Рухани мұраларда аят, хадистерді қолдану тәсілдері



Ортағасырлар мен ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының шығармаларының алдына қойылған ең басты шарт – олардың барлығы да қасиетті Құран аяттары және пайғамбар хадистерімен астарласып жатуы қажет. Шығыстанушы И.М.Фильштинкий: “Коран окзал огромное влияние на всю последную арабскую литературу. Не только трактаты по мусульманскую богословию, но и многие произведение изящной словесности средневековья насыщены цитатами из Корана и кораническими реминиецениями, пропитаны кораническим духом”, – деп, [1, 32] классикалық араб шығармаларының басым бөлігінде Құран аяттарының кесек-кесек қалпында кездесетіндігі мен олардың құрани рухпен әсерленгендігі туралы жазған болатын. Ғалымның осы келтірген дәйектері тек, араб әдебиетіне ғана қатысты емес, барша мұсылман халықтарының орта ғасырлық әдеби жәдігерлеріне де тиісті екені анық. Таза парсылық көзқараста жазылған деп есептелетін Фирдаусидің “Шахнамасын” Құранның рухымен дүниеге келген деген пікірдің барлығын біз жоғарыда айтып өттік. Осындай тек Құранға еліктеп қана қоймастан, ондағы әрбір сырлы дүниені әдебиет “төріне” қарай сүйрегендер түркі ақындарының ішінде аз болмаған. Өзбек ғалымы Х.Кароматовтың: “Дархақиқат, Қуръон матни узгармаган, ислом динини қабул этган халқлар тарихи узгариб борган. Қуръон матни замон ва маконда махалий тарихий мухит билан мутаассир булиб, хар бир халқ тараққиётининг муайян даврида узига тегишли хулосалар чиқарган, қуръоний мавзуларни адабий асарларга аиритган. Мазкур жараён натижасида миллий адабиётнинг Қуръон матни билан синтези асосида бадиий ва диний-дидактик асарлар яратилган”, [2, 6] яғни “Ислам дінін қабылдаған халықтардың тарихы өзгергенімен де, Құранның мәтіні өзгермеген. Құран тексі мезгіл және мекенмен үндес жүріп, әр халық дамуының белгілі бір кезеңдерінде одан үнемді пайдаланып отырған әрі құрани дүниелерді әдеби шығармаларға алып келген. Сондай, ұлттық әдебиеттің Құран мәтінімен синтезі нәтижесінде көркем және діни-дидактикалық шығармалар жаратылған”,—деп жазуы біздің ойымызды айшықтай түссе керек. Ғасырлар бойына мұсылмандардың қасиетті кітабы болған Құран, олардың негізгі рухани қайнарккөзі ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге, әдебиет майданында жолсілтеуші, бағыт-бағдар беруші ақыл кентіне де айналды. Онда баяндалатын қызықты сюжеттер мен жекелеген кейіпкерлер мұсылман ақындардың басты тақырыбы болды. Адам, Ибрахим, Исмағил, Мұса, Иса, Дәуіт, Мұхаммед сияқты пайғамбарлар бейнесі қасиетті кітаптан көркем шығармаларға тікелей жол тартты. Бұл ойымызды башқұрт ғалымы Ф.Ш.Сибәғәтовтың: “Көрьән мотивтарының башкорт әзәбиәтендәге сағылышын тикшергәндә ике төрлө юл менән барырға мөмкин. Беренсеһетематик яктан бүлеү. Бында мотивтар за, айрым сюжет һәм риүәйәттәр за, персонаждар за инеп китә. Икенсеһеуларзы өс өлөшкә бүлеп карауа) Көрьән мотивтары, б) сюжеттар һәм риүәйәттәр, в) персонаждар. Бындай төр бүленеш теманы тулырак асырға, буталсыклыктан котоларға һәм еңелерәк эш итергә мөмкинселек бирә” [17, 124] яғни “Башқұрт әдебиетіндегі Құран мотивтерін екі түрлі жолмен қарастыруға болады. Біріншісі – тематик жағынан. Мұнда мотивтар да, кейбір сюжеттер де, персонаждар да қамтылады. Екіншісі – оларды үшке бөліп қарау – а) Құран мотивтары, б) сюжеттер мен риуаяттар, в)персонаждар. Осындай жолдармен қарастыру бұл бағытты тереңірек зерттеуге жол ашады”, – деген дәйектемесімен түйіндесек те болады. Ғалым Құран мен әдебиеттің байланысы екі жол арқылы іске асатынын айтады. Олар: сюжеттер мен образдар. Мұндағы Құран мотивтары да, персонаждар да, ондағы кейіпкерлер мен олардың бейнеленуін білдірсе керек. Бірақ, біздің ойымызша қасиетті кітап пен әдебиеттің сабақтастығы мұнымен де шектелмейді. Егер екі арнаның байланысын теориялық һәм поэтикалық тұрғыдан талдап қарастырар болсақ, онда троптар (құбылту) мен фигура (айшықту) заңдылықтарына келіп тірелеріміз анық. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, әуелі Құранға ғылыми түрде анықтама беру қажет.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
РУХАНИ МҰРАЛАРДА АЯТ, ХАДИСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

Ортағасырлар мен ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының
шығармаларының алдына қойылған ең басты шарт – олардың барлығы да қасиетті
Құран аяттары және пайғамбар хадистерімен астарласып жатуы қажет.
Шығыстанушы И.М.Фильштинкий: “Коран окзал огромное влияние на всю последную
арабскую литературу. Не только трактаты по мусульманскую богословию, но и
многие произведение изящной словесности средневековья насыщены цитатами из
Корана и кораническими реминиецениями, пропитаны кораническим духом”, –
деп, [1, 32] классикалық араб шығармаларының басым бөлігінде Құран
аяттарының кесек-кесек қалпында кездесетіндігі мен олардың құрани рухпен
әсерленгендігі туралы жазған болатын. Ғалымның осы келтірген дәйектері тек,
араб әдебиетіне ғана қатысты емес, барша мұсылман халықтарының орта
ғасырлық әдеби жәдігерлеріне де тиісті екені анық. Таза парсылық көзқараста
жазылған деп есептелетін Фирдаусидің “Шахнамасын” Құранның рухымен дүниеге
келген деген пікірдің барлығын біз жоғарыда айтып өттік. Осындай тек
Құранға еліктеп қана қоймастан, ондағы әрбір сырлы дүниені әдебиет “төріне”
қарай сүйрегендер түркі ақындарының ішінде аз болмаған. Өзбек ғалымы
Х.Кароматовтың: “Дархақиқат, Қуръон матни узгармаган, ислом динини қабул
этган халқлар тарихи узгариб борган. Қуръон матни замон ва маконда махалий
тарихий мухит билан мутаассир булиб, хар бир халқ тараққиётининг муайян
даврида узига тегишли хулосалар чиқарган, қуръоний мавзуларни адабий
асарларга аиритган. Мазкур жараён натижасида миллий адабиётнинг Қуръон
матни билан синтези асосида бадиий ва диний-дидактик асарлар яратилган”,
[2, 6] яғни “Ислам дінін қабылдаған халықтардың тарихы өзгергенімен де,
Құранның мәтіні өзгермеген. Құран тексі мезгіл және мекенмен үндес жүріп,
әр халық дамуының белгілі бір кезеңдерінде одан үнемді пайдаланып отырған
әрі құрани дүниелерді әдеби шығармаларға алып келген. Сондай, ұлттық
әдебиеттің Құран мәтінімен синтезі нәтижесінде көркем және діни-
дидактикалық шығармалар жаратылған”,—деп жазуы біздің ойымызды айшықтай
түссе керек. Ғасырлар бойына мұсылмандардың қасиетті кітабы болған Құран,
олардың негізгі рухани қайнарккөзі ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге,
әдебиет майданында жолсілтеуші, бағыт-бағдар беруші ақыл кентіне де
айналды. Онда баяндалатын қызықты сюжеттер мен жекелеген кейіпкерлер
мұсылман ақындардың басты тақырыбы болды. Адам, Ибрахим, Исмағил, Мұса,
Иса, Дәуіт, Мұхаммед сияқты пайғамбарлар бейнесі қасиетті кітаптан көркем
шығармаларға тікелей жол тартты. Бұл ойымызды башқұрт ғалымы
Ф.Ш.Сибәғәтовтың: “Көрьән мотивтарының башкорт әзәбиәтендәге сағылышын
тикшергәндә ике төрлө юл менән барырға мөмкин. Беренсеһе(тематик яктан
бүлеү. Бында мотивтар за, айрым сюжет һәм риүәйәттәр за, персонаждар за
инеп китә. Икенсеһе(уларзы өс өлөшкә бүлеп карау(а) Көрьән мотивтары, б)
сюжеттар һәм риүәйәттәр, в) персонаждар. Бындай төр бүленеш теманы тулырак
асырға, буталсыклыктан котоларға һәм еңелерәк эш итергә мөмкинселек бирә”
[17, 124] яғни “Башқұрт әдебиетіндегі Құран мотивтерін екі
түрлі жолмен қарастыруға болады. Біріншісі – тематик жағынан. Мұнда
мотивтар да, кейбір сюжеттер де, персонаждар да қамтылады. Екіншісі –
оларды үшке бөліп қарау – а) Құран мотивтары, б) сюжеттер мен риуаяттар,
в)персонаждар. Осындай жолдармен қарастыру бұл бағытты тереңірек зерттеуге
жол ашады”, – деген дәйектемесімен түйіндесек те болады. Ғалым Құран мен
әдебиеттің байланысы екі жол арқылы іске асатынын айтады. Олар: сюжеттер
мен образдар. Мұндағы Құран мотивтары да, персонаждар да, ондағы
кейіпкерлер мен олардың бейнеленуін білдірсе керек. Бірақ, біздің ойымызша
қасиетті кітап пен әдебиеттің сабақтастығы мұнымен де шектелмейді. Егер екі
арнаның байланысын теориялық һәм поэтикалық тұрғыдан талдап қарастырар
болсақ, онда троптар (құбылту) мен фигура (айшықту) заңдылықтарына келіп
тірелеріміз анық. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, әуелі Құранға ғылыми
түрде анықтама беру қажет.
Осы шеберлікті Құран іліміне жетік Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да шебер
қолдана білген:
Жапырақтың біреуі – “кәф”, біреуі – “нон”,
Көңілді Хаққа қойып, айталық шын.
Сол екі жапырақ болды ерлі-байлы,
Болғанда бірі пышақ, біреуі- қын.
Орнатып “кәф” жапырағын “нон”ға қойды,
Мас болып бір ноқатпен қарны тойды [18, 15].

Немесе:
Кетпен шот қолға ұстайтын “кәф” емес пе,
Осы сөз анық емей, сол көмес пе?!
Бір салып қалған жерден топырақ алса,
Шұңқыр боп қалған жері “нон” демес пе?! [18, 16].
Ақын мұнда “кәф” әріпін біресе пышаққа, біресе кетпен шотқа теңеген.
Бұл әріптің арабша жазылуы да, сабы бар кетпенге ұқсайды. “Мас болып бір
ноқатпен қарны тойды” деп, “нон” әрпінің үстіндегі бір нүктені суреттеген.
Осы өлеңнің соңында ақын: “Кәфті нонға қосалық-күн” – дейді ғой”, деп,
Құрандағы “Йасин” сүресінің 286-шы аятында баяндалатын Алланың он сегіз
әлемді жаратарда “Кун” яғни “Бол” деген бір сөзімен болмыстың жаратылғанын
алға тартқан.
Сонымен қатар дәл осындай араб әріптерін бейнелі кейіпте, мәні мен
мағынасын қиыстыра, үйлестіре беру басқа да ақын-жыраулардың
шығармашылығына тән болып келеді. Дәл осындай әдіспен Абыл Тілеуұлы Абыл
ақынның әліппесін жырлаған. Әр шумақтың басында Әріпте жиырма тоғыз
келеді... деп әр әріптің атауы беріліп, әрі қарай соған ұйқастырыла Ислам
дінінің маңызды қағидалары, имандылық, жақсылық мәселелері жырға арқау
болады:
Әріпте жиырма тоғыз келеді Әліп,
Атасы Әзіреті Ғали–Әбутәліп.
Жан беріп күнәһәрді тірілтіп ап
Тарттырар көр азабын отқа салып.
Әріпте жыйырма тоғыз келеді Би,
Көреді иманды құл Алладан сый.
Қылығы бұ дүниеде жаққан құлға
Сайланар сегіз ұжмақ ішінен үй [19, 28].
Әрі қарай жиырма тоғыз әріп сипатталып, оның астарында барлық
мұсылманшылық қағидалар сөз болған. Абыл ақынның Махамбет Өтемісұлымен
байланыста туындаған айтыс үлгісіне тән тағы бір жырында да араб
әріптерінің қасиеттері дәріптеледі. Махамбет Абылмен жолыққан кезде оған:
Әліп, Ләм, Айнмен тұрар Әлхам басы,
Мүймнің Бимен тұрар Бісмілләсі.
Мүймнің құйрығы имек, ортасы ақ,
Білсең айт, осы ненің ишарасы? – деп сұрақ қояды. Сол кезде Абыл
ақын іркілместен, еш саспастан былай деп жауап береді:
Әліп, Ләм, Айнмен тұрар – Әлхам басы,
Алланың бұл үш әріп ишарасы.
Мүйімнің Бимен тұрса Біссімілласы:
Расул мен Періштенің нышанасы.

Мүйімнің – деген сөзі, – ортасы ақ,
–Жүрегі ол – пайғамбардың, шын асыл зат.
Құйрығы имек болса, қияметте
Үмбетіне Мұхамбет болады жақ [20, 36].
Мұнда үлкен сырлы, терең түсінікті жайттар қамтылған. Мұхаммед
пайғамбардың жүрегінің ақ екендігі, шын асыл зат сол ғана екендігі, қиямет
күні Алла елшісінің үмбеттеріне шапағатшы болатындығы айтылған. Мұндай
керемет сәйкестіліктің барлығын Абыл ақынның өзінің ойынан шығара салғаны
деп қарауға болмайды. Мұсылмандық тәрбиенің барынша өркендегенін, ешқандай
нәрсенің орынсыз емес екендігін атауды әріптер арқылы жырлап көрсетуден
аңғарамыз. Мұхаммед пайғамбардың өзіне деген құрмет қазақ халқының арасында
кеңінен қанат жайған, ал Абыл ақынның жоғарыдағы жырға арқау болған білімді
діни медреселерден, не болмаса әулие-ғұлама ұстаздардан үйренгендігінде
шүбә жоқ.
Исламдық қағидалардың негізінде қалыптасқан жыр-толғау үлгілерінде көп
қолданылатын тәсіл Илтифат деп аталады, яғни оның мағынасы үндеу
дегенді білдіреді. Құранның “Фатиха” сүресі осыған мысал бола алады.
Сүренің қазақша мағыналық аудармасы:
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (1)
Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән. (2)
Аса қамқор, ерекше мейірімді. (3)
Қиямет күнінің иесі. (4)
(Әй Алла!) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем
тілейміз! (5)
Бізді тура жолға сала көр! (6)
Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және
адасқандардың жолына емес! (7)
Мұнда пенденің Жаратушыға деген өтініші мен тілегі берілген. Яғни
Аллаға жалбарынудың нағыз үлгісі. Ортағасырлық әулие-ақындардан бастап,
бүгінгі күнге дейін келіп жеткен жыраулар шығармашылығында бұл үлгі кеңінен
қолданылып келеді. Мәселен, Имам Ағзам Әбу Ханифаның мінәжатында бұл
төмендегідей сипатта беріледі:
Ей, мейірімді Алла, құл сүйгіш Алла!
Күнәһар құлың
Дұға қылады, өзегін өртеп жылатар бір үн.
Кешіруге өзің ылайықтысың – кешірер болсаң,
Рахметіңнен қусаң – бар сенен басқа жұбатар кімім?!

Бұйрықтарыңның орындамадым саз бен ырғағын,
Қадірін білмей, ырыздығыңды мәз боп ұрладым.
Фазылыңмен, Құдай, панаңа алмасаң күнәм тым ауыр,
Әйтеуір, сенен басқа Құдайға сәжде қылмадым.

Кеш, Мейірімді Алла, қарай көрмеші жеркеніп маған,
Ақыр түбі ажал нәпсіге еріппін тер төгіп харам.
Өнбейтін істің соңында өксіді өткінші ғұмыр,
Орыны толмас өкініштерден өртеніп барам [20, 5].
Қожа Ахмет Ясауи Уа, Жаратқан деп басталатын хикметінде:
Уа, жаратқан! Хақ есігін аш алыстан,
Мен бір жемтік, жеді нәпсім – аш арыстан.
Күнәм шексіз, бақытсыздық батпағынан
Шығара гөр, мен бейбақты қасарысқан.

Дүние – нәпсі, соны іздеген соры қалың
Иттей болдым, сүйек тастар жолыма кім?
Қара басты! – Хақ жолынан мен адастым,
Қайда барам, ей, достарым, не қыламын?

Нәпсі, шайтан жүргізеді жарлық маған,
Бір пенде жоқ соған құл боп шалдықпаған.
Пендең сорлы – танымаған оң мен солды,
Уа, дариға, қасіреттен қаңғып барам [20, 9], - деп, мінәжат етіп,
Алладан жәрдем сұрайды, оған жалбарына отырып, дұға етеді. Осы үлгінің
кейіннен халық даналығының сөз өнері саласында мінәжат жанрын
тудырғандығында күмән жоқ. Бұл туралы біз кейіннен тоқталатын боламыз.
Сондай-ақ, тек ислами шығармалардың өзіне ғана тән айшықтаудың бір
түрі – “Талмих” (Іndіcatіng). Қазақша сілтеме, сілтеу, нұсқау десек те
болады. Ақын немесе жазушының өз ойын дәлелдеуде Құранның белгілі
аяттарына, пайғамбардың танымал өсиеттеріне немесе әулие-әнбиелердің
қанатты сөздеріне сілтеме жасауы. Ең бастысы, ақын онда баяндалатын
жағдайды (аяттағы, хадистегі) тура түпнұсқа қалпында емес, оны өз сөзімен
еркін жеткізеді. Бұған мысалды Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігінен”
кездестіру мүмкін. Оның шығармасында қасиетті аяттар мен хадистер түпнұсқа
қалпында кездеспегенімен де, Жүсіп ақын оны өз сөзімен беруге тырысқан.
Құтты білік - аты айтып тұрғандай, адамдарға екі дүниеде де құтты,
пайдалы болу үшін тура жолды көрсету мақсатымен жазылған шығарма. Ал бұл
асыл жол – Құран Кәрім және сүннет жолы. Ақын шығармасында осы екі негізгі
қайнар көзге аудармашы болып, түркі халықтары түсіне алатын тілмен оларға
жеткізбек болған. Ақынның классикаға айналған осы шығармасын саралағанда,
тікелей жүзге жуық хадисті қолданғанын көрдік [21]. Хадистермен қатар
Құтты білікте Құран аяттары талмих тәсілі түрінде беріледі. Мысалы,
шығармадағы Өгдүлміштің Айтолдыға көңіл басу ретінде берген жауабынан мына
сөздерді кездестіреміз:
Жаралған жан бір күн ажал табады,
Жаралған-сен, ал жаралған қалады, [22, 156].
Осындағы “Жаралған жан бір күн ажал табады” деген алғашқы өлең жолы
“Әли ғимран” сүресінің “Куллу нәфсин зәйқатул мәут” яғни “Барлық жанды
нәрсе өлімнің дәмін татады” деген 185-ші аятымен астарласып жатса, ал,
“Жаралған-сен, ал жаратқан қалады” дегені “Ықылас” (112-ші) сүресінің
негізінде жасалған. Сондай-ақ, шығармадағы:
Мұсылман үшін бұл дүние түнек,
Күдер үз, қайырым іздеме жүдеп [22, 446], - деген жолдар Бұл дүние
мұсылман үшін түнек, кәпір үшін жаннат деген хадиспен үндеседі [23, 3].
Мұсылманға мұсылман, біл туысқан,
Туысқанмен жұлыспай, жөн, ұғысқан [22, 500].
Бұл жолдар Мұсылман – мұсылманға бауыр, оған зұлымдық жасауға
болмайды, оны қатерге тастауға болмайды деген хадиспен сәйкес келеді [23,
58]. Сол сияқты:
Ұл мен қыздың өнегесі – ата-ана,
Бәрі бізден – дұрыс па, әлде қата ма [22, 175], - деген жолдарға
сәйкес келетін пайғамбар хадисі бар. Ол хадис: Әрбір жаңа туылған нәресте
пәк күйінде туылады, кейін ата-анасы оны яһуди, христиан немесе отқа
табынушы етіп жібереді [24, 80], - деп келеді. Бұл хадистің шынайылығы
оның Жүсіп Баласағұннан кейін өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларынан
ұшырасатындығынан көрінеді. Яғни Әбубәкір Кердері бұл жөнінде былай деп
толғайды:
Мұсылман болып туыппыз
Мойнымызға тағулы
Исламның бұршағы.
Нұр иманның белгісі –
Көңіліміздің жұмсағы [25, 131].
Демек, адам баласының ең алғаш дүниеге келген кезде оның пәк мұсылман
болатындығы, кейін өскеннен кейін ғана ата-анасының өз дініне сай етіп
тәрбиелейтіндігі белгілі болды. Бұл Исламдық тәрбиеде өте маңызды орын
алатын жайт деп білу қажет.
Құтты біліктің тағы бір жерінде кездесетін:
Сабырлы бол, сабыр бастар мұратқа!
Күйіп-пісіп, өзіңді отқа құлатпа! [22, 161]
немесе:
Сабыр соңы-салқын сая жаныңа, [22, 162] —
деген жерлер Мұхаммед (с.ғ.с.)тің “Әссабру мифтахул жәнна” яғни “Сабыр
– жәннаттың кілті” хадисі негізінде жасалған. “Сабыр соңы -салқын сая
жаныңа” дегендегі адам жанының жай табатын жері – жәннат. Пайғамбардың осы
хадисін “Ақиқат сыйының” авторы Ахмет Йүгінеки: “Пайғамбардың сөзі:
“Жақсылықтан үміт етсең —сабыр ет” [26, 82], – деп, жоғарыдағы хадисті өз
сөзімен жеткізген.
Мұндай мысалдарды Әдиб Ахметтен де жиі кездестіреміз. Ата-бабадан
қалған қазынаға Ақиқат сыйы атты гауһардай шығармасымен өз үлесін қосқан
ақын дастанының өн бойында мұсылмандықтың асыл қасиеттерін халыққа
уағыздайды. Адам сабырмен қиындықтарға төзіп, әділетті ту етіп, өз
еңбегімен күн көріп, тіліне сақ болып, басқаны орынсыз тілдемей,
айналасындағылармен тату-тәтті ғұмыр кешкені абзал. Міне, осындай
тақырыптарды өз шығармасында уағыздаған ақын Алла Елшісінің Дін дегеніміз
- насихат деген дәстүрін ұстанып, халыққа имандылық өмір салтын көркем
тілмен насихаттап, өзінің мұсылмандық борышын атқарған [27, 105]. Ахмет
Иүгінеки шығармасында отызға жуық хадис қолданылған деп есептеледі.
Дінтанушы ғалым И.Чалышкан Ақиқат сыйында жиырмаға жуық Құран аяттары
қолданылған деп санайды [21]. Еңбекке қайта жүгінер болсақ, “Ақиқат
сыйының” алғашқы жолдарының бірінде ақын:
Жанды-жансыз, ұшқан-жүгірген нәрселер
Сенің бар екендігіңе куә болады, [26, 47] –
деп жазады. Бұл өлең жолдары “Жүсіп” сүресінің “Уә кәәиин мин әйәтин
фис самауати уәл арз” яғни “Көктерде және жерде қаншалаған дәлел бар” деген
105-ші аятымен үндесіп жатыр. Енді бұл рухани мұрадағы хадистерге келетін
болсақ:
Бақ тіліңді аздап сөйле мұра – сол.
Сонда аман-сау, тек жүресің, рас – ол.
Адамды отқа күйдіретін тіл екен,
Өзіңді оттан сақта - деген Расул [26, 74]. Демек, мұнда хадистің
мәнін түркі тілінде жеткізе білген. Пайғамбар тілдің зарарына ұшыраудан
барлық үмбетін сақтандырып: Адамдарды етпетінен немесе мұрындарымен жер
сүзгізіп отқа тастайтын тілдерінен басқа не бар? [28, 12] деген хадис
қалдырған.
Мұхаммед пайғамбар адамның мінез-құлығына қатысты өте көп хадистерді
мұра еткен. Мән ғарафә нафсәһу фәқад ғарафә Роббәһу, яғни Өзін-өзі
таныған Раббысын да таниды деген мәшһүр хадис бір ауыздан сахих хадис
ретінде қабылданған [29]. Жақсы мінез-құлыққа адалдық, жомарттық,
қайырымдылық сынды қасиеттер жатса, жаман мінез-құлықтың еншісінде
сараңдық, бақылдық, күншілдік сияқты сипаттар бар. Ахмед Йүгінеки өз
туындысында жомарттықты мадақтай отырып, сараңдыққа ерекше шүйлігеді:
Жазылмас сараң – ауру емдегенде,
Қарысар қолы тастай бер! - дегенде.
Көзінің сұғы қоймай тіміскілеп,
Болады малдың құлы ерлегенде [26, 78]. Бұл жайлы пайғамбар
Сараңдықтан да жаман ауру бар ма? дейді [30]. Сол сияқты дүниені,
байлықты өзіне серік тұтқан адамдар діннің ісіне жарамай, барлық күш-қуатын
дүние жинау жолында сарқып алары хақ. Жүрегіне дүниені жақын тұтқан адамның
халі қандай болатыны Ақиқат сыйында төмендегідей көрініс тапқан:
Сырт қараса, бұл дүние тәтті аса,
Мың бәле бар ішкі сырын қаттаса,
Нағыз басы сол болады қатенің –
Сырттай сынап, құр сымбатын жаттаса [26, 76].
Пайғамбардың осыған қатысты Дүниеге байлану – барлық қателердің басы
деген хадисі бар. Және де бір шумақта үлкен маңызды жайт айтылады:
Сорлы еді өзі, сорлатты ислам сабазды,
Иба, рия қалып, халық тағы азды.
Өлген қала көшелері гүлденіп,
Мешіт қирап, ұмытты жұрт намазды [26, 85].
Осы бәйіттегі айтылатын ойдың негізі пайғамбар хадисімен сабақтасып
жатқандығына көз жеткізу қиындық туғызбайды. Мұнда пайғамбардың Ислам
дінінің келешекте қандай күйге ұшырайтындығы жайлы айтқан ойы көрініс
тапқан. Мұхаммед пайғамбар келешекте дін ұстаудың қандай қиындыққа
ұшырайтындығын жүрек көзімен анықтап көріп: Ислам ғаріп болып басталды,
басталған кезіндегідей ғаріп болып қайта оралады [23, 232] деп
айтқан. Осы хадистің негізінде талмих әдісімен талай дастандар, сюжетті
өлең жолдары, жыр шумақтары дүниеге келген. Демек, діннің қиын жағдайға тап
болуы қай кезде де болмасын, елдің қамын жеген ғұламалардың қайғы-мұңының
көзіне айналған. Әр замандағы көз алдында болып жататын азғындық
құбылыстарды талдап-сипаттап беру үшін олардың барлығы да пайғамбар
хадистеріне жүгініп, жаралы жүректің емін содан тапқан. Ешқандай ғұлама,
ешбір әулие, данышпан өзі сол заманда көкірегімен түйсінген дінге қарсы
жасалып жатқан шабуылдарге бей-жай қарай алмаған. Оған шамасы жеткенше,
қарсы тұруды жөн санап, халық арасында жақсылыққа үгіттеу (Әмір мағруф)
пен жамандықтан тыюды басты парызы ретінде есептеген. Мәселен, Шәді
Жәңгірұлының Ахуал қиямет кітабында өз заманындағы діннің хал-ахуалын
қоғамдағы түрлі бәлекеттер арқылы көрсетеді.
Бір кітап ахуал нияз Құран атты,
Түрліше баян еткен һәрісін хаты.
Қиямет болмайды деп баян етті.
Әуелі, болмай тұрып ғаламаты.
Екеу-дүр қияметтің бар фадесі,
Біреуі үлкен жүрер бірі кіші.
Кішісі әдден анық көп бола-дүр,
Айтылған хадистерде оның түсі.
Бағзысын білдірген изһар етіп,
Пәһәм етіп, бұл нұсқадан әркім біліп.
Мүдәріс, қазы, мүфти жаһил болар,
Парықсыз пәтуа берер біліп тұрып.
Дүниедегі ғалымдар болар ораз.
Ғалымдар ғамал қылмас ғылымына баз.
Әртүрлі шарап ішіп, шылым тартып,
Ішкері күнәларды қылмай ағаз.
Қаннастың көп адам тілін алар,
Ол құлдан ата-анасы азарланар.
Әртүрлі дутар шалып, керней ұрып,
Жүреді адам соның бәрін қылып [31, 255].
Көрініп тұрғандай, пайғамбар хадисіне сәйкес заманның келбетіне ой
жүгіртіп, қиямет күніне жақындаған сәтте дін ұстанудың қиын болатынын
аңдату талай-талай жыр-дастандарға арқау болған. Ал жалпы қазақ
дүниетанымындағы қиямет ахуалы мәселесі тереңінен зерттеуді қажет ететін
өте ауқымды тақырып. Ол алғаш рет Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде сөз болса,
кейін бұл тақырыпты шәкірті Сүлеймен Бақырғани барынша тереңінен тарқатып,
Құран аяттары мен хадистерге сәйкес таратып баяндайды. Сүлеймен
Бақырғаниға сәйкес: Ақыр заманда мінез-құлық бұзылады, имандылардың ұл-
қыздары қайғылы қалыпқа түседі, харам жайылады. Қиямет күнінің
жақындағанының хабаршысы қиямет ғаламаттары болады, қиямет күні жайында
мұсылмандар арасында әртүрлі сенімдер тараған. Ол Хакім атаның
хикметтерінде өз орнын тапқан [32, 106], - деп түрік
ғалымы Абдуррахман Гүзел өз еңбегінде келтірген.
Демек, осыдан ой түйетініміз, Алла тағаладан медет сұрап, оның жәрдемі
болмайынша, қоғамда орын алған түрлі бәлекеттерді жөндеп-түзету мүмкін
емес. Хакім атаның діни пайымы осы хикметтерінде шынайы айқындалған.
Ақын немесе жырау-жыршылар өз шығармаларында, жыр-толғауларында Құран
аятына, пайғамбар хадисіне немесе әулиенің қанатты сөзіне сілтеме жасайды.
Пайдаланғанда да, аятты не хадисті бөлместен, ана тіліне аудармастан сол
қалпында түпнұсқамен береді. Мұны – “Иқтибас” (Quotatіon) дейді. Қазақша
шеттен алып пайдалану, кірме, алу, тауып алу, табу деген мағына
береді [33, 56]. Біз термин ретінде үзінді келтіру деп аламыз. Үзінді
келтірудің (иқтибас) өзгешелігі, мұнда ақынға ерік берілмейді. Аят не хадис
қалай берілсе, сол қалпында жазу сақталады. Иқтибасқа мысал ретінде Қожа
Ахмет Ясауи хикметтері мен Сүлеймен Бақырғани хикметтері келтіріледі.
Себебі ұстаз бен шәкірттің шығармаларында аят пен хадис көбінесе төл
нұсқасын сақтай отырып (мұнда тәржімасыз деген ойды айтпақ болдық)
беріледі.
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде Құран аяттары мен хадистері кеңінен
қолданылады. Себебі Қожа Ахмет Ясауи түркі сопылығының көшбасшы ұстазы, шын
мәнінде Құран мен хадистердің нағыз маңызын хикмет түрінде халыққа
жеткізген кемеңгер. Оның хикметтерінде терең тәпсірге орын берілген. Хикмет
– Құдайдан келген құт-несібе. Қожа Ахмет Ясауидің иқтибас және тәхлил
тәртібімен Құран аяттары мен хадистерді хикметтеріне қолдануы.
Ә’узубилләһ минәш шәйтанир ражим десем,
Тағат бірлә сүйектерім хәлим қылсам,
Бала, әйел, отбасымды жетім қылсам,
Шайтан лағынет менен жырақ қашар ма екен?! [35, 144]
Ә’узубилләһ минәш шәйтанир ражим
Қарғысқа ұшыраған шайтаннан Аллаға сиынамын.
Ей, әйиуһәл муддәссир, Хақ айтты: Қум фә әнзир,
Уә раббәкә фәкәббир, ей, Мұстафа Мұхаммед [35, 36].
Мүддәссір сүресі, 1-аят:
Әйиуһәл муддәссир
Ей, Жамылушы!
Барша үмбет жүз жиырма мың сап болады,
Атырапынан періштелер сап түзеді,
Әйнәл-мәфәр дауысын жеткізеді,
Қашып, құтылып болмас деп айтар екен [35, 94].
Қиямет сүресі, 10-аят:
Әйнәл-мәфәр:
Қашатын жер қайда? Адам сол күн: Қашар жер қайда? - дейді.
Ол Әләсту бираббикум дегенінде,
Қалу бәлә дегенімді біле алмаспын.
Уә мә динукум? деп және сұрағанында,
Дінім - Ислам дегенімді біле алмаспын [35, 134].
Әуелі Әләсту бираббикум деді Құдай,
Қалу бәлә деп рухтар қылды седа.
Жылап келдік есігіңе барша гәда,
Мейірім етсең, жүз мың күнәһар көңілді болар [35, 73].
Ағраф сүресі, 172-аят:
Әләсту бираббикум:
Аят толығымен: (Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың адам балаларының
белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: Мен сендердің Раббыларың
емеспін бе? (дегенде) олар: Әрине, куәміз деген. Қиямет күні: Бұдан
хабарымыз жоқ демеңдер. (Бұл Әлмисақ уәдесі; жаннан алынған деген).
Төрт жүз қырық төрт пайғамбар, мурсәл, нәби,
Қалмады олар бұл дүниеден өтті бәрі,
Куллу нәфсин зәиқатул-мәут аяты,
Құран ішінде мұндай хабар берер екен [35, 96].
Әли Имран сүресі, 185-аят:
Куллу нәфсин зәиқатул-мәут.
Әркім өлім татады. Аят толығымен: Әркім өлімді татады. Шын мәнінде
қиямет күні ақыларың толық төленеді. Сонда кім оттан құтқарылып ұжмаққа
кіргізілсе, рас құтылады. Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана
нәрсесі.
Куллу мән ’әләйһа фән аятында,
Бір Құдайдан өзге мақұлық өледі екен.
Исрафил сүрін алып үрлегенде,
Көрден және тірілткізіп қояр екен [35, 94].
Рахман сүресі, 26-аят:
Куллу мән ’әләйһа фән:
Бүкіл жер жүзіндегілер түгейді.
Сізді, бізді Хақ жаратты тағат үшін,
Ей, бұл ғажап, ішіп-жемек рахат үшін,
Қалу бәлә деді рухым бейнет үшін,
Әдһам болып, жер астына кірдім мен (де) [35, 17].

Әләст күні Құдай өзі дауыстаған,
Қалу бәлә деп рухтар жауап берген,
Құзірет жаққа рухтар үшін қарсы келген,
Ондай ғашық Хақ жамалын көрер, достар [35, 55].

Хикмет бірлә ол жоқтықтан бар жасады,
Он сегіз мың барша әлем қайран болар.
Қалу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСМАТУЛЛАШЫЛАР. Шығу тарихы
Құраниттер
Құран немесе Құран Кәрім
Тәңірлік діндердегі дін және Пайғамбар міндеттері
Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары
Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау
Хадис әдістемесі
Араб халифатының құрылуы
Имам Муслимнің хадис ғылымындағы орны
Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуы
Пәндер