Қазақстандағы православие



Кіріспе
1. Қазақстандағы православие
2. Православ шіркеуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Православие діні –Қазақстанда дінге сенушілерінің саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт.
Православие діні елімізде Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы кезіндегі әскери қоныстарда пайда болды. Оңтүстік аймақтарда алғашқы әскери діни қауымдар (кішкентай шіркеулер, сиыну үйлері) 1866 жылы Түркістан мен Шымкентте пайда болған. 1871 жылы Түркістан Епархиясы құрылды. 1872 жылы Верный және Жетісу епархиялары тарапынан құрылған кафедраға қазақстандық архиерейлердің алғашқысы – архиепископ Сафония (Сокольский) сайланып, ол осы қызметін 1877 жылға дейін атқарды.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шіркеулер салу XIX ғасырдың 80-ші жылдары басталды. 1901 жылдың өзінде Сырдария обылысында күйдірілген кірпіштен қаланған сегіз шіркеу болған. ХХ ғасырдың басында Түркістан (құрамына Қазақстанның көптеген аумағы кірген) аумағында 391 мың православ христиандар мен 306 шіркеу болған.
1917 жылы кеңестік биліктің орнауымен жетпіс жылды қамтыған ауқымды атеистік күрес басталды. Бұл күрес шіркеулерді жою, діни басшылықты қудалау, шіркеу меншігін тәркілеу секілді әрекеттерді қамтыды. 1920-1930 жылдары көптеген шіркеу қызметкерлері не ату жазасына кесіліп, не ұзақ уақытқа түрмеге қамалды.
Қазақстан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Орыс православ шіркеуі діни қызметкерлері мен орта салалы топтарын айдауға жіберу аумағына айналды. Бұл кезең қазақтардың көшпелі өмір салтын жою, қазақ ауылдары мен қоныс аударған орыс шаруаларының шаруашылықтарын тонаудың нәтижесінде орын алған ашаршлылық пен миллиондаған адам құрбаны болған ұжымдастыру науқанымен сәйкес келді.
1. Христиандық. http://ru.wikipedia.org
2. Ежелгі заманнан біздің заманға дейінгі Қазақстан тарихы. Тарихи очерк. – Алматы: «Дәуір», 2005. -416 б.
3. Православие.- http://ru.wikipedia.org
4. «Дінтану» курсын оқытуға әдістемелік мәлімет (дәрістің қысқаша мазмұны) – Сабадаш Ю.С.- Мариуполь, 2004. – 56 б.
5. Қазақстандағы христиандық - http://www.mckr.kz/en/religions-of-kazakhstan/christianity
6. Қазақстандағы қазіргі діни жағдайлар: тәуекел факторлары мен діни даулардың потенциалы - http://www.religare.ru/article6503
7. Қазақстандағы православие- http://ru.wikipedia.org

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Қазақстандағы православие
2. Православ шіркеуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Православие діні - Қазақстанда дінге сенушілерінің саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт.
Православие діні елімізде Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы кезіндегі әскери қоныстарда пайда болды. Оңтүстік аймақтарда алғашқы әскери діни қауымдар (кішкентай шіркеулер, сиыну үйлері) 1866 жылы Түркістан мен Шымкентте пайда болған. 1871 жылы Түркістан Епархиясы құрылды. 1872 жылы Верный және Жетісу епархиялары тарапынан құрылған кафедраға қазақстандық архиерейлердің алғашқысы - архиепископ Сафония (Сокольский) сайланып, ол осы қызметін 1877 жылға дейін атқарды.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шіркеулер салу XIX ғасырдың 80-ші жылдары басталды. 1901 жылдың өзінде Сырдария обылысында күйдірілген кірпіштен қаланған сегіз шіркеу болған. ХХ ғасырдың басында Түркістан (құрамына Қазақстанның көптеген аумағы кірген) аумағында 391 мың православ христиандар мен 306 шіркеу болған.
1917 жылы кеңестік биліктің орнауымен жетпіс жылды қамтыған ауқымды атеистік күрес басталды. Бұл күрес шіркеулерді жою, діни басшылықты қудалау, шіркеу меншігін тәркілеу секілді әрекеттерді қамтыды. 1920-1930 жылдары көптеген шіркеу қызметкерлері не ату жазасына кесіліп, не ұзақ уақытқа түрмеге қамалды.
Қазақстан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Орыс православ шіркеуі діни қызметкерлері мен орта салалы топтарын айдауға жіберу аумағына айналды. Бұл кезең қазақтардың көшпелі өмір салтын жою, қазақ ауылдары мен қоныс аударған орыс шаруаларының шаруашылықтарын тонаудың нәтижесінде орын алған ашаршлылық пен миллиондаған адам құрбаны болған ұжымдастыру науқанымен сәйкес келді.

Қазақстандағы православие
Кеңестік үкімет басшылығының дінге көзқарасы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орыс православ шіркеуі тарапынан жауынгерлердің рухын көтеретін отансүйгіштік шақырулардың болуымен жеңілдеді. Бұл фашист басқыншыларға қарсы халықтың рухын көтерді. Осы кездері Қазақстанда қайтадан шіркеулер ашыла бастады.
Православтық өмір салтын қайта орнына келтіру республикамызда 1945 жылы басталды. Осы жылы қасиеттілер қатарына қосылған, митрополит Николай (Могилев) алғашқы билеуші архиерейі болған Алматы және Қазақстан епархиясының негізі қаланды.
Соғыстан кейінгі қиын да қыстау жылдары да Қазақстан қуғынға ұшыраған шіркеу қызметкерлерін қабылдады. Олардың басым бөлігіне тұрғылықты халық тарапынан, ал кейбіреулеріне жергілікті мұсылмандар тарапынан көмек көрсетілді. Ақтөбе облысының Шалқар станциясында қуғында болып, кейін Алматы және Қазақстан митрополиті болған дін қызметкері Николайды қарапайым татар-мұсылман өлімнен аман алып қалған болатын. 1942 жылдың күзінде жол бойында ес-түссіз, өлім алдында жатқан оны ауруханаға алып барып, кейін өз үйінде паналатқан.
Дәл солай 1954 пен 1956 жылдары Көкшетауда қуғында болып, кейін Алматы және Қазақстанның митрополиті болған Иосифты (Чернов) көпбалалы мұсылман қазақ отбасы қабылдап, осы отбасының сыйлы мүшесі ретінде күткен.
Қалай дегенмен мемлекеттік саясат сол атеистік қалпын өзгертпеді. Діни қызмет билік тарапынан қатты қадағаланды.
Православие - Қазақстан Республикасындағы ислам дінінен кейінгі екінші орындағы діни конфессия. Елімізде православты христиандықтардың жалпы саны 5 млн адамға жуық.
Православие христиандықтьың жеке тармағы болып ІVғ. бастап келе жатыр, ал ресми шіркеулік қозғалыс ретінде 1054 жылы басталды. Православты шіркеу - православие бастаушыларының діни мекемесі. Православтық шіркеу католикалыққа қарағанда византиялық императордың басқаруымен алдымен мемлекеттік мекеме рөлін атқарды. Византиядағы орталықтандырылған басқаруды әлсіреуімен (ХІІІғ.бастап) александрлық, охиялық емес және иерусалимдық патриархтары шіркеулік тәуелсіздікке ие болды, ал Византия империясының (1453) құлдырауынан кейін өздігінен басқарылатын (автокефалды) православты шіркеулердің басшылары болды. Одан кейін (ХІХ және ХХғғ.) басқа православты шіркеулер пайда болды: Орыс, Грузиндік, Сербтік, Румындық, Болгарлық, Кипрлік, Элладтық (Греция), Албандық, Поляндық, Чехтік және Американдық. Финдік және Япондық православты шіркеулердің автономды мәртебесі болды. Қазақстан Мәскеулік Патриархаттың Орыс православты шіркеуінің территориясы болып табылады.
Христиандық православиенің ену тарихы Қазақстанның Ресеге қосылуына байланысты. 1871 жылы Түркістандық епархия пайда болды. 1872 жылы Вернендік және Жетісулік епархия кафедрасына архиепископ Софония (С.В.Скольский) тағайындалды, ол епархияны 1877 жылға дейін басқарды.
Ең қиын кезедрді 1917 жылы болған октябрлік революциядан кейін православты шіркеу басынан өткізді. ХХ ғ. 30 жылдары Қазақстанда қызметтегі ғибадатханалардың бірнешеуі ғана қалды, көптеген шіркеулік ғимараттар снып қалды. Республика территориясында шіркеулік өмірдің қалпына келуі 1945 жылы Қазақстандық епархияның пайда болуымен және архиепископ Николайдың (Могилевский) (1945-1955) тағайындалуымен басталды. 1956 жылы Қазақстанда 55 приходшылар қызмет етті.
1991 жылдан бастап, РПШ-ң Қадірлі Синоды Қазақстандағы приходшыларды үш епархиалды басқармаларға бөлді. Тәуелсіз Қазақстанда Тұңғыш рухани басқарушы Архиепископ Алексий (А.Н.Кутенов) болды. 1995 жылы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді күшейткені үшін оған Бейбітшілік және рухани келісім Президенттік премия берілді, 1999 жылы - Астана медалімен марапатталды, 2001 жылы - Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігінің 10-жылдық мерейтойы медалі берілді, 2002 жылы - Парасат ордені берілді.
2003 жылдың 07 мамырында Синод Қазақстанда Митрополиттік округ құру туралы шешім қабылдады, оның құрамына Астаналық, Оралдық және Шымкенттік епархия енді. Астана қаласында орталықпен округты митрополит Медофий - (Н.Ф.Немцов) басқарды.
2008 жылдың 01 қаңтарына РПШ республика территориясында 281 діни бірлестіктері болды, оларға 257 мәдени құрылымдар жатады.
1991 жылдан бастап, Алматылық епархиялды басқаруында 4-жылдық рухани училище жұмыс істеуде. 1997 жылдың наурыз айынан бастап, Қарағандыда Свято-Тихонов Діни институтының филиалы қызмет етеді. 1998 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында 4-жылдық діни-миссионерлік колледж ашылды. Жалпы алғанда, барлық шіркеулер мен ғибадатханаларда православиелік негіздерді оқыту бойынша шіркеу-приходтық мектептер ашылды. Жексенбілік мектептер қызмет етеді.
Кейінгі жылдарда Алматы қаласында Азаткер Христ ғибадатханасы, Қарағанды қаласында Введен соборы, Павлодар қаласында Благовещен соборы, Екібастұз қаласында Серафимо-Ивер соборы, Талдықорған қаласында Иоанно-Богослов соборы, Өскемен қаласы Мирный кентінде Свято-Покров ғибадатханасы, Қостанай қаласында Константино-Еленин ғибадатханасы және Сатпаев қаласында Свято-Николь ғибадатханасы салынды.
Қадірлі Синодтың шешімі бойынша 2010 жылдың 6 қазанынан Қазақстан территориясында тағы 3 епархия пайда болды: Қарағандылық, Қостанайлық және Павлодарлық.
2011 жылдың 5-6 қазанында алты епархияның ішінен тағы үшеуі ерекшеленді - Көкшетаулық, Петропавлдық және Өскемендік.
Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александр өзінің сөзінде 2012 жылда Қазақстанда жаңа ғибадатханалардың құрылуы жалғасуы туралы айтып өтті: Кіші-Тимоффевка кентінде Никольский ғибадатханасын, Ақмола облысындағы Воздвиженка кентіндегі Воздвижения честнаго Креста Господня шіркеуінің, Талдықорғандағы Архангель-Гаврииль соборын, Қарабұлақ ауылы қадірлі страстотерпцевтер шіркеуін және Алматы облысы Чемолған ауылындағы Свято-Владимир шіркеуіінің және өзге де шіркеулердің тазалауы жүргізілді. Қарағандыда Свято-Троицк-Севастиандық кафедралды собордың құрылысы салынған. Маңызды оқиғалардың бірі -Астана қаласының Успен Кафедралды Соборындағы кадірлі бірдей апостолдық Кирилл мен Мефодий атына жасалған діни-мәдени орталықтың салынуы, оның бой көтеруі Қадірлі Патриарх Московскиймен және Русь Кириллмен және Президент Н.Ә.Назарбаевпен қолданды. Сонда Қазақстанның Синод резиденциясының Православты шіркеуі орналасады. Қазақстандағы православты шіркеулердің негізгі мақсаты шіркеулік қызмет етудің барлық түрлерін дамыту, сонымен қатар білімді және әлеуметтік-қамқорлық жобаларын ескере алынады. Бірақ, уақыт жаңа мақсаттарды қойып, назарымызды басқа сұрақтарға аударады. Бүгінгі күні басты мақсаттардың бірі түрлі діни экстремизмдердің пайда болуы тоқтату және тоталитарлы секталарға үйрету жолдарына қарсы тұру болып табылады.
Қазақстанда діни жағдайларда жағымды фактор болып ислам және праволасиеліктің көпғасырлы бірдей өмір сүруі нәтижесінде белгілі бір қызығушылықтардың діни теңдігі мен діни тепе-теңдігі орын алды, жоғарыда аталған діндердің әр қайсысы өз жолын тапты, конфессияаралық қатынас және әлеуметтік байланыс каналдарын жақсартты, - деп, діни істер бойынша Агенттік басшысы санайды. Лама Шарифтің ойынша, Қазақстан Құрбан айт және Рождество сияқты мерекелерді ресми демалыс күні етіп жарияланғаны кездейсоқтық емес. Осылай, Қазақстанның рухтылығы діни намаздармен орнатылды. Еліміздің әр эносы бір-біріне мысал болып келеді,- деп жалғады Лама Шариф.
2012 жылдың 17 қазанында тіркелген республикалық діни бірлестіктер - 9 епархия мен 261 приход жататын Митрополдық округ.
Соынмен қатар, қайта тіркелуді Армян апостолдық шіркеуі мен 8 ескі дәстүрлі шіркеулер өтті.
Православты қадірлік фонды Веди, Светоч қызмет етеді. Ай сайын Қазақстандағы православиені жарықтандыру, Веди және Астаналық Православты Вестник атты газеттер шығады.
Қазақстандағы католицизм
Қазақстан территориясында католицизмнің пайда болуы ХІІІ ғасырмен тап келеді. Тұңғыш католикалық миссионерлері болып францискандық монахтар Джиовани дель Плано Карпини - 1245 ж., Гильома де Рубрука - 1253 ж. тағайындалды.
Қазақстанда католицизм тарихы ХVIIIғасырда және XIX ғасырдың екінші жартысында поляктық жер аударушылар, әскери қызметкерлер және арнайы қоныс аударушылар жіберілгенде жалғасын тапты. XIX ғасырдың соңында Қостанайда Омбы приходының филиалы католикалық ғибадатхана қызмет етті.
ХХ ғасырдың басында қостанайлық приходтың діни қызметкерлері ақмола және семей аумақтарында қызмет етті, онда поляктық және неміс жер аударушы-католиктерінің бірлестіктері өмір сүрді. 1917 жылықостанайлық приход жүргізу кезінде 6 мың католиктер мен 8 діни мекемелер саналды.петропавлда Иисустың Қадірлі Жүрек шіркеуі қызмет етті (революцияға дейінгі кездерден бастап сақталып келген Қазақстандағы жалғыз католиктік ғибадатхана).
1977 жылы бірлестік шіркеудің ресми тіркелу мен құрылысына рұқсат алды. 1979 жылы Целиноград қаласында (Астана қаласы) діни бірлестік тіркелді.
1991 жылдың көктемінде Қазақстан мен Орта Азияның Апостолдық Әкімшілігі құрылды, құрамына Өзбекістан, Тәджікстан, Қырғызстан және Түрікменстан енді. Оның ордасы Қарағанды болды.
1999 жылдың тамыз айынан бастап, Қазақстанның Апостолдық Әкімшілігі Қарағанды Епархиясына түрлендірілді (Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары приходтары), епископ болып Яну Павлу Ленга тағайындалды және үш Апостолдық Әкімшідіктер құрылды:
Грек-католиктік бірлестіктер тіркелді: Павлодар қаласында 2001 жылы салынған шіркеу ғимараты, Астана және Қарағанды қалаларындағы грек-католиктік монастырьлары бар шіркеулер. 1997 жылдан бастап, Қарағандыда Мария-Шіркеулер Анасы атты Жоғары діни семинария қызмет етеді, 1995 жылдан бастап ай сайынғы Кредо газеті шығады. 1997 жылы Қазақстанда Каритас халықаралық қадірлі католикалық мекеме филиалы жұмыс істей бастады.
1992 жылы қазан айында Қазақстан Ватиканмен дипломатиялық қатынасты орнатты. екі мемлекет арасындағы өзара серіктестік туралы келісім шарт 1998 жылы 24 қыркүйекте жасалды.
2001 жылдың қыркүйек айында Папа Иоанн Павл ІІ ҚР келді, келу кезінде мемлекет Басшысына бейбітшілік пен діни келісімді сақтағаны үшін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы православие тарихы
Қазақстандағы христиан діні
Православие мен мемлекет
Қазақстандағы діндер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы
Қазақстандағы христиандық
Пресвитерандық шіркеуі
Христиан дінінің шығу тарихы
Христиан діні, мәдени ерекшеліктері
Пәндер