Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық мәселелері



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Инновация және педагогикалық технологиялар туралы түсінік
2. Басқа пәндермен байланыстылығы.
3. «Инновация» ұғымының мәні.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекетігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды.
Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді. Бірі – жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылық факторы қуаттаса, екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктеуіне байланысты деп қарайды. Бұл – оқу білім алу деген сөз.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.
«Даму ұғымы философиялық сөздікте» ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы – деп түсіндіріледі. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді.
Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Терістеу –белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді.
1. Селевко Т.К.Современные образовательные технологии. – М., 2000.
2. Сластенин В.А. Педагогика. Инновационная деятельность. М – 1997.
3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – Москва: Просвещение, 1989.
4. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. –Усть-Каменогорск, 1982.
5. Керимбаева М.С. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы, поиск. – Алматы, 1995.
6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. –Алматы: Жазушы., 2004.
7. Скаткин М.Н. Методология и методы педагогического исследования – М.: Педагогика, 1989.
8. Онищук В.А. Урок в современной школе М, 1985.
9. Амоношвили Ш.А.Личностно-гуманная основа педагогического процесса Минск, 1990.
10. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту. – Алматы., 1998.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық мәселелері.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Инновация және педагогикалық технологиялар туралы түсінік
2. Басқа пәндермен байланыстылығы.
3. Инновация ұғымының мәні.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекетігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды.
Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді. Бірі - жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылық факторы қуаттаса, екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктеуіне байланысты деп қарайды. Бұл - оқу білім алу деген сөз.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.
Даму ұғымы философиялық сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы - деп түсіндіріледі. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді.
Терістеу - дамудың қозғаушы күші. Терістеу - белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдерітен, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын; мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күтпен нәтиже бермейді.

1. Инновация және педагогикалық технологиялар туралы түсінік

Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқлы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштін өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен амағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан-жақты үйлесімді, толғырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады.
Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мәніндегі ертеңгі күнге меңзеу орын алады.
Инновация термині ғылымға ХІХ ғасырда антропология және этнография арқылы еніп, дәстүр терминіне антоним ретінде мәдениет саласындағы өзгерістерді зерттеу үрдісінде қолдана бастады және өзгеше мәдениетке өту барысындағы жаңалық ендіру деп танылды. Инновация ұғымы мәдени өзгерісінің эволюционистік жазықтығының орнын басты. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыста әлеуметтік ғылымдардың периферийінде айтулы өзгерістер орын алды, инновация қалыптасқан жүйенің нормадан ауытқуы ретінде көрініс тауып, жаңалықтың шығу көзі ретінде таныла бастады. Ал экономика ғылымында ХХ ғасырдың басында-ақ инновация ұғымы ендіріліп, бар элементтердің жаңа комбинациясы ретінде қалыптастырылып, халық шаруашылығында, адам өмірінде, тұрмысында пайда табудың көзі ретінде саналып, циклдік кризисті жеңудің негізгі құралы деп қарастырылды.
ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы экономикалық дағдарыстан кейін менеджерлер арасында фирманың инновациялық саясаты деген термин қалыптасты да, 50-70 жылдары алып фирмалар мен басқа да іскер ұйымдар жүргізген эмпирикалық зерттеулерде техникалық және ұйымдастырушылық - басқарушылық инновациялар кең құлаш жайды, сондай-ақ экономикалық саладағы инновациялардың әлеуметтік факторлары белсенді түрде зерттеле бастады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында әлеуметтанушылар функционализмнің әлсіздігін жеңу үшін инновацияны жалпы даму үрдісінің әлеуметтік өзгерісі ретінде қарастырып, 4 негізгі элементтерін айырып көрсетті: жаңалық, жаңашылдық, диффузия агенттігі, бағалаушылар. Даму үдерісінің критикалық өзгертуші фазасы жаңалық енгізуді бағалаушылардың көзқарасы, берген бағасы болып табылады.
Инноватиканың ғылымға жаңалық енгізудің мақсатқа бағытталған өзгерісінің заңдылықтарын үйрететін білімнің қалыптастырушы теориялық саласы ретінде қарастыру Г. Тарда, Й. Шумпертер және т.б. ғалымдар еңбегінде көрініс табады.
Г.Тарданың Әлеуметтік логика еңбегінде қоғамдық үрдістің индикаторы өнертапқыш пен жаңашылдық болып табылатындығы айқын дәлелденеді: өнертапқыш - бұл жаңалық ашу, ал жаңашылдық жаңаны меңгеру үдерісі, жаңашылдықтың басты мақсаты халықтың сұранысын қанағаттандыру ғана емес, адамның қоғамды өзгертуге бағытталған жаңаны, жаңалықты өмірге әкелуі.
Австралиялық экономист Й.Шумпертер Экономикалық даму теориясы атты еңбегінде жаңалықты енгізудің жаңа механизмін ұсынады:

ғылым зерттеу құрастыру өндіріс қолданыс.
Шетелдік ғалымдар инновация терминін әртүрлі мағынада түсіндіреді. Мәселен, шетелдік ғалым Э. Роджерс инновация - дегеніміз жаңашылдық, жаңа идея, жаңалық деп түсіндіреді.
Ал В.П. Кваша инновация - бұл жаңашылдық, қандай да бір жүйенің сапалы өзгерісі деп инновациялық динамиканың екі бағытын ерекше атап өтеді: педагогикалық инновация және педагогикалық шығармашылық.
ХХ ғасырдың 80-жылдарында осы инновация ұғымының педагогика ғылымына түпкілікті енуіне сәйкес, педагогикада инновациялық үдеріс, инновациялық әлеует ұғымдары ендіріліп, кеңінен зерттеле бастады.
Ғалым Н.Р. Юсуфбекова педагогика ғылымына өзара синоним болатын білім берудегі инновациялар мен педагогикалық инновация терминдерін енгізіп, ғылыми негіздемесін жасады. Н.Р.Юсуфбекова педагогикалық инноватиканы өзінің жеке нысанасы (объектісі), пәні және зерттеу әдістері бар педагогика ғылымының жеке саласы ретінде қарастырады.
Қазіргі кезеңде инновация термині педагогика теориясы мен практикасында кеңінен қолдануда. Бірақ, бұл терминнің белгілі бір педагогикалық категория ретінде әлі де қалыптасу үстінде екені анық.
Педагогикалық инновация мәселесін жан-жақты талқылап зерттеушілердің бірі - югославиялық педагог-ғалым К.Ангеловски. Зерттеуші мұғалімнің жаңашылдығына қандай әлеуметтік факторлар әсер етеді, жаңашылдыққа мұғалімдердің көзқарасы қандай, оның мұндай іс-әрекетке катысуы немен белгіленеді деген сұрақтарға жауап іздейді. Ғалым Учителя и инновации деген еңбегінде инновация термині экономика немесе техника ғылымдарынан педагогика саласына келуі мүмкін, бірақ бұл терминнің нақты қайдан алынғанын анықтау аса маңызды емес дей отырып, инновацияға жақын туыстас ұғымдарға тоқталады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді саралай отырып, инновация мәселесі әртүрлі салаларда зерттелінгенін және инновация ұғымына берілген анықтамалар зерттеу саласына байланысты екеніне және педагогикадағы білім беру мен тәрбие ісіндегі жаңалықтар мәселесіне аз көңіл аударылған.
К.Ангеловски өз еңбегінде америка зерттеушісі Э.М.Роджерстің ой-пікірлерін көрсете келе, автордың инновация мәселелерін аграномия, өндіріс жене медицина салаларында зерттеген, оның пікірінше, инновация - нақты бір адамға жаңа болып табылатын идея.
Педагогикадағы инновациялар оның дамуына қажетті алғы шарттар болып табылады: бір жағынан, көп жылдардағы барлық құндылықтарды сақтай отырып, екінші жағынан, олар барлық ескі нәрседен арылып, әлеуметтік түрленулерге негіз қалайды.
ХХІ ғасырдағы қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру парадигмасының өзгерісіне әкеліп отыр, яғни білім беру саласындағы педагогикалық инновацияның қажеттілігі туды.
Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа мектеп құруда, мектептің даму үдерісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді.
Инновация деген сөз - латынның novis - жаңалық және in - енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы жаңару, жаңалық, өзгерту деген мағынаны білдіреді.
Т.И. Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үдерісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде инновация әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым жаңаша білім беру деп түсіндіріледі.
Ал А.И. Кочетов инновация ұғымына төмендегідей анықтама береді: көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, егер баратын деңгей алдына-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация делінген. В.Кваша мен В. Лапинның пікірлері бойынша инновация - бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық ресурстарды тиімді қолдану мәселелері үшін қолданылатын ақпараттық технологиялар
Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Пәндер