Иран халқының дәстүрлі киімін зерттеу негізінде ұлттық әйелдер костюмінің коллекциясын жетілдіру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті
«Дизайн» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Иран халқының дәстүрлі киімін зерттеу негізінде ұлттық әйелдер костюмінің коллекциясын жетілдіру
Орындаған:
050726 «ЖӨБКБжҮ» мамандығының 4 курс студенті
Кентбаева А. С. «» 2012 ж. (қолы)
Жетекшісі:
т. ғ. к. доценті
Мұратаев Қ. Қ. «» 2012 ж.
(қолы)
Қорғауға жіберілді:
«Дизайн» кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. к.
Нұржасарова М. А. «» 2012 ж.
(қолы)
ЖӨжДФ деканы
Құрманалиев М. Қ.
«» 2012 ж. (қолы)
Алматы 2012
Мазмұны
Кіріспе
- Иран ұлттық костюмі-шығармышылықтың сарқылмас бастауы . . . Иран халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын талдау . . . Дәстүрлі иран костюм элементтерінің жүйеленуі мен жіктелуі . . . Дәстүрлі иран костюм элементтерінің шығармашылық көркем әшекейленуін талдау . . . Қызметіне байланысты киім элементтерін пішіні және конструкциясы бойынша талдау . . . Дәстүрлі мата түрлеріне талдау жүргізу . . .
- Иран халқының костюмдерін қайта өңдеу . . . Дәстүрлі иран әйелдер костюмінің көркем бейнесін жетілдіру . . . Сән бағытын талдау . . . Коллекцияның көркемдік бейнесін дайындау . . . Үлгінің техникалық эскизі . . . Үлгінің сыртқы көрінісін сипаттау . . . Материалдарды конфекционирлеу . . .
- Конструкторлық бөлім . . . Құрастыру тәсілін таңдау және негіздеу . . . Сызбаны тұрғызу үшін керек пішіннің өлшем нышандарын таңдау және негіздеу . . . Кеңдікке берілген қосымшаларды таңдау және негіздеу . . . Дәстүрлі иран костюм конструкциясының негізгі сызбасын жетілдіру . . .
- Технологиялық бөлім . . . Құрал-жабдықты таңдау . . . Өңдеу әдісін таңдау . . . Түйінді өңдеу . . .
- Экономикалық бөлім . . .
- Еңбекті қорғау . . .
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Дипломдық жобада зерттелетін объект иран халқының дәстүр-салтын зерттеу негізінде алынған қыздарға арналған тарихи иран костюмі қаралады. Ирандардаң мәдениеті өз тамырларын ондаған мыңжылдықтарға бой тартқан тереңнен алады. Ирандардаң ұлттық киімі Азия халықтарының киімінен өзіндік бейнесімен өзгешеленеді. Соншама көптүрлілік жергілікті жерлер мен климаттық жағдайларға байланысты қалыптасып отырған.
Иран ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға, тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал.
Иран халқының ұлттық киімдері өте әдемі және әсерлі, ол тек ерекше жарықтықпен ерекшеленіп қана қоймай, қарапайымдылық, уйлесімділік және де үлкен түрлілікпен ерекшеленеді. Ғасырлар өте келе ұлттық киім үлгілері заман талабына сай өзгеріске ұшырай келеді, алайда ұлттық киімнің түпнұсқасы сақталуда. Негізінен Иран халқының дәстүрлі киімі қазірге дейін сақталынылып келуде, ол иран халықының заттық мәдениетiндегi белгiлi ортақтық туралы куәландырады. Тек қана: аяқ киім, бас орамалдары, жеке әшекейлері және т. б. элементтері ғана өзгереді және үнемі өзгерістерге ұшырап отырады.
Бұл жұмыстың маңыздылығы ұлттық иран костюміне, яғни демонстрациялық объектке қызығушылықты арттыру, өйткені ол жыл
шараларда міндетті атрибут болып табылады.
Дипломдық жобаның мақсаты қыздарға арналған дәстүрлі иран костюмін ғылыми-зерттеу және иран халқының салт -дәстүрін, мәдениетін, көркемөнерін зерттеу негізінде коллекция жасау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер жасалды:
- иран ұлттық костюмін зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттерге, шығармашылық көздерге, баспа басылымдарына, интернет-ресурстарға шолу жасау;
- иран ұлттық киімінде конструктивті - композициялық шешімдерін
зерттеу, ерекшелігін байқау, киімнің өңделуіне мән беру;
- конструкция және декор, композиция элементтері мен құралдары
арасындағы заңдық өзарабайланысты анықтау;
- коллекцияның көркемдік бейнесін дайындау.
Ұлттық костюм - бұл ғасырлар бойы жиналған, баға жетпес, ажыратылмайтын халық мәдениетінің игілігі. Өзінің даму кезеңінде ұзақ жолдан өткен киім тарихпен және жасаушылардың эстетикалық көзқарастарымен тығыз байланысты. Костюм өнері ұлттық, халықтық дәстүрден алшақ дами алмайды. Дәстүрді зерттей тұрып, қазіргі костюмнің жанры мен кез келген түрінің прогрессивті дамуы мүмкін емес.
Дизайнерлердің жаңа шығармашылық қайнар көзі - кез келген объект болуы мүмкін, соның ішінде ұлттық костюмдер де кіреді. Ұлттық костюмның негiзгi құндылығы оның шектi қызметінен, пiшiн мен құрылымы логикалық, ұтымдылық пен орындылық және әр түрлi сәндiк ресiмдеудiң қабылдауларында сырт пiшiнi алуантүрлi нұсқалардан тұрады. Халық өнерiн шығармашылық өңдеу мен зерттеу қазiргi костюмды жаңартуға және өндiруге, онда ерекше ұлттық бейне жасауға мүмкiндiк туғызады. Пішімнің эстетикалығы, сонымен қатар функционалдығы, тұтастылығы, рационалдылығы, осының бәрі кез келген ұлттық костюмге тән. Ұлттық костюм - нақты аймаққа тән, дәстүрлі киім жиынтығы. Ол пішімнің ерекшеліктерімен, мата фактурасы және колоритімен, композициялық-пластикалық шешімімен, сонымен қатар костюм құрамымен және оның әр түрлі бөліктерін кию тәсілдерімен ерекшеленеді.
Адам қоғамының дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қоғамның дамуымен, мемлекеттің пайда болуына, сондай-ақ тарихи формацияның өзгеруімен костюм түрлері де күрделене, жетілдендіре түсті. Ұлттық костюм - белгілі бір халық, қоғамдық топ немесе сол дәуірдегі киімнің тұрақталған қалпы. Костюм дәуірдің эстетикалық мінсіздігін анықтайды. Костюм адамды әр елдің ішінен сырт көзге заттай, кәсіби және басқа белгілер бойынша ерекшелетеді.
Әр ел ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар және төсек-орын, киім-кешек, ыдыстар тағы басқалар әшекейленген. Кесте тігу, тоқымашылық, өру өнері, ағаш бетіне күйдіріп ою салу немесе зергерлік, керамикалық, т. б. кең түрде қолданылды. Мұндай алтыннан айрақша күрделі өрнектер салынып жасалған заттар үстем таптың пайда бола бастауын, таптық қауымның өзгере бастауын көрсетеді. Алтыннан нәзік өрнектермен істелген диадема, аңшылықты бейнелейтін көріністер, адам бейнесі, жыртқыш аңдар мен мифтік жанды заттардың өрімделген, ою-өрнектелген күрделі композициясының барлығы, сол кездің өзінде-ақ өнердегі шындық негізді салыстырып қарағанда, техникалық және көркемдік жағынан жоғары қолөнершілікке қолы әлдеқайда ерте жеткендігі байқалады.
Демек, ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде сақталды.
1Иран ұлттық киімі өнердің таусылмас көзі
Киім тарихы ерте кезден біздің уақытқа дейін барлық адамзат тарихының айнасы болып табылады. Әрбір мемлекет, әрбір ел дамуы уақытына байланысты адамдар киімдеріне спецификалық ерекшеліктерін қалдырады. Сән тарихы киім тарихы сияқты ежелгі болып келеді. Ерте уақыттарды киімді тек табиғаттың қауіпті факторларына қорғану үшін пайдаланса, кейін келе эстетикалық және стилизация жағы да қарастырылды.
Ерте кездердегі қауым . Ерте кезден адамдар өздерінің тәнін жасыруға тырысты, бұл олардың ұят сезімінің болғанын білдіреді. Алайда, бұл түсінік жеткіліксіз болып табылды, яғни кейбір тайпалар (мысалы, Австралия аборигендері, Отты Жердің индейцтері және т. б. ) әлі уақытқа дейін табиғи факторларының қаталдығына қарамастан жамылғысыз жүреді. Тіпті амулет адамзаттың жалаңаш денесі мен қоршаған орта арасындағы шек болғандықтан, өз уақытында «киім» болып табылған.
Берілген археологиялық қазбаларға қарағанда киім адамзат қоғамының даму кездерінде пайда болған. Ең алғашқы жамылғы ретінде адамдар үшін аңдар терісі болған. Ол терілерді өңдеу үшін мустье дәуіріне жататын (100-40мың жыл бұрын) құрал-жабдықтар (пышақ, тескіш темірлер) пайдаланған. Ең бірінші киім түрлері бөкседен байланатын жамылғылар және жадағайлар болған. Кейін келе белге екі ұзын теріні байлай отырып аяқтарын тікендерден сақтаған, содан шөлкилер пайда болды. Дәл солай қолдарын қорғау үшін де арнайы дайындады. Сөйтіп сол бөліктерді жинай келе, яғни өсімдік талшықтарымен біріктіре келе киім пайда болды. Археологиялық жазбаларға қарағанда тігілген киім жоғарғы палеолитте пайда болған.
Ежелгі Шығыс. Ежелгі Месопотомияда ткац өндірісіне негізгі шикізат болып қой және ешкі жүні қолданылған. Сыртқы түріне немесе сапасына қатысты жүн маталарының әртүрлі түрлері біздің уақытқа дейін жетті. Әсіресе, пурпурмен боялған маталар бағаланған.
Шумерде негізгі ерлер киімі туника және бел жамылғылары болған. Туника өз кезегінде жеңсіз жейде немесе қысқа жең түрінде ұсынылған. Бел жамылғысының жаймасы 4-тен-9 шынтақ мөлшерінде болған (2-4, 5метр) және шашақтармен өңделген. Көп жағдайда оны денеге айналдырып орап, белбеумен бекіткен. Сырт киім ретінде тікбұрыш формалы жадағай болған, оны кеудеге ызбамен байлап немесе денеге орап оң қолды ашық қалдырған.
Әйелдер киімі ерлер киімінен аз ерекшеленген. Әйелдер туникасы ерлер туникасынан ұзынырақ болған, ал жоғарғы жағы сәл тырысқан болған. Бірнеше горизонтальды жаймалармен біріктіріліп тігілген және әрқайсысының ені 0, 5метр болған, жоғарғы жайма кей кездерде оралып белбеу қызметін де атқарған.
Антика. Ежелгі Грецияда негізгі шикізат ретінде киімді дайындауға зығыр қолданылды. Негізінен тоқу жұмыстарымен әйелдер айналысқан. Дайын матаны ағартқан және бояған. Оңтүстіктер сияқты гректер де қанық түстерді ұнатқан (қызыл, жасыл түстердің бірнеше реңктері және т. б. ) . Қайғылы оқиға кезінде қара, сұр, қара жасыл түсті киімдер киген. Салтанатты мейрамдарға арналған маталар - ақ түсті, ал ең қымбат - пурпурлы. Киімдерді кестемен әрлеген (кей кездері толығымен немесе киім шеттеріне) және оған қосымша алтындармен өңдеген.
Ерте ортағасыр. Ерте ортағасырдың киім үлгісіне европалықтардан қалған киім үлгісі жатады. Оған үлбірлі және былғары жадағайлар жатады. Бірінің үстінен қабаттап киетін ұзын немесе қысқа туникалар, және теріден дайындалған жадағай немесе матадан тігілген жадағайлар жатады. Шалбарлардың қысқасы яғни тізеден төмен немесе ұзын түрі яғни тобыққа дейін былғары шөлкиге кіріп тұрған.
Кейінгі ортағасыр. Ортағасыр адамдарының киімдері қауымның әлеуметтік шегімен және эстетикамен ерекшеленді. Киімдердің өзгеруіне шығыс сән үлгісінің европалықтарға әсер етуімен сипатталады. Костюмдердің үстіне түскен ассиметриялы суреттер көптеп кездесті.
Жаңа ғасыр. 19ғасырда булы және электрлі машиналардың шығуына байланысты мануфактурлы технология жаңа деңгейге шықты. Киімдер машиналар көмегімен дайындалып, тұтынушылар үшін қолжетімді болып табылды. Осыған дейін киімдер дөрекі өңделген маталардан шыққан, ал жұқа маталардан тігілген кимідерді тек ақсүйектер мен бай адамдар ғана тұтынған.
Ұлттық киімге келетін болсақ әр елдің мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің уақытқа дейін сақталған костюмдер әртүрлі мерекелерге байланысты киілген. Ұлттық киімнің эстетикалық және утилитарлық қызметтері, киімнің үстіне түскен әртүрлі ою-өрнек түрлері, симметриялы ассиметриялы суреттердің орналасуы және басқа да қолданбалы өнер түрлері ұлттық киімнің нақышын туғызып, ерекшелік берген. Ол ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріледі. Ал күнделікті киімдері аз сақталған.
Ұлттық киімнің негізгі құнылықтары болып киімнің конструкциясының қарапайымдылығына қарамастан, сыртқы көрінісінің әртүрлі декоративті әрленуі қолданбалы көркемөнердің ұтымдылығын көрсетеді.
Ою үлгісі балық, құс, аңдардың бейнесі яғни зооморфты үлгіде қалыптасты. Күрделі симметриялы өрнек - атақты шығыс арабескасы пайда болды. Олардың бiр қалыпты мақамы бар күрделi композициялықтар, қайталанғыштық элементтер қызу айқындылықтармен ие болды. «өрнек бұл - көзге арналған әуен!» деп босқа айтылмаған. Бұл көркемөнерлер шындықтың әлемiн шартты қамтып көрсеттi, нақты өмiрдiң дөрекi әлпетiне сақтаушысымен табиғат болатын тамаша әдемiлiктiң заңдары бойынша түстер және өсiмдiктердiң мәңгi ғажайып әлемi дұрыстанатын айнамен қызмет көрсеттi.
Дәстүрлi ирандық костюмдерді 16-шы жүз жылдық миниатюраларында көруге болады. Байқауымызша олар киімдерді көптеген қабаттармен киген. Басқаша айтқанда, әйел киiмдерінің жиыны да бірнеше қабаттан тұрды.
Парсылық миниатюралық картиналардан байқауымызша киімдер негізінен төрт бөліктен тұрған: шалбар, жейде, шекпен немесе пальто және әртүрлі бас киім жамылғылары. Пальтоның бел бөлігінде бүкпесі бар, алдыңғы бөлігінде етегіне дейін ашық, жеңі ұзын болған. Кей кездері оның ұзындығы тізеге дейін жеткен. Шалбарлары тобыққа дейін ұзын және кең болып келген.
Сол кездері кең тараған матаның түрі мақта мата мен жібек болғандықтан олардың киімдері де сол маталардан дайындалған. Персиялық миниатюралық картиналардан байқауымызша киім түстеріне олар жасыл, сары, көк, қызыл, қоңыр, күлгін түстерін пайдаланған.
Кездеме үшiн қолданылатын бояулар өсімдік немесе жануарлардан алынды. Тарихтарға сүйенетін болсақ көпшілік илам әйелдері киімдерін жасырын түрде киюге тырысты, яғни мысалы Персияда жабынудың негізгі үш түрі кең тараған: ұзындығы тобыққа жететін үлкен орамал немесе плащ, бетті жауып тұратын шымылдықпен кішкентай орамал немесе шымылдықсыз кішкентай орамал және көзге арналған жабындымен ұзын тік төртбұрышты мата бөлігімен бірігетін орамал.
Дамбалдарды Исламда ерлер де әйелдер де киген. Дамбал ұзындығы кем дегенде тізеден төмен болуы керек деген (пайғамбардың дәстүрi) бiрнеше хадистар бар.
Әйелдер үшiн (қарапайымдылық киімі) хиджаб кию мiндеттi болған. Ережелерге сәйкес, олар ұзын етектi киiм киюге және жарық косметика қолдануынан iркiлуi керек. Ауылшаруашылық және қала тұрғындарының басым көпшiлiгi дәстүрлi Иран киiмін киеді, және бұл исламның заңдарға және салттарына адалдықтың әсер ету өкiметтермен мадақталады. Турист үшiн (тырсимаған) ұзын шалбарлар жеткiлiктi немесе ұзартылған белдемше болады, ұзын жеңi бар көйлек немесе жамылғы, сонымен бiрге баста орамал. Қалалар бойынша сапарлар уақытында мiндеттi түрде сайып келгенде жамылыңыз, қонақ үйлердiң ауыз үйлерiндегi немесе базарларда сатып алуларды iске асыруда. мешітке немесе әулие-әнбие орындарында бет перделер және жабық киіну әйел адамдары үшін міндетті болып есептелген. Сонымен бiрге еркектер үшiн де жеңсiзкиімдер, шорт және майктер бұл жағдайда қолайсыз болып есептелген.
Иранда түрлі этникалық тобтарға жататын әртүрлі елдердің жатады, және әр елдің өзіне тән ұлттық киімі бар. Климатының ыстықтығына байланысты киімдерінің пішімінің және стилінің қарапайымдылығы барлық иран ұлттық киімдерін біріктіреді.
Ислам заңдары бойынша әйел адамдар өздерінің бет-бейнесін жамылғымен жасыру қажет. Иранның кейбір аумақтарында әлі күнге дейін чадор (чадра ) деп аталатын әйел адамдарының бет-бейнесі мен тұлғасын толығымен жабатын жамылғы киеді. Парсы шығанағының оңтүстік аумақтарда әйел адамдар арнайы қара маска киген.
Фольклорлы киімдер үлкен көлемде Каспий теңізінің жағалаудағы облыстарында мақта және зығыр маталарынан тігіледі. Көптеген көгалдандырылған жазықтықтарда жібек құрттары үшін мекен және жем болып табылатын, тұт орманының көлемді отырғызуларын көруге болады. Негізінен жібекттен тігілген киімдер мерекелік болып саналған. Иранның орталығында орналасқан Йезд қаласында йездің белгілі жібек маталары дайындалады.
Ирандықтар гүлдерді жақсы көреді және әрбір ирандық үйлердің айналасынан раушан, қалампыр және басқа да әсем гүлдерді байқауға болады. Бұл гүлге деген махаббат әйел адамдардың әртүрлі ашық түрлі түсті көйлектерінен де байқауға болады. Барлық әйел адамдар дерлік әр костюмге тік силуэттегі панталон немесе шалбар киген.
Негізінен әйел адамдардың фольклорлы киімдері шалбар, өте кең көлемдегі белдемшелер және оның үстінен киетін туника тәріздес ұзын жеңді кең көлемдегі көйлектерден тұрады. Туникалар әртүрлі түсте, ұзындықта және пішімде болуы мүмкін. Гилян иранның солтүстік-батыс аумақтарында мысалы, бөксеге дейін жететін қызыл туника беліне қызыл-сары жолақты ұзын белбеу байлаған. Бұл жерде белдемшелері ақ түсті болған және шеттері қызыл, көк, жасыл немесе қара шеттікпен өңделген. Бұл костюмге қызыл шалбар киген. Тегеран жанындағыЛуристан қаласында тізеге дейін жететін кең туника түсі бойынша сәйкес келетін шалбармен киілген, ал белдемше болмаған. Парсы шығанағының жағалауына жақын орналасқан Бендер-Аббас қаласының оңтүстік аумақтарда қызыл және көгілдір түсті туникалар тобыққа дейін жеткен. Туника сыртыынан жіңішке жолақты жеңсіз күртеше киген. Бастары арқадан өтіп алдынан ішке байланатын ұзын орамалмен байланған. Пәкістан шекарасына жақын аумақтарда туникалары ұзын түсті жолақты ызбамен әрленген. Өрнектері және түсі тұрғылықты салт-дәстүрге байланысты болған. Шалбар және туника шеті ызбамен әрленген.
Исламдық Республика Иранда әйел адамдардың еркін пішіндегі тізеден төмен халат тәріздес (Иранда оны «манто» деп атайды) киім және орамал немесе шарф түрінде толығымен шашты жауып тұратын бас киім киген. Бұл манто және орамал жиынтығын «хиджаб» - исламдық киім түрі деп атаған. Иранда тағы бір бас киім түрі - капора түрінде орындалатын «макнэ» деп аталады. Аяқты толығымен киімнен көрінбеу керек, ал қолдары білезікке дейін жабық болу керек.
Иран елінде ер адамдар мен әйел адамдар бөлек қоғамдық көлікпен жүреді, бұл жағдайда да әйел адамдар үшін жабық киіну, яғни хиджаб кию міндетті. Егер мешітке баратын болса, толығымен жабық киінген жөн. Рамазан айында ирандықтар ораза ұстайды. Рамазан айында дүкен, ресторандар жұмыс істемейді, және рамазан айында темекі шегу қатал түрде тыйым салынады. Демалыс күні болып жұма күні саналады. Қоғамдық жерлерде темекі шегу және алкогольды сусындар ішу қатал түрде тыйым салынады. Сойлесу кезінде жақын ұстау иран мәдениетіне жат нәрсе.
Киім кию және мінез-құлықтан да шектеу - иранның көпғасырлық салт-дәстүрі болып саналады және ирандықтарға оны ұстану мүлде қиындық туғызбайды.
Иранда әр ұлт өкілі өзінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтауға тырысады. Бірақ, мұсылман елі болғандықтан, барлық қыз-келіншектер бастарына орамал тағуға міндетті. Парсы әйелдері бір түсті қара киім киеді, ал жергілікті түркмендер үлкен ала орамал, ал қандастарымыз көбіне ақ жаулық тағады. Тек тұрымыс құрмаған жас қазақ қыздар ғана гүлді, сәнді түрлі-түсті орамал тағады. Сондықтан көшеде келе жетқен әйелдің киімінен-ақ қай ұлттан екенін айыруға болады.
Хиджаб (араб. حجاب -жамылғы) - Батыс Европада бұл түсінік мұсылмандардың шаштарын жасыратын бас орамалы деп түсіндіріледі. Кең мағынады әрбір әйел адамдарының киімдері дене бітімі мен шаштарын жасырып тұру керек. Терең мағынада исламда бұл анықтама әйел адамдарының қоғамда тек беті мен қолдарының ұшы ғана көрініп қалған дене бітімін көрсетпейіт киім кию ережесі болып табылған.
Никаб (араб. نقاب -жамылғы) - қара түстен тігілетін көзді ғана ашып тұратын жабынды.
Паранджа, бурка́ , бурга (араб. برقع) - никаб нұсқасы, әйел адам бұл киім түрінде толығымен матамен жабынған, ал мусылман көзі тормен жасырынған (чачван немесе чашмэ) .
Абайя, абая (араб. أباءة) - әйел адамдардың иығынан аяғына дейін жауып тұратын ұзын, қара түсті, жеңмен, белбеусіз жоғарғы киім. Жиі никабпен біріккен ансамбль құрады. Тұрмыс құрмаған қыздар абая орнына шмаада немесе шаль киген.
Джилбаб, джилбааб (араб. جلباب) - әртүрлі түсте болатын қол мен аяқта жауып тұратын жабық, жайлы жоғарғы киім түрі.
Чадра́ (перс. چادر) - қара, ақ немесе көк түсті болатын беттерін ашып жүретін жеңіл орамал. Негізінен шииттерде кеңінен таралған.
Буркини (англ. burqini - burqa + bikini біріккен сөзінен шыққан ) - лайкрадан дайындалатын денені жауып тұратын мұсылмандарға суға түсуге арналған киім түрі.
Сурет 1 - буркини киім түрі
Шаровар , шалвар (перс. شلوار) - ерлерге және әйелдерге арналған кең, ромб тәрізді, жоғарғы жағы кең болып келетін, жан тігіссіз ұзын шалбарлар. Бөкседе тоқылған баумен байланады.
Тюбетейка , такыя (тат. Түбәтәй ) - ерлерге және әйелдерге арналған төрт бұрыш немесе домалақ болып келетін бас киім түрі. Кестемен немесе әртүрлі әсем моншақтармен әрленген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz