Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы


Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 14-бабы «Оқу тәрбие процесін ұйымдастыру» бөлімінің 7-тармағында «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің елжандылық азаматтық, интернационал-дық, жоғары моралдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыласы мен қабілеттерін дамытуға бағытталуға тиіс» деп, ал «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы» Орта білім берудің алғашқы міндеттерінің бірінде: «азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу» делінген. Осы мақсаттарды іске асыруда жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан жақты жетілген, бойында ұлттық санасы мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, орта және жоғары білім беру ошақтарының, мемлекеттің, қала берді барша халықтың міндеті. Қытайларда мынадай бір сөз бар: «Әр адам бір мемлекет, ал мемлекетке немқұрайды қарау опасыздық. » Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі қай кезде де, қай заманда да болмасын күрмеуінің шешілуі өте қиын өзекті мәселе [1] .
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы қаңтар айындағы Қазақстан халқына Жолдауында ел келешегі жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру мәселесіне де баса назар аударылғаны белгілі. Шын мәнісінде де туған тілмен бірге, туған халқының ғұрпын, салт-санасын, өнері мен мәдениетін жетік білудің мәні үлкен. Әрине, бұл орайда ұлттық тәрбиенің - халық даналығының берері сарқылмас, әрі бүгінгі таңда өзекті мәселе
Әйтсе де, қазіргі тәуелсіздік жағдайында кеңестік кезеңде жіберілген қателіктерімізді жойып, жас ұрпағымыздың бойында халқымыздың ғасырлар бойы жинаған салттары мен дәстүрлері арқасында ізгілікті - адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қазақ елінде қазірде болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістер, халық ағарту, білім, тәрбие, ғылым cалаларына да ерекше әсерін жасауда. Бұл жағдай бұрынғы рухани құндылықтарымызды тағы да қайта қарауды тарихи жәдігерлерімізді әлі де ашылмай жатқан асылдарды зерделеуді қажет етуде.
Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлкеде өмір сүрген атақты білімпаз, ақылгөй - даналар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты педагогикалық ойлар ұшан - теңіз. Сондықтан тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс тәрбие, үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтіндей ұлттық поэтикалық шығармалар - шешендік сөздер, жыраулардың нақыл сөздерін, мақал - мәтелдерді кеңінен қолдансақ: біріншіден оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге қөзқарасын қалыптастырса, екіншіден ой - өрісін кеңейтіп, көркем сөйлеп, пікірін дәл айтып жеткізуге баулиды сөздік қорын байытады, үшіншіден балалардыжақсыға үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздіңжарқын болашағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. «Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәріне сусындаса ғана, мемлекетіміз көгереді, егеменді ел іргесі берік болады» деп сенімді түрде нық айта аламыз. Кезінде қаралғанымен, талданғанымен, әлде рухани қазыналарымыздың қалтарыста қалған, байқалмай жүрген байлықтары жоқ емес. Оларды замана талабына сай білім беру тәрбие жұмыстарында лайықты қолдана алмай, қазіргі жас өскіндерімізге, болашақ жеткіншектерімізге өз деңгейінде үлгі - өнеге етуде олқылықтар жіберіп жатқан жағдайларымыз бар екендігі де жасырын емес. Сондықтанда тарихи тұлғаларымыздың тағылымдарын мектеп шәкірттеріне әсіресе бастауыш сынып оқушыларына паш етуді, нақты іс-шаралар атап айтқанда мектептен тыс жүргізілетін үйірме жұмыстарында, тәрбие сағаттарында эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалануды рухани саладағы негізгі мәселелердің бірі деп есептейміз[2]
Курсық жұмыстың мақсаты:Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Қазақтың ұлттық тағылымын қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалануын қарастырған ғалымдардың пікірлері;
-Қазақтың ұлттық тағылымдарының мәні және түрлері;
-Эстетикалық тәрбиенің ұғымы, міндеттері, әдіс-тәсілдері;
-Қазақтың ұлттық тағылымын казіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану жолдары;
-Қазақтың ұлттық тағылымын, ұлттық поэтикалық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбиеде пайдалану.
Курстық жұмыстың обьектісі: Қазақтың ұлттық тағылымын қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану.
Курстық жұмыстың құрылымы:Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, екі тараудан, қорытындыдан тұрады [3] .
1 Қазақтың ұлттық тағылымын қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдаланудың теориялық негіздері
1. 1 Қазақтың ұлттық тағылымын қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалануын қарастырған ғалымдардың пікірлері
Қоғамның барлық тарихи даму педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айты, өмірлік мұра қалдырды. Олар орыс педагогтары В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, В. И. Водовозов, чуваш педагогы Г, Н, Волков, татар педагогы Я. И. Хантибидзэ, қазақтың көрнекті жаңашыл педагогы Ыбырай Алынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев т. б.
Халық тағылымы - ескірмей, заман ағымымен өзгеріп, өсіп-өніп отырады. Әрине, оны өшіретін де өсіретін де - тіршілік иесі Адамзат. Сенімді, сергек санаңа сапалы да саналы ой ұялататын, ар-ұятыңның аражігін айқындайтын игі істерді шашпай-төкпей көненің көзіндей сақтап, келер келешекке, ұрпақ бойына күре қан тамырындай білім нәрін тарататын да сіздер мен біздер.
Халық педагогикасы - сол халықтың тұрмыстық, өмірлік тәжірибесінен дамып, қалыптасқан ұлттық тәрбиелік және дүниетанымдық жүйені көрсететін ғылым саласы. Халықтың тәжірибесіз «педагог та жоқ, педагогика да жоқ» (К. Д. Ушинский) Кейбір ғалым-педагогтардың зерттеу мәліметтеріне қарағанда халық педагогикасы жайлы әр түрлі ұғымдарды және көзқарастарды байқауға болады. К. Д. Ушинский әрбір елде халықтың мүддесіне, сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтты. Ол өзінің педагогикалық тәрбиенің ұлыстық принципіне сүйеніп, тәрбиенің халықтық идеясын дәлелдеді. К. Д. Ушинский халық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, сат-санасын жақсы білген. “Дерексіздік идеяларға сүйеніп жазылған ең жақсы тәрбие жүйесін, халықтың мол тәрбиесіне негізделген тәрбиеге еш уақытта тең бола алмайды” - деп тұжырымдады ол. Осыған орай халық педагогикасының тәрбиелік ықтималын өте жоғары бағалады.
Кейбір авторлар халық педагогикасының зерттеу саласын тәрбие деп қарастырады. Әринеғ тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге, еңбекке даярлау және қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Сонымен бірге халық педагогикасында оқыту процесінде маңызы өте зор. Өйткені, халық жастары да оқытады, оларды мамандық алуға, зергерлікке, ұлттық спорт ойындарына үйретеді. Демек, халық педагогикасында тәрбие мен оқытуды екі жақты біртекті, яғни тұтас педагогикалық процесс деп қарастыру керек.
Халық педагогикасы - бұл ұлттық қазына, кең өріс ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев т. б. педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары [4] .
Ыбырай Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын, мысалы, «Қобыланды Батыр», «Жәнібек батыр», «Қара батыр» т. б. түрлі әңгімелерді пайдалана білді.
Кеменгер ұстаз Ыбырай Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады.
Халық педагогикасын дамуда қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжане Жұмабаев үлкен үлес қосты. Ол бала тәрбиесі жөнінде көп өлендерінде өзінің терең педагогикалық ойларын оратаға салды.
Кесте 1. Педагогика және этнопедагогиканың арақатынасына(К. Ж. Қожахметова) төмендегідей талдау жасайды.
1. Тәрбие аймақтарының заңдылықтарын ашу, білім беру, оқыту, тәрбиелеу мен білімдендіру жүйесін басқару;
2. Практикалық тәжірибені кеңейту және үйрену;
3. Білім беру жүйесін болжау;
4. Практикада зерттеудің нәтижесін енгізу;
5. Негізгі инновациялық үрдісті әдістемелік, теориялық тұрғыда өңдеу, тәжірибе мен теорияның
Тәрбиелеу: 1. құндылық қарым-қатынасқа бағытталу; 2. Субъективтілік; 3. “баланың бар екенін қабылдау”.
Оқыту: оқытудың дамытушылық, тәрбиелеушілік сипаты; ғылыми мазмұн мен оқу процесінің әдістері; ғылым жетістіктерін меңгерудегі жүйелілік пен бірізділік; саналылық; көрнекілік; оқытудың жеткіліктілігі; оқытудың өмірмен байланыстылығы;
Педагогикалық заңдылық - тәрбие құбылыстарының нақты шынайылықпен байланыстылығы.
1. Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық қалыптасуы, баланың өзіндік белсенділігіне байланысты іске асырылады;
2. тәрбие процесінде баланың іс-әрекетінің мазмұны, өзекті қажеттіліктердің тууына байланысты өзгеріп отырады;
1. Жеке адам тек өзінің іс-әрекеті арқылы ғана дамиды.
2. Бала өзін жақсы көргенде, қорғанышты сезінгенде өзінің қарым-қатынасын еркін көрсете алады.
3. Субъектінің белсенді іс-әрекеті барысында обектіге жеке қарым-қатынасы туындайды.
4. Баланың дамытушылық автономиясы мен психологиялық эмансипациясы тәрбиенің “жабық сипатын” бейнелейді.
5. Жеке адам тұтас феномен ретінде өмір сүреді.
Ж. Жарықбаев пен С. Қалиеваның бірлесіп жазған «Национальные аспекты обучения и воспитания в Казахстане» атты кітапшасында қазақтың ұлттық тәрбиесі жөнінде бірсыпыра мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде қазақ даласында әлеуметтік және табиғи-клиаттық жағдайларға байланысты әрбір жеке адамның бойында қандай қасиеттер болу керек, оған қандай талаптар қойылады. Мәне, осындай мәселелердің, сонымен бірге халық педагогикасында жұмбақ, мақал, мәтел, терме сияқты халық тағылымдарының тәрбиелік мәні жайлы құнды пікір айтылған.
К. Оразбекованың пайымдауынша, ұлттық тәрбие - болашақ қоғамымыздың құрылысшыларын дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары мәдениеттi, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды қалыптастырудың негiзi болуы шарт деп санайды. Ол: «ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан бастау алып, бүкiл өмiрi-өлеңге, өлеңi-өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетiп отырды», -деп, ұлттық тәрбиенiң бүгiнгi таңда ұлттыј идеологияны қалыптастыруда шешушi рөл атқаратынын атап өтедi.
К. Ж. Қожахметова ұлттық тәрбиені этникалық тәрбиеге қарағанда кең ұғым деп қарастыра отырып, мынадай анықтама береді: ұлттық тәрбие-жалпыхалықтықты ұлттық сипаттармен біріктіре алатын ұлттың азаматтарын, мүшелерін қалыптастыру: олар тілді, мәдениетті білумен қатар қазіргі заманға сай білімді де игеруі қажет.
С. Қалиев халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі жайлы өзінің көзқарасын педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі жайлы өзінің көзқарасын баяндаған. Себебі ауыз әдебиеті - халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі, ғасырлар бойы ауызекі сақталып келе жатқан энциклопедиясы. Мақал-мәтелдердің, ертегілер мен жұмбақтардың, өлеңдер мен жырлардың, термелердің тәрбиелік мәні зор, олар халық тағылымы, ауыз әдебиетінің арқауы [5]
1. 2 Қазақтың ұлттық тағылымдарының мәні және түрлері
Қазақ халқының даналығы, тәрбие тағылымы - тамыры тереңде жатқан асыл қазына. Сондықтан, тәрбиенің діңгегін босатпай, тілімізді сұр жыландай шұбарламай, тектілікпен, сөзімізді сүйектен өтіп, жүрекке жететіндей мағыналы, мазмұнды сөз саптауымызбен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу біздің борышымыз. Бүгінгі таңның таудай талабы - білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу. Білім берудің мазмұны, мақсаты өзгерді. Осыған орай, тәрбие жұмысының да жүйесіне өзгерістер еңгізәлуде.
Адамдардың әсемдікке сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның қоғамдық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Ұлттық поэтикалық шығармаларды қазіргі бастауыш мектептің оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану өзінің татымды жеміс беретіні сөзсіз. Өйткені дарқан даламызда жасап өткен небір ділмар шешендер, небір майталман аузымен құс тістеген аузы даулы даналар ұлттық поэтикалық шығармалардан нәрленіп сусынданып өскеніне тарих беттері куә. Зерттеуімізді әуелі эстетикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны және әдістеріне шолу жасап бстағанды жөн санап отырмыз [6] .
Мектеп- қазақ халықтың ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Ендеше егемендік алған елімізде мектептің философиялық тамыры тереңдеген, міндеттер жиынтығы молайған тұсында заман талаптарына сай білім беру жүйесін құру қажеттілігі заман талабы. Заңғар жазушы МұхтарӘуезовтың: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім», - деп атап көрсеткеніндей, рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана - болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Ата-бабадын қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақтың бойына дарыту - мектеп міндеті [7] .
Қазір бала тәрбиесін бүгінгі теледидарға, компьютерге жүктедік. Ғалам қаншалықты өзгеріске ұшыраған сайын да сонымен бірге жаңа өзгерістерге ұшырайтыны ақиқат. Осындай кезде адам өзінің тектілік, ұлттық тәлім-тәрбиесінің негіздері болып табылатын халықтың үлгі-өнегеден қол үзбеулері ауадай қажет. «Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы - қаһарман» дегендей, азаттық жолында жалындап жанып, тәуелсіздікке қолы жеткен халқымыздың қаһарман екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. Ал тарих шежіресі қаншалықты бай болса, ұлттық тәрбиенің соншалықты құнды болатындығы және мәлім. Сондықтан да бала тәрбиесі - қашанда киелі ұғым, ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді.
Ұлттық тәрбиелілік - бұл адамды белгілі бір ұлттың өкілі, ұлттық дәстүрді, халықтық тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ретінде сипаттайтын адами сапа (қасиет) болып табылады, ол ұлттық тұлғаның таным-білімімен, сана-сезімімен және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен - мінез-құлқымен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: бастауыш сынып оќушыларының ұлттық тәрбиелілігі (ұлттық тұлғаның қалыптасуы) өз кезегінде кіріктірілген біртұтас тұлғалық құрылым болып табылатын когнитивті, эмоциялық және мінез-құлықтық компоненттерін қамтиды. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес ерекшеліктеріне, психикалық және даму деңгейіне сүйене отырып, ұлттық адами сапаларының қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды.
Қай халықтың болмасын өзінің сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиелеу үрдісі бар. Ол отбасындағы бала тәрбиесінен басталып, шаруашылық кәсібі, тұрмыс-тіршілігімен бірге жалғасып, салт-дәстүрден, ұлттық саз әуені мен ауыз әдебиеті үлгілерінен өзекті орын алып келген. Ұлт мәдениетінің өзіндік ерекшелігін атқара қарап, терең зерттеген педагог ғалымдардың бәрі де оның тәрбиелік мәнін сөз етпей өткен емес. «Халықтың тәрбиесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» деп орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский текке айтпаған.
Ұлттық тәрбиенің ұйтқысы-ана тілі. Тілін жоғалтқан этнос бұрынғы этностық қасиеттен айырылады. Себебі ұлттық мәдениет (салт-дәстүр) ана тілі арқылы ғана өркен жаяды. Адамның тектілігі, қасиеттілігі айналасындағы әлеуметтік ортасы болмаса, оны бағалайтын, ол туралы пікір алысатын ортасы болмаса құнын жояды. Яғни идеалдың ұжымсыз, әлеуметсіз идеалдық қасиеті болмайды. Сыйласымдық қарым-қатынастың қазақ халқының ескі тарихынан келе жатқандығы, оның ұлттық дәстүрлерге байланыстылығын, оның ауызбірлік пен ұйымшылдықтың тұтқасы екендігін ұлт тіршілігінен көреміз. Оған: «Көшпенді қауымда әр адамның қадір қасиеті оның жасына, әлеуметтік ортадағы орнына қарай белгіленеді. Осындай қоғамдық қатынастарды көріп өскен жағдайда мүдделестік, көзқарас бірлігі, кісілік қарым-қатынас нормалары айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік қалдырмады, психологиялық ахуалы «бір ауызды болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанады», -деген тұжырымдар куә бола алады. Осындай дәстүрлерімізді географиялық жағдайлардың ерекшеліктерімен адам игілігіне негізделген экономикамызбен байланыстырып, ұлттық тәрбиені жан-жақты жүргізу - парыз [8] .
Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты-ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік- дербестікке ұмтылысы. Бұл - алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты.
Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор. Сондықтан халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Бұл қазаққа тән жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы ұрпаққа қалыптастыру, ұлтымыздың дүниетанымдық тәжірибесін жалғастыру дегенге саяды. Қазаққа тән игілік пен ұлттық сана дегеніміз ол - әдептілік, бауырмалдық, қонақжайлылық, еңбекқұмарлық, ұрлық, қиянат жасамау, үлкенді сыйлау, тағы сондай сияқты. Қазақ ойшылдарының көзқарасындағы басты идея «атаның баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болуын, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі өң мен түрден ләззат ала білетін, һәм байсалды, ойламды, шымыр болып өсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұсынған.
Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты-ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік- дербестікке ұмтылысы. Бұл - алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тәрбие - ұрпақ үшін күрес. Ұлы ойшыл осы сөзімен әйел-қоғамның ұйтқысы екенін, әйел еркіндікке жетпесе, адамшылық та күрмеулі болатынын қадап айтып, егер, қазақ, мүшел болып қалмайын десең, бесігіңді түзе, әйелдің халін түзе!, -деп сол тұстың да, қазіргі біздің заманымыздың да ең зәру идеясын ұсынып еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz