Факторлық талдаудың әдістемесі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

8-Лекция. Факторлық талдаудың әдістемесі

Жоспары:

8. 1. Факторлық талдау түсінігі, мақсаты және типтері.

8. 2. Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу.

8. 3. Факторлық жүйелердің қайта құрастырылуы және детермина- циялық модельдеу.

Мақсаты: Экономикалық құбылыстардың арақатынасын, факторлық талдау жөніндегі көрінісін, факторлық талдау түрлерін, оның негізгі міндеттерін қарастыру.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық) ; тура (дедуктивті) және кері (индуктивті) ; бір сатылы және көп сатылы: статикалық және өсіңкілі; ретроспективті және перспективті (болжамды) факторлық талдау түрлері және т. б.

Кәсіпорынның шаруашылылық қызметінің барлық құбылыстары мен процесстері арақатынаста, өзара тәуекелділікте және шарттылықта болады. Олардың біреуі тікелей өзара байланысты, басқалары - жанама. Мысалы, жалпы өнім көлеміне жұмысшылар саны және олардың жұмыс өнімділігінің деңгейі сияқты факторлар тікелей әсер етеді. Басқа факторлар бұл көрсеткішке жанама әсер етеді.

Әр құбылысты себеп және нәтиже ретінде қарастыруға болады. Мысалы, еңбек өңімділігін бір жағынан өндіріс көлемінің, оның өзіндік құны деңгейінің өзгеруі себебі ретінде, ал екінші жағынан - өндіріс механизациясы мен автоматизациясының деңгейінің өзгерісі, еңбектің ұйымдастырылуының жетлдірілуі және т. б. ретінде қарастыруға болады.

Әр нәтижелі көрсеткіш көп санды және әр түрлі факторларға тәуелді болады. Нәтижелі көрсеткіш көлеміне факторлардың әсер етуі бөлшекті түрде зерттелсе, соғұрлым талдау нәтижесі мен кәсіпорынның жұмыс сапасының бағасы нақтырақ болады. Бұдан шаруашылық қызмет талдауындағы маңызды әдіснамалық мәселе болып зерттелетін экономикалық көрсеткіштердің көлеміне факторлардың әсерін зерттеу және өлшеу болып табылады. Факторларды терең және әр жақты зерттеуінсіз қызмет нәтижесі жөнінде негізделген шешім, өндіріс резервін анықтауға, жоспарды және басқарушылық шешімдерді негіздеу мүмкін болмайды.

Факторлық талдау ретінде факторлардың нәтижелі көрсеткіштер көлеміне әсерін өлшеу мен кешенді және жүйелі зерттеудің әдіснамасы түсініледі. Факторлық талдаудың келесідей түрлерін бір-бірінен ажыратады:

- детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық) ;

- тура (дедуктивті) және кері (индуктивті) ;

- бір сатылы және көп сатылы:

- статикалық және өсіңкілі;

- ретроспективті және перспективті (болжамды) .

Детерминантталған факторлық талдау ретінде факторлардың әсерін зерттеу әдіснамасы түсініледі, нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалды болады, яғни көрсеткіш факторлардың қосындысының жеке немесе алгебралық туындысы ретінде көрінуі мүмкін.

Стохастикалық талдау фактоларды зерттеу әдіснамасы ретінде нәтижелі көрсеткіштер олардың байланысы функционалдыдан қарағанда толық емес ықтималды (корреляциялы) болады. Егер функционалды (толық) тәуелділікте аргументтің өзгерісінен үнемі функцияның сәйкес өзгеруі болса, онда корреляциялы байланыста аргументтің өзгеруі функцияның өсуі бірнеше мән беруі мүмкін басқа бұл көрсеткішті анықтайтын факторлар үйлесуіне тәуелді. Мысалы, еңбек өнімділігі қор жарақтануының бір деңгейінде әр түрлі кәсіпорындарда бірдей болмауы мүмкін. Бұл басқа факторлардың бұл көрскеткішке әсер ететін үйлестірілу оптимальділігіне тәуелді болады.

Тура факторлы талдау кезінде зерттеу дедуктивті тәсілмен жүргізіледі - жалпыдан жекеге. Кері факторлы талдау логикалық индукция тәсілімен себепті -нәтижелі байланыс зерттеуін іске асырады - жеке, бөлек факторлардан жалпыламаға.

Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Бірінші түрі бағынудың бір деңгейіндегі бір саты факторларын зерттеу қолданылады, олардың құрама бөлімдерін бөлшектеусіз. Мысалы, y = a*b. Көп сатылы факторлық талдау кезінде а және b факторларын оның тәртібін зерттеу мақсатында құрама элементтерге бөлшектеу жүзеге асырылады. Факторларды бөлшектеу ары қарай жалғастырылуы да мүмкін. Берілген сәттегі бағынушылықтың барлық деңгейіндегі факторлардың әсері зерттеледі.

Сонымен қатар, статикалық және динамикалық факторлық талдауды бір-бірінен ажырату қажет. Бірінші түр нәтижелі көрсеткіштер және сәйкес күнге факторлардың әсерін зерттеу кезінде қолданылады. Басқа түрі өсіңкілктегі байланыстың себепті-нәтижелі зерттеу әдіснамасын көрсетеді.

Соңында, факторлвқ талдау ретроспективті болуы мүмкін, ол өткен кезеңдегі нәтижелі көрсеткіштердің өсу себебін зерттейді және перспективадағы факторлар мен нәтижелі көрсеткіштің тәртібін зерттейтін перспективті болуы мүмкін.

Факторлық талдаудың негізгі міндеті болып келесілер танылады:

1. Зерттелетін нәтижелі көрсеткішті анықтайтын факторларды іріктеу.

2. Жүйелі түрде келу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жіктеу және жүйелеу.

3. Факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы байланыс формаларын анықтау.

4. Нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу.

5. Әсер ету факторларын есептеу және олардың әрқайсысының нәтижелі көрсеткіш көлемі өзгергендегі рөлін бағалау.

6. Факторлық модельмен жұмыс (экономикалық процесстерді басқару үшін оны үнемді пайдалану) .

Бұл немесе басқа көрсеткішті талдау үшін факторларды іріктеу бұл салада алынған практикалық және теориялық білім негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде бұл қағидадан: факторлар кешені көбірек зерттелсе, талдау нәтижелері нақтырақ болады. Сонымен қатар осы факторлар кешені механикалық сома ретінде қаралса, олардың өзара байланыстылығынсыз басты анықтаушыны ерекшелемей-ақ ондағы шешім қате болуы мүмкін. Шаруашылық қызметті талдауда нәтижелі көрсеткіш көлеміне факторлардың әсерін өзара байланысты зерттеу олардың жүйелілігі көмегімен қол жеткізіледі, бұл ғылымның негізгі бір әдіснамалық мәселесі болып табылады.

Факторлық талдаудың басты әдіснамалық мәселесі болып факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы тәуелділік формасын анықтау болып табылады: ол функционалды немесе стохастикалық па, тура немесе кері, түзу сызықты немесе қисық сызықты ма екендігі. Мұнда теориялық және практикалық тәжірибесі, сонымен қатар параллельді және өсіңкілік қатарлар, берілген ақпараттардың аналитикалық топтастыруларын теңестіру тәсілдері қолданылады.

Экономикалық көрсеткіштерді модельдеу (детерминирленген немесе стохастикалық) факторлық талдаудағы күрделі әдіснамалық қиындықты көрсетеді, оны шешу бұл салада арнайы білім және практикалық үйренушілікті талап етеді. Мұнымен байланысты бұл сұраққа байланысты осы курсқа үлкен назар аударылады.

Шаруашылық қызметті талдауда ең басты әдіснамалық аспект - нәтижелі көрсеткіштер көлеміне факторлардың әсерін есептеу, бұл үшін қолдану сферасы және есептеу процеуралары келесі бөлімдерде қарастырылатын талдауда толық тәсілдер, мән, бағыттар арсеналы қолданылады.

Және де, факторлық талдаудың соңғы кезеңі - нәтижелі көрсеткіштердің өсу резервтерін есептеу үшін, өндірістік жағдайдың өзгеруі кезінде оның көлемін жоспарлау және болжау үшін факторлық модельді практикалық пайдалану.

Факторлардың жіктелуі олардың жалпы сипаттарына тәуелді топтар бойынша таралуы түрінде көрініс табады. Ол зерттелетін құбылыстардың өзгеру себептерін тереңірек түсінуге, нәтижелі көрсеткіштер көлемінің қалыптасуындағы әр фактордың орны мен рөлін нақтырақ бағалауға көмектеседі.

Талдауда зерттелетін факторлар әр түрлі сипаттары бойынша жіктелуі мүмкін. Шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ету көзқарасынан олар негізгі және екінші деңгейлі, ішкі және сыртқы, объективті және субъективті, жалпы және спецификалық, тұрақты және үзілісті, экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.

Негізділеріне нәтижелі көрсеткіштерге шешуші әсер ететін факторлар жатады. Екінші деңгейлі берілген жағдайларда щаруашылық қызмет нәтижелеріне шешуші әсер етпейтіндер жатады. Осында бір фактор шарттарға байланысты, негізгі де және екінші деңгейлі де болуы мүмкін екендігін белгілеп кету керек. Түрлі факторлардан анықтайтын талдау нәтижелері бойынша негізгілерін ерекшелей алу шешім шығарудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеуде және кәсіпорынның қызмет ету нәтижелерін бағалау кезінде факторлар ішкі және сыртқы факторларға жіктеледі, яғни берілген кәсіпорын қызметіне тәуелді және тәуелсіз болады.

Әр кәсіпорын жұмысының нәтижесіне көптеген жағдайларда жетілген өндірістік байланыстар және қатынастар кезінде мәнді дәрежеде басқа кәсіпорынның қызмет етуі әсер етеді, мысалы, өз уақытылы шикізаттар, материалдар жеткізу, оның сапасы, құны, нарық конъюнктурасы, инфляциялық процесстер және т. б. Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне мамандандыру саласындағы және өндірістік кооперацияларда үзілістердің көрініс табуы сирек емес. Бұл факторлар сыртқы болып табылады. Бұл берілген ұжымның күшін сипаттамайды, бірақ олардың ішкі себептерінің әсер ету дәрежесін нақтырақ және өндірістің ішкі резервтерін толық анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын қызметін дұрыс бағалау үшін факторларды объективті және субъективтіге бөлу қажет. Объективті адамдардың еркіне және қалауына байланысты емес, мысалы, табиғи апат. Объективтіден субъективті себептер жеке адамдардың, кәсіпорынның, ұйымдар және мекемелердің қызметіне тәуелді болады.

Факторлар сонымен қатар, жалпы және спецификалық болып бөлінеді. Жалпыға экономиканың барлық саласында қызмет ететін факторлар жатады. Спецификалық экономиканың немесе кәсіпорынның жеке салалары жағдайындағылар жатады. Факторлардың мұндай бөлінуі жеке кәсіпорындардың өндіріс салалрының ерекшеліктерін толық есепке алынуына және олардың қызмет етуінің нақты бағалауына мүмкіндік береді.

Өндіріс нәтижесіне әсер ету мерзімі бойынша тұрақты және үзілісті болып бөлінуі мүмкін. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылыстарға барлық уақыт бойы үзіліссіз әсер етеді. Үзілісті факторлардың әсер етуі кезеңді түрде көрініс табады, мысалы, жаңа техниканы, жаңа өнім түрлерін, өндірістің жаңа технологиясын игеру және т. б.

Кәсіпорын қызмет етуін бағалау үшін факторлардың интенсивті және экстенсивті болып бөлінуі үлкен мәнді әсер береді. Экстенсивтілерге нәтижелік көрсеткіштердің сапалы өсуімен емес, сандықпен байланысты факторлар жатады, мысалы, егіс көлемін кеңейту жолымен, мал басының, жұмысшылар санының өсуі арқылы өнім өңдіру көлемін өсіру. Интенсивті факторлар өндіріс процессінде еңбектенудің дәрежесін сипаттайды, мысалы, ауылшаруашылық мәдениетінің өнімділігі, жануарлардың өнімділігі, еңбектің өнімділік деңгейін көтеру.

Талдау кезінде шаруашылық қызмет нәтижесіне әр фактордың әсерін өлшеу мақсаты қойылады, онда оларды сандық және көлемдік, күрделі және жай, тура және жанама, өлшенетін және өлшенбейтін болып бөлінеді.

Құбылыстардың сандық айқындылығын көрстететін факторлар сандық болып есептеледі (жұмысшылар, құралдар, шикізат және т. б. саны) . Сапалық факторлар зерттелетін объектінің ішкі сапасын, сипаты мен ерекшеліктерін анықтайды (еңбек өнімділігі, өнім сапасы және т. б. ) .

Факторлар талдауында көптеген зерттелетіндер бірнеше элементтерден құралады. Алайда құрама бөлімдерге бөлінбейтіндері де бар. Мұнымен байланысты факторлар күрделі (кешенді) және жай (элементті) болып бөлінеді. Күрделі фактор мысалы болып еңбек өнімділігі, ал жай фактордыкі - есептік кезеңдегі жұмыс күнінің саны.

Көрсетілгендей бір факторлар нәтижелі көрсеткіштеріне тура әсер етеді, басқалары - жанама. Осыған тәуелді басқарылымның бірінші, екінші және үшінші және ары қарайғы деңгейін ажыратады. Бірінші деңгей факторларына нәтижелі көрсеткішке тура әсер ететіндер жатады. Нәтижелі көрсеткішті бірінші деңгейлі факторлар көмегімен жанама анықтайтын факторлар екінші деңгейлі факторлары деп аталады және т. б. 5. 1. суретінде бірінші деңгейлі факторлары болып жұмысшылардың орташа жылдық саны және бір жұмысшымен орташа жылдық өнімді өңдіру болып табылады. Бір жұмысшымен істелген күндер саны және орташа күндік жұмыс - жалпы өнімге қатысты екінші деңгей факторлары. Үшінші тәртіп факторларына жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа сағаттық жұмыс өнімділігі жатады.

Нәтижелі көрсеткіштерге жеке факторлардың әсері сандық түрде анықталуы мүмкін. Сонымен бірге толық факторлар қатары бар, олардың әсері кәсіпорын қызметі нәтижесіне тура өлшенуге берілмейді, мысалы, жұмысшыларды тұрғын үймен, балалар мекемесімен, кадрлар дайындығы деңгейімен қамтамасыз етілуі және т. б.

Шаруашылық қызметті талдаудағы жүйелі түрден келу факторларды, олардың ішкі және сыртқы байланыстары, өзара қызметтілігі және өзара басқарушылығы есебімен өзара байланысты зерттелуін талап етеді, бұл оларды жүйелендіру арқылы жүзеге асрылады. Толығымен жүйелендіру - зерттелетін құбылыстар мен объектілерді анықталған тәртіпте, олардың өзара байланыстылығы және қалауындағыларды анықтаумен орналастыру.

Факторларды жүйелендірудің тәсілдерінің бірі болып, детерминирленген факторлық жүйелерді құру. Факторлық жүйелерді құру - алгебралық сома, жеке немесе бірнеше факторлардың туындысы түрінде, оның мөлшеріне әсер ететін және функционалды тәуелділікте орналасатын зерттелетін құбылыстарды көрсету болып табылады.

Мысалы, өнеркәсіп кәсіпорынының жалпы өнім көлемі бірінші реттік екі фактордың түрінде: бір жұмысшымен жыл ішінде өнім өндірісінің орташа жылдық және жұмысшылардың орташа саны, ол тікелей орташа жыл бойы бір жұмысшымен істелген күндер және жұмысшымен өнім өндірісінің орташа күндік санымен байланысты. Соңғысы жұмыс күні және орташа сағаттық өндіріс ұзақтығына бөлінуі мүмкін.

Детерминацияланған факторлық жүйенің дамуы кешенді факторлардың бөлшектенуі есебінен жүргізіледі. Элементті (мысалымызда - жұмысшылар саны, істлген күндер саны, жұмыс күнінің ұзақтығы) көбейткіштерге бөлінбейді, өйткені олра сипаты бойынша біртекті болып табылады. Жүйенің дамуымен сандық факторлар біртіндеп жалпыға бөлшектенуі қысқарады, олар өз кезегінде бөлшектенуді қысқартып өзінің аналитикалық құрамы бойынша біртіндеп элементтіге (жай) жақындайды.

Алайда факторлық жүйелердің дамуы қажет тереңдікке дейін кейбір әдіснамалық қиындықтармен байланысты және ең алдымен жалпы сипаттағы факторларды іздеу қиындығымен, олар бірнеше факторлардың жеке немесе алгебралық сомаларының туындысы түрінде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан әдетте, детерминирленген жүйелер жалпы факторлардың көлемін алады. Сонымен қатар, шаруашылық қызметті талдаудағы нақты факторларының зерттелуі жалпыдан қарағанда үлкен мәні бар болады.

Осыдан факторлық талдау әдіснамасын жетілдіру нақты факторларды өзара байланысты зерттеуге бағытталған болуы керек, олар нәтижелі көрсеткіштерімен стохастикалық тәуелділікте болады.

Стохастикалық өзара байланыстылықты зерттеуде зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыс құрылымының сапалы (логикалық) талдаудың үлкен мәні бар. Ол зерттелетін көрсеткіштер арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болу-болмауын айқындауға, байланыс бағытын зерттеуге, байланыстылық нысанын зерттеуге мүмкіндік береді, бұл талдау нәтижелерін жалпылау барысында және зерттелуші құбылысқа олардың ықпал ету деңгейін анықтау үшін маңызды.

Шаруашылық қызметті талдауда зерттелетін көрсеткіштердің байланысы құрылымын талдау блок схеманың көмегімен жүзеге асады, бұл зерттелуші факторлар мен нәтижелі көрсеткіш арасындағы байланыстың бағыты мен көлемін ғана емес, сонымен қатар факторлардың өздерінің арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Блок- схеманы құрып, зерттелуші факторлар арасында нәтижелі көрсеткішке тікелей әсер ететін факторлар мен оған мүлдем әсер етпей бір бірімен байланысқан факторларды көруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Экономикалық талдау» пәні бойынша теориялық материал
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі
Экономикалық талдау әдістері
ҚАРЖЫ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІ ӘДІСТЕРІ
Экономикалық қызметті талдау әдістемесі
Экономикалық талдауда факторлардың жіктелуі
Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Кәсіпорынның негізгі шаруашылық қызметі
Экономиканы талдаудың әдістері мен тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz