Delphi және мәліметтер қоры сервері. мәліметтерге ado арқылы қатынау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. DELPHI ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ 4
1.1 Реляциялық мәліметтер қоры теориясы 4
1.2 Access.тің алғашқы мәліметтер қорын құру 11
1.3 Мәліметтер қорымен жұмыс істеу мысалдары 15

2 TADOTABLE ҚҰРАУЫШЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ 21
2.1 TADOTable құрауышының әдістері 24
2.2 Мәліметтерді бейнелеуді басқару 25
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта кез келген ақпараттық технологияның жаппай технологиялық құрауышы компьютер болып табылады. Сонымен қатар заманымызға байланысты көптеген жұмыстарды жеңілдету үшін әр-түрлі бағдарламаларды қолданамыз. Мұнда белгілі бір мәліметтер қорын автоматтандырамыз. Мәліметтер қоры дегеніміз не? Ол ақпараттық жүйенің негізгі объектілерінің және олардың қасиеттерінің арасындағы байланыстардың жиынтығы болып келеді. Мәліметтер қоры жергілікті (клиенттің және бағдарлама орындалатын компьютерінде орнатылған) және жойылған (қашықтықтағы компьютердегі серверде орнатылған) болып бөлінеді. Серверлік мәліметтер қоры қашықтағы компьютерде орналасады және серверлік бағдарламалық жасақтама бағдарламалық жасақтама басқару негізінде жұмыс атқарады. Оның ең басты ерекшеліктері бір мәліметтер қоры мен бірнеше қолданушының жұмыс істеуін жатқызуға болады. Сондай-ақ желіге минималды жүктеме іске асырылады. МҚ Delphi-дің түп тамыры болып табылады. Бұл курстық жұмыста біз МҚ – ның негіздерімен танысамыз. Delphi - дегі МҚ - мен жұмыс істеудің бірнеше құрауыштар бар. Мұндай құрауыштардың барлығы мәліметтерге қатынаудың әр - түрлі технологиясын қолданады және мүмкіндігіне байланысты ерешеленеді. Осы жұмыста ADO технологиясы арқылы МҚ қатынау қарастырылды.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Microsoft Access ортасында құрылған «Телефон» мәліметтер қорына Delphi - де ADO технологиясының көмегімен қатынау арқылы автоматтандыру қарастырылды.
Курстық жұмыстың көлемі 29 бет. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. К.Дж. Дейт Введение в системы баз данных/ Дейт К.Дж. Диалектика,1998. - 784с.
2. Дарахвелидзе П.Г. Программирование в Delphi 7. / П.Г. Драхвелидзе, Е.П. Марков – СПб.: БХВ-Петербург, 2003. – 784 с.
3. Хомоненко А. Самоучитель Delphi / А. Хомоненко, В. Гофман. – СПб.: БХВ – Петербург, 2003г. – 556 с
4. С. П. Кандзюба, В. Н. Грамов Delphi 6. База данных и приложения. Лекции и упражения – Москва Санкт – Петербург Киев ООО «Издельство ДиоСофтЮП» 2002.- 870 стр.
5. Гофман В. Работа с базами данных в Delphi / В. Гофман. – СПб.: БХВ – Петербург, 2003г. – 624 с.
6. Фаронов В. Система программирования Delphi / В.Фаронов. – СПб.:БХВ-Петербург, 2004. – 888 с
7. Д.Я Тригер. “Технико-экономическое обоснование и информационное обеспечение/ Тригер Д.Я. Москва.: МИФИ, 1982. - 44с.
8. Экономическое обоснование эффективности программных средств вычислительной техники/ Ю.А. Эриванский Москва.: МИФИ, 1990. - 67с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: DELPHI ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ СЕРВЕРІ. МӘЛІМЕТТЕРГЕ ADO АРҚЫЛЫ
ҚАТЫНАУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. DELPHI ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ 4
1.1 Реляциялық мәліметтер қоры теориясы 4
1.2 Access-тің алғашқы мәліметтер қорын құру
11
1.3 Мәліметтер қорымен жұмыс істеу мысалдары 15
2 TADOTABLE ҚҰРАУЫШЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ 21
2.1 TADOTable құрауышының әдістері
24
2.2 Мәліметтерді бейнелеуді басқару
25
КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта кез келген ақпараттық технологияның жаппай
технологиялық құрауышы компьютер болып табылады. Сонымен қатар заманымызға
байланысты көптеген жұмыстарды жеңілдету үшін әр-түрлі бағдарламаларды
қолданамыз. Мұнда белгілі бір мәліметтер қорын автоматтандырамыз.
Мәліметтер қоры дегеніміз не? Ол ақпараттық жүйенің негізгі объектілерінің
және олардың қасиеттерінің арасындағы байланыстардың жиынтығы болып келеді.
Мәліметтер қоры жергілікті (клиенттің және бағдарлама орындалатын
компьютерінде орнатылған) және жойылған (қашықтықтағы компьютердегі
серверде орнатылған) болып бөлінеді. Серверлік мәліметтер қоры қашықтағы
компьютерде орналасады және серверлік бағдарламалық жасақтама бағдарламалық
жасақтама басқару негізінде жұмыс атқарады. Оның ең басты ерекшеліктері
бір мәліметтер қоры мен бірнеше қолданушының жұмыс істеуін жатқызуға
болады. Сондай-ақ желіге минималды жүктеме іске асырылады. МҚ Delphi-дің
түп тамыры болып табылады. Бұл курстық жұмыста біз МҚ – ның негіздерімен
танысамыз. Delphi - дегі МҚ - мен жұмыс істеудің бірнеше құрауыштар бар.
Мұндай құрауыштардың барлығы мәліметтерге қатынаудың әр - түрлі
технологиясын қолданады және мүмкіндігіне байланысты ерешеленеді. Осы
жұмыста ADO технологиясы арқылы МҚ қатынау қарастырылды.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Microsoft Access ортасында
құрылған Телефон мәліметтер қорына Delphi - де ADO технологиясының
көмегімен қатынау арқылы автоматтандыру қарастырылды.
Курстық жұмыстың көлемі 29 бет. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі
екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 DELPHI ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Delphi-дегі мәліметтермен жұмыс істеудің бірнеше құрауыштары бар.
Әрбір жинақ белгілі бір есептер шеңберін шешу үшін қажет. Мұндай
құрауыштардың әр түрлілігі не үшін? Олардың барлығы мәліметтерге қатынаудың
әр түрлі технологияларын қолданады және мүмкіндіктеріне байланысты
ерекшеленеді.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) үлкен көлемді (тиімді)
мәліметтерді сенімді сақтауды оларға тиімді қатынас құруды, есептеу
қорларын рационалды қолдануды қамтамасыз ететін тілдік, программалық және
инструменталдық құралдар кешені бойынша анықтама жазбаларды сақтаудың
компьютерлеген жүйесі болып табылады. Әдетте, мәліметтер қоры (МҚ) кейбір
пәндік облыстар туралы мағлұматтардан тұратын, яғни адамзаттың қызмет
облыстары немесе нақты әлем облыстары туралы мағлұматтардан тұратын
мәліметтерді сақтау және оларға қатынау үшін құрылады. Мәліметтер қоры
Delphi-дің негізгі тамыры болып табылады. Алайда бұл тіл осы салаға
арналып құрылмағанымен, оның мәліметтермен жұмыс істеу әрекеті таң
қалдырады. Тіпті мәліметтер қорымен жұмыс істеуге мамандандырылған тілдер
(Visual FoxPro сияқты) бұл қосымша түрінің қарапайымдылығы мен қуаттылығына
жол береді. Delphi өзінің күрделілігін жасырып және саған барынша қуат
береді. Осы уақытқа дейін Delphi-де іске асырылмаған есеп болған емес. Ал
ең бастысы, оның барлығы өте ыңғайлы іске асырылған және түсінуге жеңіл. Ең
алғаш мәліметтер қоры туралы естігенде бізде біраз қорқыныш пайда болған
еді. Бірақ Delphi - де қарапайым қосымшалар құрастыруға болады, бірақ та
кодтардың бірде бір жолынсыз күрделі қорлар болса да бұл қолданба кеңінен
қарауға болады. Бұл тарауда біз мәліметтер қорының негіздерімен танысамыз
және бірнеше пайдалы мысалдар қарастырамыз. Мысалдар ретінде біз Access
мәліметтер қорын және қазіргі уақытта кең таралған xml пішімін қолданамыз.
Біз бұл қорларды жергілікті ретінде пайдалануға болады, өйткені олар
барлық жүйелерде қамтылған және жоғары сенімділігімен ерекшеленеді. Оның
салдары ретінде біз өте қарапайым және кең таралған dbf және paradox
қорларын көреміз.
Біз олардың қолайсыздығын өз жобаларымызда қолданбауға тырысамыз,
өйткені оларда жиі индекстік бүтінділік бұзылады, оның әсерінен
бағдарламалардың жұмыс істеу қабілеттілігі жойылады. Бірақ олардың кең
таралуына байланысты олармен жұмыс істеу принциптерін білу қажет. 1 С
Предприятия жергілікті нұсқасы да осы dbf пішімін қолданады. Сондықтан біз
басқа біреудің мәліметтер қоры негізінде өз бағдарламаңызды жазғымыз келсе,
біз тіптен де осы пішімде қалай жұмыс істеу керектігін білуімізге болады.

1.1 Реляциялық мәліметтер қоры теориясы

10 жыл бұрын ғана мәліметтер қорын бағдарламалау өте қиын сабақ
болған еді. Бұл салада көптеген бағдарламалаушылар өз кезінде докторлық
дәрежелер алған. Қазір ондайды елестету де қиын, өйткені Delphi-ге орай
бағдарламаны жазу үрдісі жеңілдеді, ал мәліметтер қорының түрлерінің саны
бірнеше ондаған шамасында.
1. Асқар Айжан
2. Әділбек Айболат
3. Бұқарзада Ботагөз
4. Наби Бақытнұр
5. Нұрсалқан Түмен

Кесте 1.1 Қарапайым мәліметтер қорының мысалы
Мәліметтер қоры жергілікті (клинеттің және бағдарлама орындалатын
компьютерінде орнатылған) және жойылған (қашықтағы компьютердегі серверде
орнатылған) болып бөлінеді. Серверлік мәліметтер қоры қашықтағы компьютерде
орналасады және серверлік бағдарламалық жасақтама басқару негізінде жұмыс
атқарады. Оның басты ерекшеліктеріне бір мәліметтер қорымен бірнеше
қолданушының жұмыс істеуі жатқызуға болады және сондай-ақ желіге минимальды
жүктеме іске асырылады. мәліметтер қорының желілік түрі де болады, бірақ
біз оларды қарастырмаймыз, өткені олар желіге үлкен жүктеме түсіреді және
бағдарламашы үшін де, қолданушы үшін де жұмыс істеуде қолайсыздық тудырады.
Сондықтан ондай мәліметтер қорымен жұмыс істемейміз және істеуге ұсыныс
білдірмеймін. Неге деген сұрақ туады. Себебі біздің бағдарламаңыз желілік
мәліметтер қорына жалғанса онда ол ол серверден оның толық көшірмесін
көшіреді. Егер біз өзгеріс енгізсек, онда біздің көшірмеміз толығымен
қайтадан кері көшіріледі. Бұл өте қолайсыз, өйткені желіге көп жүктеме
түсіріледі. Клиент-сервер технлологиясында клиент бағдарламасы серверге
қандай да бір мәліметтерді қабылдау үшін қарапайым мәтіндік сұраныс
жібереді. Сервер оны өңдейді және оның қажетті үлесін ғана қайтарады.
Қандай да бір мәліметтерге өзгеріс енгізетін болсаңыз среверге тағы да
сұраныс жіберіледі, оны сервер өз қорында өзгертеді. Осылайша, желіде ары-
бері көшу пайда болады, негізінен килобайттан кіші орын алатын барлық
мәліметтерді сервер атақарады, тек мәтіндік сұраныстар ғана. Ол клинеттің
машинасы баяу жүктеледі және ресурстарды көп талап етпейді. Сервер клиентке
аса қажет мәліметтерді ғана жібереді, яғни барлық қорды көшіру
жүргізілмейді. Осыған орай, желілік мәліметтер қоры ескірді және іс
жүзіндде де қолданылмайды. Оларды іс жүзінде клиент-вервер технологиясы
толығымен ығыстырады. Ал жергілікті мәліметтер қоры үнемі қолданылады.
Мүмкін оларды сақтау пішімі өзгеретін шығар немесе қандай да бір жаңа
функциялар қосылуы мүмкін, бірақ мәліметтер қоры қолданыс табады.
Бұл тарауда біз тек жергілікті мәліметтер қорын қарастырамыз, ал
серверлікті кейінірек қарастырамыз. Кейінгі қарастыруымыз үшін бізге жаңа
ұғым – кестені анықтап алу қажет. Әзірше біз ортақ принциптерді ғана айта
кеттік, сондықтан да жалпылай мәліметтер қоры ұғымын ғана қолдандық.
Мәліметтер қорының кестесі – бағандарда мәліметтер қойылған (Excel кестесі
оның жарқын мысалы) екі өлшемді массив іспеттес. Мәліметтер қоры дегеніміз
– бір немесебірнеше кестелер сақталған файл деп айтуға да болады.
Жергілікті мәліметтер қорының көпшілігі тек бір ғана кестені сақтауы
мүмкін (dbase, Paradox, XML). Бірақ та бір файлда бірнеше кестелер
(мысалы, осы тарауда қарастыратын Access) бекітілген жергілікті қорлар
өкілдері де кездеседі.
Жергілікті мәліметтер қорынан біз кең таралған реляциялық мәліметтер
қорларын ғана қарастырамыз. Реляциялық мәліметтер қоры дегеніміз не? Ол
бағандары ретінде ондағы сақталатын мәліметтер атауы, ал жолдары
мәліметтердің өзін сақталатын кесте. Мәліметтер қоры кестесі Excel
электрондық кестесіне ұқсас (дәлірек айтсақ, Excel өз мәліметтерін
мәліметтер қоры технологиясы негізінде құрылған өзіндік пішімде сақтайды).
Мәліметтер қорының жергілікті қатты дискіде немесе орталықтандырылған
файлдық сервердің желілік дискісіне сақталынуы мүмкін. Бұл файлдарды кез
келген басқа файл сияқты стандартты тәсілдердің бірін қолдана отырып
көшірмесін алуға болады, өйткені мәліметтер қорының арнайы орынға
байланысқан емес. Ең бастысы, бағдарлама өз кестесін тапса болғаны.
Әрбір кестеде жолды бірмәнді идентификациялайтын бір ерекше өріс
болуы тиіс. Ол өріс кілттік өріс деп аталады. Бұл өрістер бірнеше
кестелерді байланыстыру үшін қажет болады. Егер де біздің кестеміз
байланыспаса да кілттік өріс міндетті түрде қажет. Айталық, біз телефон
туралы мәліметтер қорын жазып отырмыз делік. Бізде Айжандар-дың бірнешеуі
кездеседі. Оларды қалай ажыратамыз? Міне бұл жерде бізге кілт көмектеседі.
Кілт негізінде сандық типті және егер мәліметтер қоры мүмкінідігі болса
''autoincrement'' (автоматты үлкейіпкішерейетін сан немесе санағыш)
қолданған дұрыс.
Мәліметтер қоры кестесіндегі бағандар атаулары да сондай-ақ ерекше
болуы керек, бірақ бұл жерде міндетті түрде сандық емес. Әрбір баған
(мәліметтер қоры өрісі) міндетті түрде анықталған типті болуы керек.
Типтердің саны және олардың түрлері мәліметтер қорының типіне байланысты,
мысалы dBase пішімі (dBҒ кеңейткішті файлдар) 6 типті ғана қолдайды, ал
Paradox 15-ке дейін.
Мәліметтер қоры бір файлда (Access) немесе бірнешеуінде сақталынуы
мүмкін (Paradox, dBase). Дәлірек айтсақ, кестелер мәліметтері әрдайым бір
файлда сақталынады, ал қосымша ақпарат жекелеген файлдарда орналасуы
мүмкін. Қосымша ақпарат ретінде индекстер, шектеулер немесе үнсіз келісім
бойынша нақты өрістер үшін мәндер тізімі. Егер де тым болмаса бір файл
бұзылса немесе жойылып кетсе мәліметтер редакциялауға жарамсыз болуы
мүмкін.
Индекстер дегеніміз не? Кестелердің мәліметтері қандай да бір
өзгертулерге өте жиі әкелуі мүмкін, өйткені қайсыбір жолды түзетпес бұрын
оны тауып алу қажет. Анықтамалықтар негізінде қолданылатын статистикалық
кестелерде сұралатын мәліметтерді шығару алдында оны іздеу амалдарына
әкеліп соқтырады. Егер кесте өте көп жолдардан тұрса іздеу операциясы
қыруар жұмысты алады. Индекстерді бұл процедураны тездетуге арналған,
сондай-ақ сұрыптау кезінде жіберу нүктесі ретінде де қолданылуы мүмкін.
Аталған кезеңде индекстелмеген өрісті реттеу мүмкін емес екендігін білу
жеткілікті.
Егер бізге қандай да бір кестені Фамилия өрісі бойынша реттеу
керек болса, оны алдымен индекстеп алу қажет. Содан кейін ғана көрсету
кесте осындай индекспен істейтінінін және автоматты түрде сұрыпталатынын
көрсету керек.
Өз өнімдеріне ADO технологиясын бейімдеген Microsoft – қа қарағанда
Borland фирмасы бізге әр түрлі технологиялар арқылы жұмыс істейтін түрлі
құралдарды берді және тек қана онымен шектеліп қалған жоқ. Мұндай жағдай
басқа программистер алдында үлкен абырой әкеледі. Бұған қоса кез келген
уақытта қолданылуы мүмкін топтар да бар, бұл жерде мен бізге жеткілікті
құралдарға шолу жасау керек.
Data Access бетбелгісінде мәліметтерге қатынаудың негізгі
құрауыштары орналасқан. Бұл құрауыштар барлығына ортақ және басқа да
құрауыштар топтарымен бірлесіп қолданылуы мүмкін.

Сурет 1.1.1 Құрауыштар палитрасының Data Access бетбелгісі
Data Controls бетбелгісінде кестелердегі мәліметтерді шығару және
редакциялау үшін қажетті құрауыштар орналасқан. Бұл құрауыштар да сол
сияқты мәліметтерге қатынаудың қолданылатын технологиясынан тәуелсіз
қолданылуы мүмкін.

Сурет 1.1.2 Құрауыштар палитрасының Data Controls бетбелгісі
BDE бетбелгісі мәліметтер қорына қатынауға мүмкіндік туғызатын
Borland фирмасымен құрастырылған Borland Database Engine атауы бар
технологияға құрауыштардан тұрады. Бұл технология ескіріп кетті, бұрынғы
нұсқалары үшін үйлесімділікке қойылады. Осыған қарамастан ол мәліметтер
қорының Paradox, dBase сияқты ескі типтерімен жақсы жұмыс істейді.

Сурет 1.1.3. Құрауыштар палитрасының BDE бетбелгісі
DBЕxpress – Borland фирмасының мәліметтерге қатынаудың жаңа
технологиясы. Ол ерекшеленеді және мәліметтер қоры қолданатын клиент
серверлік қосымшаларды бағдарламалауға арналған. Бір бетбелгілі
құрауыштарды серверлік технология бойынша құрылған Oracle, DB2 немесе MySQL
сияқты мәліметтер қорына қолдану керек.
ActiveX Data Objects (ADO) технологиясы. Delphi – де мәліметтер
қорымен жұмыс істеудің альтернативті мүмкіндігі енгізілген. Бұл Microsoft
фирмасында құрылған Activex Data Objects (ADO) технологиясы. ADO- бұл
реляциялық және реляциялық емес МҚ электрондық пошта, жүйелі, мәтінді,
графикалық файлдардан тұратын мәліметтерден кез келген типіне сәйкес
келетін қолданушы интерфейсі мәліметтермен байланысу OLEDB технологиясының
қатысуымен жүзеге асырылады.
ADO – ны қолдану мәліметтермен жұмыс істеуге қамтамассыз етеді. ADO
– мен жұмыс істеу үшін компьютерде ADO 2.1 және одан жоғары нұсқалы жүйесі
орнатылуы қажет.

Сурет 1.1.4. Құрауыштар палитрасының АDО
бетбелгісі
Access мәліметтер қорымен жұмыс істеу компьютерге Office
бағдарламасымен бірге орнатылуы мүмкін болатын немесе жеке орнатылатын
арнайы АDО баптауы арқылы жүреді. Егер біздің бағдарламамыз клиенттің
компьютерінде жұмыс істемейтін болса, АDО-ны компьютерге орнатуды қамдау
қажет. Бұл жұмыста құауыштардың барлығын жазып қажеті жоқ, бірақ мәліметтер
қорымен жұмыс істеуге арналған кәсіптік қосымшалар жазу мүмкін болатын
қажетті ақпаратты беруге болады.

1.2 Access - тің алғашқы мәліметтер қорын құру

Қазір біз Access мәліметтер қорын қалай құрып қолдану керектігі
жайлы қарстыраық. Ол үшін біздің компьютерімізде MS Office және оның
құрауышы MS Access орнатылуы тиіс. Access-те мәліметтер қоры құрылады, ал
олармен біз Delphi арқылы жұмыс істейміз.
Access-ті іске қосып менюден Файл-Создать командасын орындаймыз.
Мәліметтер қорын құру шеберінде База данных (Мәліметтер қоры) пунктін
таңдап және ОК батырмасына шертеміз. (сурет 1.2.1) Бізге мәліметтер
қорының атын және орны орналасуын таңдау сұралады, қажеттісін көрсетіп, өз
файлымызға Database.mdb атауын береміз.

Сурет 1.2.1 Жаңа мәліметтер қорын құру терезесі

Осыдан кейін Access мәліметтер қорын құрып оны көрсетілген жол
бойынша сақтайды. Ал бізге мәліметтер қорымен жұмыс істеу терезесі
көрінеді. Терезенің сол жағында жұмыс істеуге арналған объектілерді таңдау
бағанасы орналасқан. Ең бірінші Таблицы (Кестелер) пункті орналасады (ол
үнсіздіктен ерекшеленіп тұрады). Егер бұл объект бізде ерекшеленбесе онда
оны ерекшелеңіз. Терезенің оң жағында үш пункт орналасады:

Сурет 1.2.2 Жаңа мәліметтер қорын құру терезесі
1) Кестені Конструктор режимінде құру
2) Кестені шебер көмегімен құру
3) Кестеге мәліметтерді енгізе отырып құру
Бұл командалардың көмегімен мәліметтер қоры ішінде бір файл ретінде
сақталынатын кестелер құруға болады. Мәліметтер қорындағы барлық мәліметтер
екі өлшемді кесте түрінде сақталынады.
Бағандар кестеде өрістер деп аталады және олар арқылы кестеде қандай
мәліметтер сақталғанын анықтауға болады. Телефон анықтамасының мәліметтер
қорын құруды іс жүзінде қарастырайық. Кестені Конструктор режимінде құру
-ды таңдап жаңа кесте құрамыз. Біздің алдымызда 1.2.4 суретінде
көрсетілгендей терезе ашылады.

Сурет 1.2.4 Кестені құру терезесі
Жоғарыдағы тордың ішінде кестенің өрістерін, олардың типін және
сипаттамасын енгізесіз (соңғысы міндетті емес). Біз торға жаңа өрісті
енгізіп оның типін көрсеткенде, терезенің төменгі бөлігінде жаңа өрістің
қасиеті пайда болады. Өрістің типіне байланысты қасиетерінің саны да
өзгереді. Олардың ішіндегі ең негізгілері:
- Өрістің максимальды ұзындығы. Мәтіндік өріс үшін өлшемі 255
символдан артпауы тиіс. Егер мәтін ұзынырақ болса, онда Memo
өрісін (Поле Memo) қолдану қажет.
- Өріс пішімі. Бұл жерде сіз мәліметтердің ішкі түрін көрсете
аласыз. Мысалы, өріс YesNo сияқты логикалық өрістерді,
немесе mm yyyy сияқты күнді.
- Енгізу маскасы. Бұл жерде біз өрісті редактілеуді бейнелейтін
масканы енгіземіз. Егер біз Маска ввода (Енгізу маскасы)
жолындағы ... жолына шертсек, масканы құру шеберін көреміз.
- Үнсіздік бойынша мән. Үнсіздік, Африкадада да үнсіздік.
- Міндетті өріс. Егер қолданушы бұл жерге мән енгізбесе, қате
туралы хабарлама шығады. Мұндай өріс бос болуы мүмкін емес.
- Бос жолдар. Алдыңғыға ұқсас, өйткені бұл өріс те бос болуы
мүмкін емес.
- Индекстелген өріс. Индекстелмеген, сәйкестіктері бар
индекстелген, сәйкестіктері жоқ индекстелген болуы мүмкін.
Негізгі индекс сәйкестіктерсіз болады. Ал қалғандары міндетті
түрде сәйкестіктерімен.
- Юникод қысуы – Юникод-қа сәйкес мәліметтерді қысуға арналған.
Алты өріс құраймыз:
1) Өріс атауы – Key1. Типі – санағыш (счётчик). Және ол
бізде кілттік өріс болады. Өріс өлшемі – Ұзын бүтін
(Длинное целое). Индекстелген өріс – Иә (Да) (Совпадения
не допускаются).
2) Өріс атауы – Фамилия. Типі – мәтіндік (текстовый). Өріс
өлшемі – 50. Индекстелген өріс – Иә (Да) (Допускаются
совпадения).
3) Өріс атауы – Имя. Типі – мәтіндік (текстовый). Өріс
өлшемі – 50. Индекстелген өріс – Иә (Да) (Допускаются
совпадения).
4) Өріс атауы – Телефон. Типі – мәтіндік (текстовый). Өріс
өлшемі – 10. Индекстелген өріс – Иә (Да) (Допускаются
совпадения).
5) Өріс атауы – E-mail. Типі – мәтіндік (текстовый). Өріс
өлшемі – 20. Индекстелген өріс – Иә (Да) (Допускаются
совпадения).
6) Өріс атауы – Город. Типі – сандық (числовой). Өріс өлшемі
– Ұзын бүтін (Длинное целое). Индекстелген өріс – Жоқ
(Нет). Неліктен қала жолдық емес, қалалардың атаулары –
мәтін емес пе? Біраздан кейін қала неге сандық болатынын
көрсетеміз. Бұдан басқа барлық өрістерде Міндетті өріс
(Обязательное поле) Жоқ ал Бос жолдар (Пустые строки)
Иә (Да) деп тұр. Егер біз өрісті міндетті етіп
орнатсақ, барлық жолдарда сәйкес өріс жазылуы тиіс. Егер
біз бос жолдарды қоймасақ (Жоқ деп қою), онда көрсетілген
өрісте міндетті түрде бірдеңе жазылуы тиіс, әйтпесе
қателер шығады. Шынымен-ақ егер қандай да бір өрісте мән
болуы үшін оны міндетті етіп тағайындау қажет.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы
ADO технологиясы
Delphi және мәліметтер қоры сервері
Delphi ортасында мәліметтер қорын құру
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары
Delphi ортасының мәзір терезесі және саймандар тақтасы
Басқару жұмыстарын автоматтандыру
Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс
Деректер базасының сервері
«Телефон анықтамасы» мәліметтер қорын жобалау
Пәндер