Орта мектепке арналған "Информатика" пәнінен электронды оқулық құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Орта мектепке арналған "Информатика" пәнінен электронды оқулық құру
Жұмыс көлемі
Графикалық бөлімпарақ
Түсіндірме хат бет
Диплом жазушы:
Инф 29-1с тобының білімгері Мухажанова А. ()
Кеңесшілер
- ()
- ()
- ()
Жұмыс жетекешісі
Кафедра меңгерушісі
Тараз 2012 ж
Мазмұны
Кіріспе . . .
І. Информатиканы оқытуды ұйымдастыру
1. 1. Информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі . . .
1. 2. Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау . . .
1. 3. Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері . . .
1. 4. Информатика курсында пайдаланатын программалық құралдарды топтау . . .
1. 5. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама . . .
1. 6. Информатика оқулығына қойылатын талаптар . . .
1. 7. Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар . . .
1. 8. Информатикадан дидактикалық материалдарға қойылатын талаптар . . .
1. 9. Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар . . .
1. 10. Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру . . .
1. 11. Оқушылардың информатикадан білім сапасын жетілдіру . . .
ІІ. Орта мектепте арналған "Информатика"пәні бойынша электронды оқулық жасау үлгісі
2. 1 Электронды оқулық құруды жобалау . . .
2. 2 Электронды оқыту кешенін пайдалану тиімділігі . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер . . .
Қосымша мәліметтер . . .
Кіріспе
Информациялық қоғамға көшу процесінде информация құндылығы өзгеріп, біздің уақыт кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы да түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің - информациялық мәдениеттің тууына себепші болды. Информациялық мәдениетті информациялық процестерді ұйымдастырудағы адамдардың информациялық қарым-қатынасын қанағаттандыру, қабылданған шешімдердің тигізетін әсерін болжап әлемді, біртұтас күйде көрсете алатын информацияны жасау, сақтау, өңдеу, тасымалдау, бейнелеу және пайдалану істерін тиімді ұйымдастыру жолындағы қол жеткен деңгей түрінде қарастыру керек.
Информациялық қоғам қалыптасуының негізгі бағыттарының бірі білім саласын ақпараттандыру болып саналады. Қоғамымыздағы құрайтын тұрғындардың алдыңғы қатардағыларының ой еңбегінің жемісі болып табылатын информациялық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі өсіп келе жатқан жас ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алды. Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесінде олардың іс-әрекеті мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді. Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.
«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.
Сондықтан да қазіргі таңда оқытудың жаңа формалары талданып, оқушыларға білім беруді жоғары деңгейге көтеру жұмыстары жүргізілуде. Ұсынылып отырған жұмыстың өзектілігі - осы мәселелер төңірегінді, яғни орта мектептерде информатиканы оқытудың жаңа формаларын айқындау, солар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру. Жеке тұлғаға бағытталған педагогика қазіргі заманғы мектептерде оқыту процесін ұйымдастырудың электронды оқулықты қолдануды ұсынады.
Информатика пәнінен электронды оқулық құру білім жүйесін жаңа информациялық технологияларды тиімді пайдалану методологиясымен және оны жүзеге асыру практикасымен қамтамасыз ету процесі болып саналады. Мұндай шаралар жеке тұлғалардың қоғамды дамытуға қажетті жеке қасиеттерін жетілдіруге, оларды әлеуметтік құндылықтарды екпінді түрде пайдалану істеріне тартуға және өздігінен білім алу мен өзін таныту істеріне жұмылдыруға бағытталған.
Ұсынылып отырған «Орта мектепке арналған "Информатика" пәнінен электронды оқулық құру» атты дипломдық жұмыстың мақсаты - информатика пәні бойынша өткізілетін жаңа сипаттағы сабақтардың ерекшеліктерін айқындап, олардың тұлғаны қалыптастырудағы дидактикалық шарттарын теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу; сабақ сапасын көтеретін, уақытты үнемдейтін және де пәнге деген оқушылардың қызығушылығын қалыптастыратын информатика пәнінен электронды оқулық болып табылады.
Дипломдық жұмыста теориялық талқылаулар жүргізіледі, информатика сабағының жаңа әдістері қарастырылады және де электронды оқулық құрастырылған.
1. Информатиканы оқытуды ұйымдастыру
1. 1. Информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасты. Мектептегі сабақ сынып-сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның негізгі мынадай сипаты бар:
• оқу топтарының құрамы;
• әр сыныптағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
• оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі;
• оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру;
• мұғалімнің жетекші ролі;
оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я. А. Коменскийден бастау алған сынып-сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. Өзінің тарихында оқыту процесін ұйымдастыру түрлері әлемдік тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ.
XIX ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсілдер жинақталады. Солардың ішінде белльланкастерлік түрі, мангейм жүйесі, далыон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлері бар. Ал, информатика негіздерін оқыту дидактиканың қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтыра түседі.
Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әр түрлі айырым белгілері пайдаланады. Сабақтың ең басты белгісі- оның дидактикалық мақсат -оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:
1. Жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы) ;
2. Оқушылардаң шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы) ;
3. Оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әр түрлі болып келеді және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Дегенмен, информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ, М. ІІ. Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану мөлшеріне қарай 3 түрге бөлінеді: демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тәжірибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндік береді.
1. 2. Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау
Кесте 2
Дидактикалық функция бойынша
Лекция
(теориялық оқыту)
Семинар
(теориялық оқыту)
Конференция
(теориялық оқыту)
Әңгімелесу
(геориялық оқыту)
Консультация
(теориялық оқыту)
1. 3. Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері
Компьютердегі оқу процесі төмендегідей үш аспектіні қамтиды:
♦ Оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқару;
♦ Оқушының информациялық процестерді басқаруы;
♦ Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту аталған аспектілерге сәйкес;
♦ Оқу танымдық процесті ұйымдастырудың түрлері: сынып-сабақ жүйесі және т. б. ;
♦ Оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллективтік, топтық;
♦ Тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі болып бөлінеді.
Педагогикалық оқу іс-әрекетінде сабақты ұйымдастыру мен өткізудің қандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондай-ақ, оқшылардың жас ерекшелігіне байланысты. Ал, оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқытушының таңдаған әдісіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістің 5 түрін атап көрсетуге болады:
1. Түсіндірмелі-иллюстрациялы;
2. программаланған;
3. модельдік;
4. эвристикалық;
5. проблемалық.
Енді аталған әдістерді пайдалануды мысалмен түсіндірейік.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдісті оқушыларға талқыланатын тақырып белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы рстінде жоспарлағанда пайдалануға болады. «Графикалық операторлар» тақырыбын бекітуге төмендегідей сабақ түрін ұсынуға болады: сабақтың алғашқы үштен бір бөлігінде тақырып бойынша барлық операторларды қайталау, қалған уақытта графикалық операторларды пайдаланып, компьютерге қарапайым программа жазу.
Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда программалап оқыту әдісін пайдалану ұсынылады. Мысалы, оқушылар графикалық операторлармен таныс, программаның орындалу нәтижесінде қандай сурет салынатынын біледі, бірақ суретті салу - әр оқушыға жеке тапсырма.
Егер аралық нәтиже белгілі болса, бірақ оны алу жолы белгісіз болса, ол оқытудың эвристикалық әдісі болып табылады.
Бастапқы шарттан бастап, соңғы нәтижеге дейін белгісіз болса, ол дидактиканың прблемалық әдісі болып табылады. Мысалы, үйретуші программа құру проблемалық оқыту болып табылады.
Модельдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары белгілі. Бұл жағдайда оқытушы сабақты оқушылармен біріге отырып, шартты таңдап, модель құруға болатындай етіп ұйымдастырады. Одан кейін соңғы нәтижеге дейін қажетті шартпен салыстырып отырады. Егер алынған нәтижедегі айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа өзгеріс енгізіліп, модель нақтыланып, алгоритм қайталанады.
Аталған оқыту әдістері әр түрлі формада қолданылуы мүмкін. Сабақты ұйымдастыру және өткізу түрін төмендегідей құрылымда беруге болады:
♦ ұйымдастыру;
♦ қайталау;
♦ жаңа материалды өту;
♦ бекіту;
♦ бақылау;
♦ оқушылардың алған біліміндегі олқылықтарын толтыру. Информатикадан өтілетін сабақтың қарапайым құрылымын былай сипаттауға болады:
Сыпыптағы жұмыс мазмұны:
Ұйымдастыру бөлігі: сабақ тақырыбын хабарлау, дәптерге алғашқы жазуларды түсіру - 1-3 минут.
Өтілген материалды ауызша сұрақ түрінде қайталау және тақтаға жазу (әңгіме) - 4-9 минут.
Жаңа материалды өту (лекция немесе әңгіме) - 10-25 минут.
Компыотерде өтілген материалды бекіту. Қойылған есепті шешудің негізгі алгоритмімен танысу. Мұғалім әр оқушыға жеке көмек көрсетеді - 26-42
минут.
Үйге тапсырма және оған түсініктеме беру - 43-44 минут. Сабақты қорытындылау - 45 минут.
Бұдан кейінгі қарастырылатын, информатиканы оқытуды ұйымдастыруға кіретін негізгі мәселенің бірі - информатика сабағын талдау болып табылады.
1. 4. Информатика курсында пайдаланатын программалық құралдарды топтау
Программалық құралдарды жасаудағы қазіргі үрдіс инструментальдық құралдардың көптеп таралуымен сипатталады. Білім беру жүйесінде дидактикалық мақсатта пайдаланылатын инструментальдық программалық құралдар (ИПҚ) қолданылады. Мұндай программалық құралдар оқыту программаларын құруды немесе пәндік мазмұны жоқ оқу ортасын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Аталған инструментальдық құралдар информатиканы оқытуды сүйемелдеу үшін де пайдаланылады, сондай-ақ, курсты программалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады.
Шартты түрде инструментальды құралдарды оқытушыға және оқушыға арналған деп бөлуге болады. Олай дейтін себебіміз, кез келген оқыту құралын пайдаланудың мақсаты - оқушыға әсер ету, мұнда алдын-ала дайындықтың қажеті жоқ. Оқытушыға арналған инструментальдық программалық құралдар оны оқытуға дайындау үшін педагогтан алдын ала дайындалуды талап етеді.
Сөйтіп, оқытушының инструментальдық программалық құралына оқыту программаларын құруға немесе оқыту процесін басқаруға мүмкіндік беретін құралдарды жатқызамыз. Мұндай құралдардың аясы өте үлкен, оған оқыту программаларын құруға арналған ИПҚ-дан бастап, жергілікті желіні сүйемелдейтін программаларға дейін жатқызуға болады.
Оқытушының инструментальдық программалық құрамына: программалу тілдерінің орталары, жергілікті желіні сүйемелдеу құралдары жатады.
Программалау тілдерінің орталарын оқытушы программалау негіздерін үйрету үшін пайдаланылады (ешқандай алдын ала дайындықсыз) . Бірақ мұғалімнің программалау тілдерінде оқыту программларын жазуға мүмкіндігі бар. Сондықтан, программалау тілдерінің орталарын мұғалімнің инструментальдық құралына жатқызуға болады.
Ал, мұғгалім жергілікті желіні сүйемелдеу программаларын оқу процесін басқару үшін пайдаланылады. Мұндай типтегі программалық құралдар дидактикалық мақсаттағы инструментальдық программалық құралдарға жатады, өйткені олар тек оқу процесін сүйемелдеу үшін қолданылады және олардың ешқандай пәндік мазмұны жоқ. Мұндай программаларды пайдалануда мұғалім алдын ала дайындық жүргізбейді, тікелей сабақ үстінде пайдаланып, информация алмасу үшін қолданады. Аталған типтегі программалық құралдардың негізгі қызметі -тұрақты кері байланысты ұйымдастыру және мұғалімнен оқушыға (керісінше) информацияны жіберуге қолайлы жағдай жасау. Дәл осындай жергілікті желіні сүйемелдеуге арналған құралдардың көмегімен информатика пәнінің мұғалімі оқытуды дербестендіріп, оқушылардың білімді меңгеру процесін бақылау деңгейін жоғарылатады.
1. 5. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама
Қазіргі мектептегі инфорамтика курсының оқытылуы - әлемдік педагогикалық практикада бұрын соңды болмаған құбылыс.
Әдетте ғылыми пәннің мектепке енуінен бастап оның жалпы білім берудегі маңызын толық түсінуіне дейін кем дегенде бірнеше онжылдықтар өтеді - бұл уақыт ішінде ғылыми аппараты тұрақтанып, пәннің методологиясы мен жалпы әдістемелік тәсілдері қалыптасады. Ал информатиканың пән есебінде мектепке енуі өте жылдам іске асып жатқаны белгілі.
Жалпы білім беретін мектептер мен жоғары мектептерде инфорамтиканың оқытылуы оның өз алдына жеке ғылыми сала есебінде танылуынаи да бұрын басталған. Сондықтан да мектептегі информатика пәнін стандарт негізінде ғылыми-әдістемелік жағынан жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы "Мектеп және мектепке дейінгі" білім институты базасында авторлар ұжымы дайындаған информатика оқу пәні стандарты ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің негізгі бастапқы қадамы болып табылады. Бұл стандарт информатика пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумы мен оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелеріне сәйкес оқушыларды информатика пәніне оқыту
Қазақстан Республикасының орта жалпы білім беретін мектептерінде, олардың қай мекемеге тәуелді болғанына, ұйымдастыру-құқықтық нысанына және оқыту түріне тәуелсіз жүзеге асырылады.
Информатика пәнін ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына (ОӘК-не) қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптаар басшылыққа алынды.
Информатика пәнінің ОӘҚ-нің өзіндік ерекшеліктері оларға қойылатын дидактикалық талаптарды іріктеп жүйелеуде ескерілді.
Зерттеулерге сүйене отырып дайындалған материалдар жалпы білім беретін мектептерде сынақтан өтіп, сынақ нәтижесіндегі ескертулер мен ұсыныстар негізінде түзетіліп өңделі. Информитика ОӘҚ-нің құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәннің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау - осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады. Бұл бағыттағы мәселелерді зерттеуде жалпы мектеп оқулықтарына қойылатын талаптарға сүйене отырып, зерттеудің мақсат, міндеттері белгіленді. Зерттеу міндеттеріне сәйкес оқулық пен оқу-әдістемелік құралдарға қойылатын жалпы дидактикалық талаптар жөнінде материалдар жинақталып жүйеленді.
Информатикадан ОӘҚ-дің әрқайсысының құрылымының компонентіне қойылатын талаптар іріктеліп, төмендегіше жүйеленді:
• жалпы материалдардың ұсынылу реті оқу бағдарламалары мен оқулыққа сәйкестігі қатаң сақталуы тиіс;
• кез-келген ыкшамдау мен бейімдеулер қазіргі ғылыми білімге толық сәйкестендіріліп берілуі керек;
• дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинағы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сәйкестендіріліп, деңгейлік саралауды іске асыруға бағытталуы қажет;
• пәнаралық және пәнішілік байланыстың сақталуы қажет;
•ұсынылатын материалдар мектептердің қазіргі компьютерлік технологиямен жабдықталу жағдайына сәйкес келуі керек;
• оқушылардың жеке қызығушылығын және түрлі қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс;
• программа құруға, программаны пайдаланып белгілі бір мәселені шешуге арнап ұсынылатын материалдар программалау тілдерінің тез өзгеруін ескеріп, бір тілден екінші тілге оңай көше алатындай етіп ыңғайланған болуы тиіс;
• ОӘҚ-де ұсынылатын материалдар толығымен оқушылардың болашақ өмірінде пайдалана алатындай етіп, практикалық жағынан тиімді етіп жазылуы тиіс;
• әр сыныптарға ұсынылатын материалдар сол сынып оқушыларының психологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне толығымен сәйкес келуі
керек;
• оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, өздік тану белсенділігін арттыруға бағытталған болуы тиіс;
• ОӘҚ-дің ішкі мазмұнындағы материалдардың, сыртқы мұқабасының безендірілуі де оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратындай болуы қажет.
Осы талаптарға сай дайындалатын информатика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен төмендегі құрылымда ұсынылды.
• Оқулық
• Әдістемелік құрал
• Дидактикалық материалдар (пысықтау сұрақтары, есептер мен жаттығулар)
• Хрестоматиялар
Осы ұсынылған кешендердің жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетіндей болуы үшін олардың әрқайсысының функцияларын ескеріп отыру кажет.
Жоғарыда айтылған жалпы талаптар негізінде инфоматикадан оқу-әдістемелік кешендер талаптарына жеке-жеке тоқталайық.
1. 6. Информатика оқулығына қойылатын талаптар
Информатика оқулығына қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізге алынды.
Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптарды анықтап жүйелеуде оқулық фунуциялары:
• білім мазмұнын тасымалдаушы;
• мазмұнды меңгеру процесін ұйымдастырушы;
• ақпараттық;
• трансформациялық;
• материалды бекітушілік;
• өзін-өзі бақылау;
• өз бетімен білім алу;
• дамытушы-тәрбиелеуші.
Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулыққа қойылатын талаптар
- жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізінде іріктелді;
- ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
- бағдарламаға сәйкестігі;
- мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;
- әлеуметтік-мәдени құндылығы;
- ұсынылған материалдардың тарихилығы;
- оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;
- мазмұнның жүйелілігі;
- бірізділігі;
- сабақтастық принципінің сақталуы;
- еліміздің экономикалық даму ерекшелігіне сәйкестігі;
- мектептердің компьютермен жабдықталуының ескерілуі;
- компьютерлік оқытушылық пайдалануының ескерілуі;
- практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестігі;
- мазмұнды ұсынуда дамытушылық принциптің ескерілуі;
- тапсырмалардың жүйелі түрде таңдап алынуы;
- оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын пайдалануға ыңғайлылығы;
- оқушылардың оқу біліктерін және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасауы;
- деңгейлік тапсырмалардың болуы; т. с. с.
Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.
1. 7. Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Информатиканы оқыту әдістемесі - әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамас бөлігі болып табылады.
Бұл әдістемелік оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыту тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz