«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары



Тақырып 1 Әлеуметтену ғылым ретінде
Тақырып 2 "Қоғам" әлеуметтік жүйе ұғымы.
Тақырып 4 Әлеуметтік өмірдің элементтері
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, онын объектісі мен пәнінбір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. "'Әлеуметтану" ұғымы латын тілінің "sосіеtаs" қоғам және гректің logos — ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану коғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, үйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы зандылыктарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану үғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт еңгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейінен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарын бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.
Объект дегеніміз — бізді қоршап түрғам объективтік нақтылы өмір. ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірлестері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтану пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері

Контактілік дәріс сабақтарының кестесі


Тақырыптар
Сағат саны
1
Тақырып 1 Әлеуметтену ғылым ретінде
2
2
Тақырып 2 "Қоғам" әлеуметтік жүйе ұғымы.
2
3
Тақырып 3 Тарихи әлеуметтану.
2
4
Тақырып 4 Әлеуметтік өмірдің элементтері.

2

Барлығы
8

Тақырыптар:

Тақырып 1. Әлеуметтану ғылым ретінде.

1.Әлеуметтанудың объектісі және пәні
2.Әлеуметтанудың қүрылымы және атқаратын қызметі (функциясы)
3.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, онын объектісі мен пәнінбір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. "'Әлеуметтану" ұғымы латын тілінің "sосіеtаs" қоғам және гректің logos -- ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану коғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, үйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы зандылыктарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану үғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт еңгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейінен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарын бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.
Объект дегеніміз -- бізді қоршап түрғам объективтік нақтылы өмір. ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірлестері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбьлыс. Процес немесе көкей кесті мәселенің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын логикалық түрғыдан жан-жақты талдау негізінде адамдардың немесе өлеуметтік үйымдардың бірігіп үйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін жан-жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады. Бүл зерттеулердің басты мақсаты -- объект, құбылыс, процес және мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды логикалык түрғыдан зерттеу. Бүл байланыс - қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы "'әлеуметтік" қоғамның біртүтас жүйесін қүрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, қүбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйс ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселслсрінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние - танымында қолданатын құрал - тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана өлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекара-сын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті -- әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (ЯҒНИ, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау -- А.И).
Бұл мәселе жөнінде әзірше әлеуметтанушылардың арасында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаға. Әлеуметтанудың құрылымына, оның таным, білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен "қүрылым", "деңгей" деген үғьмдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз -- біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.
Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бүл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді. бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық корытындылар жасалады.
Екіншіден, өлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта кұру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе практикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.
Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық коғамдык, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеуметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің оның әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер нақтылы әлеуметтік зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.
Әлеуметтік білім -- теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмірді жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер нақтылы құбылыстар мен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарларды алумен байланысты. Ал, бүл мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция жәме дедукция, абстрактыліден нақтылыққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.
Теориялық білім -- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық - ақиқатты, шындықты, белгілеуші білім. Теориялык. білім эмпирикалық білімнің негізіне сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуына әсер етеді.
Теориялық әлеуметтану -- ол алуан түрлі теория мен тұлсырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді.
Бұрынғы КСРО-да әлеуметтануды тарихи материализммен шатастырып келді. Бұл дұрыс емес. Тарихи материализм -- бұл әлеуметтік философия. Ол қоғамды тек абстрактылы түрде қарап, оны нақтыламады.
Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығьп, жан-жақты байланысы, қатынасы оньң атқаратын қызметінен айкын көрінеді.
Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжисгін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашагын айтып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі мұнда тұжыръш мен іс әр уақытта бірліктс болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұргыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы; қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлер белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсаты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.
Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты - оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігінің ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процестердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процестердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақа-тыпастары қандай? т.б.
Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани, т.б.), әлвуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатка жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгер-шілік) фупкцияны да атқарады.
Әлеуметтанудын басқа ғылымдармен байланыстыратын нәрсе - ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, онын жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қо-ғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардын әдістемесі мен теориясы ретіндс саналады.

Тақырып 2."Қоғам" әлеуметтік жүйе ұғымы.
1."Қоғам" әлеуметтік жүйе ретінде.
2. Қоғамның базисті компоненттері.
3.Қоғамдардың типологиясы

"Қоғам'' деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.
Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілср қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндеғі үшінші топтағы "'қоғам" ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа дейін "мемлекет" және "қоғам" ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл үғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған италияндық ғалым Н. Макиавелли болды. Ол мемлскст ұғымын "қоғам" ұғымынан айырып қарау үшін "stato" деген арнайы термин еңгізді.
Бұл аталған ұғымдардын айырмашылығын немістін ұлы философы Гегсль теориялық жағынан негізден дәлелдеді.
"Мемлекет", "қоғам", "ел" деген ұғымдарды синоним ретіндс түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар.
Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам -- бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет -сол қоғамды басқаратын билік орғаны; ел -- әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.
Ғылыми әдебиеттерде "қоғамның" мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардын бәрі бірдей "коғам"деген ұғымның мәні мен мазмұның толык, аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипаттайтын белгілер бар.
Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық мен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар жәпе мемлекет құрайды деген анықтама береді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға нсгіздслген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі -- коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: "Қоғам -- адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы" дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізгі -- ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.
К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижелерінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгілі қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл -- қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.
Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.
Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:
1) әлеуметтік - экономикалық (касталар, сословиелер, таптар);
2) әлеуметтік - этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар);
3) өлеуметтік - демографиялық (жастар, карт адамдар, балалар, ерлер, әйелдср, т.б.);
4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.);
5) әлеуметтік-территориалық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.
Әлсуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғыснан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік - экономикалық қоғамдастыққа аударады. Өйтксні қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үщін бұл аталған өлшемнің мәні зор.
Қоғамда бір-біріне қарама-карсы таптардың шығуына басты себен болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен кұрылымындағы өзгерістерге байланысты коғамды басқа - рулың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.
Қогам дамуының бұл сатысын "таптық, күрделі қоғам" деп жіктеуге болады.
Ғылыми әдебиет беттеріңде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәселсн, жазба өмірінің пайда болуымсн байланысты:
а) жазбаға дейінгі жәие
ә) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.
Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялык катынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, пранвославиелік, католиктік, т.б. қоғамдар ден те жүктейді.
Әлеуметтану ғылымы коғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік -экономикалық белгілерге аударады.
Біз бұл турасында маркстік , формациялық тұрғыдан жіктеудін мәніне көшейік. Маркстік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда нгізгі өлшемге өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктсйді. Олардын басқаша 5 қогамдық - экономикалық формациялар дсп те атайды. Олар мыналар:
а) алғашқы қауымдық қоғам;
ә) құл иеленушілік қоғамдық -экономикалық формация;
б) феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;
в) капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;
г) коммунистік қогамдық-экономикалық формация.
Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар -- таптық-антагонистік. қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекшс маңыз береді. Бүл -- әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін, тансыз қоғам дейді.
Алайда XX ғасырдың барысындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.
Кеңес Одағы мсн социалистік лагерь елдерінің халықтары (олар әлем халқының 31 бөлігі) әкімшіл-әміршіл, тоталитарлық саяси төртіптің үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алды. Социалистік экономиканың тиімсіздігі дәлелдейді.
Ал, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи даму тәжірибесі капиталистік өндіріс тәсілінің артықшылығы дәлелдеп отыр. Бұл жеке меншікке, еркін кәсіпкерлік пеп нарыққа негізделген қоғам. Мәселен, Германия мен Швеция мемлекеттерінің экономикалық даму дәрежесі, халқының әл - ауқаты, бостандық пен құқықтың кеңдігі, білімнің, ғылымның, денсаулық сақтаудың дәрсжесі осының дәлелі бола алады.
Алайда капитализм мен нарықтық экономика жолындағы барлық қоғамдардың даму дәрежесі осындай деу қиын. Ғалымдар капитализмнің өзің:
- бастапқы капитализм;
- бюрократиялық капитализм;
- олигархиялық каиитализм;
- демократиялық капитализм
деп жіктеу қажет дейді. Әрине, егер түрлі елдердің даму дәрежелерін әлемдік ауқымда салыстырсақ, сөз жоқ, біз түрлі коғамдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан әркелкі заңдылықты байқаймыз.
Бұл ретте XX ғ. 50-60-жылдарында американдық әлеуметтанушылар Даниел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының "үш сатысы туралы теорияның" мәні зор. Бүл ғалымдар өз-дерінің тұжырымдамаларын дүниежүзілік тарихқа салыстырмалы талдау жасау негізінде қорытындылаған.
1. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М., 1993.
2. Вебер М. Основные социологические понятия: Избранные
произведения. М., 1990.
3. Гегель Г. Философия права. М., 1990.
4. Дюргкейм Э.О. О разделении общественного труда. Метод
социологии. М., 1990.
5. История теоретической социологии. М, 1997.
6. Капитонов Э.А. социология XX века. История и технологии:
Учебное пособие. Ростов нД, 199б.
7. Маркс К. Капитал К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч. Т.25. - Ч.
1иП.
8. Монсон П. Современная западная социология: теории, традиции,
перспективы. СПб., 1992.
9. Социологическая мысль в России. Л., 1988.
10. Спенсер Г. Грехи законодателей Социологические
исследования, 1992. №2.
11. Сорокин П. Человек. Цивилизаңия. Общество. М., 1992.
Современная западная социология: Словарь. М., 1990.

Тақырып 3. Тарихи әлеуметтану

1. Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі- ХІХ- ғасырдың 40-жылдары.
2. Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең.
3. ХХ ғасырдағы әлеуметтану.
4. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы.

1. Қандай да бір ғылым белгілі бір объективтік қажеттілікке , өмір сұранысына байланысты пайда болады . Өмір , тәжірибе қажеттілігі , сұранысы больаса , ғылым пайда болмаған болар еді . Осыған орай әрбір ғылымның , тіпті теорияның өзіне тән шығуы , пайда болу тарихы бар . Сондықтан әрбір ғылымның шығу , пайда болу тарихын білу қажет , өйткені бұларды білмейінше біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі , біржақты , үстірт болады .
Бұл шарттардың да әлеуметтану ғылымына тікелей қатысы бар және біз оның әрбір теориясына , тұжырымдамасына тарихи тұрғыдан қарасақ , біз ондағы ескі , кертартпа ой-пікірлерді , қателерді , жағымсыз тәжірибені болдырмауға , қайталамауға тырысып , болашағы зор теорияны , тұжырымдарды , тәжірибені кең қолдануға мумкіндік тудыратын процестерге жол ашамыз . Сөйтіп қоғамның , адамның жан-жақты дамуына тікелей ықпалын тигізеді .
Әлеуметтану қалай пайда болды , оның алғы шарттары , шығу себептері қандай , оның ғылым болып қалыптасуына қандай қозғаушы күштер түрткі болды ?
Бұл сұрақтарға бірден жауап беру оңай емес . Өйткені әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады . Қоғам , қоғамдық өмірдің болғанын біз антикалық философиядан , біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІҮ ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдары Платонның , Заңдар , Мемлекет туралы еңбектері мен Аристотельдің Саясат , т.б. еңбектерінен кездестіреміз . Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли . Руссо . Гобс . т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған .
Әлеуметтану қалай пайда болды , қай уақытта , өмірге келуіне қандай алғышарттар себеп болды , т.с.с. сұрақтарға ғылыми дұрыс жауап беру үшін біз ғылымдардың шығуы мен дамуын зерттейтін Науковедение атты кітаптың деректеріне сүйенеміз .
Науковедение кітабы бойынша , әлеуметтану ХІХ ғасырдың 40-жылдары , оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конттың 1839 жылы Позитивтік философия курсы атты еңбегінің 3-ші томында Социология деген ұғымды бірінші рет қолданып , қоғамды ғылыми негізде зерттеп білуді міндет етіп қойды .
Өзінің даму кезеніңде әлеметтану төрт негізгі кезеңнен өтті .
1- кезең . Әлеметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30-жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болады. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып , қоғамды зерттеудің , түсіндірудің жаңа ғылыми , әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады .
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы ғылымның пайда болуын , дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар , ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады .
2. - кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды . Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды , әлеуметтану эксперименталды ғылымға айналды. Оның әр түрлі ақпарат құралдары қалыптасып , математикалық ақпаратты кеңінен қолдана бастады.
3. - кезең. ХХ ғасырдың 60-90- жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын , алуан түрлі ой- тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаулардың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп , саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды.
4.-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар , көптеген теориялар пайда болды.
Әлеуметтану тарихына үңілсек , бұдан мыңдаған жылдар бұрын грек ойшылары Сократ, Платон, Аристотелъ , т.б. әлеуметтануға қатысты мәселелерін қарапайым түрде қарғандырымен , көптеген ұнамды , жақсы ойлар айтқан . Бірақ , әлеуметтану ол кезде өз алдына дербес , тәуелсіз ғылым болып әлі қалыптасқан жоқ еді .

2. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40-жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты . Жоғарыда көрсетілгендей оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж) болды . Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр .
Жалпы О . Конттың тұжырымдамасы бойынша , әрбір қоғамды ақыл-сана , жалпы идея басқарды деген идеалистік ой жатыр . О . Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының , санасының , бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі , яғнни теологиялық , метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы тусіндіреді .
Бірінші , яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс , процесс , зат болмасын , оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты , оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып , абстрактілі ұғымдарды қолданды .
Екінші , яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан , өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты , ендігі жерде құбылыстарды , процесс, олардың мәні мен себебін филоофиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты . Бұл кезеңнің басты қызметі - ол қандай да бір затты , құбылысты , процесті алмайық , оларды сын тұрғысынан өткізіп қараулы қажет етеді . Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамудың ғылыми түрін , яғни позитивизмді дайындады .
Ал , үшінші , яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс , процестердің , заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан , себептерінен бас тартады . Ол тек қана құбылыстарды бақылап , олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілнп отырды . О . Конттың пікірінше , ғылым позитивистік сипатта болу керек , ол үшін нақтылы фактілерді оқып , үйрену қажет . Нақтылы фактілер - бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер .
О . Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады . Әлеуметтік статика қоқамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді . Бұл салада О. Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлнрін , яғни отбасын , мемлектті , дінді алып қарайды . Олардың қоғамдағы ат қаратын қызметін (функциясын) және адамдардың арасындығы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді .
О . Конттың ой- пікірлерін , идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903) болды . Оның -көзқарасына қысқаша тоқтасақ , Г . Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Педагогикалық психологияның негізгі міндеттері
Пәннің саясаты
Қашықтықтан оқыту жүйесі және электронды оқулықтар
Салыстырмалы кестелердің түрлері
«Шет ел конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қүқық тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Пәндер