Асем-ай жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің баскару жұмысының ақпараттық жүйесі



Мазмұны

Кіріспе

«Асем.ай» ЖШС. тің қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ...2
• Курстық жұмыс мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
• Курстық жұмыс құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 . ТАРАУ. Теориялық бөлім
1.1. Қолдану саласына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1) Кәсіпорынның басқару ісін талдаудың сипаттамасы ... ..8
2) Кәсіпорын қызметтеріне сәйкес қолданатын заңдар ... ... ... ... ... .10
3) ЖШС «Асем.ай» қызметін жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

1.2. ЖШС «Асем.ай» басқару жұмысын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар ... ... ... ... 13
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар ... ... ... ...14

1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы ... ... ... ... 19

2 . ТАРАУ. Негізгі бөлім
2.1. ЖШС «Асем.ай» басқару жұмысы нталдау ... ... ... ... ... 21
2.2. Кіріс ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.3. Шығыс ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Асем-айдың» баскару жұмысының ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның басқарудың мәнін ашып көрсету, біздің еліміздің қаржылық жағдайын жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• ЖШС «Асем-айды» басқарудың ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• ЖШС «Асем-айдың» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;

• Курстық жұмысымның құрылымы
Жалпы курстық жұмыс үш тарау- кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған. Бұл бөлімде кіріс және шығыс ақпараты берілген. Міндеттеме қаулысынан кейін машина сыртындағы ақпараттық база сипатталған. Машинадан тыс ақпараттық базасында кодтау жүйесі және сыныптауда қолданылытын ақпараттық модель қарастырылған. Машина ішіндегі міндеттер кешенін тарату әр қайсысы сәйкесінше кестелерде келтірілген құрылымдық сипаттамалық мәліметтер базасының тізімі берілген. Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ақпарат жүйесін құру шығындарын бағалау есептеледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Конституция Республики Казахстан.- Алматы.-1995.
2. А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов “Кәсіпорын экономикасы”, Алматы «Экономика» 2003
3. Бралиева Н. Б. , Байшоланова Қ. С. , Гагарина Н. Л. ''Бизнестегі ақпарат жүйелері'', Алматы: Ротапринт КазГАУ, 1994. – 6,6 б.б.
4. Бралиева Н. Б. , Байшоланова Қ. С. Гагарина Н. Л. ''Экономикадағы ақпарат жүйелері'', Алматы: НҰР, 2001. – 6. б.б.
5. Бралиева Н. Б. , Байбөлекова Л. А. , Балашов Қ. Т. ''Ақпараттық менеджмент негізі'' .- Алматы: Экономика, 2001.- 5,8 б.б.
6. Программа Информатизации Казахской ССР на 1991-1995 годы и на период до 2005 года (Постановление Кабинета Министров Казахской ССР №474 от 18 августа 1991 года).
7. Постановление Правительства Республики Казахстан № 492 от 4 апреля 2000 года "О развитии единого информационного пространства в Республике Казахстан и создание ЗАО "Национальные информационные технологии"
8. Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных. - Киев, 1998
9. Диго С. М. Проектирование и использование баз данных. - М.: Финансы и статистика, 1995
10. Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие/ Тулегенов Э. Т. , Бралиева Н. Б. , Л. А. Стороженко, И. А. Матвеева. – Алматы: Экономика, 1999. – 120 с.
11. Диго С. М. Проектирование баз данных: Учебник. – М. : Финансы и статистика, 1998. – 216 с.
12. М. Б. Бейсенғазиев, А. Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері» Орал 2001

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қолданбалы информатика
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Асем-ай Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің баскару
жұмысының ақпараттық жүйесі.

Тексерген:
Орындаған:

Мазмұны
Кіріспе
Асем-ай ЖШС- тің қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ...2
• Курстық жұмыс мақсаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
• Курстық жұмыс құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім
1. Қолдану саласына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
...3
1) Кәсіпорынның басқару ісін талдаудың сипаттамасы ... ..8
2) Кәсіпорын қызметтеріне сәйкес қолданатын
заңдар ... ... ... ... ... .10
3) ЖШС Асем-ай қызметін жүзеге асырушы ұйымдық
құрылымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..10

1.2. ЖШС Асем-ай басқару жұмысын талдаудың ақпараттық жүйесін
тұрғызудың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар ... ... ... ... 13
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын
талаптар ... ... ... ...14

1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы ... ... ... ... 19

2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім
2.1. ЖШС Асем-ай басқару жұмысы нталдау ... ... ... ... ... 21
2.2. Кіріс
ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..25
2.3. Шығыс
ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және
шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың
негізгі қоры болып есептелетін ақпараттық экономикаға ауысу болып отыр.
Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің
айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз
сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын қабылдағанын жатқызуға
болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік
Асем-айдың баскару жұмысының ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес белгілі
кәсіпорынның басқарудың мәнін ашып көрсету, біздің еліміздің қаржылық
жағдайын жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық
жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• ЖШС Асем-айды басқарудың ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың
мақсатын анықтау;
• ЖШС Асем-айдың қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйе
деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;

• Курстық жұмысымның құрылымы
Жалпы курстық жұмыс үш тарау- кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші
тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген,
ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат
жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының
талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық,
ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат
жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша
жасалған жобалық шешімдер қарастырылған. Бұл бөлімде кіріс және шығыс
ақпараты берілген. Міндеттеме қаулысынан кейін машина сыртындағы
ақпараттық база сипатталған. Машинадан тыс ақпараттық базасында кодтау
жүйесі және сыныптауда қолданылытын ақпараттық модель қарастырылған. Машина
ішіндегі міндеттер кешенін тарату әр қайсысы сәйкесінше кестелерде
келтірілген құрылымдық сипаттамалық мәліметтер базасының тізімі берілген.
Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық
қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ақпарат жүйесін құру шығындарын
бағалау есептеледі.

І ТАРАУ. Теориялық бөлім
Кәсіпорынның қаржы жүйесі туралы түсінік
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша
қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс
процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен,
мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары
құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл
қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.
Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің
қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда
қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал
экономикалық тұрғыдан ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен
өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан
өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі,
жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен мемлекеттік
бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың
көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-
ның қаржы жүйесін екі негізгі буын мемлекеттік бюджет пен
жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға
мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің
саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1. қаржы қатынастарының жиынтығы;
2. ақша қорларының жиынтығы;
3. басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет,
шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке
азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша
қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен
байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық
айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен
бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды
бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады.
Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің ролі қаржы
қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде
көрінеді.
Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының
жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы
ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады. Бұл ресурстар
бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтк сақтандыру
және қамсыздандыру. Амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну,
резерв және басқа көптеген ақша қорларын кіріктіреді. Бір
қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде
орталықтандырылған, бір қорлар үнемі жұмсалады, басқалары
уақытша сақталады, үшіншісі қорланады.
Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы
жүйе ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы
экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, бақылаудың және басқа
қосалқы жүйелері.
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа
қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың)
белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін
сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй
шаруашылығының) қаржысына бөлуге болады.
Буындардың сипаттамасының қатары ретінде жоғары элементтері
болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат.
Жүйелердің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат
береді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі
бірдей емес. Бастапқы элемент жүйенің басқа элементтері
арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен
буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып
табылады. [7]

1. Қолдану саласына талдау
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиғи
ұмтылуды тудырып , өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл
қызметтің ерекше түрі – жауапкершілігі шектеулі қоғамның пайда болуына әкеп
соғады .
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік (ЖШС) дегеніміз – кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның
түрі.[1] Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған
жарғы қоры бар. ЖШҚ – жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның
басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады.
Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы
тарту мүмкіндігін шектейді. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып ,
мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Ал кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын
көздейді.[10]
Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндергенде мынадай екі жағдайға:
біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен
дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді
жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен
жаңашылдық танытуға , ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын
түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік , сауда-көтерме сату,
жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. комерциялық
делдалдылық, сол сияқты құнды қағаздар опериациялары.
Қазақстан Республикасында ЖШС субъектілері мыналар бола алады:
• Қазақстанның азаматтары
• Шетел мемлекетінің азаматтар
• Адамдардың бірігуі(кәсіпкерлер ұжымы)

Асем-ай ЖШС-ң басқару қызметінің талдауы
Кәсіпорынның басқару қызметі кәсіпорынның өндірістік процесінің барлық
жақтарын көрсетеді. Өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорын
қарамағында өндіріс құралдары және қаржылық ресурстары болады. Қаржылық
ресурстар еңбек заттарының қорын құрастырады және жабдықтаушылармен есеп
айырысады. Өндіріс жоспарын орындау көптеген факторларға байланысты. Олар:

• тұтынушылармен байланыс орнату;

• өндірісті дамыту жоспарын орындау;

• құрал-жабдықтардың технологиялық режимді ұстау;

• материалдық – техникалық қамтылу деңгейі; шикізат пен материалды
пайдалану деңгейі;

• еңбек өнімділігі.

Талдау барысында бұл факторлардың өндіріс процесіне және кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің нәтижесіне ықпал ету деңгейі анықталады.Өндірістік
көрсеткіштер қаржылық көрсеткіштерге әсер етіп, ал соңғылары сәйкесінше
өндіріске әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандай біздің кәсіпорын икемді орама өндірісімен
айналысады. Барлық басты экономикалық жағдайды сипаттайтын құжаттарды
талдай отырып, бұл бөлімде біз қорытындыға келдік. Оны біз келесі
көрсеткіштерден көре аламыз:

• Төлем қабілеттілігі

• Айналым коэффициенті

• Меншікті капиталдың айналым коэффициенті

• Қор қайтарымдалығы

• Қор сыйымдылығы

• Материал қайтарымы

• Материал сыйымдылығы

Бұл көрсеткіштермен біз келесі кестеден танысамыз:

3-кесте Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіштер өлшем 2004 2005 Ауытқу %
бірлігі
Айналым коэффициентІ 2,2 1,3 -0,9 59,1
Меншікті капиталдың 3,7 3,3 -0,4 89,2
айнал-қ коэф.
Қор қайтарымдылығы 13,4 11,4 -2 85,1
Қор сыйымдылығы 0,08 0,09 0,01 112,5
Материал 7,6 13,1 5,5 172,4
қайтарымдылығы
Материал сыйымдылығы 0,13 0,07 -0,05 53,8

Жоғарыда көріп тұрғанымыздай айналым коэффициенті 2003 жылы 2,2 болса,
2005 жылы 1,3 түсті. Яғни 40,9 пайызға төмендеді.
Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
айналым коэффициенті = өткізілген өнімнен түскен түсімөзіндік капитал,
айналым коэффициенті. Біздің есептерге сүйенсек бұл көрсеткіш 40,9 пайызға
төмендеді.
Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:

айналым коэффициенті = өткізілген өнімнен түскен түсімағымдағы активтер.
Қор сиымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері
көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех
және құрал – жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық
өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін
анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сиымдылығы былтырғы, яғни 2003 жылы 2004
жылмен салыстырғанда кеміді. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:қор
сыйымдылығы = негізгі қордың (орт) өнімді өткізуден түскен түсім.
Қор қайтарымдылығы. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы
көрсеткіш ретінде, кәсәпорынның эффектілігін көрсетеді. Осы көрсеткішті
2003 салыстырғанда 2004 жылы 24,9 пайызға азайды. Осы көрсеткішті есептеу
үшін біз:қор қайтарым. = өнімді өткізуден түскен түсім негізгі қордың
(орт)
Материал қайтарымы. Екі жыл көрсеткіштерін салыстырғанда 72,4 пайызға
көбейгендігін байқаймыз.
Материал сыйымдлығы. Бұл көрсеткіш бойынша 2004 жылы 2003 жылға
қарағанда азайғандығы байқалады.
Бұл бөлімде негізгі өндірістік көрсеткіштерге талдау жасалып,
қаржылық жағдайға көзіміз жетті.

Жалпы алғанда, кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде, жоғары ликвидтті,
активтердің жалпы құнында негізгі капиталдың үлес деңгейі төмен.

Сонымен қатар, капиталмен қарулану және техникалық қарулану деңгейі
соңғы үш жылда аса айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Өнімді өткізуден түскен түсім 1,4 пайызға жоғарласа да, өткізілген
өнімнің өзіндік құны 2,4 пайызға төмендеген. Өйткені, кезең шығындары
жоғары. Сонымен қатар өндіріс рентабельділігі де төмендеуде, әрине
осыған байланысты сату рентабельділігі де азайған. Төлем коэффициенті
және қор қайтарымдылығы жоғары деңгейде. Еңбекақының
жоғары емес деңгейіне қарамастан, жұмысшылар деңгейі, яғни келіп кету
саны тұрақты деп айтуға болады. Менің ойымша, өйткені Асем-ай ЖШС-гі
жұмыс беруші кәсіпорындардың ең бастысы болып табылады.

Асем-ай ЖШС-нің өндірістік технологиясы туралы
Асем-ай ЖШС-де негізгі өндірістік процес минералды суды құю болып
табылады. Кәсіпорын қарамағындағы скважиналарда минералды суды арнайы
қондырылған көлемді систерналарда суды салқындатып алады. Әдетте су 2000 м.
шамадағы тереңдіктен өндіріледі, ол шамамен +70 С жылылықта болады.
Кәсіпорынның қарамағындағы бірнеше су таситын арнайы машиналары арқылы
скважинадан суды зауытқа тасиды. Сосын суды арнайы қондырғылар арқылы
зауытты пластикалық ыдыстарға құю жүргізіледі. Процес барысында суға
ешқандай қоспасыз, экокологиялық таза күйінде өндіріледі. Өндірістік
процестер керамикалық-бактериялық фильтрлерді, насостарды, ыдыстарды және
т.б. пайдалана отырып, 11 АТМ және оданда жоғары қысымды қолдануымен
сипатталады. Полетиленді пластикалық ыдыстар капсула күйінде Өзбекістаннан
сатып алынады. Ол сатып алынған касулалар санитарлы-химиялық,
микробиологиялық тексеруден өткізілгеді. Арнайы қондырғыларда капсулаларды
су құюға дайындайды. Бұл процестер негізгі зауытқа көмекші қосымша цехтарда
жүргізіледі. Ал негізгі зауытта дайын ыдыстарға газдалған немесе
газдалмаған су құю процесі жүреді. №3 цехта ыдыс сыртына қағаз
этикеткалакры жабыстырылады. Дайын өнім қоймаға жөнелтуден алдын арнайы
тексеруден өткізіледі, ол тексеру арнайы жасақталған жұмысшылар тобымен
жүзеге асырылады. Ал, енді өндіріс технологиясына келсек, бірінші құрал-
жабдық бұл - Экструдер. Яғни ол қалындығы түрлі микронды полиэтиленді
пленканы үрлейтін машина. Бұл үшін Ресейден әкелінген күріш тәріздес
шикізат полиэтилен өте үлкен температурада қыздырылады. Содан кейін цилиндр
тәріздес пішінде жоғары көтеріліп төмен арнайы қысқыш арқылы тегістеліп
пакет шығарылады. [12]

Қортындылай келе, кәсіпорын жұмысы тұрақты түрде істеуде. Тек қана
ауытқулар көлемі мен мөлшері айтарлықтай үлкен емес. Төлем қабілеттілігі
және айналым қабілеттілігі орташа деңгейде. Қорыта келгенде, Асем-ай
Жауакершілігі Шектеулі Серіктестігі еліміз өңіріндегі филиалдардың бірі
және Қазақстандағы бәсекелес кәсіпорындармен салыстырғанда, жұмысы
тұрақты. Шамалы ауытқулар болып тұрғанымен қаржылық-экономикалық
жағдайы тұрақты. Бірақ, қазіргі таңда үлкен қаржылық салымдар қажет, яғни
құрал-жабдықтардың ең болмағанда 60-70 %.

Жалпы, кәсіпорын тұрақты жұмыс атқаруда. Егер инновациялық бағдарлама
бойынша технологиялық процесс, алдағы 5-7 жылда жаңартылса, кәсіпорын өз
бәсекелестерін өндіріс бойынша озып өтеді , деген болжам бар.

1.1. 1) ЖШС Асем-айдың басқару ісін талдаудың
ақпараттық жүйесін тұрғызу
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Менің курстық жұмысымда қарастырып отырған кәсіпорным Асем-ай
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Асем-ай ЖШС минералды сусын зауыты Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сарыағаш қаласында 1993 жылы наурыз айында Әділет министірлігінде тіркелді.
Бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылған серіктестік жауапкершілігі шектеулі
серіктестік болып табылады. Оның жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен
белгіленетін үлестерге бөледі. Серіктестік өз қызметін ірі бизнестің
субъектісі ретінде жүзеге асырады.
Асем-ай жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі бизнестің
субъектісі болып табылады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
құқылы,жұмыскерлердің орташа саны 250 адам, бір жылғы активтерінің құны
айлық есептік көрсеткішінің 325 мың есесі болады.
Асем-ай ЖШС түрінде, енді серіктестік деп аталатын, өзін-өзі
қаржыландыру толық шаруашылық есеп принципінде қызмет етеді және заңды
тұлға болып табылады. Оның жеке балансы, Қазақстан банктерінде жеке шоты
өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны бар, ол банктерден қарыз алуға,
сондай-ақ Жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды
тұлғаларға рұқсат етілген басқа да операцияларды жүзеге асыра
алады.серіктестік мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан
облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Мичурин бөлімшесінде
орналасқан.
Асем-ай ЖШС Қазақстанда пластикалық ыдыстарда минералды су
өндірушілердің алғашқылардың бірі болып табылады. Алғашқыда кәсіпорында 12
жұмысшы мен 1 цех жұмыс жасады, 6 жылдан кейін кәсіпорындағы штаттық
жұмысшылар саны 342 адамға жетті. Пайдалануға №2 ; 3 цехтар берілді,
мұздатқыштар-компрессорлар іске қосылды. Бүгінгі таңда кәсіпорын екі
скважинаға иелік етеді, ол скважинаның біреуінің ерекшелігі құрамында
100мгк\дм 3 йод бар, яғни адам организміне деген иод тапшылығын қамтамасыз
етуге көмектеседі.
Кәсіпорын негізгі қызметі минералды сусындар өндіру болып
табылады. Олардың кең тараған негізгі екі түрі: әр түрлі көлемді ыдыстағы
газдалған және газдалмаған Асем-ай минералды сулары. Сарыағаш минералды
сулары 1,5 ; 1 л ; 0,5л пластик мөлдір ыдыстарда өндіріледі.
Кәсіпорында негізгі бір зауыт бар. Ол зауыттың құрылымы төмендегідей:
1. Негізгі технологиялық цехтар:
• №1, 2, 3, 4 цехтар кешенді құн қондырғысы;
• Пластик ыдыстарды жасау бойынша цех;
• минералды суды салқындататын цех;
2. Көмекші цехтар:
• Тауарлы шикізаттық цех;
• Электроцех;
• Зауыттық лаборотория;
• Ауамен қамтамасыз ету үшін ауа компрессоры;
3. Жалпы зауыттық шаруашылықтар:
• Әскериленген ведомстывалық күзет;
• Тауарлы-көліктік басқару;
• Өрттен құтқарушы топ;
• Материалды ресурстарды басқару бөлімі;
Кәсіпорында қызметкерлер үшін толық және өнімді еңбек етуі үшін
жағдайлар жасалынған- асхана жұмыс істейді, медпункт қалыпты қызмет етеді.
Құйылып жатқан минералды судың күнделікті санитарлық-химиялық және
микробиологиялық бақылауын ҚР стандарттау, метрология және сертификаттау
комитетімен аттестацияланған өндірістік лабаратория жүргізеді КФОАО
НацЭкС 3.09.2004 ж.

1.1. 2) Кәсіпорын қызметтеріне сәйкес
қолданатын заңдар
Қазақстан Республикасында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді
реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:
• ҚР Агентігінің ЖШС-ті қолдау мәселелері жөніндегі ҚР
Үкіметінің қаулысы. 26.04.99 ж. № 475
• Кәсіпорын мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметінің қаулысы.
08.04.97 ж. № 499
• Кәсіпорынды және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы . ҚР Президентінің
2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығы.
Жүйені тұрғызу арысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының
келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді. Ал, жобаны
енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің
мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты өңдеудегі жеке
құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі
қолданушылардың құқықтық қатынасы. [1]
1.1. 3) Осы қызметті жүзеге асырушы
ұйымдық құрылымдар
Кәсіпорын қызметтерін жүзеге асырушы экономиканың әр түрлі секторында
қызмет ететін көп қызметті мекемелер, корпорациялар, акционерлік
компаниялар, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының қаржылық
мекемелері, коммерциялық емес ұйымдар, сондай – ақ басқа да үкіметтік
ұйымдар болып табылады.

Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
Асем-ай Жаупкершілігі Шектеулі Серіктестігінде маркетинг
бөлімі қызмет етеді. Маркетингтік бөлімге барлық маркетингтік
зерттеулер, жарнама, өткізу, жабдықтау, жаңа тауарлар түрлерін
ойлап табу жұмыстары жүреді. Кәсіпорынның негізгі қызметі – минералды
сусын өндіру болғандықтан пайдалылық құрамын арттыру, қорап өндіру
сияқты мәселеге ерекше көңіл бөледі.
Маркетинг бөлімінде мамандар маркетинг қызметінің барлық түрімен
айналысады. Олар: маркетинг қызметін басқарушы, өткізу ынталандыру және
жаңа тауарлар бойынша басқарушылар.
Нарық өндірушіге қатаң талап қоятыны белгілі. Сондықтан кәсіпорын
маркетологтары дайын өнімнің сыртын қораптауды жақсарту бойынша үлкен
жұмыстар жүргізуі керек. Қораптау материалдарының жаңа түрлері
қарастырылуда. [12]
1930 жылы нарықты зерттеушілердің бірі Луис Ческин зерттеу
жүргізген. Осы зерттеу нәтижесінде мынадай қорытындыға келді,
тұтынушы ойында орама және өнім бір мағынада қарастырылады.
Көріксіз орамадағы жоғары сапалы өнім дәмімен де басқаша сезінеді,
ал төмен сапалы өнім бірақ көзге анық көрінетін орамада жоғары
сапалы өнімге ұқсайды.
Қазіргі уақытта орамаға үлкен көңіл бөлінеді. Олар өнімді
сыртқы ортадан қорғау, оның сапасын сақтау керек, және тұтынушыға
өнім жайлы мәліметтерді жеткізуі міндетті. Ал ең бастысы тұтынушы
көңілін өзіне аудару керек және тұтынушы талғамын дәл осы тауарға
аударуға тырысу қажет.
Өнімді маркілеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Тұтынушыларға
шығарылған өнім қасиеттері туралы қажетті ақпарат тура және ашық
көрсетіледі. Сапасын көтеруге экономикалық ошақтар да жұмыс істейді. Еңбек
ақы мөлшері тек технико-экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен
бірге өнім сапасы көрсеткіштері және жұмыс орнының санитарлы жағдайымен де
анықталады.
Асем-ай ЖШС өз өнімінің 99% ұлттық нарықта өтізеді. Негізгі
бәсекелестері:
• Әсем-ай
• Курорт-Барыс
• Тассай
• Вита
Кәсіпорын өнімінің қорабы, тұтынушыға көрсететін қызметі, өнімнің сапасы
бәсекелестері деңгейіне сәйкес. Ал құн жағына келетін болсақ артықшылыққа
ие , өнім бағасы өте төмен.
Қазақстан облыстарында Асем-ай ЖШС –гі өнімі аймақтық нарықтың 1%-
дан 90%-ға дейін алады. Оларды игеру Қазақстанның әр түрлі облыстарында
орналасқан жеткізу бөлімшелерінің қызметі арқылы қол жеткізіліп отыр.
Өнімді өткізу негізінен көтерме сату және бөлшектік сату арқылы жүзге
асрылады.
Облыстар бойынша ең көп үлес: Оңтүстік Қазақстан облысы 21,4%, Алматы
12,2% , Ақмола 8,4%, Жамбыл 6,2%
Асем-ай ЖШС кәсіпорыны өнімінің соңғы тұтынушылары болып
республиканың барлық тұрғылықты халқы табылады. Әлеуметтік-демографиялық
белгілерімен келісілген нарық сегменттерін талдау тұтынушылардың сипаты мен
көлеміне ең көп әсерді әр түрлі тұрғын топтарының сатып алу қабілеттілігі
жататындығын көрсетті. Асем-ай серіктестігі барлық жоғарыда
айтылғандарды орындайды.

1.2. ЖШС Асем-айдың басқару жұмысын талдаудың
АЖ-сін құрудың мақсаты
Кез келген АЖ-ның мақсаты, оның қолданылу аумағынан құрудың
әдістерінен, техникалық базадан, байланысты қолдау аппаратынан тәуелсіз
түрде толық, сенімділікті және өз уақытында ақпаратты беру.
ЖШС Асем-айдың басқару жұмысын талдаудың АЖ-сін құрудың негізгі
мақсаты - клиенттің әрбір бөлімшесі бойынша ақпаратты беру мен іздеудің,
өңдеуді, сақтауды, жинауды автоматтандыру болып табылады.
ЭАЖ-ні құрудың негізгі мақсатымен сәйкес АЖ-нің міндеттері мыналар
болып табылады:
- тұтынушыға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерінің еңбегінің
оперативті жұмысы мен өнімділігі;
- жеткізілетін мәліметтердің сенімділігі;
- тұтынушы сұраныстарымен сәйкестікте бөлімшелер жөнінде мәліметтерді
алудың оперативтілігі;
- берілетін ақпараттың қорғалуы мен сенімділігі бойынша талаптардың
барлық кешенін орындау.
ЖШС Асем-айдың басқару жұмысын талдаудың АЖ-нің міндеті болып
қаржылық ақпаратты беру не бақылау, қалыптастыру бойынша қызметкерлердің
жұмысын автоматтандыру болып табылады, нақты алсақ: иеленушілердің сұранысы
бойынша қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттарды беру.
1.3. ЖШС Асем-айдың басқару жұмысын талдаудың
АЖ-сіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына
сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін
арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне
қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және
санкцияланбаған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты
тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы,
ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара
байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады.
Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі
жүйелерінің жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды. Есеп –
бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе орта аралық
қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.).

Ақпараттық қамтамасыздандыру мінездемесі

Элементтері Мінездеме
Ақпараттық технология Барлық ақпараттар МБ түрінде
сақталады
МБ түрі Реляционды
Жіктеу жүйесі Иерархиялық, фасеттік кодтау
жүйелері
Кодтау жүйелері Нөмірленген, реттелген және жүйелі
Қорғау Парольдердің жүйесі АЖ-мен жұмыс
істегенде, өшіп қалған сәтте,
бұрыңғы қалпына келу мүмкіншілігін
береді.

4 – кесте
Бағдарламалық қамтамасыздандыру мінездемесі

Түрі Мінездеме
Жалпы Операциялық жүйе: Microsoft Windows
ХР, Office XP
Арнайы Borland Delphi 7.0

5 – кесте

Техникалық қамтамасыздандыру мінездемесі

Техникалық құрал атауы Физикалық модуль Мінездеме
ДЭЕМ – Intel Pentium 4 Материнская плата ATX Pentium 4
Процессор Intel, 1800 MHz
ОЗУ 256 Mb
Video card 64 Mb
Монитор SVGA, 1280x1024
Клавиатура 102 клавишті
Мышь 2 кнопкалық
Принтер Принтер HP LaserJet 1100
Сканер Сканер HP Sсan Jet 3200 C

1.3. 1) ЖШС Асем-айдың басқару жұмысын талдаудың
құрылымына қойылатын талаптар

АЖ құрылымы - жүйешіктердің функционалдық міндеті мен олардың
сыртқы ортамен өзара әрекетін анықтайтын, оның жеке жүйешіктері мен
элементтері арасындағы қатынастар мен ішкі кеңістіктік – уақыттық
байланыстардың салыстырмалы орнықты реті. [3]
Есептер тізімі, олардың міндеті, кіріс және шығыс ақпарат, сондай-ақ,
қолданушы төмендегі кестеде келтірілген:

1.3. 2) ЖШС Асем-айдың басқарудың талдаудың
АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар деп – материалдық ресурстар ретінде жүретін
және қандай да бір форма үшін құндылықты білдіретін, мәліметтердің
жиынтығын атайды. Оларға сыртқы жадыда сақталатын мәліметтердің негізгі
және көмекші масивтері, және кірістік құжаттар жатады.[4]
Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат
және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы.
Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент,
табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.

Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамсыз ету
бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан,
математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы
жабдықтаудан.

Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар
жиынтығын, алгоритмдерді, экономика-математикалық әдістерді және
модельдерді қосады.
Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық
және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.
Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы
жабдықтауға кіреді.
Өңделетін жүйеге келесі талаптар қойылуы қажет:
• ЭАЖ функциялық мүмкіндіктері лизинг мамандары дайындайтын негізгі
операцияларды автоматты режимде орындау;
• Жүйелік программалық жабдықтау нақты уақытта жұмысқа еркіндік беру
және кірушығу, оқу, жазу, баспаға шығару операцияларын жүргізуге
мүмкіндік беруі;
• Қосымша программалы құралдар мәліметтер базасымен байланысты
қамтамасыз ету керек;
• ЭАЖ басқару оңай және көрсетілмелі болуы қажет;
• Жүйені аппараттық өткізу қолайлы арзан болу керек;
Жоғарыдағы талаптарды жүзеге асыру қарапайым және тиімді автоматты
жүйе құруға септігін тигізеді. Бұл жүйе қызметкерлердің еңбек өнімділігн
арттыруғабөлшек сауда бөлімінің өткізу мүмкіндігін жоғарылатуға,
клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылатады.
Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Басқару үрдісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирманы басқару жүйесіндегі маркетинг негіздері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің пайда болуы мен қалыптасуы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
“Мырзакент” мақта корпорациясында салық міндеттемелерінің есебі және аудиті
Қосымшалар серверлерін жасау
Өндірістік іс-тәжірибе
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Милина ЖШС - нің шығындары
Коммерциялық ұйымдардың қызметінің есебі мен аудиті
Әкімшілік шығыстар есебі
Пәндер