КӨЗ ШАРАСЫНЫҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ


КӨЗ ШАРАСЫНЫҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ
Сүйектік көз шарасы - төбесі артқа және ішке бағытталған төрт қырлы пирамида тәрізді құрылым. Көздің артқы полюсынан көз шарасының төбесі арасындағы арақашықтық, орташасы, еркектерде 25, 6 мм, әйелдерде 23, 5 мм құрайды.
Төменгі қабырғасы - жоғарғы жақ сүйегінің көз шаралық бетінен, ал алдыңғы-сыртқы бөлігі бет сүйегі мен таңдай сүйегінің шаралық өсіндісінен құралады. Төменгі қабырғаның сыртқы аймағында, төменгі шаралық саңлау жанында шарастылық сала орналасқан - дәнекер жарғақпен жабылған шұңқырлану. Ол сала бірте - бірте төменгі шаралық қырдан сыртқы шетіне жақын 4 мм қашықтықта жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы бетіне ашылатын сүйек өзегіне айналады. Ол өзек арқылы төменгі шаралық нерв, аттас артерия мен вена өтеді. Төменгі шаралық қабырғаның қалыңдығы 1, 1 мм.
Ішкі қабырғасы көз жас сүйегінен, қағаз тәрізді қатпардан, торлы сүйектің қатпарынан, жоғарғы жақ сүйегінің маңдайлық өсіндісінен және негіз сүйегінің денесінен құралады. Олардың ішіндегі ең үлкені - қалыңдығы 0, 2 мм торлы лабиринт клеткаларынан шектейтін қағазды қатпар. Осы жерде қабырға тік орналасқан, осы жағдайды орбитотомия немесе көз шарасы экзентерациясын жасағанда еске алып отыру маңызды. Ішкі қабырғасының алдыңғы бөлігінде көз жас сүйегі мұрынға қарай иіледі, бұл жерде жас қапшығының шұңқыршасы орналасқан.
Жоғарғы қабырғасы үшбұрышты, алдыңғы және ортаңғы бөлігінде маңдай сүйегінен, артқы бөлігінде негіз сүйегінің кіші қанатынан құралады. Маңдай сүйегінің шаралық бөлігі жұқа және нәзік, әсіресе артқы 2/3 бөлігінде қалыңдығы 1 мм аспайды. Жоғарғы қабырға маңдай қуысымен шекарасады, ол фронталды бағытта қабырға ортасына дейін, ал алдыңғы-артқы бағытта - көз шарасының ортаңғы үштен бір бөлігіне дейін жетеді. Көз шарасы жоғарғы қабырға беті тегіс, ортаңғы үштен бір аймағында иілген жер, сыртқы және ішкі бөлігінде көз жас безінің және жоғарғы қиғаш бұлшық етінің шығыршығының шұңқыршалары орналасқан.
Көз шарасының төбесі көру нервісі өзегінің басталар жеріне тура келеді, оның диаметрі 4 мм тең, ал ұзындығы 5- 6 мм. Оның сыртқы тесігі арқылы көз шарасына көру нервісі мен көз артериясы кіреді.
Жоғарғы шаралық саңылауы, көз шарасын бас қаңқасы қуысымен байланыстырады. Ол көз шарасының жоғарғы және сыртқы қабырғаларының арасында, көру нервісі өзегінен латералды орналасқан. Оның мөлшері 3х22 мм. Көз сыртқы бұлшық еттерінің екі сіңірімен ол жоғарғы немесе латералды және төменгі немесе медиалды бөлігіне бөлінеді. Ол саңлау арқылы көз шарасына көз және көзқимылдатқыш нервтері кіреді. Көз нервісі саңлау ішінде үш тармаққа бөлінеді: көз жасы және маңдай нервтері саңылаудың латералды жағында орналасады, мұрын-кірпікті нерв медиалды жағынан өтеді. Шығыршықтық нерв маңдай нервінен ішке қарай орналасқан. Жоғарғы шаралық саңылау арқылы жоғарғы көз венасы және кей бір кезде төменгі көз венасы шығады.
Төменгі шаралық саңылау сыртқы шаралық шетінен 10 мм қашықтықта төменгі және сыртқы қабырғалар арсында орналасады. Ол көз шарасын қанаттаңдайлық және самай астылық шұңқыршаларымен байланыстырады. Төменгі шаралық саңлау арқылы шараастылық артерия мен аттас нерв өтеді, көз шарасына периорбитаны тесіп бет нервісі енеді. Төменгі шаралық саңылау көз шара венозды жүйесінің қанаттаңдайлық шұңқыршасының венозды өрімдерімен және беттің терең венасымен байланыстыратын анастамоз қақпасы болып табылады. Бұл еркшеліктік көз шарасының флегмоналары және абсцесстерін хирургиялық емдеуінде өте маңызды.
Периорбита көз шарасының астыңғы қабаттарымен сүйек тігістер және жаратылыс тесіктер шеттерінде берік байланысқан, басқа жерінде субпериосталды кеңістік түзеп қабырғалар бетінде жатады. Алдында, шаралық қырдан басталып, шетімен сүйек қабығымен тұтасқан көз шарасының бесінші қабырғасы орналасқан - тарзоорбиталды фасция, ол қабақтар аймағында жоғарғы және төменгі қабақ шеміршегіне қосылады. Сонымен, көз шарасы кеңістігіне тарзоорбиталды фасция артында жатқан құрылымдар жатады.
Көз шарасының фасциалды құрылымы оның кеңістігін бес жабық қуыстарға бөледі: саңлау тәрізді субпериосталды кеңістіктен бастап ішкі хирургиялық кеңістікке дейін, көлемі 4, 4 - 4, 9 куб см құрайды.
Көз сыртқы бұлшық еттері (төменгі қиғаш бұлшық еттен басқасы) көру нерв каналының сыртқы доғасынан басталып, сіңірлі цинді дөңгелек түзейді.
Сыртқы тік бұлшықет көз шарасы түбінде екі сіңірлі бұтақпен басталады: медиалды - цинді дөңгелектен, сыртқы - жоғарғы шаралық саңлаудың латералды шетіндегі төмпешіктен басталады.
Леватор жоғарғы тік бұлшық еттің сіңірінен латералды және төмен басталып, көз шарасының жоғарғы қабырғасы астында өтіп алға қарай бағытталады және үшке бөлінеді. Алдыңғы бөлігі шеміршектің жоғарғы шеті деңгейінде енді апоневроз түрінде тарзоорбиталды фасция құрамына кіреді, өсінділері жоғарғы қабақ терісіне дейін жетеді. Шеміршектің жоғарғы жиегінен 15 мм қашықтықта леватордан ортаңғы бөлігі шығады, Мюллер бұлшықеті деп аталады, ол шеміршектің жоғарғы жиегіне жалғанады. Артқы бөлігі жоғарғы конъюнктивалды күмбезге жалғанады. Леватордың латералды шетінің сіңірі көз жас безінің ішкі бөлігін екіге бөледі және қабақтардың сыртқы байламына жалғанады.
Жоғарғы қиғаш бұлшықет көз шарасының түбінде дәл циннов дөңгелегінен басталып, жіп түрінде көз шарасы жоғарғы-ішкі қабырғасы бойымен алға бағытталады, шығыршықтан асылып өтеді де, артқа-сыртқа бағытталып, көз және жоғарғы тік бұлшық ет үстінен өтіп көздің жоғарғы-сыртқы квадрантында лимбтан 18 мм қашықтықта экватор артында жалғанады.
Төменгі қиғаш бұлшық ет көз шарасы ішкі қабырғасының артқы көз жас қырынан басталады, төменге-сыртқа жүреді, көздің сыртымен жоғарыға көтеріліп көз алмасының сыртқы-төменгі квадрантында экватор артында жалғанады.
Көру нервісінің жалпы ұзындығы шамамен 50 мм. Ол 4 бөлімге бөлінеді: көз ішкі бөлігі (шамамен 0, 7мм), көз шаралық бөлігі (шамамен 33 мм), өзек ішіндегі бөлігі (6мм) және бас қаңқа ішіндегі бөлігі (10 мм) . Көру нервісінің қабықтарымен бірге жуандығы 3 мм. Көз шарасының ішінде латынша S әрібі тәрізді көлденең өтеді. Көру нервісі үш қабатпен жабылған: қатты немесе менингиалды, өрмекті немесе арахноидалды және жұмсақ қабат. Склерадан 12-15 мм қашықтықта папиломакулярлы бұтақ көру нервісінде ортадан тыс (төменде-сыртта) орналасады, және көру нервісіне тор қабық орталық артериясы кіретін және тор қабық орталық вена шығатын аймағында орталық күйді қабылдайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz