Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарына қызығушылығы



КІРІСПЕ ... ..3
1.ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ГЕОСАЯСАТТАҒЫ ОРНЫ
1.1 Халықаралық қатынастағы энергетикалық ресурстардың алатын орны ... .12
1.2 Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі ... .19
1.3 Қазақстандағы энергоресурстарға әлемдік державалардың геосаяси мүдделері ... .24
2.ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ РӨЛІ
2.1 Қазақстан мен еуропаодақтың арасындағы энергоресурстық ынтымақтастықтың даму ерекшеліктері ... 44
2.2 АҚШ пен Қазақстан мемлекеттер арасындағы энерго мемлекеттер арасындағы энергоресурс саласындағы ықпалдастықтың тереңдеуі мен кеңеюі ... 60
2.3 Шанхай ынтымақтастықтың ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздікке қосатын үлесі...75
ҚОРЫТЫНДЫ ... 96
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...99
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстанның алдағы ұзақ мерзімдік даму жоспарын айқындаған «Қазақстан 2030» саяси-стратегиялық бағдарламасының бесінші басымдығы тұтасымен еліміздің энергетикалық ресурстарына арналған.
Онда елбасымыз: «Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар…Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз» — деп энергетикалық саясаттың Қазақстан эканомикасының дамуына тікелей серпін беретін маңызды қадам екенін атап көрсетті .[5]
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2007 жылғы халыққа арнаған Жолдауында «Біздің өскелең экономикамызға электр энергетикалық ресурстарды дамыту мен басқаруға және Қазақстанда атом энергетикасының негіздерін қалауға деген қағидаттық жаңа көзқарастар талап етіледі» деп атап өткен болатын.
Бұл бағытта электр энергетикалық ресурстарды дамытудың заңдық негіздерін жасауда Парламентке және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда Үкіметке, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне және басқа да ұйымдар мен ведомстволарға, холдингтерге нақты тапсырмалар берілді.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ..3
1.ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ГЕОСАЯСАТТАҒЫ ОРНЫ
1.1 Халықаралық қатынастағы энергетикалық ресурстардың алатын орны ... .12
1.2 Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі ... .19
1.3 Қазақстандағы энергоресурстарға әлемдік державалардың геосаяси мүдделері ... .24
2.ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ РӨЛІ
2.1 Қазақстан мен еуропаодақтың арасындағы энергоресурстық ынтымақтастықтың даму ерекшеліктері ... 44
2.2 АҚШ пен Қазақстан мемлекеттер арасындағы энерго мемлекеттер арасындағы энергоресурс саласындағы ықпалдастықтың тереңдеуі мен кеңеюі ... 60
2.3 Шанхай ынтымақтастықтың ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздікке қосатын үлесі...75
ҚОРЫТЫНДЫ ... 96
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...99
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстанның алдағы ұзақ мерзімдік даму жоспарын айқындаған Қазақстан 2030 саяси-стратегиялық бағдарламасының бесінші басымдығы тұтасымен еліміздің энергетикалық ресурстарына арналған.
Онда елбасымыз: Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар...Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз -- деп энергетикалық саясаттың Қазақстан эканомикасының дамуына тікелей серпін беретін маңызды қадам екенін атап көрсетті .[5]
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2007 жылғы халыққа арнаған Жолдауында Біздің өскелең экономикамызға электр энергетикалық ресурстарды дамыту мен басқаруға және Қазақстанда атом энергетикасының негіздерін қалауға деген қағидаттық жаңа көзқарастар талап етіледі деп атап өткен болатын.
Бұл бағытта электр энергетикалық ресурстарды дамытудың заңдық негіздерін жасауда Парламентке және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда Үкіметке, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне және басқа да ұйымдар мен ведомстволарға, холдингтерге нақты тапсырмалар берілді.
Президентіміз бастаған әуелі экономика, содан кейін саясат жолымен Қазақстанның қарыштап дамуына серпін берген бірден-бір сала -- энергетикалық ресурстарымызды өз ұлттық мүддемізге сай тиімді пайдалана білгеніміздің арқасында мүмкін болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.
Алайда әр уақыттың өз заманына сай қиыншылықтары мен талаптары болады. Бұл күнде тұрақты даму жолына түскен Қазақстан үшін энергетикалық саясатта жаңа бағыттар мен бастамалар құру қажеттігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.Ол негізгі екі бағытты қамтиды: Біріншісі -- экономикалық, екінші - геосаяси бағыт.
Біріншіден, экономикада мамандардың пікіріне қарағанда, көмірсутегі шикізатын тиімді пайдалана білу мәселесі көп жағдайда сол ел үкіметінің іскерлігіне байланысты болып келеді. Өйткені, жер қойнауынан табылған мұнайдың мол қоры осы саланың шикізаттық бағытының жеделдетіле дамуына мүмкіндік ашады да экономикалық қызметтің басқа салаларының тең дәрежеде дамуын бұзады. Осыдан барып көмірсутегі шикізатына тікелей қатысы жоқ салалар зардап шеге бастайды. Әр сала бойынша еңбек ететін адамдардың алып отырған жалақыларында үлкен айырмашылықтар пайда болады. Демек, Үкімет елдің мұнай-газ саласында игеріліп жатқан үлкен байлық көзіне екінші бір сала адамдарының, мәселен ауыл халқының қол жетімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Мұны қалай жүзеге асыруға болады?
Екіншіден, жерінен табылған мол шикізат көзі, халықты жеңіл күнкөріс жолына қарай жетектеп, сапалық тұрғыдан дамуына кері әсер етуі де ғажап емес. Мәселен, араб мемлекеттері шылқыған байлық үстінде отырғанымен бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жөнінен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен көп төмен жатыр. Мұндай жағдайда халықты да сын тезіне салып, экономиканы да талап дәрежесінде дамытудың қандай жолдары бар? Үкімет міне, осындай күрделі мәселелерге дер кезінде жауап беріп, соған сай әрекет жасауы тиіс.
Шетелдік сарапшылардың деректеріне қарағанда, бірқатар елдердің үкіметтері осындай мәселелермен дер кезінде шұғылданбағандықтан артынан үлкен қиындықтарға ұшыраған екен. Мәселен, әлемдік барланған мұнай қорының 6,3 пайызына иелік еткен Венесуэла елі өз экономикасының жоғарыдағыдай айықпас дертке душар болғандығын 40 жыл бойы ұға алмай келген. Ал Бразилия экономикасы, серпінділік стратегиясы дер кезінде жасалынбағандықтан, дамудың 4 пайыздық қарқынына да төтеп бере алмай, шабандықтың күйін кешкен.
Диссертациялық зерттеудің хронологиялық шеңбері: 2007 жылы Астанаға келіп, мұнай-газ секторына тәуелділікті төмендету жөніндегі конференцияға қатысқан Гарвард университетінің энергетика саясатын зерттеуші экономист-профессорлары Рикардо Хаусманн мен Андрес Веласко Қазақстандықтарды әлемдік энергетикалық ахуалмен таныстырды. Сонымен қатар Ресейлік ғалымдар Владислав В.С. Единое энергетическое пространство Россий, Казахстана и Беларуси еңбегінде аталған үш мемлекеттің энергетикалық саясатының интеграциялануына кең тоқталады. Энергетикалық саясат тақырыбында келелі еңбектер жазған зерттеушілер С.С.Жильцов, И.С.Зонн, А.М.Ушков Геополитика Каспийского региона еңбегінде Каспий аймағының геосаяси статусына жан-жақты баға беріп өткен. Қазақстандық ғалым-зерттеушілерге М.С.Ашимбаев Нефтегазовые ресурсы Казахстана в системе мировых региональных отношений, М.Суюнбаев, А.Мамытова Природные ресурсы как фактор развития Центральной Азии атты еңбектері бар.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Зерттеліп отырған такырыптың тарихнамасын автор проблемалык-хронологиялык әдісі тұрғысынан карастырды.Мұнайды шикізат күйінде алуға қарағанда, жүзеге асырып, оны өңдеу ісін жолға қоюдың әлдеқайда күрделірек міндет екендігін де мойындауымыз керек. Өйткені, оған тек қаржы инвестициясы ғана емес, білім мен ғылымның, жаңа технологиялардың инвестициясы да қажет болатыны түсінікті. Осы жолда біз әлемдік дамыған мемлекеттердің энергетикалық саясатының озық үлгілерін алып, өзімізге тиімді жолмен қолдану керек.Бұл жолда Кувейт мемлекетін алсақ болады. Бұл мемлекет эканомикасы мұнай мен газ экспорттауға негізделсе де 1997-1998 жылдардағы әлемдік экономикалық кризистен оңай шыға білді. Бүгінгі таңда да әлемдік мұнай бағасының құбылуына экономикасы сыр бермейді.Норвегиядан үлгі ретінде алынған Ұлтттық қордағы ақшаның біраз бөлігін айналымға салып, іске асырып, пайда әкелетін салаға жұмсаудың жаңа тетіктерін жасау керек.Мұнай мен газ таусылатын энергия көзі. Қазақстаннның мұнай дәурені 30-40 жылға есептелген. Сондықтан да аталған энергия көздері таусылғанда экономикамыз зардап шекпес үшін, энергетикалық ресурстарымызды экспорттаудан түскен қаржы халық шаруашылығын әртараптандыру бағытына жұмсалуы маңызды.
Екіншісі -- геосаяси бағыт. XXI ғасырда халықаралық саясаттың негізі -- энергетика мәселесіне қатысты өрши түседі. Энергетика -- бүгінгі таңда әлемдік эканомика мен адамзат дамуына негізгі серпін беруші күшке айналып отыр. Әлемде болып жатқан халықаралық қатынастың негізгі объектісі ол - энергетикалық ресурстарды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану. Ирак соғысы, Иран мен Оңтүстік Кореядағы шиеленіскен жағдайлар, Ресей мен Батыс Европа арасындағы газ тасымалы үшін болып жатқан дау-дамай энергетикалық саясаттың жаңа замандағы маңызы мен энергия көздері үшін тартыстың өрши түскендігін анық көрсетіп берді.Алдағы уақытта да бұл тартыс өрши түспек.
М.Б. Олкотт АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясатын либералдық интернационализм тұрғысынан карастырады. Бұл зерттеуші аймақ мемлекеттерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, олардың саяси және әлеуметтік-экономикалык дамуы үшін Америка саясатының ұзақ мерзімді салдарларына айрықша көңіл бөледі. М.Б. Олкотт өзінің Қазақстанға арнаған еңбегінде тек демократияның ғана Қазакстаннын ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетіндігін және Құрама Штаттар жаһандық көшбасшы бола отырып, Қазақстан басшылығының мемлекетті басқару міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауына ықпал етуінің қажеттігін атап керсетеді [14].
Дж. Хопкинс Университетінің Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы Ф. Старрдың2005 жылы шыкқан мақаласында АҚШ-тың стратегиялық мақсаттарына лаңкестікпен күресті, экономикалық және демократиялық институттарды ілгерілетуді жатқызады.Жалпы алғанда, американдық авторлардың еңбектерін тарихнамалық талдау АҚШ және Қазақстан ынтымактастығы, негізінен, саяси, экономикалык, гуманитарлық салалар бойынша аймақтық тұрғыда карастырылатындығы айқындалды.
Ресей тарихнамасы. Ресей зерттеушілері Орталық Азиядагы АҚШ саясатына аймақтағы Ресей ықпалын шектеуге бағытталғандығы туралы бірыңғай сипаттама береді.
2000 жылдардан бастап шыкқан А.Д. Богатуров, А.В. Малашенко, А.И. Уткин, М.В. Братерский, В.А Кременюк, А.Б. Парканский және т.б. белгілі ресейлік американтанушылар мен сарапшылардың еңбектерінде АҚШ саясатының аймақ және Ресей мен АҚШ карым-қатынастары дамуына ыкпалы талданған. Осылай А.И. Уткиннің еңбегінде АҚШ-тың жаһандық саясатындағы Орталық Азия аймағының рөлі ерекше атап көрсетілген .Сонымен қатар ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде Каспий теңізінің энергия ресурстарын игерудегі, экспорттық бағдарларды айқындаудағы АҚШ саясаты қарастырылады. Каспий аймағындағы АҚШ стратегиясы С.С. Жильцов, И.С. Зонн және A.M. Ушковтың бірлескен еңбегінде берілген
В. Пластун, Д. Малышева, Г. Старченков арнайы зерттеулерінде АҚШ және Ресей мүдделерінің ары қатынасын, энергия қорларын тасымалдауға байланысты нақты жобаларға аймақ мемлекеттерін тартуға бағытталған американдық дипломатияның жасаған қадамдарын, аймақ мемлекеттеріндегі американдык компаниялар кызметінің проблемаларын ашып қөрсетеді.
Орталық Азиялық тарихнама. 2000 жылдардың басында шыққан Н. Омаров, Л.М. Бондарец, Ф. Толипов, Ф. Хамраев, Ш. Акмалов, Р. Абдулло сияқты Орталық Азия зерттеушілерінің еңбектерінде Орталық Азиядағы АҚШ саясатының эволюциясы және мемлекетаралық ыкпалдастықтың тәжірибесі сарапталған.
Жалпы алганда, Орталық Азиялык сарапшылар еңбектерінде аймақтық кауіпсіздік, аймақтағы ғаламдық деңгейдегі державалардың саясаты, оның ішінде АҚШ-тың демократияландыру мәселелеріне қатысты саясаты көрініс тапқан.
Қазақстандық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Қытайдың Орталық Азиямен ынтымақтастығының болашағы
Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған стратегиясы
Трансшекаралық аумақ шеңберіндегі Сырдария мен Амудария өзендерінің мәселесі
Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Аймақ экономикасы дамуының кластерлік принципі
Негізгі өзен бассейндері
Сарысу өзені алабының көлдері
Пәндер