Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Өзін.өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
2. Оқушы мен мұғалімнің портфолиосын әзірлеу бойынша ұсыныстар
3. Адамгершілік.рухани тәрбие беру үрдісінің мониторингі
4. Тәрбие беру әдістерін, тәсілдері және жаттығуларды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар
III.Қосымша
1. Сабақты талдау схемасы
2. Сабақты өзіндік талдау схемасы
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Соңғы онжылдықта мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас жеткіншек ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады.
Эксперименттік кезең көрсеткендей, оқыту мен тәрбие берудің дәстүрлі және жаңа әдістерінің мазмұнын қайта ұғыну болып жатыр. Жаңа пән өмірдің күрделі жағдайларын талдау, әріптестік ету, шығармашылық, өзін және басқаларды тануда балаларға көмектесетін қазіргі заманғы тәрбиеші, мұғалімнің мүлдем жаңа рөлін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының БҒМ 2010 жылғы 28 маусымдағы №343 бұйрығымен адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру бойынша эксперименттік жұмыс алдыға қойған мақсаттарына жетуіне байланысты аяқталды. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» жаңа пәні енгізілді.
«Өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыстың осы уақытқа дейін болмауына байланысты, аталған пәнді біліктілікті арттыру курсынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, психологтар жүргізеді.
Өзін-өзі тану мұғалімі, ең алдымен, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі анықтауға қабілетті, оқушыларын қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға ұмтылатын педагог.
Өзін-өзі танудың ерекшелігін ескере отырып, сабақтардың бейстандарт түрлері қолданылады, мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар, тренингтер, пікірталастар, өмірлдік бақылаулармен алмасулар жүргізіледі. Ұсыныстарда өзін-өзі тану сабақтарында және тәрбие беру шараларында пайдаланатын интерактивті әдістемелер, сондай-ақ жаттығулардың, сабақтардың, тәсілдердің үлгілі әзірлемелері ұсынылған.
Ұсыныстарда педагогтың кәсіби ұстанымы, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы бойынша материалдар ұсынылған.

1. Аллаярова Г.И., Краснова Н.В. Урок самопознания: структурные компоненты, схема анализа. // «Самопознание-KZ», №4, 2010. – 39 с.
2. Зыков М.Б. Анализ современного урока. Россия, 2004.
3. Малаховская Т.Н. Анализ и самоанализ урока. Минск, 2004.
4. Гайтукаева И.Ю., Юдина И.Г. Тірі бағалау: «Мектептегі портфолио» бағдарламасы. - Панорама , 2006.
5. Жайтапова А.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби өсуі. – Алматы, 2006.
6. Новикова Т.Г. Портфолионың түрлі модельдерін құрастыру. // Әдіскер. – 2005. - №3.
7. Мектептегі тәрбие беру үрдісін басқару. // Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының ғылыми-әдістемелік журналы. – 2005. - №5
8. Жайтапова А.А., Шамина Г.А. Содержание деятельности методиста в контексте модернизации образования. Алматы, 2007.
9. Капустин Н.П. Педагогические технологии адаптивной школы. М. 1999.
10. Караковский В.А. Воспитание? Воспитание…Воспитание! М. 2000г.
11. Кожахметова К.Ж. Критерии оценки воспитательного процесса и уровня воспитанности учащихся. – Алматы, 2008.
12. Авдеева Г.Ф., Протасова Г.В. Методические рекомендации. ИПК ПРО ВКО Усть-Каменогорск, 2000.
13. Майоров А.Н. Мониторинг как научно-практический феномен. Шк. технологии. № 5. 1998. C 3-7.
14. Матрос Д.Ш. Прогнозирование результатов образовательного процесса. Шк. технологии.
15. Рожков Н.И. Организация воспитательного процесса в школе. М. 2001.
16. С.Д. Поляков. Реалистическое воспитание. – Москва, 2004. Программа воспитания учащихся 1-11 классов общеобразовательных школ Республики Казахстан. Алматы, 2008.
17. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты.
18. Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие беру тұжырымдамасы.
19. Г.Ю. Ксензова. «Сынып жетекшісі мен мұғалімнің тәрбие беру іс-әрекеттерінің психологиялық-педагогикалық негіздері», Мәскеу, 2004

МАЗМҰНЫ
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
2. Оқушы мен мұғалімнің портфолиосын әзірлеу бойынша ұсыныстар
3. Адамгершілік-рухани тәрбие беру үрдісінің мониторингі
4. Тәрбие беру әдістерін, тәсілдері және жаттығуларды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар
III.Қосымша
1. Сабақты талдау схемасы
2. Сабақты өзіндік талдау схемасы
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Соңғы онжылдықта мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас жеткіншек ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы - Өзін-өзі тану жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.
Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Бөбек Ұлттық ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен Өзін-өзі тану жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады.
Эксперименттік кезең көрсеткендей, оқыту мен тәрбие берудің дәстүрлі және жаңа әдістерінің мазмұнын қайта ұғыну болып жатыр. Жаңа пән өмірдің күрделі жағдайларын талдау, әріптестік ету, шығармашылық, өзін және басқаларды тануда балаларға көмектесетін қазіргі заманғы тәрбиеші, мұғалімнің мүлдем жаңа рөлін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының БҒМ 2010 жылғы 28 маусымдағы №343 бұйрығымен адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру бойынша эксперименттік жұмыс алдыға қойған мақсаттарына жетуіне байланысты аяқталды. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде Өзін-өзі тану жаңа пәні енгізілді.
Өзін-өзі тану мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыстың осы уақытқа дейін болмауына байланысты, аталған пәнді біліктілікті арттыру курсынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, психологтар жүргізеді.
Өзін-өзі тану мұғалімі, ең алдымен, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі анықтауға қабілетті, оқушыларын қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға ұмтылатын педагог.
Өзін-өзі танудың ерекшелігін ескере отырып, сабақтардың бейстандарт түрлері қолданылады, мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар, тренингтер, пікірталастар, өмірлдік бақылаулармен алмасулар жүргізіледі. Ұсыныстарда өзін-өзі тану сабақтарында және тәрбие беру шараларында пайдаланатын интерактивті әдістемелер, сондай-ақ жаттығулардың, сабақтардың, тәсілдердің үлгілі әзірлемелері ұсынылған.
Ұсыныстарда педагогтың кәсіби ұстанымы, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы бойынша материалдар ұсынылған.
Аталған әдістемелік ұсыныстар оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселелері бойынша материалдардан тұрады және педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған.
Әдістемелік ұсыныстарды өзін-өзі тану мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәрбиешілер пайдалана алады.
Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
Педагог - тәрбие беру басымдылықтарының негізгі жолсерігі. Тәрбие үрдісінің ақырғы нәтижесі оның кәсіби-тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Мейірімділік, кішіпейілділік ортасы, педагогикалық қолдауды күшейту, балаларға белсенді сенім арту - бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының негізін қалаушы жағдайлар. Тәрбиеленушілерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі бойынша олар, ең алдымен, басқа адамдардың бойында мейрімділік, сүйе алу қасиеттерін бағалайды. Достық, адалдық, ақ жүректік, қайырымдылық, көпшілдік, адамдарға құрмет сезімі, жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу сезімі де маңызды болып табылады.
Әрбіп педагог өзінің оқушыларының қандай болғанын тілесе, өзі де сондай болуы тиіс. Бұл кәсіби іс-әрекетте құзыретті әдісті іске асыруға мүмкіндік береді [1,2,3].
Ұстанымдар:
* өз-өзіне сенім - бұл өмірдің негізі;
* педагогтың әсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;
* кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті;
* балалардың өзін-өзі көрсетулерінің алуан түрлілігіне дене және сөз реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті;
* психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;
* а жарқындылық және балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи дарыны, жан жүрегімен қызмет етуге дайындылығы.
Өзін-өзі тану мұғалімінің этикасы[1,3]:
* педагог өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге және өзін-өзін өзгертуге дайын және қабілетті болуы керек;
* баланы сөзсіз қабылдау;
* баланың тұлғасын және өмірлік тәжірибесін құрметтеу;
* Өзінің іс-әрекетін құпиялыққа негіздеу;
* без-келген жағдайда баланы жақтау, қорғау, өйткені баланың үлкендерге қарағанда қателесу құқығы бар;
* жылы, шынайы өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал ету;
* баланың сеніміне мұқият қарау. Балалардың құпияларын сақтай алу;
* балалар мен әріптестеріне мейірімді, сабырлы, шынайы бола білу;
* балалардың оңды көріністерінде жетістік жағдайын құру;
* бшық көзқараспен қарап, күлімсіреуді, мақтауды, қолдауды, жылы сөздерді, ақыл айтуды пайдалану;
* баланың мәселесін шешуде басымдылық балаға берілетінін есте сақтау;
* баланың мәселені ұғынып, жағдайдан шығу үшін лайықты жолдарды іздеуі үшін жағдайлар жасау;
* баланың қайталанбас бірегейлігін мойындау, оның өзекті және ықтималды мүмкіншіліктерін ашуға ықпал ету;
* сезімдерді көрсету мен тәрбиешінің мінез-құлқында шынайылықты, ашықтықты, адалдықты сақтау;
* тыңдау және мән беру, көру және бақылау қабілеті, бағаламай, сынамай, тек өзінің көзқарасы түрғысынан (мұғалімнің емес) түсіне алу;
* зиянын тигізбеу.
Істеуге болмайды:
* қайсы бір ағымға немесе бағытқа жататын белгілері бар ала-құла, ашық-шашық киімдерді киюге болмайды. Киім елеусіз, жылы түстен болуы тиіс;
* сөйлесу кезінде көзіңізге қара көзәйнек кимеңіз - көздер қарым-қатынас жасауда маңыхды рөл атқарады;
* танысуды жылдамдатпаңыз, алғашқы кездесуде бала туралы барынша көп біліп алуға тырыспаңыз. Бірден көптеген сұрақтар қоймаңыз - алдымен өзіңіз туралы, өзіңіздің жұмысыңыз туралы әңгімелеңіз;
* танысудың алғашқы кезінде отбасы, мектеп, тұратын жері, уыт заттарды пайдалануы, жеке бас мәселелері секілді тақырыпта сұрақтар қоймаңыз. Одан да баланың пікірі бойынша көмекті қажет ететін басқа балалар туралы әңгімелескен жөн;
* алғашқы кездесуде бірден балаға көмек беруге тырыспаңыз (көмек көрсетем деп қыстамаңыз) - жұмысыңыз бойынша өзіңіз көмек сұрасаңыз жақсы болады;
* жасөспірімге аяушылық сезіміңізді көрсетпеңіз, бұл кемсітушілік болып көрініп, сіз бен баланың арасын алшақтатуы мүмкін;
* көмектесу қолыңыздан келмесе, уәде етпеңіз;
* өтірік айтапыңз, алдамаңыз, шынайы емес мәліметтерді ешқашан хабарламаңыз. Өтірік ерте ме, кеш пе, бәрібір ашылып қалады, бұл сіздің беделіңізге нұқсан келтіріп, баламен және оның достарымен арақатынасыңызға кері әсерін тигізеді;
* ешқандай саяси ойындарды жүргізбеңіз: біреуге қарсы ешкіммен бірікпеңіз, әрқашан бейтарап болуға тырысыңыз;
* ешкімді ешқашан кінәламаңыз және сөкпеңіз - баланы осы қалпында қабылдаңыз. Оның көзқарастарына, мінез-құлқына, сыртқы түріне сабырлы болыңыз. Бір нәрсе туралы өзіңіздің пікіріңізді сабырлы және дәлелді айту керек;
* баланың пікірлеріне немқұрайлы қарамаңыз - керісінше, ол сіздің қызығушылығыңызды, оның пікіріне деген құрметіңізді сезінуі керек;
* баланың сұрақтары мен тілектерін назарсыз қалдырмаңыз - егер жауабыңыз болмаса, бірден айтыңыз;
* баланың сөзін бөлмеңіз, аяғына дейін тыңдауға тырысыңыз;
* азғыруға бой бермеңіз - ауытқушылық, азғындыру мінез-құлқының себебін түсінуге тырысыңыз;
* араларыңызды қысқартпаңыз және алшақтатпаңыз, ол әрқашан орынды болуы тиіс. Баланың сізді басынып алуына жол бермеңіз. Дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеңіз, әрқашан сыпайы және сабырлы болыңыз;
* бір сұрақты талқылау отырып алмаңыз. Балаға қызықты болуы мүмкін тақырыптар өте көп;
* арзан бедел үшін ешқашан балаға темекі, сыра бермеңіз - бұл заңға қайшы келеді. Ең бастысы, сіз - салауатты өмір салтын уағыздаушы екеніңізді ұмытпаңыз;
* ғибрат айтпаңыз - сіз тек бала мен әлеуметтік ортаның арасындағы көпірсіз, баланың таңдау жасауына мүмкіндік беріңіз;
* блаға немесе жасөспірімге өзіңіздің ортаңызды қыстамаңыз. Егер сізден сөйлескісі келмесе, қинамаңыз. Сіздің оны көруге әлі де уақытыңыз болады;
* қатал бағадан қашыңыз. Сөйлегенде әрқашан сыпайы, әрі әдепті болыңыз (жауласқан топтар, басқа бала, ата-аналар туралы). Сіздің олардың өмірін сынауға құқығыңыз жоқ;
* балалардың арасындағы дау-дамайларда олардың рұқсатынсыз (келісімінсіз) әділқазы рөлін атқармаңыз;
* жұмысыңызға байланысты күйзелістеріңізді жасырмаңыз - мәселелі жағдайларды әріптестеріңізбен талқылауға тырысыңыз;
* балалармен қарым-қатынаста талапты, зілденген дауыспен сөйлепеңіз. Әрқашан ымыраға келуге тырысыңыз, қарым-қатынасты құрылымды диалогқа ауыстырыңыз.
Мектепте және балабақшада өзін-өзі тану пәнінің мақсатын толыққанды іске асыру үшін ерекше сенімділік, ашықтық, құрмет және толеранттылық атмосферасы құрылады. Сабақ кезінде балалар әріптестік етуге, ойлануға күрделі өмірлік жағдайларды шешу жолдарын іздеуге үйренеді. Бұның бәрі баланың тұлғалық өсуіне, өзін-өзі тануына, өзін-өзі іске асыруға көмектеседі.
Сабақтарда мұғаліммен, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде ашық диалог жүргізіледі, адамзаттық қарым-қатынас әлемі зерделенеді, өмірлік бақылаулармен алмасады, қоғаммен практикалық өзара әрекеттестік дағдылары дамытылады. Оқыту үрдісінде түрлі интерактивті формалар, әдістемелік тәсілдер мен жаттығулар пайдаланылады: қуаныш шеңбері, өзімен-өзі жалғыз болғанда, әңгімелесу, рөлдік ойын, топтық өзара әрекеттестік, жағдайларды шешу, жобалық іс-әрекет т.б.
Оқыту мен тәрбие берудің қазіргі заманға сай, дәстүрлі және дәстүрліге жатпайтын интерактивті формалары мен әдістерін жетік меңгерген мұғалімге ерекше рөл беріледі.
Оқушының портфолиосы
Портфолионы құру бойынша ұсыныстар
Адам жетіле түсу үшін кез-келген іс-әрекет бағалауды қажет етеді.
Бағалау - өте көлемді ұғым: ол үрдістен және жұмыс нәтижесінен тұрады. Сонымен қатар бағалау әртүрлі іске асырылуы мүмкін:
1. Сандық көрсеткіш түрінде:
* баға;
* балл;
2. Сапалық көрсеткіш түрінде:
* жұмыс үрдісі мен оның нәтижесі туралы ауызша баға беру;
* эмоционалды реакция.
Осылайша, бағалау тек баға қоюмен шектелмейді. Қазіргі білім беру барынша дараланған, дифференцияцияланған бола түсуде және оқушылардың білім нәтижелерін бағалауда жаңа әдістерді талап етеді. Сондықтан портфолионы енгізу осы мәселені шешуде қажетті жағдай болып табылады.
Портфолио (франц. porter - баяндау, айту, folio - бет, парақ) - жетістіктердің жиынтығы, досье [1].
Портфолио ұғымы бізге Батыс Еуропадан XV-XVI ғасырлары келген. Қайта жаңғыру дәуірінде сәулетшілер портфолио деп аталатын ерекше папкадағы өздерінің құрылыс жобаларының әзірлемелері мен дайын жұмыстарын тапсырыс берушілерге ұсынған. Қазіргі уақытта бизнес саласында портфолио фирманың жетістіктерін көрсету үшін қолданылады, ал фотосуретшілер мен фотомодельдер арасында фотосуреттер альбомы ретінде пайдаланылады.
Білім беру саласында портфолионы пайдалану идеясы АКШ-та 80-жылдардың ортасында пайда болды. Өткен ғасырдың аяғында мектептерде портфолионы пайдалану бүкіл әлемде әйгілі болды.
Портфолио - бұл оқушылардың жеке жетістіктерін белгілеу, жинақтау және бағалау тәсілі, ол бағалау үрдісіне ғана емес, өзін-өзі бағалау үрдісіне де бағытталған [1].
Портфолионың негізгі мақсаты - оқушыларға өздерінің іс-әрекеттерін талдай алу қабілеттерін дамытуда көмек көрсету, оны жалпы қабылданған стандарттармен салыстыру және оның негізінде өзінің энергиясын қайта қарастыру, жетілдіру, қайт бағыттау, жетістікке жету үшін бастаманы қолға алу.
Портфолио бағалаудың қазіргі тиімді түрі ғана емес, сондай-ақ маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:
* оқушылардың жоғарғы оқу мотивациясын қолдау,
* олардың белсенділіктерін және дербестіктерін ынталандыру, оқыту және өзін-өзі оқыту мүмкіндіктерін кеңейту;
* оқушылардың рефлексивті және бағалау (өзін-өзі бағалау) іс-әрекеттерінің дағдыларын дамыту;
* оқу, мақсат қою, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру;
* оқушыларға білім беруді жеке-дараландыруға ықпал ету;
* тиімді әлеуметтену үшін қосымша алғышарттар мен мүмкіндіктердің негізін қалау.
Бағалаудың аталған түрі тек негізіг мектептеде ғана емес, сондай-ақ бастауыш сыныптарда және мектепке дейінгі мекемелерде пайдаланылады [3].
Портфолионың мәні:
1. оқу, жеке жетістіктерді және бағалауды кіріктіреді;
2. алуан түрлі іс-әрекеттердің нәтижелерін талдау арқылы оқушылардың қабілеттерін, олардың тұлғалық қасиеттерін сандық және сапалық бағалауын біріктіреді;
3. бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды, өзін-өзі талдауды және өзін-өзі бақылауды ынталандырады;
4. педагог пен оқушыны әріптестікке бағыттайды;
5. үздіксіз білім беру үрдісінде үздіксіз бағалауды құрады.
Портфолионы құру кезіндегі ұсыныстар
1. Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде тек еріктік (ең алдымен, баланың көзқарасы бойынша) ұстанымы пайдаланылуы керек. Өзінің портфолиосына материалдар жинақтайтын оқушы жеке жетістіктер папкасына қандай құжаттар мен материалдарды салатынын өзі шешеді.
2. Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде ата-аналардың және басқа үлкендердің көмегі мен қолдау қажет, алайда бұл үрдісте баланың орнын толық басуға болмайды. Баланың өзі белгілі бір күш-жігер салу керек, өйткені портфолионы жинақтау кезінде тек ақырғы нәтиже ғана маңызды емес, сондай-ақ оқушы өзінің жетістіктерін ұғынуы, қол жеткізген нәтижелеріне жеке қарым-қатынасын қалыптастыруы қажет. Бұл балаға өзінің мүмкіндіктерін ұғынуға көмектесетін маңызды педагогикалық талап.
3. Оқушы өзінің портфолиосының материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуі керек, алайда үлкендер белсенді көмек көрсеткені жөн. Ең алдымен, портфолио үшін материалдарды жинақтау мен жүйелеудің қажеттілігі туралы есіне түсіріп отыру арқылы. Оқушыға өзінің жетістіктерін көрсетудің түрлі әдістерін пайдалануға кеңес беруге, оқушылардың ғылыми конференцияларына баяндама немесе хабарлама дайындаудың мүмкіндігі және орындылығын көрсетуге болады. Осындай жұмыстарды кез-келген педагог, өзінің пікіріне мәжбүрлемей, атқара алады, сонымен қатар бағалау оқушылардың белсенділіктерін ынталандырады. Мысалы, оқушыға қызықты әлеуметтік жобамен айналысатын топтың жұмысына қосылуға кеңес беру.
Осылайша, оқушының портфолиоға материалдар жинақтау туралы мәселені өз бетінше шешу құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ оны қажетті психологиялық және практикалық қолдаусыз да қалдырмау керек.
4. Портфолионы әзірлеу кезінде қосымша және кәсіби білім беру ұйымдарына, балалардың қоғамдық ұйымдарына жиі бару керек, оқушыны олар өткізетін шараларға қатысуға ынталандыру қажет. Бұл мектептер ұсынатын олимпиадалар, сайыстар және викториналардың тар шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Өйткені бұл шараларға пәндерге деген қызығушылықтары бар болса да, әрбір оқушы қатыса алмайды. Сондықтан аталған әлеуметтік орталарға бару оқушының портфолиосы үшін материалдарды джинақтау мен жеке жетістіктерін көрсетуде мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
5. Портфолионы әзірлеу кезінде материалдарды көптеп жинақтаумен және басқа оқушылармен ал менде екі пікірге артық деген ұстаным бойынша жарысумен елігуге болмайды. Портфолио үшін құжаттар мен материалдарды жинақтауға барынша мұқият болу керек. Өйткені олардың саны емес, сапасы маңыздырақ.
[3,4].
Портфолионың құрылымы
1. Алғашқы бет (түсқабы);
2. мазмұны;
3. бірінші бөлім: Менің портретім;
4. екінші бөлім: Құжаттар портфолиосы;
5. үшінші бөлім: Жұмыстар портфолиосы;
6. үшінші бөлім Пікірлер портфолиосы;
7. бесінші бөлім: Жинақ сандықша (жадынамалар, нұсқаулар, пайдалы ақпараттар).
Бөлімдер
1. Менің портретім - жеке мәліметтерден, автобиографиядан және балаға мінезін, қабілеттерін талдауға, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау әдістерін, мақсат қоюды білуге, осы мақсатқа қол жеткізу жолдарын айқындауға көмектесетін психологиялық диагностиканың нәтижелерінен тұрады.
2. Құжаттар портфолиосы - сертификатталған (құжатталған) жеке жетістіктердің жинағы. Құжаттардың көшірмесін беруге болады.
3. Жұмыстар портфолиосы - түрлі шығармашылық, зерттеу жұмыстарының, рефераттардың, жобалардың (пайдаланылған әдебиеттері көрсетілген), қысқаша сипаттамасы бар модельдер мен макеттердің, тізімі көрсетілген шығармашылық жұмыстардың жинағы, сондай-ақ ғылыми конференцияларға, оқу семинарларына, мектептік мейрамдарға, шараларға қатысу.
4. Пікірлер мен ұсыныстардың портфолисы - оқушының мұғалім ұсынған іс-әрекеттің әлуан түріне қарым-қатынасының сипаттамасы, оқушының өзінің нақты іс-әрекеті мен оның нәтижелеріне жазбаша өзіндік талдауы. Бөлім оқушының адамдарға, оқиғаларға, іс-әрекеттің түрлеріне қарым-қатынасының сипаттамасынан тұрады (БАҚ мақалалары, мақалаға пікір, мұғалімнен, ата-ананың, достарының пікірлері) [1,4].
Назар аударыңыз!
1. Портфолио бағдарламасын іске асыру бірнеше жылдарға есептелген, бұл маңызды білім нәтижелерінің траекториясын құруға мүмкіндік береді, баланың жеке дамуын бақылауды қамтамасыз етеді, алған білім, білік, дағдыларын тәжірибе жүзінде пайдалана ару қабілеттерін көрсетеді.
2. Портфолиомен жұмыс істеу технологияны пайдалануды (іскери ойындар, тренингтер, топтың іс-әрекеттер), баланың өз бетінше жұмыс істеуі мен педагогпен жеке өзара әрекеттестігін қарастырады.
3. Портфолиомен жұмыс істеуге ата-аналар, пән мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, психологтар тартылады. Жұмысқа сынып жетекшісі жетекшілік етеді.
Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы
Портфолионың мақсаты: педагогтың жеке кәсіби жетістіктері мен жұмыстарының нәтижелігін ұсыну.
Мұғалімнің портфолиосы - бұл педагогтың жұмысын бағалаудың баламалы формасы ретінде қарастырыла алатын педагогтың жеке жетістіктерінің жиынтығынан тұратын құжаттар жинағы [1, 2].
Портфолионың міндеті:
1. Педагогтың кәсіби-тұлғалық сипаттамасын қалыптастыру;
2. Кәсіби өзін-өзі ұйымдастыруды, негізгі құзыреттіліктерді дамыту;
3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелігін арттыру;
4. Мұғалімнің педагогикалық шығармашылығына көмектесу.
Портфолионың құрылымы:
1. жалпы мәліметтер:
* фотосурет (қызықты, отбасымен, балалармен түскен фотосуреттер де жарайды);
* аты-жөні, тегі;
* туған жылы;
* жұмыс орны;
* білімі (дипломның көшірмесі);
* гтүрлі саладағы жетістіктері;
* грамоталар, дипломдардың, құрметті атағы мен деңгейлерінің болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;
* біліктілікті арттыру куәлігінің көшірмесі.
2. Өзін-өзі презентациялау (өзі туралы мәліметтер).
Еркін формада, қызықты түрде, әрбір блок бойынша диагностикалық материалдар мен нәтижелерді беру, сондай-ақ жеке өсуінің даму болашағы туралы өзінің пікірін жазу.
* Мен - адаммын (табиғи қасиеттер, сырт бейнесі, жеке-даралығы т.б.).
* Мен - тұлғамын (мінезі, қалауы, жарқын бейнесі т.б.).
* Мен және менің отбасым (еркін түрде).
* Мен - кәсіби маман (қызығушылығы, қажеттілігі, жетістігі, Өзін-өзі тану пәтуралы).
* Мен және қоғам (Мен әлемнің ішінде, әлем менің ішімде, менің ерекше қасиеттерім).
* Өз-өзімен әңгімелесу, өзіне өзі туралы айту (өзінің мақсаты туралы, өмірдік мәні туралы, тағдыры туралы, қарым-қатынастар туралы, жетістіктері туралы, талдау, бағалау, болжам, рефлексия т.б.).
* Менің өмірлік ұстанымым (ол туралы әңгімелеу, талқылау және негіздеу т.б.
* Менің бағдарым және идеалым (өмірлік, маңызды).
3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері.
Аталған бөлім адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша педагогикалық іс-әрекеттердің нәтижелер қарқынын көрсететін материалдардан тұрады.
* Балалардың білім бағдарламаларын меңгеру нәтижелері бар және олардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуы туралы материалдар.
* Үш жылғы іс-әрекет туралы салыстырмалы талдау (диагностиканың нәтижелері).
* Балалардың - олимпиадалар, фестивальдер, жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарының тізімі.
4. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет.
Бұл бөлім педагогтың кәсібилігі туралы куәлік беретін материалдардан тұрады.
* Өзін-өзі тану пәнін оқытуды таңдау негізделетін материалдар.
* Пән бойынша өткізілген шеберлік сыныптарының, семинарлардың тізімі.
* Конференциялар мен педагогикалық кеңестердегі баяндамалар.
* Сайыстарға қатысу.
* Жарияланымдар тізімі.
* Адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша үздік сабақтардың, шаралардың материалдар (бейнематериалдар).
* Өздігінен білім алу бағдарламасы.
* Басқа құжаттар.
5. Сабақтан тыс іс-әрекет.
* Өзін-өзі тану мәселелері бойынша ата-аналармен, әріптестермен өзара әрекеттесу.
* Өткізілген шаралар бойынша материалдар
6. Оқу-материалдық база.
Бөлімде пән бойынша білім үрдісінің оқу-әдістемелік және техникалық жабдықталуын растайтын құжаттар болады.
* Кабинеттегі анықтама және энциклопедиялық әдебиеттердің тізімі.
* Оқытудың техникалық құралдарының болуы.
* Көрнекілік құралдардың тізімі.
* Оқу үрдісін қамтамасыз ететін тәрбие беру технологияларының, ойындардың т.б. құжаттардың тізімі.
Портфолионы рәсімдеу
Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы аталған мектепте қабылданған форма және құрылымға сәйкес жинақтау папкасында рәсімделеді.
Педагогтың папкаға өзінің даралығын сипаттайтын материалдарды, қосымша бөлімдерді қосуға құқығы бар (өзінің қалауы бойынша).
Портфолионың материалдарына айы, күні жазылуы керек.
Директордың орынбасары немесе тәжірибелі әдіскер мұғалім педагогтарға жинақтау папкасын әзірлеу бойынша көмек көрсетеді.
Портфолионың презентациясы
Портфолионың презентациясы шығармашылық топтың отырыстарында, семинарларда өткізіледі. Презентация көрме, слайд-шоу, баяндама түрінде өткізілуі мүмкін. Презентацияның мақсаты - қысқа уақытта педагогтың нақты кезеңдегі іс-әрекетінің негізгі нәтижелерін ұсыну.
Адамгершілік-рухани тәрбие беру үрдісінің мониторингі
Барлық ғасырларда адамгершілік-рухани тәрбиелік жоғары бағаланған. Жақсы тәлім-тәрбиені мектепте немесе жанұядан ғана алмайды, адам өзін-өзі де тәрбиелей алады. Тек нағыз тәрбиелік деген не екенін біліп алу қажет. Тәрбиелі адам - бұл басқа адамдардың пікірімен санасқысы келесін және санаса алатын, өзінің инабаттылығы өзіне ұнайтын, дағдыға айналдырған адам. Бұл үлкендермен де, жасы кішілермен де, мәртебесі төмендермен де бірдей сыпайы адам, - деп есептейді академик Д.С.Лихачев
Өзін-өзі тану оқу пәні ретінде тұлғаның тиімді әлеуметтенуіне ықпал етеді, тұлғаның адамгершілік негіздерінің қалыптасуы, рухани өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауда негізгі рөлді орындауға бағытталған. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі бағалауымен байланысты.
Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақты ұйымдастыру үшін оқытудың психологиялық негіздері, оқушы тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының психологиялық сипаттамасы, дағдылардың психологиялық ерекшеліктері, тапсырмаларды орындау, мәселелерді шешу кезіндегі балалардың психологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz