Иеһова куәгерлері


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ИЕҺОВА КУӘГЕРЛЕРІ

Өз атауын Иеһова куәгерлері иудайзм дініндегі Құдай атынан алынған. Еврей (ирвит) тілінде ол Йе-хо-ва (Яхве) деп аталса, ал христиан дәстүрінде Иеһова, яғни жаратушы тіршілік беруші (сөзбе-сөз «Ол болғызады») деп аударылады.

Діни бағыт ретінде Иеһова куәгерлері ХІХ ғасырдың аяғында құрылды. Нақты айтқанда қазіргі заманғы тарихы 1870 жылдан бастау алады. Питсбург қаласында (Пенсильвания штаты) Чарльз Тейз Рассель деген азамат қалаған.

Иеһова тек өзіне ғана бас иіп, өзін барлығынан биік қоюға уағыздайды. Иеһова үшін отбасыңнан бас тарта біл деген де қағида бар. Олар: Иеһоваға кіргендерге қарсылық болады. Ата-ананның, туыстарыңның, бала-шағаңның қарсылығына қарамай, Киелі кітапты оқы, зертте. Иеһованы бірінші кезекке қой. Отбасыңның қарсылығын жеңе білуің керек деп үгіттейді.

Қазақстанға Иеһова куәгерлері ХІХ-ғасырдың аяғы ХХ- басында патшалық Ресей тұсында келген . Қазіргі таңда әлемнің 235 елінде алты миллионнан астам мүшесі бар. Иеһова куәгерлері Қазақстанды ресми түрде Қорған (орталығы Қостанай қаласы) және Шымкент деп екі аймаққа бөледі. Бүгінгі күнде Қазақстанның аумағында жиырма үш ғибадат орындары (Патшалық сарай) бар. Батыстағы діндестері көмек ретінде көп мөлшерде қаржы бөліп тұрады.

Иеһова куәгерлерінің рухани идеялары «Киелі кітаптарында» жазылған. Киелі кітап тарауға, тарау баптарға бөлінген. Бұл кітаптың баптарын Інжілден, Құраннан т. б. кітаптар мен теологтардың ұрымтал сөздерінен құрастырған. Інжілді қасиетті кітабы ретінде мойындайды, бірақ Христиан дініндегі қасиетті үштік сенім негіздерін қабыл етпейді. Иса құдай емес, ол құдайдың рухани ұлы деп таниды. Олар Исаны айқыш ағашқа керіп өлтіргенін теріске шығарады. Иеһова куәгерлері дәстүрлі діндердегі жанның мәңгілік болады деген түсініктерін де терістейді: «Адам өлген соң оның жаны да өмір сүру процесін тоқтатады».

Эсхатологиялық түсініктерінде: «Иеһова куәгерлері болмағандардың барлығы күнаһар. Олар өліп, таңдап алынған 144 мың Иеһовашылар ғана жердегі Исаның мың жылдық патшалығында бақытты өмір сүреді. Иеһова куәгерлерін Құдай көкке, мәңгі әкетеді»-деген.

Басқа протестанттық секталардан айырмашылығы Иеһова куәгерлері ішкілік ішуге тиым салынғанымен сапасы жақсы шарап (вино), коняк немесе виски ішуге рұқсат етеді. Сонымен бірге олар аскетизмге бой алдырмайды, ашығу ораза ұстамайды. Түсініктерінде тәнді қалжыратпай, сананы тазалау бірінші ғибадат болып есептеледі. Бірақ темекі шегуге қатаң түрде тиым салады.

Кеңестер Одағы кезінен қазіргі уақыт аралығындағы Иеһова куәгерлерінің ұйымдары мен мүшелерінің өсу динамикасы: 1966 жылы 15 ұйымы, 329 мүшесі болса, 1988 жылы 27 ұйымы, 1290 мүшесі болған. Ал араға жиырма жыл салып, яғни 2008 жылдың қаңтар айында жасалған мәліметтерге қарағанда Қазақстан Республикасында 78 ұйымы бар. Оның 76 мемлекеттік тіркеуден өткен.

Сондай-ақ Алматы және Қазақстанның басқа да аймақтарында жыл сайын Иеһовашылардың конгрестері өтіп тұрады. 2005 жылы наурыз айында өткен конгрестерінде 3703 адам қатысып, 88 адам шоқынып діндерін қабылдаған. Олар үшін бұл соңғы уақыттағы ең төменгі көрсеткіш болған.

«Иеһово куәгерлері» тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақ­стан­дағы саны жағынан өсіп келе жатқан бірден-бір конфессия болып отыр. Оның діни орталығы Есік қала­сында орналасқан, 76-дан астам діни бірлестіктері Әділет орган­дарында ресми тіркелген және 72-ден аса жергілікті қауымдары бар, оны ұстанатын адамдар саны 20 мыңға жуық.

Бүгінгі таңда әлемнің 235 елінде алты миллионнан астам адам осы діни ілімнің жолын қуушылар болып табылады.


^ САЕНТОЛОГИЯ НЕМЕСЕ БІЛІМТАНУ ШІРКЕУІ

Бұл өзгеше діни құрылым өткен ғасырдың 50-жылдардың ортасында АҚШ-та пайда болған. Оның негізі қалаған-американдық жазушы Лафайет Рон Хаббард.

Саентолгия-не нәрсе болса да соқыр сенімге қабылдай салатын, қасаң қағида негізделген жаңа діни қозғалыс емес.

Адам Саентология жұмысының жұмыс істеп жатқан оның ұстанымдарын өзі қолдана отырып бақылау жасағанда немесе оның нәтижелерін сезінгенде барып біледі. Саентологияның ең жоғарғы мақсаты «шынайы рухани тазару және адам үшін тазару» болып табылады.

Саентологияның негізгі діни тәжірбиелері- одитинг немесе рухани көмектің және оқытудың нық орныққан формасы.

Ол сонымен бірге шіркеуге келушілердің өміріндегі маңызды оқиғаларды ресми тану үшін белгіленген: неке қию, ат қою, қайтыс болған адамды жерлеу және діни мәртебелер тағайындау секілді әдеп - ғұрыптар мен рәсімдерден тұрады.

Саентологияда: адам - рухани тіршілік иесі ретінде Саентология жазуында берілген ұстанымдар мен тәжірибелерге сүйене отырып, өз болашағын айқындауға қабілетті және адамның өз болашағын айқындауына оның басқа адамдарға деген қарым-қатынасы мен «Саентология Шіркеуінің Дүниетаным негізі» еңбегінде жазылған мінез-құлық ережелерін қалай сақтайтындығы әсер етеді деген сенім бар.

Қазақстанда бұл шіркеу қауымдары Алматы қаласында, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында әрекет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есіру мен еркінсу
Иегова
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері
Қазақстандағы діни секталар, олардың мақсаты
Қазақстандағы діни процестердің әлеуметтік өмірге әсері
Әлемдiк тұтастану
Христиан діні әлемдік дін
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz