Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын ролі


Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын ролі
«Қазақ халқының қалыптасуына сан ғасырлық уақыт кеткені тарихтан белгілі. Осы кезеңде қазақ халқы бірнеше тайпалық одақтар, тайпалық бірлестіктер, қағанаттар мен мемлекеттердің құрамына енді. ХV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталу кезеңі болды. Одан кейінгі уақытта халқымыз талай шапқыншылықтарға ұшырап, 260 жылдық бодандық қамытын киді. Ата-бабаларымыз ежелден аңсаған еркіндікке, тәуелсіз де тұғырлы мемлекеттілігімізге ХХ ғасырдың аяғында ғана қолымыз жетті. Енді, міне, Қазақ елінің шын мәнінде азат мемлекет болғанына 21 жыл толайын деп отыр. Біз тәуелсіздік көптеген халықтарға бұйыра қоймаған бақыт екенін түсініп қана қоймай, оны қастерлеп, қадірлеудеміз. Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев ел тарихындағы сындарлы жылдары халқымызды өркениеттің даңғыл жолына бастайтын түбегейлі реформаларға тікелей басшылық жасады. Осы реформалар нәтижесінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықта лайықты орны бар мемлекетке айналып, 130-дан астам елмен саяси, әріптестік қарым-қатынас орнатты, экономикасы тұрақты даму жолына түсті. »[1]
«Кеңес Одағының сүлдесінен шыққан егемен Қазақ еліне көптеген беделді сарапшылар ядролық қаруға сүйене отырып, қатал державалық саясат жүргізеді деп баға беріп, қауіп күткені белгілі. Алайда қоғамда демократиялық құндылықтар орнату және азаматтық қоғам құру бағытында батыл іс-қимылға көшкен Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабуы, әлемде төртінші орында деп ресми бағаланған ядролық арсеналынан бас тартуы ғаламдық саясаттағы қайталанбас оқиға ретінде мойындалды. Қазақстанның өзінің алдына қойған негізігі мақсаты бейбіт өмір, келісімді қоғам, ынтымақтастық пен бірігу екенін дәлелдеді. »[2]
Тәуелсіздіктің тірегі - бейбітшілік пен келісім. Дербес даму жолына түскен ел ретінде алғашқы күндерден бастап бейбіт саясат ұстанып келеміз. КСРО-дан қалған ядролық қару-жарақтардан ерікті түрде бас тарту арқылы Қазақстан 1994 жылы АҚШ, Ресей, Франция, Ұлыбритания мен Қытай тәрізді ядролық державалардан өз қауіпсіздігіне кепілдік алды. Еліміз өз шекараларын оңтайлы шешуге қол жеткізе отырып, сол арқылы өзінің аумақтық тұтастығын нығайтты, Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық алдында танылды. »[1]
Тәуелсіз Қазақстан бүкіл адамзатқа өзінің тату көршілікке, бейбітшілікке бекем екендігін көрсетті. Сол бір ауыр кезеңдерде қабылданған шешімдер туралы Нұрсұлтан Назарбаев кейін былай дейді: «Ол шешімдер ғаламдық қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның келешектегі стратегиясын анықтады. Сол кезден бастап Қазақстан өзіндік ғаламат құртып жіберетін күшке ие бола тұрып, адамдар тұңғыш рет одан өз еркімен бас тартқан «әлем эпицентріне», орынға айналды».
Елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылғы 7 мамырда № 745 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанын жариялады.
Сауд Арабиясы егер Иран қандай да бір жолмен ядролық қаруды иемденетін болса, олар да қарусыз қалмайтындығын жеткізді. Осылайша, елдер арасында ядролық қару ауқымы бойынша жарыс басталған тәрізді. Бұл жалпы аймақ үшін өте қауіпті. Аталған елдерде бұдан бөлек діни, этносаралық, мемлекетаралық және идеологиялық қарама қайшылықтар бар. Бұл елдер ядролық қаруды иеленетін болса, арты жақсылыққа алып келмеуі мүмкін.
«Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс-шараларын айтуға болады.
Қазақстан өзі мүше болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында да халықаралық экстремизммен күресін жалғастыруда. 2000 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер арнайы антитеррорлық орталық құрған. Орталық ТМД-ның арнайы салалық органы болып табылады және ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзіретті органдарының арасындағы байланысты үйлестіруді қамтамасыз етеді. »[3]
«ЕҚЫҰ - әлемде қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын ірі аймақтық ұйым. Ол Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын бірігетін ұйым.
ЕҚЫМ- на төрағалығында «Қазақстан Президенті қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың анағұрлым кең координаттардағы - «мұхиттан мұхитқа дейінгі» жаңа деңгейіне көшу туралы мәлім етті. Атап айтқанда, әңгіме қауіпсіздіктің төрт мұхит шекарасындағы - Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру жөнінде өрбіді. Осылайша, Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті біртұтас және бөлінбес қауіпсіздіктің Еуро-атлантикалық және Еуразиялық қоғамдастығы құрылуына бастау жасап берді». »[4]
«Төрткүл дүниенің 57 мемлекетті біріктіретін «Ислам әлемінің өзіндік Біріккен Ұлттар Ұйымы» міндетін атқарып отырған бірегей құрылым - Ислам Ынтымақтастық Ұйымы.
ИЫҰ төрағалығында елбасымыз Нұрсұлтан Әбәшұлы Назарбаев: «саяси идеология ретінде діни фундаментализмге қарсы тұруды үйрену. Яғни, исламның саяси зорлық-зомбылықпен, экстремизммен және лаңкестікпен байланысы жоқ екендігін мәлімдеу. Бір сөзбен айтқанда, исламның имиджін көтеру. Екінші міндет - мұсылман әлемі мен Батыс арасында ашық және әділетті диалог орнату, сондай-ақ, әлем экономикасының эшелоны саналатын үлкен «жиырмалықтың» қатарына бірді-екілі ислам елдерін мүшелікке кіргізуді ұсынды, сонымен қатар күллі мұсылман баласына ортақ ислам порталын ашу ұсынылды. Радикалдық-экстремистік бағыттағы ұйымдардың, түрлі секталардың сайттары интернет атаулыны әбден жайлап кеткендігін ескерсек, мұсылмандарды хақ ислам туының астында біріктіру құралына айналуы үшін портал жұмысын қалай міндетті түрде жүргізуі керек. »[5]
«Қазақстанның қазіргі уақытта ең басты назар аударып отырған негізгі жобаларының бірі - EXPO-2017 халықаралық көрмесінің Астанада өтуі.
ЕХРО көрмесі әлемдегі ең айтулы және беделді көрмелер алаңы болып саналады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады.
Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды. »[6]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz