Тігіс түрлері



1Торлап тігу
2 Айқас тігіс кестесін тігіп үйрену
3Тамбурлы тігіспен тігу
Кейбір бұйымдар тігіспен тігіледі. Тігіс түрлері өте көп. Соларды еске түсіріңдер. Тігіс түрлерін анық ажыратып, тігуді үйренейік. Бұл бізге тігу мен тоқуды меңгеруге көмектеседі.
Бірінші сыныпта көктеп тігуді үйрендіңдер. Енді жаңа тігіс түрлерін меңгерейік.

Торлап тігу
Бұл бекітуші әрі сәндік тігіс ретінде қолданылады. Торлап тігу материалдың жиегін өңдеуге, түймелікті торлауға, жұмсақ ойыншықтарды тігуге қолайлы. Тігістер тігінен жүргізіледі.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
2сынып
Тігіс түрлері
Кейбір бұйымдар тігіспен тігіледі. Тігіс түрлері өте көп. Соларды еске түсіріңдер. Тігіс түрлерін анық ажыратып, тігуді үйренейік. Бұл бізге тігу мен тоқуды меңгеруге көмектеседі.
Бірінші сыныпта көктеп тігуді үйрендіңдер. Енді жаңа тігіс түрлерін меңгерейік.

Торлап тігу
Бұл бекітуші әрі сәндік тігіс ретінде қолданылады. Торлап тігу материалдың жиегін өңдеуге, түймелікті торлауға, жұмсақ ойыншықтарды тігуге қолайлы. Тігістер тігінен жүргізіледі.

Тігілетін қабаттарды қиындының шетінен (23 мм) шаншып тігеміз. Ине жіптің ілмегінен өтуі керек. Тігіс жолы матаның шетімен жүруі үшін жіпті тартқан кезде ине жоғары бағытталуы тиіс.

Көмкеріп (жөрмеп) тігу
Бұл тігіс бұйымның бүгілген шетін тігу үшін қолданылады. Көмкеріп тігудің бірнеше түрі бар. Көмкеріп (жөрмеп) тігудің рет тәртібі:
Матаның жиегін астарына қарай екі рет бүгеді. Бүгілген жердің ені бұйымның түрі мен матаның қалыңдыгына байланысты.
Екі рет ішіне қайырылған шетін инені ілгері шаншу арқылы көктеп тігеміз.
Матаны тесіп өтпейтіндей етіп тігісті төменнен жоғары қарай жүргіземіз. Астар жағында көлбеу тігіс пайда болады.
Тігіс жолы машинаның ирек жүрісіне (зигзаг) ұқсайды. Жөрмеп тігу арқылы жүргізілген тігіс оңайшылықпен сөгілмейді. Бұл тігіс теріні тіккенде жиі қолданылады.

4-сынып
Тігіс түрлері
Қазіргі кезде колмен іс тігетін тігіншілерді өте сирек кездестіреміз. Өйткені олардың орнын тігін машиналары алмастырды. Алайда бұйымның бөлшектерін уақытша біріктіруге және әшекейлеп, көркемдеу үшін, сондай-ақ тігін машинасымен орындалуы қиын жағдайлар болған кезде қол тігістері қолданылады.
Қолмен іс тігушінің негізгі күралдарына ине, жіп, кайшы, оймақ жатады. Кез келген бұйым тігу үшін матаның қалыңдығына қарай қол инесі мен жіпті дұрыс таңдау қажет.
Қиғаш тігіс. Бөлшектерді уакытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға карай орындалады (1сурет).
Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымының арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға карай (төменнен жоғары), келесі тігіс солдан оңға (жоғарыдан төмен) қарай айқасады (2сурет).
Ілмек тігісі матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маталарды дайындау технологиясы
Ұлпаларды біріктіргендегі салынатын тігістер
Мақта маталарын өңдеу
Сарафан
Сорылмайтын тігіс материалдары
Косметикалық операция кезінде болатын қан ағудың түрлері, тоқтату жолдары Косметикалық операция жарақаттарына тігіс салу ерекшеліктері
Кесте бұйымдарын тігу технологиялары
Көйлек үлгісіне сайкес лекалдарды дайындау
Сақ алтын ғасыр елі кесте техникасында
Кесте және көркемдеп тігу
Пәндер