Механикалық жарақаттанудың түрлері



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Механикалық жарақаттанудың түрлері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Сот-медициналық тәжірибеде тірі адамдардың және мәйіттердің жарақаттарына байланысты зерттеулер мен сараптамалар жиі кездеседі. Заңгерлерді жарақаттардың түрі ғана емес, жарақаттың механизмі, оның себебі, осыдан туындаған тергеулік болжауларды бекіту үшін немесе қарама- қарсылықты жою үшін және де жарақаттың пайда болғанына қанша уақыт өткенін, заттың түрін немесе қандай да бір факторлар әсерінен болған жарақаттың және ақиқатты анықтау.
Тергеу органының, прокуратураның, соттың және адвокатураның қызметкерлері жарақаттардың жіктелуін, олардың механизмін және зақымның сипатын, сарапшының жүргізілген жұмысы бойынша жарақаттардан туған өлім себебін біліп, анықтап, медициналық сараптамалық баға беруі тиіс.
Сот медицинасында сараптама бойынша бағалауға әр түрлі жарақаттарды алған адамдар және жекелеген адамдардың денесіндегі жарақаттар, сыртқы тік немесе қиғаш әсерлерден болған жағдайларда жиі қарастырылады. Сот медицинасында бұл жарақаттарды дене жарақаты деп атайды. Мұнда анатомиялық бүтіндігі немесе физиологиялық ағзалардың қызметі, не әр түрлі сыртқы фактор әсерінен (механикалық, температуралық, химиялық, физикалық) денсаулықтың бұзылуы немесе өлім болған жағдайлар жатады. Осы жайттарды механикалық жарақаттарда нақтырақ қарастыру қажет. Жарақаттар әр түрлі заттардың адаммен әсерлесу нәтижесінде пайда болады. Жарақат адам денесі немесе зақымдалған объектінің қозғалысы мен статистикасына теңеледі. Сот-медициналық сараптамада зақымдалудың морфологиялық ерекшелігін, қай затпен тигізу механизмінің пайда болуы, денсаулық жайы және жапа шегушінің өмірін анықтайды.
1. Қаракөбенов К. Сот медицина негіздері Москва, 2000.
2. Авдеев М.И. Судевная медицина. 5 - басылым. М., 1960.
3. Лазарев Н.В. Вредные вещества в промышленности. М., 1963.
4. Маковская Е.И. Патологическая анатомия отравлений ядохимикатами. М., 1967.
5. Мошкин Е.А. Отравления техническими жидкостями. Л., 1964.
6. Попов Н.В. Судебная медицина. М., 1950.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Механикалық жарақаттанудың түрлері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе
Сот-медициналық тәжірибеде тірі адамдардың және мәйіттердің жарақаттарына байланысты зерттеулер мен сараптамалар жиі кездеседі. Заңгерлерді жарақаттардың түрі ғана емес, жарақаттың механизмі, оның себебі, осыдан туындаған тергеулік болжауларды бекіту үшін немесе қарама- қарсылықты жою үшін және де жарақаттың пайда болғанына қанша уақыт өткенін, заттың түрін немесе қандай да бір факторлар әсерінен болған жарақаттың және ақиқатты анықтау.
Тергеу органының, прокуратураның, соттың және адвокатураның қызметкерлері жарақаттардың жіктелуін, олардың механизмін және зақымның сипатын, сарапшының жүргізілген жұмысы бойынша жарақаттардан туған өлім себебін біліп, анықтап, медициналық сараптамалық баға беруі тиіс.
Сот медицинасында сараптама бойынша бағалауға әр түрлі жарақаттарды алған адамдар және жекелеген адамдардың денесіндегі жарақаттар, сыртқы тік немесе қиғаш әсерлерден болған жағдайларда жиі қарастырылады. Сот медицинасында бұл жарақаттарды дене жарақаты деп атайды. Мұнда анатомиялық бүтіндігі немесе физиологиялық ағзалардың қызметі, не әр түрлі сыртқы фактор әсерінен (механикалық, температуралық, химиялық, физикалық) денсаулықтың бұзылуы немесе өлім болған жағдайлар жатады. Осы жайттарды механикалық жарақаттарда нақтырақ қарастыру қажет. Жарақаттар әр түрлі заттардың адаммен әсерлесу нәтижесінде пайда болады. Жарақат адам денесі немесе зақымдалған объектінің қозғалысы мен статистикасына теңеледі. Сот-медициналық сараптамада зақымдалудың морфологиялық ерекшелігін, қай затпен тигізу механизмінің пайда болуы, денсаулық жайы және жапа шегушінің өмірін анықтайды.

ІІ. Негізгі бөлім
Механикалық жарақаттанудың түрлері
Қылмыс жасалған кезде жарақаттың әр түрлі зақымдануына сипаттама бере келе, заңды тәжірибеде сот-медициналық сараптама тағайындау барысында жиі кездесетін адамның денесін өткір затпен жарақаттау, қарусыз адаммен келтірілген, биіктіктен құлау кезінде алынған, көлік, оқ тигендегі және басқа да жарақаттарға ерекше тоқталып өту керек. Осы жарақат түрлеріне назар аудару қажет.
Доғал затпен келтірілген зақымдалу
Бұл механикалық жарақаттың кең таралған түрі. Олардың сипаты өлшеміне, пішініне, салмағына, жарақаттың үстіңгі бетіне байланысты болады (жалпақ, домалақ, цилиндрлі тәрізді):
Доғал заттардың денеге әсер етуі
жалпақ бетті -- қанталау немесе жара да болуы мүмкін;
домалақ бетті -- тіке сызықты, доғал, ирек, жұлдызша тәрізді жаралар туындайды, ал жаралардың шеті түзу емес, қан шашыраған болып келеді.
бұрышты -- жара көгерген немесе шеттері қатпарланған болуы мүмкін, -- жұмсақ ұлпалардың қанталауы мен қысылған сынықтар, бас сүйегінің шытынауы жиі кездеседі.
Тері мен сүйектің зақымдалуының морфологиялық ерекшеліктері -- зақым келтірген заттың қасиеті үшін пішінін, көлемін, шекарасын, бұрышын анықтаудың негізі болып табылады.
Өткір заттармен салынған жарақаттар
Бұл заттарға өткір шеті бар заттар жатады -- ұштары ұшталған зат және қару.
Өткір заттарды сипатына, өлшеміне қарап кесетін, аралап-кесін сылып түсіретін, жаншитын, жаншып-кесетін заттар жатады. Сондықтан, жаншитын, кесетін, сылап түсіретін жарларды бір-бірінен ажырата білу қажет.
Кесетін заттармен алынған жаралар (пышақ, әйнек сынықтары, ұстаралар) -- дененің үстінде қозғалған кездегі қысыммен түсірілгенде пайда болады. Әдетте кесілген жаралар сызылған пішін түсіреді. Осыларға қатысты:
Түбі үшкір, жара түбі терең емес, бірақ ұзын болып, көп мөлшерде қан ағады. Кесілетін затпен түсірілген жараларға сараптама жүргізгенде, мұнда негізгі түсірілген заттың түрін және оның ерекшелігін анықтау керек, күдік тудырған затқа жиі сараптама жүргізілуі қажет (қанға, теріге, бұлшық етке, киімге, талшықтарға).
Жаншылатын заттармен түсірілген жаралар, яғни үшкірленген ұштары бар, биіктігі ұзын заттар (ине, айыр тістері бар, қайшы). Бұл заттар негізінен денеге кіріп, тіндерді айырып түсіреді. Мұнда жарақат көлемі кішкентай, бірақ терең ұзын жаралы саңылау, кірген жеріне қарағанда шыға берісінде үлкен саңылау болады.
Екі кішкентай бірақ биіктігі ұзын заттардан (ине, тоқу бізі) түскен жарақаттан кейін нүктелік із қалып, ол жерді дұрыстап қарамаса, көрінбеуі мүмкін.
Жаншып-кесетін заттардан алынған жарақаттар (яғни, жаншып-кесетін қасиеттері бар заттар) -- сот-медициналық сараптамада жиі кездеседі. Бұл жарақаттарға: пышақ, ұштары үшкірленген найза, сүйірленген заттар арқылы салынған жарақаттар жатады.
Сылып түсірген заттардан алынған жарақаттар -- негізінде бұл өткір жүзді ауыр затпен салынады (мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері
Еңбек қорғаудың құқықтық – ұйымдастырушылық мәселелері
Пісіру тәсілдерінің топтастырылуы
Еңбек қорғаудың теориялық негіздері
Өндірістік жарақаттар және кәсіби аурулар туралы негізгі түсініктер
Пісірудің даму тарихы
Өндірістік ғимарат каркастарын тұрғызу
TrancoJezz ЖШС-де өткен тәжірибе есебі
Сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
Пәндер