Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуын бағалау және оның даму жолдары»
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе
1 Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуның экономикалық мәні мен маңызы
1.1 Банк жүйесінің ұғымы, экономикалық мәні және негізгі элементтері
1.2 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы және қызмет ету принциптері
1.3 Банк жүйесінің негізгі элементі . коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері
2 Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуын және «Цесна банк» АҚ қаржылық нәтижесін бағалау
2.1 Қазіргі кезеңде банк жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері және даму тенденциясы
2.2 Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қазіргі қаржылық жағдайын және өтімділігін талдау
2.3 «Цесна Банк» АҚ.ның балансын құрамы мен құрылымын талдау
2.4 «Цесна Банк» АҚ.ның қаржылық нәтижелерін талдау
2.5 «Цесна Банк» АҚ .ның қаржылық тұрақтылығын, тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерін талдау
2.6 Қазақстанның банк жүйесінің халықаралық рейтингін бағалау
3 Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің даму болашағы және оны қамтамасыз ету шаралары
3.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму болашағы
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан Республикасының банк жүйесінінің тұрақтылығын қамтамасыз шаралар мен ұсыныстар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тіркемелер

Қазіргі таңда елімізде, көптеген шет елдердегі секілді, екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етуде. Оның бірінші, жоғарғы деңгейі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылады. Банк жүйесінің екінші, төменгі деңгейін акционерлік банктер, яғни коммерциялық банктер құрайды.
Сөздің шындығына келгенде, әлемдік қаржылық дағдарыс отандық коммерциялық банктердің «осал» тұстарын анықтап берді, бірінші кезекте, банктердің несиелік активтеріне байланысты бірқатар мәселелерді күн тәртібіне қойып берді. Күткеніміздей, банк жүйесінің несиелік қоржының нашарлауы (банктердің өтімділігінің тапшылығымен қоса алғанда) жалпы банк секторының тұрақты қызмет етуіне және даму перспективасына ықпал ететін шешуші фактор болып табылады. Сол себепті біздің зерттеуімізде Қазақстан Республикасының банк жүйесінінің несиелік қоржынына, сапасына және оның банк жүйесінің қаржылық жағдайына әсер ету деңгейіне басты көңіл бөлуді жөн көрдік.
Банк жүйесінің несиелік активтерінің сапасының нашарлап кетуіне жеке тұлғаларға ұсынатын тұтынушылық несиелерді, яғни экспресс-несиелерге қойылатын талаптар мен шектеулердің жеңілдеуі де айтарлықтай ықпал еткені белгілі. Әдетте бұндай несиелер бойынша кепілдік берудің қажеті жоқ, оның үстіне несиелік бюролар қарыз алушы азаматтардың төлем қабілеттілігіне жете көңіл бөлмегенін ескеру керек. Коммерциялық банктер бір-бірімен бәсекелестік күрес нәтижесінде өз клиенттеріне барынша жеңілдіктер ұсынуға тырысқан болатын. Дегенмен де, қазіргі кезде банктер өз клиенттерінің несиелік тарихы туралы жеткілікті ақпараттар жинап үлгерді. Бұл алдағы уақыттарда клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалау жүйесін жетілдіруге, нәтижесінде өздерінің активтерінің сапасын қолайлы деңгейде ұстап отыруына мүмкіндік беретін тамаша құрал болып табылады.
Қаржылық дағдарыстың салдарын тек Қазақстан ғана емес, басқа да дамушы елдер де көріп отыр. Бір қызығы, дамушы елдердің көпшілігінде банк жүйесі үшін ең басты қиындық, Қазақстандағы секілді, сыртқы қарыздардан тәуелділік болып отыр. Дамушы елдер арасында Қазақстан рейтингтік деңгейі жағынан Еуропа елдерінен біршама төмен деңгейде тұр. Аталған халықаралық рейтингтік агенттіктердің бағалары инвесторлар үшін маңызды бағыт болып табылатынын ескерсек, біздің жағдайымыз дамушы Еуропалық елдермен салыстырғанда мәз емес болып отыр. Біз үшін рейтингтің төмендеуі инвесторлар алдындағы дефолттық тәуекелді өсіріп жібереді.

1. ҚР-ң Банктер және банктік қызмет туралы Заң күші бар Жарлығы. 30 тамыз 1995
2. Қ.Р-ң Президентiнің Ұлттық Банкi туралы Заң күшi бар жарлығы. 30 наурыз 1995
3. Қ.Р-ң банк қызметi мәселелерi жөнiндегi кейбiр Заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қ.Р-ң Заңы Алматы 11 шiлде 1997 ж. Егемен Қазақстан газетi 18 шiлде 1997
4. Қ.Р-сы 2-шi деңгейдегi банктердiң шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуiнiң төменгi мөлшерi туралы 158 1997
5. ҚР-сы 2-шi деңгейдегi банктердiң активтерi және баланстан тыс талаптарын жiктеу және олар бойынша провизициялар жөнiндегi ереже 23 мамыр 1997ж. 219 ұлттық банктiң жаршысы 26 1997
6. «Қазақстан Республикасында банктердің несиелендіру бойынша құжаттауды жүргізудің тәртібі туралы заңы» 1996
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының «Банк активтерін, шартты міндеттемелерді және оларды күдікті және үмітсіз категориясына жатқыза отырып, олар бойынша провизияларды құру туралы ережесі» 2003
8. Пруденциалды нормативтер туралы ереже 23 мамыр 1997ж. №219 //Ұлттық банктiк жаршысы №26 1997
9. Антонов А.Г, Пессель М.А. денежное обращение, кредит, банки / Москва Финстатинформ 2001
10. АНТИПОВА О.Н Система банковского надзора и инспектирования за рубежом. М.: ЦПП ЦБ РФ, 2004
11. . АНТИПОВА О.Н Стандарты банковского надзора в России. М.: ЦПП ЦБ РФ, 2005.
12. Андрюшин С.А., А.З. Дадашев Научные основы организации системы общегосударственного финансового контроля//Финансы. №4.2002.
13. Батракова Л.Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка. Москва, Логос, 2006
14. Банковское дело Учебник. Под ред. Лаврушина О.И. Москва Финансы и статистика 2000
15. Банковская система Республики Казахстан, www.rfca.gov.kz/1635
16. Банки и банковское дело. / Под редакцией порфессора Балабанова И.Т. , Санкт-Петербург 2000
17. Банковское дело Учебник. / Под ред. Белоглазовой Г.Н. Кроливецкой Л. П, Москва Финансы и статистика 2000
18. Банковское дело. / Справочное пособие под Ю.Л.Бабижевой ,Москва. Экономика, 2003
19. Банковское дело./ Учебник под ред. В.И. Ковлесникова, А.П. Кроливецкой, Москва Финансы и статистика, 2000.
20. Банковское дело / Учебник. Под ред. Лаврушина О.И. Москва банк и биржевой научно-консультативный центр 2003
21. «В финансово-банковском секторе Казахстана еще не преодолены кризисные явления», ru.kkb.kz/page/Press?no=224
22. Гащевко В.И. «Банковское кредитование, российский и зарубежный опыт», Москва: 2006
23. Голубев С.А. Роль Центрального банка Российской Федерации в регулировании банковской системы страны. М.:Юридический Дом «Юстицинформ».2000.
24. Деньги кредит банки / Под ред. Е.Ф. Жукова,Москва банки и биржи Издательское объединение ЮНИТИ 2007
25. Дзасаров С.С. Деятельность банков./Учебник. М.2008
26. Ерпылева Е.Ю. Международное банковское право.М.2004
27. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық көрсеткіштері, 01.01.2009 www.afn.kz
28. Қазақстан Халық банкі АҚ-ң 31.12.2008 жылы аяқталған қаржы жылындағы консолидерленген есеп беру мәліметтері. 24 наурыз 2009 Алматы, Қазақстан
29. ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетені, ақпан, 2009 жыл, www.nationalbank.kz
30. ҚР Ұлттық банкінің 2008 жылғы «Жалпы экономикалық есебі», www.nationalbank.kz
31. ҚР екінші деңгейлі банктер бойынша қорытынды баланс, 2006-2008 жж., www.afn.kz
32. ҚР екінші деңгейлі банктер Табыстар мен шығындар туралы есеп, 2006-2008 жж. www.afn.kz
33. Мақыш Б. Коммерциялық банктердің операциялары. Алматы, Экономика, 2003.
34. Мақыш Б.Ақша айналысы, несие Алматы, Экономика, 2003
35. Марков О.М. Коммерческие банки и их операций. Москва. Банки и биржи ЮНИТИ 2003
36. Мария Коваценко, «Смертельно опасные рейтинги», www.rosbalt.ru/2008/10/24/535730.html
37. Мировой рынок ссудных капиталаов./ Учебное пособие под ред Е.Ф. Жукова. Москва. Экономическое образование 2003
38. «Moody's» снизило рейтинговые оценки 15 казахстанских финансовых организаций, www.investkz.com/articles/5619.html
39. Нуриев Р.М. Деньги, кредит, банки и денежно-кредитная политика Москва. Финстатинформ 2002
40. Панова Анализ финансового состояния коммерческого банка Москва. Финансы и статистика 2003
41. Сеитқасымов.С. Ақша, несие, банктер. Алматы Экономика 2009 ж.
42. Сатубалдин М.С. «Страхование банковских рисков: проблемы и пути решения», Алматы – 2006
43. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер . Алматы 2004
44. Степанова М.В Правовое регулирование банковской деятельности: международно-правовой аспект//Банковское право.№4.2006
45. Сухов М.И.Банковский надзор: общеэкономические аспекты//Деньги и кредит.№8.2000.
46. Симановский А.Ю. Текущий банковский надзор. Международные тенденции развития и некоторые вопросы совершенствования российской практики//Деньги и кредит.№2.2005.
47. Сорвин С.В О банковском надзоре за деятельностью и развитием кредитных организаций//Деньги и кредит.№4.2001.
48. «S&P снизило рейтинговые оценки 5 банков и одной ипотечной компании Казахстана в связи с ухудшением качества активов и снижением ликвидности», www.kase.kz/ru/news/show/1066972
49. «S&P подтвердило рейтинговые оценки пяти казахстанских банков», www.kase.kz/news/show/1067395
50. Тарабцев А.А., Борискин А. В. «Деньги Кредит Банки», Москва – 2009
51. Усокин В.М Современные коммерческие банки. Управление и операций. Москва 2002
52. Челноков. Банки и банковские операций. Москва Высшая школа 2002
53. Усова В.В. «Деньги, денежное обращение и инфляция», Москва: Банки и биржа, 2006
54. Фетисов Г.Г. Устойчивость коммерческого банка и рейтинговые системы ее оценки. Москва. Финансы и статистика 2000
55. «Fitch, S&P, Moody's: кто ставит оценки банкам?», www.prostobank.ua
56. Хамитов Н.Н. «Банковский надзор в Казахстане», Учебное пособие, Экономика, 2001
57. Чивцаканян А.Г. «Деньги и кредит», Янтарьный сказ, 2008
58. Шеремет А.Д. Финансовый анализ в коммерческом банке. Москва. Финансы и статистика 2006

Мазмұны 5
6
Нормативтік сілтемелер 7
8
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе 9
1 Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуның экономикалық 12
мәні мен маңызы
1.1 Банк жүйесінің ұғымы, экономикалық мәні және негізгі 12
элементтері
1.2 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы және қызмет 16
ету принциптері
1.3 Банк жүйесінің негізгі элементі - коммерциялық банктердің 20
атқаратын қызметтері
2 Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуын және Цесна 33
банк АҚ қаржылық нәтижесін бағалау
2.1 Қазіргі кезеңде банк жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері және 33
даму тенденциясы
2.2 Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қазіргі қаржылық жағдайын 37
және өтімділігін талдау
2.3 Цесна Банк АҚ-ның балансын құрамы мен құрылымын талдау 44
2.4 Цесна Банк АҚ-ның қаржылық нәтижелерін талдау 50
2.5 Цесна Банк АҚ –ның қаржылық тұрақтылығын, тиімділігін 54
сипаттайтын көрсеткіштерін талдау
2.6 Қазақстанның банк жүйесінің халықаралық рейтингін бағалау 67
3 Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің даму болашағы және оны 73
қамтамасыз ету шаралары
3.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму болашағы 73
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан Республикасының 75
банк жүйесінінің тұрақтылығын қамтамасыз шаралар мен
ұсыныстар
Қорытынды 83
Қолданылған әдебиеттер тізімі 85
Тіркемелер 88
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалды:
1 Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында
диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС
5.04.020-2008. – Астана: 2008
2 Мемлекеттік стандарт 2.105-95 Конструкторлық құжаттардың бірыңғай
жүйесі (БЖКҚ). Текстік құжаттарға жалпы талаптар
3 ГОСТ 7.1-84 Система стандартов по информации, библиотечному и
издательскому делу. Библиографическое описание документа. Общие требования
и правила описания
4 ГОСТ 7.9-95 (ИСО 214-76) Система стандартов по информации,
библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа.
Реферат и аннотация. Общие требования
5 ГОСТ 8.417-81 Государственная система обеспечения единства измерений.
Единицы физических величин
Анықтамалар
Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Жоғарғы
оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі
ережелер. ҚР МЖМБС 5.04.020-2008-ға сәйкес келесі анықтамалар мен терминдар
қолданылады.
Банк – ақша айналымын және несие қатынастарын жоспарлы түрде қамтитын және
несие беру, есеп айырысу, касса операциялары арқылы кәсіпорындардың
шаруашылық қызметіне есеп және бақылау жүргізуді жүзеге асыратын мекемелер.
Банк корреспондент – басқа банктермен іскерлік қарым қатынаста тұратын және
солардың тапсырысы бойынша белгілі бір қаржы операциясын орындайтын банк.
Банкир кредиті, қарызы, несиесі – банкирлердің өнеркәсіп иелерімен
саудагерлерге беретін қарызы. Бұл қарыз банктерде жинақталған уақытша бос
ақша есебінен беріледі.
Банко – банктің бағалы қағаздарды сату және сатып алу жұмысын жүргізуге
тиісті баға немесе құн
Аккредитив – бұл кредиттік мекеменің екінші кредиттік мекемеге аккредитивті
ұсынушыға ақша төлеу керек деген жарлығы жазылған құжат, яғни ақша
сақтаушыларға сақтық кассасынан берілген ақша құжаты, аккредитив бойынша
оның кез-келген сақтық кассасынан ақша алуға құқы бар.
Акция – иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес
қосқандығын куәландыратын бағалы қағаз.
Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуын бағалау және оның даму
жолдары тақырыбына жазылған ОПЭ-29-1с тобының білімгері Разахова Гульбану
Сатыбалдықызының дипломдық жұмысына
АННОТАЦИЯ
Бірінші бөлімде – қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қызмет етуінің
ілімдік негіздерінде банк жүйесінің ұғымы, экономикалық мәні және негізгі
элементтері мен банк жүйесінің құрылымы және қызмет ету принциптері, банк
жүйесінің негізгі элементі –коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері
қарастырылған.
Екінші бөлімде – Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыпиасуын және
Цесна банк АҚ-ның қаржылық нәтижесі бағаланады.
Үшінші бөлімде – Қазіргі кезеңдегң банк жүйесінің даму болашағы
және оны қамтамасыз ету шаралары қарастырылады.
Дипломдық жұмыс 88 беттен тұрады.
На дипломную работу студента группы ОПЭ-29-1 с на тему Оценка
формирования банковской системы в современный период
АННОТАЦИЯ
В дипломной работе на тему: Оценка формирования банковской системы
в современный период рассматриваются следующие проблемы:
В первом разделе рассматриваются основы функционирования банковской
системы в современный период, понятие банковской системы, ее экономическая
суть и значение и основные элементы, структура банковской системы и
принципы ее функционирования, основной элемент банковской системы -
функции коммерческих банкове экоеномическая ериод, понятияской системы в
современный период, понятия банковской асти в течение 2009=-2010..
Во втором разделе дается оценка формирования банковской системы и
финансовые результаты АО Цесна Банк.
В третьем разделе рассматриваются перспективы развития банковской
системы в современный период и мероприятия, проводимые в целях их
обеспечения.
Дипломная работа состоит из 88 стр
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде, көптеген шет
елдердегі секілді, екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етуде. Оның бірінші,
жоғарғы деңгейі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылады. Банк
жүйесінің екінші, төменгі деңгейін акционерлік банктер, яғни коммерциялық
банктер құрайды.
Сөздің шындығына келгенде, әлемдік қаржылық дағдарыс отандық
коммерциялық банктердің осал тұстарын анықтап берді, бірінші кезекте,
банктердің несиелік активтеріне байланысты бірқатар мәселелерді күн
тәртібіне қойып берді. Күткеніміздей, банк жүйесінің несиелік қоржының
нашарлауы (банктердің өтімділігінің тапшылығымен қоса алғанда) жалпы банк
секторының тұрақты қызмет етуіне және даму перспективасына ықпал ететін
шешуші фактор болып табылады. Сол себепті біздің зерттеуімізде Қазақстан
Республикасының банк жүйесінінің несиелік қоржынына, сапасына және оның
банк жүйесінің қаржылық жағдайына әсер ету деңгейіне басты көңіл бөлуді жөн
көрдік.
Банк жүйесінің несиелік активтерінің сапасының нашарлап кетуіне жеке
тұлғаларға ұсынатын тұтынушылық несиелерді, яғни экспресс-несиелерге
қойылатын талаптар мен шектеулердің жеңілдеуі де айтарлықтай ықпал еткені
белгілі. Әдетте бұндай несиелер бойынша кепілдік берудің қажеті жоқ, оның
үстіне несиелік бюролар қарыз алушы азаматтардың төлем қабілеттілігіне жете
көңіл бөлмегенін ескеру керек. Коммерциялық банктер бір-бірімен
бәсекелестік күрес нәтижесінде өз клиенттеріне барынша жеңілдіктер ұсынуға
тырысқан болатын. Дегенмен де, қазіргі кезде банктер өз клиенттерінің
несиелік тарихы туралы жеткілікті ақпараттар жинап үлгерді. Бұл алдағы
уақыттарда клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалау жүйесін жетілдіруге,
нәтижесінде өздерінің активтерінің сапасын қолайлы деңгейде ұстап отыруына
мүмкіндік беретін тамаша құрал болып табылады.
Қаржылық дағдарыстың салдарын тек Қазақстан ғана емес, басқа да дамушы
елдер де көріп отыр. Бір қызығы, дамушы елдердің көпшілігінде банк жүйесі
үшін ең басты қиындық, Қазақстандағы секілді, сыртқы қарыздардан тәуелділік
болып отыр. Дамушы елдер арасында Қазақстан рейтингтік деңгейі жағынан
Еуропа елдерінен біршама төмен деңгейде тұр. Аталған халықаралық рейтингтік
агенттіктердің бағалары инвесторлар үшін маңызды бағыт болып табылатынын
ескерсек, біздің жағдайымыз дамушы Еуропалық елдермен салыстырғанда мәз
емес болып отыр. Біз үшін рейтингтің төмендеуі инвесторлар алдындағы
дефолттық тәуекелді өсіріп жібереді.
Сонымен, банк жүйесінің әрі қарай дамуын қамтамасыз ету үшін алдымен
олардың өтімділік деңгейін тұрақты ету және банктерді қаржылық дағдарыстан
алып шығу мәселелерін шешу керек.
Өтімділік деңгейін қолайлы деңгейде ұстап отыру үшін мынадай шараларға
басты назар аудару қажет: банктің белгілі бір кезеңдегі қаржылық жағдайын
талдау және соның негізінде қаржылық нәтижелерді болжамдау (жоспарлау);
жарғылық және меншікті капиталды, арнайы қорларды және резервтерді
қалыптастыру бойынша ғылыми негізделген экономикалық саясатты жүзеге асыру;
сыртқы ұйымдардың қарыз қаражаттарын тарту; сауатты және сапалы несиелік
операцияларды жүзеге асыру.
Біріншіден, қаржылық жағдайы нашар банктерге өзінің ұйымдық құрылымын
жақсарту мақсатында қайта қарастыруды, яғни банктік менеджментке үлкен
көңіл бөлуді ұсынуға болады. Нақтырақ айтар болсақ, мысалға, бүкіл банк
жүйесінің қаржылық жағдайын талдаумен және тексерумен айналысатын
банкаралық қауымдастық құру.
Екіншіден, банктер өздерінің балансының өтімділігін үнемі есептеп,
қадағалап отыруы қажет. Бұл үшін өтімділік көрсеткіштерінің стандартты
алгоритмдері мен нормативтері қалыптасқан. Баланс өтімділігін талдау
барысында бекітілген нормативтерден ауытқулар (төмендеу немесе шектен тыс
жоғарылау) анықталуы мүмкін. Бірінші жағдайда коммерциялық банктер аз
уақыттың ішінде (шамамен 1 ай көлемінде) өзінің өтімділік көрсеткіштерін
нормативті деңгейге жеткізулері қажет. Бұл үшін ең алдымен банкаралық
несиелердің, шет елдік қарыздардың үлесін, ипотекалық несиелердің және
кепілдіксіз берілетін тұтынушылық несиелерінің үлесін қысқарту қажет. Қажет
жағдайда банктің меншікті капиталын ұлғайтуды жүзеге асыруға болады.
Үшіншіден, банк тым болмаса қысқа мерзімді уақытта өзінің қызметіне
қажетті өтімді қаражаттарға деген қажеттілікті анықтап отыруы тиіс. Бұл
қажеттілікті болжамдау (жоспарлау) екі әдіс арқылы жүзеге асырыла алады.
Бірінші әдіс банктік несиеге деген сұранысты және клиенттердің салымдарының
деңгейін талдауды қажет етеді. Ал екінші әдіс бойынша банк несиелердің және
салымдардың көлемін болжамдап отыруы қажет. Банктің өтімділігін қамтамасыз
ету үшін аталған екі әдістің кемшілігі бар: олар өтімділіктің шекті
деңгейіне емес, орташа деңгейіне сүйенеді. Бұл жалпы банк жүйесінің
өтімділігін бағалау үшін жеткілікті болуы да мүмкін, алайда жекелеген
банктер үшін жекткіліксіз болып табылады. Төртіншіден, өтімділікті қажетті
деңгейде ұстап отыру коммерциялық банктің пассивтік және активтік
операциялары бойынша саясатын жүзеге асыру арқылы орындалуы мүмкін. Банк
саясаты, әдетте, ақша нарығының нақты жағдайларын және банктік
операциялардың ерекшеліктерін ескере отырып қалыптасады. Яғни банк активтік
және пассивтік операцияларды басқарудың сауатты саясатын дайындап, жүзеге
асыруы қажет.
Осы аталған жағдайлар банк жүйесінің қазіргі жай-күйі мен даму
болашағын анықтаудың өзектілігіне күмән келтірмейді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Банк жүйесінің дамуының ерекшеліктерін
зерттеумен, оның банктердің қызметтерін зерттеумен көптеген ғалымдар
шұғылдануда.
Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен шет елдік ғалымдардың
еңбектері көп әдістемелік көмек берді.
Мәселен мынадай отанды және ресейлік авторлардың еңбектері Брук
Н.,Дробозина Л.Т.,Жуков Е.Ф.,Зиябеков Б., Колесников В.И., Лаврушин
О.И.,Масленников В.В.,Овчаров А.,Саниев М. С.,Сатубалдин М.С.,Сейткасимов
Г.С., Тарабцев А.А., Борискин А. В., Мақыш С.Б., Мыржақыпова Н., Әуелбаев
С.Ш. және т.с.с. жұмысты орындау барысында кеңінен қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Дипломдық
жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына жолдаулары, Парламенттің және Үкіметтің басқа да нормативтік
құжаттары әдістемелік негіз болды. Сонымен қатар отандық және шетелдік
ғалым-экономисттердің еңбектері қолданылды.
Зерттеу мақсаты.Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қазіргі
жағдайы мен даму болашағын анықтау.
Зерттеудің жалпы мақсаты мынадай нақты міндеттердің туындауына себеп
болды:
- банк жүйесінің ұғымы, экономикалық мәні және негізгі
элементтерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы және қызмет
ету принциптері қарастыру;
- коммерциялық банктердің атқаратын қызметтерін қарастыру;
- елдің банк жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері және даму
тенденциясы
- елдің банк жүйесінің қазіргі қаржылық жағдайын және өтімділігін
талдау, оның халықаралық рейтингін бағалау
- Цесна Банк АҚ-ның банк жүйесіндегі алатын орнын бағалау
- Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму болашағына болжау
жасау;
- коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын жақсарту жолдарын
ұсыну;
- әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан Республикасының банк
жүйесінінің тұрақтылығын қамтамасыз шаралар мен ұсыныстар жасау.
Ғылыми зерттеу нысанына Қазақстан Республикасының банк жүйесінің соңғы
жылдардағы даму жағдайы алынды.
Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы және
оның заңдылықтары.
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жүргізілген зерттеулер Қазақстан
Республикасының банк жүйесінің даму ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік
береді. Зерттеу нәтижесінде жасалған шаралар мен ұсыныстар жалпы банк
секторынынң дамуы бойынша бағлдарламалар дайындау іс-тәжірибесінде
қолданыла алады.
Ғылыми жұмыстың құрылымы және көлемі.Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша
кестелерден тұрады.
Дипломдық жұмыста сурет, кесте келтірілген.
1 Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуның экономикалық мәні мен
маңызы
1.1 Банк жүйесінің ұғымы, экономикалық мәні және негізгі элементтері
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың өте маңызды және ажырамас
құрылымдық бөліктерінің бірі болып табылады. Банктердің және тауарлық-ақша
қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатар жүріп отырған және бір-бірімен
тығыз байланысып кеткен. Банктер экономиканың барлық салаларымен және
басқару буындарымен тікелей және күнделікті байланыста болып табылады.
Банктер арқылы ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру процесі жүргізіледі. Сонымен бірге
банктер қаржылық дәнекерлер (делдалдар) ретінде шаруашылық субъектілерінің
капиталдарын, халықтық жинақ қаражаттарын және басқа да уақытша бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, оларды қарыз алушыларға уақытша береді, ақшалай
есеп айырысуларды жүзеге асырады және басқа да көптеген экономикалық
қызметтер көрсетеді. Осылайша, банктер өндірістің тиімділігіне және
дамуына, қоғамдық өнімнің айналысына үлкен ықпалын тигізеді.
Осылайша, банктер, қаржылық дәнекерлер ретінде, өте жоғарғы
экономикалық қызметті (функцияны) жүзеге асырады, қоғам үшін салааралық,
аймақаралық капитал бөлу механизмін қамтамасыз етеді. Өзінің қызметін
жүзеге асыру барысында олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа қаржылық
міндеттемелер мен талаптар өндіріп шығарады. Мысалға, клиенттердің
салымдарын қабылдай отырып, банк жаңа міндеттеме өндіреді – бұл депозит, ал
осы қаражаттарды басқа тұлғаларға қарызға бере отырып жаңа талап өндіреді –
бұл несие. Жаңа міндеттемелер мен талаптарды өндіру процесі жалпы қаржылық
дәнекершіліктің негізін қалайды. Қаржы ресурстарының қозғалысы, кредитордан
қарыз алушыға ауысуы және осымен байланысты банктердің қызметі экономикада
қаржылық дәнекершілік деген атаумен белгілі. 6
Отандық және шетелдік ғалымдардың пікірінше әр түрлі банктің жиынтығы,
осы елге тән өзара байланыстығы мен банк жүйесін құрайды. Банк жұйесі
мынадай ерекшеліктермен сипаттандырылады:
- Банк жүйесіне кейбір банк операциаларвна қатынасы бар, бірақ банк
деген мәртебесі жоқ элементтер де кіреді. Мысалы, кейбір банк операциаларын
жүргізуге рұксат алған арнаулы қаржы институттері, басқа да банктің
инфоқұрылымын құратын, және оның жұмыс істеіне әсер ететін мекемелер;
- Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жүйе тек өзіне тән
касиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзік құрайтын элементермен жіне
олардың арасында қалыптасқан қарм-қатынастармен анықталады, әрине, банк
жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элемені банктер көзге түседі.
Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мәнер береді.
- Дегенмен банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің мазмұндарының
деп түсінбеу керек. Банк жүйесінің мазмұны тек әр түрлі элементтердің
мазмұны ғана емес олардың өзара байланыстарын қамтитын жаңа кеңірек
мазмұнға енуі. Сөйтіп банк жүйеснің мазмұны тек оның жеке элементтерінің
мазмұнына ғана емес оны құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да
көңіл аударды;
- Банк жүйесінің бір тұтас жүйе деп ұғыну керек өйткені жеке
бөліктерінің өзара байланыстары керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға
бейімделген. Басқаша айтқанда егер бір банк жұмысын тоқтатса оның
клиенттері басқа банктерден бұрынға қызметкерін бұрынға көлемде ала-алады
(пайдала аланады).
- Банк жүйесі әр уақытта өсу және жүйесі жетілдіру жолында. Олай деуге
себеп ол күн сайын жаңа компоненттермен толықтырылады банк аралық және
ұлттық банкпен немесе шетелдік банктер араларында жаңа қатынастар пайда
болады;
- Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары
банкілік құпия болып есептеледі. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының
қозғалысы, немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесіне,
болдмаса оның сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары
бойынша мұндай мәліметттерді тәртіп қорғау органдарының, салық органдарының
өкілдеріне беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін райстайтын
құжаттары болса болды.
- Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Олай дейтініміз, егер елге саяси
ахуал, экономикалық жағайлар, және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған
қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, оралымдылықпен өзгарта алады.
Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың
өлшемдемесін өзгертсе, екінщі дәрежелі банктер өздерінің проценттік
саясатын өзгертеді. Немесе, Үкмет үлттық валютаның бағамын анықтау
тәртіптемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі
валюта бағымын қайта қарайды;
- Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды түлға бола түра банктер
өз қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен
шығармайды. Олардың қызметтерін Үлттық банк реттеп отырады. Ол үшін Ұлттық
банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық (пруденциялық) мөлшерліктер
белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер, банк оперциясын жүргізілуге
берілген рұксат қағазынан (лицнзия) айырылуы мүмкін.
- Қазіргі ұрпаққа банк жүйесінің екі түрпаты (үлгісі) белгі. Олар:
- орталықтандырылған тарату жүйесі;
- нарық экономикасына лайықты банк жүйесі.
Жақында өткен халық шаруашылығын басқарудың әкімші - әміршіл
жүйесінде, банк жүйесі мемлекеттің банктерге үстемдік жасауының барлығымен
сипаттандырылатын. Банктер, экономиканы басқаруын құралы бола тұра, өзінің
қызметін тек мемлекеттік мүддені қорғауға бағыттайтын. Барлық ақша – несие
ресурстарын банктер арқылы мемлекет тарататын. Банктерге ешқандай дербестік
болмайтын. Тіпті олар пайда табуға да мұдделі болмайтын. Өйткені,
пайдаларының барлығы дерлік, мемелекеттік бюджетке алынытын, ал оларға ең
керектісі белгіленген мөлшерде ғана қалдырылатын.
Нарқтық экономикада керісінше. Мемлекеттің банктерге үстемдігі жоқ.
Банктерге әр тұрлі меншік нысандары бар. Кез келген заңды немесе жеке
түлғалар банк ашып алуға құқықты. Қолма – қол, немесе қолма – қол емес
ақшаларды айналымға шығару атқарымы болінген. Қолма – қол айналымға Үлттық
банк шығарады, қолма – қол емес ақшаны – екінші дәрежелі банктер шығырады.
Қолма – қол ақшамен немесе қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың арасында
ешқандай шек жоқ. Жалғыз мемлекеттік саясаттың орнында әрбір банктің өз
саясаты бар. Қазіргі банктер тек өзінің акционерлеріне, яғни солардың
сайлаған қадағалаушы кеңеске басқармаларға бағынады.
Кейбір экономистердің казіргі кезеңдегі ТМД елдерінің банк жүйесі
өтпелі кезеңнің банк жүйесіне сәйкес деген пікірлерімен келісуге болмайды.
Табиғатта өтпелі кезеңнің банк жүйесі жоқ. Қазіргі банк жүйесінің барлық
элементтері нарықтық тұрпатқа сәйкес келеді. Тек олардың кейбір
жетілмегендіктігі бар, ал, бүл уақытша жағдай. Бара – бара нарықтық қарым –
қатынастар жетілдірілген сайын, банк жүйесі де жетілдендіріледі. Сөйтіп
бәріде өз орнына келеді сондықтан банк өтпелі кезеңге лайықты, ерекше
жүйесі бар деген дұрыс болмайды.
Банк жүйесінің алдына қойылатын міндеттер мен мақсаттары әдетте жалпы
экономиканы басқарудың міндеттері мен мақсаттарына сәйкес келеді. Алайда
банктер басқарудың ішкі, төменгі жүйесі ретінде экономиканы басқарудың
жалпы мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін тек өзіне тән, ерекше,
жекелеген міндеттерді жүзеге асырады. Банктердің экономиканы басқару буыны
ретіндегі ролі олардың өз қызметтерін (функцияларын) жүзеге асыру және банк
ісін ұйымдастырудың жалпы принциптерін, стандарттарын және нормативтерін
қадағалау процесінде анықталады. Бұл сұрақтар туралы біз келесі сұрақтарда
толығырақ тоқталатын боламыз.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық әдістерін қолданады. Бұл әдістер экономикалық қатынастардан
көрініс табады, ал қандай-да бір қоғамның экономикалық қатынастары оның
экономикалық мүдделеріне көрініс табады, ал экономикалық мүдделер
өндірістің түпкі мақсаты, оны қозғаушы фактор болып табылады.
Банктердің қарамағында өзге басқару органдарының қолында жоқ
ақпараттар жинақталады. Ең алдымен бұл қызмет көрсетілетін клиенттердің
негізгі қызметіне қатысты ақпараттар болып табылады. Клиенттердің
шоттарында жұмысшылардың еңбекақысын төлеу үшін, жабдықтаушыларға және
бюджетке төлемдерді жүзеге асыру үшін, банктік несиелерді қайтару үшін
қажетті қаражаттардың болмауы аталған клиенттердің қолайсыз, қиын қаржылық
жағдайға тап болғаны туралы объективті және оперативті белгі береді. Есеп-
шотқа қаражаттардың келіп түсуі клиенттің сатқан тауарларының
төленгендігін, яғни оның өндірістік қызметінің үздіксіз жүріп тұрғандығын
білдіреді. Банктік мәліметтер кәсіпорындардың қызметі туралы көптеген
мәліметтерді анықтауға, бухгалтерлік есептің қорытындысын күтпей ақ, оның
қаржылық нәтижелерін білуге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өздерінің
клиенттерінің нақты қаржылық жағдайын білуге, олардың қызметінің
тиімділігін және табыстылығын бақылауға септігін тигізеді.
Банк жүйесі мемлекет экономикасының қызмет етуінде аса маңызды роль
атқарады. Бұл роль экономиканың даму және қиындыққа ұшыраған кездерінде
айтарлықтай өсе түседі. Банк жүйесін экономикалық организмнің қан айналым
жүйесі деп атаса да болады, өйткені кәсіпорындардың, ұйымдардың,
мекемелердің және халықтың барлық төлемдері мен есеп айырысу операциялары
банктер арқылы жүргізіледі. 14
Банктер несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады. Олар уақытша бос
ақша қаражаттарын, халықтың қолындағы қаражаттары мен табыстарын әрекетшіл
капиталға айналдырады, алуан түрлі несиелік, инвестициялық, делдалдық,
сенімгерлік және басқа да операцияларды орындайды. Банктер – бұл
кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, халықтың қарамағындағы уақытша
бос қаражаттарды және басқа да ресурстарды тарту арқылы шаруашылық
субъектілерін несиелеумен, халық шаруашылығын кассалық және есептік
қызметпен қамтамасыз етумен, валюталық операциялармен және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да банктік операциялармен
айналысатын мекемелер болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі өзара
байланысты, өзара қызмет ететін, сонымен қатар тәуелсіз деңгейден тұрады.
Мұнда негізгі рольді, яғни басқару қызметін Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі атқарады.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші
бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық
басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі
мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие “банктердің банкі”, соңғы
сатыдағы несие беруші” ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие
саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттік беру екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын
жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
1.2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы және қызмет
ету принциптері
Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі
екі деңгейден тұрады.
ҚР ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді
білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) – екінші
деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі
банктер деп атайды. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының
нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету
керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Бұл
талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу
қажеттігі ұсынылады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы мынадай сызбамен
берілген.
Сурет 1. ҚР банк жүйесінің құрылымы
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және
республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Коммерциялық банк өз табиғатынан ерекше кәсіпорын болып табылады. Ол
ақша-несие ұйымы ретінде қызмет етеді, сондықтан да оның басқару
аппаратының өзінің спецификалық қызметіне сай ерекшеліктері бар. Бұны
банктің жұмысын ұйымдастыру принциптерінен байқауға болады. Банк жұмысын
ұйымдастыру принциптері – бұл банктерге тән функцияларды және операцияларды
жүзеге асырудың алғы шарттарын анықтайтын банк қызметінің бастапқы
негіздері болып табылады.
Қызметтік (функционалдық) белгісі. Банктер, әдетте, өздерінің
қызметтік белгісі бойынша ұйымдастырылады. Яғни, нақтырақ айтар болсақ,
несие ұйымдарының құрылымы оның көрсетіп отырған нақты қызметімен тікелей
байланыста болуы қажет.
Қойылған мақсаттардың сәйкестігі. Банк қызметін ұйымдастыру
принциптеріне сонымен қатар қойылған мақсаттардың сәйкес болуын да
жатқызуға болады. Баршамызға белгілі, банктердің негізгі мақсаты табыс
алуға келіп тіреледі. Демек, банктерде ақша табумен (банк өнімдерін сатып
алушы клиенттерді іздеумен, осы өнімдерді тиімді бағалармен сатумен)
айналысатын арнайы құрылымдар болуы қажет. Табысты басқару үшін де арнайы
бөлімдер құрылады. Бұл бөлім табыстар мен шығындарды жоспарлаумен, жалпы
банк бойынша және оның бөлімшелері бойынша бюджеттер құрумен, шығындарды
үнемдеу жолдарын анықтаумен айналысады.
Билік иерархиясы. Банкті ұйымдастыру принциптері арасында жекелеген
бөлімдердің билік құзіреттерінің иерархиясын да атап кету қажет. Биліктің
негізгі екі буынын бөліп көрсетуге болады: жоғарғы басқару органы және
басқа да бөлімдер. Басқарудың жоғарғы буынына Банк кеңесі, Банк басқармасы,
Ревизиялық комиссия, сондай-ақ банктің жоғары білікті мамандарын
біріктіретін және банк жүйесінің аса маңызды мәселелерін шешумен
айналысатын түрлі комитеттер жатады. Банктің басқару құрылымындағы екінші
буын – бұл клиенттерге қызмет көрсетумен, банктік жұмыстарды атқарумен
байланысты басқа да басқару бөлімдері болып табылады.
Біріккен және реттелген әрекеттер. Банк қызметін ұйымдастырудың тағы
бір маңызды принципі – бұл біріккен және реттелген әрекеттерді қамтамасыз
ету болып табылады. Еген қандай-да бір кәсіпорын банк статусына ие болса,
онда ол, бір жағынан, өзінің қызметтік операцияларының (ішкі әрекеттердің)
орындалуын, екінші жағынан, банк қызметін қоршаған ортаның талаптарына
сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуі тиіс. Осы принципті жүзеге асыру
мақсатында бірқатар банктер түрлі бөлімшелердің өзара әрекетін және
қатынастарын реттеуді қамтамасыз ететін арнайы басқару комитетін құрады.
Басқаруды ұтымды ұйымдастыру. Банкті ұйымдастыру принциптерінің
арасында ұтымды басқару принципі де бар. Бұл принципке сәйкес банктің
жұмысы банктің дамуын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырылуы қажет.
Мысалға, банктің даму бағыттарына жаңа өнімдерді және технологияларды
енгізу, шығындарды қысқарту, еңбек өнімділігін арттыру және осы секілді
тағы басқа шараларды жатқызуға болады.
Тұтастық және қоршаған ортаға бейімделу. Банкті ұйымдастыру тұрғысынан
тұтастықты және қоршаған ортаның талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету де
маңызды болып табылады. Өзінің даму стратегиясында банктердің ішкі
бөлімшелері өз қызметін қоршаған ортадағы (қоғамдағы) өзгерістерге сәйкес
жүзеге асырып, жетілдіріп отыруы қажет.
Бақылауды қамтамасыз ету. Банкті ұйымдастыру жүйесі бақылауды
қамтамасыз ету принципін де қадағалауы аса маңызды болып табылады. Бұл
жерде сыртқы және ішкі аудит міндетті элемент болып табылады. Аудиторлық
тексерулер негізгі банк шеңберінде (сыртқы аудит) немесе оның филиалдары
шеңберінде (ішкі аудит) жүргізіледі. Сыртқы аудитті несие ұйымдарының
қызметін тексеру үшін арнай лицензиясы бар аудиторлық фирмалар ғана жүзеге
асырады.
Жұмысшылардың қызметін тәртіпке келтіру (регламент). Бұл принцип
банктің ішкі тәртібін, бөлімшелердің өзара келісімін қамтамасыз етеді. Бұл
үшін банк арнайы құжаттар қабылдайды (жарғы, ережелер, бұйрықтар,
қаулылар). Осы құжаттарда көрініс тапқан міндеттерді, ережелерді, қажет
білім мен дағдыларды банктің әрбір қызметкері өз бойына сіңдіре білуі тиіс.
Ақпарат көздерін қалыптастыру. Банк үшін қазіргі таңдағы ең бір
маңызды шаралардың бірі – оперативті және жеткілікті ақпаратпен, олардың
өңдеудің жаңа әдістерімен қамтамасыз етілуі. Бұл банктің тұрақтылығын және
сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық
шараларды уақтылы жүзеге асыру үшін аса қажет құрал. Ақпараттық қамтамасыз
ету банктік инфрақұрылымның жүйелік элементі болып табылады. Бұл шараны
банктерде қажетті мәліметтерді жинаумен және өңдеумен айналысатын арнайы
бөлімшелер жүзеге асырады. 10
Жоғарыда аталған принциптерді қадағалау және жүзеге асыру банктің
мақсаттарын қол жеткізуге мүмкіндік береді. Банк құрылымын қалыптастырудың
түпкі мақсаты кешенді банк қызметін басқаруды жеңілдету, клиенттерге
ұсынатын банктік қызметтердің сапасын арттыру, банк жұмысшыларының еңбек
өнімділігін арттыру, табысты қызметке қол жеткізу болып табылады.
Коммерциялық банктерді үлестік және акционерлік негізде құру халықтың,
кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің уақытша бос ақша қаражаттарын
шоғырландыру және оларды экономика салаларының, аймақтардың және
кәсіпорындардың мұқтаждарына сәйкес ұтымды орналастыру мақсатында жүзеге
асырылады.
Коммерциялық банктердің ұйымдық құрылымы Акционерлік қоғамды басқару
жүйесіне сәйкес келеді. Коммерциялық банктің жоғарғы органы болып
Акционерлердің жалпы жиналысы есептеледі. Бұл жиналыс жылына кем дегенде
бір рет өткізіледі және бұнда банк акционерлерінің барлық өкілдері
қатысады. Жалпы жиналыс банкт қызметінің негізгі бағыттары жөніндегі
сұрақтарды қарастыруға құзіретті.
Банк қызметін жалпы басқаруды Банк кеңесі жүзеге асырады. Сонымен
қатар банк басқармасының жұмысын қадағалау және бақылау жүктеледі оның
мойнына жүктеледі. Кеңестің құрамы, оның мүшелерінің сайлау тәртібі мен
мерзімі коммерциялық банктің жарғысымен анықталады. Банк кеңесі банк
қызметінің негізгі жалпы бағыттарын анықтайды, несиелік және басқа да
жобаларды қарастырады, банктің табыстар мен шығындар туралы жоспарларын
бекітеді, банктің филиалдарын ашу немесе жабу туралы сұрақтарды талқылайды,
сондай-ақ банк қызметімен, клиенттермен қарым-қатынастарды жүргізумен және
банктің жалпы даму перспективаларымен байланысты сұрақтарды қарастырады.
Коммерциялық банктің қызметін тікелей басқаратын орган – Басқарма. Ол
Басқарма төрағасынан, оның орынбасарларынан және басқа да мүшелерден
тұрады. Басқарма акционерлердің жалпы жиналысы және кеңес алдында
жауапкершілік тартады. Банктердің басқармасының құрамына әдетте банктің ірі
қатысушыларының (акционерлерінің) өкілдері кіреді.
Банк басқармасының мәжілісі жиі жүргізіліп отырады. Шешім көпшілік
дауыспен қабылданады. Дауыстардың теңестігі жағдайында басқарма төрағасының
дауысы шешуші болып табылады. Егер де басқарма төрағасы мен мүшелері
басқарма шешімімен келіспесе, онда олар өз пікірін Банк кеңесіне
хабарлауына болады. Бұл жағдайда шешуші жауапты кеңес қабылдайды. Басқарма
шешімдері төраға бұйрығы арқылы іске асырылады.
Ревизиялық комиссия акционерлердің жалпы жиналысымен тағайындайды,
банк кеңесіне есеп береді. Банк басқармасы ревизиялық комиссияның
қарамағына тексеру жүргізуге қажетті барлық материалдарды ұсынады. Тексеру
нәтижелерін ревизиялық комиссия банк басқармасына жөнелтеді. Коммерциялық
банктің ревизиялық комиссиясының негізгі міндеті – қасақана әрекеттердің
алдын алатын және ескерту жасайтын жағдай қалыптастыру болып табылады.
Ревизиялық комиссия банктің жылдық есебі және балансы бойынша қорытынды
жасайды. Ревизиялық комиссияның қорытындысыз банктің бухгалтерлік балансы
акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілмейді.
Ірі банктер әдетте қызметтік (функционалдық) белгілері бойынша
құрылған департаменттерден, басқармалардан және бөлімдерден тұрады.
Департаменттердің, басқармалардың бастықтары, олардың орынбасарлары
бөлімшелердің қызметтерін реттейді, олардың нақты мақсаттары мен
бағдарламаларын анықтайды, олардың жұмысын бақылауды және бағалауды жүзеге
асырады. Бөлімдердің саны банк қызметінің көлеміне және сипатына, банктік
операциялардың көлеміне және күрделілігіне, сондай-ақ клиенттерге ұсынатын
өнімдер мен қызметтердің алуан түрлілігімен байланысты. 5
Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы
бекіткен ережелерге (стандарттарға) сәйкес жүргізіледі. Банктер Ұлттық
банкке немесе оның жергілікті басқармаларына айлық, тоқсандық және жылдық
бухгалтерлік есепті ұсынады. Бухгалтерлік есеп банктердің қаржылық жағдайы
туралы ақпараттарды қамтиды. Бұл ақпараттар жаппай ақпарат құралдарында
міндетті түрде жариялануы тиіс.
Банктің орналасқан жерінен алшақта орналасқан кәсіпорындарға және
ұйымдарға, яғни қашықтағы клиенттерге, оперативті несиелік-есептік қызмет
көрсету мақсатында коммерциялық банктер филиалдар мен өкілдіктер құруға
болады. Бұл жағдайда филиалды немесе өкілдікті ашу туралы мәселеге ҚР
қаржылық бақылау агенттігінің аталған мекендегі жергілікті Басқармасы
келісімін беруі тиіс. Филиал дегеніміз – бұл банктің кейбір немесе толық
операцияларын банктің орналасқан жерінен тыс жерде жүргізуге асыратын
құрылымдық бөлімше болып табылады. Филиал заңды тұлға болып табылмайды және
банктің тапсырған операцияларын ғана жүзеге асырады. Ол банк атынан келісім-
шарттар жасаумен және басқа да шаруашылық қызметтерді жүзеге асырумен
айналысады. Ал банктің өкілдігіне келер болсақ, ол банктің орналасқан
жерінен тыс мекендерде банк атына мәмілелер және басқа да құқықтық
әрекеттер жасаумен айналысады. Өкілдік клиенттерге несиелік-есептік қызмет
көрсетуді жүзеге асырмайды және оның корреспонденттік есеп-шоты болмайды.
1.3 Банк жүйесінің негізгі элементі - коммерциялық банктердің
атқаратын қызметтері
Банк жүйесінің төменгі буыны экономикаға тікелей қызмет көрсететін
және коммерциялық негізде алуан түрлі қаржылық қызмет көрсететін дербес
несиелік мекемелерден тұрады. Бұл – коммерциялық, кооперативтік және жеке
банктер, шағын несие мекемелері, ломбардтар және жекелеген банктік
операциялармен айналысатын басқа да несие қаржы ұйымдары. Олардың банктік
заңнамадағы жалпы атауы – коммерциялық банктер.
Қазіргі кезде банк жүйесі келесідей тенденциялық ерекшеліктерімен
сипатталады:
- банктік капиталды біріктіру (консолидация), екінші деңгейдегі
банктерді капиталдандыру деңгейін көтеру;
- коммерциялық банктер қызметінің абсолюттік көрсеткіштерінің
өсуі;
- қаржылық тұрғыдан тұрақсыз болып саналатын банктер санының
төмендеуі;
- банк секторындағы шет елдік капиталдың үлесінің өсуі, сондай-ақ
банктік капиталдағы мемлекет үлесінің төмендеуі;
- банктердің халықаралық стандарттарға жақындауы.
Коммерциялық банктер банк жүйесінің маңызды элементі болып табылады.
Сол себепті олар келесідей сипаттарға ие болуы тиіс:
- банк жүйесінің органикалық бөлігі болып қалуға септігін
тигізетін өзіндік қасиеттерге ие болу (банк статусының, банктік
операцияларды жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензиясының болуы), банктік
қызметте қалыптасқан жалпы ережелерге сәйкес әрекет ету;
- жалпы және арнайы (спецификалық) заңдар, қоғамдық заңнамалық
ережелер шеңберінде қызмет ету;
- өзін-өзі реттеуге (қоршаған ортадағы өзгерістерге дайын болуға
және бейімделуге), дамуға және жетілуге дайын болу;
- банк жүйесінің басқа элементтерімен өзара қарым-қатынаста
болу. 9
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
1. ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
2.несие беру;
3.шаруашылқтарымен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
4.бағалы қағаздарды шығаруды және орналаструды ұйымдастыру;
5.сенімхат бойынша клеинттерге кеңес беру.
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айландыру –
банктердің ежелден атқартын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың иесіне пайыз түрінде
табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне
негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік
қажеттіктерге жұмслуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты
жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі-несие беруде делдал
болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие
қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал
көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау
мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың
төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында
тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздрдың
қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың
әр түрлі секторларына беріліп, өндірстің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде
банктердің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі
қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы
бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Инфрақұрылым жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем
жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі
жетілдірілуін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі
жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы
клиринг жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өз келісім
бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-
банктер арқылы жүргізіледі. Банктерде төлемді орталақтандыру айналыс
шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің
сенімділгін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі
енгізілуде. 7
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдрын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту. Төлем құрлдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтерне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әртүрлі әсер етеді.
Мысалы, егер клиент банкке 10 мың доллар салып, оны талап бойынша алынатын
шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының
активінде кассалық қалдық 10 мың доллар өседі,ал пассивінде депозиттер де
осы сомаға артады.
Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді, себебі ақша қолма-қол
формасынан қолма-қол емес формасына ауысты. Келесі мысал. Банк қарыздарға
10 мың долл. Сомаға несие беріп, оны депозиттік шотқа есептеді делік. Онда
шаруашалықтағы өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем құралын, яғни чек
шығырады. Осы депозит сомасына ақша массасы артты.
Дегенмен банк өзінің қызметі барысында ақша шығарумен қатар ақшаның
бірсыпыра бөлігін жоюмен де айналысады. Бұл, біріншіден, клиент банктегі
шотынан қолма-қол ақша алғанда (бірақ жалпы ақша массасы өзгермейді),
екіншіден, несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Бұл жағдайда
жалпы ақша массасы кемиді. Дәл осындай нәтиже банктер бағалы қағаздарды
сатқанда алынады-ақша салушылардың шотындағы салым (депозит) сомасы және
шаруашылықтағы төлем қаражатының массасы да азаяды.
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын)
ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі
арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің
резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару
реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін
ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның
үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк
бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды
шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз
байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында
кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың
тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен
эмиссия мерзімін анықтауда, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды
орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады.
Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы
қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады тнемесе сатып
алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып
алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мысалы, АҚШ-та онымен 6
коммерциялық және 13 инвестициялық банктер шұғылданады.
Банктер сенімхат бойынша клиентердің мүлкін басқару қызметін де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың
(бойдақ-жесірлердің, жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару;
ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу
мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу);
құндылықтар сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға
көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктердің облигациялар
бойынша кепілшіл болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті
тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы
және т.б. қызметтер атқруы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанымен,
шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды
қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады.
Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп,
банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпияға мағлұматтарға
ие болады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге
кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне,
бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және
табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа
акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және
кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар
жүргізуге нұсқау береді.
Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға
болады:
Несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша – ақша нарығындағы конъюнктура,
пайыздық мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және формасы туралы
хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілер бойынша нұсқау
беру, қолма-қол ақшасыз есептесуді талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу;
бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша –
бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасы өзгеруі, бағалы
қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың
айналыс ережесі туралы хабар;
күрделі қаржы беру бойынша – құрылыс қызметі нарығының конъюнктурасы,
құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлер құрылыс-монтаж (құрастыру)
жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігін есептеу
туралы анықтама.
Банктің атқарымдары жөнінде де, оның мазмұны жөніндегідей экономикалық
басылымдарда әртүрлі пікірлер айтылады. Көбінесі банктің атқарымы олардың
жүргізетін операцияларымен теңестіріледі. Олардың бәрін талдап, мұнауы
дұрыс, мұнауы дұрыс емес деп жату бұл жұмыстың мақсатына жатпайды.
Сондықтан банктің барлық сыртқы орталықпен жасайтын қарым-қатынастарының
банк операцияларына тән ерекшелерін ескеріп, банктің үш атқарымы бар деп
түсіну керек. Оның біріншісі, кәсіпырндардың және жеке тұлғалардың уақытша
бос ақшаларын олардың банктегі шоттарына, депозитқа, әртүрлі салымдарға
шоғырландыру болып табылады. Сөйтіп, банкттер басқа кәсіпорындарына, жеке
тұлғаларға, несие беру үшін тиісті ресурстар жинайды. Бұл банкттердің несие
қызметін жүргізілуінің басты жағдайы.
Сонымен қатар, басқа субъектілерде, маңызды іс-шараларын іске асыру
үшін қаржы жиналары мүмкін. Бірақ мұндай ақша жинау мен банктің ақша
шоғырландыруының арасында, біраз айырмашылықтар бар. Біріншіден, банк өз
ақшасы емес басқалардың, уақытша бос ақшасын жинайды; екіншіден, банк
жинаған ақшасын өзінің тікелей қажетіне жұмсамайды, ал клиенттерге олардың
керегіне жұмсауға береді; үшіншіден, шоғырландырылған ақша банктің меншігі
бола алмайды, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz