Ақшаның мақсаты маңызы


2-сұрақ. Ақшаның мақсаты маңызы
Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі. Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айрбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни, айырбас Маркстің Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу - сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқатауарды сатып алу керек. Жалпыға ортақ балама ретіне әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі.
Демек, ақша - бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процессінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретінде тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әртүрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Ақша өндірістік қатынастарының барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық бар. Егер тауар айналыс аясынды уақытша болса, ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынынан кетпейді. Сондықтан тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айырықшп тауар болып қала береді.
Ақша - қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық механизмге біріктіруші аналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол шығындалған еңбекті саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан ақша еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қоладнылады. Өйткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады.
Соныме қатар ақшаның болы мынадан туындайды.
-шаруашылық қызмет нәтижелерін нақты өлшегіштерде ғана емес, сонымен қатар құндық өлшемдермен есепке алу қажеттілігінен;
-меншік нысандарының әртүрлі болуымен және оларға сәйкес өндірістік қатынастардың болуымен, олар тауар-ақша қатынастарына негізделген коммерциялық есеп негізінде шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуын және жүргізілуін алдын-ала болжайды.
3-сұрақ. Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері.
Ақша жүйесі - мемлекеттегі ақша айналымын ұйымдастырудың үлгісі. Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша - тауар қатынасының даму деңгейінде тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:
-ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі
-ақша бірліктерінің атауы
-ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты.
-ақша айналымын ақша-несие тұрғысынан реттеудің тетігі
- ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі. Ақша жүйесі - қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы - ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі XV-XVII ғасырлардан қалыптаса бастады.
Айналымдағы ақшаның түріне байланысты екі негізгі ақша жүйесі бар: а) металл ақша айналымының жүйесі, ол айналымда толыққанды алтын және күміс монеталардың жүруі, мұндай ақша кәдімгі ақшаның барлық функциясын атқарады, ал несие ақшалары ақша металына еркін айырбастала алады. б) несие немесе қағаз ақшаның алтынға айырбас жасалынбайтын ақша айналымының жүйесі, яғни, алтын айналымға қатыспайды.
Ақша жүйесі үнемі даму үстінде болғандықтан, ақша жүйесінің түрлері өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшаның қандай формада қызмет атқаратынына қарай қалыптасады. Тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде ме? Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп-төркіні металық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.
Металдық ақша айналымына ақша жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп аталатын екі түрлері тән.
Биметаллизм - баламаның жалпыға бірдей құнының ролі айналымда болатын екі металл - алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.
Монометаллизм - онда бір металл жалпыға бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар мен белгілерді функциялайтын ақша айналымының негізгі ретінде қызмет етеді.
Алтын монеталы стандарт - еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп сәйкесіп, өндірістің, несие жүйесінің әлемдік сауда саттықтың дамуына және капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне мыналар жатады: толық бағаы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап, айналымда болады.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің басқа елдердің ақша жүйесінен көп айырмашылық жоқ, ол халықаралық стандарттарға ұқсас әрі оған осы заманғы ақша жүйесінің жоғарыда аталған белгілері тән. Ол 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған, 2003 жылдың 1 қыркүйегінде түзетулер мен толықырулар енгізілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заңына сәйкес жұмыс
- Қазақстандағы соңғы кезеңдегі ақша реформасы
Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және ретту мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жоғарылатуын көрсетеді.
Жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты ақша реформасы, экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір шарасы және оның кезекті тұрақтылығын көрсететін әлемдік тәжірибе дәлеледеп отыр. Сондықтан Қазақстанда 1993 жылы жүргізілген ақша реформасы мемлекеттің экономикалық саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрақтылыққа және кезекті ақша-несие, баға, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету мақсатымен жүргізілді.
Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынғы өте құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгізіледі. Осы процедура есепке алуды жеңілдетеді, өйткені, материалдық құндылықтардан іске аспаған ақшалай қаражаттар мен жинақ ақшалардың барлығы іс жүзінде жойылады.
Қазақстанда ақша реформасы нуллификация әдісімн жүргізілді, яғни ескі құнсызданған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа Қазақстандық ақша белгілері - теңгелер енгізілді. 16 жасқа толған адамдардың бірі ауыстырып алатын, мүмкіндігі бар ең жоғары шамадағы ақша өлшемі 100 мың рубльді құрады. Ауыстыру тек бір рет қана жасалды, ол туралы паспортта белгі қойылған болатын. Девальвация - ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетл валюталарына қатысты алатын мәнінің төмендеуін білдіреді.
Қазақстанда, 1999 ж. Қыркүйегінде Оңтүстік Шығыс-Азиямен Ресейдегі экономикалық дағдарыспен байланысты Америка долларына қатысты теңге бағамының төмендеу жолымен ақша евальвациясы болды (егер 1999 ж қыркүйегіне дейін теңгенің долларға қытысты курсы 76 теңге болса, ол 130 теңгеге дейін түсті) . Аталған шара отандық өнімнің өндіріс мен тұтынуда өте жағымды ролін атқарды, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардың құйылуына себеп болды.
Ревальвация - ақша бірлігінің бұрынғы алтын мәнін қайта қалыптастыруды немесе Ұлттық валюта бағамының шетел валютасымен салыстырғандағы жоғарылауын көрсетеді. Яғни, девальвацияға қарама-қарсы.
Қазақстанда теңгенің ревальвацясы, мұнай мен металға әлем бағаларының күрт өсіп шетел валютасының көп ағылуына байланысты, 2003-2005жж болды. Егер 2003 ж дейін теңгенің бағамы АҚШ долларына қарағанда 155 теңгеге дейін өссе, соңғы екі жылда (2003-2004жж) ол 1 АҚШ долларға 130 теңгеге дейін түсті.
Деноминацияның негізгі қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады, нәтижесінде есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады, және ақша айналым жүйесі реттеледі.
Деноминация тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, тарифтердің, жалақылардың, зейнетақы мен жәрдемақының, банктің есеп шоттарындағы қаражат қалдықтардың және т. б. бағаларға сәйкес бір мерзімде қайта есептеумен қоса жүреді.
Деноминация бүгінгі таңдағы Қазақстанда өткізілмеген, бірақ Ресейде 1998 ж ол 1000/1 сәйкестілікпен жасалған (реформаға дейінгі 1000 руб. - жаңа 1 руб) .
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына байланысты Ұлттық ақша жүйесін құру үшін, ақша реформасын өткізу керек болды. Ол «ҚР Ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 ж 12 қарашада шыққан ҚР президентінің жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы жарлықпен Ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді. Ескі ақшаны теңгеге ауыстыру мерзімі 1993 ж 15 қарашада сағат 8-де бекітілді. КСРО мен банктің 1961-1992жж рубльдері мен Ресей банкінің 1992ж рубльдері қолма-қол ақшаға ауыстырылуы, сондай-ақ рубль есеп-шоттары, салымдар және міндеттемелер, 500 рубль үшін 1 теңгеге ауысу бағамымен ауыстырылды.
ҚР ҰБ теңгенің валюталық бағамын бекітті: 1 АҚШ доллары - 4 теңге 70 тиын. Теңге 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100-дік купюраларымен шығарылды. Бірінші қағаз ақша, кейін ұсақ тиындар шығарылды. Кейінгі жылдары инфляция бірден өсіп, оған сәйкес бағалар мен жалақы да көтерілді. Инфляцияның өсу қарқыны екі белгімен есептелінді.
1994 ж. Бастап, 200, 500, 1000, 2000 теңге купюралары шығарылды. Мыс-никель қорытпасынан 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік ақшалар басылды. 1995 ж аяғында «Жібек Жолы» топтамасын құрайтын жоғары сапалы төрт алтын ақша шықты. Топтамаға 57, 74 гр жалпы салмағымен 1, 2, 5, 10 мың теңгелік алтын ақша кірді. Топаманың бағасы 816 АҚШ доллары болды. Келесі жылдары бұрынғыдан үлкен купюра мен - 500, 10 000 теңгелер шықты.
Қазақстандық теңгенің өткен жолына ретроспекторлы сараптама жүргізетін болсақ, Қазақстанда нарық өзгерістерін өткізу нәтижесінде, олардың бірінші қадамы, мемлекеттің бағаларды реттеуден бас тартып, ол 1994-1996жж бірден девальвацияланды. Оған сәйкес инфляция да өршіп, оның өсу қарқыны 3, 4 дәрежені құрды. Ел гипперинфляция үстем алған терең экономика дағдарысына кірді.
Себебі, ел нарық өзгерістеріне дайын емес еді. Іс жүзінде нарықтық инфрақұрылым болған жоқ, Бұрынғы республикалар арасында экономикалық байланыстар үзілді, меншікті жекешелендіру мен мемлекеттен айыру ешқандай құқықтық негізсіз өтті, бұрынғы жетекшілердің мұндай жағдайда тәжірибесі, жеткіліксіз болғандықтан, көптеген кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатты.
6. Коммерциалық банктің несиелік портфелінің классификациясы.
Несиелік саясат банктің қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптерімен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Кез келген банк қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік портфельді басқару - бұл банктік қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және оның ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғы шарттарына жататындар:
- нақты қарыз алушылар мен оның топтары үшін несиелеудің ішкі банк лимитін белгілеу;
- несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
- әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау.
- Төменгі тәуекел деңгеиі бар ең маңызды салаларды анықтау;
- жоғары тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
- несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелік лимиттерін белгілеу - несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланатын басты тәсіл.
7-сұрақ. Несие түрлері формалары, несиенің қажеттілігі, маңызы, қызметтері
Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың және бос ақшалай қаражаттардың жұмыдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік мерзімдік, қолма-қол ақша мақсатты сипат сияқты маңызды принциптермен анықталады.
Бұл принциптер несиенің алғашқы даму принциптерінен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтарылу қажеттілігімен сиппаталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез-келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартын белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді. Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезінде өзекті мәселе болып табылады. Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажетілігін білдіреді. Несие келісімшартындағы сәйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.
Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиені дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады. Принциптермен қоса несиенің мәні олардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады.
Несие формасы - бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады.
-қызмет ету саласына қарай - ұлттық және халықаралық несие;
-несие мәмілесінің объектісіне қарай - ақшалай және тауарлық несие;
- несие қатынасының субъектісіне қарай - банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер. Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрлеріне беріледі. Тұқым түрлерінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын-теріннен кейін қайтарып отырады.
Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасыпайда болып дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады.
Несиенің тауарлық және ақшалай формаларымен қатар олардың аралас формасы да қолданылады. Сонымен қатар, несие формаларының көптеген түрлері болады. Несие түрлері - бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс тәжірибедегі нақты қосымшасы.
А) Қазақстанда несие түлері былайша жіктеледі:
Несиелеу объектінің экономикалық белгілері бойынша:
-Айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
-Негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие
-ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке сондай ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
-Өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
-Жол үстіндегі есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер;
-Төлем несиелері.
ә) Қамтамасыз етілуі бойынша;
-Жылжымалы жәнежылжымайтын мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілділікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
-Ішінара қамтамасыз етілген;
-Қамтамаыз етілуі болмайтын банкілік сенімділік.
Б) Қайтарылу мерзімі бойынша:
-Қысқа мерзімді;
-Орта мерзімді;
-Ұзақ мерзімді.
В) Өтелу тәртібі бойынша:
-Бөліп бөліп төлеу, мерзімін ұзарту;
-Біржолғы өтеу;
-Кезең сайын бірқалыпты, бірқалыпты емес өтеу
Г) Тәуекелді деңгей бойынша:
- Субстандартты;
- Стандартты;
- Күмәнді;
- сенімді;
-сенімсіз;
-ұзартпалы
Г) ақылылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі
- жоғары пайыздық мөлшерлемесі
- төмен пайыздық мөлшерлемесі
- пайызсыз
Д) Салалық бағыты бойынша
- сауда-саттық несиесі
- өнеркәсіп несиесі
- ауыл-шаруашылық несиесі
- құрылыс несиесі
Ж) Ашылатын шот түрлері бойынша
- жай ссудалық шот бойынша несие
- арнайы ссуда шоты бойынша несие
- контокорренттік шот бойынша несие
- овердрафт бойынша несие
- несие желісі бойынша несие
Несиенің айырықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардттық несие жатады.
Ломбардттық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардттық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.
Жаңартпалы несие - ссуда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңартпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.
Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.
Овердрафт несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешігінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегінде беріледі
8-сұрақ. Банктік несиелік ресурстарының түсінігі және құрылуы
Банктік несиелік ресурстар - қаржы құралдарын тарту арқылы құралады. Несиелiк ресурстар несиеге берiлген уақытында олар банкке ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы - тәуекелдi операция), ол орналастырылған несиелiк ресурстарға айналады.
Несиелiк ресурстардың өтiмдiлiгiне байланысты тәжiрибемен ұштастыра отырып, ағымдағы несиелiк ресурстарға және мезеттiк несиелiк ресурстарға бөлiнеді. Бұл бөлiп айтылған ресурстардың түсiнiгiн оларды анықтау формулалары арқылы ашып көрсетуге болады.
Ағымдағы несиелiк ресурстардың - несиелiк салым ретiнде бағыттай алатын несиелiк салымдардың әлуеттiк мүмкiндiгi:
Ағымдағы несие ресурстары = Несиелiк әлует - ағымды уақыттан ұзақ мерзiмге орналастырылған банк ресурстары.
Мезеттiк несие ресурстары - бұл дәл осы сәтте несие беру үшiн пайдалануға болатын несиелiк ресурстар.
Мезеттiк несие ресурстары = Қор шоттағы қалдықтар + Ағымдағы түсiмдер - Ағымдағы төлемдер + Жоғарғы өтiмдi ресурстар (МКМ) + Банк кассасындағы артық қолма-қол ақша.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздерден құралады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz