ТМД-дің көлемі, географиялың орны мен шекарасы
Т.М.Д.дің көлемі, географиялың орны мен шекарасы
Орография
Геологиялың құрылыс
ТМД.ғы территориясындағы теңіздер
Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері

Балтық, Қара және Азов теңіздерінің жалпы ауданы — 568 088 км2.ге тең. Бұл —
Атлант мұхитының теңіздері
Көл.теңіздер

Физикалык, география — Жердің ландшафт қабығын зерттейтін ғылым. Ландшафт қабық жер бетінде 3 қабықтық: атмосфера, гидросфера және литосфераның қабатастасып, өз ара кірігіп жатуының нәтижесінде пайда болған. Жердің бұл қабықтарын зерттеумен климатология, гидрология және геология деп аталатын дербес ғылымдар шұғылданады. Қабықтардын, өз ара әсері нәтижесінде пайда болған қосылу қабаты Жердің ландшафт қабығы делінеді (Ю. К- Ефремов, С. В. Калесник). Жердін, ландшафт қабығының аталған кабықтардан бөлек, өз бетінше өмір сүруін және сапалық ерекшелігін С. В. Калесник күн жылуының нақ сол аралық қабатта түгелге дерлік шоғырлануынан деп дәлелдейді. Бұл жылу жер бетінен жоғары не төмен шамалы ғана биіктікке, не терендікке тарайды. Орта ендіктерде жер бетінен 20 м терендіктің өзінде-ақ жергілікті ауанын, жылдық орташа температурасына тен, тұрақты температура қабаты болады. Бұл қабат-тан төмен қарай температура жердің ішкі жағынан келетін жылудын, есесінен еседі.
Төменгі шекарасы 3 км тереңдікте литосферада, ал жоғарғы шекарасы 10—12 км биіктікте тропосферада болатын қабаттын, (биосфера) бет жағында тіршіліктін, шоғырлануы ландшафт қабығының маңызды ерекшелігі болып табылады.
Ландшафт қабығында эндогендік және экзогендік күштердің күресі жүріп жатады. Осы күрестін, нәтижесінде жер бетінің күрделі рельефі қалыптасып, өзгеріп отырады. Жер бетінің біркелкі жылынбауы салдарынан жылу мен ылғал Жер бетінде қайта бөлінеді де, ол өз тара-пынан ағын су мен мұздардьң (яғни, экзогендік күштер) әрекетін тудырады. Экзогендік күштер жер қыртысының беткі қабатында әрекет етеді де, оньң тереңдегі бөлігіне өте алмайды. Шөгінді тау жыныстары тек қана литосферанын. бетінде, континенттерде және мүхиттардың түбінде пайда болады. Континенттердіқ үстінде топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптасады.
Жердін формасы мен онын, Күнге қатысты алғандағы орнына қарай анықталатын физикалық-географиялық процестердің зоналылығы ландшафт қабығынйн. ерекшелігі больш табылады. Бүл маңызды қүрылымдық ерекшелік климат пен топырақтың, есімдік пен жануарлар дүниесінін, зоналылығынан байқаладьу
Жердің ландшафт қабығында заттардын, көптеген айнальшы болып түрады. Олар, мысалы, атмосферада тропосфера деп аталатын жұқалау қабатты ғана қамтиды.
Ландшафт кабығының аса зор маңызы — онда адамзат коғамының, тіршілік етуінде. Мұның өзі Жердің ландшафт қабығьнда болып жататын көптеген процестердін, даму бағыты мен жылдамдығына үлкен әсерін тигізеді.
ландшафт қабығынын, сапалық ерекшелігін көрсете отырып, біз физикалық географияньң зерттеу объектісінін дербестігін дәлелдейміз. Өйткені әр ғылымнық өзіндік дербестігінін, басты белгісі — сол ғылымньщ басқа ғылымдрдьң зерттеу объектісінен мүлде бөлек, өзіндік меншікті зерттеу объектісінің болуы.
Физикалық география жалпы физикалық география немесе жалпы жер тану мен региональды география, не физикалық ел тану болып екіге белінеді. Жалпы жер тану түтас алғанда Жердін, ландшафт қабығының қалыптасу зандылықтарын зерттесе, ал региональдық география ландшафт қабығының нақты жеке бөліктерін зерттейді. Басқаша айтқанда, региональдық физикалық география — белгілі жердің табиғи комплекстері туралы, оның дамуы мен типтері жайындағы ғылым. Совет физикалық география мамандарының басты міндеті — шаруашылық мақсаты үшін территорияны тиімді пайдалану және табиғатты комплексті түрде қайта өзгерту бағытындағы шараларды ғылми тұрғыдан негіздеу. Бүл территорияны, табиғи ресурстардың потенциалдық мүмкіншіліктерін, сондайақ географиялық- ортаны белгілі бір бағытта өзгерту үшін, оны халық шаруашылығында пайдалану үшін табиғаттың жеке компоненттері арасындағы негізгі байланыстарды жан-жақты білуді қажет етеді.

1. Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2
2. Әбилаев С.А. Молекулалық биологи және генетика: Оқулық.- Шымкент: «Асаралы» баспасы, 2008.- 424б.:ил. –ISBN 9786017065225:2500т.
3. Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет.ж.. толық.-2010.- 388 б.
4. Мұхамбетжанов К.К., Далабаев Б.А., Өтешева Г.А. Гентикадан практикалық сабақтар. Алматы. Ғылым 2004.
5. Мұхамбетжанов К.Қ. Генетика.Алматы 2005.
6.Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с.
6. Мухамеджанов А, Абдакаликов М. Общая и военная радиобиология: Учебное пособие.- 2008.- 142 с.
7. Құлтанов Б.Ж. Радиобиологияның таңдамалы сұрақтары: оқу-әдістемелік құрал, КГМУ.- Қарағанды, 2009.- 163 б.
8. Стамбеков С.Ж. Генетика. Новосибирск, 2002. -436 б - 60 дана
9. Бегімқұл Б.Қ. Генетика, Алматы, 2000. -358 6.-50 дана
10. Эбшаев С.А.МолекулалыК биология жзне генетика. Шымкент, 2008.-424 6.-50 дана
11. Бегімқұл Б.Қ. Молекулалык генетика жэне биотехнология непздерл. Алматы. 1996.-124 6.-25 дана
12. Инге Вечтомов.С.Г.Генетика сосновами селекции, М.Высшая школа, 1989.
13. Лобашев М.Е.Ватти К.Е.Тихомирова М.М.Генетика сосновами селекции, М.Просвещение, 1979.
14. Ватти К.В., Тихомирова М.М. Руководства к практическим занятям по генетике. М. Просвещение, 1979.1972.
15. Лобашев М.Е. Генетика. Изд-во ЛГУ. Генетические 1969.

Физикалык, география — Жердің ландшафт қабығын зерттейтін ғылым.
Ландшафт қабық жер бетінде 3 қабықтық: атмосфера, гидросфера және
литосфераның қабатастасып, өз ара кірігіп жатуының нәтижесінде пайда
болған. Жердің бұл қабықтарын зерттеумен климатология, гидрология және
геология деп аталатын дербес ғылымдар шұғылданады. Қабықтардын, өз ара
әсері нәтижесінде пайда болған қосылу қабаты Жердің ландшафт қабығы
делінеді (Ю. К- Ефремов, С. В. Калесник). Жердін, ландшафт қабығының
аталған кабықтардан бөлек, өз бетінше өмір сүруін және сапалық ерекшелігін
С. В. Калесник күн жылуының нақ сол аралық қабатта түгелге дерлік
шоғырлануынан деп дәлелдейді. Бұл жылу жер бетінен жоғары не төмен шамалы
ғана биіктікке, не терендікке тарайды. Орта ендіктерде жер бетінен 20 м
терендіктің өзінде-ақ жергілікті ауанын, жылдық орташа температурасына тен,
тұрақты температура қабаты болады. Бұл қабат-тан төмен қарай температура
жердің ішкі жағынан келетін жылудын, есесінен еседі.
Төменгі шекарасы 3 км тереңдікте литосферада, ал жоғарғы шекарасы 10—12
км биіктікте тропосферада болатын қабаттын, (биосфера) бет жағында
тіршіліктін, шоғырлануы ландшафт қабығының маңызды ерекшелігі болып
табылады.
