ТМД елдерінде музыкалық тәрбие беру облысында озат тәжірбиелердің қолдануы



1. ТМД елдерінің музыкасының мазмұны
2. Олардың музыкалық ерекшеліктері
3. В.А.Сухомлинскийдің музыкалық тәрбие беру туралы
Музыка, музыкалық дыбыстардың мелодиясы, әсемдігі – адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін берудің маңызды құралы, жүрек ізгілігі мен жан тазалығының қайнар көзі. Музыка табиғаттың, адамгершілік қарым-қатынастың, еңбектің сұлулығына адамдардың көзін ашады. Музыканың арқасында адамда тек қоршаған дүниедегі ғана емессондай-ақ адамның өзіндегі де асқақ, сәулетті, әсем нәрсе туралы ұғым оянды. Музыка-адамның өзін-өзітәрбиелеуінің қуатты құралы.
Ресей музыкасы. Орыс музыкасының төркіні шығыс славян тайпаларының музыка мұраларына саяды. Діни әдет-ғұрып пен салт-жораларға байланысты туған ән-әуендер негізінен пентатоникалық немесе диатоникалық ладқа құрылды. Бертін келе өз алдына жеке жанр болып, кең тынысты, еркін иірімді лирикалық халық әні пайда болды. Киев Рисі кезеңінде қаһармандық эпос жанры дәуірлеп, бірнеше бөлімді былиналар туындады. Бұл дастандар белгілі бір әуенмен орындалды. Ежелгі орыс феодал мемлекетінің құрылуымен байланысты сарайлық және қоғамдық музыка өріс алды. Байырғы жазба ескерткіштері мен археол. қазбалардан табылған ежелгі мұралардан аспаптық музыканың ертеден келе жатқандығын аңғаруға болады. Көне музыка аспаптары: гусля, гудок, сопель, свирель, цевница, бубналар т. б. Әскери сапқа тұру немесе мемлекет салтанат шерулерінде кернейлер мен мүйіздер және накралар (литавра іспетті аспап) қолданылды. Зиялылар музыка мәдениетін уағыздаушылар негізінен скоморохтар болды. Олар шіркеу қудалауына қарамастан халық арасында кең танылды.
1. В.А.Сухомлинский «Сердце отдаю детям» Алма-Ата «Мектеп» 1978
2. В.А.Сухомлинский «Голубые журавли» Алма-та «Жалын»
3. 1979ж. 112б.
4. В.А.Сухомлинский «Мудрая власть коллектива» Алма-Ата «Мектеп»
5. 1979ж. 248б.
6. Н.Ш. Шеденов «Экономика теориясы», А. 2002 6-12 бет.
7. Аубакиров Я.А. «Экономика теория негіздері», А. 1998 ж. 8-18 бет.
8. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С. Жанайдаров У.Л. «Экономикалық теория оқу құралы», Астана 2002 ж. 5-14 бет.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ТМД елдерінде музыкалық тәрбие беру облысында озат тәжірбиелердің қолдануы. (Ресей, Украина, Белоруссия, Прибалтика, Өзбекстан, Қырғызстан және т. б.)

Жоспары:
1. ТМД елдерінің музыкасының мазмұны
2. Олардың музыкалық ерекшеліктері
3. В.А.Сухомлинскийдің музыкалық тәрбие беру туралы

Музыка, музыкалық дыбыстардың мелодиясы, әсемдігі - адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін берудің маңызды құралы, жүрек ізгілігі мен жан тазалығының қайнар көзі. Музыка табиғаттың, адамгершілік қарым-қатынастың, еңбектің сұлулығына адамдардың көзін ашады. Музыканың арқасында адамда тек қоршаған дүниедегі ғана емессондай-ақ адамның өзіндегі де асқақ, сәулетті, әсем нәрсе туралы ұғым оянды. Музыка-адамның өзін-өзітәрбиелеуінің қуатты құралы.
Ресей музыкасы. Орыс музыкасының төркіні шығыс славян тайпаларының музыка мұраларына саяды. Діни әдет-ғұрып пен салт-жораларға байланысты туған ән-әуендер негізінен пентатоникалық немесе диатоникалық ладқа құрылды. Бертін келе өз алдына жеке жанр болып, кең тынысты, еркін иірімді лирикалық халық әні пайда болды. Киев Рисі кезеңінде қаһармандық эпос жанры дәуірлеп, бірнеше бөлімді былиналар туындады. Бұл дастандар белгілі бір әуенмен орындалды. Ежелгі орыс феодал мемлекетінің құрылуымен байланысты сарайлық және қоғамдық музыка өріс алды. Байырғы жазба ескерткіштері мен археол. қазбалардан табылған ежелгі мұралардан аспаптық музыканың ертеден келе жатқандығын аңғаруға болады. Көне музыка аспаптары: гусля, гудок, сопель, свирель, цевница, бубналар т. б. Әскери сапқа тұру немесе мемлекет салтанат шерулерінде кернейлер мен мүйіздер және накралар (литавра іспетті аспап) қолданылды. Зиялылар музыка мәдениетін уағыздаушылар негізінен скоморохтар болды. Олар шіркеу қудалауына қарамастан халық арасында кең танылды. Христиан дінін мемлекет дін ретінде қабылдаумен байланысты (10 ғ-дың соңы) Ежелгі Русь профессионалды музыка өнерінің бірден-бір түрі -- шіркеулік ән етек алды. Шіркеулік әннің өзіндік ұлттық түрі 16 ғ-да қалыптасты. 17 ғ-да оның сан ғасырлық даму барысындағы теориялық негіздері бір жүйеге түсіріліп, крюк жазуы (осы кезеңдегі ноталық белгінің бірі -- крюк атымен аталған) жетілдірілді. 17 ғ-да өмірге көзқарас пен идеологияның өзгеруіне орай жаңа музыка формалар (партестік ән, кант т. б.) туды. 18 ғ-да музыка дін шылауынан босанып қоғамдық және мәдени өмірден орын ала бастады. Опера театры пайда болып, осы ғасырдың соңында көпшілік концерттері көрсетіле бастады. Бұл жаңа формалар алғаш феодал ақсүйектер қызықтайтын ойын түрі болса, кейін жалпы көпшілік арасына кең тарады. 30 жылдары сарайлық итальян операсы ұйымдастырылды. 50 жылдары Москва мен Петербургте шетелдік опера антреприздері пайда болды. Россияда белгілі итальян композиторлары Б. Галуппи, Т. Траэтта, Дж. Паизиелло, Дж. Сарти, Д. Чимароза қызмет етті. 1780 ж. Москвада Петров театры ашылды. 1783 жылдан Петербургтегі музыка спектакльдер Тас (Үлкен) театр сахнасында көрсетілді. 18 ғ-дың 2-жартысында М. С. Березовский, Д. С. Бортнянский, В. А. Пашкевич т. б. бастаған орыстың композиторлық мектебі қалыптасты. Тұңғыш музыка жинақтары (В. Ф. Трутовский мен И. Прачтың жинақтары) жарық көрді. 18 ғ-да ән мен қара сөз араласып келетін опера түрі (М. М. Соколовскийдің Диірменші -- сиқыршы, алдамыш құда т. б.) дүниеге келді. 19 ғ-дың бас кезінде белең алған романтикалық тенденцияға байланысты опера жанрында аңыз-ертегі мен халықтық-эпикалық, қаһармандық тақырыпқа (С. И. Давы-довтың Леста, Днепр су перісі, К. А. Кавостың Илья батыры, Иван Сусанины т. б.) ден қою басым болды. Романтикалық операның Глинкаға дейінгі ірі өкілі А. Н. Верстовский баллада жанрына да елеулі еңбек етті. 30 -- 40 жылдары М. И. Глинка творчествосы классикалық орыс музыкасының жаңа дәуіріне жол ашты. Оның творчествосы арқылы орыс музыка мектебі ұлттық европалық музыка мектептерінің алдыңғы санатынан орын алды. Осы тұста музыка бейнелеу құралының кілтін адамның шынайы сөйлеу тілінен іздеген А. С. Даргомыжекий қанық бояулы, әлеуметтік шындыққа толы музыка образдар (Тас мейман т. б.) жасады. 50 -- 60 жылдары музыка өмірінің ауқымы кеңіп, профессионалды музыка білімін беру қолға алынды. Бұл салада 1859 ж. Петербургте А. Г. Рубинштейннің басшылығымен ұйымдастырылған Орыс музыка қоғамы елеулі еңбек етті. Петербург (1862), Москва (1866) консерваториялары шаңырақ көтерді. 1862 ж. Петербургте тегін оқытатын музыка мектебі ашылды. 60 жылдардағы революция-демократия идеялар Құдіретті топ композиторларының творчествосынан айқын көрініс тапты. Осы кезеңде музыка сыны (В. В. Стасов, А. Н. Серов т. б.) жоғары сатыға көтерілді. 19 ғ-дың 2-жартысында орыс музыкасы дүние жүзілік музыка өнерінің жарқын беттерінен орын алды. Реалистік терең мазмұн мен құнарлы тілге, бай бейнелеу тәсілдеріне толы тамаша туындылар осы кезеңде туды. Отан тарихы мен әдебиеті, ұлттық эпосы монументті операларға арқау болды. Симфония музыка мен романс жанры гүлденді. П. И. Чайковский, А. П. Бородин, Н. А. Римский-Корсаков, М. А. Балакирев, М. П. Мусоргский сынды ұлы композпторлар осы кезеңде өздерінің- ең таңдаулы туындыларын жазды. 19 -- 20 ғ-дың қарсаңында А. К. Глазунов, С. И. Танеев, А. К. Лядов творчествосы жаңа қырымен танылды. Оларға өкшелес А. С. Аренский, Вас. С. Калинников, М. М. Ипполитов-Иванов, А. Т. Гречанинов, С. М. Ляпуновтың сәтті қадамы орыс музыка өнерін байыта түсті. 20 ғ-дың бас кезіндегі рев. қозғалыстың өрбуі Римский-Корсаков, С. В. Рахманинов пен А. Н. Скрябин туындыларынан аңғарылып жатты. 20 ғ-дың екінші он жылдығы қарсаңында бертінгі романтикалық өнердегі эмоциянализм мен модернистік ағымдарға қарапайым дарқандық пен қуаттылықты, жігерлі ырғақты қарсы қойған И. Ф. Стравинский, С. С. Прокофьев шығармалары көпке танылды. 20 ғ-дың бас кезінде музыка орындаушылық өнері қанат жайды. 19 ғ-да О. А. Петров, Ф. Й. Стравинскийлер негізін салған орыс ән айту мектебі Ф. И. Шаляпин, А. В. Неж-данова, Л. В. Собинов, И. В. Ершов сынды әншілермен толысты.
Қазан революциясы жеңгеннен кейін орыс музыка өнерінің жаңа даму кезеңі басталды. Үкімет пен партия халықтың музыка мәдениетін өркендетуге қолайлы жағдай туғызып, оны коммунистік тәрбие беру құралына айналдырды. Осы алғашқы кезеңде советтік тақырыпқа қалам тартқан композиторлар -- Глазунов, Ипполитов-Иванов, А. Д. Кастальский, Р. М. Глиэр, С. Н. Василенко, А. Ф. Гедике, М. Ф. Гнесин; орындаушылар мен педагогтар -- К. Н. Игумнов, А. Б. Гольденвейзер, Л. В. Николаев; сыншылар мен музыка зерттеушілер -- В. Г. Каратыгин, А. В. Оссовский, Б. В. Асафьев, Б. Л. Яворский, М. В. Иванов-Ворецкий. Орыс музыкасы көп ұлтты СССР музыка мәдениетінің (СССР мақаласының Музыка бөлімін қараңыз) құрамды бөлігі болып табылады. Совет өкіметі тұсында симфония музыка (орыс совет симфония музыкасының негізін салушы Н. Я. Мясковский), опера (И. И. Дзержинский, Т. Н. Хренников, Прокофьев, Ю. А. Шапорин, С. М. Слонимский, Р. К. Щедрин, Д. Б. Кабалевский т. б.), балет (Чайковский, Глазунов, Стравинский, Глиэр, Асафьев, Прокофьев A.И. Хачатурян, А. П. Петров), хор және ән жанры (А. В. Александров, М. И. Блантер, А. А. Давиденко, И. О. Дунаевский, В. Г. Захаров, Э. С. Колмановский, Б. А. Мокроусов, В. И. Мурадели, А. Г. Новиков, А. И. Островский, А. Н. Пахмутова, В. П. Соловьёв-Седой, С. С. Туликов, О. Б. Фельцман, М. Г. Фрадкин, Я. А. Френкель, Т. Н. Хренников, А. Я. Эшпай т. б.) жоғары сатыға көтерілді. Белгілі музыка орындаушылар: дирижерлер -- В. И. Сук, Н. С. Голованов, А. М. Пазовский B. А. Драншпников, А. В. Гаук, А. Ш. Мелик-Пашаев, Е. А. Мравинский т. б.; пианистер -- К. Н. Игумнов, А. Б. Гольденвейзер, Г. Г. Нейгауз. В. В Софроницкий, Э. Г. Гилельс, С. Т. Рихтер т. б.; скрипкашылар -- М. Б. Полякин, Д. Ф. Ойстрах, Л. Б. Коган; виоленчелыпілер -- Д. Б. Шафран, М. Л. Ростропович т. б.; опера әншілері -- В. В. Барсова, И. П. Максакова, Н. А. Обухова, И. К. Архипова, Г. П. Вишневская, И. С. Козловский, С. Я. Лемешев, С. И. Мигай, М. Д. Михайлов, Г. М. Нэлепп, В. Р. Петров т. б. РСФСР-де (1975): 42 музыка театр, 24 симф. оркестр, 19 профессионалды хор коллективі жұмыс істейді. Музыка кадрларын даярлайтын 13 консерватория, 114 музыка училище, 6 орта арнайы музыка мектеп, 3 мыңға тарта балалар музыка мектебі бар. 1960 ж. РСФСР Композиторлар одағы құрылды.
Қырғыз музыкасы. Октябрь революциясына дейін қырғыз музыкасы фольклорлық тұрғыда болды. Вокальдық музыка бір дауысты ән түрінде орындалды. Халық музыкасы 7 сатылы диатоникалық ладқа құрылды. Халық әндерінің әуені кең әрі қайырмалы болып келеді. Эпикалық және тұрмыс-салт әндері (қошоқ, жарамазан), еңбек әндері (бекбекей, шырылдан, опмаяда), лирикалық әндер (күйген, секетбай), бесік жырлары, әзіл-сықақ, балалар әндері т. б. жанрға бөлінеді. Аспаптық музыкадан күй кең тараған. Музыка аспаптары: қомыз (3 ішекті), қыл қияқ (2 ішекті) ағаш қомыз, темір қомыз, сырнай, керней, дауылпаз т. б. Қырғыз халық музыка мәдениеті негізінен қомызшы мен қияқшылар арқылы дамыды. Айтулы ақындары: Тоқтағұл Сатылғанов, К. Ақиев, А. Үсенбаев; халық әншілері -- А. Теміров, М. Баетов; халық өнерінің шеберлері -- Мұріатәлі Күреңкеев, К. Оразов, Ш. Иманкүлов; халық композиторлары -- Ж. Шералиев, Б. Егіншиев. Қырғыз музыка фольклоры 1925 жылдан нотаға түсіріле бастады. А. В. Затаевич пен В. С. Виноградовтың жинақтары жарық керді.
Қазан революциясынан кейін ақындар мен музыканттардың творчествосына кең жол ашылды. Қырғыздың профессионалдық музыка шығармалары дүниеге келді. Оларды жасауда орыс сов композиторлары -- Қырғыз ССР халық артистері В. А. Власов, В. Г. Фере, М. Р. Раухвергер белсене араласты. 1930 жылдары қырғыз профессионал-комнозиторлары А. Малдыбаев, М. Абдраев, А. Төлеөв, А. Аманбаев төл туындыларымен көрінді. Опера, балет жане симфония жанры туды. Қырғыз операсының қалыптасуы Власов, Малдыбаев пен ференің (Алтын қыз, Ажал орнына) музыка драмалармен байланысты. 1939 ж. халық эпосы бойынша жазылған алғашқы қырғыз операсы Айчөрек қойылды. Қырғыз операсы мен музыка драмалары Ұлы Отан соғысы (Власов, Малдыбаев және Ференің Патриоттары, 1941), әйел теңдігі (Аманбаев пен Германовтьщ Айдар мен Айшасы, 1952) және колхоз құрылысы (Власов, Малдыбаев және Ференің Ыстықкөл жағасындасы, 1951) тақырыптарымен молықты. Қырғыз халқында би өнері ежелден болған. Халық арасына кен тараған Киіз биі Власов пен Ференің Алтын қыз музыка-драмасында (1937) Н. С. Холфиннің қоюы бойынша көрсетілді. 1938 ж. филармония жанынан би ансамблі құрылды, ол 1957 ж. профессионал коллектив болып қалыптасып, 1966 ж. халық билерінің ансамблі болып ұйымдасты (көркемдік жағын басқарушы Қырғыз ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Н. Түгелов, балетмейстері Қырғыз ССР-інің еңбек сіңірген лауреат өнер қайраткері С. Қабеков). Ұлттық музыка театрдың құрылуына байланысты профессионалдық балет өнері де (Власов пеп Ференің Анары мен Селкіншегі) дамыды. Ұлттық балет өнерін өркендетуге СССР халық артисі Б. Бейшенәлиева, Қырғыз ССР халық артистері О. Сарбағышев пен Р. Чоқаева т. б. көп еңбек сіңірді. 1943 жылдан М. Күреңкеев атындағы мемлекет музыка-хореографиялық училище жұмыс істейді 1940 -- 50 ж. халық фольклорының негізінде симфония шығармалар (Н. Ф. Раков пен Ференің симфониялары, Власовтың симфония поэмасы) туды. Оратория жанры дамыды. Қазіргі заман тақырыбына арнап Абдраев (Ұлы таң және Лениндік Қырғызстан вокальдық-симфония поэма), Малдыбаев (Қырғыз ұлы оратория, 1967) музыка шығармалар жазды. Камералық-аспаптық шығармалар, көпшілік әндері, романстар мен хорлар кең өріс алды.Әншілері: СССР халық артистері С. Киізбаева, А. Малдыбаев, А. Мырзабаев, Қырғыз ССР халық артистері К. Чодронов, М. Мұстаева, М. Махмұтова, А. Жұмабаев т. б. Дирижерлері -- Қырғыз ССР халық артистері А. Жүмахматов, К. Молдабасанов; режиссерлері -- Қыргыз ССР халық артистері А. Құттыбаев, В. Я. Васильев. Қырғызстанда (1972) Опера және балет театры (1942), филармония (1936), Қырғыз радиосы мен телевизиясының симфония оркестрі (1970), Өнер институты (1967), Фрунзе мен Ош қаласындағы музыка училище, 48 балалар музыка мектебі; Халық творчествосы үйі жұмыс істейді. 1939 ж. Қырғыз ССР Композиторлар одағы құрылды.
Тәжік музыкасы. Тәжік музыка мәдениетінің түп төркіні ежелгі Бактрия, Соғды және Уструшана мемлекеттері өнерімен байланысты. Халықтық және халықтық-профессионалды тәжік музыкасы бір дауысты халықтық әуен дәстүрі негізінде дамыды. Музыка жанрлары: батырлық эпос (Көрұғлы -- көп тараған ежелгі бір түрі), тұрмыс-салт, той-томалақ әндері, қаралы және лирикалық әуендер т. б. Тәжік әндері негізінен диатоникалық ладқа құрылады. Муз аспаптары: дутар, думбрак (ішекті-шертпелі), гиджак (ысқылы), най, карнай, сурнай (үрлемелі), таблак, нагора (соқпалы) т. б. Халықтық-профессионалды классикалық музыка дәстүрін таратушыларға созандалар (әнші және биші әйелдер), мавригихондар (әншілер) мен мақамшылар жатады. 9 -- 18 ғ-да Бұхара т. б. қалаларда қалыптасқан Шашмақам мақамы дәстүрлі музыканың биік шыңынан саналады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында классикалық музыканың дамуына әншілер мен музыканттар Ота Жалол, Ота Гиес, До-мулло Халим Ибадов игі әсерін тигізді. Совет өкіметі орнағаннан кейін тәжік музыкасы жаңа интонация, ритммен байи түсті. Дәстүрлі өнермен қатар көп дауысты музыка жанры, музыка драма, опера, балет, симф. шығарма өмірге келді. Музыка оқу орындары ашылды. Т. музыка өмірінің жандануына музыканттар мен педагогтар Н. Н. Миронов, С. А. Баласанян, В. Шарф, Л. Г. Кауфман т. б. белсене араласты. 1929 ж. Душанбеде ашылған драма театр құрамынан 1934 ж. музыка труппа бөлініп шықты. 1939 ж. алғашқы тәжік операсы -- Восе көтерілісі (Баласанян) қойылды. 1938 ж. Тәжік филармониясы ашылып, ғылыми-зерттеу музыка кабинеті ұйымдастырылды. Yenлы Отан соғысы жылдары композиторлар 3. Шахиди, Ф. Салиев, Н. Пулатов творчествосынан фашизмге қарсы уытты әуен басым орын алды. 1946 ж. Тәжік ССР гимні (сөзі Лахутидікі, музыкасы С. Юдаковтікі) жазылды. 40 жылдардың 2-жартысы мен 50 жылдары опера, симфония шығарма, кантата жанры (А. С. Ленский, Ш. Сайфуддинов т. б.) кең қанат жайды. 60 -- 70 жылдары Тәжік музыкасының жанры мен тақырыбы кеңи түсті. Композиторлар қатары Д. Дустмұхамедов, Ю. Г. Тер-Осипов, М. Атоев, Ю. Мамедов, X. Абдуллаев, 3. Зұлфиқаров, Ш. Сахибов есімдерімен толықты. Музыка қайраткерлері: дирижерлер -- Тәжік ССР халық арт. А. Камалов, И. Абдуллаев, Ф. Салиев; режиссерлер -- Тәжік ССР халық арт. Г- Валаматзаде, Р. А. Корох; әншілер -- СССР халық артисі Т. Фазылова, А. Бабақұлов, X. Мавлянова, Тәж. ССР халық арт. Л. Кабирова, X. Таиров, Р. Галибова, Р. Толмасов, А. Муллокандов, 3. Назимов, Ж. Мурадов; халық хафизшілері -- X. Ризо, О. Хашимов, Н. Ңұрбанасейнов т. б.; ұлт аспапта орындаушылар -- СССР халық арт. Г. Гуломалиев, Тәжік ССР халық артисі А. Алаев. Тәжікстанда (1975): Тәжіктің опера және балет театры (Ленинабад), А. Рудаки атындағы облыстық музыка комедия театры (Хорог), музыка драма театрлары (Куляб, Канибадам), өзбек музыка драма театры (Нау), филармония (1965), ән-би ансамблі (1940), Өнер институты V (1973), 2 музыка училище (Душанбе, Ленинабад), Республикалық арнаулы орта музмектеп, Республикалық орта музыка мектеп-интернат (Душанбе), 52 балалар музыка мектебі жұмыс істейді. Кіші жастан кәмелеттік жасқа дейінгі сол белгілі бір тәрбиеленушілердің рухани дамуына жасалған көп жылдар бойы бақылау киноның, радионың, телевизияның балаларға стихиялық, бейберекет ықпал жасауы дұрыс эстетикалық тәрбие беруге көмектеспейтіні былай тұрсын, қайта оған нұқсат келтіретініне менің көзімді жеткізді. Музыкалық шығармаларды тыңдау адам музыканың әсемдігін түсініп сезіне алатын фонды егістіктер мен шалғындардың тыныштығын, емен тоғайының сыбдырын, көгілдір аспандағы бозторғайдың әнін, пісіп келе жатқан бидай сабағының сыбағаларын, аралардың ызының естумен ұштасып отырып жалғасуын балаларға тәрбие берудің маңызды міндеттердің бір деп білдім. Міне осының бірі - табиғат музыкасы, адам музыкалық мелодияны шығарғанда шабыт алатын қайнар көздің өзі. Жалпы эстетикалық тәрбие беруде және әсіресе музыкалық тәрбие беруде балаларды әсемдік әлеміне жанастыра отырып, тәрбиеші басшылыққа алатын психологиялық нұсқаулар маңызды нұсқау болды. Мен үшін әсемдікке эмоциялықпен қарау қабілетіне және эстетикалық сипаттағы әсерлерді қажетсінуіне тәрбиелеу ең басты тұрғы болды. Мектептің адамды әсемдік әлеміне өмір сүруге, оның әсемдіксіз тұра алмайтын болуына, әлемнің әсемдігі оның өзіне әсемдікті жасайтын болуына үйретуі мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің маңызды мақсаты деп білдім. Көп жылдық тәжірибе мынаған көз жеткізді: адам ана тілін де, музыкалық мәдениет әліппесін де-мелодияның әсемдігін қабылдау, сезіну, бастан кешіру қабілетін-тек балалық шағында ғана меңгереді. Балалық шақта басқа кеткен нәрсенің орнын кәмелетке толған кезде толтыру өте қиын, мүлдем дерлік мүмкін емес болады. Бала жаны ана тілінде де, табиғаттың әсемдігіне де, музыкалық мелодияға да біркелкі мөлшерде сезімтал болады. Егер ерте балалық кезде музыкалық шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсе, егер бала дыбыстардан адам сезімдерінің алуан түрлі қырларын сезінетін болса, онда ол ешқандай басқа құралдармен қол жеткізуге болмайтын мәдениет баспалдағына көтерілетін болады. Музыкалық мелодия әсемдігінің сезімі баланың алдынан өз әсемдігін ашып, кішкентай адам өз қадір қасиетін жақсы сезіне бастайды. Музыкалық тәрбие - музыкантты емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу деген сөз. ...Ерте күзде, саф мөлдір ауада әрбір жұмыс ап-анық естілетін кешқұрымғы мезгілде, біз балалармен бірге көк шалғын үстінде отырдық. Мен Н.Римский Корсаковтың Салтан патша туралы ертегі операсынан Араның ұшуы деген мелодияны тыңдауды ұсынды. Музыка балалардан эмоциялық қолдау тапты. Балалар былай дейді: ара біресе жақындайды, біресе алыстап кетеді. Кішкентай құстардың шиқылдағаны естіледі Әуенді тағы да тыңдадық. Содан соң гүлдеп тұрған бал иесі шөпке бардық. Балалар араның арфа тартқанын, ызыңдап ұшқанын естіді. Міне үлкен үрпиген ара біресе гүл үстінен жоғары көтеріліп, біресе төмен түседі. Балалар шат: өйткені бұл да нақ сол пленкаға жазылып алынғандай әуен ғой, бірақ та музыкалық шығармаларда композитор табиғаттан тыңдап алып бізге жеткізіп берген әлденендей бір өзгеше әсемдік бар. Балалардың музыканы тағы бір рет тыңдағысы келеді.
Арада бір күн өткен соң біз таңертең гүл шашқан, бал беретін учаскіге келдік. Балалар ара арфасының дыбысына құлақ түріп, бойын түтүк басқан араның ызыңдаған дауысын қалт жібермеуге тырысады. Осы кезге дейін оларға әдеттегі нәрсе болып көрінген нәрседен әсемдік пайда болатындай болып көрінбеген музыканың күші міне осындай. Мен тыңдау үшін балалар өз айналасын естіп жүрген оларға түсінікті жарқын образдар арқылы берілген мелодияларды: құстардың шыңқылықтауын, жапырақтардың сыбдырын, желдің уілдеуін тыңдап алдым... Бұл ретте мен балаларды мол әсер алудан қорғап отырдым. Тағы да қайталай айтамын: музыкалық образдардың мол болуы балалар үшін зиянды; оның абыржушылық туғызуы, ал кейіннен эмоциялық сезімталдықты мүлдем мұңалтып тастауы мүмкін. Мен айына екі мелодиядан артық пайдаланған жоқпын, бірақ әрбір мелодияға байланысты үлкен тәрбие жұмысын жүргіздім оның мақсаты-балаларда музыканы қайта-қайта тыңдауға деген ынтаны ояту, балалардың әрбір ретте шығармадан жаңа әсемдікті табуына көмектесу еді. Музыкалық мәдениет әліппесіндегі игеруде белгілі бір маңыз берілетін мелодияны тыңдаудың арасында ешқандай стихиялық, бейберекет әсерлердің болғаны өте маңызды. Мелодияны тыңдағаннан кейін балалар даланың мүлкіген тыныштығына құлақ салып, екі мелодияны қабылдаудың арасына табиғат әсемдігін танып білуі керек.
Біз әкемізбен бір арба шөп тасыдық. Мен шөптің үстінде жаттым, ал аспанда жұлдыздар жымыңдап тұр. Далада бөдене ән салды. Ал жұлдыздардың жақын болып көрінгені соншалық қолыңды созсаң-ақ жұлдызды кішкентай фонарь сияқты алуға болатын еді. Музыканы эмоциялық сергектікті ұштайтыны, музыкалық образдарды әсемдігін туғызатын ұғымдарды оятатыны қандай қуанышты десеңізші. Әрбір баланың музыканың әсерімен армандап, қиялдағанын көргім келеді. Музыка балалардың мінез-тұлғасындағы поэтикалық арманды тереңдетеді. Бұл қандай жақсы десеңізші.
Музыка - ақыл-ойдың қуатты қайнар көзі. Музыкалық тәрбиесіз баланың ақыл-ойының толық құнды дамуы мүмкін емес. Тек қоршаған дүние ғана емес, сондай-ақ адамның өзі, оның рухани дүниесі, ақыл-ойы мен сөзі де музыканың алғашқы қайнар көзі юолып табылады. Музыкалық образ адамдарға шындық өмірдің заттары мен құбылыстарының ерекшеліктерін жаңаша ашып береді. Баланың назары-олардың алдынан музыка жаңаша тұрғыдан ашып берген заттар мен құбылыстарға шоғырланғандай болады, сөйтіп, оның ойы жарқын картинаның суретін салады; бұл картина сөзге айналғысы келеді. Бала жаңа ұғымдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемдік және эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі музыкалық өнер. Дәрістер
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Тұтас педагогиканың процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құрлымдардың жүйесі
Озат және педагогикалық тәжірибе туралы түсінік
Озат педагогикалық тәжірибе. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет
Сырнай - тілшелі сарнамалы аспап
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеті
Қазіргі қазақ аулының мәдени өмірі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Қазақ тілін оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану
Пәндер