Органикалық химия курсынан демонстрациялық тәжірибелерді пайдалану


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
«Химия және химияны оқыту әдістемесі» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫНАН ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Білімгер:Орынбек Ж. П.
Жетекші:Айдарова А. О.
Қорғауға жіберу.
«__»2012 ж. №___ хаттамасы.
«Химия және ХОӘ» кафедрасының
меңгерушісі:Сабыралиева Ж. Ы.
Тараз - 2012 жыл
Мазмұны
Кіріспе 4
I бөлім. Органикалық химияны оқытудағы тәжірибенің орны ……6
1. 1. Мектептегі органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы . . . 6
1. 2. Органикалық химияны оқытудағы тәжірибе . . . 7
1. 3. Органикалық химиядағы ғылыми және оқу тәжірибесі . . . 10
1. 4. Органикалық химияны оқытудағы тәжірибенің мақсаты мен мазмұны. . 12
1. 5. Оқу тәжірибесінің түрлері . . . 14
II бөлім. Демонстрациялық тәжірибелер және оларды көрсету әдістемесі . . . 18
2. 1. Демонстрациялық тәжірибе - химияны оқытудың тәжірибелік әдісі. 18
2. 2. Тәжірибелерді көрсету техникасы. . 20
2. 3. Демонстрациялық тәжірибелерге қойылатын талаптар . . . 22
2. 4. Демонстрациялық тәжірибелерді көрсеткенде орындауға міндетті қауіпсіздік техника ережелері. . 25
2. 5. Органикалық химия курсынан демонстрациялық тәжірибелерді көрсету әдістемесі. 28
2. 6. Заттар, процестер мен тәжірбиелерді көрсету әдістері . . . 35
2. 6. 1. Тәжірибені мұғалім сөзімен үйлестіре отырып көрсету . . 37
2. 6. 2. Оқушылардың білім сапасының тәжірибелерді көрсету әдісін етәуелділігі 40
2. 6. 3. Тәжірибелерді көрсетудегі әр түрлі әдістердің тиімді болу
шарттары . . . 41
2. 6. 4. Заттардың бейнесін көрсету 42
2. 6. 5. Химиялық тәжірибелерді диапозитивтер, диафильмдер
және оқу кинофильмдері арқылы көрсету . . . 46
2. 6. 6. Үлгілер мен макеттерді көрсету . . 48
2. 6. 7. Үлестірме материалдарын пайдалану . . . 48
2. 7. Тарауды қорытындылау барысында химиялық тәжірибелерді көрсету49
III бөлім. Зерттеу әдістері 51
3. 1. Cауалнама жүргізу . . . 51
3. 2. Тестілеу. 51
3. 3. «Оқу дәрежесінің» критерийі. . 52
IV бөлім. Органикалық химия курсынан демонстрациялық тәжірибелерді пайдалануға арналған әдістемелік ұсынымдар мен сабақ жоспарлары . . 53
V бөлім. Органикалық химия курсынан демонстрациялық тәжірибелерді пайдаланудың тиімділігін зерттеу әдістері арқылы көрсету .
Қорытынды 84
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . 85
Қосымшалар . . . 86
Кіріспе
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың қазіргі кездегі басты назары - болашақ ұрпақтың білімі мен білігінде. Білімі мен ғылымы дамыған ел ғана әлемді мойындатады және дамушы емес дамыған елдердің қатарынан ойып тұрып өз орнын алады. Соны білген Елбасымыз ғылымға баса назар аударып, онымен айналысам деушілерге барлық жағдайларды жасап беріп отыр. Мәселен, Астана қаласында қазақ тарихында болмаған халықаралық деңгейдегі «Назарбаев университетін» соқтырып, оған бүкіл әлемнің мықты деген ЖОО-ның ұстаздарын жұмысқа тартты. Бұл дегеніңіз бұрынғыдай шетел аспай-ақ білімнің бал бұлағымен өз елімізде де сусындауға болады деген сөз. Бұрын-соңды жасалмаған осындай кереметтей мүмкіншіліктерді әрбір жас қажетінше пайдаланып қалулары қажет.
Дегенмен бар білім мен ғылымның негізі өміріміздің он бір жылын өткізетін қара шаңырақ мектептің табалдырығында жатыр десек қателеспейміз. Ғылымның негізі мектепте болса, оның негізін салушы ұстаз екені айтпаса да түсінікті. Әрбір ұстаз өзінің пәніне жетік болса, онда болашақ ұрпағымыз ғылымның негізін меңгерген, білімді де білікті болып шығатыны даусыз.
Мен де болашақ ұстаз болғандықтан, әсіресе XX ғ-дың «Ғасыр ғылымы» саналған химия ғылымының негізін қалайтындықтан, білім мен тәжірибені ұштастыра отырып сабақ беруге баса назар аударам.
Химия - тәжірибеге сүйенген ғылым. Оқушылардың бойында химия туралы білім мен сол ғылымның негізін қалауда мұғалімнің сабақты түсіндіре отырып көрсететін тәжірибесі жоғары бағаланады. Мұндай тәжірибелерді демонстрациялық тәжірибелер деп атайды.
Демонстрациялық тәжірибелер жаңа материалды өткенде оқушылардың бойында заттар, химиялық құбылыстар мен процестер жайлы қажетті түсінік қалыптастыру үшін жүргізіледі. Ол аз ғана уақыттың ішінде химия саласындағы маңызды ұғымдарды оқушыларға түсінікті етеді және оларға зертханалық тәжірибелер мен жекелеген операцияларды жасауды үйретеді.
Демонстрациялық тәжірибелер мектепте химияның үлкен екі саласы саналатын бейорганикалық және органикалық химияны оқыту барысында көрсетіледі. Неізінен бұл тәжірибелер бейорганикалыққа қарағанда органикалық химияны оқытқанда маңызды болып табылады. Себебі органикалық химияның көптеген тәжірибелері өте қауіпті және ұзақ уақытты қажет ететіндіктен, ол тәжірибелерді мұғалім өзі жүргізеді. Сондықтан менің дипломдық жұмысым - «Органикалық химия курсынан демонстрациялық тәжірибелерді пайдалану» тақырыбына арналып отыр.
Бұл дипломдық жұмыс . . . беттен тұрады, оның құрамына кіріспе, 3 бөлім, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі сияқты бөлімдер кіреді. Бірінші бөлімде органикалық химияның оқу-тәрбиелік маңызы, мұндағы тәжірибенің алатын орны мен түрлеріне қысқаша тоқталып өтілді.
Екінші бөлімде тақырыпқа арқау болып отырған органикалық химия курсынан көрсетілетін демонстрациялық тәжірибе ұғымына түсінік бере отырып, оны жүргізу техникасына, әр түрлі демонстрациялық тәжірибелерді, заттарды, құбылыстарды, процестерді көрсеткенде жүгінетін әдістерге, тәжірибенің сабақ үстінде білімді меңгеру мен сабақты қайталау барысында алатын орнына және мектептің органикалық химия курсынан көрсетілетін демонстрациялық тәжірибелердің тізімін жасап, оларды көрсету әдістемесіне баса назар аударылған.
Үшінші бөлімде осы демонстрациялық тәжірибелердің жүргізілу техникасы мен сипаттамалары жан-жақты келтірілген.
Енді дипломдық жұмыстың өзектілігіне, зерттеу нысаны мен мақсат-міндеттеріне және т. б. нәрселерге қысқаша тоқталып өтейік.
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда мектеп жағдайында барлық тәжірибелерді оқушылардың өздеріне бере отырып, зертханалық тәжірибе түрінде жасату мүмкін емес. Бұған себеп біріншіден, тәжірибелерді жүргізуге қажетті реактивтер мен аспаптардың жеткіліксіздігі; екіншіден, тәжірибелер, әсіресе органикалық химиянын тәжірибелері өте қауіпті; үшіншіден, көп уақытты қажет етеді. Осындай кемшіліктерге сүйене отырып бұл тақырыпты өте өзекті деуге әбден болады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: органикалық химия курсынан көрсетілетін демонстрациялық тәжірибелерді оқушылардың білімі мен біліктілігін, тәжірибелік ептіліктері мен шеберліктерін және ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтуде алатын орнына сай зерттеу.
Зерттеу пәні: мектептің органикалық химия курсының мазмұны және ондағы көрсетілетін демонстрациялық тәжірибелердің методикалық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты: органикалық химияны оқытқанда көрсетілетін демонстрациялық тәжірибелерді бір жүйеге келтіре отырып жинақтау және осы тәжірибенің мұғалім үшін де, оқушылар үшін де оқу процесінде маңызды екенін дәлелдеу.
Міндеттері:
- зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттермен танысу;
- тәжірибенің органикалық химияны оқытуда алатын орнын анықтау;
- демонстрациялық тәжірибелердің әдістемесі мен оларды жүргізу техникасын құрастыру;
- осы тәжірибелер арқылы органикалық химия жайлы оқушылардың білімін арттыру.
Гипотеза немесе ғылыми болжам: бағдарламада көрсетілген барлық демонстрациялық тәжірибелерді оқушыларға көрсететін болсақ, онда олардың бойында қажетті ғылыми түсінік те, білім де, тәжірибелік ептілік те қалыптасады.
I бөлім. Органикалық химияны оқытудағы тәжірибенің орны
- Мектептегі органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы
Мектеп қабырғасында оқытылатын әрбір пән және сол пәннің кез-келген оқу курсы тәрибелік мәнге ие болуымен қатар оқушыларды білімнің қайнар бұлағымен сусындатуы керек. ХХ ғасырдың «Ғасыр ғылымы» саналған химияның негізін тас қамалдай етіп қалауда ойып тұрып орын алатын әрине мектепте оқытылатын химия пәні болып табылады. Жалпы мектеп қабырғасындағы химия пәні негізінен үлкен екі курсқа жіктелу арқылы оқытылады. Атап айтатын болсақ: органикалық және бейорганикалық. Біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі зерттеу нысанына ілігіп отырғаны - органикалық химия курсы, нақтырақ айтатын болсақ осы курсты оқыту барысында демонстрациялық тәжірибелерді пайдалану тақырыбы болып отыр. Тәжірибелерді талқылауға кіріспес бұрын курс туралы, оның оқу-тәрбиелік мәні туралы қысқаша сипаттама беріп өтейік.
Органикалық химия - химия ғылымының ерте қалыптасқан салаларының бірі. Адамдар органикалық заттармен өте ертеден таныс болған. Ол химияның үлкен әрі дербес тармағы бола отырып, құрамында көміртегі атомы бар заттарды және олардың арасында өзара жүретін реакцияларды зерттейді.
Органикалық химия курсы бейорганикалық химия курсынан кейін оқылады және оқу тәрбие мәселелерін шешуде елеулі орын алады. Оқу пәнінің мектеп жүйесінде берілуі алдымен оқытылатын ілімнің сипатымен анықталады.
Органикалық химияны өткенде оқушылардың зертханалық-сарамандық біліктері дамиды. Едәуір күрделі сапа және сан тәжірибелерін жасауды, тәжірибелік есептерді шығаруды үйренеді.
Органикалық химияны игеру барысында оқушыларда дүниенің материядан тұратыны, бірлігі, үздіксіз дамуы, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы, оларды танып-білуге болатыны жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасады. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың, бейорганикалық заттар мен органикалық заттардың арасын бөліп тұрған шекара жоқ екені туралы пікір туады.
Органикалық химия оқушылардың ақыл-ойының дамуына зор әсерін тигізеді. Қисынды ойлаудың дедукция, анализ және синтез, салыстыру және жалпылау тәсілдері жиі пайдаланылады.
Органикалық химияны оқу барысында әрі қарай заттар табиғатына үңілу, яғни молекуладағы атомдардың орналасуын, химиялық байланыстың электрондық табиғатын, микроәлемдегі өзгерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осы айтылғандар органикалық химияның танымдық мәнін, оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасының қалыптасуын анықтап, олардың ақыл ойының дамуына үлкен мүмкіндік береді және жалпы білім алуы мен политехникалық дайындығына өз септігін тигізеді.
Бейорганикалық химияда заттар қасиетін оқу барысында химиялық реакция кезіндегі атомдар мен иондардың топтасуы, тотығу дәрежесінің өзгеруі қарастырылса, ал органикалық химияда микроәлемге тереңірек үңілуді қажет етеді. Заттардағы өзгерістерді бақылай отырып оқушылар тікелей бақыланбайтын құбылыстарды көз алдына елестете білуі керек: молекулада атомдар қандай ретпен байланысатынын, олардың кеңістікте орналасуын, химиялық байланыс түзілгенде, үзілгенде қандай электрондық процестер жүзеге асып, атомдардың өзара әсері қалай байқалатынын т. б. Заттың әртүрлі құрылымы деңгейінде өтетін құбылыстарды талдай келе микроәлем категориясын үнемі талқылау арқылы ойдың жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Органикалық химияда пәнаралық және ғылымаралық байланыстарды жүзеге асыруға зор мүмкіндік туады. Ол тірі ағзалардың құрамына кіретіндіктен, олардың денесін құрай отырып биохимиялық процестерге қатысатындықтан, биологиялық аса маңызды заттар: көмірсулардың, майлардың және ақуыздың химиялық құрамы және олардың қасиеттерімен таныстыру арқылы оқушыларды жалпы биологияның оқу материалын жете игеруге, бізді қоршаған ортадағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жатқан процестерді түсінуге, өмірдің маңызы мен заңдылығын ұғынуға көмектеседі.
Органикалық қосылыстарды оқығанда оларды сапалық және сандық тұрғыда ғана сипаттамай, оның молекулаларының ішкі құрылымына тереңірек ену арқылы физико-химиялық қасиеттерін оқушыларға тиянақты түрде жеткізіп отыру керек.
Органикалық химияның мазмұны оқушылардың бойында ғылыми көзқарастың қалыптасуына өз септігін тигізеді.
Органикалық химияны оқытқанда үнемі теориялық білімді өмірлік тәжірибемен, бұған қоса ғылым мен техниканың әр түрлі жетістікерімен ұштастырып отырған жөн. Себебі қазіргідей ғылыми-техникалық прогрестің кезінде қатып қалған теориямен шектелуге болмайды.
Курстың бағдарламада бекітілген тақырыптарын оқытқанда тәжірибе айрықша орын алады.
- Органикалық химияны оқытудағы тәжірибе
Органикалық химияны оқытуда тәжірибе айрықша орын алады деп алдыңғы бөлімде айтылып кетті. Тәжірибе дегеніміз не?, -деген сұраққа жауап іздеу арқылы оның органикалық химияны оқытудағы маңызына тоқталамыз.
Тәжірибе - нақты дәлелдемелерге негізделген, теорияны шарықтау шегіне жеткізе отырып оқушылардың санасына құятын, сөз жүзіндегі мағлұматты іс жүзінде баяндайтын оқыту әдісі. Химиялық тәжірибе заттардың арасындағы генетикалық байланыстарды, қасиеттері мен химиялық құрылысын айқындауға мүмкіндік береді, бұған қоса біршама дидактикалық қызметтер атқарады - ол білімді тексеріп, қабылдау мен түсініктердің дәл емес жерлерін жөндеуге мүмкіндік береді, білімді қолдануға үйрету құралы, практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді, меңгерген білім мен дағдыларды бекітуге мүмкіндік береді.
Органикалық химияны оқытуда теориялық бағыттың күшеюінен химиялық тәжірибенің рөлі еш дәрежеде төмендемеуі тиіс. Керісінше, оқытуда біріңғай сөз әдісі орын алу қаупі туатындықтан, бұл жағдайда ұғымдарды қалыптастыру негізі ретінде сезімдік қабылдаулардың маңызы арта түседі.
Қазіргі кезде көп мектептерде, әсіресе ауыл мектептерінде қаншама сабақтар тек мұғалімнің құрғақ сөзімен еш көрсетілімсіз, еш тәжірибесіз өтіп жатыр. Бұл мәселелерді шешу үшін мұғалім жауапты болу керек, үкімет қажетті құралдарды, реактивтерді, тіпті болмағанда интерактивті тақтаны орнатып берсе бұндай олқылықтар болмас еді. Көзбен көрмеген бала қиын пәндердің бірі саналатын химияның негізгі құбылыстары мен заңдарын тек елес жүзінде қабылдайды.
Химиялық тәжірибелер тек жаңа сабақты түсіндіргенде көрсетілсе болды дегенмен шектелуге болмайды, сондықтан мұғалім қауымы сабақты бекіткенде де қайталау сабағында да осындай дүниелерді көрсетіп отырулары керек.
Оқу процесінің әр түрлі буынындағы химиялық эксперименттің рөлін В. С. Полосин жан-жақты зерттеді. Ол білімді алғашқы меңгеру процесінде химиялық экспериментті пайдаланудың түрлі әдістерінің педагогикалық тиімділігін анықтады, үлгерімі әр түрлі оқушылардың білімді меңгеру сипатын көрсетті, экспериментті қабылдауға оқушыларды даярлаудың неғұрлым жетілдірілген әдістерін ұсынды. Ол білімді жетілдіріп, пысықтау процесінде оқулық бойынша материалды қайталауды жаңа құбылыстарды бұрын белгілі құбылыстармен салыстыруды керек ететін құрама тәжірибелер орындаумен ұштастыру тиімді нәтиже беретіндігін анықтады. Практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру процесі зерттеліп, оқушыларды практикалық жағынан әзірлеуде жоғары нәтижеге жету жолдары табылды. Әр түрлі көрнекі құралдар (таблица, модельдер) мен техникалық оқыту құралдарын (кино, магнитофон жазбалары) химиялық экспериментпен тығыз ұштастыра пайдалану жөнінде маңызды қорытындылар жасалды.
Демонстрациялық тәжірибені көрсету мақсатында оның қолданылу мәселесіне толығырақ тоқталайық. Көбіне бір тәжірибенің өзі әдістемелік жағынан әр түрлі мақсатта қолданылуы мүмкін. Мәселен, мұғалім сөзін немесе қандай да бір айтылған тұжырымды дәлелдеу үшін қолдануға болады.
Экспериментті пайдалану сипаты алдымен таным процесінің логикасымен және сабақта жетекші болып табылатын таным мәселесінің мәнімен анықталады.
Жалпы көрсетілетін тәжірибені алдын-ала оқып үйреніп қойса, оны оқушылар кейін көру барысында зерттеу процесі болмайды. Сондықтан оқылатын тақырып жайлы көрсетілетін тәжірибелер мұғалімнің сөзімен үйлесім табуы керек. Органикалық химиядан тәжіриелерді көрсеткенде мұғалім ұқсас тәжірибелерді қайталап көрсете беруі шарт емес. Мәселен метанның оттегімен қопарылысын көрсеткеннен кейін, ацетилендікін көрсетпей-ақ қойса болады, тек оларға мұндағы қопарылыс алдында көргендеріңнен күштірек болады деп айтып өтуге болады.
Сөйтіп, тәжірибені пайдалану әдісі жайлы мәселе оқшау емес, таным процесімен жалпы логикасына және қарастырылатын құбылыстардың сипатына қарай шешіледі.
Осыған байланысты үрдісті көрсету мен оның химизмін (реакция теңдеулерін қоса) талдаудың арақатынасы жайлы жеке мәселені талқылау керек. Ішінара бұл мұғалім сөзі мен көрнекі құралдардың арақатынасы мәселесіне де қатысты. Мұғалімдердің тәжірибесінде қарама-қарсы екі шешімді кездестіруге болады. Олардың бірқатары, әсіресе тәжірибені көбіне иллюстрация ретінде пайдаланатындар химиялық реакцияны тақтаға жазып түсіндіруге асығады, содан кейін реакцияны көрсетеді. Ал бұдан басқалары реакция теңдеуі нақты химиялық процесті білдіреді деп есептеп, алдымен реакцияны көрсетеді, содан кейін оның теңдеуін жазып, толық талдау жасайды.
Қай шешімді таңдап алу керектігі нендей негізге сүйене орындалады? Тәжірибе зерттеу тұрғысынан қойылатын жағдайларда мәселе бір жақты шешіледі: процестің өзін айқындамай тұрып, оның мәні мен теңдеуін күні бұрын қарастыруға болмайды. Шынында, егер заттың құрылымын анықтау мақсатында тәжірибе жасалатын болса, этил спиртінің натриймен реакциясы теңдеуін жазудың немесе целлюлозада гидролиз реакциясының қасиеті бар деген болжамды айқындау қажет болғанда, оның гидролиз реакциясы теңдеуін жазудың ешбір қисыны жоқ. Мұндай реакциялардың теңдеулерін жазып, күні бұрын талдау-іздеу идеясының мәнін жоққа шығарар еді.
Тәжірибе басқа мақсаттармен жүргізілсе, түрлі шешімдер болуы мүмкін. Көп жағдайларда алдымен тәжірибені көрсетіп, содан кейін оны түсіндіруге көшкен дұрыс болады. Мысалы, этилен гомологтарының қасиеттерін тексергенде әрбір теңдеуді тиісті тәжірибені бақылағаннан кейін жазу тиімді.
Алайда кейде мұндай реттілік жақсы нәтижеге жеткізе бермейді. Айталық, этил спиртінің бромды сутекпен (бромид және күкірт қышқылы қоспасымен) әрекеттесу тәжірибесі алдын-ала түсіндірусіз жүргізілді делік. Оқушылар тоңазытқыштан қабылдағышқа тамшылардың тамуын бақылайды, бірақ мұнда олардың ойлануына қажетті объект жоқ, өйткені олар тәжірибеде не болып жатқанын білмейді. Бақылау мазмұнды болу үшін, сірә, қандай заттар өзара әрекеттесетінін, олардың молекулаларында қандай өзгерістер туатынын, жүріп жатқан реакция туралы қандай белгілері бойынша білуге болатынын алдын-ала түсіндіру керек болар. Тәжірибе кезінде күні бұрын жазылған реакция теңдеуіне қайырыла отырып, оқушылар көрінетін құбылыстарды олардың мәнімен салыстырады, нәтижесінде реакция өнімі түзілетін атомдардың қайта топтасуын көзге елестеді. Тәжірибе кезінде олардың ойлау әрекеті жалғаса береді.
Бұл айтылғандардан реакция химизмі сақталмайынша оқып зерттелетін процесті мақсатты және саналы түрде бақылау қамтамасыз етілмеген жағдайда, реакциялардың химизмін алдын-ала қарастыру қажет деген пікір туады. Бұл ұзақ тәжірибелерді көрсеткенде өте-мөте қажет. Органикалық химияны оқытуда демонстрациялық тәжірибе үлесінің артуына байланысты мұндай тәжірибелердің саны арта түседі. Оларды жасау техникасына және сабақ жүйесінде пайдалану методикасына ерекше назар аудару керек, өйткені демонстрациялық тәжірибе басқа тәжірибелерге қарағанда әлдеқайда күрделілеу болады.
- Органикалық химиядағы ғылыми және оқу тәжірибесі
Тәжірибелік әдіс теориясының негізін қалаған Ф. Бекон болды. Ол тәжірибені шындықты танудың маңызды құралы және сезім мүшелерінің қол жетімсіздігін жеңудің жалғыз әдісі деп санады.
Органикалық химияны игеру үшін тәжірибе өте маңызды болып табылады. Химиялық процестерді табиғи жағдайда бақылау арқылы зерттеу көп жағдайда жеткілікті нәтиже бере бермейді.
Химия - тәжірибеге сүйенген ғылым, сондықтан бұл ережеден сәл ғана ауытқып кететін болсақ, онда оқушылардың білім деңгейі бірден төмендеп кетеді. Химиялық тәжірибе зерттеудің объектісі ретінде де, оқытудың құралы ретінде де қолданылады.
Жалпы қолданысқа енген, білім беру және зерттеу процестерінде қолданылып жүрген тәжірибелер үлкен екі топқа жіктеледі. Олар: ғылыми және оқу тәжірибесі. Осы екі тәжірибенің ара жігін ажыратып алайық.
Оқу тәжірибесі - айтып тұрғандай оқу процесі жүріп жатқан, яғни мектеп қабырғасында оқылатын пәннің, біздің жағдайымызда органикалық химияның теориясын шыңдау, оқушыларға ғылымның негізі мен әдістерін ұғындыру мақсатында қолданылатын тәжірибелер.
Ғылыми тәжірибе - адам баласының табиғаттың бағытына белсенді және мақсатты түрде араласуы маңызды болып саналатын тәжірибенің бір түрі. Ғылыми тәжірибеде құбылыстар, заттар мен қатынастар негізінен бірінші рет анықталып отырады және тәжірибенің нәтижесі белгісіз болып табылатындықтан, тек жорамалдап айтуға болады, ал оқу тәжірибесінде керісінше оның нәтижесі алдын-ала белгілі болады. Кейбір жағдайларда тәжірибелердің нәтижесі оқушыларға да белгілі болуы мүмкін себебі көрсетілетін құбылысты бақылай отырып, кітапты ақтару арқылы сол реакцияның нақтылығын дәлелдейтін формулаларды біліп отыру мүмкін және зертханалық тәжірибелерді жасағанда да осы жағдай қайталануы мүмкін.
Ғылыми тәжірибеге өлшенген, шектелген уақыт кедергі келтірмейді, себебі ол белгілі бір уақытқа тәуелді емес. Ал оқу тәжірибесі ережеге сай бернеше минутқа ғана созылады, кейбір жағдайларда ары кетсе бір 45 минуттың шегінен аспауы керек. Кейбір ерекше жағдайларда тәжірибенің бір бөлігі келесі сабаққа қалдырылуы мүмкін. Мұндай талаптар тәжірибенің сабақ мазмұнына қатысты тәуелді рөл атқаратынын көрсетеді, яғни ол сабақ мазмұнына өз залалын тигізбеуі қажет.
Оқу тәжірибесі ғылымиға қарағанда техникалық жағынан өте қарапайым болып келеді. Мұнда тәжірибенің негізгі ойын көрсетуге кедергі жасайтын кейбір дүниелер алынып тасталуы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz