Статистикалық бақылау жүйесі


Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Статистикалық бақылау

1. 1 Статистикалық бақылаудың формалары, түрлері және тәсілдері

Нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында статистикалық ақпараттар басқару шешімдерін қабылдау үшін маңызды рөл атқарады. Керекті мәліметтер базасы статистикалық зерттеу жұмыстарының алғашқы сатысы болып табылатын статистикалық бақылау нәтижесінде алынады.
Статистикалық бақылау- қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді ғылыми негізде ұйымдастырылған және жоспарлы түрде жинауды айтады.
Статистикалық бақылаудың жоспары 1- суретте, ал формалары, түрлері және тәсілдері 2 - суретте көрсетілген:
- есеп беру деп - кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің өз қызметтері туралы жоғарғы органдарға немесе статистикалық органдарға белгіленген мерзімде құжат тапсыруы;
- арнайы ұйымдастырылған бақылау деп - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді зерттеулер, бір жолғы есептеулер, санақтар түрінде жинау үшін жүргізіледі;
- үздіксіз (ағымдағы) бақылау - үздіксіз, тұрақты түрде жүргізіледі;
- үздікті (мерзімдік) бақылау деп - белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын бақылауды айтады;
- бір жолғы бақылау - белгілі бір мәселені шешу үшін бір рет жүргізіледі.
Бақылаудың әр түрлі тәсілдері бар.
Тікелей бақылау деп - бақылау объектісінің бірліктерін бақылау жүргізуші тікелей өлшеу, санау арқылы есепке алып, тіркеуді айтады.
Құжаттар арқылы бақылау деп - қажетті мәліметтерді есеп беру формаларының негізінде жинауды айтады.
Сұрақ-жауап арқылы бақылау деп - сұралушы адамдардың айтқандары бойынша бланкілерді, анкеталарды, кестелерді және т. б. формаларды толтыруды айтады.
Сұрақ-жауап арқылы мәліметтерді жинаудың мынадай жолдары бар:
- экспедициялық тәсіл- тіркеуші сұралушы адамнан жауап алып бланктерді толтырады және оларды статистикалық мекемеге өткізеді;
- корреспонденттік тәсіл- бақылау кезінде бланктер белгілі ұйымдарға немесе жеке адамдарға корреспонденттік байланыс жолдары арқылы жіберіледі;
- өзіндік тіркеу- сұралушы адам сұрақтарға жауап беріп, бланкты өзі толтырады, ал тіркеуші толтырылған бланктерді тексеріп, тиісті мекемелерге тапсырады.
Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми жүйеде ұйымдастыру кезеңінде ең бастысы - бақылау объектісін дұрыс таңдау болып табылады.
Статистикалық бақылау объектісі деп - зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді айтады. Бақылау объектілері жеке элементтерден тұрады. Олар бақылау бірліктері болады.
Бақылау бірлігі деп - бастапқы мәліметтерді беретін бірліктерді айтады.
Статистикалық бақылау бағдарламасы деп - бақылау барысында бақылау бірліктеріне қойылатын сұрақтардың тізімін айтады. Статистикалық бақылау кезінде қолданылатын құжаттарды (бланкілер, нұсқаулар, статистикалық формуляр және т. б. ) бақылаудың жұмыс жабдықтары деп атайды. Бағдарламадағы сұрақтардың жауабын жазу үшін бақылау формуляры қолданылады. Бақылау формулярында сұрақты және оның жауабын жазатын орын, сол сияқты жауаптың коды немесе нөмірі көрсетіледі.
Бақылау формуляры екі бөлімнен тұрады:
- титулдық бөлім: бақылаудың түрі, аты, бекітілген мерзімі және бекіткен мекеменің аты көрсетіледі;
- мекен-жай: бірліктердің мекен-жайы көрсетіледі.
Статистикалық формуляр карточкалық және тізімдік болып бөлінеді. Карточкалық формуляр тек бір ғана бақылау бірлігін тіркеуге, ал тізімдік формуляр бірнеше бақылау бірлігін тіркеуге арналған.

1- сурет. Статистикалық бақылау жоспары.

2 - сурет. Статистикалық бақылаудың формалары, түрлері және тәсілдері.

2. Статистикалық бақылаудың қателері

Статистикалық бақылаудың негізгі міндеті- неғұрлым дәл және тура статистикалық ақпараттар алу. Статистикалық ақпараттардың дәлдігі деп бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер мәнінің оның нақты мәніне сәйкес келу деңгейін айтады. Зерттелетін құбылыстың бақылау нәтижесінде алынған мәні мен нақты мәнінің айырмасын статистикалық бақылаудың қатесі деп атайды. Статистикалық бақылау қатесінің екі түрі болады:

  • тіркеу қатесі;
  • репрезентативті қате.

Тіркеу қатесі бақылау нәтижесінде мәліметтер дұрыс анықталмағанда, дұрыс жазылмағанда болады. Тіркеу қатесі кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілетін қате болып бөлінеді.
Кездейсоқ жіберілген қате тіркеушінің жұмысқа атүсті қарауының нәтижесінен болады.
Жүйелі түрде жіберілетін қате деп - бақылау кезінде көрсеткіштерді белгілі бір себептерге байланысты көбейтіп немесе кемітіп жазуды айтады.
Репрезентативті қате деп - бақылауға алынған жиынтық бөлігіндегі зерттелетін белгі мәнінің негізгі жиынтықтағы белгі мәнінен ауытқуын айтады.
Репрезентативті қате жартылай бақылауға жатады және тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана жіберіледі.
Статистикалық бақылаудың нәтижесін екі түрлі жолмен тексеруге болады: арифметикалық және логикалық.
Арифметикалық жолмен мәліметтерді тексергенде кестелердегі қорытынды жолдарды, қорытынды сандарды тексереді.
Логикалық жолмен мәліметтерді тексергенде бағдарламада көрсетілген бір-бірімен байланысты сұрақтарды тексеріп, салыстырады.

Мысалы (1 - кесте) . Жыл ішіндегі кәсіпорынның негізгі капиталының қозғалысын арифметикалық жолмен тексереміз, (мың теңге) .

1 - кесте. Жыл ішіндегі кәсіпорынның негізгі капиталының қозғалысы, мың теңге

Негізгі капиталдың жыл басындағы қалдығы (Жб)
Жыл ішінде түскені
(Т)
Жыл ішінде істен шыққаны
( Ш )
Негізгі
капиталдың
жыл аяғындағы
қалдығы
( Жа )
Негізгі капиталдың жыл басындағы қалдығы (Жб):

187546

Жыл ішінде түскені(Т):

240

Жыл ішінде істен шыққаны(Ш):

188

Негізгікапиталдыңжыл аяғындағықалдығы(Жа):

186590

Негізгі капиталдың жыл аяғындағы қалдығы мына формула бойынша есептеледі:
Жа= Жб + Т - Ш
Шешуі: Жа=187546 + 240 - 188 = 187598
Бұл жағдайда қате кездейсоқ, байқаусызда жіберілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Сапаны статистикалық бақылау
Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері
Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан
Арнайы кедендік статистика
Әлеуметтік-экономикалық статистика
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Статистиканың жалпы теориясы
Кәсіпорынның басқару жүйесінің жағдайы
Статистикалық ақпараттарды топтарға жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz