Тауықтарды өсіру технологиясын жетілдіру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе. . . . . . 4

I. Құс шаруашылығы және құстардың биологиялық, шаруашылық ерекшеліктері 7

1. 1. Құс шаруашылығы-мал шаруашылығының бір саласы ретінде 7

1. 2. Құстардың биологиялық ерекшеліктері 9

1. 3. Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы 12

1. 4. Ауылшаруашылық құстардың өнімділігі . . 14

II. Кәсіптік маңызбен өсірілетін құстардың негізгі топтары 18

2. 1. Үйрек шаруашылығының негізгі қолтұқымдары 18

2. 2. Қаз шаруашылығының негізгі қолтұқымдары 22

2. 3. Декаративті құс шаруашылығы 25

2. 4. Саят құс шаруашылығы 29

III. Тауық шаруашылығының негізгі қолтұқымдары және оларды өсіру технологиясын жетілдіру жолдары 32

3. 1. Тауық шаруашылығының негізгі қолтұқымдары 32

3. 2. Күркетауық шаруашылығы 46

3. 3. Мысыр тауық шаруашылығы 48

3. 4. Бөдене шаруашылығы 50

3. 5. Түйеқұс шаруашылығы . . . 51
3. 6. Құстарды өндіріп-өсіру технологиясы 53

3. 7. Балапан шығару және оларды бағып - күту әдістері 56

Қорытынды 63

Пайдаланылған әдебиеттер 64

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Асыранды құстарды қолға өсіруді құс шаруашылығы деп атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2012 жылы 14 желтоқсанда жолдаған «Қазақстан-2050» стратегиясы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында ауыл шаруашылығын жаңғырту, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту қажеттілігін атап өтті. Соның нәтижесінде мемлекетіміз қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікке үлкен көңіл аударуда, нәтижесінде құс шаруашылығы қарқынды дамып жатыр. Өйткені құс шаруашылығы, оның ішінде әсіресе тауық шаруашылығы мал шаруашылығына, ауыл шаруашылығына қарағанда өте тиімді әрі табысты сала болып табылады. Құс басқа мал сияқты жайылымды, аумақты азықтарды қажетсінбейді. Соған байланысты бүгінгі күні құс еті мен жұмыртқасының елеулі бөлігі жеке шаруашылықта өндіріліп отыр. Бұл еліміздің азық-түлік қорын толықтыруға елеулі септігін тигізуде. Өйткені, медициналық нормалар бойынша адамның жылдық қоректену рационындағы ет пен ет өнімдерінің белгілі бөлігі құс етімен және де белогында тіршілікке қажетті барлық аминқышқылдары толық жиналған құс жұмыртқасымен толықтырылуы қажет. Құстың көбейіп өсіп-жетілу қабілеттілігі де малдыкінен анағұрлым жоғары, ал өндірілген өнім бірлігіне жұмсайтын азық мөлшері әлдеқайда төмен. Шаруашылықта құс өсірудің шығынын азайтып, тиімділігін арттыру үшін оларды азықтандыруды түрлі дән, асхана, бақша қалдықтарын толық пайдалануға болады. Ауыл маңындағы басқа малды жаюға келмейтін көлшіктердің, бұлақтардың жағалауын пайдаланып, құс өнімін неғұрлым арзандатуға болады. Құстың дәмді де шипалы еті немесе жұмыртқасымен қоса олардан өте жеңіл де жылы қауырсын, ал қалдықтарынан топыраққа өте құнды органикалық тыңайтқыш алынатынын ескерсек-үй құстарын шаруашылықта өсіру өте қажетті де пайдалы екенін көзіміз әбден жетеді. Сонымен қатар оларды өсіретін қораны да жеңіл, қолда бар құрылыс материалдарынан тез арада тұрғызуға, басқа малдыкіндей жыл маусымына қарамай құс өнімін жылдық барлық мерзімінде біркелкі өндіруге болады. Баяғида құс өнімдері шеттен келтірілген болса, қазіргі таңда өзіміздің мемлекетімізде өндірілуде. Қазіргі таңда ауылдық жерде тұратын әрбір отбасыда құс өсіруге мүмкіндік бар.

Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіруді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады

Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал - жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологиялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталған құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.

Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады.

Осы мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: жұмыстың басты мақсаты, құс шаруашылығының көптүрлілігіне, құс шаруашылығының ішінде қазіргі таңда мемлекетіміз көп көңіл аударып жатқан тауық шаруашылығына сипаттама беру, тауықтарды өсіру технологиясын жетілдіру жолдарын қарастыру.

Міндеті:

─ құс шаруашылығының салаларына жалпы сипаттама беру;

─ Қазақстандағы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу салалары жағдайына талдау жасау;

─ кәсіптік маңызбен өсірілетін құстардың негізгі топтарын анықтау;

─ тауықтарды өсіру технологиясын жетілдіру жолдарын айқындау:

Тақырыптың практикалық маңызы:

Құс шаруашылығының көптүрлілігі, әсіресе кәсіптік маңызбен өсіретін құстардың, тауық шаруашылықтарының тұрмыстық, азықтық, шаруашылық қажеттілігін анықтау, оларды өсіру технологиясын жетілдіру жолдарын қарастыру өте ауқымды, маңызды іс болып табылады.

Дипломдық жұмыс осы аталған мәселелердің жан-жақты зерттелуіне үлес қоспақ.

Менің ғылыми зерттеу жұмысымның практикалық маңызы өте зор. Себебі, құс шаруашылығының көптүрлілігін, тауық шаруашылығының негізгі қолтұқымдарын зерттей келе көптеген маңызды мағлуматтарға қанықтым.

Биология саласында игерген теориялық білімді тәжірибе жүзінде шыңдауыма мүмкіндік туды. Ғылыми зерттеу жұмысымның биология саласының мамандарына ғана емес, жалпы көпшілікке тигізер септігі көп.

Ғылыми ізденіс барысында төмендегі ұсыныстарды енгізгенді жөн көрдім:

─ құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, құстардан адамға қажет өнімдер алуға пайдалану;

─ шеттен келтірілетін құс өнімдерінің көлемін азайтып, ол өнімдерді өзіміздің елімізде өндіруді дамыту;

─ ауыл маңындағы басқа малды жаюға келмейтін көлшіктердің, бұлақтардың жағалауын пайдаланып, құс өнімін неғұрлым арзандату;

─ құс еті жеңіл әрі дәмді, оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Сондықтан құс өсіруге мүмкіндігі бар әрбір отбасы құс шаруашылығымен айналысуы қажет.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, теориялық және практикалық мәні, құрылымы баяндалды.

«Құс шаруашылығы және құстардың биологиялық, шаруашылық ерекшеліктері» атты бірінші тарауда құс шаруашылығына сипаттама беріліп, құс шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы ретінде алатын орны анықталды. Сондай-ақ құстардың биологиялық, шаруашылық ерекшеліктері, ауылшаруашылық құстардың өнімділігі, өсімталдылығы, тез жетілгіштігі жан-жақты мазмұндалды, құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызына сипаттама беріледі.

«Кәсіптік маңызбен өсірілетін құстардың негізгі топтары» атты екінші тарауда кәсіптік маңызбен өсірілетін құстардың негізгі топтары, олардың қолтұқымдары жеке-жеке топ бойынша қарастырылды. Негізінен үйрек шаруашылығы, қаз, декаративті, саят құс шаруашылығы туралы мағлұматтар көрсетілді.

«Тауық шаруашылығының негізгі қолтұқымдары және оларды өсіру технологиясын жетілдіру жолдары» деп аталатын бұл тарауда тауық шаруашылығының негізгі қолтұқымдары, тауық шаруашылығының ішіндегі күркетауық, мысыр тауығы, бөдене, түйеқұс шаруашылығы, құсты өндіріп-өсіру технологиясы, балапандарды бағып-күту әдістері көрсетілді.

Қорытындыда зерттеудің нақты тұжырымдары мен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған ұсыныстар берілді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімінде дипломдық жұмысты жазу барысында құс шаруашылығына арналған арнайы ғылыми зерттеулер мен қосымша әдебиеттер, энциклопедиялық түсініктемелер пайдаланылды.

I. Құс шаруашылығы және құстардың биологиялық, шаруашылық ерекшеліктері.

1. 1. Құс шаруашылығы-мал шаруашылығының бір саласы ретінде.

Мал шаруашылығы-ауыл шаруашылық өндірісінің маңызды саласы. Оның міндеті-Республика халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету, тоқыма, былғары, аң терісі, парфюмерия және басқа да кейбір өнеркәсіп салаларының шикізатқа деген қажетін өтеу. Адамның әр түрлі қажетін өтеу үшін сойылған малдың ішек-қарны, қаны, сүйек-саяғы, мүйізі, т. б. пайдаланылады. Мәселен, сойылған малдың қарнынан пепсин және қарын сөлін алып, ал ішкі секреция бездерінен (қалқанша без, гипофиз, ұйқы безі) адамға және малға қажетті гармоны бар әр түрлі емдік препараттар алады; қаннан-гематоген, гемакрин және басқа да емдік дәрілер, мұнымен қатар казеин желімі, малазықтық қан ұны, сүйектен малазықтық сүйек ұны дайындалады. Мал шаруашылығы өнімдерін белгіленген дәрежеде көбейту үшін бүкіл ауыл шаруашылығын қарқынды түрде дамыту қажет.

Президент кезекті Жолдауында дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдында бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары орындалуда. Алдыңғы қатарлы технологияларды кең көлемде қолдануға, малдың тұқымдық сапасын арттыру және басқа да өндіріс мәдениетін көтеруге бағытталған іс-шаралармен қамтамасыз етіледі.

Мал шаруашылығында оң өзгерістер байқалады. Құстар мен мал түрлерінің саны мен өнімділіктері артуда. Тұқым құрамын жақсартуға байланысты асылдандыру шаруашылық саны 500-ге жетті. Малдың тұқымдық құрамын жақсарту мақсатында «Қазіргі заманға сай құрал-жабдықтары мен жоғары өнімді шетелде селекцияланған малы бар ірі-тауарлы сүт өндіру кешендерін құру» жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстанға жоғары өнімді сүтті мал әкелінді. Мынадай ірі жобаларды дамыған инфрақұрылымы бар бордақылау алаңдарын; қуаты 110 мың тонна сүт, 220 мың тонна сүт өнімдері мегафирмасын, т. б. ұйымдастыру жүзеге асыру белгіленді.

Шаруашылықты қарқынды түрде дамыту-біріншіден әр гектар жерден өнімді көп алу, екіншіден механизация мен химияны қолдана отырып еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын кеміту. Мал шаруашылығын қарқынды дамытудағы басты міндет-мал мен құсты жақсы азықтандыруды ұйымдастырып, оларды бордақылау мен жайып семіртудің ең прогрестік әдістерін қолданып, мал мен құстың тұқымын жақсарту, мал шаруашылығы өнімдерін көп өндіру үшін мал басын көбейту.

Елімізде азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысында жеке шаруашылықтардың қосар үлесі мол. Қазіргі кезде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің төрттен бір бөлігі, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің үштен бір бөлігі осы жеке шаруашылықтардан өндіріледі. Жеке шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Осынау қамқорлықтың арқасында ауылдық жерде тұратын жұмысшылар мен қызметкерлердің 81%-ының жеке шаруа қожалықтары бар.

Соған байланысты жеке шаруашылық иелері етке деген қажеттіліктің 82%-ын, жұмыртқаға деген қажеттіліктің 97%-ын, картопқа деген қажеттіліктің 95%-ын, көкеніске деген қажеттіліктің 75%-ын өтейді.

Шаруашылығынан өндірілген өніммен өз қажетін толық өтеген соң, артылғанын мемлекетке өткізуге немесе базарға апарып сатуға толық хақылы. Жеке шаруашылықты мал, құс, сөйтіп аса сапалы, бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп-бағу және азықтандыру ерекшеліктерін, сұрыптау, іріктеу жағдайларын жақсы білген жан ғана табысқа жетеді.

Қазақстандағы ауыл шарашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу салаларының жағдайы.

Әрбір мемлекет өзінің нақты эканомикалық даму кезеңінде өсу нүктесі бола алатын саланы анықтайды. «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген осындай салалардың бірі-тамақ өнеркәсібі. Оның даму деңгейі елдің азық-түлік қауіпсіздігінің индикаторлары болып саналады.

Отандық тамақ өнеркәсібінің табиғи шикізат түрлерінен дайындалған жоғары сапалы өнімдер өндіруде үлкен тәжірибесі бар. Нарықтық экономика жағдайында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасынан басқа, олардың бағасына халықтың төмен табысты категорияларының қолы жетуінің маңызы айрықша. Отандық азық-түліктің көпшілігі сапасы жағынан шетелдік өнімдерден кем түспейді, бірақ оларға туындап отырған сұраныс олардың бағасы бойынша бәсекеге қабілетсіздігінен тежеліп отыр.

Тамақ өнеркәсібіне қажетті өнім жеткізетін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің саудаласу мүмкіндіктері мен қабілеттері төмен, өздерінің талаптарын орындата алмайды. Тұтынушылардың тамақ өнімдерін өндірушілерге әсері де олардың төлем қабілетінің төмендігімен шектелген.

Өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге кәсіпорындардың өздерінің өндіріс шығындарын төмендетуге іс-әрекеттерімен де және табиғи монополистердің тарифтерін реттеу бойынша мемлекет қабылдайтын шараларымен де жағдай туғызулары керек.

Қандай да бір салада кластер қалыптастырудың ұлттық экономика үшін стратегиялық мәні бар, өйткені кластер ішкі өсуге қозғау салады, негізгі буын ретінде барлық тізбекті алға тартады. Міне, сондықтан да тамақ кластерін қалыптастыру саланың бәсекеге қабілетті болуына негіз болады. Тамақ өнеркәсібін дамыту кластерлік немесе кешенді көзқарасқа негізделуі тиіс.

Қазақстанда тамақ кластерін дамыту үшін мынадай нақты алғышарттар бар: шикізат базасының болуы, яғни өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін жеткізіп беретін ауыл шаруашылығы саласы қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаты.

Ауыл шаруашылығы мен өнімді қайта өңдеу салаларының жағдайы соңғы жылдары оң беталыстармен және өндірістің әрі қарай өсуі үшін елеулі әлеуетімен сипатталады. Соңғы уақыттарда мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемі өсіп отыр. Бұл өсу мал басының көбеюі мен өнімділігінің артуынан көрініс тапқан. Дегенмен, малдың жалпы өнімділігі әлі де төмен, ол мал тұқымын асылдандыру ісінің және азықтандыру деңгейінің жеткіліксіз дамуына байланысты. Дегенмен, бұл саладағы жағдай біртіндеп оңалып келеді.

1. 2. Құстардың биологиялық ерекшеліктері.

Құстардың ерекшеліктеріне үлкен өсімталдылығы, тез жетілгіштігі, дене темперетурасының жоғарлығы, эмбрионның ана денесінен сыртта дамуы жатады.

Сұрыптау, жұптау нәтижесінде қазіргі жұмыртқа бағытындағы тауықтар жылына 260, одан да көп жұмыртқа береді. Сөйтіп бір мекиеннен жылына 120 балапан алуға болады.

Тез жетілгіштігіне келетін болсақ, мекиен 5 айлық жасында, кейде одан да ерте жұмыртқалай бастайды. Құстың үлкен өсімталдылығы және тез жетілгіштігі шаруашылықтың экономикалық тиімділігін анықтайды.

Конституция (дене бітімі) . П. Н. Кулешовтың жіктелімі бойынша жалпы құс дене бітімі дөрекі, нәзік берік және балбыр-босаң түзіліске бөлінеді. Осы жіктелімді пайдалана отырып ауылшаруашылық құстарының үш тип конститутциясы бар: Нағыз тығыз, нәзік балбыр-босаң және аралық тип.

Нәзік тығыз конституция- жұмыртқа бағытындағы құста кездеседі (орыстың ақ тауығы, ақ леггорнда онша дамымаған, мускулатора, терісі жұқа, нәзік)

Нәзік босаң конститутция- ет бағытында құста кездеседі (корниш, мәскеудің ақ күркетауықтары, пекин үйрегі, тулуз, қола түсті кең кеуделі куркетауық тұқымдары жатады) .

Сүйектері жеткіліксіз берік, ет тіндері өте жақсы жетілген, терісі қалың, қозғалмалы, қауырсындары жұмсақ үлпілдеген, жақсы семіріп бордақыланады.

Аралық типіне ет-жұмыртқа бағытындағы құстар жатады.

Сонымен, құстардың беретін өнімімен конститутция арасында байланыс бар. Сондықтан да асылдандыру жұмыстарында тек өнімдерін бағалап қана қоймай оның конститутциясына көңіл бөлген жөн.

Экстерьер (сырт пішіні) . Сырт пішініне қарап құстардың өнімдік немесе басқа шаруашылыққа пайдалы қасиеттерін анықтауға болады. Мысалы: тірі салмақпен берген жұмыртқа арасында тура байланыс бар. Кильдің ұзындығы мен жұмыртқалауында байланыс бар. Килі ұзын болса, жұмыртқалауы аз болады. Қауырсын түстері де басқа белгілерімен бірге қай тұқымға жататындығын білдіреді. Экстерьер арқылы бағалау құстардың негізгі көзі болып табылады.

Кейбір сыртқы пішімдік белгілер жыл маусымына байланысты азықтандырып күту жағдайының деңгейіне, сондай-ақ оның физиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Көбею мүшелерінің қызметіне байланысты сыртқы пішімдік белгілер анағұрлым елеулі өзгереді. Мысалы, жұмыртқалау кезінде ұрғашы құстың салмағы мен аналық безінің ұрық жолының, ас қорыту жүйесі мүшелерінің көлемі едәуір ұлғаяды. Сондықтан жеделдете жұмыртқалайтын тауықтың қарны жүмсақтау келеді, лондык сүйектерінің ұштары қозғалып тұрады, сондай-ақ киль мен лондық сүйектердің аралығындағы қашықтық та ұзара түседі (1. 2. 1-сүрет және 1. 2. 2-суреттер) . Жұмыртқалайтын мекиен мен үйректің лондық сүйектерінің ара кашыктылығы шамамен 3-4 еліге (5см), күрке тауық пен қазда бес еліге (9см) тең болады. Жұмыртқалайтын құстың лондық сүйектерінің үштары жақындасып, 1-2 саусаққа (2- Зсм ) ұштасады.

1. 2. 1-сүрет. Құс төсі мен шат сүйек шеттерінің ара қашықтықтары: а, б-туатын тауықтарда, в, г-тумайтын тауықтарда.

1. 2. 2-сүрет. Шат сүйек шетінің ара қашықтықтары: а, б- туатын тауықтарда, в, г-тумайтын тауықтарда.

Құстардың төмендегідей денесінің өлшемдері болады:

  1. Басы-кекілі, тұмсығы, көзі, құлағы, құлақ сырғалығы
  2. Мойны-шоқтық, тамағы, мойынның жоғарғы жағы, жал.
  3. Кеудесі-төсі, арқасы, белдемесі, қанаты, құйрығы.
  4. Аяқтары-саны, сирағы, табан сүйектері, саусақтары.

Бастың әр түрлі өлшемдері-ұзындығы, кеңдігі мен тереңдігі әр түрлі болуы мүмкін. Ол құс күрылысының жалпы түріне сәйкес келуі тиіс. Формасы мен өлшемдері бойынша айдар аталмыш тұқымға тән болуы тиіс (1. 2. 3-сүрет) . Оның түрі табақ білдік тәрізді және басқадай формада болуы мүмкін. Табақ тәрізді айдардың формасы пластинка секілді, әтештер мен жақсы мекиендердің айдары қызыл түсті болады. Жұмыртқаны көп беретін мекиеннің айдары жығылып жатады, ал жақсы жетілген әтештің айдары тік тұрады. Білік тәрізді айдар формасы жөнінен жоғарғы бөлігі сәл-пәл дөңестеу келген жалпақтау қызыл түсті білік іспетті болады.

1. 2. 3-сүрет. Әтешпен тауық айдарының пішіні: г-бұршақ қынды, д-райхан гүлі тәрізді, е-білік тәрізді.

Құстың мойны кысқа да, ұзын да, жуан да, жіңішке де болуы мүмкін. Тауықтарға қарағанда суда жүзетін құстардың мойны ұзын келеді. Жұмыртқалайтын тұқымның мойны етті тұқымға қарағанда анағүрлым жіңішке де ұзын келеді.

Етті тұқымның көкірегі жұмыртқа беретін тұқымға қарағанда әлдеқайда жақсы дамыған. Етті тұқымға кең апайтөс, тік төс, күшті дамыған төс бұлшық еттері тән болады; жұмыртқалайтын тұқымның төсі шағын келеді. Барлық тұқымды құстардың жауырыны мен өнімділік бағыттары тік және тегіс болуы тиіс. Әр түрлі құстардың жауырынның ұзындығы мен кеңдігі бірдей болмайды. Жұмыртқа беретін тұқымдікі жіңішке, етті тұқымдікі кеңдеу. Жауырыны ширақ болуы тиіс. Қанаттардың ұзындығы мен орналасуы тұқымдық ерекшеліктері болып табылады. Жұмыртқа беретін тұқымды тауықтың құйрығы етті немесе етті-жұмыртқалы тұқымды тауық құйрығынан ұзын келеді. Суда жүзетін құстың құйрығы біршама қысқа қазда бұрым болмайды, ата үйректің бұрымы жетілмеген (шамалы ғана бұйрасы болады) .

Барлық құстың аяқтары ширақ және тік болуы тиіс. Табан сүйектері жалаңаш немесе қауырсынды болады, әдетте оның түсі тұмсығының түсіндей болады. Әтештің табан сүйектерінің төменгі бөлігінде өскен сүйегі-тепкісі бар. Қаз бен үйрек саусақтарының аралығында жарғағы болады.

Табан сүйектері мен тұмсығы сарғайған кейбір тауық тұқымының жеделдете жұмыртқалайтындығы жайында айтуға болады. Өйткені жұмыртқа салу процесінде құс денесіндегі пигмент жұмыртқаның сары уызына ауысып, құстың терісі пигментсізденеді. Әуелі қатпаршақтың, көздің айналасы, содан соң тұмсығы мен табан сүйектерінің бояуы айқыңдала түседі. Дененің жоғарыда көрсетілген бөліктерін барлай отырып, жұмыртқалау ұзақтығы мен жеделдігін анықтайды. Жұмыртқа салу аяқталғаннан кейін терінің пигменттенуі қалпына келеді. Айдарына қарап, тауықтың жұмыртқалау қарқындылығын сол мезетте анықтауға болады. Жұмыртқа салар алдында жеделдете жүмыртқалайтын тауықтың айдары үлкейіп, айқын қызарып, жүмсара түседі, ал жұмыртқалауы бәсеңдеген сайын ол сүреңсізденіп, тырысып, қарайып кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауық қораға арналған іргетас
Тауықтар гигенасы
Тауықтарды және балапандарды азықтандыру және күту ерекшеліктері
Тауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Бройлер балапандарын өсіру
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру
Күркетауықтарды бағып күту
«Шымкентқұс» фабрикасында ветеринариялық-гигиеналық жағдайды жақсартудың экологиялық негіздерін жасау
Үй құстарының кросстары
Күркетауыққораларға қойылатын экологиялық талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz