Қазақтың халық медицинасы және тілі



1 Шынайы тәуіп не мағыналы сөз?
2 Қазақтың халық медицинасы
Тіршілік атаулы өз өмірін сақтау үшін күреседі.Сол күрес барысында шыңдалады, қуаты асады және ақылдырақ бола түседі. Яғни күрес үстіндегі өмірге қажетті тәжірибе жинайды.Адам баласының өз өмірі,денсаулық үшін күресі медицинаны туғызады.Ол әрине жекелеген адамдардың жеке бастың тәжірибесінен жинақталып, бүкіл халықтың жалғасты өмір сүрудегі легін құрайды.Барлық ұрпақтардың тәжірибесімен ұштасып, барған сайын молығып, баий түскен, ары халық медицинасы болып қалыптасқан.
Қазақ елінде ұзақ тарихи өмір жолында өзінің халықтық медицинасын туындатқан. Қазақтың халық медицинасы жәйлы ойлағанда менің ойыма ылғи «тәуіп» атауы оралады.Күні кеше «тәуіп» атауына құбыжық көргендей сескене қарадық. Ал бүгін ше? Әлі де тосырқай онша ықыласты қолданбай отырмызба дейміз.
Шынайы тәуіп не мағыналы сөз?
Ұйғырлар біздің дәрігер атауымызды «табиб» деп атайды.Мұқият үңіліп, тереңірек көз жіберсек табиб- табу, яғни аурудың түрін ажырату,қандай ару екенін белгілеу мәнінде екендігін аңғару қиын емес. Демек табиб- диагноз қоюшы, табибия-диагностика мәнін береді деуге болады.Ал тәуіп- табиб сөзінің қазақшалағанда нұсқамасы емеспе? Өйткені түркілік тіл жүйесінде в,б,п,у дыбыстары алмас қолданыла алады.Тіпті қазақтың өзі ойлап тап,іздеп тап, мұны табу керек, мен тауып алдым, ол тауып алды, тапты деп айта береді, тіпті бұл сөзге дәлел іздеу артық.
«Дәрігер» сөзіне келсек, бұл –дәрі жасаушы, былайша айтқанда,фармаколог мәнінде екені айқын. Ендеше дәрігер, тәуіп, емші(емкос) сөздерін мыйша былықтырып жүрген біз өзіміз ғой, өйткені тілдік тұлғалардың мән-мағынасын тереңірек байыптауға құлқымыз жоқ.Әйтпесе, қазақ атам врачты- емші, диагноз қоюшыны-тәуіп, фармакологты-дәрігер,- деп айқын ажыратып атын атаған екен.
Осыдан қазақтың халық медицинасы әу баста-ақ үлкен үш салаға бөлінген деп пайымдаған жөн.Табибия –диагностика, дәрігерлік –фармокология , емшілік –терапия, дәрі қолдану яки басқа да әдістер арқылы ем жүргізуші екендігін ұғынуға болады. Ендеше қазақтың сонау бір ерте,ерте,ертеде озық дамыған алдыңғы қатарлы ғылыми медицинасы болды дей аламыз.
Медицинаны ұйғырлар сақия дейді, ал қазақтар ауырып жазылған адамға сақайдың ба деседі. Бұл әбден сауықтың ба,аурудан арылдың ба дегені. Медицинаның мақсаты адам баласын аурудан арылту, толық сау денелі болуға жеткізу.Ендеше сақия қазақ тіліне жат сөз емес. Сақ, сау бір мәндес сөздер. Сондықтан бабаларымыз медицинаны сақия, яғни денсаулық сақтауға қатысты білімдер жиынтығы деп атаған.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫ ЖӘНЕ ТІЛІ. Тіршілік атаулы өз өмірін сақтау үшін күреседі.Сол күрес барысында шыңдалады, қуаты асады және ақылдырақ бола түседі. Яғни күрес үстіндегі өмірге қажетті тәжірибе жинайды.Адам баласының өз өмірі,денсаулық үшін күресі медицинаны туғызады.Ол әрине жекелеген адамдардың жеке бастың тәжірибесінен жинақталып, бүкіл халықтың жалғасты өмір сүрудегі легін құрайды.Барлық ұрпақтардың тәжірибесімен ұштасып, барған сайын молығып, баий түскен, ары халық медицинасы болып қалыптасқан.
Қазақ елінде ұзақ тарихи өмір жолында өзінің халықтық медицинасын туындатқан. Қазақтың халық медицинасы жәйлы ойлағанда менің ойыма ылғи тәуіп атауы оралады.Күні кеше тәуіп атауына құбыжық көргендей сескене қарадық. Ал бүгін ше? Әлі де тосырқай онша ықыласты қолданбай отырмызба дейміз.
Шынайы тәуіп не мағыналы сөз?
Ұйғырлар біздің дәрігер атауымызды табиб деп атайды.Мұқият үңіліп, тереңірек көз жіберсек табиб- табу, яғни аурудың түрін ажырату,қандай ару екенін белгілеу мәнінде екендігін аңғару қиын емес. Демек табиб- диагноз қоюшы, табибия-диагностика мәнін береді деуге болады.Ал тәуіп- табиб сөзінің қазақшалағанда нұсқамасы емеспе? Өйткені түркілік тіл жүйесінде в,б,п,у дыбыстары алмас қолданыла алады.Тіпті қазақтың өзі ойлап тап,іздеп тап, мұны табу керек, мен тауып алдым, ол тауып алды, тапты деп айта береді, тіпті бұл сөзге дәлел іздеу артық.
Дәрігер сөзіне келсек, бұл - дәрі жасаушы, былайша айтқанда,фармаколог мәнінде екені айқын. Ендеше дәрігер, тәуіп, емші(емкос) сөздерін мыйша былықтырып жүрген біз өзіміз ғой, өйткені тілдік тұлғалардың мән-мағынасын тереңірек байыптауға құлқымыз жоқ.Әйтпесе, қазақ атам врачты- емші, диагноз қоюшыны-тәуіп, фармакологты-дәрігер,- деп айқын ажыратып атын атаған екен.
Осыдан қазақтың халық медицинасы әу баста-ақ үлкен үш салаға бөлінген деп пайымдаған жөн.Табибия - диагностика, дәрігерлік - фармокология , емшілік - терапия, дәрі қолдану яки басқа да әдістер арқылы ем жүргізуші екендігін ұғынуға болады. Ендеше қазақтың сонау бір ерте,ерте,ертеде озық дамыған алдыңғы қатарлы ғылыми медицинасы болды дей аламыз.
Медицинаны ұйғырлар сақия дейді, ал қазақтар ауырып жазылған адамға сақайдың ба деседі. Бұл әбден сауықтың ба,аурудан арылдың ба дегені. Медицинаның мақсаты адам баласын аурудан арылту, толық сау денелі болуға жеткізу.Ендеше сақия қазақ тіліне жат сөз емес. Сақ, сау бір мәндес сөздер. Сондықтан бабаларымыз медицинаны сақия, яғни денсаулық сақтауға қатысты білімдер жиынтығы деп атаған.
О бір заманда қазақ елінде дамыған медицина ғылымы болды дегенге, бәз бір достарымыз бәлкім күле қарап қолын бір-ақ сілтей салар.Олай болса бетіңізден жарылқасын, ал дәлел фактіге онда сабыр қылып ой толғайық. Белгілі ғылым медицина ғылымының докторы марқұм Естөре Оразақов 1989 жылы Алматыда ғылым баспасы шығарған Қазақ халық медицинасы кітабында: Әскерй дәрігер А.Ягмин (1845) халық емшілері арасында адам организмінде болатын тіршілік процесіне философиялық түйндеулер жасағандар да болғанын еңбегінде келтіреді. Олар науқасты организміндегі өзгерістеріне байланысты салқын, ыстық, құрғақ және ылғал деп төтр топқа бөлген. Емдік әдістерде организмдегі озгерістеріне байланысты салқын, ыстық,құрғақ және ылғал деп төрт топқа бөлген. Емдік әдістерде организмнің осы төрт жағдайына сәйкес жасалуы керек деп түйеді олар. Қазақ емшілерінің ауруды бұлайша төрт типке бөлуі кімдердің пікірлерімен үнделіп, қайдан бастау алып жатқанын байқаған, түсінген кезде, бұл жағдайда таң қалмасқа болмайды.
Жаңа эраға дейінгі 460-377 жылдары өмір сүрген грек халқының ұлы перзенті, медицина атасы-Гипократ адам баласын табиғатына қарай былай бөледі: Әр адамның бір-бірінен айырмашылығы организмдегі төрт шырын - қан , сілекей, сары ет және қара еттің қасиеттеріне тікелей байланысты.Сол төтр шырынның негізін табиғаттың төрт құбылысы - жылы , салқын, құрғақ және ылғал болуынан,- деп пайымдайды. Адам баласынвң мінез-құлқымен, қызу қандылығы организмдегі сол шырынның қай түрінің басымдылығына қарай төрт жағдайда болатындығы Гипократтың пікірінше дәлелденіп, адамдар негізінен төрт топқа бөлінеді. Одан соң былай жазады Қазақ даласында сол бір қараңғылық жағдайында дүниеге келген бұл түсінік ғылыми сипатқа ие болып отыр. Оларды ғылыми тұрғыдан орталық нерв жүйесінің типтері,.- дейміз. Мына нәрсені де де қоса айта кету ләзім. Әйгілі ғұлама Гипократ ғылыми жұмыс-қа кіріспес бұрын көп жыл бойы сақтар ішінде болғандығын өзі атап өтеді. Ұлы ғұлама сақ еліне бос қаңғырып уақыт өткізуге келмеген әрине, ұлы адам сақ елінің емдеу тәжірибесін зерттеу үшін келді деп пайымдамақ керек. Гиппократ былай жазған. Денесінің қандайда бір жері күйдірілмеген сақты табу қиын. Өйткені сақтар күйдіру жолымен емдеуді бірінші орынға қояды. Осындай әрі жеңіл, әрі тиімді, әрі үнемді әдісті сақтар атам заманында-ақ білгендігін ұлы ғалым айтып отыр ғой. Ол бұл күйдіу әр мүшеден кезігетінін де айта кетеді, ендеше сол бабалар әсер ету нүктелері жайында да білген ғой. Сақтардың медициналық білім деңгейінің жоғарылығын 1976 жылы Кубан жерінен табылған бас сүйекте айғақтайды. Ғалымдар бұл бас сүйекті бұдан бес мың жыл бұрын өмір сүрген түрік жауынгері, оның миына операция жасалған, опнрациядан соң алты ай өмір сүрген деп пікір айтқан. Қазақтың дәрі- дәрмектері өзге емдері: ұшықтау ( тітіркендіру), уқалау, сипалау, ыстық өткізу, суық басу, күйдіру, оңашалау( карантин) әдістері күні бүгін ең тиімді тәсілдер болып отыр.
Дәл бүгін ғылымда қолданылмай жүрген тағы бір тиімді әдіс бар. Ол суыну әдісі. Ауру адам( сау адамға бұл өте тиімді ) жұмыс істеп, яки жол жүріп шаршап келеді де келген бетте нәр татпай жатып қалады. Қимылсыз танығу ең кемі екі сағат болуы керек. Ең жақсысы көз шырымын алып, біраз ұйықтап алса тіаті жақсы, оданда жақсысы таң асу. Тамақ ішпей ұйықтап, таңертең бірақ ораза ашу.Бұл суыну қанды тазартады, қан айналымын жақсартады.
Бұл әдіс малға да қолданылады, әсіресе жұмыс көлігіне, адамға малга өте пайдалы, суымалы малға ыстық шығады дейді, әр жері қышып, жүні ұйпалақтап қөзінен ірің, былшық шығады, отқа тәбеті болмайды, ет алмайды. Үзілді-кесілді пікір айтып қол сілтей салып қарқ-қарқ күлген мен іс біртейді, өмірлік фактілерге, дәлелді практикаға әлі де тереңірек үгілмек құп. Соң күлген оң күледі бүгін қолымызда билік, басымызда атақ тұрғанда өзімізден өзге, дүниеде жан жоқтай көрмелік. Айта берсек исі қазақ үйіне кездей соқ жылан кіріп кетсе, тостағанға сүт құйып жыланның алдына қояды, оған тиіспейді. Мұның мәнісі былай екен; ерте,ерте, ертеде Аиюп атты пайғамбар өмір сүріпті. Ол үсті басын жарақат қаптап, әр жері іріңдеп, жарылып 18 жыл азап шегіпті. Денесі сасып, шіріп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық қазақ медицинасының дамуының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ
Халық медицинасы
Түркі халықтарының күнтізбесі, астрономиялық ілім-білімдері
ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Халық медицинасы ның құпиясы
Қазақ тіліндегі халықтық медицина терминдеріне этнолингвистикалық сипаттама
Халық медицинасында қолданылатын өсімдіктер
Халық емшілігі
Балаларды тәрбиелеу және халық медицинасы
Пәндер