған секілді. Еңлік - Кебектің 1900 жылғы нұсөасы алғашқы варянтта қайталап шықты. Өажетсіз ұсақ бұрмалаулар аңыздың негізгі сырынына нұқсау келтіре алған жоқ. Адал махаббаты дәріптеп, қара жүректілікті айптаған халықтық идея бұрынғы күйінде қалды.
Үшінші нұсқа - Мағауияның Еңлік - Кебек поэмасы. Ол Қазақыстан Республикасы Ғылым академиясының архивінде сақталған қолжазба бойынша 1960 жылы Дастандар жинағында басылды. Мағауия Еңлік - Кебегінің
Оқиғасы, сюжеттік желісі, компазициялық құрылысы 1892 жылғы нұсқаумен арналас. Ақын образдарды біршама айқындап, бұрынғы идеяны өзінше саралай түскен.
Руы Кебек ердің Жуантаяқ,
Елі үшін жанын салған аяанбай - ақ.
Зор көкірек, ер сөзді адам еді,
Сол ерлігі түбіне жетті бірақ,
- деп жас батыр іш тарта суреттеледі. Абыздың келбеті, бал ашардағы жүзінің өұбылуы, дене қимылдары бұрынғы нұсқалардағы қалыпта берілген. Биік қабақ сұлу қызбен кездесетін, ажалыда жететін де бұрынғыша. Ма, ауия поэмасында Кбек пен Еңліктің тұғыш кездесуі ұзағырақ суреттеледі. Әңгіме вариянттарында Кебек пен Еңлік екі кайрымға келмей, көрген беттен ғашық болды деп келте қайрылса, поэмада қыздың кескіні, жүріс - тұрысы, киімі кең сипатталып, махаббаттың оянуы, тағдыр жасмыштан емес, адам баласына тән сезім екендігі нанымды бейнеленеді.
Тіп - тік жаурын, нәзік бел, бүрымы ұзын,
Салмақпенен салады қара көзін.
Жауап берсе қалжыңға содай ұста,
Ешкім сөгер жан емес айтқан сөзін,
- деген сөздер арқалы Мағауия психологиялық портрет жасауға ұмтылады. Кебек батырдың жассұлуға ынтығуға оқушы жүрегін қытықтайды, аөын өмір шыдығын дәл көрсетпек болып, реалистік мәнерменЕңлік бейнесін табиғи қалыпта кескіндейді:

Мен сізге жар болып ере алмаймын,
Ел - жұрттың мазағына көне алмаймын.
Көңілім қанша елжіреп тұрса дағы
Жар болам деп уәде бере алмаймын.
Мұнда қоспа жоқ. Өз дәуірінің бел баласы шыққан орта, өскен аймағының моралінен қия басып, тая соқпайды. Махаббат деп аһ ұрған жас жүректі ыстық сезім тебірентсе де, салқын сабыр басу айтады. Бірақ жүректің аты - қаншада жүрек. Бабына тұсіп, кезіне келсе, оған әмір жүрмейді. Адам жүрегі - азаттықпен әділеттік құлы әмәнда. Әуеде аяншақ, көрбала Еңлік артынан Кебек пен көңіл қосып, асыл, ыстық махаббаттың бал күндерін бастан кешеді. Поэмада Кебек Еңлікті алып қашқаннан кейінгі оқиға асығыс баяндалады. Бұрынғы нұсқалардағыдай бір - біріне жасаған қоқан - лоқысы, барымта соғыстары суреттелмейді, екі жастың романтикалық махаббатарын трагедиялық финалы бейнеленеді. Алғашқы екі әңгімеде Тобықты би Кеңірбайдың кебекті ұстап беруі бақталастық, ертең өз орнымды басады деп қауіп болып көрсетіледі. Поэманың бір жаңалығы - Кеңірбай бейнесі жаңаша пайымдалған. Ол қыз қайнынан пара алады.
Кеңірбай зымияндық қулығымен әскер жиып, Кебек пен Еңлікті алдап қолға түсіруін жете баяндау, қандыауыз бидің опасыздығын әшкерелеу Мағауия поэмасының сыншылдық күшін, әлеуметтік салмағын үстеп тұр. Кебек пен Кеңірбай диалогтарынан бірінің өр мінезі, қайрат, қайсарлығы көрінсе, екіншісінің мысықтабан жымысқылығы, найза болмас аяарлығы аңғарылыды. Кебек:
Бұл пәле бәрі сенен Кеңірбайым,
Қызды берме бітімге, малшы дайын.
Егер де сен қызды беріп қойсаң,
Өмір бойы жау болам, жасырмаймын,
- деп өлім тұзағы мойнына лақтырылған сәттің өзінде қайтпай соғады.
Кеңгірбай Кебекті ат құйрығына байлатып өз қолымен өлтіртеді де, Еңлікті атастырылған жеріне береді. Алғашқы ата жолын кесе- көлденең өтпейтін жуас Еңлік характеріндегі эволюцияны Мағауия жақсы көрсеткен. Мағауия поэмасы да екі жастың өлімімен, емшектегі нәрестенің елсізде қалуымен тәмам болады. Ақын оқиғасымен сюжетіне күрделі өзгеріс енгізбесе де, Кебек, Еңлік, Кеңгірбай образдарын бұрынғы қалпынан біршама тереңдетіп, дамытып, сыншылдық рухтағы поэма тудыра алды.
Төртінші нұсқа- 1912 жылы Семейде жеке кітап болып басылған Жолсыз жаза поэмасы. Ескілікті жақсы білген шежіре ақын Шәкәрім Еңлік-Кебек оқиғасы 1780 жылдар шамасында ьолғанын дәл көрсетеді. Ақтабан шұбырындыдан кейін қазақтардың Сырдан кетіп, Шуға, Арқаға қарай аууы сөз болады. Бұл поэма да Кебекті таныстырудан басталған. Бұрынғы варианттарда жоқ ерекшелік- жас батырдың портреті:
Он бесңнде Кебектің аты шықты,
Атты, жаяу- бәріне бірдей мықты.
Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.
Оқиға белгілі арнадан аумайды, сол із. Алдағы өмірді болжатуға Кебектің Нысан Абызға келген беті. Ақын Абыздың динамикалық, жанды кескінін жасай алған. Абыз қимылының нақты картинасын көзге елестеткендей болады. Автор Кебке пен Еңліктің алғаш жолығысуын бұрынғы нұсқалардағы дәтүрмен қайырмай, мол әрі қызықты сүреттеген. Поэманың ең көркем тұсы- Кебек пен еңліктің арасындағы сырласу эпизоды. Диалог ауқымынан шығып, ұзақ монологқа айналып кеткен жолдарда жастар сыры шертіледі. Образдардың іштей ашылуы, олардың сөздік сипаттамалары арқылы бейнеленуі үлкен ақындық шеберлікті көрсетеді. Басқа нұсқаларда Еңліктің үй-жайы, әке-шешесі айтылмаса, Жолсыз жазада оның жалғыздығы, еріксіз ұзатылып отырғандығы, әкесінің жас күнінде батыр болғандығы, нағашысы Қабанбай екендігі баяндалады. Тұрмыстық детальдар- қонақ күту әдеті, ат жайғау, дәм беру тәртібі бейнеленеді. Еңлік образын пайымдауында да сонылық бар. Сөз айтушы жігіт емем қыз. Бұл жағынан алғанда, Еңлік Онегинге бірінші боп хат жолдаған Пушкин Татьянасының қылығын еске түсіреді. Еңлік жас батыр Кебекті сезім бөлісер, қуаныш-рақатқа, күйік-қайғыға ортақтасар бастас, қамау-қапастан алып шығар ер азамат деп мұңын шағады. Онда да көз жасын көл-дария ағызған төмен-етек пұшаймандық емес, наз бен қылық аралас, жан құпиясын ашу.
Еңлік-Кебек аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасына жеке-жеке тоқталып, оларды өзара салыстырып шыққан соң мынадай байламдар жасауға болады. Ұсақ ауытқуларды айтпағанда, барлық нұсқадағы оқиға, оның баяндалу реті, аяқталуы, аты аталатын адамдар негізінен бірдей. 1900 жылғы нұсқада өзгеріс бар. Жолсыз жазада жаңа есімдер айтылады. Адам бейнелерін кескіндеуде ұқсас. Кебек-батыр, Еңлік- асқақ махаббат иесі, Кеңгірбай опасыз болып көрінеді. Шыңғыстау. Хан, Доғалаң, Ащысу барлық нұсқада аталады. Қараменде Көбей, Кенбайлар- Жолсыз жазада қосылған адам аттары.
Нысан Абыздың бал ашқандағы сөзі, Еңлік портреті, бүркіт салу сүреті сөзбе-сөз келіп отырады. Бірталай тіркестер, жеке детальдар, жаулар үстерінен түскендегі қашу сәті, Кебек мойнына арқан тасталуы, Еңліктің үш тілегі, жөргекте зар қағып қалған бала өзгеріссіз қайталанады. Барлық нұсқа Еңлік пен Кебектің өлімімен тынады. Кеңгірбайдың екіжүзділігі, Тобықты, найман руларының тасбауырлығы, опаттың бас себебі тағдырдың бұйрығында, жазмыш күшінде деген идея барлық нұсқада бар.
Қазақстан Республикасы Ғылым акдемиясының акдемигі Мұхамеджан Қаратаев М. Әуезовтың жиырмасыншы жылдың бас кезіндегі әңгімелері қазақ совет әдебиетінің тұнғыш реалистік шығармаларына жататынын айтты (Сотциалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы. -А, . 1965. -133б. )
Бұл пікірлердің барлығыбір арнаға құйып жатыр: Әуезов шығармашылығының күрделілігі жақсы айтылған.
Мұхтар Әуезов неге Еңлік-Кебекті жазды?
Көркем шығариа аяғы аспаннан салбырап түсе қалмайды, бұл- эстетиканың белгілі шындығы. Талант, тәжрибе, біліммен қоса, ең басты, ең негізгі, ең шешуші фактор-жазушының дүниетанымын, санасын қалыптастыратын өскен орта, әлеуметтік қоршау. тақырып беретін де, образ ұсынатында сол орта, сол қоршау.
Жас Әуезов халықтық аңыздың бұрынғы пайымдауларына жаңа, мол өзгерістерді енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарма тудыра алғанын көреміз.
Әуелгі нұсқаларда Кебек пен Еңліктен басқа бірер адамның ғана есімі аталса, пьесадағы персонаждар: Еңліктің әкесі Ақан, шешесі Қалампыр, Абыздың әйелі Таңшолпан, Еңліктің әменгері батыр Есен, Найман билері Жомарт, Еспембет, малшы бала Жапал, Қосдәулет, Жәуетейлер- Әуезов өз жанынан қосқан соны адамдар. Рас, 1912 жылғы нұсқада аттары айтылмаса да, Еңліктің әке-шешесі, қойшы бала азырақ сөз болатын.
Пьеса Абыз монологынан басталады: жаратқанның жарлығына ризамын, аз ауыл Тобықтының алақанына салған батагөйі қылды. Сақал-шашым ағарғанша тұғырымнан тайғаным жоқ. Қарқара би-төре, батыр-балуан, әлі дн болса алдымнан өтеді, оң батама ынтық болады. Келе жатқан күндері, көмескіні болжамасам да болатынына сенеді .
Нысан Абыз шынын ақтарып отыр, өзекжарды сырын айтып отыр. Ру намысы- оның намысы.
Кебек аты алғаш рет осы Абызға сәлем бере келген билер аузынан естіледі. Батырды сырттай мінездеу бар. Сыр-сипаты, адамшылық қасиеттері емес, жаугершілік күндегі білектің күші мен жүректілік айтылады. Сақал-шашы аппақ қудай, дүние қамынан қалып бара жатқан Абыз да, емшегін сауып, тіл мен жақтарына сүйенген, өздерінше жұрт намысын жыртқан болып жүрген арқалы билер Көбей, Матақ, Кембайлар да- түгел мәз.
Селдей қаптап келіп, қайта басылған Матайлар ашу кегінің себебі алғашқы көріністерде ашылмаса да, пьесадағы қабырғалы тартыс майданының өрті осы рулар арасындағы қырсықты бәсекеден лап беретіндігін іштей сезе бастайсың. Сахнаға есей батырдың шығуы бұл ойды әбден бекітеді. Ол да киелі шал, дәулескер балгер Абызды іздеп келген.
Кеудесі басылмаған батыр дауылдай ұйтқиды. К, ездескелі ізденіп жүргенім - өзіңнің батырың Кебек, - деп салады Есен. Абыздың өзімен ұстасып, кектесіп кеткенін жасырмаған түрі бар.
Басында, Көбейлердің айтуында, ержүрек қаһарман боп сүреттелген, соңынан Есен аузында оның ата жауы боп көрінген Кебектің абыз алдына келу көрінісіне жіті көз тігіп қаласың. Кебек биязы, сынық мінезді қалпын танытады. Шусыз, даңғасыз салқын сабыр бар бойында. Өз қайратына сенімді адамдарда болатын жақсы ірілік.
Кебек: Оқ астында, найзка ұшында кездесіп қалып жүруші ем. Ажал күнім қашан екен, соны болжап берсеңіз деп ем, - дейді. Кебек характерін өзінше пайымдап, оның аузына соған лайықты сөз салғанымен, Әуезов бұл көріністе, негізінен, Еңлік - Кебектің бұрынғы нұсқаларындағы дәстүрлі арнадан алшақтамайды, Абыздың: Аруағың өрмелеп келе жатқан ұлымсың, жаман-жақсы сөз есітіп жабығып қалмасаң, - деуі де тұрақты канон.
Қобызын алып, сарнап, бал ашып, ақыры былай дейді: Қырда ма, тауда ма, таста ма, кешікпей бір қызға кез боласың, сол қызбен қосылып қызық, ұзақ дәурен сүресің. Рас, бұрынғы нұсқаларда Абыз Кебектің өлімін кесіп айтса, Әуезов пьесасында ол жоқ. Бірақ жазмыш бұйрығы, тағдыр күші деген жалған, қажетсіз сарынды мүлде алып тастай алмаған.
Абыз бата береді. Бірінші перде сонымен бітеді. Оның өзі де, кемпірі де бұдан былай оқиғаға араласпайды. Алғашқы пердеде Еңлік- Кебектің бұрынғы нұсқаларынан не бардеген сұрауға жауап іздесек, мынаны айтуға болар еді:бір-ақ деталь-Абыздың Кебекке бал ашуы. Қалған ситуацияларды: Абыздың үйшілік тірлігін, кемпірімен қарым-қатынасын, Көбейлердің ел арасының әңгімесін айтуы, Кебекті сырттай мақтауы, бата тілей келген Есен батырдың қылығы-түп-түгел соны жайлар, жаңа ситуациялар.
Қаһармандар характері бір-бірімен қақтығысқа келіп, пьесадағы өзекті конфликті жылжып кетпегенімен, бірінші пердеде үш түрлі мінез-құлық ерекшелігін көреміз. Ру намысы деп қау көкіректерін соққан Абыз, Көбей, Матақ, Кембайлар бір төбе болса, маңдайына тас тимеген батыр Есен мақтан күйттеп ло отыр, ашылып ақтарылмаған сыпайы батыр Кебекті іш тартасың. Нөсер төгер қара бұлттай тартыс қатайып келеді. Не болар екен?
Ақанның үйі. Қысқы кез айнала киіз ұстаған. Найза, шоқпар, ұсталған шымылдық. Ортада қазан асулы. Қалампыр от жағып отырады. Ақанның қолында таяғы бар.
Бұл ремарка болатын оқиғаға фондық қана қызмет атқармайды, сол дәуірдің тұрмыс кескінін де көзге елестетеді.
Еңліктің әкесі Ақан, шешесі Қалампырдың от басы, ошақ басы күнкілінен, олардың өмірінен, мұң-шер, қайғыларынан хабардар боламыз. Бұлар ұл жоқтығын зар тұтады.
Дүниеден кеткенде артта қалған, жиған-терген мал - мүлктің иесі- мұрагер кім? Еркек кіндікті. Соңында ұлың қалса, атың өлмейді, түтінің сөнбейді. Ұлсыз адам - құрдым, қубас. Өлді-бітті. Ақан мен Қалампыр осылай шерлі ой толғайды. Тірліктегі аз медеу, қысқа қуаныштары- Еңлік.
Есен мен Ақан үйінде және кездесеміз. Алғаш ұшырасуда сыр берген даңғой батыр сол қалпы. Қыз әкесіне: Еңлік бұл күнге шейін жауап берген жоқ. Сөзге сараң бойына дарытпайды. Бүгін өз аузынан байлаулы сөзін естігелі келдім, - деп тағы да рабайсыздыққа басады. Еңлік пени Есен арасындағы алғашқы шарпысу - шебер жазылған реалистік, психологиялық диалог. Қыз бен жігіттің әрі характерлері ашылады, әрі тартыс өрбиді.
Даңғой Есен тікесінен қойып қалады. Сөзді қырмызыдай талдап жату- оған бітпеген қасиет. Бір сезім күйінен екінші халге ауысуы да оңай. Тұтануы да тез, басылуы да тез.
Есен осалдығын біліп алған Еңлік соған орай тіл қатады. Әйтпесе оның теңі даңғой, мақтаншақ, ұрт аңғал Есен бе еді?Сөзбен алдарқатып, маңына жуытпаудың амалы.
Ізін аңдып қыр соңынан қалмай жүрген Есен ашылды ақыры. Айтты. Көкейін тесіп жүрген көмей ойын шығарды сыртқа. Бітеу жара жарылды. Енді сөздің басы ашық. Туыс намысы емес, Есеннің қуып жүргені өз күйі. Еңлік сезімінің тұнық айдынын Есен атқан қара тас толқын-толқын етті.
Күрделі психологиялық сәт. Есен сөзі Еңлікті еркелетуден бастап, қорқытумен аяқтады. Жас сұлуды құшу үмітінің жіңішке сәулесі жылт етті де, сөнді. Сақтап келген көмбесін Есен батыр ашуы мұң екен, шайпау қыз бас салды: Әднпті бол. Қайынағалық жолыңды біл, - деді-ау. Бағынуы, илігуі жоқ, кеуде қаққан өр қыз. Тосты, күтті Есен. Кімді кім?. . . .
Қыз жүрегі тулап тұр. Қызылға шүйліккен құзғындай Есен түрі әлгі. Тұра ұмтылса, оның құлынан қорғансыз қызды кім алар? Аралашар қыз қайда? Паналайтын тұс қайсы? Үйден шыға алмай шөгіп қалған қарт әке ме? Бойы дір еткендей. Жабы болып, жерге қарап өскен жоқ Еңлік. Келер сөздің кезегін жібермейді ешкімге, тайқи соқты деп Есеннің өзі де айта алмас. Алдағы күннің не дайындап тұрғанын көріп алар.
Бір ілмек тартыс байланды. Есен-Еңлік арасы. Есен алам дейді, Еңлік бармаймын дейді. Мүмкін, Есен сезімі рас та болар, бірақ Еңлік көңілі оған аумаған. Қайшы тілектер тартысы. Конфликт дегеніңіз де осы ғой.
Драматург Еңлік пен Кебектің тұнғыш кездесу сәтін психологиялық жағынан жақсы дайындаған. Еңлік басына бұлт үйірілген. Сүйіспеншілікті аңсаған жассұлу өзі ұнатар, жүрек қалар жан кезіксе, қалтқысыз құшақ жаярдай. Кебек атты жас батыр даңқы шартарапқа жайылып, Еңлікке де жетті. Батыр ғана ма? Төрт құбыласы түгел келген сегіз қырлы дейді ғой. Жұрт мақтаған жігіт қызға жақпасын ба? Көрсе өзін. Бірақ ол жау рудан, жаттан емес пе. . . .
Сол Кебек пен Еңлік өз үйінде кездесіп отыр. Ал қуған батырды тағдыр өзі айдап келдді. Сөз аптасы, жүріс-тұрысында, басқаны былай қойғанда, әутеуір батыр атаулының дерті тәрізді мінез-тасырлығы жоқ екен. Еңліктің өзі, әкесі, шешесі, қойшы Жапал болып төрт жақтан қыстаған соң, Кебек қонақкәдесі ретінде бір әңгіме айтады. Қоспасыз, желіксіз баяндау. Есен болса өз басының ерлігін борандатып, көбейтіп, өсіріп айтар еді.
Рас, Кебек әңгімемі пьесаның динамыкалық жағын әлсіретіп тұр. Есен мен Еңлік шарпысуын жақсы драматургтік шеберлікпен берген Әуезов ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
Әуезов Абайтанудың негізін салушы
Абай жолы эпопеясының тілі - Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы, әсері
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Абай поэтикасының Абай жолы эпопеясында әлеуметтік, теңсіздік мәселелері
Пәндер