Ландшафт қабығында эндогендік және экзогендік күштердің күресі жүріп
жатады. Осы күрестін, нәтижесінде жер бетінің күрделі рельефі қалыптасып,
өзгеріп отырады. Жер бетінің біркелкі жылынбауы салдарынан жылу мен ылғал
Жер бетінде қайта бөлінеді де, ол өз тара-пынан ағын су мен мұздардьң
(яғни, экзогендік күштер) әрекетін тудырады. Экзогендік күштер жер
қыртысының беткі қабатында әрекет етеді де, оньң тереңдегі бөлігіне өте
алмайды. Шөгінді тау жыныстары тек қана литосферанын. бетінде,
континенттерде және мүхиттардың түбінде пайда болады. Континенттердіқ
үстінде топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптасады.
Жердін формасы мен онын, Күнге қатысты алғандағы орнына қарай
анықталатын физикалық-географиялық процестердің зоналылығы ландшафт
қабығынйн. ерекшелігі больш табылады. Бүл маңызды қүрылымдық ерекшелік
климат пен топырақтың, есімдік пен жануарлар дүниесінін, зоналылығынан
байқаладьу
Жердің ландшафт қабығында заттардын, көптеген айнальшы болып түрады.
Олар, мысалы, атмосферада тропосфера деп аталатын жұқалау қабатты ғана
қамтиды.
Ландшафт кабығының аса зор маңызы — онда адамзат коғамының, тіршілік
етуінде. Мұның өзі Жердің ландшафт қабығьнда болып жататын көптеген
процестердін, даму бағыты мен жылдамдығына үлкен әсерін тигізеді.
ландшафт қабығынын, сапалық ерекшелігін көрсете отырып, біз физикалық
географияньң зерттеу объектісінін дербестігін дәлелдейміз. Өйткені әр
ғылымнық өзіндік дербестігінін, басты белгісі — сол ғылымньщ басқа
ғылымдрдьң зерттеу объектісінен мүлде бөлек, өзіндік меншікті зерттеу
объектісінің болуы.
Физикалық география жалпы физикалық география немесе жалпы жер тану
мен региональды география, не физикалық ел тану болып екіге белінеді. Жалпы
жер тану түтас алғанда Жердін, ландшафт қабығының қалыптасу зандылықтарын
зерттесе, ал региональдық география ландшафт қабығының нақты жеке
бөліктерін зерттейді. Басқаша айтқанда, региональдық физикалық
география — белгілі жердің табиғи комплекстері туралы, оның дамуы мен
типтері жайындағы ғылым. Совет физикалық география мамандарының басты
міндеті — шаруашылық мақсаты үшін территорияны тиімді пайдалану және
табиғатты комплексті түрде қайта өзгерту бағытындағы шараларды ғылми
тұрғыдан негіздеу. Бүл территорияны, табиғи ресурстардың потенциалдық
мүмкіншіліктерін, сондайақ географиялық- ортаны белгілі бір бағытта өзгерту
үшін, оны халық шаруашылығында пайдалану үшін табиғаттың жеке компоненттері
арасындағы негізгі байланыстарды жан-жақты білуді қажет етеді.
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мен қорғау, оларды қалпына келтіру
мен көбейту, сол сияқты еліміздің экономикалық аудандарын комплексті дамыту
мәселелеріне Программасы баса назар аударады. Сондықтан совет
ғалымдарының, әсіресе, географтардың алдында түрған аса маңызды міндет —
еліміздің табиғатын комплексті зерттеу. Табиғатты қайта өзгерту жобаларында
адамның араласуы салдарынан болатын тек жағымды ғана емес, сонымен бірге
жағымсыз табиғат қүбылыстарын да, табиғат компоненттерінің арасындағы
негізгі байланыстарды да ескеру қажет. Географияда адамзат қоғамының
табиғатқа белсене араласуынан болатын реакция тізбектерін зерттеуді
күшейту керек.
Табиғат танып білу — оның күшін, сұрапыл керіністерін, қүбылыстары мен
табиғат денелерін білу XIX ғасырда алып адыммен алға басты. Сондықтан да
бүл жүз жылдық жаратылыс тану ғасыры, табиғат тану ғасыры деп аталып кетті.
Дегенмен, адамзат ілімінің осы үлы табыстарына, біздің табиғатқа деген
көзқарасымызды бүтіндей өзгертіп кеткен табыстарға, үңіле көз жіберсек, өте
бір елеулі де маңызды олқылықтың болғанын байқау қиын емес, негізінен, жеке
денелер — минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар және жеке құ-
былыстар, жекелеген стихиялар — от (вулканизм), су, жер, ауа зерттелгенімен
және бүл жөнінде қайталап айтамын, ғылым таңғаларлық нәтижелерге қол
жеткізгенімен, күштердің денелер мен қүбылыстар-дың арасында, тірі табиғат
пен өлі табиғат арасында, өсімдіктердің, жануарлар мен минералдық дүние
арасында болатын арақатысы, генетикалық мәңгілік, әрі барлық уақытта
болатын заңды байланысы зерттелген жоқ...
Сонда дәл осы арақатыстар, осы өз ара заңды әрекеттестіктер жаратылыс
танудың ең келісті, ең зор кереметі нағыз натурфилософияның үйтқыеы,
жаратылысты танудың мәні болып шығады,— деп жазды В. В. Докучаев.
Географтардың өзге ғылымдарда жинакталған материалдарды орынды пайдалана
отырып, табиғаттағы заңды байланыстарды дәлелдеуі географияны дамытудың
орасан зор перспективасы болып табы-лады.
Совет географы А. В. Шнитников өзінің еңбектері арқылы сыбайлас
ғылымдардан алынған материалдарды салыстыра пайдаланудык жемісті нәтиже
беретінін дәлелдеді. Ол басқа ғылымдардан алынған, сырт кезге тарау-тарау
болып көрінген деректерді бір жүйеге келті-ріп, солтүстік жарты шар
материктерінің ылғалдылығы мен ырғағы және географиялық зоналар шекарасының
кешу ырғақтылығы жайында жуйелі ілім жасады.
Соңғы алты мьң жыл ішіндегі табиғаттың дамуын талдау заңдылықтарды ашуға
мүмкіндік береді, демек, мұның өзі алдағы ондаған жылдарда табиғаттың
өзгеруіндегі ырғақтылықты болжауға жағдай жасайды..
Ылғалданудың бір ғасыр не көп ғасыр бойындағы ырғағы Күн мен Ай және
Жер арасындағы тығыз байланысты, жер бетіндегі көп-теген табиғи
процестердің Күнде болатын процестерге тәуелділігін сендіре дәлелдейді.
Табиғаттағы өз ара байланыстар мен заңдарды зерттеу табнғатта болатын
негізгі өсу, өзгеру бағыттарын анықтауға, оларды жоспарлау ісінде, мәселен,
түрлі құрылыстарды жобалағанда, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін
территорияны пайдалану кезінде және басқа жағдайларда ескеруге мүмкіндік
береді.
Ай мен Күннің су деңгейін көтеру күшінің тығыз байланыстылығы, Күн
әрекетінің басымдығы және оньң жер бетіндегі биологиялық құбылысқа
тигізетін әсері А. В. Шнитниковқа географиялық зоналар шекараларының ауысу
ырғақтылығыньң себебін көрсетуге мүмкіндік берді. Судын, денгейін көтеретін
күш, ішкі толқындар, мұхит жылуы, Арктиканын, мүздылығы, атмосферанын,
таралуы, материктердін, ылғалдылығы мен температуралық қалпы ретімен жүріп
отырады.
Жаңа жерлерді игеру және игерілген аудандарды қайта қүру, өзен
жүйелерін реттеу, үлкен территорияны қолдан суландыруға көшіру жөніндегі
және жеке табиғи ресурстарды пайдалану міндеттерін іске асыру жөніндегі
халық шаруашылығы міндеттерін шешкенде министрліктер мен ведомстволар
сыбайлас шаруашылықтын. аралас салалары мен бүтін халық шаруашылығынын,
түтас мүдделерін, сонымен бірге халық қажетін ескерулері тиіс.
Заңда сондай-ақ жастарды еліміздін, табиғат байлықтарына қам-қорлықпен
карауға және табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану дағдыларына тәрбиелеу
мақсатымен мектеп программасында табиғатты қорғау негіздерін оқыту мен
жаратылыс тану, география және химия оқулықтарына тиісті тараулар қосу
қажет, сонымен бірге жоғары мемлекет органдарының, кәсіподақтын, жастар
және барлық басқа да қоғамдық үйымдардын, күш-қуатын идеологиялық жүмыстың
негізгі бағыттарына, оның ішінде халықтың білімі мен мәдениетін көтеру.
халықты патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеу бағытына
жүмылдыру қажеттігі көрсетілген. Бүл міндеттерді орындау географиялық
ғылымда мақызды орын.
Т.М.Д-дің көлемі, географиялың орны мен шекарасы
. Т.М.Д елдері 22 402 млн. км2 жерді алып жатыр, оның 309 мың км2-і ғана
аралдар.
ТМД территориясы материктердің ішіндегі ең ірісі — Евразия материгінде
орналасқан жә-не жер көлемінің 40%-тен астамын алып жатыр. ТМД халқы 250
миллионнан асады.
Т.М.Д-дің жер көлемі АҚШ-тың жер көлемінен 2,5 есе, ал Англия-дан
(отарларды қоспағанда) 90 есе үлкен.
ТМД материктегі ең шеткі солтүстік нүктесі — Челюскин мүйісі — поляр
шеңберінен әрі с. е.-тің 77°43'-да жатыр. Франц Иосиф Жері архипелагындағы
Рудольф аралығындағы Флигели мүйісі одан гөрі солтүстікке таман, с. е.-тің
81° 50-да орналасқан. Флигели мүйісінен солтүстік полюске дейін 900 км.
ТМД-ның ең оңтүстік нүктесі Ауғанстанмен шекарада — Кушка поселкесінің
оңтүстігіндегі Чильдух ауылының маңында жатыр (с. е.-тің 35°08'-ы). Осы
нүктеден Челюскин мүйісінің ендігіне дейінгі жердің ұзындығы 4500км-ден
артығырақ. Еліміздің шеткі солтүстігі мен шеткі оңтүстігін айтпағанда,
қалған жерінің бәрі дерлік қоңыр-жай ендіктерде орналасқан.
ТМД батыстан шығысқа қарай 10 000 км созылып жатыр. Батыстағы ең шеткі
нүкте (ш. б-тың 10°37'-ы) Польшамен шекарада, Калининградқа таяу жерде,
Балтық теңізінің Гдань шығанағының күм қайырында орналасқан.
Материктің шығысындағы ең шеткі нүкте — Дежнев мүйісі (б. б.-тың 169°-ы)
мен Беринг бүғазындағы Ратманов аралында (б. б.-тың 169°40'-ы).
ТМД территориясында—-ІІ ден ХІІ-ге дейінгі 11 сағаттық белдеу
орналасқан, демек, Москва мен Чукотка арасындағы уақыт айырмашылығы 10
сағатка тең. Совет Одағы негізінен шығыс жарты шарда орналасқан, тек жердің
бір бөлігі ғана батыс жарты шарға еніп жатыр.
Т.М.Д-дің көп жері Азияда орналасқан, жер көлемінің тек 25%-і ғана
Европада жатыр.
Мемлекеттік шекараның үзындығы — 60 000 км, яғни бүл экватор шеңберінің
үзындығынан 20 000 Км, ал Солтүстік полюс пен Оңтүстік полюске дейінгі
қашықтықтан үш есе артық. Шекараның 2з-Дейі теңіздік шекара. ТМД-ның
солтүстік және шығыс шекаралары бүтіндей теңіз арқылы созылып жатыр.
ТМД үш мүхиттың: Тынык, Солтүстік Мүзды және Атлант мұхитының суы
қоршап жатыр; тек Үнді мұхиты ғана ТМД жерімен шектеспейді. Аса зор
сулы аймақтардың жақындығы Т.М.Д табиғатына елеулі әсерің тигізетінін айта
кету керек.
Солтүстік Мұзды мұхиттың жағалауы түгелдей дерлік ойпатты, әрі мұхитқа
қарай аздап еңістеу болып келеді де, ол шығанақтармен және құрылыққа сұғына
кіріп жатқан өзен сағаларымен тілімделген. Тереңдігі кей жерлерде ғана 200
м-ден асатын, жағалау сияқты шамалы еңістеу құрылықтың енді қайраны
жағалауға мұхит жағынан келіп жанасады. Мұхиттың жағалауға жақын бөлігінде
Совет Одағына қарасты көптеген аралдар (Новосибирск, Солтүстік Жер, Жаңа
Жер, т. б.) орналасқан.
Арктиканың Советтік секторы шығыста Ратманов аралынан, батыста Рыбачье
түбегінен Солтүстік полюске жүргізілген шартты сызықпен шектелген.
Т.М.Д-дін, Тынық мұхит жағалауы негізінен таулы да, оның жағалауындағы
теңіздер терең болып келеді. ТМД көлемі шағындау, көпшілігі Куриль тобына
кіретін аралдар қарайды. ТМД Тынық мұхиттағы ең ірі аралы — Сахалин.
Т.М.Д шекарасы қүрылық пен мұхит арқылы да, ойпатты жазықтар мен
шыңдарын қар басқан биік таулар арқылы да жүреді, орман мен шөлді, тундра
мен субтропиканы басып өтеді.
Совет Одағының табиғи жағдайы таңғаларлықтай алуан түрлі. Онын, өн
бойынан меридиан бағыты бойынша тропиктік және экваторлық зоналардан басқа
барлық зоналардың ауысып отыратынын байқауға болады. Еліміздің жер бетінің
сипатына байланысты және мұхитқа қатысты алғандағы орнына байланысты
табиғат жағдайы батыстан шығысқа қарай өзгеріп отырады. Бүл, әсіресе,
еліміздің оңтүстігінде жақсы байқалды: мүнда ылғалды субтропиктер мен
шөлдер бір ендікте орналасқан. Т.М.Д-де жылдың кез келген мерзімінде
гүлдері жайнап түрған немесе қары бұзылмай жатқан жерлерді табу қиын емес.
Москвада көктем басталғанда, оңтүстікте жаз, ал солтүстікте қыс болып
түрады. Т.М.Д-дің оңтүстік шекарасынан солтүстік аудандарына дейін
көктемнің жылжуына алты ай шамасында уақыт керек. Бір ендікте жатқан
еліміздің батысына қарағанда Қиыр Шығыста көктем 1,5—2 ай кешірек
басталады.
Табиғи жағдайларының байлығы мен әр алуандығы Т.М.Д-де ауыл
шаруашылығының әр түрлі саласының дамуына алғы шарттар жасайды.
Орография
ТМД-дің гипсометрлік картасында біздің еліміздің барлық территориясының
орографиялық ерекшелігі анық көрінеді (түрлі түсті картаны қараңыз). Ол
аласа және көтеріңкі жазықтардың, таулы қыраттар мен таулы үстірттердің
және таулардың күрделі үйлесімімен сипатталады. Жазықтықтар негізінен Т М Д
территориясынын, батыс жартысында шоғырланған, ал таулы үстірттер, таулы
қыраттар мен таулар шығыс жартысында — Енисей аңғарынан Тынық мұхит
жағалауына, оның теңіздеріне дейінгі аралықта көбірек.
ТМД территориясын Дежнев мүйісінен оңтүстік шығыстағы мемлекеттік
шекарасына дейін қоршап жатқан Тынық Мүхит теңіздерінің жағалауында
биіктігі орташа тау жүйелері түтас тосқауыл болып созылып жатыр. Оңтүстікте
Т М Д мемлекеттік шекарасынын. бойымен биік таулар белдеуі өтеді, онан
Солтүстік мүзды мұхит теңіздерінін. жағалауларына қарай Азиялық бөліктегі
барлық территория төмендей береді. Осы еңіспен Сибирьдін, ірі өзендері
(Обь, Енисей, Лена) оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады. Біздің еліміздің
территориясының мүндай орографиялық ерекшеліктері онын, геологиялық
тарихымен, геологиялық қүрылысымен анықталады. Ірі ойпаттарға, жазықтар мен
таулы үстірттерге платформалық учаскелер, ал таулы аймақтарға —
геосинклинальды аймақ сай келеді. Рельефтің гипсо-метрлік айырмаларының
қалыптасуында әсіресе геосинклинальдық учаскелерде ерекше күшті байқалған
және байқалатын ең жаңа, әрі осы заманғы тектоникалық қозғалыстар маңызды
роль атқарады.
ТМД-дің европалық бөлігінің кеп жерін Орыс немесе Шығыс Европа жазығы
алып жатыр. Ол солтүстігінде Баренцов және Ақ теңізбен, оңтүстігінде
Карпат, Қырым, Кавказ тауларымен және Қара те-ңіз, Азов, Каспий
теңіздерімен шектеседі. Орыс жазығынық шығысында меридиан бағытын қуалай
аласа Урал таулары созылып жатыр. Жазықтың орташа биіктігі 170 м-ге жуық.
Оның кейбір бөліктері 300—400 м көтерілсе, ал ең аласа жерлері мүхит
деңгейінен 28 м тө-мендеп кеткен. Олар Каспий теңізінің жағалауларында
орналасқан. Орыс жазьіғы каледон қатпарлығына дейін пайда болған орыс пли-
тасының рельефтегі бейнесі болып есептеледі. Оның беті рельефтің әр түрлі
морфогенетикалық типтерінен күрылған, оның ішінде (солтүс-тік жартысында)
теңіздік, зандралық, көлдік, мүзды-сулы, мореналық және (оңтүстік
жартысында) эрозиялық және теңіздік жазықтар басым. Орыс жазығы солтүстік
батысында архей қүрылымы мен карелия қатпарлығы үстінде қалыптасқан Кола
түбегі мен Карелиядағы ерте заманғы аласа пенепленмен көмкерілген.Қола
түбегінде Хибин және Ловозер тундрасының биіктігі 1000—1200 м интрузивті
тау массивтері бар. Карелия территориясы — биіктігі шамамен 200 м төбе-төбе
болып келетін жазық. Бұл жазықтың ең биік жері оның солтүстік-батысында 600
м-те жетеді.
Арктиканың Европалық секторындағы аралдарда мұздық және нивальдық
өңдеуге ұшыраған немесе территорияның көпшілік бөлігін мұз жамылғысы алып
жатқан орташа таулар мен аласа таулар басым.
ТМД Азиялық бөлігінде, Урал тауы мен Енисей өзені аралығында, жер,.
шарындағы ірі жазықтардың бірі — Батыс Сибирь жазығы бар. Ол солтүстіктен
оңтүстікке қарай Қара теңізі жағалауынан Торғай үстіртіне, Қазақтық үсақ
шоқылығына (Сарыарқаға) және Алтай тауының етегіне дейін созылып жатыр.
Жазықтық беті солтүстікте және орталық бөлігінде биіктігі 19—160 м бөлек-
бөлек ойпат, әрі қырат болып келеді де, тек шет аймақтарында ғана 250— 300
м-ге көтеріледі. Енисейдің төменгі ағысында Батыс Сибирь жазығы Солтүстік
Сибирь ойпатына үласады. Ал бүл ойпат шығысқа қарай Лена өзенінің атырауына
дейін созылып жатыр.
Батыс Сибирь жазығы Батыс, Сибирь палеозой плитасының мезо-зой және
қайнозой шөгінді жамылғысының үстінде қалыптасқан. Жа-зықтың езі әр түрлі
жағдайда пайда болған ойпаттар мен қыраттар-дан тұрады, олардың ішінде
көлдік — аллювийлік, зандралық, морена-лық және эрозиялық түрлері басьтм.
Қаспий теңізінен шығысқа қарай Орта Азияның көпшілік жерін Түран ойпаты
алып жатыр, оның негізі — ірге тасы палеозой дәуірін-де қаланған Тұран
плитасы. Плитаның үсті — Тұран жазығы — әр түрлі типті аккумулятивтік
жазықтар (келдік, аллювийлік, жел сусытқан) мен аридтік-денудациялық
жазықтардан және үстірттен түрады. Терри-торияның көпшілік белігінің
биіктігі 50—200 м. Тұран ойпатында, Кас-пий теңізінің жағалауына таяу
жерде, Маңғыстау түбегінде ТМД территориясындағы ең терең ойыс — Қарақия
қазан шұңқыры бар, оның табаны мұхит деңгейінен 132 м төмен жатыр.
Енисей мен Лена аңғарларының аралығында Т М Д-дегі ең ірі, Орта Сибирь
таулы үстірті орналасқан. Су айрықтарында биіктігі 400—600 м-те жетеді.
Кейбір бөліктері 1000—1700 м-те дейін көтеріліп, эрозиялық аңғарлармен
тілімделген жалпақ шыңды, биіктігі орташа тауларға айналады. Таулы
үстірттің солтүстік шеті Солтүстік Сибирь ойпатына келіп қүлайды, ал мүның
өзі солтүстігінде орта биіктіктегі Бырранга тауымен шектелген. Орта Сибирь
таулы үстірті Сибирь платформасының рельефтегі көрінісі болып табылады.
Рельефінде ертедегі мүз басу, эрозиялық және тоңдык-солифлюциялық
әрекеттермен күрделіленген денудациялық көтеріңкі жазықтар мен үстірттер
басым. Орта Сибирь таулы үстіртінен шығысқа қарай Т М Д-дің Сол-түстік-
Шығысыньң көлемі жағынан шағын, бірақ анағұрлым биік таулы үстірттері мен
таулы қыраттары орналасқан. Олар батысында Верхоянск тауларымен шектеліп,
бір-бірінен орта биіктіктегі тау жүйелері арқылы бөлінген, олардың ең ірісі
— Черский тауының ең биік шыңы — Жеңіс 3147 м.
Сибирьдің Солтүстік-Шығысынын, таулары көбінесе қатпарлы мезозой
қүрылымында қалыптасқан денудациялық-тектоникалық тауларға жатады және жаңа
тектоникалық қозғалыстың қарқынды байқалуымен сипатталады. Мүзды, нивальдық
және солифлюкциялық өңдеулерге ұшыраған орта тау мен аласа таулар кен,
тараған (Т М Д-дің геоморфологиялық картасын қараңыз)
Енисеи ангарынан географиялық зоналық анык. байқалады, ал тауларда
физикалық-географиялық биіктік белдеулілік білінеді.
Рельеф еліміздің шаруашылығының дамуына да әсер етеді: ол темір жол мен
тас жол, суландыру жүйелері құрылыстарын салуда, ауыл шаруашылығына пайдалы
жерлерді бөлуде, таулар мен жазық-тарда су энергиясын пайдалануда, пайдалы
қазбаларды іздеуде және йгеруде, сонымен бірге өзен транспортын дамытуда
ескеріледі.
Геологиялың құрылыс
ТМД-ның территорпясы геологиялық құрылысы жағынан күрделі, ейткені ол
кембрийге дейінгі дәуірден бастап, әр түрлі гео-логиялық уақытта
қалыптасты.
ТМД қарап жер қыртысының негізгі геологиялық қүры-лымымен және даму
тарихымен танысуға болады. Геологиялық құ-рылысының әр түрлілігі мен
күрделілігі Т М Д геологиялық және тектоникалық карталарынан түгелдей
керінеді (қосымшаны қараңыз). Тектоникалық картада Т М Д территориясын
кұрайтын құрылымдар-дың жасына қарай дамудың геосинклинальдық кезеңінен
платформа-лық кезеңіне етуі әр түрлі уақытта болған тектоникалық
облыстардың төрт негізгі типтері керсетілген.
I. Қембрийге дейінгі қатпарлық облыстар (ертедегі платформа-лар);
бұларда геосинклинальдық даму кембрийге дейін аяқталған және қатпардың
негізі кембрийге дейінгі жыныстардан күралған, ал платформалық жамылғы
палеозой, мезозой және кайнозой жыныста-рынан тұрады.
II. Палеозой қатпарлығының облыстары (каледондық және герциндік); бұларда
геосинклинальдык даму палеозойда аяқталған, демек, қатпарлы негіз кембрийге
дейінгі және палеозой жыныстарынан қүралған да, платформалық жамылғы
мезозой мен кайнозой, ал кале-дон қатпарлығы аудандарында жоғарғы палеозой
жыныстарынан тұрады.
Мезозой қатпарлығының облыстары; бүларда геосинклиналь даму мезозойда
аяқталған, қатпарлы негіз кембрийге дейінгі және палеозой, мезозой
жыныстарынан құралған, ал платформалық жамылғы жоғарғы мезозой мен
кайнозойдың жыныстарынан түрады.
Кайнозой қатпарлығының облыстары; бұларда геосинклинальдық даму әлі
аяқталмаған және платформалық жамылғы жоқ.
ТМД-дің территориясы үшін негізгі құрылымдық элементтер бо-лып
геосинклинальдық белдеулер мен платформалар саналады. Платформалар
кембрийге дейінгі фундаменті сыртқа шығып жатқан (өйткені платформаның бұл
учаскелері көтерілуге ұшыраған) калқандар мен кембрийге дейінгі фундамент
қалың борпылдақ шөгінділермен жабылған (платформалық жабу) плиталарға
бөлінеді. Плита үстінде борпылдақ шөгінділердщ өте қалың болып келуі
платформалардың осы учаскелерінін, шөгіп бара жатқанын көрсетеді.
ТМД-діқ территориясында кембрийге дейінгі: Орыс және Сибирь платформалары
қалыптасқан.
Орыс платформасы Т М Д-дін. Европалық бөлігін түгелдей дерлік алып
жатыр. Оның шегінде Балтық және Украин қалқандары бөлінеді. Украин
қалқанынын, да, Балтық қалқанынын, да кембрийге дейінгі қатпарлы негізі әр
текті, олар әр түрлі бағыттағы тектоникалық жа-рықтармен айрылған.
Қалқандардың ертедегі кембрийге дейінгі жыныстарында әр түр-лі рудалы
пайдалы қазба байлықтар бар: Кривой-Рог және Кола тү-бегінің темір рудасы,
Қола түбегіндегі мыс-никель рудасы т. б.
Орыс платформасында кембрийге дейінгі жыныстардың сыртқа шығып жатқан
жері Тиман бұйраты мен Қанин түбегінде. Ал Қанин түбегіндегі байырғы рифей
шөгінділері ашық жатыр1. Сонымен бірге кембрийге дейінгі жыныстардың сыртқа
шығып жатқан жері Дон ақға-рында, Павловск маңында, Воронеж антеклизасында
байқалады.
Орыс платформасының көпшілік жерін Орыс плитасы алып жа-тыр. Кембрийге
дейінгі фундаменттің орналасу теревдігіне қарай платформа жамылғысының
қальщдығы да әр түрлі. Плита шегінде синеклизалар (ойыс) мен антеклизалар
(көтерілулер) байқалады. Ірі қүрылымдар Вятка, Ока-Цина, Дон-Медвежье
белестері сияқты платформалық қатпарлармен және күмбездермен, сонымен бірге
қабаттар-дың ыдырауымен және ыдырау сызықтарының бойымен опырылу арқылы
күрделенген. Платформалық жамылғы жоғарғы протерозой-дан бастап, төрттік
дәуірдін жыныстарын қоса қамтиды. Онын, қальңдығы қалқан беткейлерде
бірнеше ондаған метрден синеклизаларда бірнеше километрге дейін ауысып
отырады. Шөгінді жамылғыньң қалыңдығы Қаспий маңы синеклизасында 8—10 км-ге
жетеді, бүл мүмкін, барлық платформа бойынша ең қалыңы шығар. Украина
синеклизасында оның қалыңдығы 8 км шамасында, ал Москва синеклизасында — 3
км-те барады.
Геологиялық картадан көрінетініндей (қосымшаны қараңыз) платформалық
жамылғының беті әр кезенде пайда болған жыныстардан түзілген. Солтүстік-
батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ежелгі жъшыс-тардық едәуір жаңа жыныстармен
ауысып отыратыны байқалады. Балтық қалқанынан оңтүстікке таман Орыс
плитасынын, солтүстік-ба-тыс бөлігінде беткі қат-қабаттар көбіне палеозой
дәуірінде пайда бол-ған. Олар кеп жерді алып жатыр. Орталық белігінде
көпшілік жерінің бетін мезозой жыныстары, ал шьгғыс бәлігін пермь жыныстары
алып жатыр. Оңтүстік бөлікте жамылғыньщ беткі қабатында — үштік дәуір-дің
жыныстары, ал оңтүстік-шығыста — төрттік дәуірдің жыныстары басым.
Төрттік қат-қабат (олардын, жоғарғы қабаты) түтастай дерлік континенттік
шөгіндіден түрады. Олар солтүстік батыстан оңтүстік-шы-ғысқа қарай
біртіндеп ауысатын бірнеше зоналарды қүрайды. Балтық қалқаны шегінде
терттік шегінділерінін. жамылғысы ете жүқа, әрі ол тұтасып та жатқан жоқ.
Бұлар, негізінен, мореналық (табандағы) жыныстар. Балтық қалқанынан
оңтүстік және оңтүстік-шығысқа қарай негізгі, табандық морена зонасы
орналасқан. Ол соңғы морена үйінді-лері зонасымен ауысады. Оңтүстікке қарай
флювиогляциальдық шөгін-ділер — зандр, немесе орманды еңір зонасы
орналасқан. Полесье зонасы жамылғы ретінде па-йда болған саздақ және лесс
жамылғысымен ауысады. Қиыр солтүстік пен оңтүстіктегі жағалық жерлерде
теңіздік төрттік шөгінділер байқалады. Төрттік шегінділердің аталған зонала-
ры Орыс жазығында әлденеше рет қайталанған мұз басумен және трансгрессиямен
байланысты.
Платформа жамылғысының қат-қабаты түрлі пайдалы қазынды-ларға бай.
Мәселен, девон мен карбонның жоғарғы қабаттарында, орта юра және төменгі
бор қабаттарында мүнай және газ бар. Тас көмір шө-гінділерінде тас кемір
мен қоңыр көмір қабаттары бар. Украин сине-клизасындағы жоғарғы девон
шөгінділерінен ас түзының қалың қабаты, ал Урал алдының шеткі ойысындағы
пермь шөгінділерінен ас және ка-лий тұзы табылды. Плитаның солтүстік-батыс
бөлігінің төменгі силур қабатында жанатын тақта тас, жоғарғы юра мен бор
қабаттарында фосфориттің аралас қабаттары (Москва маңында) жатыр. Плитаның
оңтүстігіндегі палеоген шөгінділерінде марганец рудасы бар.
Сибирь платформасы. Сибирь платформасының шегінде кембриңге дейінгі
негіздің шығындылары солтүстік бөлікте Анабардың архей масси-він, оңтүстік-
шығыс бөлікте Алдан қалқанын қүрайды. Платформаның оңтүстік және оңтүстік-
батысында Байкал қатпарлы облысы жатыр. Платформалық жамылғы кембрийден
бастап терттік жыныстардың қат-қабаттарынан түзілген. Мұнда жамылғының
қалыңдығы Орыс платфор-масындағыдан жұкалау болуы мүмкін. Вилюй
синеклизасында оның ең қалың қабаты 7 км-ге жетеді.
Орыс платформасының жамылғысымен салыстырғанда Сибирь платформасының
платформалық жамылғысының үстіңгі жағы басқа-ша құрылған (картаны қараңыз).
Геологиялық картадағы, Сибирь платформасының шегінде: солтүстік бөлігінде —
анабар массивін қор-шаған кембрий жыныстары; батыс бөлігінде, Тунгус
синеклизасында — пермь-триас жыныстары; шығыс бөлігінде Вилюй
синеклизасында — юра және бор жыныстары ашық керініп жатады. Көне
кристалдық фундаментте және платформа жамылғысының шегінді қабатында түр-лі
пайдалы қазындылар: темір және мыс-никель рудасы, сирек металл рудалары,
алмас, слюда, тас көмір, мұнай, түз т.б. бар. Л Палеозой қатпарлығы
каледондық және герциндік Орыс және Си-бкрь платформаларының аралығында
орналасқан, оған Урал, Батыс, Снбирь жазығы, Таймыр түбегі және Солтүстік
Сибирь ойпатының батыс белігі, Қазақтың ұсақ шоқылығы, Алтай, Саяндар, Тянь-
Шань, Тұран ойпаты және басқа территориялар кіреді (Т М Д-дің тектоника-лық
картасын қараңыз). Палеозой қатпарлығында екі плита — Батыс Сибирь және
Түран плиталары бар. Уралдың, Қазақтың ұсақ шоқылы-ғы (солтүстігінде) мен
Алтайдың қатпарлы құрылымы Батыс Сибирь плитасына қарай, ал Тянь-Шань мен
Қазақтың үсақ шокылығының (оңтүстігінде) қатпарлы қүрылымы Түран плитасына
қарай шөгіп, олар-дың фундаментін қүрайды. Қазақ палеозой массиві аумакты
түмсық жасап екі плитаны бөліп түрады. Олар сыртқа шығып жатқан Урал
катпарлары мен Қазақ палеозой массивінің аралығында орналасқан Торғай иіні
арқылы жалғасады. Батыс Сибирь және Тұран плиталары-ның қатпарлы фундаменті
юра, бор, үштік және төрттік (континенттік және теңіздік) тұнба
шөгінділерінің жамылғысымен жабылған. Батыс Сибирь және Тұран плиталарының
түнба шөгінділерінде түрлі пайдалы қазындылар бар: табиғи жанар газ, мұнай,
тас көмір мен қоңыр көмір, ал қатпарлы құрылымдарда — полиметалл, мыс
рудасы және басқа-лары бар.
Мезозой қатпарлы облысы Қиыр Шығыс пен Солтүттік Шығыс тер-риториясын
қамтиды. Қиыр Шығыстың мезозой қатпарлығын солтүстік жағынан платформаға
айналған жоғарғы палеозой қатпарлығы (Зея-Бурей массиві) көмкерген. Мезозой
қатпарлы облысы Шығыс Бай-кал сыртынан созылып Охот теңізіне шығады, оған
Хинган-Бурей және Сихотэ-Алинь антиклинорийлері де кіреді.
Лена және Алдан өзендерінен шығысқа қарай мезозой қатпарлы-ғының
солтүстік шығыс облысы жатыр. Бұл облыстағы ең ірі құры-лым — Верхоян
антиклинальдық зонасы. Ол Снбирь платформасы-нан Верхоян алды мойнағы
арқылы бөлінген. Колыма, Охот және басқа орташа массивтер осы облысқа
кіреді. Мезозой құрылымы облы-сында әр түрлі рудалардың — темір,
полиметалл, қалайы, сирек метал-дар рудалары, алтын т. б. бай кендері бар.
Бұлардан басқа тас көмір мен қоңыр көмір кені де кездеседі.
Кайнозой қатпарлығының екі облысының — Жерорта теңіздік жә-не Қиыр
шығыстық облыстардың өзіндік ерекшелігі — оларда геосин-клинальдық даму әлі
аяқталмаған. Жаңа тектоникалық қозғалыс мүн-да өте күшті білінеді. Мысалы:
Кавказ төрттік дәуірде айналасындағы езін қоршаған ойыстарға қарағанда 4—5
км көтерілген деғен жорамал бар. Бүл облыстар сейсмикалылығының
күштілігімен, ең жаңа және қа-зіргі вулканизммен сипатталады.
Жерорта теңіздік облысқа Қарпат, Қырым, Қавказ, Копет-Даг жә-не Памир
жатады.
Кайнозой қатпарлығының Қиыр Шығыстық облысы — біздің елі-міздегі ең жас
геосинклинальдық облыс. Ол геосинклинальдық процес-тердің қарқыны
күштілігімен сипатталады. Мұнда сейсмикалық күші жағынан ерекше сөнбеген
вулкандар, болашақ таулы жоталардың бас-тамасы ретінде қаралатын вулкандық
аралдар иіні, мүхиттық терең ойыстад бар. Бірақ мүнда геосинклинальды
түйықталу стаднясына тән шеткі иіндер жоқ. Егер Қиыр Шығыста геосинклиналь
күшті даму үстінде болса, Жерорта теңіздік облыста, теңіз бассейндерінің
тез тар-тылуына байланысты, геосинклинальдық дамудың соңғы кезеңдері
байқалады.
Кайнозой қатпарлығының Қиыр Шығыстық облысы Коряк таулы үстіртін,
Анадырь-Пенжина ойпатын, Камчатканы, Куриль аралдарын, Сахалинді және Охот
теңізі мен Жапон теңізінің континенттік жағала-уын қамтиды. Кайнозой
қатпарлығы облысына антиклинальдық және синклинальдық ірі созылыңқы
қатпарлар тән. Қарқынды тектоникалық қозғалыстар саябырлаған жоқ, керісінше
осы күнге дейін жиі-жиі бо-лып түр'ады. Оған Жер сілкінулер, қазіргі
вулканизм және . жаңадан пайда болған тектоникалық ойыстар дәлел бола
алады.
Қайнозой құрылымы облысында тас кемір, мүнай және түрлі руда-лы пайдалы
қазындылар (Қавказ) бар.
ТМД-ғы территориясындағы теңіздер
ТМД-ны үш мұхитқа жататын он өкі теңіздің суымен және теңіз деп аталатын
екі үлкён көлдің суымен үласып жатыр. Он екі теніздің алтауы (Ақ теңіз,
Баренц, Кара, Лаптевтер, Шығыс Сибирь және Чукот) Солтүстік Мұзды мұхитка,
үш теңіз (Балтык, Қара және Азов) Атлант мұхитына, үш теңіз (Беринг, Охот
және Жапон) Тынық мұхитына жатады. Каспий және Арал көл-теңіздерінің
мұхитпен бай-ланысы жоқ.
Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері
Солтүстік Мүзды мүхит теңіздері Евразия жағалауындағы мате-риктік
қайраңдарда жатыр және олар онша терең емес. Совет Одағы-ның солтүстігін
қоршап жатқан алты теңіздің ауданы 4455 мьвд км2-ге тең, бүл Солтүстік
Мүзды мұхит көлемінің 32,5 %-і. Ақ теңізден баска теңіздердің барлығы
мүхитпен тікелей байланысқан; бұғаздар арқылы өз ара қосылып, олар түтас су
жүйесін қүрайды.
Солтүстік Мұзды мұхит. Басқа мұхиттарға қарағанда Солтүстік Мұзды
мұхиттың ауданы әлдеқайда кіші. Оның көлемі— 13,1 млн. км2. Ең терең жері —
5449 м. Солтүстік полюс маңында тереңдік — 4000— 4300 м.
Мұхит ойысы материктен пайда болған көптеген аралдары бар материктік
қайраңның кең белдеуімен жпектелген.
Ломоносов су асты жотасы Жаңа Сибирь аралдарынан Элсмир Жеріне қарай,
теңіз түбінен шамамен 3000 м көтеріліп, 1500 км созы-лып жатыр. Жота
үстіндегі судың ең терең жері — 1805 м, ең тайыз же-рі — 954 м.
Ломоносов жотасынан шығысқа қарай оған параллель болып Мен-делеев су
асты жотасы орналасқан. Жота үстіндегі судың ең терең же-рі— 1400 ж.
Жоталардьщ аралығында Менделеев жотасы арқылы Бофорт қазаншұңқырынан
және Ломоносов жотасы арқылы ең терең Нансен казаншүңқырынан бөлінген үш
казаншүңқырдың ен тереңі М а к а р о в қазаншұңқыры жатыр. Қазаншұңқырлар
түбінің рельефі жоталарға ка-рағанда едәуір үсақ төбешік болуымен күрделі.
Солтүстік Мүзды мү-хит Арктикалық және Солтүстік Европалык болып физикалық-
геогра-фиялық ерекшеліктері бар екі бассейнге бөлінеді. Солтүттік Европалық
бассейнге Гренландия, Норвегия, Баренц және Ақ теніздері жатады. Мұхиттың
қалған бөлігін Арктикалық бассейн қүрайды, ол акваторпя-ның үлкен бөлігін
алып жатыр. Бассейндердің шекарасы Гренландия мен Шпицберген аралығындағы
су асты қыраты — Нансен шоңғалы арқылы жүргізіледі.
Солтүстік Мүхитта жыл мезгілдері жақсы байқалады. Арктикаға қыста күн
радиациясы тіпті түспейді. Июльде ол 14 ккалсм2-те жетеді, бірақ қар
үстінде альбедо көп болғандықтан, еру мен булануға жұмса-латын энергияныд
шығыны да мол. Күннен келетін радпация бүлтты күндердің көптігінен азая
түседі.
Жыл бойы мүхит үстінде арктикалық ауа жайлайды. Қыста Арк-тикалық
антициклон жақсы байқалады, жазда ол әлсірейді және ан-тициклон орталығының
Беринг бұғазына қарай ығысуына байланысты, мүхиттың орталық аудандарын
қамтитын циклондық әрекет кү-шейеді. Циклондар тек Арктикадағы арктикалық
шепте пайда болып қоймай, окклюзияланған түрінде керші облыстардан да
келеді. Желдің соғуы түрақсыз, желдің бір ай ішіндегі орташа жылдамдығы
әдетте — 4—6 мсек, бірақ кейбір кезде дауылды желдер де байқалады.
Ауаның Нансен жазып алған ең төменгі температурасы — 52°, Пиридікі —
55°, Амундсендікі — 43°. Ен, суық айдың орташа температура-сы — 34°
шамасында. Ең жоғары температура СП-1-нің көрсетуіңде — 5°. Жаз
айларының орташа температурасы әр аудйнда әр түрлі — 0°-тан +6°-қа дейін.
Қыс айларының бұлтты күндері 40—50%, жазда 95%-ке жетеді. Жазда тұман жиі
түседі. Жауын-шашын аз, жылына 70 — 250 мм түседі.
Мұхит бетіндегі судың қозғалысы негізінен үстем бағыттағы жел-дердің
әсерінен болады. Бофорт казаншұңқырында судың сағат стрел-касы бағытымен
айналатын қозғалысы (антициклондык циркуляция), Нансен қазаншұңқырында
Атлант мұхитына көп су мен мұз алып ке-летін, Шығыс-Гренландия ағысының
пайда болуына себепші антицик-лондық (Гренландиядан солтүстікке қарай) және
циклондық (Солтүс-тік Жерден солтүстік шығысқа қарай) ез ара түйісетін екі
циркуляция бар. Гренландия мен Скандннавия түбегінің арасындағы бұғаз
арқылы Солтүстік Мүзды мұхитқа , баратын судың орньша күшті Норвегия ағысын
(жылын-а 145 000 км3) құрайтын жылы және тұзды атлант суы келеді. Одан
солға қарай кететін тармақтар Шығыс-Гренландия ағы-сына барып қосылып,
Атлант мүхитына жылына 45 000 км3 шамалы суды қайтып алып кетеді. Норвегия
ағысы Баренц теңізінің жағасын бойлап шығысқа бағытталған Нордкап ағысына
(жылына 35 000 км3 шамасында) және солтүстікке қарай кететін судың
салқындауы нәти-жесінде біртіндеп тереңге түсетін Шпицберген ағысына
(жылына 78 000 км3 шамасында) бөлінеді.
Солтүстік Мұзды мүхит суының негізі Атлант мүхитының суынан күралады.
Мүхитқа жыл бойына келетін барлық 200 000 кмг су масса-сыныц 55 000 кл3-
дейі ғана Тынық мұхиттан, құрлықтағы ағын судан және жауын-шашыннан келеді.
Судың негізгі шығыны Атлант мүхиты-на баратын ағын арқылві кетеді; мүздың
еруі мен буланудың су балан-сыша-ғы үлесі елеусіз.
Солтүстік Мұзды мұхит бетінде суық (—1°, —1,75°) және аздап түщыланған
(30%о—32%о) су қабаты (100-ден 250 м-ге дейін) жатыр. Оның астында Атлант
мұхитынан келген едәуір жылы (0°, 0, 1°) және ащылау (34,9%о-не дейін)
аралық су қабаты бар. Жылы қабаттан тө-мен мұхит түбіне дейін суық
(температурасы 0°-тан төмен) және ащы (35%о шамасында) су мас±асы жатыр.
Мұхиттың жағалық бөлігінде теңіз суы мен өзен суының араласу нәтижесінде
теңіз суымен салыстырғанда тұщылау (25%о-нен аз) су пайда болады; оның
температурасы жыл бойы айтарлықтай өзгеріп (—1,5°-тан +8°-қа дейін)
отырады.
Мұхит бетінде мұз жамылғысы жыл бойы сақталады. Мүхиттың орталық бөлігі
қалың (3—4 м) үйінді мұзбен — пакпен қапталған, одан еқ қуатты мұз
жарғыштар да өте алмайды. Пак мүзынан басқа, көпшілік жерді қалыңдығы
0,8—1,8 м бір жылдық қалқыма мұздар жа-уып жатады. Жағаларда ені әр түрлі
түрақты жағалық мүз жолағы пайда болады. Қысы қатаң жылдары Яна сағасында
жаға мұзының ені солтүстікке қарай 500 км-те созылады.
Қалқыма мұздардың ішінде айсбергтер мен жайпақ төбелі, мұз аралдары
кездеседі. Мұздың қозғалуы ағыстар мен жел әсерінен болады. Шығыс-
Гренландия ағысы Атлант мүхитына жыл сайын ша-мамен 2150 км3 мұз алып
барады.у
Баренц теңізі — Солтүстік йұзды мұхит теңіздерінің ең батысында-ғысы.
Теңіздің шекарасы анық көрінеді. Оңтүстігінде Канин Тұмсығы мен Әулие
Тұмсық мүйістерінің тұсы Баренц теңізін Ақ теңізден бөліп тұр. Батысында
шекара Нордкап мүйісінен Батыс Шпицберген аралын-дағы Оңтүстік мүйіске
дейінгі аралықпен белгіленеді. Солтүстік Мүзды мұхитпен шекара Шпицберген
архипелагы мен Франц-Иосиф Жері (Солтүстік Шығыс Жеріндегі Ли-Смит
мүйісінен, Ақ арал арқылы Александра Жеріндегі Мэри Гермсуорт
мүйісіне дейін) аралығьшан өтеді.
Баренц теңізі Кара теңізінен Греэм-Белл аралындағы Қальзет мүй-ісі,
Тілек (Желания) мүйісі және Жаңа Жер, Вайгач аралдары арқы-лы бөлінеді.
Аталған шекарада Баренц теңізі шамамен 1 400 000 км2 жерді, яғни бүкіл
Солтүстік Мұзды мүхит ауданының 12%-тін алып жатыр.
Теніздің 400 .м-ден әрі терендейтін жері кемде-кем, көп жерінің те-
рендігі 200—400 м. Солтүстік батысында, Шпицберген аралдарының маңында,
және оңтүстік бачысында, Қола түбегі мен Жаңа Жер ара-лығында терендік 200
л-ге де жетпейді. Теңіздің ең терең жері — Норд-кап мүйісі мен Медвежье
аралынық арасында — 590 ж-ге дейін. Ал ор-таша тереңдігі — 229 м, су көлемі
шамамен 322 000 кмг. Баренц теңізінің түбіндегі рельефтін. ерекше
айырмашылығы онда басқа теңіз-дердегіден гәрі тереңірек, әр түрлі бағытқа
қарай созылған науалар-дың болуында.
Аралдар тещздін, шет-шетін ала орналасып, үлкен архипелагтар-ды —
Шпицбергенді, Франц-Иосиф Жерін, Жаңа Жерді қүрап жатыр.
Нордкап мүйісінен Ақ теңізге дейінгі жағалау кристалды жыныс болып
келеді. Ол Норвегия түсында әрі биік, әрі қүла.ма болып келеді, және
фьордтармен қатты тілімделген. Совет Одағы жерінде жаға шы-ғысқа қарай
біртіндеп 200 ж-ге дейін аласарады, жағалық сызықтың тілімделуі онша терең
емес, Кильдин аралынан шығысқа қарай үлкен шығанақтар тіпті жоқ. Ақ
теңіздің алқымынан шығысқа қарай жаға аласа, ол теңіз абразиясына оңай
ұшырайтын терттік теніздік және мұздық шөгінділерден қүрылған.
Баренц теңізі терттік дәуірде қүрылықтын, шеткі бөліктерінін. шө-гуі
нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Баренц тендзінің түбінде қазіргі кездін,
өзінде су астында қалған өзен аңғарларына үқсас созылып жатқан қолаттарды
байқауға болады.
Ауа райы, әсіресе, кысқа карай күшейе түсетін күшті циклондық әрекетке
байланысты жиі өзгеріп түрады. Суық арктикалық ауаның жиі келуі
температураны темендетеді.
Ең суық айдағы теңіздің орта температурасы оңтүстік батысында —6°,
оңтүстігінде — 8°-қа тең, аралдарда — 20°-тан 22°-қа дейін. Қысқы ең
төменгі температура — 40°. Жазғы температура жылылықтың мұз-ды ерітуге
жұмсалуына байланысты төмендейді. Жағанын, оқтүстік бе-лігінде июль айының
орташа температурасы ең жоғары дегенде +7°, ал Франц-Иосиф Жері аралдарында
0°.
Жауын-шашынның мөлшері көп емес — жылына солтүстік бөлігін-де 100—200
мм, оңтүстігінде 400—450 мм. Ашық күн аз, 80% бұлтты. Жыл бойында 15 күндей
ғана жылы болыптұрады. Баренц теңізі суы-нын, тұздылығы мүхит суының .
орташа тұздылығына (35%о) жақын. Өзендердің келіп қүятын жерінде
түздылығы едәуір азаяды.
Баренц теңізі Т М Д территориясын солтүстіктен қоршап жатқан теңіздердің
ішіндегі ең жылысы. Судың температурасы көбінесе Ат-лант мүхиты жылы суының
әсеріне байланысты. Нордкап жылы ағысы Кола түбегінің жағалауынан Баренц
теңізінін, оңтүстік бөлігіне өтерде теңіз түбінің рельефіне байланысты
бірнеше тарамға бөлінеді де, сол-түстік шығысқа және солтүстікке Жаңа Жерге
қарай бұрылады, сонан соң батысқа қарай Норвегия теңізіне кетеді. Осыған
байланысты сал-қындаған суды теңізден тысқары ысырып тастайтын айналмалы
ағыс пайда болады. Жылы судың аздаған мөлшері Қара теңізіне барады.
Шпицберген мен Франц-Иосиф Жері аралығының солтүстігінен те-ңізге бетхі
қабатының теадпературасы төмен Атлант суы келеді. Солтустіктен Франц-
Иосиф Жерінің шығыс жағалауын бойлай онан да салқын су келеді.
Теңіздің суы батыс бөлігінде тереңдеген сайын жылы боп келеді. Жаз
аяғында судың температурасы +10°-қа жетсе, қыста +4°-тан тө-мен. Теңіздін,
орта тұсында жылы су қабатының қалыңдығы небары 25 м. Жазда судың ең жоғары
температурасы шығанақтарда байқала-ды. Солтүстік шығыста керісінше, тіпті
жаздың өзінде судың барлық тереңдігінде температура 0°-тан төмен. Осыдан
барып, қысқа қарай теңіздің көп жерін мұз басады, алайда оңтүстік-батысында
тіпті ең қа-таң деген қыста да теңіз бетін мұз жаппайды. Мұздың ең көп жайы-
луы март пен апрельде болады да, жазда (июль мен августа) ол тек
солтүстігінде ғана сақталады. С. е.-тің 75°-ынан солтүстікке қарай
Шпицберген, Франц-Иосиф Жері мен Жаңа Жер жағалауларында пай-да болатын
айсбергтер кездеседі. Мүз түзілетін қабатта судың тұзды-лығы артып кетуіне
байланысты мұз қатудың аяғы судың араласып кетуіне соғып отырады.
Баренц теңізінде судың көтерілу-қайту құбылыстары да жақсы байқалады.
Осыған байланысты су деңгейінің ауытқуы Мурманск жа-ғасында өзінің ең
жоғарғы мөлшеріне — 6 лг-ге дейін жетеді.
Баренц теңізі организмдерге бай. Әр түрлі себептен судың өзі үнемі
араласып түрады да, тереңдегі су оттегімен байып отырады, ал жоғары
қабаттарға қоректік заттар қосылып, организмнің тіршілігі үшін өте қолайлы
жағдай жасалады. Баренц теңізінде балықтың 114 түрі мекен-дейді, бірақ
батыстан шығысқа қарай олардың түр езгешеліктері азая-ды. Нәлім , пикша ,
мурман май шабағы және теңіз алабұғасы сияқты балықтардың кәсіптік маңызы
зор. Зубатка , теңіз камбаласы , палтус , сай-да және акуланың кәсіптік
маңызы онша емес.
Теңіздің солтүстік шығысында бір кездерде европа кәсіпқорлары гренландия
киті сияқты қырып жіберген морждар оқта-текте ұшы-райды.
Мұз жиектерінде топ-тобымен ит балықтар кездеседі. Жаңа Жердің батыс
жағалауына құстар, әсіресе қайыр , көп жина-лады. Оны қүс базары деп
атайды. Баренц теңізімен батысқа және шығысқа қарай теңіз жолы шығады. Ол
арқылы ағаш, балық, тас кө-мір, қүрылыс материалдары, астық және басқалар
тасылады.
Жүк тасу айналымы жағынан Баренц теңізі Совет Одағы теңізде-рінің ішінде
үшінші орын алады.
Баренц теңізінід оңтүстік батыс белігі қатпайтындықтан транс-порттық
маңызы зор. Мурман портынан кемелер батысқа карай жыл бойы қатынап жатады.
Ақ теңіз онша үлкен емес; ол небары 90 000 км2 жерді алып жатыр. Ақ
теңізден Азов теңізі мен Арал көл-теңізі ғана кіші. Солтүстік Мұз-ды
мұхиттың бөлігі бола отырып, Ақ теңіз Баренц теңізімен тығыз байланысты,
егер езіндік үлкен ерекшеліктері болмаса, ол Баренц теңі-зінің шығанағы деп
аталуы да мүмкін еді.
Теніздің ең ұзын жері — Канин Тұмсығынан Онега езенінін. саға-сына дейін
— 580 км, ең енді жері — Солтүстік Двина сағасьшан Канда-лакша шығанағының
биік жеріне дейін — 430 км. Ақ теңізді Баренцпен қосып түрған бүғаздың
солтүстік бөлігіндегі Воронка деп аталатын ең енді жері 170 кл-дей;
бүғаздың оңтүстік жіңішкерек бөлігі Ақ теңіз алқымы деп аталады. Бүғаздың
түбі Ақ теңіз қазаншүңқыры түбінен көтеріліп, биік табалдырық жасап түрады.
Теңіз өзендер (Мезень, Двина, Онега және Кандалакша) келіп құятын үлкен
шығанақтар (қолтықтар) арқылы құрылыққа сүғына кіріп түрады. Ақ тещздін.
орталық бөлігі едәуір терең. Одан Кандалакша шығанағына қарай тереңдік арта
түсе-ді де, ен терен, жері — 330 ж-ге жетеді. Теңіздщ орташа тереңдігі — 80
м. Суының көлемі — 8000 км3.
Ақ теңізде кіші-гірім аралдар көп. Ен, үлкен аралдар — Соловецтер — Онега
қолтығына кіре берісте орналасқан. Бүғаз-дын, солтүстік бөлігінде—
Воронкада — үлкен, бірақ су шайып, тез мүжілетін Моржовец аралы жатыр.
Ақ теңіздің жағасы ба-тысында кристалды архей жыныстарынан, шығы-сында
борпылдақ төрттік шөгінділерінен түзілген. Түпкі және жағалық рельефтін,
қалыптасуына жарылулар мен ығысу-ларды тудырған тектони-калық процесс пен
терт-тік дәуірде Скандинавия түбегінен келген мүздық үлкен әсер етті.
Мүз басудан кейінгі өте қатан, климаттық жа-ғдайда Ақ тендз қазіргі
Балтық теңізінін, орнында болған бассейнмен косыл-ған болуы мүмкін. Қейіні-
рек климат жылынды, бі-рақ теқіз түбіндегі суда төменгі температура
сақталып қалды. Ақ теңіз-де осы заманғы жоғары арктикалық фаунамен қатар,
қазіргіден гөрі жылылыққа бейім фаунаньщ өмір сүруін климаттьщ су
температурасын жоғарылатып, не төмендетіп түруынан деп түсіндіруге болады.
Теңіздің қазіргі климаттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz