Неліктен Әбу Ханифа кейбір сахих хадистермен амал етпеген?



1 ӘбуХанифа
2 Ханафи мәзһабында қажылық кезі
3 Сахих хадис
Әуелі, ӘбуХанифа хадис ілімін жете меңгерген заманының шоқтығы биік ғалымы екенін ұмытпауымыз қажет. Бұл жайлы хадис ілімінің сұлтаны әл-Бухаридің шейхы саналатын Йахия ибн Адам: «Нұғман (Әбу Ханифа) өлкесіндегі барлық хадистерді жинады. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) қандай нәрсе алынса да, ақырына дейін зерттейтін», –десе, Әл-Бухаридің рауилерінен Хасан ибн Салих:«Әбу Ханифа насих пен мәнсұхты өте жақсы зерттеген, әрі куфалықтардың арасында хадистерді ең жақсы меңгерген, сондай-ақ, көпшілік жамағаттың ұйыған нәрселерін берік ұстанатын және өлкесіне жеткен барлық хадистер мен әсәрларды жаттайтын адам еді,[1] –деп Әбу Ханифаның хадис ғылымындағы ерекше орнын айтқан.
Ал енді оның кейбір сахих хадистермен амал етпеуіне келер болсақ, ханафи мәзһабында әр сахих хадис дәлелге жатпайды. Яғни, сахих хадистердің өзі арнайы шарттар арқылы ғана дәлелге саналады. Осы шарттардың кейбіреуін бірер мысал бере отырып түсіндірмес бұрын мына терминдерге түсінік бере кетейік:
Сахих хадис – «әділет (тақуалық пен адамгершілік қасиеттер) және дабт (жақсы есте сақтау мен терең түсінік) сипаттарына ие кісілердің үзілмеген шежіре бойынша риуаят еткен және шәәз[2] бен міндерден аман хадистері;
Мутауатир хадис – әдейі немесе білместіктен жалған ақпаратта бірігулері мүмкін емес бір үлкен жамағаттың, екінші бір сондай жамағатқа риуаят еткен хабары;
Ахад хадис – мутауатир хадисте талап етілген көлемге жетпейтін аз ғана кісілердің риуаят еткен хабары.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Неліктен Әбу Ханифа кейбір сахих хадистермен амал етпеген?
Мысалы, екі намазды қосып оқуға байланысты сахих хадисті тәрк еткен. Әбу Ханифаның сахих хадис көрсеңдер, сол менің мәзһабым деген сөзі бар емес пе?
Әуелі, ӘбуХанифа хадис ілімін жете меңгерген заманының шоқтығы биік ғалымы екенін ұмытпауымыз қажет. Бұл жайлы хадис ілімінің сұлтаны әл-Бухаридің шейхы саналатын Йахия ибн Адам: Нұғман (Әбу Ханифа) өлкесіндегі барлық хадистерді жинады. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) қандай нәрсе алынса да, ақырына дейін зерттейтін, - десе, Әл-Бухаридің рауилерінен Хасан ибн Салих:Әбу Ханифа насих пен мәнсұхты өте жақсы зерттеген, әрі куфалықтардың арасында хадистерді ең жақсы меңгерген, сондай-ақ, көпшілік жамағаттың ұйыған нәрселерін берік ұстанатын және өлкесіне жеткен барлық хадистер мен әсәрларды жаттайтын адам еді,[1] - деп Әбу Ханифаның хадис ғылымындағы ерекше орнын айтқан.
Ал енді оның кейбір сахих хадистермен амал етпеуіне келер болсақ, ханафи мәзһабында әр сахих хадис дәлелге жатпайды. Яғни, сахих хадистердің өзі арнайы шарттар арқылы ғана дәлелге саналады. Осы шарттардың кейбіреуін бірер мысал бере отырып түсіндірмес бұрын мына терминдерге түсінік бере кетейік:
Сахих хадис - әділет (тақуалық пен адамгершілік қасиеттер) және дабт (жақсы есте сақтау мен терең түсінік) сипаттарына ие кісілердің үзілмеген шежіре бойынша риуаят еткен және шәәз[2] бен міндерден аман хадистері;
Мутауатир хадис - әдейі немесе білместіктен жалған ақпаратта бірігулері мүмкін емес бір үлкен жамағаттың, екінші бір сондай жамағатқа риуаят еткен хабары;
Ахад хадис - мутауатир хадисте талап етілген көлемге жетпейтін аз ғана кісілердің риуаят еткен хабары.
Бірінші шарт:
Ахад жолмен жеткен сахих хадистің дәлелге саналуы үшін ондай хадистің Құранның және мутауатир хадистердің жалпылықты білдіретін үкімдеріне қайшы келмеуі керек. Яғни, ахад жолмен жеткен сахих хадис - Құранның, яки, басқа мутауатир сахих хадистердің білдірген үкімдерінің жалпылығын (ъамм) кейбір жағдайларға байланысты жалқылай (тахсис) алмайды.
Мысалы, Құранда: Сөзсіз намаз мүміндерге арнайы белгіленген уақыттарда (оқылуы) парыз етілді[3], - деп, әрбір намаздың жеке уақытының бар екендігі білдірілген. Сондай-ақ, көптеген мутауатир сахих хадистерде де әр намаздың жеке уақытының бар екендігі әрі әрқайсысының белгіленген өз уақытында оқылуы керектігі жайлы айтылған. Яғни, Құранда да, мутауатир хадистерде де әр намаздың жеке уақытының бар екендігі білдірілген. Ал енді осы үкімнің жалпылығын, яғни әр намаздың жеке уақытта оқылуының парыздығын жолаушылық секілді кейбір жағдайларға байланысты өзгерту үшін өте қуатты дәлел керек. Дәлел ретінде қолданылатын хадистің тек қана сахих болуы жеткіліксіз. Себебі, ахад жолмен жеткен сахих хадис занни болғандықтан өте аз болса да шүбә бар. Ал мутауатирде тозаңдай күмән жоқ. Сондықтан, мутауатир жолмен бекітілген жалпы үкімді ахад жолмен жеткен хадистер арқылы өзгертуге болмайды. Міне, сондықтан Ханафи мәзһабында сапар кезінде екі намазды қосып оқуға рұқсат етілмейді. Себебі, сапар кезінде намаздарды қосып оқудың болатындығын білдірген хадис - сахих болғанымен, ахад жолымен жеткен. Яғни, мутауатир емес. Осыған байланысты ханафи ғұламалары сапар кезінде екі намазды қосып оқудың болатындығын білдіріп келген сахих хадисті Құран мен мутауатир хадистердің жалпы үкіміне сай етіп жорамалдаған. Мысалы, хадистегі бесін мен екінді намаздарының қосылып оқылуын - бесінді өз уақытының соңғы сәтінде, ал екінді намазын алғашқы уақытында оқыды деп жорамал жасаған. Яғни, хадистегі қосып оқу - сырттай қосып оқуға жатқанымен, шын мәнінде, қосып оқуға саналмайды деп тұжырым жасаған.
Ханафи мәзһабында қажылық кезінде Арафатта бесін мен екінді намаздарын, Муздалифада ақшам мен құптан намаздарын қосып оқу сүннет. Өйткені пайғамбарымыздың (с.а.у.) Арафатта және Муздалифада аталмыш намаздарды қосып оқығандығын білдіретін хадистер мутауатир жолмен жеткен.
Міне, сондықтан, Ханафи мәзһабында неліктен екі намазды қосып оқуға болмайды? Сахих хадис тұр ғой. Демек, Әбу Ханифа бұл сахих хадисті білмеген, - деп асығыс үкім беру қате. Себебі, Әбу Ханифаның мұндай үкімге баруы - сахих хадисті білмегендігінен емес, керісінше, Құран немесе мутауатир хадистермен дәлелденген жалпы үкімдерді ахад хадистермен жалқылауға (тахсис) болмайды деген үкім шығарудағы қатаң ұстанымында жатыр. Яғни, Әбу Ханифа Құран немесе мутауатир хадистердің білдірген үкімдерін занни (өте аз да болса күмәнға ие) дәлелдермен өзгертпеу үшін ахад хадистерге сахих болса да аса сақтықпен қараған.
Екінші шарт:
Ахад жолмен жеткен сахих хадистің дәлелге саналуы үшін оны жеткізген кісі өзі риуаят еткен хадиске қайшы амал етпеуі қажет. Мысалы, мутауатир емес, ахад жолмен жеткен сахих хадисті риуаят еткен сахаба егер өзі жеткізген хадиске қарама-қайшы әрекет етер болса, ондай жағдайда Ханафи мәзһабы бойынша оның жеткізген хадисі емес, амалы негізге алынады. Себебі, хадисті жеткізушінің өзі жеткізген хадис бойынша емес, басқаша амал етуі - ол хадистің үкімінің мәнсұх болғандығынан болуы әбден ықтимал. Олай болмағанда, жеткізушінің өзі риуаят еткен хадиске қарама-қайшы әрекет етуі - хадистің сахих болуы үшін қосылған жеткізушінің бойында болуы тиіс әділет шартына зиян келтіргендіктен, хадис сахихтығын жоғалтады. Мысалы, Ханафи мәзһабында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Әбу Һурайрадан риуаят етілгенЫдыстарыңызды ит жаласа, онда оның тазалығы ыдысты жеті рет жуу әрі біріншісін топырақпен ысқылау арқылы жүзеге асады[4] деген хадисі бойынша амал етілмейді. Себебі, хадисті жеткізген Әбу Һурайраның өзі іс жүзінде ит жалаған ыдысын үш рет жуғандығы жайлы дәйекті риуаят бар. Ендеше, Әбу Һурайраның өзі риуаят еткен хадиске қарама-қайшы әрекет етуі - Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл мәселеге байланысты кейіннен айтқан басқа бір хадисін білгендігінен туындауы ықтимал. Яғни, Әбу Һурайра өзі риуаят еткен хадис үкімінің мәнсұх болғандығы үшін басқаша амал жасаған. Сондықтан сөзі емес, ісі негізге алынады.
Үшінші шарт:
Сахих хадис дәлел ретінде қабылдануы үшін хадисті риуаят еткен кісі егер фақиһ, яғни шариғи мағыналарды терең түсінетін әрі ижтиһадымен танылған адам болмаса, ондай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имам Ағзам хақ діннің бастаушысы
Имам ағзам хақ діннің бастаушысы. Әл Фиқһул Әкбар
Хадис тарихы
Хадис әдістемесі
Имам Муслимнің хадис ғылымындағы орны
«Сәләфизм» ағымы туралы
Ислам құқығы (фикх әдістемесі)
Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуы
Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
Ханафи фикх мазхабының негіздері мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа көрсете білу
Пәндер